Реферат тақырыбы: Есту анализаторлары Орындаған: фз-19-1 тобының студенті Бахытбекқызы Самал



жүктеу 24.71 Kb.
бет1/2
Дата13.02.2022
өлшемі24.71 Kb.
#17211
түріРеферат
  1   2
реферат

Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжі

РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Есту анализаторлары

Орындаған: ФЗ-19-1 тобының студенті

Бахытбекқызы Самал

Қабылдаған: Тәжікей Р.Е.

2020-2021 оқу жылы

Организмнің есті функциясының пайда болуы дыбыспен байланысты. Дыбыс физикалық құбылыс ретінде серпімді орта бөлшектерінің төрбелмелі қозғалыстары болып табылады. Бұл тербелістер талқын түрінде ауада, суда және қатты денелерде тарайды. Есту анализаторы ауамың периодты тербелістерін қабылдап, олардың механикалық энергиясын нерв қозуына трансформациялайды – қабылданудың субъективі; түрі –есті түйсігі.

Анализатордың шеткі бөлімі – құлақ, ол сыртқы, ортаңғы және ішкі болып бөлінеді.

Сыртқы құлақты – құлақ қалғаны мен сыртқы есету жолы (түтігі құрайды). Құлак қалқаны арқылы ұсталған дыбыс толқындары сыртқы есту жолымен (ұзымдыны – 21-27 мм, диаметрі – 6-8 мм) өтіп, дабыл жарғағына жететі. Дабыл жарғағы қалындығы 0,1 мм, тамшықтардан тоқылған, сыртқы құлақты ортаңғы құлақтан (дабыл қуысынан) бөліп тұратын қалңа. Пішіні ішке қарай иілген воронка тәрізді. Ол артқы есту жолы арқылыл жеткен дыбыс тербелістерінің әсерінен тербеліске келеді.

Ортаңғы құлақ қуысы ауамен толып тұрады. Онда өзара байланысқан үш сүйектен тұратын тәзбен бар: балғашық, төс және үзеңгі. Бұлар дабыл жарғағының тербелісін ішкі құлақ қарай откізеді. Балғашықтың тұтқа жағы дабыл жарғағамен, ал екінші жағы төскен байланысқан. Төске ішкі құлақ жағынан үзңгі сүйек келіп байланысады. Үзеңгіге оның алдынадағы сүйектер арқылы амплитудасы келіген, бірақ күні өскен тербелістер келеді. Қеңсі табаны ішкі құлақты ортаңғы құлықтан бөліп тұрған сопақша терезе жарғағына жалғасады. Сонаңша терезе мембранасына жететін дыбыс толқындарының қысымы 22 ел өседі. Бұл жағдайдың маңызы ерекше. Осының арқасында дабыл жарғанына әсер мембранасының кедергісін жеңіл ұлу түтіктегі сұйықтың бағаның қозғалысқа келтіре алады.

Ішкі құлақ пен ортаңғы құлақ арасындағы қабырғада сопақша терезеден басқа, мембранамен қапталған дөңгелек терезе болады. Сонақша терезе арқылы туған ұлу түтіктегі сүйықтың тербелісі әлсіремей (өшусіз) доңгелен терезеге жетеді. Егер осы терезедегі мембрана болмаса, сүйықтықтың сығылмайтындығынан оның тербелісі бөлмас еді.

Ортаңғы құлақтағы арнайы механизм рецепторлық есту аппаратын ұзақ, шамадан артық дыбыс әсерінен сақтандырады. Бұл ондағы тимпанальды ет және үзеңгі еті деп аталатын екі еттің рефлекторлық жиырылуына байланысты болады. Мұның біріншісі балғашық тұтқасына бекіген, екіншісі үзеңгіге бекіген. Тимпанальды ет жиырылғанда дабыл жарғағының керілуі күшейеді, ал бұл оның күшті дыбыстардан тербеліс амплитудасынын артып кетуін шектейді. Екінші ет үзеңгі қозғелыстарын шектейді. Ортаңғы құлақтары ауа кеңістігінің қысымы атмосфералыққа жақын болады. Сондықтан дабыл жарғағы қалыпты тербелістер жасайды. Қысым теңдігін сақтауға евстахий түтігі деп аталатын арнайы құрылым көмектесед. Ол түтік өртаңғы құлақ қуысын жұтқыншақпен байланыстырады.

Жұтылу қимылдары кезінде дабыл қуысына атмосфералық ауа түседі, екі арадағы қысым шамасы теңеледі ұшақ ұшқанда, қоңғанда, лифтімен тез төмен түскенде не жоғары көтерілгенде адамдардың жұтыну қимылдарын жасауының қажеттілігі де осыдан. Дыбыс толқындары ауа арқылы ғана емес, бас сүйек арқылы да беріледі. Егер құлақты тығындап қойып, дыбыс шығарып тұрған камертонды бас сүйектің әр жеріне (төбеге, мңдайға, шүйдеге, т.б) тигізсе, ол естіледі. Өйткені, камертон дыбысынан сүйситер тербеліске келеді. Ал бұл тербеліс өз тарапынан рецепторлык есту аппаратын тербейді.

Ішкі құлақ. Мұнда анализатордың рецепторлық аппараты орналасқан: 1) вестибулярлық (босаға мен жартылай доңгелек каналдар). 2) есту (ұлу түтік) анализаторы. Ұлу каналы ұзына бойына, ең ұшына дейін екі жарғақ арқылы бөлінген: 1) біраз жұқалау – вестибуляры мембрана (Рейснер мембранасы), 2) тығыз, серпімді негізгі (базилярлы) мембрана Ұлу түтіктің жоғарғы ұшында бұл мембаранлар қосылады және сол жерде тесік және геликотрема болады. Вестибулярлық және негізгі мембрана арқылы сүйекті қанал үш сатыға: жоғары – вестибулярлы канлаға; ортаңғы – жарғақты (ұлу түтік) каналға; төменгі – дабыл (тимпональ) каналына бөлімеді. Вестибулярлық саты сонақша терезеден басталып, ұлу түтіктің жоғарғы ұшына дейін созылады, сол жерде геликотрема (тесік) арқылы дабыл сатысымен қатынасады. Дабыл сатысы (төмеңгі қанал) доңгелен терезе облысынан басталады, яғни Ұлу түтіктің бұл екі қаналы (жоғары және төмен сатылары) сонақша терезеден басталып, доңгелек терезеде аяқталатын және геликотрема арқылы өзара қатынасатын бір ғана канал тәрізді. Жоғары және төменгі каналдар құрамы жағынан жұлын сүйықтығына ұқсас перилимфамен толып тұрады.

Жоғары және төменгі каналдар арасында, яғни вестибулярлы және негізгі мембраналар арасында ортаңғы – жарғақты қанал орналасады. Бұл каналдың қуысы ұлу түтіктің басқа қаналдарының қуысымен қатыаспайды және ғыдолимфаға толы болады.

Ортаңғы қаналда, негізгі мембрана үстінде дыбыс қабылдаушы аппарат – спиральды (корти) оған жатады.

Онда рецеторлық түтік жасушалар бар. Осы жасушалар механикалық тербелістерді электр потнециалдарынаайналдырады, онда ету нервінің тамиыңтары қозады.

Корти органы төрт қатар болып өрналасқан түкті стереоцилі клеткалардан тұрады. Оның біреуі – ішікі – 3,5 мыңға шама клеткасы бар ,ал қалған үшеуісыртқылар деп аталады, онда 20 мыңнан аса клетка болады. Ішкі қатарды сыртқылардан көрти доғалары бөліп тұрады. Түкті клеткалар стереоцилилері эндолимфаға батырылған және оларды жоғары жағынан жапқыш және текториалды мембрана жауып жатады.

Корти орнанының базальды бөлімінде (сонақша терезеге жақыл жерде) жоғарғы жиіліктегі дыбыс толқындарын қабылдайтын, ал аникальды (ұлу түтіктің жоғарғы ұшы жағында) бөлімінде тек төменгі жиілікті төдады қабылдайтын клеткалар орналасқан. Жиілікті анализдеудің мұндай кеңістіктік тәсілі орын принципі деп аталады.


жүктеу 24.71 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет