Реферат тақырыбы: Қазкср ғылым академиясының құрылуы Орындаған: Әбдірахман. М тобы: гму-112 Тексерген: Баймұратова. Г алматы, 2020ж



жүктеу 29.75 Kb.
Дата03.08.2022
өлшемі29.75 Kb.
#20880
түріРеферат
Әбдірахман Марлен .Реферат. ГМУ-112

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ МИНСИСТРЛІГІ
Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
“Қазақстан тарихы және Қазақстан халықтар мәдениеті”


РЕФЕРАТ

Тақырыбы: ҚазКСР ғылым академиясының құрылуы


Орындаған: Әбдірахман.М
Тобы: ГМУ-112
Тексерген: Баймұратова.Г
Алматы, 2020ж

Жоспар:


I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
1.Қазақстан Ғылым Академиясының ұйымдастырушысы және оның тұңғыш президенті.
2.Қазақ Ғылым Академиясының ашылуының Қазақстанға әсері.
3.Қазақ Ғылым Академиясының ашылғаннан кейінгі институттардың ашылуы.
4.Бүгінгі таңдағы Ұлттық Ғылым Академиясы.
III.Қорытынды
IV.Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе .


Ұлттық ғылымның өркендеуі, ұлт мәдениеті деңгейінің көтерілуі ХХ ғасырдағы қазақ мәдениетінің биік бір белесі Ғылым академиясының ашылуымен байланысты десек те болады. Сан-салалы ғылымның басын қосып, зерттеу жұмыстарының нәтижесін тиімді түрде іске асыру, елде көптеген өндіріс ошақтарының ашылуы халықтың әл-ауқатын арттыруға, жұмыс орындарының көптеп ашылуына септігін тигізді.
Бірақ бұл оңайлықпен іске асырыла салған шаруа емес еді.
Ұлы Отан соғысынан кейінгі елдің жағдайы тұралап тұрған уақытта Ғылым академиясын ашуға бел буу мемлекетке оңайға да, арзанға да түспегені анық. Оның үстіне қырғын соғыстың зардабынан есін енді ғана жия бастаған қазақ халқында мамандар тіпті тапшы болатын. Нағыз білім мен ғылымды жандандырады деген марқасқаларымызды қанды репрессия қиып түсті, одан қалса, Ұлы Отан соғысы жалмады. Мұндай үлкен ұжымды басқаруға өзіне-өзі сенімді, ерік-жігері мықты азамат қажет болды. Екіншіден, тұрып қалған экономиканы көтеру, халық шаруашылығын қалпына келтіру үшін Ғылым академиясының көмегі ауадай қажет еді.
Республикалық академияның қалыптасу тарихы 1932 ж. 8 наурызында Кеңес Одағы Ғылым академиясының президиумы Базалар және филиалдар жөніндегі комиссияның ұсынымын қарастырып, зоология және ботаника секторларынан тұратын КСРО Ғылым академиясының Қазақстандық базасын ашу туралы шешім қабылдаған күннен басталады. Базаның төрағасы болып академик А.Н. Самойлович, Президиум мүшелері – академик Б.А. Келлер, профессор С.Ж. Асфендияров, М.Н. Төлепов бекітілді. 1938 ж. қарашасында база құрамында 100-ге жуық ғылыми қызметкер – үш ғылым докторы, 14 ғылым кандидаты қызмет ететін республикадағы ең ірі ғылыми мекеме – КСРО Ғылым академиясының Қазақ филиалы болып қайта құрылады. Филиалдың қызметі ел үшін ауыр кезең – Ұлы Отан соғысымен тұспа-тұс келді. Табиғи қорларға бай Қазақстан майданды қажетті жабдықтармен қамтамасыз етуде ерекше рөлге ие болды. Ұлы Отан соғысының жеңісті аяқталуына қарай Қазақстанда республикалық Ғылым академиясын ұйымдастыруға барлық қажетті жағдай жасалды.
Қазақстанның Ғылым академиясының құрылуы оның тұңғыш президенті Қ.И. Сәтбаевтың КСРО ҒА Қазақ филиалын басқарып тұрған жылдардағы атқарған жұмыстарының нәтижесі еді. Бұл істе сонымен қатар соғыс жылдарында Қазақстанға Мәскеу, Ленинград және т.б. қалалардан уақытша қоныс аударған ғалымдардың көмегін де атап өткен жөн. Олармен бірге жоғары білікті ғылыми қызметкерлер – қазақтар арасынан ғылым докторларын дайындау шаралары жасалды; негізгі мекемемер анықталып, ғылыми бағыттар бойынша аспирантура ұйымдастырылды. Жас ғалым-қазақтардың тобы КСРО Ғылым академиясына докторантураға, өндіріс саласының мамандары аспирантураға жіберілді. Қазақстан КП ОК және Халық комиссарлар кеңесінің 1944 ж. 18 тамыздағы «Қазақ КСР Ғылым академиясының ұйымдастырылуына дайындық іс-шаралары туралы» қаулысында «республикадағы өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және мәдениеттің жедел дамуы ең алдымен бір орталықтан ұйымдастырылып, үйлестіріліп отыратын ғылым деңгейіне және ғылыми-зерттеу жұмыстарының қарқынды өркендеуіне байланысты болғандықтан, Қазақстанның республикалық Ғылым академиясының
құрылуына мұқтаждығы» атап көрсетілген. Осы қаулы негізінде Ғылым академиясын құру бойынша жұмыстарды басқару мақсатында Үкіметтік комиссия құрылып, оның төрағасы болып Н. Оңдасынов және орынбасарлары ретінде Н.А. Скворцов, Ж. Шаяхметов, А.П. Заговельев және Қ.И. Сәтбаев бекітіледі. Комиссия ғылыми мекемелердің құрылымын айқындап, штатты қарастырып, Қазақстан ғылымының жетістіктері көрмесін және Академияның салтанатты ғылыми сессиясын дайындау керек болды.
1945 ж. 1 наурызында Халық комиссарлар кеңесінің төрағасы Н.Д. Оңдасынов пен КСРО ҒА президенті В.Л. Комаров «...Қазақстандағы ғылымның нақты орталығы 1932 ж. құрылған және Ұлы Отан соғысы жылдарында өзінің ғылыми-зерттеу жұмыстарын қарқынды кеңейткен КСРО Ғылым академиясының Қазақ филиалы болып табылады. КСРО ҒА Қазақ филиалының ғылыми-зерттеу институттарында 40-тан астам доктор мен профессор, 100-ден аса ғылым кандидаты мен доцент (ғылыми дәрежесі мен атағы бар Алматы қаласының 389 ғылыми қызметкерінің ішінде) жұмыс істейді. Қазақ КСР-нің экономикасы мен мәдениетінің дамуындағы жетістіктері биылғы Кеңестік Қазақстанның 25 жылдық мерейтойын Қазақ КСР Ғылым академиясының ұйымдастырылумен байланыстыруға болады» деп жазған еді.
1945 ж. 26 қазанда КСРО Халық комиссарлар кеңесінің Қазақстанда Ғылым академиясын ұйымдастыру туралы қаулысы шықты. Осы қаулыға сәйкес 1946 ж. 1 маусымда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумы, Министрлер Кеңесі және Қазақстан КП ОК-нің біріккен қаулысымен КСРО Ғылым академиясының филиалы негізінде Қазақ КСР Ғылым академиясы құрылады.
Қазақстан Ғылым Академиясының ұйымдастырушысы және оның тұңғыш президенті.
Қазақ КСР Ғылым академиясын ұйымдастырушы және оның тұңғыш президенті, КСРО және Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, Кеңестер Одағының және Қазақстанның металлогения мектебінің негізін қалаушы, Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың еліміздегі ғылым тарихында алатын орны зор. Советтік Қазақстанда дербес Ғылым академиясы құрылғанға дейін КСРО Ғылым академиясының Қазақ бөлімшесі жұмыс істеген болатын. Қаныш Имантайұлы Сатпаев сол кездерде геология ғылымдары институтының директоры, КСРО Ғылым академиясының Қазақ бөлімшесі Төралқасы төрағасының орынбасары еді. Кейіннен өзі ұйымдастырған Қазақ КСР Ғылым академиясының президенті болып сайланды. Бұдан басқа ғалымның мәдениет саласы мен тарих ғылымына да қосқан үлесі зор.
Қазақ жеріндегі ұлттық Ғылым академиясын құру идеясы Ұлы Отан соғысы жүріп жатқан уақытта пайда болған еді. Көрнекті ғалым соғыстың қиыншылығына мойынсұнбай, Қазақ КСР Ғылым академиясын ұйымдастыру ісін табанды түрде қолға алды.
Ғылым академиясын ашуда Сәтбаевты толғандырған кадр мәселесі болды. Әсіресе техникалық кадрлардың, білікті инженерлердің аздығы көреген тұлғаны тығырыққа тірегені рас. Әйтсе де шешімін таппайтын мәселе жоқ. Біраз жыл Мәскеудің Ғылым орталығында филиал басқарған ғалым сол жақтағы әріптестері мен сыйлас достарына иек артты. Яғни, Қазақстанның Ғылым академиясына қажетті кадрларды сырттан тартуға тура келді. Әрқайсымен жеке-жеке сөйлесіп, байыппен сыр тартып, Қазақстанға әкелу жағын Қ.Сәтбаев өзі тікелей қолға алды. Жылы орнын суытып, дұрыс танып, білмейтін сырт елге кім оңайлықпен келе қойсын. Демек, оларды қызықтырып, материалдық тұрғыда ынталандыру керек болды. Әрқайсының тұрғын үй мәселесін шешіп, үстеме ақымен қамтамасыз ету шаралары қарастырылды. Қ.Сәтбаев осы мәселелерді шешкеннен кейін, одақтас республикалардан ғалымдар легі Алматыға ағыла бастады.
Істің оңға басып, Қазақ Ғылым академиясының аяғынан тік тұрып кетуіне кеңестік атақты ғалымдар В.Л.Комаров, С.И.Вавилов, И.И. Мещаников, И.П. Бордин, А.Л.Бойков, А.А.Архангельский, Г.М.Кржижановский, В.А.Обручев, Д.В. Наливкин, т.б. өлшеусіз үлес қосты.
Қ.И.Сәтбаев алғашқы күннен бастап Қазақстан ғылымын дамытуға үлкен мән берді. Мұнда басты мәселелер мыналар деп саналды:
- ғылымның практика және өндіріспен өмірлік маңызы зор ғылыми-техникалық мәселелерді шешу кезінде шығармашылық байланысы, өндіріс, ауыл шаруашылығы қажеттіліктерін есепке алу, соның негізінде мамандардың біліктілігін өндірісте ғана емес, ғылыми мекемелерде де жүргізу, оның жетістіктерін халық шаруашылығына енгізу;
- ғылым мен техниканың әртүрлі саласындағы ғалымдардың жеке жоспарлары бар өндіріс мамандарымен ұжымдасып еңбек етуі ортақ жеңіске әкелетіні ескерілуі қажет;
- ғылыммен айналысатын мамандарды мықтап қолға алу, жаңа ғылыми күштерді сан жағынан ғана емес, ең бастысы сапалы түрде өсіру қажет;
- жұмыстардың тиімділігін, сапасын арттыру үшін басқа мемлекеттердің ғылыми мекемелерімен байланысты күшейту;
- ғылым мен техниканың жетістіктерін қалың көпшілік арасында кең тарату, оларды өндіріске ендіру қажет. Практик-жаңашылдарға көп көңіл бөлу, практикалық сұранысты ескере отырып, олардың жұмысын ғылыми мекемелерде зерттеу;
- ғылымның жеке фактілерден жинақталуы, оларды терең талдау және жалпыландыру, бұл өз кезегінде ірі ғылыми нәтижелерге, мысалы, металлогендік болжам карталарын жасауға әкеледі. Фактілермен бекітілмеген жалаң теорияларға бой ұрмау, босқа шығындалмау керек;
- іргелі-іргелі теориялық ғылымды дамыту. Үлкен теория саласында бізге Қазақстанның мәртебесін көтеретін кең көлемдегі ғылыми жұмыстар қажет;
- ғылымды дамыту үшін ғылыми-зерттеу институттарын алдыңғы қатарлы аппаратурамен, құрал-жабдықтармен, аспаптармен, саймандармен қамтамасыз ету арқылы материалдық база жасау, оны жедел дамыту қажет;
- білімі терең ғалымдардың, ғылым саласындағы тәжірибесі мол аға буын мамандар мен жас ғалымдардың күшін үйлестіру. Бұл ғылыми-зерттеу жұмыстарының тиімділігін арттырып, нәтижелі болуына үлкен септігін тигізеді. Ғылым академиясының аймақтарда, ірі кәсіпорындарда көшпелі сессияларын жиі ұйымдастырып отыру, кәсіпорындардың қызметкерлері мен қаржыларын қатыстыра отырып жүргізілетін зерттеулерді кең көлемде жүргізу (мысалы, Балқаштағы циклонды балқыту) керек.
Қаныш Имантайұлы Сәтбаев-қазақ ғылымының жанашыры болды.Ол Ғылым академиясының басшылығында болған кезінде ғылымға байланысты әр саланы мұқият қарап, оны орындалуын қадағалап отырды. Мысалы, 1950 жылы №134 хат бойынша Қазақстан КП(б) ОК хатшысы Ж. Шаяхметовке «Абай Құнанбаевты мәңгілік есте қалдыру» туралы ұлы ақынның 1954 жылы дүниеден өткеніне 50 жыл толуына байланысты Абайдың кітаптары сұраныста екенін, қалған шығармаларын да шығару керектігін айтып, еске алу шараларын өткізуді күн тәртібіне кіргізу керектігін дәлелдеп, іске асырды. Бұл өз елінің тұлғаларын дәріптеп, олардың еңбегін елге таныстыру ісіндегі ғалымның атқарған қызметі еді. 1958 жылы Қаныш Имантайұлы КСРО Жоғарғы Кеңесінің бесінші сессиясының депутаты болып сайланды. 1959 жылы КОКП XXI съезінде делегат, 1961 жылы – КОКП XXII съезінде делегат, КСРО ҒА Президиумының мүшесі болып сайланады. 1962 жылы Сәтбаев Кеңес Одағының Жоғарғы Кеңесінің алтыншы шақырылған сессиясында депутат және төраға орынбасары болып сайланады. 1963 жылы Қаныш Имантайұлы геология ғылымының дамуына қосқан үлесі үшін Ленин орденімен 4-ші рет марапатталды. Қ.И. Сәтбаевтың құнды да бай дәлелдерінің арқасында ашылған Қазақ КСР ҒА-ның ғылыми мекемелерінде 1946-1960 жылдары аралығында 82 ғылым докторы мен 800-ден астам ғылым кандидаты қорғап шықты. 1970 жылы Қазақ КСР ҒА ғылыми мекемелерінде 114 ғылым докторлары, 1060 ғылым канди- даттары қызмет атқарды. Бұл көрсеткіш 1946 жылмен салыстырғанда ғылым орталығында академиктер 4 есе, корреспонденттар 4 есе, ғылым докторлары 2 есе, ғылым кандидат- тары 5,9 есеге өскендігін көрсетеді. Ғылыми зерттеу мекемелеріндегі қызметкерлердің көбісі қазақтар болды. Қарқынды жұмыстардың нәтижесінде Қазақ КСР Ғылым академиясының геологтары, металлургтері, энергетика саласының маман- дары, кеншілері, химиктері, тарихшылары мен тілшілері, экономистері өздерінің ғылыми жұмыстарын халық шаруашылығының мамандарымен бірлесе отырып жүргізді. Нәтижесінде сол кездегі басты сыйлықтар Ленин және Сталин атындағы марапаттау- лармен немесе еңбегі сіңген ғылым қайраткері деген атақтар алды. Бұл Ғылым академиясының табанды еңбегі мен жетістіктерінің көрсеткіші еді. Қазақ ғалымдарының бірегейі Қ.И. Сәтбаевтың Қазақстандағы ғылымның дамуына қосқан үлесі зор. Мәселен, Қарағандыда металлургиялық зауыттың өмірге келуі, Қостанай, Алтай темір және марганец, Қаратаудың фосфорит кендерін игеру және Ертіс-Қарағанды каналының қазылуына, біраз ғылыми-зерттеу институттарының ашылуына тікелей араласып, зор еңбек сіңірді. 
1950-1980 жж. Қазақстан экономикасы жалпы Одақ бойынша жоғары қарқында дамыды. Бұл үрдіс ғылыми-техникалық бағытта да алға басулармен қатар жүрді. Республикада бұл жылдары бірқатар жаңа ғылыми-зерттеу және жобалық-конструкторлық ұйымдар құрылды, оның ішінде Ғылым академиясының құрамында 6 институт ашылды. 1980 жж. басына қарай Қазақстанда 21,1 мың адам жұмыс істейтін 140 ғылыми мекеме болды. Негізігі ғылыми күштер Ғылым академиясында шоғырланды – мұнда 31 ғылыми мекеме, оның ішінде 24 ғылыми-зерттеу институты орналасты. Ғылым академиясының ғалымдары ғылым мен экономиканың барлық бағыттары бойынша зерттеулермен айналысты.
Қазақ Ғылым Академиясының ашылуының Қазақстанға әсері.
Ғылым Академиясының ашылуы Қазақстанның экономикасы және мәдениетінің зерттелуіне, оның табиғи ресурстарды тиімді пайдалану туралы зерттелуіне жол ашты. Кейін Ғылым Академиясы халық шаруашылығын қалпына келтіру жұмыстарына белсенді түрде қатысты. Республика көлеміндегі ғылыми орталық құрылды, ғалымдар мемлекеттік бесжылдық жоспарларды жүзеге асырды. Жылдан-жылға республикалық Ғылым Академиясының маңыздылығы арта түскен. Ол іргелі зерттеулердің орталығына айналып кетті.Заман талабына сай Қазақ КСР Ғылым академиясының ашқан жаңалықтары мен табысы Қазақстандағы ғылымның дамуына орасан зор ықпал етті. Сонымен қатар негізгі қаржының жартысынан көбі ауыр өнеркәсіпті, оның ішінде қара және түсті металлургияны, химия мен отын өнеркәсіптерін, энергетиканы жедел дамытуға бағытталды. Осындай тапсырмалармен тығыз байланыста болған ғылым академиясы Кеңес Одағының негізгі ғылыми зерттеу мекемелерімен байланысып, келісіп отырды. Осындай қарқынды жұмыстардың нәтижесінде Қазақ КСР Ғылым академиясының геологтары, металлургтері, энергетика саласының мамандары, кеншілері, химиктері, тарихшылары мен тілшілері, экономистері өздерінің ғылыми жұмыстарын халық шаруашы- лығының мамандарымен бірлесе отырып жүргізді
Нәтижесінде сол кездегі басты сыйлықтар Ленин және Сталин атындағы марапаттаулармен немесе еңбегі сіңген ғылым қайраткері деген атақтар алды. Бұл Ғылым академиясының табанды еңбегі мен жетістіктерінің көрсеткіші еді.
Ғылым Академиясының жаңа ғылыми- зерттеу орталықтарының ашылуы еліміздің ғылымы мен мәдениетіне, қоғамдық өміріне ерекше әсер ете бастады. Десек те, республикамыздың мұндай жетістіктерімен қатар академияның жанындағы қоғамдық ғылым бөлімдерінің зерттеу жұмыстары сынға ұшырап, басына қара бұлт үйірілді. 40-жылдардың соңы мен 50-жылдардың басындағы қоғамдық саяси өмір Қазақ КСР ҒА-ның 200-ге жуық қызметкерлерін жұмыстан шығарып, айыптап үлгерді. Оның ішінде Қазақ КСР Ғылым Академиясының президенті қызметінде болған Қ.Сәтбаевқа жүктелген міндет тарихи шындықты өткен кезеңнің басты оқиғалары ретінде дәлелді жазғандары үшін қудалауға ұшыраған қазақ зиялылардың екінші тобын жұмыстан қуу еді. Негізсіз айыптаудан бас тартқан Қаныш Сәтбаев та осы қудалаудың жолына түсіп кетеді.
Қазақ Ғылым Академиясының ашылғаннан кейінгі институттардың ашылуы.
Қазақ КСР Ғылым академиясы ашылғаннан кейін дербес ғылым салаларында зерттеу институттарының ашылуы етек ала бастайды. Қоғамдық және жаратылыстану ғылым салаларында көптеген ғылыми зерттеу орталықтарының ашылуы, олардың дамуына үлкен септігін тигізді. Сондай-ақ, олардың ашқан жаңалықтары мен жеткен жетістіктері де еліміздің ғылыми кешенді даму белестерін айқындай түсті. Институттардың ашылуы Қазақстанның ауыл шаруашылығының дамуына үлкен септігін тигізді. Себебі ол кезеңде еліміздің ауыл шаруашылығы тоқырауда болды. 

Ғылым Академиясының құрамына 4 бөлім енді: минералды ресурстар, физика- математикалық ғылымдар, биологиялық және медициналық ғылымдар, қоғамдық ғылымдар.
Минералды ресурстар бөлімінің құрамына 8 институт енді (Геологиялық ғылымдар институты, Кен жұмысының институты, Металлургия және кенді байыту институты, Құрылыс және құрылыс материалдары институты, Энергетика институты, Химикалық ғылымдар институты, Мұнай институты, Алтай тау-металлургиялы институты) және география секторы. Бөлім қарастыратын мәселелердің көбі география, геология, техника және химия салаларындағы сұрақтар болып табылады. ҚазКСР Ғылым Академиясының бөлімінің басшысы Әбікен Бектұрұлы Бектұров болып тағайындалды. Ол минералды тыңайтқыштар саласындағы маман. Геологиялық ғылымдар институты Ғылым Академиясының құрылымындағы ең ірі ғылыми мекеме болған. Ол геологияның теоретикалық сұрақтарына жауап іздей отырып, геологиялық карталарды құрастырап, статиграфия, вулканизм, тектоника, литология, палеонтология ғылымдарының зерттелуімен айналысқан болатын. 1956 жылы Қ.И. Сатпаев басшылығымен ғалымдар-геологтар Орталық Қазақстанның комплекстіболжамды-металлогенді картасын құрастырып, оны жариялады. 1946 жылы Тау-кен институтының негізі қаланған. Ол Қазақстандағы қорғасын-мырыш кен орындарын зерттеу жоспарланып отырды. Сонымен бірге, ол көмір кен орындарының тиімді пайдалану әдістерін жан-жақты зерттеп, кендіктегі тозаңмен күресу жолдарын да іздеді. Осы жылы Энергетика институты құрылған, республикадағы барлық энегретикалық ресурстардың зерттелуі — оның жұмысының басты бағыты. Сонымен бірге, институт қызметкерлері «энергетикалық ресурстарды кешенді түрде пайдалану» деген мәселені зерттей отырып, «халық шаруашылығын қалай дұрыс электрлендіру» деген сұраққа да назарын аударды. Олар өзекті мәселелердің шешімін іздеп, терең теоретикалық зерттеулерді-де қатар жүргізді. 1945 жылы құрылған Химикалық ғылымдар Институтының маңыздылығы зор болып табылады. Ол республикадағы минералды ресурстарды зерттей отырып, металлургия саласына қажет болған электрохимиялық және амальгамдық үдерістерді зерттеді. Институт мұнай және көмірді тереңірек зерттей отырып, мұнай өндіретін өнеркәсіптегі мұнай және химия қалдықтарын пайдалану мәселесін қарастырды.
1946 жылы құрылған Металлургия және кенді байыту институты көпметаллды және өндірістің жартылай өнімдерінің қайта жасап шығару әдістерін ашуға тырысып, кенді байыту жолындағы тиімді тәсілдерді құрастырып отырған.
Ғылым Академиясындағы келесі Бөлім — К. П. Персидский басшылығымен Физика-математика ғылымдар бөлімі. Аталған ұйымның құрамына 2 институт, 2 сектор және 1 зертхана енген. Астрофизикалық институт 1950 жылы пайда болды. Институтның маңызды жетістіктерінің бірі «Газ-тозаңды тұмандылық атласының" жасап шығаруы болды. Ол КСРО аймағында және шетелдерде тұратын азаматтарына белгілі боп кетті. Институт жетістіктерінің ішінде 2600 метр биіктігінде Короналды станциясының ұймдастырылуы, жарық шашырауы теориясының құрылуы деп атауға болады. 1951 жылы үш зертханасы бар Физика-техникалық институты құрылды. Оның 3 зертханасы бар: ғарыштық сәулелер, спектрлық талдау, металлфизика және металлтану. Институт қызметкерлері спектрлық сызықтардың және элементтер спектрлерінің атластарын дайындады. Металлургиялық өнімдерден сирек кездесетін металлдарды шығару әдіснамасы әзірленді.
Биологиялық және медициналық ғылымдар бөліміне 7 Институт, Алма-Атылық ботаника бағы енді. Осы бөлімнің алғашқы Төрағасы академик Н. В. Павлов болды. Ботаника институты Қазақстан аумағындағы пайдалы және техникалық өсімдіктерді ажыратып, олардың тиімділігін арттыру мәселесін зерттеді. Республиканың флорасы жан-жақты зерттелді. Көптеген геоботаникалық зерттеулер жүргізілді. Физиология институты 6 зертханасы бар ірі ғылыми-зерттеу мекемесіне айналып кетті. Мұнда 4 ірі мәселе зерттелді: дем алу, лимфоайналым, қан айналымындағы жүйкелі- рефлекторлы реттеу; нақты мамандыққа тән белгілі бір аурулар және олармен күресу жолдары; Қазақстандағы дәрілік шикізатты фармакологиялық тұрғыдан зерттеу; жануарлардың өнімділігі және олардың ағзаларындағы физиологиялық заңдылықтар. Зоология институтының басты бағыты — Қазақстан фаунасын зерттеу (оның пайда болуы, дамуы және т.б.). 1945 жылы құрылған Топырақтану институты Қазақстандағы жер ресурстарын, олардың пайда болуын, дамуын зерттеді. Институт қызметкерлері Қазақстан ауданының топырақ картасын құрастырды. Өлкелік паталогия институты 3 мәселені зерттеді: «Өлкелік жұқпалы және паразиттік аурулары, олармен күресу жолдары», «Нақты мамандыққа тән белгілі бір аурулар және олармен күресу жолдары», «Қазақстан шипажайлары». Клиника және эксперименттік хирургия институты Қазақстандағы денсаулық сақтау саласы үшін өзекті болып табылатын мәселелерді зерттеген: өндірістік және ауылшаруашылық жарақаттанушылықпен күресу жолдары. 
Қоғамдық ғылымдар бөлімі екі институтты (тарих және археология, этнография және экономика) біріктірді. Институттың алғашқы Төрағасы Н. Т. Сауранбаев болды. Тарих және археология институты Тарих секторының негізінде қаланды, ол келесі тақырыптар бойынша зерттеулерді жүргізді: Ұлы Қазан төңкерісі, қазақ мемлекеттілігі, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ел, қазақ халқының этногенезисі, төңкеріске дейінгі және кеңестік кезеңде қазақ халқының мәдениеті мен тұрмысы. Сонымен қатар, археологиялық, этнографиялық зерттеулер жүргізілді. Экономика институты 1952 жылы құрылған, ол саяси экономика, халық шаруашылығының тарихы, халық шаруашылығындағы салалардың орналастыру және даму жолдарын зерттеді.
Осылай, қайта құрылған ғылыми-зерттеу институттары елдегі халық шаруашылығының жағдайын қалпына келтіруге және аталған саланың дамуына бағытталған зерттеулерді көп жүргізді. Зерттеулер қоғам мен адам тіршілігінің барлық аспектілеріне қатысты болды. Ғылыми зерттеулер қойылған мақсат-міндеттеріне қол жеткізді. Елдің экономикасы дамыды. Мемлекеттегі экономика тұрғындардың әлеуметтік жағдайы жақсартып, халықтың мәдени-деңгейі-де жақсартылды.
Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы (1993-1996, 1999-2003) — ҚР Президентінің 1993 ж. 21 қаңтардағы жарлығымен Қазақ КСР Ғылым Академиясы қайта ұйымдастырылуының нәтижесінде құрылды. ҚР Президентінің 2001 ж. 6 қарашадағы Өкімімен ҚР Ұлттық ғылым академиясына мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын фундаментальды ғылыми зерттеулер бағдарламалары шеңберінде орындалатын жұмыстарын сараптау функциялары жүктелді. ҚР Үкіметінің 2002ж. 22 мамырдағы қаулысымен "ҚР Ұлттық ғылым академиясы" республикалық мемлекеттік мекемесінің Жарғысы бекітілді.
Жарғыға сәйкес ҚР Ұлттық ғылым академиясы Ғылым академиясының мүшелерін (академиктерді), корреспондент-мүшелері мен Қазақстанның жетекші ғалымдарын біріктіретін мемлекеттік ғылыми мекеме болып табылды. Ғылым академиясы басқарушылық, ғылыми-техникалық, әлеуметтік-мәдени және басқа функцияларды жүзеге асыруға құрылған республикалық мемлекеттік мекеме болып табылды. Ғылым академиясының мемлекеттік органы, сондай-ақ мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің оған қатысты функцияларын жүзеге асыратын органы ҚР Білім және ғылым министрлігі болып табылды. ҚР Ұлттық ғылым академиясы қызметінің мақсаты мен негізгі бағыттары мыналар болып табылды: ғылыми-зерттеу қызметі; ҚР ғылымының жай-күйін талдау және дамуын болжау; ғылымды дамыту мен ғылыми кадрларды даярлаудың басым бағыттарын айқындау; ғылыми-сараптамалық қамтамасыз ету; ғылыми зерттеулер бағдарламаларын қалыптастыру және орындалуын үйлестіру; өз құзіреті шегінде халықаралық ынтымақтастықты, инновациялық және инвестициялық қызметті дамытута жәрдемдесу.
Ұлттық ғылым академиясы жалпы басшылықты және қызметін үйлестіруді уәкілетті орған (министрлік) жүзеге асырды. Ғылым академиясы басқармасының атқарушы органы ҚР ҒА президенті болып табылды. ҚР Президентінің 2003 ж. 21 қазандағы Жарлығымен "Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы " республикалық мемлекеттік мекемесі таратылып, "Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым академиясы" қоғамдық бірлестігі құрылды.
Бүгінде Қазақ КСР Ғылым акаде- миясы болып құрылған Ғылым ордасы өсіп, өркендеп, мұнда дайындалған ғалымдар көптеген ғылыми жаңалықтарымен еліміздің дамуына өз үлестерін қосуда. Қазақ КСР Ғылым академиясының тарихына байланысты құжаттар «Ғылым ордасы» ведомстволық мұрағатының қорларында сақтаулы. «Қазақ КСР Ғылым академиясы» атты 2 қорында Ғылым академиясының тарихына байланысты барлық құжаттар бар және бүгінде бұл құжаттар өз құндылықтарын жоғалтқан емес.
Бүгінде 70 жылдық белесті бағындырып отырған Қазақ ұлттық ғылым академиясының алға белгілеген міндеттері де айтарлықтай. Қазақ ұлттық ғылым академиясының президенті Мұрат Жұрыновтың айтып өткеніндей, қазіБүгінде 70 жылдық белесті бағындырып отырған Қазақ ұлттық ғылым академиясының алға белгілеген міндеттері де айтарлықтай. Қазақ ұлттық ғылым академиясының президенті Мұрат Жұрыновтың айтып өткеніндей, қазіргі уақытта ғылым акаде- миясы республикалық қоғамдық бірлестік бола отырып, кеңестік модельден бас тартып, тәуелсіз Батыс-Еуропалық моделінің сүлбесі бойынша дамуда. Аға ұрпақтың өнегелі істерін жаңа серпінмен жалғастыра алатын, сөйтіп елімізді әлемдегі жетекші 30 елдің қатарына қосуға қабілеті мен дарын-талант- тары жететін жастардың отандық ғылымның қатарын толықтыратынына сенімі зор. Бүгінде академияның 237 тұрақты мүшесі, 14 шетелдік және 88 құрметті мүшелер бар. 2004 жылдан бері академияның 6 құрылымдық бөлімшесі еліміздің ірі ұлтық университеттерінде топтасқан. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев академияны 70 жылдығымен құттықтап, ел дамуына қосқан үлесін атап өтті. Академия қабырғасында еліміздің мақтанышы саналатын алыптарымыз еңбек етті. Бүгінгі мерейлі сәтте біз Қаныш Сәтбаев, Мұхтар Әуезов, Әлкей Марғұлан және басқа да ғалымдарымызды атап өтуіміз қажет. Тәуелсіздік жылдарында Ұлттық академия академиктері алдыңғы буынның абыройлы ісін лайықты жалғастыра білді. Қазақ ғылымы дамудың биік белесіне көтерілді. 25 жылда ғылыми ұйымдардың саны екі есеге көбейіп, саны 300-ден асты. Ғылымды қаржыландыру жыл өткен сайын артып келеді. Соңғы үш жылда ғана 100 миллиард теңге бөлінді. Алдағы уақытта біз бұл ұстанымнан айырылмай, ғылымның қарқынды дами беруіне барлық жағдайды жасайтын боламыз. Тиісінше, әлемдік дамудың көшін бастаған 30 елдің қатарына қосылу жолында сіздерге зор үміт артылады. Себебі, бүгінгі жағдай білім мен ғылым арқылы іске қосылады. Алдағы осы мақсатымызға жету үшін мен биыл үшінші жаңғыруға байланысты биылғы Жолдауымда бес басымдықты айқындап бердім. Олардың қай-қайсысы да ғылым мен білімге байланысты. ХХІ ғасыр – ғылым мен білімнің ғасыры. Әсіресе, қолданбалы ғылым көз ілеспес жылдамдықпен дамып келе жатқанын бәріміз көріп отырмыз, – деді Елбасы. Үкіметке әзірлеуге тапсырған «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы әзірлеуді әлемдегі барлық озық технологияларды өзімізге бейімдеп, жаппай енгізуге мүмкіндік беретініне тоқталды. – Ғалымдарымыз дәуір сұраныстарына сай өз дүниетанымын, ғылыми көзқарастарын қайта қарауы керек. Біз өнеркәсіптік ғылымның қажеттілігін ескере отырып, гуманитарлық салаларға да ұмтылуымыз қажет. Оның барлығына тиісті кадр, тиісті компетенция қажет. Мұның бәрі мектептен басталып, университетпен, ғылыммен аяқталады. Мемлекет те, мен де қазір осы шараға белсене кірісіп жатырмыз. Бүгінде Ғылым академиясы салалық және өңірлік бөлімшелері бар ірі зияткерлік орталыққа айналды. Біз ғылыми және ғылыми- техникалық қызмет нәтижелерін коммер- цияландыру туралы заң қабылдадық. Енді осы заң толыққанды қолданылуы қажет. Ғылыми-зерттеушілік қызмет нәтижелерін қазақстандық кәсіпорындардың қажеттіліктеріне бағыттайтын тетіктер енгізу керек. Біздің алдымызда импортты алмастыру және экспорттық өндірісті дамыту міндеті тұр, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Қорытынды
Осылайша, қиын-қыстау уақытта Қаныш Сәтбаевтың қайраткерлігінің нәтижесінде құрылған Қазақ ғылым акаде- миясы алдағы уақытта да өзінің жұртымен бірге. Елдің игілігіне қызмет етуге тиіс. Мұны тек үздік отыз елдің қатарына кірудің алғышарты ретінде ғана емес, кешегі ғалымдардың мұраларын лайықты жалғастыру деп түйсінуіміз керек.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі



1. ҚР БҒМ ҒК РМК «Ғылым ордасы» мұрағаты 2-қ., 1-т., 570-іс, 64-п.
2. ҚР БҒМ ҒК РМК «Ғылым ордасы» мұрағаты 2-қ., 1-т., 10-іс, 51-п.
3 .ҚР БҒМ ҒК РМК «Ғылым ордасы» мұрағаты 2-қ., 2-т., 1-іс, 36-п
4 .ҚР БҒМ ҒК РМК «Ғылым ордасы» мұрағаты 2-қ.,1-т., 1-іс, 8-п
5 .ҚР БҒМ ҒК РМК «Ғылым ордасы» мұрағаты 2-қ.,1-т., 1-іс, 8-п
6 .Ахмедова Н.Б., Центральная научная библиотека Академии наук Казахстана. Наука советского Казахстана 1920-1960 гг. -А.-А., 1960, с. 89-677;
7 .ҚР БҒМ ҒК РМК «Ғылым ордасы» мұрағаты 11-қ.,2-т., 5-іс, 11-14пп
8 .Қазақ ССР Ғылым Академиясы. Алматы, 1961.- 6-б.
9 .Ш.Ч. Чокин. Путь национальной АН. – Алматы, 1996.- c. 24.
10. Есенов Ш., Академия наук Казахской ССР. – Алматы: Казахстан, 1970.-47-б.
11. Қазақ ССР Ғылым Академиясы. Алматы, 1961.- 20-б






жүктеу 29.75 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет