Реферат тақырыбы : Жеңіл бетондар Орындаған: Садуахасова А. Ы тобы: см-20-5к2 Қабылдаған: Нұрымбетова р шымкент 2022



жүктеу 36.33 Kb.
бет1/5
Дата13.05.2022
өлшемі36.33 Kb.
#19851
түріРеферат
  1   2   3   4   5
жеңіл бетондар Садуахасова А СМ20-5к2 реферат
реферат ст мат Садуахасова А

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ



РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Жеңіл бетондар
Орындаған:Садуахасова А.Ы
Тобы:СМ-20-5к2
Қабылдаған: Нұрымбетова Р

Шымкент 2022


ЖОСПАР
І КІРІСПЕ

  1. Бетон.

ІІ НЕГІЗГІ БЕТ
1. Бетон түрлері.
2. Жеңіл бетонның қасиеттері.
3. Жеңіл бетонның аумақтық салмағы.
ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ
IV ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Бетон (фр. béton, лат. bitumen — тау шайыры), құйматас — жасанды тас материал; байластырғыш заттар (цемент, гипс, алебастр, әктас, т.б.), су (кейде сусыз) және толтырғыш материалдар (құм, малтатас, қиыршықтас, т.б.), кейде арнайы үстеме заттар қоспасының қатаюы нәтижесінде алынады; маңызды құрылыс материалы. Қоспа қалыпқа құйылғанға дейін бетон қоспасы деп аталады.
Бетон құрамындағы байластырғыш түріне қарай: органикалық емес байластырғыштармен алынған бетон (цементті бетон, гипсбетон, силикатты бетон, т.б. арнайы бетондар) және органикалық байластырғыш заттармен алынған бетон (асфальтбетон, полимербетон) болып жіктеледі. Орташа тығыздығына (көлемі бойынша) байланысты аса ауыр (2500 кг/м3-ден жоғары), ауыр (1800 — 2500 кг/м3), жеңіл (1800 — 500 кг/м3), өте жеңіл (500 кг/м3-ден төмен) болып бөлінеді.
Қолдану түріне қарай құралымдық, құралымдық-жылу оқшаулағыш, жылу оқшаулағыш және арнайы жасалған бетондар (отқа төзімді, қышқылға төзімді, жолға төсеуге арналған, т.б.) болып ажыратылады.
Бетонның ең басты қасиеті оның беріктілігінде. Беріктілігі негізінен байластырғыш материалдардың түрі мен сапасына, бетонның орташа тығыздығына байланысты. Сондай-ақ, ол бетон бұйымдарының маркасымен (сығымға беріктілік шегімен, осьтік созылуымен немесе иілу кезіндегі созылуымен) сипатталады.
Бетонды алғаш рет ертедегі римдіктер күмбез, арка сияқты әсемдік-сәндік құрылыстарда пайдаланған. Рим империясының күйреуімен бетонды пайдалану тоқтап, тек 18 ғасырда Батыс Еуропа елдерінде қайта қолданылды. 20 ғасырдың 40-жылдарынан бастап құрылыстың қарқынды дамуына байланысты Қазақстанда бетон кеңінен пайдаланыла басталды. Қазіргі уақытта Теміртау мен Павлодарда кеуек бетон, Астана, Алматы, Семей, Шымкент, Атбасар қалаларында керамзит бетон, ал Теміртау қаласында отқа төзімді бетон өндіріледі.
Бетон технологиясы бойынша зерттеулер 20 ғасырдың 50-жылдары Қазақстанның Архитектура, құрылыс және құрылыс материалдары институтында (1965 жылдан Алматы құрылыс материалдары ғылыми-зерттеулер және жобалау институты) басталды.

  • Институтта бетонның суға төзімділігі зерттелді (А.И. Минас).

  • Бетон қоспасының қатаюын тездету, үстеме қоспалар қосудың әдістері табылды (Ө.А. Аяпов).

  • Жеңіл кеуек бетон түрлерін дала шпаты құмдарынан алу технологиясы жасалды (Қ.Қ. Қуатбаев, П.А. Ройзман).

  • Бетон алу жұмыстарында бетон құрамына өндіріс қалдықтарын (шлак, күл, т.б.) қосу арқылы олардың сапасын арттыруға болатындығы анықталды (Ө.А. Аяпов, т.б.). Қазір бетон жасау технологиясын жетілдіру және оның сапасы мен тиімділігін арттыру жөнінен көптеген ғылыми зерттеулер (Алматы, Қарағанды, Өскемен, Шымкент, т.б.) жүргізілуде.

Бетон - гравийдің, қиыршықтастың, малтатастың, қиынды тастың цемент немесе басқадай тұткыр материал ертіндісімен араластырып жасаған, тез қатаятын қоспасы. Бетон түрлері:

  • Тез қататын бетон;

  • Су өткізбейтін бетон;

  • Ауа өткізбейтін бетон;

  • Беріктігі жоғары бетон;

  • Жеңіл бетон; Ауыр бетон;

  • Кеуекті бетон.


Жеңіл бетонның орташа тығыздығы, жоғарыда келтірілгендей, толтырғыш тығыздығына байланысты. Неғұрлым толтырғыш жеңіл және шығыны көп, солғұрлым бетонның орташа тығыздығы төмен. Сондықтан жеңіл бетонның құрамын анықтарда оны жеңіл толтырғышпен мүмкіншілігінше көбірек толтыруға тырысады. Мұндай жағдайда толтырғыш түйіршіктерінің тығыздана орналасуының арқасында азғана цемент шығынында берік бетон құрылымын алуға мүмкіндік туады. Онымен қатар бетонның басты қасиеттерін (тығыздығын, жылуөткізгіштігін, беріктігін) тиімді үйлестіру мүмкіндігі пайда болады.
Бетонды кеуекті толтырғышпен мүмкіншілігінше толтыруды ірі және майда толтырғыштар араласын рационалды түйіршіктер құрамынан алу жолымен және де компоненттерді еріксіз араластыру, бетондық араласпаны үдемелі нығыздау (жүк түсіре дірілдету, дірілдепрокат, дірілдебастырма және т. б.) және т. б. технологиялық әдістерін қолдану арқылы қамтамасыз етеді.
Жеңіл бетон беріктігі, кәдімгі ауыр бетон беріктігі сияқты, қолданылған материалдар саласына және цемент тасының кеуектілігіне байланысты. Жеңіл бетон құрамын анықтау үшін бетон беріктігі су шығынымен байланыстыратын эксперименталдық тәуелділікті пайдаланған ыңғайлы. Бұл жерде суцемент қатынасын пайдалану қолайсыз, себебі кеуекті толтырғыштың берілген шығынында жеңіл бетон қоспасының суқажеттігі тұрақты болып қалады, ол цемент шығынына ол аз байланысты. Мұны кеуекті толтырғыштың суқажеттілігі цементтікінен әжептеуір жоғарылығымен түсіндіруге болады.
Минималдың шығу коэффициенті - кеуекті толтырғыштармен жеңіл бетон араласпасын даярларда оны ерітуге қажетті оптималдық су шығын белгісін білдіретің маңызды көрсеткіш.
Жеңіл бетондық қоспа оны араластыруға кететің су шығыны жетімсіз болғанда да және артық болғанда да ыңғайлы төселімділігінің нашар болатындығымен сипатталынады. Су шығыны оптималдығынан кем болғанда байланыстырушы илемесінің жұмсақтығы қоспа құрамаларын өзара жақындатып біріктіруге және тұтас структура құруға жетімсіздеу болып қалады. Ал, оптималдығынан артық су бетондық қоспаның бөлектелуіне әкеліп тірейді, демек бетондалынатын конструкцияның әр бір бөлігінде бетон қасиеті әртүрлі болып шығады.


жүктеу 36.33 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет