Редактор бағаны



жүктеу 0.53 Mb.
Pdf просмотр
бет4/4
Дата06.05.2017
өлшемі0.53 Mb.
1   2   3   4

1.

Айналым  «Таныстыру»

Әр топ басшысы өз тобының мүшелерімен таныстырып шығып,ұрандарын бірігіп айтады.



І топ «Бірлік» 

Ұраны: Мақсатымыз білім алу,

Міндетіміз – еңбектену,

Тапсырманы тез орындап,

Жеңіске қолды жеткізу.

ІІ топ «Алғырлар» 

Ұраны: Кел, балалар, ойнайық!

Ойнайық та ойлайық ,

Қандай тапсырма болса да,

Шешпей оны қоймайық!

ІІІ топ «Талаптылар»

Ұраны: Таудай болсын талабым

 Бағың болып жанамын 

Біз бар жерде болмайды

Алынбас еш қамалың

Жарайсындар балалар



 * Бір сөзбен айту* ойыны ( Берілген сөздерді оқушылар бір сөзбен айту керек )

І топ «Бірлік»

Қыркүйек, қазан, қараша – айлар.

Шеге, балға, ара – саймандар.

Арыстан, түлкі,аю – аңдар.

Атырау, Ақтау, Көкшетау -қалалар.

Шырша, емен, терек – ағаштар.

Қарға, сауысқан, бүркіт – құстар.

Автобус, трамвай, трактор- көліктер.

Кесе, қасық, табақ – ыдыстар.

Үшбұрыш, шаршы, тіктөртбұрыш – пішіндер.

Сәбіз, қызылша, қияр- көкөністер.

ІІ топ «Алғырлар» 

Қосу, азайту, тең – таңбалар.

Үстел, орындық, диван-жиһаздар.

Маса, сона, қоңыз- жәндіктер.

Жауқазын, бәйшешек, түймедақ-гүлдер.

Самат, Қанат, Талғат- есімдер.

Доп, қуыршақ, зырылдауық-ойыншықтар.

Алма, өрік, шабдалы-жемістер.

Жаз, күз, қыс-мезгілдер.

Құлын, қозы, бота-төлдер.

ІІІ топ Талаптылар

Ақшыл, көкшіл, сарғылт-түстер.

Қияр, қызанақ, орамжапырақ- көкеністер

Айжан, Айгүл, Айман- Қыздар

Қаламсап, қарындаш, кітап- оқу құралдары

Сазан, шортан, жайын- балықтар

Көйлек, шалбар, шұлық- киімдер

Көктем, қыс, жаз- мезгіл

 2014, 2015, 2016- жылдар

Етік, бәтіңке, мәсі- аяқ киімдер

Ойланайық азырақ, уақытымызды үнемдеп,

Кім шығады кәнеки, жауабын мен білім деп?

2. айналым   «Білгенге маржан»  «  Алғырлар»           

Аптада неше күн бар.



«Атамнан да құтылдым, апамнан да құтылдым…» Бұл не?

Балалар білім алатын орын



5 пен 7 арасындағы қандай сан бар?

Жұп дауыстыларды ата?



Қыс айларын ата



«Тапқырлар»

1.

Әліппенің  атасы кім?



2.

Түйе атасын ата

3.

Санға 0-ді қоссаң не шығады?



4.

Дауыссыз дыбыстар неше түрге бөлінеді?

5.

3 бұрышы 3 қабырғасы бар фигураны ата



6.

Көктем айларын ата.



«Талаптылар»

Сөйлем түрлері 



Дыбыстар нешеге бөлінеді

Алғаш қазақ балаларына мектеп ашқан мұғалім



Барлық қабырғалары тең қандай фигура

 Жаз айларын ата



Жылқы атасы



3.айналым   Сиқырлы әріптер

Топтар 1 минутта берілген әріптен  басталатын сөздер жазады



4. Айналым

«Құрастырма сурет»  Суреттің бір бөлігі көрсетіледі.  Топтар сол суретте жасырылған 

затты табады

5. айналым  «Математик»

1 топ 15+  5                  2. Топ10+6                        3. Топ  55-50

25+5                                         16-6                                       26-6

30+20                                       25-5                                      40+10

55-5                                          20+20                                    15+3

45-40                                         35-5                                      35+30



6 айналым

* Жедел жауап* . Жұмбақтар шешу.

 1 топ

1. Алдына келесің, Өзіңді көресің. ( Айна)

2. Әрқашан таң атпай, Оятады сағаттай. (Әтеш)

3. Ақ көбік боп көпірер, Кірдің бәрін кетірер. (Сабын)

4. Қабат-қабат қаттама, Ақылың болса аттама. (Кітап)

5. Қара сиырым қарап тұр, Қызыл сиырым жалап тұр. (Қазан мен от)



2 топ

1. Жаны бар тізбек тікен,Кім бәрін тізбектеген. (Кірпі)                                                  

2 .Қолы жоқ сурет салады, Тісі жоқ тістеп алады. (Аяз)

3. Отқа жанбас, Суға батпас. (Мұз)

4. Аяғы бар, басы бар, Арқалаған тасы бар. (Тасбақа)

5 .Жылт-жылт еткен, Жырадан өткен. (Су )



3 топ

Кішкентай ғана бойы бар Айналдырып киген тоны бар   (қозы)



Аяғы жоқ қолы жоқ Таппайтығұн жолы жоқ     ( хат)

Белі бүкір , алысқа түкір     (мылтық)



Сырт- сырт соғады Уақыт озады       (сағат)

 Ти десем тимейді  Тиме десем тиеді    (  ерін)



Ұшқыр ойға серік болсын шеберлік,

Сөз кезегін қазыларға берелік.

Арамызда білімді достар көп екен,

Солардың біз нәтижесін көрейік – деп , бүгінгі сайысымыздың қорытындысын айтуға 

қазыларға сөз кезегін берейік. 

Құрметті ұстаздар, оқушылар ! Осымен бүгінгі «Зерде» интеллектуалды ойынымыз да өз 

мәресіне жетті. Көңіл бөліп келгендеріңізге рахмет!

* * * * * *



Жамбыл облысы Байзақ ауданы, Жеңіс ауылы

М. Мәметова атындағы негізгі мектеп

Математика пәнінің мұғалімі Шершатова Райхан Елмахановна

7 сынып  Сабақтың тақырыбы:  “Көпмүше және оларға  амалдар  қолдану”

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: «Көпмүше және оларға амалдар  қолдану» тақырыбы бойынша  оқушылардың

білім, білік  және дағдыларын тексеру.

ә) Дамытушылық: есеп шығару дағдысын қалыптастыру, ережелерді тиімді қолдана білуді 

меңгерту, есеп шығаруда ойлау, ауызша есептеу, ой қорыту қабілеттерін дамыту.

б) Тәрбиелік: оқушылардың  топтық жұмыс  арқылы  өз ойларын  ашық айтып,  ойланып  

жауап беруге,  жолдастарының  ойын  тыңдап,    сыйластық  қасиеттеріне  тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Пайдаланылған әдіс - тәсілдер:сұрақ - жауап, салыстыру, сөздік, жеке ізденушілік, 

проблемалық

Сабақ өткізу формалары: ұжымдық, жеке, жұптық, бірін - бірі тексеру, өзін - өзі тексеру, 

деңгейлік оқыту.

Қолданылған көрнекіліктер және сабақ технологиясы: кеспе қағаздар, плакаттар, слайдтар, 

деңгейлеп оқытудың әдістері, АКТ.

Пәнаралық байланыс: психология, тарих, информатика, қазақ тілі.

                       І.Ұйымдастыру  кезеңі.

Біздің  сабағымыздың  ұраны

 ---7 --


 ------------------------------------------------- «Республикалық 45minut.kz» газеті – 20 сәуір 2016 ж | № 09 (159)

«Білекке сенген заманда –  ешкімге есе бермедік,

    Білімге сенер заманда, қапы   қалып жүрмейік»  Абылайхан

Қызығушылық ояту сәті.

Бір кісі үйге кірді, ол үйде балауызшамы мен керосин лампысы тұр. Ол нені 



бірінші жағады?Жауабы: шырпыны 

Отбасында 4 ұл бала бар. Олардың әрқайсысының 1 қарындасы бар. Отбасында 



неше бала бар? Жауабы: 5 бала.

Әр оқушының алдында  бағалау  парағы  бар. 

Бағалау  парағын  толтырайық 

Аты –жөнімізді  жазып  сендерге  ұсынылған  суреттердің

ішінен  сабақ  басындағы  көңіл-күйлерінді көрсетіңдер 

Рефлексия «Көңіл-күйіміз қалай?»: 

Оқушыларды смайликтер арқылы  екі топқа бөлеміз.

 Бірдей смайликтерді таңдаған оқушылар  бір топқа түседі

II.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі.

Үйге берілген №90 есепті тексеру

ІІІ.Үй тапсырмасын қорыту.

Графикалық диктант.

Тұжырым дұрыс болса ^  белгісін, 

дұрыс болмаса _ белгісін қою керек. 

7.

Бір бірінен айырмашылығы тек қана коэффициентінде ғана  болатын  



бірмүшелерді ұқсас мүшелер деп атайды 

2.    Сандардың және әріптердің қосындысын бірмүше деп атайды 

Бірнеше бірмүшенің алгебралық қосындысы көпмүше деп аталады



Бірмүшені көпмүшеге көбейткенде бірмүше шығады

Стандартты түрде жазылған әріптердің көбейтіндісі мен қосындысын бірмүшенің 



коэффициенті деп аталады.

Бірмүшені бірмүшеге көбейткенде бірмүше шығады



Графикалық диктанттың жауабы:  ^_^_ _^)

Бір бірінен айырмашылығы тек қана коэффициентінде ғана  



       болатын  бірмүшелерді ұқсас мүшелер деп атайды (ия) 

2.   Сандардың және әріптердің қосындысын бірмүше деп атайды (жоқ) 

3.   Бірнеше бірмүшенің алгебралық қосындысы көпмүше деп аталады (ия) 

4.   Бірмүшені көпмүшеге көбейткенде бірмүше шығады (жоқ) 

5.   Стандартты түрде жазылған әріптердің көбейтіндісі мен қосындысын бірмүшенің 

коэффициенті деп аталады (жоқ) 

6.   Бірмүшені бірмүшеге көбейткенде бірмүше шығады (ия) 

ІV.Жаңа сабаққа дайындық. 

Тақтада ғалым-математиктердің  аттары  жызылған, әр аттың қасында өрнектер жазылған . 

Мен сөйлемді  оқимын, ал сендер өрнекті  ықшамдаңдар, алған  жауап бойынша  қай  ғалым

туралы  айтылғанын  дәлелдейсіңдер.

1)   – 3аb – 12b

2

 = – 3b (а +…);



2)  5с(2с

– b ) = 10с



 - …;


3)   (а – 5)(11 – b) = 11а – аb – 55 +…;                                        

Жасына   қарамастан  математика  саласында  көптеген  жаңалықтары енгізген  ғалым  21 

жасында  дуэльде  қайтты.    Галуа

Бұл  ғалым  музыканың  математикалық теориясын  ашқан және Олимпиадалық 

ойындардың  жеңімпазы   Пифагор

2.

Бұл ғалымның жақсы  көретін сөзі  -



3.

 « дәлелдеу керегі осы  еді» - Евклид 

ІV.Жаңа сабақ

Анықтама. 

 Бірнеше  бір мүшелердің алебралық қосындысын  көпмүше деп атаймыз.

Мысылы:m+1; х²+у²; bc

2

-2p+1; a


2

-2ab+4b


2

1.



Көпмүшелерді қосу алгоритмі:

1) Жақшаны ашамыз (жақша ішіндегі қосылғыштардың таңбасы өзгермейді)

2) Ұқсас мүшелерді біріктіреміз 

(3ab


3

+5ab-2a


2

b)+(4ab


2

-8a


2

b+3ab)= 3ab

3

+5ab-2a


2

b+4ab


2

-8a


2

b+3ab=(3ab

3

+4ab


2

)+( 5ab+3ab)+    ( 

-2a

2

b-8a



2

b)= 7ab


3

+8ab-10a


2

2.



Көпмүшелердіазайтуалгоритмі:

1) Жақшаныашамыз (жақшаішіндегіқосылғыштардыңтаңбасыөзгереді)

 2) Ұқсасмүшелердібіріктіреміз

(3m


3

-2m


2

+4m+7)-(m

3

-m

2



-2m+5)=(3m

3

-2m



2

+4m+7)+(-(m

3

-m

2



-2m+5))=3m

3

-2m



2

+4m+7-


m

3

+m



2

+2m-5=2m


3

-m

2



+6m+2

3.

Көпмүшелердікөбейтуалгоритмі:



1) Біркөпмүшеніңбірмүшесін, екіншікөпмүшеніңәрбірмүшесінежеке- жекекөбейтеміз;

2) Ұқсасмүшелердібіріктіреміз

(-2ab+3a

2

-4b



2

)*(-5ab)= (-2ab)*(-5ab)+3a

2

*(-5ab)+(-4b



2

)*(-5ab)=10a

2

b

2



-15a

3

b+20ab



3

4. Көпмүшенібірмүшегебөлуалгоритмі:

1) Көпмүшеніңәрбірмүшесінбірмүшегебөлеміз;

2) Ұқсасмүшелердібіріктіреміз

(9x

2

y+12xy



2

+15xyz)/(3xy)=(9x

2

y)/(3xy)+(12xy



2

)/(3xy)+(15xyz)/(3xy)=3x+4y+5z

V.Жаңа сабақты бекіту

«Бірлік болмай, тірлік болмас» (топтық тапсырма)

1 топ

А 

В



С 

Амалды  орында

(3х+10у) – (6х+3у)

Көбейтуді  орында:

2

(5 – 3х) 



Өрнекті  ықшамда:

12х(х – у) – 6у(у – х) 

Көпмүшені  стандарт  түрге  

келтір


– х + 5х

+ 3х



+ 4х – х


2

Көбейтуді  орында:

(0,4х –0,3)(8х + 6) 

Теңдеуді шеш:

8х + 5(2 – х) = 13 

2топ


A

B

C



Амалды  орында

(2а – 1) + (3 + 6а) 

Көбейтуді  орында:

2



(а – b) 

Өрнекті  ықшамда:

6а(a – b) – 3b(b – a) 

Көпмүшені  стандарт  түрге  

келтір





+ 3х – 5х

+ х



3

Көбейтуді  орында:

(6х – 0,2)(3х + 0,3) 

Теңдеуді шеш:

4(а –5) + a = 5 

СЕРГІТУ СӘТІ

1.Бегомотты мұздатқышқа салу үшін неше операция жасаймыз?

2. Жирафты мұздатқышқа салу үшін неще операция жасаймыз? 

«Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» 

(оқулықпен жұмыс)

№117


 Деңгейлік тапсырмалар

А деңгей №106, №108

В деңгей №114, №116

С деңгей №121, №124 

VІ. Сабақты қорытындылау

- Өздерің бірмүше мен көпмүшені көбейтуге өрнек құрастырып, жаңа мәліметті 

жобалаңдар.

- Жасалған жоба байынша қандай тұжырымдама жасар едіңдер?

- Бірмүшені көпмүшеге көбейтудің тірек сызбасы арқылы жобасын жаса 

5х2у

2х2у2

+

- 3ху2

+

5хуz

+

- 9 

10х4у3

+

- 15х3у3

+

25х3у2z

+

- 45х2у 

Қандай  қиыншылықтар болды? 



 Не қызықты  болды?

 Сабақты   кім  толық игерді? 



 Кімге  көмек  керек?

.

VІІ.Оқушыларды бағалау

Бағалау  парағына  қайта  оралып  сабақ сонындағы  көңіл күйлерінді       белгілеңдер. 

VІІІ.Үйге тапсырма:

1.

Теoриялық материалды  қайталау.  

2.

1 деңгей №111, 2 деңгей №119, 3 деңгей №124.

* * * * * *



Cабақтың тақырыбы: 

Мәліметтер  қорының негізгі түсініктері 11  сынып

Оңтүстік Қазақстан облысы,

Сайрам ауданы Төле би атындағы

шағын жинақты  жалпы 

орта мектебінің информатика

 пәні мұғалімі: 

Курбанова Зульфия Османовна

Сабақтың мақсаты:   Мәліметтер

қорының құрылымы, жіктелуі

(кестелік, иерархиялық, желілік),

реляциалық деректер қоры туралы

жалпы мағлұмат беру  және

мәліметтер қорындағы ақпараттық – логикалық үлгілерімен жұмыс жасай білуге үйрету



Күтілетін нәтиже:   Мәліметтер қорының құрылымы, жіктелуі (кестелік, иерархиялық, 

желілік), реляциалық деректер қоры туралы жалпы мағлұмат алады  және мәліметтер 

қорындағы ақпараттық – логикалық үлгілерімен жұмыс жасай білуге үйренеді

Уақыты

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ресурстар 

3  минут


Кіріспе.

Ұйымдастыру.

Оқушылармен сәлемдесу 

Оқушыларды түгендеу.

Ынтымақтастық 

атмосферасын қалыптастыру.

Сандар  арқылы З топқа 

топтастыру.

Мұғаліммен сәлемдесу .

«Жүректен жүрекке» 

тренингін өткізеді. Әр 

оқушы  бір-біріне бүгінгі 

күнге қазақ, орыс, 

ағылшын тілінде тілек 

айтады 

Сандар  арқылы топқа 



бөлінеді. 

Сандар


7 минут

Үй  тапсырмасын пысықтау, 

сұрау.

«Серпілген сұрақтар» әдісі 



арқылы үй тапсырмасын 

сұраймын


Топтарға сұрақтарға 

ойлана отырып, толық 

жауап беруге тырысады.

Сұрақтарға жауап іздейді, 

жылдам болған топ жауап 

береді


А4 формат,

маркер


5 минут

10 минут


5  минут

10 минут


Негізгі бөлім.

Сабақтың мақсатын 

түсіндіремін.

Интерактивті тақта  арқылы 

мәліметтер қоры тақырыбын  

презентация  арқылы 

көрсетемін.

  

Әр топқа ДЖИКСО 



стратегиясы арқылы жаңа 

сабақтың материалдарын 

үлестіремін.

Жаңа тақырып бойынша 

оқушылар келесі топқа 

сұрақтар дайындау керек

Топты бағалауға нұсқау беру.

Сабақты бекіту

 Венн диаграммасы  арқылы 

кестелік, иерархиялық МҚ 

айырмашылықтары мен 

ұқсастықтарын табуға нұсқау 

беру.

Оқушылар презентациядан



бүгінгі тақырыпқа тиісті 

материалды көреді. 

Әр топ берілген 

тапсырманы оқушы 

өзіндік жұмыс жасап, 

жұпта ой бөлісіп, топта 

талқылап, ұжымға 

жариялайды.

Бір топ келесі топқа сұрақ 

қояды


Топтық бағалау қол 

саусақтары арқылы.

Алған білімдерін қолдана 

отырып,  ұқсастықтары 

мен айырмашылықтарын 

жазады 


слайд 

Оқулық, 


Флипчарт,

маркер


 А4 формат,

маркер 


 ---8 --

 ------------------------------------------------- «Республикалық 45minut.kz» газеті – 20 сәуір 2016 ж | № 09 (159)

-

м



инут

2 минут


Қорытынды

Алған білімдерін тексеру 

үшін «Мен саған, сен маған»  

әдісі арқылы бір-біріне  

сұрақта қою арқылы 

диалогтік қарым-қатынас 

жасауына нұсқау беремін.

Бірін- бірі бағалауға нұсқау 

беру.

Үйге тапсырма: Мәліметтер 



қорының кесте көрсеткіші

Жиынтық бағаны «Бас 

бармақ»  әдісі арқылы қоямын

«Блоб ағашы»  арқылы 

бүгінгі сабақ бойынша 

рефлексия 

«Мен саған, сен маған»  

әдісі арқылы қойылған 

сұрақтарға жауап беру 

арқылы   бір-бірімен    

диалогтік    қарым-қатынас

жасайды.


Өзара бірін- бірі 

бағалайды.

Үй тапсырмасын 

күнделіктеріне жазып 

алады.

Топ басшылары бағалау 



парағын әкеліп береді.

Өз білімдерінің қай 

деңгейде екендігін 

анықтайды

 

Бағалау 


парағы

Стикер


Ақтөбе  облысы Ырғыз  ауданы Құмтоғай  орта  мектебі.

География  пәнінің  мұғалімі: Жүсіпова  Г.С.

Ашық  сабақ

Тақырыбы:   Химия  өнеркәсібі  кешені. 9 класс.

Мақсаттары:  

Білімділік. 

  Химия   өнеркәсібінің   салалары,   құрылыс

материалдары   және   орман   шаруашылығының   кешендері   туралы

туралы   білімдерін   қалыптастыру.   Химия   кешенінің   құрылымы

күрделілігі,   химия   өндірісінің   географиясы,   құрылыс

материалдары   өнеркәсібімен     басқа   да   өнеркәсіптермен

байланысы  туралы көзқарастарын қалыптастыру. 

Дамытушылық.   Қазақстанның  химия өнеркәсібін карта бойынша сипаттау арқылы және

оны кескін  картаға түсіру арқылы картамен жұмыс істеу икемділіктерін одан әрі дамыту.



Тәрбиелік.  Оқушылардың   ойлау   қабілетін   дамыту, пәнге   қызығушылығын   арттыру, өз

бетімен   жұмыс   жасауға, жолдасына   көмек   беруге үйрету.     Өз   ой – пікірлерін   ортаға

салу  арқылы  білімін  толықтыру.

Сабақ түрі: дәстүрлі   емес   сабақ

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: Блум  таксономиясының  қадамдары, топтық, жекелей.

Құрал-жабдықтарҚазақстанның  физикалық  картасы, атлас.суреттер,қосымша  деректер

Дағдылар

Мұғалім  іс-әрекеті

Оқушының  іс - әрекеті

Әдіс – 

тәсілдер

Білу

Ұйымдастыру

«Ұшқыш     тілектер»    әр

топ     мүшелері     тілек

жазған  ұшақтар  жібереді.

Топқа  бөлу:

Кеспе  қағаздарда  

жазылған  металдар мен 

химиялық   элементтер  

бойынша  бөліну.

«Металдар»  және 

«Химия»

Өткенді  еске  түсіру:

1.Семантикалық  карта:

2.Сәйкестендіру:

1.Қалайы қорытпа                

1.Мельхиор

2.Никельді

 

қорытпа


2.Жез

3.Алюминийлі   қорытпа

3.Қола

4.Мырышты  



  қорытпа

4.Дюралю- 

 

минидің                                 



 

берилимен 

 

қоспасы


3.Үй  тапсырмасын  бекіту:

«Кластер»   әдісі

Күтілетін  нәтиже

Оқушы  жасай  алады:

*оқылып жатқан  проблема

бойынша

 

білімді



өзектендіру;

*проблема   жайлы   өз

білімдерін ұсыну;

*проблеманың   қойылуын

көрнекі

 

сызбамен



көрсету(оқылып   жатқан

ақпарат бойынша)

*тақырыпаралық  

проблемаларға өзара 

байланыс орнату;

*ұсынылған

 

проблема


бойынша     толыққанды

түйіндеме  жасау;

*таным   әрекеті үдерісінде

қарым-қатынас шеберлігі.



Жүзеге

 

 

асыру

қадамдары:

1-қадам: 



«Металдар»

тақырыбына

 

тақтада


кластер

 

 



жасау;

Қара метал

 

Ауыр


 

метал


Картаны толтырады.

Сәйкестендіреді.

  Оқушылар  «Металдар» 

тақырыбына  тақтада  

кластер   жасайды.  

Дәптерлерін  ашып, 

тақырыпты жазады

Оқыту  мен  

оқудағы  

жаңа  


тәсілдер.

Сыни 


тұрғыдан  

ойлауға  

үйрету

Түсті метал



                  

                                  Жеңіл

Бағалы            Сирек

2-қадам:  оқушыларға   осы

бағыттағы  

  тақырып

бойынша

 

жеке



 

өз

дәптерлеріне   не   таныс,



соны жазғыза  беру;

3-қадам: жеке жазуды топта

талқыға   салу,   жалпы

топтың     атынан     жауап

дайындау;

4-қадам:  кластер   бойынша

топтың   жауабын     жалпы

тақтаға  жазу.



Жаңа  тақырыпқы  шығу

«Химия  өнеркәсібі  

кешені»

Слайд     арқылы     негізгі



түсінік беру.

Түсіну

«Өзара

 

 

оқыту»

стратегиясы

Мұғалім  екі  топқа 

тақырыпты  оқуды  

тапсырады.  Мазмұнын  

түсінген  соң  өзара  бір-

біріне  айтып  талқыға  

салады.

Постер  қорғау

Негізгі  ақпарат  бойынша 

постер  салуды  тапсырады.

Химия  өнеркәсібінің  

тарихы

1.Ауыл  шаруашылығында

2.Фармацевтика  өнеркәсібі

3.Тұрмыста

4.Мұнай  химиясы

5.Пластмасса  саласы

6.Тоқыма  өнеркәсібінда

7.Машина  өнеркәсібінде

8.Кен  химиясы

Оқушылар  берілген  мәтінді 

оқып  шығып, топ  ішінде  

талқыға  салады. Өзара  

біріне – бірі  түсіндіреді.

Оқушылар  химия  

өнеркәсібі  туралы  өз  

ойларын  постерге  түсіріп, 

қорғайды.

Оқыту     мен

оқуда

қосымша


ақпараттар

пайдалану

Сыни

тұрғыдан


ойлауға

үйрету


Қолдану

Кескін  картамен  жұмыс

1.Мұнай  өңдеу  зауыттары

орналасқан  қалалар.

2.Химия     өнеркәсібімен

ластанған  қалалар.

Кескін  картаға:

1.Төрт  мұнай өңдеу  зауыты:

(Атырау,Павлодар,Шымкент,

Тараз)


2.Химия  өнеркәсібімен  

ластанған  қалалар

(Шымкент,Тараз,

Ақтау,Теміртау және 

Павлодар)

Оқыту     мен

оқудағы

жаңа


тәсілдер 

 

Жинақтау

Жаңа  сабақты  бекіту:

Химия  өндірісінің  негізгі

орталықтары

Топтастыру



Рефлек-

сия

«Екі  жұлдыз,  бір  тілек»

Мұғалім  оқушыларға  

стикерлер  арқылы 

2 ұсыныс, 1 тілек  жазуын  

сұрайды.

Оқушылар  стикерлер  

көмегімен  ұсыныс, 

тілектерін жазады.

Оқыту     мен

оқудағы


жаңа

тәсілдер 



Бағалау

Мұғалім  топ  басшысына  

берілген  бағалау  шкаласы 

арқылы  қорытынды  

жасауды  ұсынады.

Мұғалім  өз  бағасын  

береді, толық  бағалайды.

Топ  басшысы  топ  

мүшелерін  критерийлерге  

сүйене  отырып  бағалайды.  

Оқыту   үшін

бағалау және

оқуды

бағалау


Үйге

тапсырма

Мұғалім  сабақты 

қорытындылап, үйге  

тапсырма  береді.

§21 (оқу). 9-сызбанұсқаны  

дәптерге  сызу.



 

 

Басқа  өнеркәсіп  салалары 

мен  химия  өнеркәсібін  

салыстырып,  ерекшелігін  

анықтау 

Ақтөбе қаласы №36 қазақ орта мектебінің 

бастауыш класс мұғалімі Жилгельдина Хамида Абиловна

Әдебиеттік оқу

Тақырыбы: Мысалдар. Ахмет Байтұрсынов. Аққу, Шортан һәм Шаян. 

Мақсаты:түсініп оқуға үйрету, тілін, ой өрісін дамыту; 

1.Қазақ   халқының   ұлы   тұлғасы   Ахмет   Байтұрсынұлы   шығармасының   мазмұнымен

таныстыра отырып, мысал жанры туралы түсінік беру; 

2.Оқушының   ауызша   сөйлеуін,   мәнерлеп,   түсініп   оқуын,өз   ойын   жүйелі   айта   білуін,

шығарманы талдай алу, шығармашылықпен жұмыс істей білу қабілетін дамыту;

3. Ахмет Байтұрсынұлының тұлғасын үлгі ете отырып, мысалдың мазмұнын айқындай келе,

ынтымақтастыққа, бірлікке тәрбиелеу. 

Сабақтың түрі : сайыс сабақ.

 Сабақтың типі:  жаңа білім игеру.

Көрнекілігі:  1. А. Байтұрсынұлы мен И.А.Крылов портреті

 2. Мысал бойынша салынған сурет.



Әдісі: топтық жұмыс, түсіндіру әдісі, іздендіру, өздігінен білім алу  әдісі.

Сабақтың барысы: 

 ---9 --


 ------------------------------------------------- «Республикалық 45minut.kz» газеті – 20 сәуір 2016 ж | № 09 (159)

 Ұйымдастыру кезеңі: Оқушы зейінін сабаққа аудару.

                          Сабағымыз басталды, балалар. 

 Бәрін ұғып алыңдар, әр сөзге зер салыңдар. 

 Сабақ мақсатымен таныстыру: 

Балалар,бүгін біз сабақта қазақтың ұлы ақыны А.Байтұрсынұлының шығармашылығымен 

танысамыз, әдебиеттің мысал жанры жөнінде сөз қозғап, мысал өлеңнің ерекшелігін 

айқындаймыз.

 Жаңа материалды түсіндіру:

Бүгінгі сабағымыз сайыс түрінде өтеді. 

Балалар топқа бөлінеді. 

        Топқа   бөлу  шарты:   Төрт   бұрыш   қағазға   салынған   Аққудың,   Шортанның,   Шаянның

суреттері таратылады. Сол сурет бойынша аққулар бір топқа, шортандар бір топқа, шаяндар

бір топқа бірігеді.

       Алдын ала әр топқа әр түлі үй тапсырмалары берілген, олар өз сұрақтары төңірегінде

жан-жақты ізденіс жүргізіп, оны тірек-үлгілер арқылы, яғни сызбалар салып, соған жазып

түсіндіру қажет.

          І топ:     А. Байтұрсынұлының өмірі.

          ІІ топ:   А. Байтұрсынұлының мысалдары.

          ІІІ топ: А. Байтұрсынұлының өлеңдері.



               Қысқаша деректер.  Ахмет Байтұрсынұлы – қазақтың ұлы ағартушы,  ірі ғалым-

лингвист,   ақын,   аудармашы,   оқулық   авторы.   Туған   жері   –   қазіргі   Қостанай

облысының.Жангелдин  ауданындағы  Ақкөл   ауылы.  А.  Байтұрсынұлы  алғашқы  «Әліпби»

оқулығын жазған. Оның «Қырық мысал», «Маса» деген шығармалар жинағы шыққан. Бар

өмірін адал қызмет етуге арнаған оған «халық жауы» деген жала жауып, жазықсыз құрбан

болды.


                А.   Байтұрсынұлы   Крыловтың   мысалдарын   аударған.   Сол   аударған   мысалдарын

«Қырық мысал» деген кітап етіп шығарады. Соның бірі – бүгінгі «Аққу, Шортан һәм Шаян»

мысалы.

             Абай Құнанбаев, Ахмет Байтұрсынұлы – мысал жанрын қазақ әдебиетіне енгізуші



аудармашы-ақындар.   Ал   сендердің   3-кластағы   оқыған   «Бидай   мен   Қаңбақ»  мысалының

авторы Асқар Тоқмағамбетов – жаңашыл мысалшы. Осы ақын-жазушылардың арқасында

мысал жанры – қазақ әдебиетіне еніп, дамып келе жатқан жанр.

      ( Мұғалімнің мысалды мәнерлеп оқуы, балалардың түсінігін тексеру, нақтылау)

Балалар, олар қайда өмір сүреді?



Олар не істемек болды?

Олардың жүктері неге қозғалмады?



Ақын бұл кейіпкерлер арқылы қандай адамдарды бейнелеп отыр?

Мысалда автордың айтайын деген негізгі ойы болады дедік. Негізгі ой дегеніміз – ақынның

айтар өсиеті.



1 – тапсырма. Автордың түйінді, яғни негізгі ойын табу.

       А. Байтұрсынұлының түйінді ойы қай жерде жазылған?



      Мысал бізді неге шақырады?

Мысалдың тәрбиелік мәні – балаларды бірлікке, ынтымаққа шақыру.

Қорытынды:  Мысалда   негізгі   ой   шығарманың   басында   немесе   аяғында   беріледі.

Мысалдың   міндетті   түрде   тәрбиелік   мәні   болады.   Ол   түйінді   ой   арқылы   ашылып,

айқындалады. 

2 – тапсырмаНегізгі ойға қатысты ынтымақ, бірлік туралы білетін мақал жазу. Мысалы: 

8.

Бірлік болмай, тірлік болмас.



Әрбір топ жазған мақалының мағынасын түсіндіреді.

3   –   тапсырма.Мысалды   сахналық   қойылым   етіп   дайындау.   Бұл   тапсырма   бойынша

балалармысалды алдын ала диалогке айналдырып алады. Автор сөзі болады. Мысалы, автор

«Бір күні Аққу, Шаян, Шортан үшеуі кездесіп қалады. Олар үстіне жүк тиелген үлкен арба

тауып алып, қатты қуанады.

Аққу айтады: – Достар, келіңдер, мына арбаны әуеге тартып шығарайық, - дейді.

Шортан айтады:

– Мұны көлге апарайық, - дейді.

Шаян айтады:

– Жоқ, одан да мұны құмға апарайық.

Автор:


– Сөйтіп үшеуі үш жаққа тартып, арбаны орнынан қозғалта алмайды.»

Осылайша   балалардың  әрқайсысы  өз   сөзін  айтып,   мысалды  әр түрлі   етіп  импровизация

жасауға болады.

Сергіту жаттығуы Ал, балалар, тұрайық,

                                    Қане, қанат жазайық.

                                    Аққу болып ұшайық,

                                    Көлде жүзген балықтай,

                                    Жүзіп, жүзіп алайық.

                                    Қане, айналып, қарайық.



Қорытынды. Мақал-мәтелдер:

1. Алтау ала болса, ауыздағы кетер,                

   Төртеу түгел болса, төбедегі келер.

2. Бірлік болмай, тірлік болмас.

3. Жұмыла көтерген жүк жеңіл.

Үйге  тапсырма  беру: Мысалды  мәнерлеп  оқу,  мазмұнын  әңгімелеу.

Бағалау.

* * * * * *



Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Интернаттық үлгідегі 

санаториялық мектепке дейінгі ұйымы

«Ақбота» балабақшасының тәрбиешісі Жакина Гулнур Нурабаевна

                          



Сабақтың тақырыбы:

Тұмаудан сақтанайық!

Сабақтың   мақсаты:Балаларға

көкөніс, жеміс-жидектердің адам

денсаулығына   пайдасы   жайлы

түсіндіру.Олардың

 

құрамы


дәрумендерге бай екендігін,тұмау

мен   суық   тию   ауруына

шалдықпауға   күресудің   жолы

екенін   көрсету.   Ойлау   қабілетін

дамыту.

Ұйымдастұрушылық кезеңі:

Тәрбиеші: «Білер қазақ баласы, Сәлем сөздің анасы»-  дегендей сәлемдесіп алайық

Тәрбиеші: «Қайырлы таң балалар»

Қайырлы таң құрметті қонақтар

Балабақшаға барамыз,

Досымызды табамыз

Сәлеметпе міне мен

 Доспыз енді сенімен.



Тәрбиеші:Балаларға жыл мезгілі туралы сұрақ қойылады.

Тәрбиеші: Балалар жылдың қай мезгілі?

Балалар: Қыс

Тәрбиеші:Қыс айларын атандаршы

Балалар:Желтоқсан,қаңтар,ақпан.

Тәрбиеші:Қыста ауа райында қандай өзгерістер болады?

Балалар: Суық болады, қар жауады ,боран соғады.

Тәрбиеші:Суықта тонып,ауырып қалмауымыз үшін не істеуіміз керек?

Балалар:Қалың киініп дәрумендер жеуміз керек.

Тәрбиеші:Ал дәрумендерді қайдан аламыз?

Балалар:Көкөністер мен жеміс – жидектерден

Тәрбиеші:Жемістер қайда өседі?

Балалар:Жемістер ағаштарда өседі

  Тәрбиеші: көкөністер қайда өседі?

     Тәрбиеші:  Балалар   бүгін   біздің   оқу іс-әрекетімізде,көкөніс пен жеміс – жидектердің

адам денсаулығына пайдасы жайлы білетін боламыз.

Балалар мына суреттегі жемістер мен көкөністерді атандаршы?

Бұл  жемістер мен көкөністер біздің  денсаулығымызға  пайдалы  әсіресе  өсіп  келе  жатқан

сендерге керек.Өткені бұларда дәрумендер өте көп.Дәрумендердің А,В,С,Д,Е деген түрлері

болады.Оларды  біздер күнделікті ішіп жүрген тағамдардан көреміз.



Мысалы: «А»-дәруменімен қызыл бұрыш,сарымсақ , қызанақтар бай.

                   «В»-қияр , қырыққабат,сәбізде кездеседі.

                   «С»-Қарақатта,лимонда,мандаринде,кездеседі

                    «Д»-Алма,алмұрт,жүзімде өте бай.

Осы дәрумендерді көп жесендер суыққа төзімді боласындар, сүйектерін қатаяды,бұлшық

еттерін   күш   береді.Енді   балалар   медбике   апайларын   тұмау   туралы   мағұлмат   берсін

«Баяндама» 



Шағын көрініс: «Тұмау келеді»

Тұмау :Сәлеметсіздерме мен әлсіз де,кішкентай балаларым.

Мен тұмау деген патшаларын боламын. Сендер мені тостындарма ?Мен жеміс – жидектерді

жумай жейтін балаларды жақсы көремін, солардың қасында жүргенді ұнатамын.

Балалар:Біз сені күткен жоқпыз, әрі шақырғанда жоқпыз.Біздер жемістерді жақсылап жуып

жейміз.


Барлық балаларда ия-ия дейді.

Тұмау:Сендер менімен қалай күресу екенін біледі екенсіндер.Мен сендермен дос болғым

келмейді.Дос болмасандар сиқырлап тастаймын.



Балалар:  Біз   сиқырына   сиқырланбаймыз,сенімен   күресудің   жолын   білеміз,бетперде

киеміз,дәрумендерді көп жейміз.Денсаулығымыз күшті.



Мед:Тұмау   жаман   ауру.Егер   тұмаумен   ауырып   қалсақ,қаліміз   қандай   болады.Басымыз

ауырып,   ыстығымыз   көтеріледі,достарымызбен   серуенге   шықпай   қаламыз.Мамамыз

жұмыстан   қалып,   біздерді

дәрігерге

апарады,балабақшаға   бара

алмай қаламыз.



Тәрбиеші:Міне

 

балалар



көрдіндерме

 

тұмаудың



жүрген   жері   жақсы   емес.

Біздер   ауырып   қалмауымыз

үшін не істеуіміз керек?

Балалар:

 Көкөністерден

жасалған тағамдарды жеуіміз

керек,жеміс-жидектерді   жеп,

одан   жасалған   шырындарды

ішуіміз   керек,   спортпен

айналысып

 

тазалық


сақтауымыз керек.

* * * * * * *



«АЛТА АЛАШТЫҢ БАЛАСЫ БАС ҚОССА, ТӨР – МҰҒАЛІМДІКІ»

Алаштың ақиық ақыны Мағжан ұстазға осылай баға беріпті.

Білім мен тәрбие құсқа қос қанат қалай керек болса адамға да солай керек.

Оны беретін кім? Әрине, ұстаз. Мұғалім.

  1985   жылы   туған   жерім,   ыстық

мекенім   –   күндіз   ойымнан,   түнде

түсімнен   шықпайтын   ауылым,

бұрынғы   Целиноград   облысы,   Теңіз

ауданы,   қазіргі   Қарағанды   облысы,

Нұра ауданы Сарыөзен кеңшарындағы

онжылдық   орта   мектептің   сегізінші

класын бітірген соң, соғыс және еңбек

ардагері,   қарт   әкем   маған   «енді

оқуыңды

 

қалаға



 

барып


жалғастырасың»

 

деді.



 

Менің


болашағымнан   бірдеңе   күтті   ме,   ол

жағын   білмедім,   көп   сөзге   жоқ   еді.

Бірақ   менің   алдымдағы   балалар   да

сегізінші   класқа   дейін   ауылда,

қалғанын қалада оқыған болатын. Сол дәстүрді бұзбайын деген шығар... 

 Қалада әжеміз бар... 

  Осылайша мен Ақмоладағы, ол кезде Целиноград қаласы деп аталады, Жамбыл Жабаев

атындағы №4 қазақ орта мектебінің табалдырығын аттадым. Алғашқыда ауылдан келген

қара домалақ балаға бәрі қызық көрінді, ауылдағыдай шағын мектеп емес, кең, жарық, екі

қабатты зәулім ғимарат. Жаңа орта, басқа ұстаздар...

 Ауылдағыдай тыныш өмір емес, қаланың ию-қию тірлігі, адамдардың көптігі, машиналар,

базар, бәрі де таңсық, мәз болып мен жүрмін. 

 Бір күні класс жетекшім шақырды. Бардым. 

 - Сен Тілеубек Ысқақов деген кісіні танисың ба? - деп сұрады. 

 - Әрине, - дедім. 

 Ол кісі менің ауылдағы ұстазым. Бізге әдебиеттен сабақ берген деп айтып жатырмын. 

 - Онда былай, сол ұстазың бізге хабарласып, менің шәкіртімді қайтарыңдар деп айғайлап

жатыр. Даусы да зор екен. Сені қайтармасақ, өзі келіп алып кетемін деді. Қалай қарайсың? -

деді.

 Апырым-ай, ә, ол кісінің менде несі бар екен деп таң қалдым. Жақсылық жасағысы келсе



адам деген басқаша жасамай ма екен? 

  Сөйтіп, менің өмірімде бірінші рет қорқыныш пайда болды. Иә, расында да келіп алып

кетсе не істемекпін? Мына әдемі мектеп, жаңа орта, қызық қала, жаңа достарым, сосын...

сосын әнебір әдемі қыз... бәрі қалатын болды-ау... 

 Келмесе екен, ауырып қалса екен, тіпті балалықпен иә, иә балалықпен... өліп қалса екен деп

те тілейтін болдым... 

 Содан бері мен отыз жыл өтіпті, ағамыз әлі тірі жүр.  Жетпіске келді! 

 ---10 --



 ------------------------------------------------- «Республикалық 45minut.kz» газеті – 20 сәуір 2016 ж | № 09 (159)

  Сөйтсем, бір қарағанда түсі сұсты болып көрінетін, бір жағынан өзім қорқып, аяғымды

алдында еппен басып жүретін ұстазымның мен туралы басқа бір ойы бар екен. Мен оны

қайдан білейін? Сол кездің өзінде-ақ ол кісі мен туралы «әдебиет жағынан бірдеңе шықса,

осы баладан шығады-ау» деп ойлап жүреді екен. Бірақ енді ол ойын маған айтпаған. Бірақ

маңайындағыларға айтып жүріпті. Оған себеп болған мынадай оқиға болатын. 

 Бірде әдебиет сабағы өтіп жатқан. Түс болып қалған кез. Интернаттың балалары қарындары

ашып, терезеге телміріп, қоңырауды асыға күтіп отырғандарын ішім сезеді. Бірақ мен өзім

жақсы көретін сабақ болғаннан кейін асығып отырғаным жоқ. Бір көзім ағайда, бір көзім

кітапта. Ағай сабақ түсіндіріп жатыр. Класта шыбынның ызыңы естілетін тыныштық. Басқа

уақытта у-шу болып класты басына көтеріп отыратын біз осы ағамыздың сабағында тым-

тырыс бола қалатынбыз. Өйткені қорқамыз. Ағамыз - қатал. Түсі де сұсты. Бірақ алдыңғы

партада отырып алған менің ойым дәл қазір басқада. Өйткені кеше интернатта бастаған бір

кітапты тауыса алмай сабаққа ала келіп, соны оқып отырмын. Бұл кітап Сәкен Сейфуллин

туралы   жазылған   бір   ғалымның   монографиясы   болатын.   Бұл   кезде   мен   бар   болғаны   6

кластың баласымын. 

 Оқудың қызығына түсіп кетіппін. Ақырын жаныма келген ағайды байқамай қалыппын. 

  Ағай  ақырын  менің  жаныма   келді  де,  оқып отырғаның  не  деп  сұрады.  Сасып  қалдым.

Біткен жерім осы шығар деп ойладым. Ағамыздың кейде қолына ұстаған таяқшамен бастан

нұқып та қалатын кездері болады. Кітапты қолына ұстап әрі бері аударып, парақтап көрді де

маған қайтарып берді. Сосын маған ерекше бір көзбен қарады. Жүзінің жылып кеткенін, бір

ерекше нәрсенің жылт еткенін байқап қалдым. 

 Үндеген жоқ. 

 Кейіннен осы оқиға туралы ұстазым жүрген жерінде айта жүріпті. «Бар болғаны 6 кластың

баласы. Оқып жүргені - монография. Монографияға 6 кластың баласы түгілі университеттің

студенттерінің   де   тісі   батпайды.   Әй,   бірдеңе   шықса,   осы   баладан   шығады»   дейді   екен

сүйсініп. 

 Бір күні шақырып алып, қолыма «Абай жолын» ұстатқаны бар. Ап-ауыр екі кітап. Зілдей.

Алғашқыда оқуын оқысам да түсіне қоймадым. Тілі де ауыр секілді. Енді алтыншы кластың

баласының қауқары белгілі емес пе? Бірақ сонда да ақырына дейін оқып шыққаным есімде.

Кейіннен   «осы   кітапты   оқып   шықшы»  деп   тағы   да   басқа   кітаптарды   әкеп   беріп   жүрді.

Ақыры ақырын-ақырын ауылдағы шағын кітапхананың барлық кітаптарын оқып шықтым.

Енді мен оқитын кітап қалмады.

 Кейіннен бүкіл Теңіз ауданында бірінші болып Алматыдағы қазақ білімінің қара шаңырағы

Қазақ   мемлекеттік   университетіне   түсіп   кетіп,   айды   аспанға   бір-ақ   шығарғаным   бар.

Өйткені «қатардағы көп қойшының баласы, тамыр-танысы жоқ, ол бала қалай ғана КазГУ-

ге түсіп кетті екен?» деп таң қалғандар көп болыпты. Менің бұл табысқа жетуіме аяулы

ұстазым, кейін білдім, өзіме туыс ағам Тілеубек Сабырұлының сіңірген еңбегі зор еді... 

 Адам түгілі бір түйір дән де түскен жері құнарлы болса ғана өсіп, өнеді. Өнім береді. Ал

адамның өмірінде туған жері, туып-өскен отбасы ерекше із қалдырады. Тілеубек аға өзінің

нағашы апасы Шәрбан Алтыбайқызының есімін үнемі ілтипатпен еске алып жүреді. Апасы

халық   ауыз   әдебиетіне   жақын  жан  болса   керек.   Алғашқы   ертегілерді,   қисса,   жырларды,

аңыздарды сол кісінің аузынан естиді. Ал әкесі Сабыр ақсақал болса кітапты көп оқыған

көзі ашық, көкірегі ояу азамат болыпты. 

 Міне, осындай ортадан шыққан Тілекеңнің әдебиет әлеміне қарай аяқ басуы заңды да еді.

Ақмола облысы Қорғалжын ауданына қарасты Қараегін жетіжылдық мектебін бітірген соң

бала арманы оны Ақмоладағы педагогикалық училищеге алып келеді. Арман – ұстаз болу.

Осы жерде Оспан Омаров, Рақым Қазыбаев, Назым Ахметжанқызы, Жұмағали Қыздарбеков

сынды азаматтардың мейірімін көп көріп, ұлағатын молынан сезінеді. 

 Рас, шыны керек, талай ұстаздардың алдын біз де көрдік. Университте мүйізі қарағайдай,

білімі телегей теңіз, атағы алты алашқа мәлім ұстаздар сабақ берді. Олардың алдын көру,

дәрісін   тыңдау   дегеніңіздің   өзі   үлкен   бақыт   еді.   Қазақ   әдебиеті   деген   мұхиттай   терең,

Алатаудай асқақ. Шегі, шеті жоқ. Бірақ жамандағаным емес, заман ағымымен, бала-шаға

қамымен жүргендерді де көрдік. Енді бес саусақ бірдей емес қой. Ішінде осыдан жиырма

жыл бұрын жазған, әбден сарғайып кеткен қағаздарын сөмкесінен алып шығып, судыратып

оқып беретіндері де болды. Қазір тіпті қиын заман туды. Екінің бірі оқитын болды. Біліммен

емес, ақшамен. Ақшасын төлеп қойсаң болды, сабаққа да барудың қажеті жоқ жеке меншік

оқу орындары көбейді. Екінің бірінің дипломы бар. Бір емес, екі-үш дипломы бар, базарда

тәшкі сүйреп жүргендерді де көрдік. Білімнің қадірі азайып, дүкені барлар сөйлейтін болды.

 Ал ол кезде басқа еді. «Алты Алаштың баласы бас қосса, төр – мұғалімдікі» еді. 

  Адамзат   жаралғалы   бері   болған   қан-қырғын   соғыстардың   бәрі   тонаушылық   мақсат

көздеген. Адамның санасының төмендігінен, тәрбиесінің жоқтығынан, көршінің қолындағы

малы мен барына  деген  ашкөздік  адамзатты бүлдіріп  келді.  Тонап  алсам,  оңай  байысам

деген арам ой адамның қанын суша ағызды. Білім мен тәрбие құстың қос қанатындай егіз.

Біреуі болмаса құс ұша алмайды. Тіпті, атақты ғұлама ұстаз Әбунасыр Әл-Фараби бірінші

орынға тәрбиені қойған екен. «Тәрбиесіз алған білім - білім емес» деп санаған. Ал ол екеуін

де беретін кім? Әрине, ұстаз. Мұғалім.

  Ағамыздың   алған   марапаттары,   көрген   сый-сияпаттары   бір   басына   жетерлік.   Өзі   айта

бермейді. Оны 50, 60 жасқа толғанда журналистердің жазған мақалаларынан оқып, білдім

де.  Журналистер  кейде  өзі  жазатын  адам   туралы  толық  біле  де   бермеуі   мүмкін.   Бастық

тапсырды, газет бетін толтыру керек, мақала жазу керек. Сондықтан бейтаныс кейіпкерінің

өмір   жолына,   алған   марапаттары   мен   алғыс   хаттарына   көбірек   тоқталып,   жаттанды

сөздермен мақаласын тәмәмдап жатады. Ал өзің кішкентай кезден білетін, өзіңе қатысы бар,

біраз өмірі көз алдыңда өткен адам туралы жазу, ол енді басқа бір нәрсе! Сондықтан маған

дейін   жазылған   біраз   дүниелерді   қайталай   бермей,   ағамыздың   адамгершілік   мұраттары,

ұстаздық ұлағаттары, қоғамдық ой-көзқарастары туралы көбірек айтуға тырысайын. 

 Менің бір байқағаным, Тілекең тек әдебиетші ғана емес, тарихшы да, саясатқа да араласып

қоятыны бар. Көзі көрген, өзі білген ақын-жазушылар туралы да сағаттап әңгіме айтып бере

алады.  Туған  халқының тарихына  да  бей-жай  қарай алмайды.  Тіл  мәселесінде  де  өзінің

орнықты пікірін айтып жүрген жан. Осыдан елу жыл бұрын өзі білім алған Ақмоладағы

педагогикалық училище туралы, оның ұстаздары мен сол кездегі қала өміріндегі қоғамдық-

саяси   өмір   туралы   да   естелік   айтып,   қалам   тербегені   бар.   Кейіннен   70   жылдардағы

Қарағандының әдеби-мәдени өмірін де бір шолып шықты. 

 Менің аяулы ұстазым ел мен жер тағдыры, қоғам, ұрпақ тәлім-тәрбиесі туралы керек жерде

өз   пікірін айтудан  еш  тартынған  емес.   Қанында   бар  нәрсе.   Әсіресе,   әкімқаралардың  екі

аяғын   бір  етікке   тыққандай   қылады.   Сондағысы   елдің   жайын   ойлағандығы.   Шындықты

шырылдатып тұрып айтқанды кім жақтыра қойсын. Қарапайым қазақ оны түсіне бермейді.

Осы-ақ қоймайды екен деп те ойлауы мүмкін. Бірақ ағам оған бола ешқашан аяғын тартқан

емес.   Ағамызды   қарынның   қамы   емес,   елдің   жайы   көбірек   толғандырады.   Елге   белгілі

тұлғалар, халыққа еңбек сіңірген азаматтар туралы ізденіп, айтып, жазып жүреді. Онысы

газет-журнал беттеріне де шығып тұрады.

 Бірде газет ақтарып отырып, бір мақалаға көзім түсті. Былайғы жұрт көбінесе газеттің не

жазғанына  қарап,  кім  жазғанына  назар  аудара   бермейді.  Ал  журналист  қауымы  міндетті

түрде бұл мақаланы кім жазғандығына  көз жүгіртіп өтеді. Сөйтіп, бара-бара кең байтақ

еліміздің  қай жерінде  кім   бар,  ол   не  жазып  жүр,  қабілет-қарымы  қалай,  деңгейі  қандай

екендігін біліп, санасына сақтай береді. 

 Мақала «Қырандай желге қарсы қаңтарда ұшқан» деп аталады екен. Елең еттім. Тақырып

керемет. Бір елге белгілі ғалым адам жазған болар деп мақаланың аяқ жағына көз жүгіртсем

«Тілеубек Ысқақов» деп тұр. Менің аяулы ұстазым. Ағам. Қалай оқымайсың. Бір демде

оқып шықтым. Оқып шықтым да үлкен ойға қалдым... 

  «Бірде қолыма «Хайретдин Болғанбаев. Шығармалары. Тағылымы» (Астана. 2005 жыл)

деген   кітап   түсті.   Құрастырып,   түсініктерін   жазған   –   Қазақстан   Республикасы   Ғылым

академиясының   корреспондент-мүшесі,   Л.Н.Гумилев   атындағы   Еуразия   ұлттық

университетінің проректоры Дихан Қамзебекұлы екен. Ғалым-ініміз: «Осы жұрт Хайретдин

Болғанбаевты   біле   ме   екен?»  деп   сұрақты   төтесінен   қойыпты.   Шынымды   айтайын   мен

білмейді екем. Кітапты бір-ақ демде оқып шықтым. Оқып шықтым да қайыра оқи бастадым.

Алаш   арыстарының   рухымен   сырласа   бастадым.   Құдайым-ау!   «Тұла   бойы   қан   сасиды»

деген мақаласынан кейін қалайша тірі қалған? Қандай батылдық! Рухани өрлік пен ерлік!

Кезінде басмашыларды адам бейнесіндегі жыртқыштан бір кем көрдік пе? Олар ұлт-азаттық

қозғалысының   ерлері   екенін   білдірмеді   біздерге,   білдірмеді.   Жыртқыштар,   екі   аяқты

хайуандар   аналар   екен   ғой.   Міне,   Кеңестік   империяның   үгіт-насихатының   пәрмендігі»,-

дейді ағамыз. 

  «Ұлт зиялысы кім деген сұраққа Хайретдин Болғанбаевтар дер едім. Шығармаларын оқи

отырып, осыған көзім жетті. Әттең, артында іздеушілері болмаған, әйтпесе Мағжан өлең

арнаған, қазақ мемлекеттігінің қалыптасуы мен шаңырақ көтеруінің басында болған, сол

үшін   тер   төгіп   күрескен,   аяулы   арысымыздың   суреті   төрден   орын   алуы   керек   еді.

Қорғалжындықтар оны ұмытып кеткен секілді»,- деп қынжылады ағамыз. 

 Бұл кісі туралы бұрын –соңды оқымағаныма өкініп те отырмын,- дейді. 

  Әрине, ағамыз ол кісі туралы бұрын жазылған болса оқитын еді. Қызыл империя оған

мұрсат берді ме? Алаш ардақтылары туралы жазу түгілі атын атауға тыйым салып келген

жоқ па? Тек Тәуелсіздік таңы атып, халқымыз бостандыққа қол жеткізгеннен кейін ғана

арғы-бергі   тарихын   түгендей   бастады.   Сол   кезде   ғана   арыстарымыздың   қандай   жандар

болғанын, біліп, түсіндік. 

  Ағамыз бұрын-соңды өзі сабақ берген шәкірттерін де ешқашан ұмытпайды. Олар туралы

сұрап,   біліп,   тіпті   кейбіреулері   туралы   мақала   да   жазып   жүреді.   Тағдырына   алаңдайды,

тағдыр   тәлкегіне   ұшыраса   өкініш   білдіреді,   титтей   болса   да   табысқа   жетсе   қуанышын

жасыра алмайды.

  Мысалы, жуырда Ақмола облыстық «Арқа ажары» газетінен «Ғани мінер ақбоз ат» атты

мақаланы   көзім   шалып   қалды.   Оған   «Жүректегі   бейне»  деп   айдар   тағылуының   өзі   көп

нәрседен хабар берсе керек. 

  «Ғани марқұм есіме түскен сайын, неге екенін қайдам, Оралхан Бөкейдің «Тортай мінер

ақбоз ат» деген әңгімесі ойға оралады. Әңгімеде талабы зор, дарынды Тортай үлкен қалаға

барып, оқу оқи алмай, ауылда қалып қояды. Жазушыда осыған қынжылыс бар», - дейді

зейнеткер ұстаз,  Қазақстан Республикасының халыққа білім беру ісінің озық  қызметкері

Тілеубек Ысқақов. 

 «Менің шәкіртім Ғани да ауылда қалып қойды. Алысқа шыға алмады. Жасынан денсалығы

көтермеді.   Әйтпесе   әжептеуір   сазгерлік   қабілеті   бар   еді.   Кезінде   көмек   қолын   соза

алмағаныма өкінемін. Әттең, Ғани ақбоз атын қаңтара алмады»,- деп өкініш білдіреді. 

 Міне, менің ұстазым, ағам осындай адам!

 Әттең, менің ұстазым да ауылда жүріп қалды, ғылым қуып, ірі шаһарларға барғанда ғалым

немесе әдебиет әлеміндегі ірі тұлғалардың бірі, тіпті қоғамдық-саяси тұлға болатыны да

сөзсіз еді...

 Қазақ әрқашан да ер балаға көбірек көңіл бөліп, қыз соның тасасында қалып қоя береді ғой.

Бірақ ер-азаматтың ертеңгі  бағы да, соры да сол қыз бала болатындығы жасырын емес.

Ырысты   Жағыпарқызы   ағамыздың   құдай   қосқан   қосағы,   жары   құдды   бір   Тілекең   үшін

жаралғандай. Бір көргенде момындау, сабырлы, салмақты көрінетін Ырысты апа керек болса

тау да қопарады. Бар өмірін еріне арнап, барлық ыстық-суығына төзді. Ал біздің ағамызда,

құдайға шүкір, мінез деген баршылық. 

  Талай шолақ белсенділерді өз орнына қойғаны бар. Тіпті, иә, тіпті халық мүддесі үшін

республикаға белгілі ер-азаматтарды да сынап жіберуден тайынбайды. 

 Желтоқсан, Жаңаөзендегі оқиғаға байланысты деректерді жинап жүреді, өз пікірін білдірді

де, болашақта әділдіктің орнайтынына сенеді. 

  Ағамыз   зейнет   жасына   шықса   да   қол   қусырып   үйде   отыра   алмады.   Астанадағы   №68

мектептің   директоры,   алашшыл   азамат   Шәріпхан   Қажытайұлының   шақыруымен   білім

ордасына қайта оралды. 2013 жылы ашылған «Алаш жолы» танымдық алаңы арқылы ел мен

жерге қатысты талай шаруалардың басын қайырды. «Ақжол» партиясы мұрындық болған

қоғамдық-саяси   шараларға   да   қатысты.   Соның   арқасында   «Қазақ   хандығының   550

жылдығы» медалімен марапатталды.

  Ал   жеңгеміз   болса   бала   тәрбиелеп   жүріп,   жұмысын   да   ұмытқан   емес.   Жан   жары

«қартайғанда» білім қуып, Қарағанды асқанда да үш баланы жетектеп, соңына ерді. Бұнысы

енді   маған   кейде   кешегі   Алаш   арыстарының   жер   аударылғанда   жан   жарларының

соңдарынан еріп, итжеккенге бірге барғандарын еске салады. Сосын тағы да екеуін тауып

берді.   Бірде   бар,   бірде   жоқ   студенттің   ашқұрсақ   өміріне   қарамай   ағамыздың   ұрпағын

көбейтуге бар күшін салған жеңгеміздің бұл тірлігі енді ерлік! Сол балалар да бүгіндері ер

жетіп, ата-анасына немере сүйдіріп отыр. Тәубә! Бұған жетпегендер де қаншама!

 Жетпіс деген аз жас емес әрине. «Біз ана жақтың есігін қағып тұрған адамдармыз» деп өзі

айтқандай, бірақ көп те емес дер едім. Алла тағала о баста өз пендесіне 120 жас берген екен.

Адал, таза, иманды адамдар осынша жыл өмір сүруі керек болыпты. Бірақ адам деген пенде

емес  пе....   қу тірлікте  күйеді,   сүйеді,  бірдеңені  бүлдіреді,  адалдықпен  қатар  арамдық   та

жүреді. Бақай есеп тағы бар. Қазір біреуді  мақтасақ та есеппен мақтайтын болды жұрт.

Содан құдайдың кесіп-пішіп берген жасын адам өз қолымен азайтып келеді. Бірақ менің

ақкөңіл, адал ұстазым, ел десе елең ете қалар абзал азамат, ұстаз, тұлға Тілеубек Ысқақов

ағам ұзақ өмір сүріп, 100 жасауға лайық адам екеніне көзім анық жетеді....

Тұрсынбек Әлиұлы. Астана 

* * * * * *



ІЗДЕНІС- ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС НЕГІЗІ

Шымкент қаласы №103 Жалпы орта мектебінің бастауыш сынып 

мұғалімі Турсунжанова Ляззат Назиржановна

«Сабақ   беру-   жай   ғана   шеберлік   емес,   ол   жаңадан   жаңаны   табатын   өнер»,-   деп

Ж.Аймауытов   айтқандай,   оқыту   жүйесі   әр   түрлі   әдіс-тәсілдермен   толығып,   білім   берудің

жүйелері жаңаша түрде көрініс табуда. Қазіргі таңда ұстаздар қауымы алдында білім жүйесін

жаңа заман талабына сай жаңа үлгіде жүргізу міндеті тұр.

Осындай талаптарды қойып, оны бақылап,бағыт-бағдар беруші білім бөлімі әдіскерлерінің

еңбектері  орасан зор. Осы орайда Шымкент қалалық  білім  бөлімінің бастауыш  сыныптар

бойынша ҒӘО-тың әдіскері Халиева Бағила Ермекқызы жайында айтып өтейін.

Бағила   Ермекқызы   білім   беру   саласындағы   педагогикалық   профессионализм   мен   озық

педагогикалық тәжірибесімен бөлісіп, шығармашыл тұлғаны қолдау мен ынталандыру үшін,

шеберліктерін   арттыруда   күн   сайынғы   өзгеріп   отырған   әлемдік   ақпаратқа   ілесіп,   бүгінгі

күннің   мұғалімінен   көп   ізденісті,   зор   талапты,   өз   білімін   жетілдіріп   отыруды   талап   етіп

отырады.

Бағила   Ермекқызы   1974   жылы   табиғатының   әсемдігімен   көз   тартатын   Төлеби   ауданы

Қасқасу елді мекенінде жайма шуақ көктем мезгілінде дүниеге келді. Орта мектепті ойдағыдай

аяқтап,жоғары   оқу   орнына   түседі.   1997   жылы   Шымкент   қаласындағы   Қазақ   Түрік

Университетін,   2010   жылы   Оңтүстік   Қазақстан   Мемлекеттік   университетін   «бастауышты

оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша бітірді.

Еңбек жолын қарапайым ұстаздықтан бастап, Сайрам ауданының білім бөлімінің бастауыш

сыныптар бойынша  ҒӘО-тың әдіскері болып қызмет жасады. 2013 жылдың 3- ақпанынан

бастап Шымкент қалалық білім бөлімінің бастауыш сыныптар бойынша ҒӘО-тың әдіскері

қызметімен жалғастырып келеді.

 ---11 --


 ------------------------------------------------- «Республикалық 45minut.kz» газеті – 20 сәуір 2016 ж | № 09 (159)

Жас   ұрпаққа   сапалы   білім,   саналы   тәрбие   беру

жолында   әлі   күнге   дейін   өз   білімін   жан-жақты

жетілдіру үстінде.  Жыл  сайын бастауыш  сыныптар

бойынша аудандық, қалалық, облыстық семинарлар,

конференциялар өткізіп тұрады.

18. 04. 2014 жылы « Оқу мен оқытудағы зерттеу

мен   кәсіби   дамудың   жаңа   мүмкіндіктері»

тақырыбында ұйымдастырған қалалық семинары өте

жоғары бағаланды.

Осындай жетістіктерінің арқасында ҚББ-нің, ОББ-

нің,   «Өрлеу»   БАҰО,   қала,   аудан   әкімінің   мақтау

қағаздарымен   бірнеше   рет   марапатталған.   Және

«Бейбітшілік   әлемі»   Халықаралық   Қазақ

Творчестволық   Бірлестігінің   Халықаралық   ұстаздар

одағының   мүшесі,   ОҚО   мен   Шымкент   қаласы

бойынша   білім   және   спорт   қызметкерлерінің

кәсіподақ комитеті қоғамдық бірлестігінің «Ұлағатты

ұстаз» төсбелгісінің иегері.

Өзінің   іскерлігімен,   шеберлігімен,   тың

жаңалықтарымен   бізді   таң   қалдыратын   Бағила

Ермекқызынан үйренеріміз көп.



* * * * * *

АУДАН ӘДІСКЕРЛЕРІ- МАҚТАНЫШЫМЫЗ

Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы, №28 «Ақбай» жалпы орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Торегелдиева Жанат Куралбекқызы

Білім беру- оқыту тәрбиелеудің үздіксіз үдерісі.  Қазіргі кездегі білім берудегі мақсат жан-

жақты білімде өмір сүруге бейім, өзіндік ой- талғамы бар,   адамгершілігі жоғары, қабілетті

тұлғаны қалыптастыру.  Білім мазмұнын жаңарту барысында түрлі іс- шаралар өткізіп, бағыт-

бағдар беріп отырар білім беру бөлімі қызметкерлерінің еңбегі орасан. Осы орайда Оңтүстік

Қазақстан облысы, Сайрам аудандық білім беру бөлімінің әдіскерлерінің ұйымдастыруымен

атқарылып жатқан жұмыстары ауыз толтырып айтарлық. Бұл кісілердің қатысуымен жасалған

іс- шараларды тізбектеу мүмкін емес, бірақ солардың біразына тоқталып өтсем деймін.Білім

бөлімінің   басшысының   бастауымен   аудан   мектептерінде   жүйелі   түрде   сертификатталған

мұғалімдердің   «Өрлеу   »   біліктілікті   арттыру   орталығының   мамандары   қатыстырылған

семинарлар   тұрақты   өткізіліп   келуде,   бұндай   семинарлардың   маман   біліктіліктерін   өзара

алмасуда,   дамытуда   көмегі   орасан.   Айтулы   даталар   мен   мерейтойлар   тұрақты   тойлануда.

Ауданымыздың жас жеткіншектері түрлі халықаралық, республикалық, облыстық, аудандық

олимпиадалар   мен   конкурстарға   қатысып,   жүлделі   орындарды   иеленіп,   қанжығаларын

толықтыруда.

Аталмыш   іс-   шаралардың   ұйымдастырылуына   Сайрам   аудандық   білім   беру   бөлімінің

басшысы Қолдасова Оразкүл апайдан бастап, Маханбетәлі Тастанбеков , Мустапаев Абдилда

Сайрам аудандық білім беру бөлімінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің әдіскері, Бекмырзаева

Жанаргүл   Елшибаевна   Сайрам   аудандық   білім   беру   бөлімінде   тарих   пәнінің   әдіскері   ,

Амалбекова   Гүлмира   Сайрам   аудандық   білім   бөлімінің   әдіскері,   Усманов   Султанкул

Хайдаркулович Сайрам аудандық білім беру бөлімінде география пәнінің әдіскері , Оспанова

Фарида   Алматовна   Сайрам   аудандық   білім   бөлімінің   шет   тілі   пәні   әдіскері,Құралай

Абдразаққызы Сайрам ауданының білім беру бөлімінің қорғаншы және қамқоршы органының

жетекші маманы, Жайлаубаева Ақмарал Мүсірқызы Сайрам аудандық білім беру бөлімінің

әдіскері,   Сыздықова   Айпаршын   Адырбекқызы   Сайрам   аудандық   білім   беру   бөлімінің

әдіскерлері   қолдау   көрсетіп,   мұрындық   болуда.   Аталмыш   әдіскерлерімізден   үйренеріміз,

тәлім- тәрбие алар тұсымыз көбін түсініп, ерен еңбектеріне басымызды иеміз. Алдағы уақытта

дендеріңізге саулық, еңбектеріңіз тек шыңдардан көрінуін тілеп, әрдайым ортамызда ақылшы ,

ауданымыздың тасын өрге домалатар мақтаныштары боп, аман- есен жүріңіздер дегім келеді.

ПОДПИСКА – 2016

«Республикалық 45minut.kz газеті» Ұстаздардың сабақтары мен

тәжірибелік жұмыстарын БАҚ және Интернетте жариялауға

арналған. Жарияланған сабақтар категория үшін құжат болып

есептеледі. Сертификат беріледі.

Сонымен қатар оқушылардың ғылыми жұмыстары мен ата-аналарға

арналған мақалалар, жаңалықтар мен ғылыми, танымдық, білім

беретін, жарнамалық мағлұматтар жарияланады. Республикалық

45minut.kz сайтының басылымы

ИНДЕКС: 64470

«Республиканская газета 45minut.kz» публикует уроки и

практические занятие учителей в СМИ и Интернете. Публикованные

уроки зачитываються при получении категории. Выдается

сертификат. 

А также публикуются научные работы учеников и материалы для

родителей, новости и информация научного, образовательного,

позновательного, рекламного направления. Издание

Республиканского сайта 45minut.kz

Подписка в «Республиканскую газету 45minut.kz» проводится во

всех отделениях АО «КазПочта 

-------------------------------------------------------------------------------------------------------

ХАБАРЛАНДЫРУ

Республикалық   45minut.kz   басылымы   білім   мекемелерінде   өткізілетін,

іс-шаралар,   семинарларға   ақпараттық   қолдау   (фото,   видео,   мақала

жариялау) көрсетеді және топтама жинақ, материалдар жинағын баспадан

шығарады. Республика көлемінде жаңалықтармен бөлісуге болады. 

Топтама   журнал:  Ұстаздардың   кәсібилігі   мен   шығармашылық

тәжірибесін,   материалдарын   Республика   көлемінде   тарату   үшін   бірлесе

құрастырылып,   топтама   ретінде   баспадан   шығарылатын   кітап.

Ұстаздардың авторлық құқығы толықтай сақталады.  Топтамаға тапсырыс

беретін ұстаздардың барлығы да қатыса алады.

--------------------------------------------------------------------------------------------------------

Батыс Қазақстан облыстары

бойынша редакция: 

Ақтөбе қаласы.  Завод көшесі 

21 үй. 2-этаж. 13-кабинет 

E-mail: 

45@45minut.kz



Тел/Whatsapp: 8 777 087 6843

(Редакция)

----------------------------------------------



МББ аты: «Республикалық 45minut.kz» газеті 

МББ тілі: қазақша, орысша, ағылшынша 

Шығу жиілігі: аптасына 1 рет     Тарату аумағы: Қазақстан Республикасы

Меншік иесі: «Нагиева Ш. Б» ЖК (Ақтөбе облысы)

Бас редакторы: Нагиев И. Б.

Негізгі тақырыптық бағыты: 

білім беретін, ғылыми, танымдық, жарнамалық

----------------------------------------------

«Республикалық 45minut.kz» газетіне жарияланған ақпараттардың авторлық құқы

ақпарат авторына тиесілі, редакция жауапты емес. Жарияланған ақпарат

авторларының пікірлері редакция көзқарасын білдірмейді.

Апталық Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат

және мұрағат комитетінде тіркеліп, 

2012 жылғы 19 наурызда № 12341-Г куәлігі берілді.

Тапсырыс: 562 Таралымы: 3000 дана.

Газет «Хабар-Сервис» ЖШС-ның баспаханасында басылды.



 ---12 --

Document Outline

  • МЕКТЕП ЖҰМЫСЫНДА ӨЗІНДІК ҚОЛТАҢБАСЫ
  • БАР ҰСТАЗ
  • ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ,
  • ТАСКЕН ЕЛДІМЕКЕНІ
  • №103 ЖАЛПЫ ОРТА
  • МЕКТЕБІ ДИРЕКТОРЫ
  • ШОҚАҚОВ ПЕРИЗАТ САРКУЛАКОВИЧ
  • МЕКТЕП ЖҰМЫСЫНДА ӨЗІНДІК ҚОЛТАҢБАСЫ БАР ҰСТАЗ
  • ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ, ТАСКЕН ЕЛДІМЕКЕНІ №103 ЖАЛПЫ ОРТА МЕКТЕБІ ДИРЕКТОРЫ ШОҚАҚОВ ПЕРИЗАТ САРКУЛАКОВИЧ

Каталог: 2016
2016 -> Бїгінгі нґмірде
2016 -> Жансүгіров атындағы жму хабаршысы №4 /2012
2016 -> Газет 1917 жылдың 28 шілдесінен бастап шығып келеді. 1968 жылы "Құрмет Белгісі" орденімен марапатталған
2016 -> Филология кафедрасы
2016 -> 46-ғылыми-әдiстемелiк конференция материалдары
2016 -> Өзбекстан республикасы халықҚа білім беру министрлігі республикалық білім орталығЫ
2016 -> Жеке жазылушылар үшін 65367 1 жылға 3083,04 3274,80 3427,68 Мекемелер мен ұйымдар үшін
2016 -> №70 (858) Сенбі, 3 қыркүйек

жүктеу 0.53 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет