Редакциялық алқа



жүктеу 3.77 Kb.
Pdf просмотр
бет1/15
Дата10.04.2017
өлшемі3.77 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

Құрылтайшы: «Педагогикалық  
Ғылымдар Академиясы» ҚБ
Редакциялық алқа:
А.Қ. ҚҰСАЙЫНОВ
бас редактор
А.Ә. БОЛАТБАЕВА
бас редактордың орынбасары
П.Ш. МАХАНОВА
жауапты хатшы
Е.В. АСТАХОВА (Украина)
К.Б. БӨРІБЕКОВ
А.Н. ДЖУРИНСКИЙ (Ресей)
С.В. ИВАНОВА (Ресей)
Т.С. ҚАРҒИН 
И.Э. КУЛИКОВСКАЯ (Ресей)
Л.Х. МӘЖИТОВА 
А.М. МАМЫТОВ (Қырғызстан)
К.Н. НӘРІБАЕВ 
Редакциялық кеңес:
Ш.Т. ТАУБАЕВА
К.Ж. ҚОЖАХМЕТОВА
К.Ө. ҚОНАҚОВА
О.С. САҢҒЫЛБАЕВ
Р.О. НИЯЗОВА
С.С. ОРАЗАХЫНОВА
Ж.Б. ҚОҢЫРОВА
Қазақстан Республикасы 
Мәдениет және ақпарат 
министрлігінде қайта тіркеліп, 
24.01. 2013 ж. 
№13303-Ж куәлігі берілген
Хабаршы жылына 6 рет шығады
Мақала авторларының пікірлері 
редакция көзқарасын білдірмейді.
Редакцияның мекенжайы:
050012,  Алматы қаласы,
Қарасай батыр көшесі, 85
Телефон: (727) 261-08-81
Факс: (727) 267-59-54
E-mail: apnkaz@mail.ru
Баспахананың мекенжайы:
ИП «Волкова Н.А» 
050034, Алматы қаласы
Райымбек даңғылы, 212/1
Телефон: 8 (727) 330-02-12
Пішіні 70х100
1
/
16
. Офсеттік басылым.
Қағаз офсеттік. Шартты баспа табағы 8. 
Таралымы 300 дана
© «Педагогикалық Ғылымдар 
Академиясы» ҚБ, 2013
Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар
Академиясының хабаршысы
№ 4 (шілде – тамыз), 2013 жыл
Вестник Академии Педагогических Наук Казахстана
№ 4 (июль – август), 2013 год
МАЗМҰНЫ  СОДЕРЖАНИЕ
МЕТОДОЛОГИЯ  СОЗДАНИЯ  УЧЕБ-
НОЙ ЛИТЕРАТУРЫ
Н.Н. НҰРАХМЕТОВ 
Университет  оқулықтарын  құрылымдауға 
қойылатын талаптар .......................................... 3
БІЛІМ  БЕРУ  ЖҮЙЕСІНДЕГІ  ШЕШЕН-
ДІК ӨНЕР 
А.С. ҚЫДЫРШАЕВ
Студенттердің ауызша сөйлеу, пікір алмасу, 
шешен сөйлеу білік-дағдыларын ширату амал-
дары ...................................................................... 9
СТАТЬИ НАШИХ АВТОРОВ
Н.П. КИМ
Воспитательный процес в вузе: проблемы и 
ключевые ориентиры ........................................ 20
Г.Т. ХАЙРУЛЛИН 
У.Д. МУНАЛБАЕВА
Т.Г. БОРТКО
Из истории национальной школы  в  Казах-
стане ................................................................... 26
А.Х. ШКЛЯР 
Приоритетные направления развития теории 
и  практики  непрерывного  профессионального 
образования ....................................................... 38
Ж.Х. АХМЕТОВ
Профессиональные компетенции преподава-
теля военного вуза ............................................. 47

Учредитель
ОО «Академия Педагогических Наук»
Редакционная коллегия:
А.К. КУСАИНОВ 
главный редактор
А.А. БУЛАТБАЕВА 
зам. главного редактора
П.Ш. МАХАНОВА 
ответственный секретарь
Е.В. АСТАХОВА (Украина)
К.Б. БОРІБЕКОВ
А.Н. ДЖУРИНСКИЙ (Россия)
С.В. ИВАНОВА (Россия)
Т.С. КАРГИН 
И.Э. КУЛИКОВСКАЯ (Россия)
Л.Х. МАЖИТОВА 
А.М. МАМЫТОВ (Кыргызстан)
К.Н. НАРИБАЕВ 
Редакционный совет:
Ш.Т. ТАУБАЕВА
К.Ж. КОЖАХМЕТОВА
К.У. КУНАКОВА
О.С. САНГИЛБАЕВ
Р.О. НИЯЗОВА 
С.С. ОРАЗАХЫНОВА 
Ж.Б. КОНЫРОВА
Свидетельство о перерегистрации 
Министерства культуры и информации 
Республики Казахстан №13303-Ж 
от 21.01.2013 г.
Вестник выходит 6 раз в год
Мнения авторов не отражают
точку зрения редакции.
Адрес редакции:
050012, г. Алматы
ул. Карасай батыра, 85
Тел./факс: (727) 261-08-81
E-mail: apnkaz@mail.ru
Адрес типографии:
ИП «Волкова Н.А»
050034, г.Алматы, 
пр.Райымбека, 212/1
Телефоны: 8 (727) 330-02-12
Формат 70х100
1
/
16
. Печать офсетная.
Бумага офсетная. Усл.-печ.л. 8
Тираж 300 экз.
© ОО «Академия 
Педагогических Наук», 2013
А.Қ. ҚҰСАЙЫНОВ
А.А. БУЛАТБАЕВА
П.Ш. МАХАНОВА
Жалпы орта білім беру жүйесінің дамуын бол-
жауды  өзектілендіретін  тарихи-педагогикалық 
алғышарттар  ......................................................... 55
А.И. БУЛШЕКБАЕВА 
Мировоззренческое  самоопределение  лично-
сти  .......................................................................... 63
Е.В. ПОНОМАРЕНКО
В.Н. КОСОВ
Особенности  системы  развивающего  обуче-
ния физике студентов вуза .................................. 68
И.А. ИЛЬИН 
Научно-практическое обоснование методики-
силовой подготовки тяжелоатлетов .................. 74
     
Б.Ж. БЕКЖАНОВА
Магистратура  мамандарын  дайындаудың 
акмеологиялық  технологияларының  жобала-
нуы.......................................................................... 82
Е.В. ПОНОМАРЕНКО
Методы  психолого-педагогической  диагно-
стики развития личности студента при обучении 
физике ................................................................... 88
Ж.М. ШИНГИСОВА
Инновационные    тенденции  в  преподавании 
русского языка  ...................................................... 94
К.М. БЕРКІМБАЕВ
Ә.Х. САРЫБАЕВА
И.Б. УСЕМБАЕВА
Физиканы  қолданбалы  бағытта  оқытуда  са-
палық  есептерді  пайдаланудың  әдіс-тәсілде-
рі...........................................................................100
Б.С. АСАНОВА
Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орында-
ры кітапханаларында автоматтандырылған ақпа-
раттық-кітапханалық қызмет көрсету ........... 106
БІЗДІҢ АВТОРЛАР .......................................... 113
НАШИ АВТОРЫ  ..............................................115
OUR AUTORS....................................................117

3
Қазақстан  ПҒА  хабаршысы,  №4,  2013 ж.
МЕТОДОЛОГИЯ СОЗДАНИЯ УЧЕБНОЙ ЛИТЕРАТУРЫ
УДК 378
УНИВЕРСИТЕТ ОҚУЛЫҚТАРЫН ҚҰРЫЛЫМДАУҒА 
ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
Н.Н. НҰРАХМЕТОВ
Болонь  келісіміне  орай  кредиттік  оқыту  жүйесінің  оқулықтары  мен 
оқу-әдістемелік  кешендерінің  талаптарына  түбегейлі  өзгерістер  енгізілу 
қажеттілігі  дәрістерге  бөлінетін  уақыт  үш  еседей  азайып,  «оқыту  мен  өз 
бетінше  оқудың»  арақатынасына  тәуелді  болып  отыр.  Осыған  орай  студент-
тер  мен  магистранттардың  өздері  игеретін  оқулықтарының  құрылымдануы 
жаңаша жүйелеуді қажет етеді. Ресейдің педагогика оқулықтарына енгізілген 
жүйенің негізінде модульдік құрауыштардың мәтінін ақпараттық, кеңейтетін, 
проблемалық, жағдаяттық блоктарға бөліп, оған қоса өздік бақылау мен түзету 
блоктарын да ескере отырып, мазмұнды құрау басшылыққа алынған. Курстың 
базалық мазмұны ақпараттық блоктарда баяндалады. Ал оларды жандандыра, 
қызықтыра түсетін дәйектер, мысалдар және т.б. кеңейтетін блокта беріледі. 
Ерекше мән беретін жаңалық – проблемалық блоктардың мазмұны студенттердің 
болашақ  кәсіби  мамандығымен  байланысты  болуы  шарт.  Жағдаяттық  блок-
тарда  өздік  бақылау  мен  түзету  тиісті  тесттермен  жалғасуы  тиіс.  Осы 
талаптардан-ақ  жоғары  оқу  орындарының  оқулықтарының  құрылымдануы 
түбегейлі өзгерістерді ескеруді қажет ететіні көрінеді.
Кілтті сөздер: оқулық, ақпараттық блок, кеңейтетін блок, проблемалық блок, 
жағдаяттық блок, өздік бақылау, түзету блогы және тест.
XXI  ғасырдың  басынан-ақ  тәуелсіз 
Қазақстанның  сан  салалы  кадрлар 
дайындауына 
отандық 
талаптар 
мен  мүмкіндіктерді  ескере  отырып, 
төл  оқулықтар  мен  оқу-әдістемелік 
кешендер  жасап  шығаруға  көптеген 
жоғары  оқу  орындарының  ұстаз 
ғалымдары  белсене  кіріскені  белгілі. 
Авторлардың  негізгі  дені  еліміздің 
әр  саласындағы  өзгерістер  мен 
жетістіктерге  ерекше  мән  беріп, 
белгілі  бір  мамандықтарға  лайықтап 
құрылымданған  оқулықтарға  көбірек 
көңіл бөліп отыр.
Қазіргі  біздің  еліміздің  ұлттық 
университеттері  бастаған,  Болонь  ке-
лісіміне  байланысты  енгізілген  кре-
диттік  оқу  жүйесінің  ерекшеліктеріне 
байланысты  оқулықтар  мен  оқу- 
әдістемелік  кешендердің  талаптарына 
да түбегейлі өзгерістер енгізілді. Оның 
бірден  бір  себебі  –  дәрістік  пәндердің 
кредиттер  саны  бұрынғы  дәстүрмен 
салыстырғанда  2–3  есеге  кеміп,  соған 
байланысты  практикалық-зертханалық 
жұмыстардың  көлемі  бұрынғы  деңгей-
де сақталып қалуында. Жаңаша оқыту-
дың  дидактикалық  негізі  «оқу»  мен 
«оқытудың»  арақатынасының  айтар-
лықтай өзгерістерге ұшырауына байла-
нысты [1].
Бүгінгі  студент  пен  магистрант 

Вестник  АПН  Казахстана,  №4,  2013 г.
4
өздеріне  тиісті  силлабустардағы  дә-
рістердің  мазмұнына  сәйкес  алдын 
ала  тиісті  материалдарды  оқулықтан 
меңгеріп,  әрмен  қарай  зертханалық 
немесе  практикалық  жұмыстардың 
аражігін аша алады деу ертерек болады. 
Оның  бір  дәлелі  –  университеттердің 
білікті 
ұстаздар 
қауымы 
дәріс 
сағаттарын  слайдтар  және  өзара 
белсенді  тақтаның  көмегімен  қысқаша 
баяндап, өздері түсіндіруге көңіл бөлуі. 
Өкініштісі,  мұндай  тәсілдің  арқасында 
студенттер  мен  магистранттардың 
жаңа  ақпаратты  өздері  игеруге  деген 
құлшынысы төмендеп, ынтасы баяулай 
түсетіні даусыз.
Ұстаз  бен  шәкірттерге  ортақ  әрбір 
курстың  оқулықтарын  кредиттік  оқу 
жүйесінің  ұстанымдарына  сүйеніп  жа-
ңаша  құрылымдау,  жүйелеу  қажет-
тігі  айдан  анық.  Ол  үшін  біздің  әл-
Фараби  атындағы  Қазақ  Ұлттық  Уни-
верситетіне енгізілген модульдік құзы-
реттілікті  оқытудың  талаптарында 
айтылғандай,  әрбір  курс  оқулықтарын 
жасайтын  мамандар  тобы  алдын 
ала  силлабустардағы  дәрістердің  та-
рауларына сай бөлініп, студенттер мен 
магистранттардың  өз  бетінше  игеретін 
бөлімдерін айшықты етіп беріп, оларға 
сәйкес  жүргізілетін  өздік  жұмыстарды 
жандандыра  түсетіндей  етіп,  қазіргі 
заманға  лайықтап  беру  міндеті  тұр 
[2].  Мұндай  оқулықтарды  әзірлеу 
мен  құрылымдануына  қойылатын 
талаптар  жүйесі  Ресейдің  белгілі 
педагог-ғалымы  И.П.  Подласыйдың 
«Педагогика»  атты  курсында  берілген 
[3].  Оны  осы  ғалымның  идеясын 
жоғары оқуорындарының студенттеріне 
арнаған  менің  төмендегі  ұсынып 
отырған  тәжірибеммен  де  танысып, 
қолдануға болар еді.
Жоғары  оқу  орындарына  арналған 
оқулықтар  мен  оқу  құралдарын  жасап 
шығару  үшін  көптеген  көптеген  ас-
пектілерді қамтитын, маңызды әрі күр-
делі мынадай проблемалар бар: 
• кәсіби-құзыретті авторлар ұжымын 
таңдау; 
• олардың кредиттік оқыту жүйесіне 
сәйкес  Қазақстанда  қолданылатын  осы 
пәндердің  оқу  бағдарламаларының 
талаптарына  сәйкес  нақты  курстар 
оқулығын  әзірлеу  мен  дайындап 
шығарудың технологиясын игеруі;
•  бұған  қоса  оларда  осы  курстың 
оқу-әдістемелік 
кешеніне 
кіретін                
оқу-құралдарын,  практикалық  немесе 
зертханалық  материалдарды  жазып 
шығарған әрі іс жүзінде қолданған тәжі-
рибелерінің болуы.
Оқулық  –  берілген  пәннің  белгілі 
курста  білім,  білік  және  кәсіби  құзі-
реттілігінің  іздесе  оңай  табылатын 
қайнар  көзі.  Оған  2020-жылдарға 
дейінгі  дамушы  индустриялық  және 
инновациялық  дамуына  орай  және 
еліміздің жуықтағы болашағына мәдени-
көпшілік  жетістіктері  жарияланған  ҚР 
мемлекеттік  құжатттарында  жоғары 
талаптар  да  қойылған.  Оқулық  сту-
денттер  мен  магистранттардың  оқу 
үдерісі  кезінде  саналы  әрі  белсенді 
араласуын  қамтамасыз  етуге,  оқу-
материалдарының толықтай және терең 
игеруіне жол ашуы тиіс. 
Осы  айтылған    мәселелерді    шешу 
үшін  оқулық  мынадай  дидактикалық 
функцияларды орындауға міндетті:
•   мотивациялық (ынталандырушы-
лық), яғни берілген пәнді игеруге жете-
лейтіндей құлшыныстарды тудыруы, өз 
жұмысына деген қызығуы мен оңтайлы 
қарым-қатынастарды қалыптастыруы;
•  ақпараттық,  яғни  барлық  қол-
да  бар  ақпаратты  ұсынудың  тәсіл-
дерінің  көмегімен  студенттер  мен  ма-
гистранттардың  білімінің  көлемін  ке-
ңейтетіндей мүмкіндік тудыруы;
• бақылау және түзету, яғни оқыту-
дың  барысы  мен  нәтижелерін  тексе-
ру,  өздік  бағалау  арқылы  түзету  мүм-
кіндігінің  қолданылуы,  сонымен  қоса 

5
Қазақстан  ПҒА  хабаршысы,  №4,  2013 ж.
қажетті кәсіби біліктер мен дағдыларды, 
жалпы  кәсіби  құзыреттілікті  орындау-
ды қамтитын жаттығулардың ескерілуі.
Қазіргі  заманауи  оқулықтарда  дара 
тұлғалық  практикалық-құзыреттілікті 
бағдарланған оқу моделін іске асырудың 
негізгі ұстанымдары мынадай:
• өзара белсенді сұхбаттасу (диалог) 
қарым-қатынасын 
ұйымдастырудың 
формасы ретінде орындалуы;
•  оқулықтар  педагог  пен  студенттің 
(магистранттың) студент пен студенттің 
(магистрант  пен  магистранттың)  өзара 
сұхбаттасуын  ұйымдастыруға  қажетті 
тапсырмаларды  қамтуы,  осыған  орай 
жұптық,  топтық,  ұжымдық  жұмыс-
тардың жүргізілуі;
•  оқулықта  берілген  тапсырмалара-
ды  студенттер  мен  магистранттардың 
еркін  таңдай  алуы,  ол  үшін  оқулықта 
сабақ  кезінде  игеруге  қажетті  міндетті 
және  міндетті  емес  материалдардың 
болуының ескерілуі;
•  оқулық  мазмұнының  студенттер 
мен  магистранттардың  мүмкіндіктері 
мен дайындық деңгейіне сәйкес келуі;
•  оқулық  мазмұнының  көлемі  игег-
руге  оңтайлы  оқу  бағдарламаларының 
пәндік талаптарына сәйкес келуі;
•  оқулықта  студенттер  мен  магис-
транттардың  игеруіне  лайықты  етіп 
нақты  құрылымданған  міндетті  құра-
уыштардың болуы саралап оқыту мүм-
кіндіктері,  осыған  сәйкес  оқулықта  әр 
деңгейлі мазмұнды материалдардың бе-
рілуі;
•  оқулықтың  кредиттік  оқыту 
жүйесінің  талаптарына  сай  құрылым-
дануы  және  оқу  әрекетін  ұйымдасты-
рудың сценарийлік үлгісі ретінде педа-
гогтардың  қолдану  мүмкіндіктерінің 
оңтайлы болуы.
Жалпы  алғанда,  қазіргі  оқулықтар 
мамандықтар мен маманданулар бойын-
ша оқыту мазмұнына қойылатын барлық 
талаптарға жауап беретіндей тартымды 
әрі  жауапты,  мүмкіндігінше  жинақы, 
стилі  түсінікті,  әдемі  безендірілген  бо-
луы шарт. Бұған қоса олардың ғылыми 
негізі  тұрақты  әрі  өзгермейтіндей  бо-
луы  керек.  Яғни  оқулыққа  қосымша 
материалдар  енгізгенде  де  негізі  бұ-
зылмайтындай  болуы  тиіс.  Мұндай 
мақсаттарға  блокты  құрылымданған 
оқулықтар  сәйкес  келеді.  Блоктарға 
кеңейтетін  мазмұн  қосылғанымен 
оқулықтың негізі өзгермей сақтала беруі 
тиіс. Блоктарға бөлінген мазмұнды иге-
ру  студенттер  мен  магистранттардың 
өздік  жұмыстарын  тиімді  әрі  ұтымды 
ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
  Оқулықтардың  оқу  құралдарынан 
басты  айырмашылығы:  оқулықтар  то-
лығымен кредиттік оқыту жүйесінің оқу 
бағдарламаларының  талаптарына  сай 
құрылымданған  оқу  бағдарламасына 
лайықтап  мазмұндалған,  ал  оқу  құрал-
дары мұндай қатаң талаптардан ауытқи 
алады.  Дегенмен,  оқулықтар  мен  оқу 
құралдарына  қойылатын  талаптар, 
жалпы  алғанда,  бірдей  болып  келеді. 
Оқулықтар  мен  оқу-құралдарын  жасап 
шығаруға орай әлемдік деңгейде қалып-
тасқан  және  елімізде  бар  тәжірибе 
қазақстандық  көптеген  мамандықтар 
мен  маманданулар  үшін  сапалы  оқу-
лықтар  жасаудың  мүмкіндіктері  бар 
екендігін дәлелдейді. 
Оқу материалдары мамандықтардың 
кәсіби  құзыреттіліктерінің  модульдік 
ұстанымдардың  талаптарына  сәйкес 
құрастырылуы  тиіс.  Оқулықтардың 
тараулары  нақты  бір  немесе  өзара 
байланысқан  бірнеше  модульдеден 
құралуы  орынды.  Оқулықтың  құры-
лымындағы  әрбір  тараудың  (модуль-
дің)  құрауыштары  өзара  айқын  құры-
лымданған  мынадай  мәнді  блоктардан 
тұруы керек: 
1) ақпараттық блок (АБ); 
2) кеңейтетін блок (КБ); 
3) проблемалық блок (ПБ);
4) жағдаяттық блок (ЖБ) 
және оған қоса

Вестник  АПН  Казахстана,  №4,  2013 г.
6
5) өздік бақылау блогы (ӨБ);
6) түзету блогы (ТБ). 
Курстың  базалық  мазмұны  мен 
басты  мәліметтері  ақпараттық  блок-
тарда  баяндалуы  тиіс.  Олар:  жинақы,  
білімді, 
ұтымды 
құрылымдау, 
өзекті  идеялар  мен  ойларды  шрифт-
пен  бөліп  көрсету,  қисындық  және 
графиктік сызбанұсқаларды, кестелерді 
қолдану,  дәл  және  қысқа  тұжырымдау 
арқылы  іске  асырылады.  Ақпараттық 
блоктардың  мазмұнын  толықтырыла 
түсетін  және  жеке  ережелерді  түсінуге 
немесе меңгеруге қиындау мәліметтерді 
орнымен енгізу қажет. Кеңейтетін блок 
теориялық  ақпараттарды  жанданды-
ра  түсетіндей  есте  сақталатын  жарқын 
дәйектерді,  мысалдарды  және  т.б. 
қамтуы тиіс.
Проблемалық  блоктар  алдын  ала 
жинақталған  қажетті  білімге  сүйене 
отырып, студенттердің ойын жинақтау-
ға,  өзіндік  қорытындылауға  жетелейді. 
Әдетте  проблемалық  блоктарда  көбі-
не  студенттердің  болашақ  кәсібімен 
байланыста  берілген  модуль  бойын-
ша  ең  маңызды  мәселелерді  талдай-
ды  немесе  талдауға  ұсынады.  Аса  қи-
налмай  жеткен  бөтен  біреудің  дайын 
қорытындыларынан  гөрі  өз  бетінше 
еңбектеніп,  шешімін  тапқан  проблема-
лар  студенттер  мен  магистранттардың 
зиятты дамуына әлдеқайда көп көмегін 
тигізеді.  Оқулықтағы  теориялар,  заң-
дар  мен  заңдылықтар,  ұстанымдардың 
және т.б. практикада қолданылуына ой 
жүгірту  маңызды.  Алған  білімнің  не-
гізінде нақты проблеманы түсініп, ажы-
рата  білемін  деген  ізденіс  студенттің 
танымдық  әрекетін  аяғына  дейін  жет-
кізеді. 
Жағдаяттық  блоктарда  өмірлік  не-
месе  кәсіби  практикалық  қызықты  ма-
териалдар  беріледі.  Бұларды  игеру, 
әдетте,  нақты  өмірді  теориямен,  тео-
рияны  болашақ  кәсіби  практикамен 
байланыстыруға мүмкіндік тудырады.
Өздік  бақылау  және  түзету  блок-
тары  басты  ережелер,  идеялар,  те-
ориялар,  заңдар  мен  заңдылықтар, 
ұстанымдарды және т.б. студенттер мен 
магистранттардың  дұрыс  түсінгендігін 
өздері  тексеруге  бағытталған.  Бұларда 
берілетін  жауаптарды  ынталандыру 
үшін әр алуан тәсілдерді қолдануға бо-
лады.
Оқулықтардағы  мазмұндық  және 
басқа да блоктарды бір-біріне кезегімен 
ауысуға мүмкіндік беретіндей етіп, мы-
надай сұлба бойынша орналастырады:
АБ – КБ – ПБ
ақпараттық
   ЖБ
 
  
жағдаяттық
ӨБ және ТБ
түзету
 тест 
бақылау
Әрбір  тарау  (модуль)  соған  сәйкес 
бақылау тестері және қажетті әдебиеттер 
тізімімен аяқталады. 
Блоктар  материалды  баяндаудың 
құрылымдануында  үнемі  тұрақты  бір 
орында бола бермейді. Сондықтан жоға-
рыда келтірілген сұлба орналасулардың 
жиі типтік кезектестігін көрсетеді.
Әрбір  студент  пен  магистрант 
өздерінің  алдына  қойған  мақсаттарына 
және  бар  мүмкіндіктеріне  сәйкес  өзіне 
лайық  оқыту  әдістемесін  таңдап  ала 
алады.  Оқулықта  ұсынылған  барлық 
блоктарды  мұқият  және  әлденеше  рет 
оқып түсінбейінше, теориялық матери-
алды толықтай игеру мүмкін емес еке-
нін ескерген жөн.
Оқулық  дайындауға  жауапты  ұс-
таз-ғалымдардың  еңбегін  жарыққа 
шығарып,  бүкіл  республикаға  тарата-
тын  бірден  бір  жауапты  ұйым  – 
Қазақстан  Республикасының  жоғары 
оқу  орындарының  қауымдастығының 
еңбегін  ерекше  атап  өтуге  болады. 
 
 
 
 

7
Қазақстан  ПҒА  хабаршысы,  №4,  2013 ж.
Қазақстан  Республикасының  Білім 
және  ғылым  министрлігінің  қол-
дауымен  бекітілетін  оқулықтар  қа-
зақ  және  орыс  тілдерінде  шығарыла-
тындықтан  олардың  терминдік  үндес-
тігіне де ерекше көңіл бөлінуі тиіс. Бұл 
бағытта  ҚР  Мәдениет  министрлігінің 
жауаптылығымен 
заңдастырылып 
жатқан  терминдер  жүйесінің  айтар-
лықтай  жаңарып  және  молайып  келе 
жатқанын ескеру қажет. Қалай болғанда 
да еліміздің заман талаптарына лайықты 
оқулықтар  жасап  шығару  қазіргі  күн 
тәртібінен түспейтіні даусыз.
 ӘДЕБИЕТТЕР
1. Нұрахметов Н. Студенттердің өздік жұмысының ғылыми-әдістемелік негіздері 
және оны ұйымдастыру формалары // Хабаршы ҚазҰУ, 2007. – №5(49), 359–361 б.
2. Нұрахметов Н. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің модульдік-
құзіреттілікті оқытуға бет бұруы // «Білім берудегі өзгерістер: жаңа межелер мен 
басымдықтар» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының материал-
дары. 10–11 маусым. – Алматы: Педагогикалық Ғылымдар Академиясы, 2011. – 
126–131 бб.
3. Подласый И.П. Педагогика. Кн.1. – М: Владос, 2001. – С. 574.
  REFERENCES
1. Nurakhmetov N. Research and methodological basis and forms of organization of 
independent  work  of  students  //  Bulletin  of  the  Kazakh  National  University,  2007.  – 
№5(49), 359–361 p.
2. Nurakhmetov N. Modular competence education in the Kazakh National University 
n.a. Al Farabi // “Changes in education: new borders and priorities”: proceedings of the 
International Scientific-Practical Conference, June 10–11. – Almaty, 2011. – P. 126–131.
3. Podlasy I.P. Pedagogics. Vol.1. – Moscow: Vlados, 2001. – P. 574.
НУРАХМЕТОВ Н.Н. ТРЕБОВАНИЯ К СТРУКТУИРОВАНИЮ УЧЕБНИКОВ 
В  ВУЗЕ 
Авторы учебников и УМК должны учитывать, что в соответствии с Болонским 
соглашением и кредитной системой обучения почти в три раза уменьшается время, 
предназначенное  для  лекций,  связанных  с  самостоятельным  освоением  текстов. 
Поэтому новые учебники и УМК для студентов и магистрантов требуют обнов-
ленного структурирования. На основе опыта внедрения учебников педагогики для 
России, которые приняты к руководству, базовое содержание модульных состав-
ляющих включает информационные расширяющие, а также проблемные и ситуа-
ционные блоки и блоки наблюдения и поправки. Базовое содержание учебника лю-
бого курса должно состоять из информационных блоков, которые содержат допол-
нительные занимательные интересные факты, примеры, а также других расширяю-
щих блоков. Особое новшество заключается в том, что проблемные блоки должны 
быть связаны с будущими профессиональными запросами студентов. Ситуативные 
блоки должны сопровождаться самостоятельными тестовыми наблюдениями. Эти 
требования  к  структурированию  учебников  вузов  показывают,  что  необходимо  

Вестник  АПН  Казахстана,  №4,  2013 г.
8
достичь фундаментальных изменений при подготовке этих учеников.
Ключевые  слова:  учебник,  информационный  блок,  расширяющий  блок,  про-
блемный блок, ситуационный блок,  блоки наблюдения и поправки, тест.
NURAKHMETOV N.N. REQUIREMENTS TO STRUCTURING OF TEXTBOOKS 
IN HIGH SHCOOL 
According to the Bologna agreement and the credit educational system, the authors of 
textbooks and teaching materials shall take into account that the time devoted to lectures 
is reduced nearly thrice. Therefore the new textbooks and teaching materials for students 
and magistrands require new structuring. Based on the experience of implementing in 
Russia the adopted textbooks on pedagogy, the basic content of the modular components 
includes expanding informational blocks, as well as problem and situational blocks and 
blocks of observations and amendments. Basic content of a textbook for any year of 
study shall include informational blocks complemented with reviving interesting facts, 
examples, as well as other expanding blocks. A particular innovation is that problem 
blocks shall be linked to the future professional needs of students. Situational blocks shall 
be accompanied with independent test observations. These requirements to structuring 
the high school textbooks demonstrate the need for fundamental changes. 
Keywords: textbook, informational block, expanding block, problem block, situation-
al block,  block of observations and amendments, test.
  

9
Қазақстан  ПҒА  хабаршысы,  №4,  2013 ж.
БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ШЕШЕНДІК ӨНЕР
ӘОЖ 371:808

Каталог: files -> publications
publications -> Қ 25 Еуразияшылдық: теория және практика. Оқу қҧралы
publications -> А. А. Булатбаева
publications -> А. А. Булатбаева
publications -> Макашева К. Н., Идрышева Ж.Қ
publications -> История развития теоретической метеорологии в ХХ веке
publications -> И. Р. Гальперин: Мәтін әр түрлі лексикалық
publications -> С. Б. Бөрібаева Борибаева Сафура Болатовна Boribaeva Safura Bolatovna
publications -> Әл-Фараби атындағы ҚазҰу жоо-ға дейінгі дайындық факультеті
publications -> Л. Толстойдың «Той тарқар» шығармасының қазақ тіліне аударылу тарихы
publications -> Айтбаев Н. Б. (Қарағанды, Қармту) Айтбаев Б

жүктеу 3.77 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет