IV. Жұмбақ кейіпкерді тыңдау.
Жұмбақ кейіпкер: Мен 13 жастамын. Мен өзімді мазалаған ойларымды сіздермен бөліскелі келіп отырмын. Мен үйде жалғыз баламын. Ата – анам жұмыс басты адамдар. Жұмыс істеп жүріп, маған көңіл бөлуге, менімен әңгімелесуге де уақыт жоқ. Үнемі жалғызсырап жүремін. Сұраған ақшамды береді, барам деген жеріме жібереді. Маған ақшаның , байлықтың еш керегі жоқ. Маған тек ата – анамның аялы алақаны, мені еркелетіп бауырына басқаны керек. Ал менің ата – анам маған еш алаңдамайды. Өйткені, олар жұмыстан басқа еш нәрсені ойламайды. Бірде мынадай жағдай болды. Мен досымның үйіне барып, түнгі сағат 10 – ға дейін отырып қалдым. Үйге келсем ата – анам алаңдап отыр екен. Мен ата – анамның өзіме назар аударғанына іштей қуанып, осы жағдайды тағы қайталадым. Сондағы ойым ата – анамның көңілін, өзіме осы тәсілмен аудару, бірақ бұл жолы ата – анам маған дауыс көтеріп айқайлады. Мен мұнда ата – анамды жамандайын деп келгенім жоқ. Ата – анасына кім жамандық ойласын? Мен ата – анамның өзіме деген жылы сезімдерін қалай оята аламын? Маған осы жағынан көмек берсеңіздер екен. Менің орнымда болсаңыздар, сіздер не істер едіңіздер, достар?
Мұғалім: 1. Ата –аналар, бұл жағдайға не айтасыздар?
2.Балаға, ата – анасына қандай ақыл – кеңес айтар едіңіздер?
3.Осындай балалардан болашақта қандай азамат шығады деп ойлайсыздар?деген жетекші сұрақтар арқылы ата-аналар жұмбақ кейіпкерге өз ақыл кеңестерін берді.
Одан әрі ата-аналарға «Егер балам қатыгез, қайырымсыз, өзімшіл болып өспесін десеңіз» бала тәрбиесінде мына қателіктерге жол бермеңіздер деп жаднама таратылады.
Жаднама:
1 - қателік «Егер сен мен қалағандай болмасаң мен сені жақсы көрмеймін»
2 - қателік «Не істесең оны істе маған бәрібір»
3 - қателік: Аса қаталдық «Мен не айтсам соны орындауың керек, өйткені мен үйдің басшысымын»
4 - қателік Балаларды тым еркелету;
5 - қателік «Саған көңіл бөлуге уақытым жоқ»
6 - қателік Балаңызды тым көп ақшамен қамтамасыз ету;
7 - қателік Баланың ісіне көңіл - күйіңізге қарап баға беру, яғни көңіл - күйіңіз нашар болса оның қуанышына ортақтаспау, әңгімесіне құлақ аспау;
Келесі кезекте «Ақ және қара жәшік» ойыны ойнатылып, «Егер мен баламнан бақытымды көргім келсе...». Бойындағы балаға бергісі келетін жағымды қасиеттерді- ақ жәшікке, жаман қасиеттерін -қара жәшікке салды.
|
|