Тоқым – аттың арқасында ер батып, ауыртпауы үшін салынатын төсеніш. Ол киізден сырып жасалады немесе сырты түгелдей қалың былғарымен қапталады.
Терлік – қойдың жабағы жүнінен жасалып, тоқымның астына салынады. Шеттерін былғары немесе матамен көмкереді. Терлік аты айтып тұрғандай, тер сіңіру және аттың арқасына ердің қапталы батпау үшін қажет.
Тебінгі –ер-тұрман әбзелдерінің бірі. Тебінгі тоқым қысқа болған жағдайда аяқ-киім мен шалбардың балағын аттың терісінен қорғайды.
Үзеңгі – жануарға аяқ тіреп міну және отыру үшін қажет жабдық. Оны қоладан, темірден не ағаштан жасайды.