Үңірейген сағақ: жүйрік аттың алқымының, тыныс жолдарының кеңдігінің белгісі. Ағызып шауып келе жатып, ат дұрыс демалып отырса, өкпесі алқынбайды.
Шынтағы қабырғадан тұрса аулақ: шынтақ аттың қабырғасын, кеудесін, қолтығын қыспайтындай кең бітсе, онда еркін тыныстап, ұзаққа шабады.
Салқы төсті: омырауы алға шығыңқы біткен.
Бота тірсек: аттың ботаның тірсегіндей майыса біткен артқы аяқтары шапқанда, алға қарай серпінді, екпінді, алымды, жер тірегіш, адымдағыш келеді.
Жауырыны жалпақ: ұзақ жолға мінгенде, бәйгеге шапқанда, адамға үстінің жайлы тыныш болуының белгісі.
Теке мұрын, салпы ерін, ұзын тісті, жұмыр тұяқ, тақыр бақай: бәйге атының мықтылығының, төзімділігінің, күштілігінің, жүйріктігінің, әсемдігінің белгілері.
Жылқы түсін білдіретін атаулар: жирен, қылаң, бурыл, торы, шабдар, кер, қара кер.
Жылқының жасына қатысты атаулар: құлын, жабағы, тай, құнан, дөнен, байтал, бесті, бие, айғыр,ат.
Поделитесь с Вашими друзьями: |