ҚҰрастырушылар: Г. Т. Тұрсынова, Г. Д. Рыскелдиева



жүктеу 0.6 Mb.
Pdf просмотр
бет1/7
Дата05.06.2017
өлшемі0.6 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7

 



 

Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық  университеті 

 

Ақжан Машани атындағы Базалық білім беру институты 



 

Қазақ тілі кафедрасы 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



                                                       Г.Т. Тұрсынова 

                                                       Г.Д. Рыскелдиева 

 

  

 



ТАНЫМДЫҚ БАҒЫТТАҒЫ ТАПСЫРМАЛАР 

  

(Қашықтықтан білім беру институты бойынша оқитын студенттер үшін) 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Алматы 2012 



 



ҚҰРАСТЫРУШЫЛАР: Г.Т.Тұрсынова, Г.Д.Рыскелдиева. Танымдық 

бағыттағы тапсырмалар (Қашықтықтан білім беру институты бойынша оқитын 

студенттер үшін). Алматы: ҚазҰТУ,  2012. 60 б. 

 

 

 



Қашықтықтан  білім  беру  институты  бойынша  оқитын  студенттеріне 

арналған танымдық бағыттағы тапсырмалар сырттай оқу бөліміндегі оқитын 

студенттердің 

дүниетанымдық 

көзқарастарын 

кеңейтуге, 

олардың 

мамандыққа деген қызығушылықтарын арттыруға бағытталған. 

 

 

 



 

Әдебиеттер тізімі – 44 атау. 

Пікір жазған – фил.ғыл.канд., профессор Ұ.Р.Шүленбаева   

 

 



 

 

 



 

 

Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым  министрлігінің  2012  жылғы  



бекіткен Типтік оқу бағдарламасына сай басылды. 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



© ҚазҰТУ, 2012 ж. 

 

 



 

 

 



 

Құрама жоспар 2012 



Тұрсынова Гүлбаршын Тұрсынқызы,  

Рыскелдиева Гүлдария Дәулетқазықызы 

 

 

ТАНЫМДЫҚ БАҒЫТТАҒЫ ТАПСЫРМАЛАР 



  

(Қашықтықтан білім беру институты бойынша оқитын студенттер үшін) 

 

 

 

  Редакторы                                                     Жақсыбаева Т. 



 

 

БЕКІТІЛГЕН –  Ақжан Машани атындағы Базалық білім беру иститутының ҒӘК 



төрағасы Р.Ш.Бердібаев 24.04. 2012 ж. 

 

КЕЛІСІЛГЕН –  Қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі Г.Т.Тұрсынова 



21.02.2012ж.  

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

                                                                                            



 

 

 



 

Басуға қол қойылды __________2012ж. 

Таралымы ____дана. Пішімі 60х84. №1 баспаханалық қағаз. 

Тапсырыс № ____Көлемі ____оқу-баспа табақ. Бағасы келісімді. 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетінің басылымы 

ҚазҰТУ-дың Ғылыми-техникалық баспа орталығы,  

Алматы қ., Ладыгин көшесі, 32. 

 

 



 



КІРІСПЕ 



 

Тілден биік асқар жоқ,  

            тілден асқан байлық жоқ,  

 

                          тілден терең теңіз жоқ. 

 

Ғ. Мүсірепов 

 

Елімізде  білім  берудің  жаңа  жүйесі  жасалып,  оның  мазмұнының 



түбегейлі  өзгеруі,  әлемдік  білім  кеңістігіне  енуі  –  қашықтықтан  оқыту 

жүйесіне  мүмкіндік  туғызып  отыр.  Осыған  орай  республикамызда  орта, 

арнаулы,  жоғары    оқу  орындарында  оқытуды    жаңа  технологияға  көшіру, 

модульді  оқыту  кең  түрде  қолдану  жолға  қойылды.  Сондай-ақ,  «Қазақ  тілі» 

пәні  бойынша  барлық  мамандықтағы  сырттай  оқитын  студенттерге 

қашықтықтан білім беру жүйесі іске асырылуда. 

         Әдістемелік нұсқау студенттерге күнделікті  қоғамдық-әлеуметтік  және 

тұрмыс-тіршілік қатынаста қолдануға қажет білім, білік, дағдыны меңгертуге 

бағытталған. 

Еліміздің 

түкпір-түкпірінде 

техника 


саласы 

бойынша 


маманданып жүрген өзге ұлт студенттерін қазақ тілі пәні бойынша білімдерін 

шыңдауға арналған.  

Әдістемелік  нұсқаудың    жалпы  мақсаты  –  техникалық  жоғары  оқу 

орны 


студенттеріне 

мемлекеттік 

тілдің 

грамматикалық 



қырларын 

қашықтықтан  меңгерту.  Тілді  қатысымдық  тұрғыда  меңгеру  –  олардың 

өздерінің сөздік қорын  тұрмыс-тіршілікте, қоғамдық-әлеуметтік салада және 

оқу үрдісінде еркін пайдаланып, сауатты жаза білуінде көрініс береді.  

Қашықтықтан оқу студенттен шығармашылық ізденістерді қажет етеді. 

Оқытудың  өзі,  нәтижеге  бағытталған  білім  беру  болғандықтан,  әдістемелік 

нұсқау  мазмұнында  оқыта  үйретуге  байланысты  тапсырмалар,  өзге  ұлт 

студенттерінің    ерекшелігін,  қабылдау  мүмкіндіктерін  ескере  отырып, 

танымдық көзқарастарын кеңейтетін мәтіндер алынды.  

       Қашықтықтан  оқыту  үшін  оқытудың  жалпы  дидактикалык  бес  әдісін 

қолдануға 

болады: 


 

ақпараттық-іздену, 

репродуктивті, 

мәселелік 

мазмұндау,  эвристикалық,  зерттеу.  Әдістемелік  нұсқауда  осы  әдістердің 

барлығына,  соның  ішінде  деңгейлеп  оқытуға  негізделген  коммуникативтік 

бағдарлап  үйрету  әдісіне  құрылды.    Бұл  студенттің  оқу  және  сөйлеу 

дағдыларын  дамытуды  мақсат  етеді.  Оқытудың  бұл  түрі  –  студенттен 

шығармашылық  ізденістерді  қажет  етеді.  Сондықтан  танымдық  бағыттағы 

тапсырмалар сырттай оқу бөліміндегі оқитын студенттердің дүниетанымдық 

көзқарастарын  кеңейтуге,  олардың  мамандыққа  деген  қызығушылықтарын 

арттыруға бағытталған.  

 

 

 

 

 

 


 



Таным деректер 



ҚАЗАҚ 

«Қазақ»  сөзінің  шығуы  жөнінде  көптеген  пікірлер  бар.  Ғалымдар  бұл 

атауды  көбінесе  «еркін»  сөзімен  байланыстырады.  «Қазақ»  сөзі  тарихи 

жазбаларда  алғаш  рет  ХІІІ  ғасырда  қолданылған.  Қазақ  атауымен  мемлекет 

ретінде белгілі болуы ХV ғасырға келеді. 1456 жылы Керей хан мен Жәнібек 

хан  қазіргі  Шу  өңіріндегі  Қозыбасы  деген  жерде  Қазақ  хандығын  құрды. 

Қазақ халқының хандық жүйеде мемлекет ретінде өмір сүруі ХІХ ғасырдың І 

жартысына  дейін  жалғасты.  Осы  кезеңнен  бастап  тәуелсіздік  алған  1991 

жылға  дейін  Қазақстан  Ресей  мен  Кеңес  одағының  құрамында  болып  келді. 

Қазіргі кезде қазақ халқы Қазақстан Республикасының 60 пайыздан астамын 

құрайды.  Қазақтар,  сонымен  қатар,  Қытайда,  Өзбекстанда,  Ресейде  үлкен 

диаспора болса, Азия, Еуропа  елдерінде де бар. 



 

 

 

ҚАЗАҚСТАН 

Қазақстан  Республикасы  –  Еуразия  деп  аталатын  құрлықтар 

кеңістігінің  дәл  ортаңғы  бөлігінде  орналасқан  ел.  Оның  батыс  аймақтары 

Еуропа құрлығының жерінде жатыр. Қазақтар Жайық деп атайтын Орал өзені 

– Еуропа мен Азияны бөліп тұратын шекара. Ал еліміздің солтүстігі, шығысы 

мен  оңтүстігі  Азия  құрлығында  орналасқан.  Қазақстан  Республикасының  

аумағы – 2 миллион 724 мың  шаршы  километрді құ райды. Жерінің аумағы 

жөнінен ол бүкіл дүниежүзінде 9-орында тұр. Мұндай жерге Франция сияқты 

5 мемлекетті сыйғызып жіберуге болады. 1999  жылғы  ресми санақ бойынша 

Қазақстанда  15  миллион    шамасында  халық  тұрады.  Жыл  өткен  сайын  бұл 

цифр  ұлғая  түсуде.  Елімізде  халықтың  53,4  пайызын  құрайтын  байырғы 

халық  қазақтардан  басқа  ұлттардың  да  өкілдері  тұрады.  Шамамен  алғанда, 

орыстар – 30, украиндар – 3,7, өзбектер – 2,5 пайызды құрайды. Сондай – ақ 

елімізде  немістер,  ұйғырлар,  кәрістер,  дұнғандар,  түріктер  және  басқа 

халықтардың өкілдері бар.  

Қазақстан  Республикасының  астанасы  1998  жылы  Алматы  қаласынан 

Астана  қаласына  көшірілген.  Ел  басшысы  –  Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаев 

1999 жылы бүкілхалықтық сайлау нәтижесінде сайланған Президент.  

Қазақстан  Республикасында  14  облыс,  159  аудан,  85  қала,  195  кент, 

2150  ауылдық  және  селолық  округтер  бар.  Еліміздің  Еділ  өзенінің  төменгі 



 

ағысынан  Алтай  тауына  дейінгі  ұзындығы  3000  километрдей  болса,  Батыс 



Сібір  жазығынан  Іле  Алатауына  дейінгі  аралығы  мың  жарым  километрден 

астам.  Ал  Қазақстан  шекарасының  жалпы  ұзындығы  15  мың  километрге 

жетеді. Еліміз батысы мен солтүстігінде Ресей Федерациясымен, оңтүстігінде 

Түркіменстан,  Өзбекстан  және  және  Қырғызстан  республикаларымен,  ал 

шығысында  Қытай  Халық  Республикасымен  шекаралас.  Азаттық  үшін 

болған  екі  жарым  ғасырдан  астам  уақыт  күрестен  кейін  қазақ  халқы 

тәуелсіздікке  1991  жылдың  16  желтоқсанында  қол  жеткізді.  Сондықтан  да 

жыл  сайын  16  желтоқсан  Қазақстан  Республикасының  тәуелсіздік  мерекесі 

ретінде  ресми  аталып  өтеді.  Қазақстан  –  Біріккен  Ұлттар  Ұйымының  тең 

құқықты мүшесі.  

Қазақстанның  табиғаты  мейлінше  алуан  түрлі.  Оның  байтақ  жерінде 

тау да, төбелер мен жазықтар да бар. Қазақстан жерінің ең биік нүктесі – Хан 

Тәңірі шыңы теңіз деңгейінен 6995м жоғары, ал ең төменгі нүктесі – Қарақия 

ойпаты теңіз деңгейінен 132 м төмен жатыр.  

Қазақстандағы өсімдіктердің жалпы  түрлері 6 мыңнан астам. Олардың 

ішінде  емдік  қасиеті  барлары,  сирек  кездесетін  түрлері  де  аз  емес.  Ал 

құстардың  түрі  500-ден  астам.  Өзен-көлдерде  балықтың  107  түрі  өсіп-өніп 

жатса, далалар мен ормандардағы жабайы аңдардың түрі 178-ге жетеді екен. 

Атырау  теңізінің  ең  терең  жері  600  м-ге  жетеді.  Ел  аумағының  10-нан  бір 

бөлігін таулар алып жатыр.  



 

ҚАЗАҚ ТІЛІ 

Қазақ  тілі  –  қазақ  халқының  ана  тілі,  Қазақстан  Республикасының 

мемлекеттік тілі.  Қазақстан тілі XV ғасырдағы қазақ хандығы тұсында әбден 

қалыптасып болған еді. Ол 1989 жылдан бастап Қазақстан Республикасының 

мемлекеттік тілі мәртебесіне ие болды. Қазақ тілі осы мемлекеттің түпкілікті 

тұрғындары қазақтардан басқа Қытай Халық Республикасы, Монғолия, Иран, 

Ауғанстан,  Түркия  мемлекеттері  мен  ТМД-ның  Ресей,  Өзбекстан, 

Қырғызстан,  Түркіменстан  сияқты  республикаларында  тұратын  қазақтардың 

да  ана  тілі.  Қазақ  тілі  батыс  түркі  тілінің  қыпшақ  тармағына  жатады.  Бұл 

тармаққа кіретін тілдер – қарақалпақ, ноғай, татар, башқұрт, қырғыз, Қырым 

татары, қарашай, балқар, құмық және т.б. тілдері.  

Тіл  байлығы  –  әрбір  елдің  ұлттық  мақтанышы.  Қазақ  тілінің  байлығы, 

көркемдігі 

ауыз 


әдебиетімізден, 

ХV-ХVІІІ 

ғсырлардағы 

жыраулар 

поэзиясынан,  би-шешендердің  сөздерінен,  Махамбет,  Дулат,  Мұрат 

толғауларынан бастап байқалды. Тіліміздің жаңа көркемдік деңгейге жетуіне 

Абай  ұлы  үлес  қосты.  Қазақ  тілінің  көркемдік  байлығын  арттыруға 

М.Жұмабаев,  М.Әуезов,  Ж.Аймауытов,  Б.Майлин,  І.Жансүгіровтердің,  одан 

беріде  М.Мақатаев,  Қ.Мырзалиев,  С.Мұратбеков,  Қ.Жұмаділов,  М.Мағауин, 

М.Шаханов,  Ұ.Есдәулет,  Е.Раушанов  т.б.  қаламгерлердің  еңбектері  ерекше. 

Тіліміздің  көпқырлылығы  мен  икемділігі  баспасөз  тілінен,  ғылыми,  іскери 

стильдерден  анық  байқалады.  Қазіргі  кезде  қазақ  тілінде  көптеген  салалық 

сөздіктер,  синонимдер,  фразеологиялық,  түсіндірме  сөздіктер  көптеп  жарық 

көруде.  Осылардың  барлығында  тіліміздің  тереңдігі  мен  мазмұндылығы, 



 

жалпы байлығы көрініп жатыр. Тіл – әрбір ұлттың тарихы, мінезі, болмысы, 



кәсібі,  дүниетанымы,  ойлау  қабілеті  сақталатын  асыл  қазына.  Ол  ата-анадан 

балаға  мирас  болып  қалып  отыратын  баға  жетпес  мұра.  Сондықтан  әр  адам 

ана тілін көзінің қарашығындай қорғауы, оның орынсыз шұбалануына қандай 

жағдайда  да  жол  бермеуі  керек.  Елбасы  Н.Ә.  Назарбаев  «Қазақ  қазақпен 

қазақша  сөйлессін»,  «Қазақстанның  болашағы  –  қазақ  тілінде»  деген 

тұжырымдаманы үнемі айтып келеді.  



 

ЕЛТАҢБА 

Қазақ халқы көптен күткен тәуелсіздікке қол жеткізді. Егемен мемлекет 

болды.  Әрбір  азат  елдің  өзінің  тәуелсіздігін  білдіретін  басты  белгілері 

болады. Олар сол елдің Ата заңы, мемлекеттік рәміздері, ұлттық валютасы.  

 

1992  жылы  4  маусымда  егемен  еліміз  Қазақстан  Республикасының 



мемлекеттік  рәміздері  қабылданды.  ҚР  Мемлекеттік  Әнұраны,  ҚР 

Мемлекеттік Елтаңбасы, ҚР Мемлекеттік Туы.  

 

Мемлекеттік 



елтаңбамыздың 

авторлары 

– 

Ж.Мәлібеков 



пен 

Ш.Уәлиханов.  Елтаңбамыздың  негізі  –  шаңырақ.  Ол  елтаңбаның  жүрегі. 

Шаңырақ  мемлекеттің  түп-негізі  –  отбасының  бейнесі.  Шаңырақ  –  Күн 

шеңбері.  Айналған  күн  шеңберінің  қозғалыстағы  суреті  іспетті,  Шаңырақ  – 

киіз  үйдің  күмбезі  көшпелі  түркілер  үшін  үйдің,  ошақтың  отбасының 

бейнесі. Тұлпар дала дүлдүлі, ер-азаматтың сәйгүлігі, жеңіске деген жасымас 

жігердің, 

қажымас 


қайраттың, 

мұқалмас 

қажырдың, 

тәуелсіздікке, 

бостандыққа  ұмтылған  құлшыныстың  бейнесі.  Шаңырақтың  айналасындағы 

уықтарды  тұлпардың  қанаты  қоршап  тұр.  Қанатты  тұлпар  –  қазақ 

поэзиясындағы  кең  тараған  бейне.  Ол  ұшқыр  арманның,  талмас  талаптың, 

асыл  мұраттың,  жақсылыққа  құштарлықтың  кейпі.  Қанатты  тұлпар  Уақыт 

пен  Кеңістікті  біріктіреді.  Бір  шаңырақтың  астында  тату-тәтті  өмір  сүретін 

Қазақстан  халқының  өсіп-өркендеуін,  рухани-байлығын,  сан  сырлы,  алуан 

қырлы бет-бейнесін паш етеді. Елтаңбаның жоғарғы жағындағы бесбұрышты 

жұлдыз  оның  тәжі  іспетті.  Әрбір  адамның  жол  нұсқайтын  жарық  жұлдызы 

бар.  

 

                                               Гимн 

2006  жылы  7  қаңтарда  Қазақстан  Республикасының  жаңа  Мемлекеттік 

Гимн қабылданды. Шәмші Қалдяқовтың «Менің Қазақстаным» әні Қазақстан 

Республикасының  гимні  деп  жарияланды.  Кезінде  Жұмекен  Нәжімеденов 

жазған  ән  сөзіне  Елбасы  Нұрсұлтан  Назарбаевтың  бастамасымен  кейбір 

түзетулер  енгізілді.  Елбасының  ұсынысы  бойынша  біріншіден,  гимннің 


 

10 


мәтінінде  ғасырлар  бойы  тәуелсіздік  үшін  күрескен  бабалар  ерлігі  көрініс 

тапты.  Екіншіден,  мәтінде  асыл  мұрамыз  –  еліміздің  кең  байтақтығы, 

үшіншіден, жер мен ел байлығы біздің ұрпақтарымыздың болашағына айқын 

жол ашатыны көрініс тапқан. Ең бастысы – тәуелсіздігіміздің алтын діңгегі – 

ел бірлігі баса айтылған. 

 

 



ТУ 

Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің бірі Мемлекеттік Ту. 

Оның  авторы  –  суретші  Ш.Ниязбеков.  Мемлекеттік  туымыз  бірыңғай 

көгілдір  түсті.  Бұл  түс  төбедегі  бұлтсыз  ашық  аспанды  елестетеді.  Бұлтсыз 

ашық  аспан  әрқашан  да  бейбітшіліктің,  тыныштық  пен  жақсылықтың 

нышаны.  Көк  түсті  таңдауы  –  Қазақстан  халқының  бірлік,  ынтымақ  жолына 

адалдығын  білдіреді.  Нұрға  малынған  алтын  күн  тыныштық  пен  байлықты 

бейнелейді.  Күн  –  қозғалыс,  даму,  өсіп-өркендеудің,  өмірдің  бейнесі. 

Қанатын  жайған  қыран  құс  –  бар  нәрсенің  бастауындай,  билік,  айбындылық 

белгісі.  Күннің  астындағы  қалықтаған  қыран  елдің  еркіндік  сүйгіш  асқақ 

рухын, қазақ  халқының жан дүниесінің  кеңдігін жария етіп тұрғандай. Ағаш 

сабына  бекітілген  тұстағы  тік  жолақ  ұлттық  оюлармен  өрнектелген.  Күн, 

қыран, ою-өрнек – алтын түсті.  

 

 

АСТАНА 

Бүгінде  жас  қазақ  мемлекетінің  астанасы  ретінде  әлемді  тамсандырып 

отырған  Астана  қаласы  жайлы  деректер  көп.  Ол  Есіл  өзенінің  оң 

жағасындағы жазық жерге орналасқан және Есіл өзенінің көшкен ел аттылы-

жаяу  өте  беретін  бұл  тайыздау  жерін  Сарыарқа  қазақтары  Қараөткел  деп 

атаған.  

Ақмола  қаласының  негізі  1830  жылы  қаланды.  Оның  атауы  13-14 

ғасырларда  тұрғызылған  ақ  күмбезді  бейітке  байланысты  туған.  Әуелде 

Ақмола  әскери  бекініс  болған,  кейіннен,  1862  жылы,  сол  жерге  қала 


 

11 


мәртебесі  берілген.  1863  жылы  Ақмола  округ,  1868  жылы  уезд  орталығына 

айналды.  Қала  Орта  Азия,  Сібір,  Орал  өңірлерін  жалғастыратын  керуен 

жолында  орналасқандықтан,  жедел  дамып,  қазақ  даласындағы  ірі  әкімшілік, 

сауда,  шаруашылық  және  мәдени  орталыққа  айналды.  1914  жылы  қалада  3 

кірпіш,  4  май  өңдеу,  2  тері  илеу,  1  сыра  қайнату  зауыттары,  қасапхана,  20 

шеберхана  жұмыс  істеді.    Мәдени-ағарту  орындарынан  1  реалдық,  3  жалпы 

білім  беретін  училище,  ауыл  шаруашылығы  мектебі,  медресе,  2  кітапхана 

болды. Қала тұрғындарының саны 1914 жылы 15 мыңға жетті. 

Кеңес  дәуірінде  де  Ақмола  Орталық  Қазақстанның  қоғамдық-саяси, 

экономикалық  және  мәдени  өмірінде  үлкен  орын  алды.  1929  жылы  қалаға 

алғашқы  поезд  келді.  1950  жылы  қалада  58  өнеркәсіп  орны  жұмыс  істеді. 

1954  жылы  5  наурызда  Ақмолаға  тың  игерушілер  тиелген  алғашқы 

эшалондар  келіп  тоқтады.  1956  жылы  26  желтоқсанда  Тың  өлкесі  құрылып, 

Ақмола  оның  орталығы  болды.  Қаланың  аты  1961  жылы  20  наурызда 

Целиноград болып өзгертілді. Қалада алғашқы жоғары оқу орындары – ауыл 

шаруашылығы  институты,  пединститут,  инженер-құрылыс  институттары 

ашылды.  1960-80  жылдары  қалада  30  жобалау  және  ғылыми-зерттеу 

институттары ашылды. 1965 жылы Тың өлкесі таратылып, 1994 жылы қалаға 

ежелгі Ақмола аты қайтарылды.  

Ақмоланың  геосаяси  тұрғыдан  тиімді  орналасуы,  өнеркәсіптік  әлеуеті, 

құрылыс индустриясын дамытуға қажетті базасының болуы және ірі тасымал 

торабына  орналасуы  ескеріліп,  1994  жылы  ҚР  Жоғары  Кеңесі  және  1996 

жылы  6  шілдедегі  Министрлер  кабинеті  ҚР-ның  астанасын  Алматыдан 

Ақмолаға  көшіру  туралы  қаулылар  қабылдады.  1997  жылы  20  қазанда 

Н.Ә.Назарбаев  «Ақмола  қаласын  ҚР-ның  астанасы  деп  жариялау  туралы» 

жарлыққа  қол  қойды.  1998  жылы  6  мамырда  Елбасының  жарлығымен  ҚР 

астанасы  –  Астана  қаласы  болып  аталды,  ал  20  мамырда  «Қазақстан 

Республикасы  астанасының  мәртебесі  туралы»  ҚР-ның  Заңы  қабылданды. 

Осы  жылға  10  маусымда  тәуелсіз  Қазақстанның  жаңа  Астанасының 

салтанатты  ашылу  рәсімі  өтті.  Астана  қаласы  2  ауданға  –  Сарыарқа  және 

Алматы аудандарына бөлінеді. 

 

 

 

 


 

12 


 

БӘЙТЕРЕК 

 

Астана  қаласында  2001  жылы  салынған  мәдениет  және  сәулет 



туындысы.  Бәйтерек  Астана  қаласының  жаңа  орталығының  орта  тұсында 

орналасқан.  Қазақстан  астанасының  Ақмолаға  көшкен  жылына  байланысты 

ғимараттың  биіктігі  97  метр  болып  белгіленген.  Әсемдеп  жасалған  темір 

конструкциялардың 

жоғары 

жағында 


жұмыртқа 

бейнесіндегі 

шар 

орналастырылған.  Бұл  аңыз  бойынша  самұрықтың  жұмыртқасы  іспетті. 



Жұмыртқа байлықты, дәулетті, тыныштықты білдіреді. Өйткені самұрық құс 

өз  дұшпандарынан  сақтанып,  жұмыртқасын  осындай  биік  ағаштың  басына 

салады  екен.  Осы  идея  Бәйтеректің  дүниеге  келуіне  себеп  болған.  Қазіргі 

кезде Бәйтерек Астана қонақтарының міндетті түрде баратын мәдени орнына 

айналды.  Астананың  рәміздік  бейнесіне  айналған  Бәйтерек  елордада  өтетін 

әртүрлі  шаралардың,  жиындардың,  шығарылатын  кітаптардың  таңбалық 

белгісіне  айналып  отыр.  «Бәйтерек»  атауымен  еліміздің  әр  түкпіріндегі 

нысандары аталып жүр.  



Е.Тілешов 

 

 

 

АЛМАТЫ 

 

Алматының  ресми  тарихы  1854  жылдан  басталады.  Алматы  өзенінің 



жағасында салынған бекініс көп ұзамай Верный деген атқа ие болған. Алайда 

ХVІ  ғасырдың  бірінші  жартысында  өмір  сүрген  мемлекет  қайраткері,  ақын 

Захириддин  Мұхаммед  Бабырдың  шығармасында  болашақ  Алматының 

орнында Алмату атты ортағасырлық қала болғаны айтылады.  

 

«Үлкен  Алматы»  аймағын  адамдар  ерте  кезден-ақ  игерген.  Х-ІХ 



ғасырларда  мұнда  отырықшы  мекендер  болған,  олардың  тұрғындары 

егіншілікпен, мал шаруашылығымен айналысқан. Қаланың сол жақ шетіндегі 

шағын  мекенжайдан  табылған  қыш  ыдыстардың  Ферғанадан  табылған 

ыдыстарға ұқсас болуы осы екі аймақ арасында қола дәуірінің өзінде мәдени 

байланыс болғанын дәлелдейді. Бұл байланыс кейініректе сақтар дәуірінде де 

жалғаса  түсті.  Ол  кездерден  «сақ  патшалары»  әулетінің  аумақты  оба-

қорғандары  бар.  Қазіргі  Алматының  шығыс  жағында  үш  қорғаннан  тұратын 

бір  топ  ескерткіш  сақталған.  Есік  қорғанынан  табылған  материалдар 



 

13 


сақтартың  белгілі  адамдарын  алтын  киімдерімен,  қару-жарақтарымен,  асыл 

тастарымен қоса жерлегенін дәлелдейді. Ғұрыптық ескерткіштердің қатарына 

құрбандық  сәкісі  жатады.  Соның  ішінде  Верный  қаласының  маңынан 

табылған,  В.С.Стрельцов  жариялаған  «жетісулық  алтарь»  деп  аталатын 

ескерткіш  әйгілі  болған.  Ол  –  төрт  сирақты  аласа  үстел.  Үстелдің  бет 

тақтайының  ернеуіне  қанатты  барыстың  25  мүсіні  салыныпты.  Тағы  да 

осындай құрбандық сәкісі Алматыда, ашылып қалған қорғаннан табылды. Ол 

төрт  бұрышты,  конус  түріндегі  тұғыры  бар  үстел.  Төрт  бұрышында  қанатты 

барыс,  табанының  жиектеріне  жеті  жолбарыстың  мүсіні  салынған,  ал 

ортасында  екі  түйенің  бейнесі  бар.  Сақтардың  өзгеше  бір  храмдары  мен 

қасиетті  орындарының  бөлшектері,  көпке  белгілі  «Қарғалы  диадемасы» 

Алматы  маңындағы  көшпелілердің  идеологиясы  жөнінде  білуге  көп 

мүмкіндік туғызады.  

 

Алматы-І  қаласының  орны  қаланың  оңтүстігіндегі  «Горный  гигант» 



колхозының жерінде орналасқан. Қала екі қатпардан тұрады, терең орлардың 

ішіне  салынған,  бұл  оның  қорғаныс  қабілетін  арттыра  түскен.  Жалпы 

топографиялық  белгілеріне  қарағанда,  оның  ІХ-ХІІІ  ғасырларға  жататыны 

анықталған.  Алматы-ІІ  қаласының  орны  Кіші  Алматы  өзенінің  бойында, 

қазіргі  шекара  училищесі  тұрған  жерде  болатын.  Құрылыс  жұмыстары 

кезінде  бұл  арадан  орта  ғасырлық  ұстахана,  дайын  бұйымдар,  кетпен, 

соқаның  тісі,  темір  қазанның  бүйірі  табылған.  Осы  жерден  балқыған  металл 

құятын  шөміш  пен  су  құятын  екі  құмыра  да  шықты.  Есентай  (Весновка) 

қаласы  Алматыдағы  Ботаника  бағының  шеңберінде,  Ремизовка  мекені  Әл-

Фараби көшесінің жоғары жағында, Тереңқора қаласының орны Алматының 

солтүстігіндегі «Заря Востока» поселкасының жерінде жатыр. 

 

Сонымен,  археологиялық  олжалар  Алматының  тарихын  едәуір 



ұзартып, оны Шығыстың көне қалаларының қатарына қояды. 

А.Мұсабекова 

 


Каталог: download -> version -> 1473138657 -> module
version -> Сабақтың тақырыбы: Векторлар. Сабақтың мақсаттары: Білімділік: Векторларларға амалдар қолдану
version -> Сабақ: №1 Пән: алгебра Сынып: 10
version -> Құрастырғандар
version -> "Білім беру ұйымдарында пайдалануға рұқсат етілген оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, оқу құралдарының және басқа да қосымша әдебиеттердің
version -> Сабақтың тақырыбы: Пайыз және күнделікті пайыздың есептері
module -> Тұрсынова Г. Т. Рыскелдиева Г. Д
version -> Абай Құнанбаев атындағы орта жалпы білім беру мектебі
version -> Презентация; мультимедийный проектор; Ход мероприятия I. Организационный момент. Как бы мне хотелось

жүктеу 0.6 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет