Рашит каренов. Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі, профессор «Ғылыммен дүниеге шықса даңқы, Ө з І ө л с е д е ө л м е й д І о н ы ң а т ы»



жүктеу 266.76 Kb.
Pdf просмотр
бет1/2
Дата08.09.2017
өлшемі266.76 Kb.
#11998
  1   2

Рашит КАРЕНОВ. 

Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі, профессор 

«Ғылыммен дүниеге шықса даңқы, 

Ө з і  ө л с е  д е  ө л м е й д і  о н ы ң  а т ы » 

Халық  д а н а л ы ғ ы . 

1. АЛҒЫСӨЗ 

Кезінде бір ақын: 



«Ешкімнің қосалқы бір өмірі жоқ, 

Ғасыр қанша болса да созылмалы -

Жетпес бізге ғасырда соның бәрі» -

деп айтқан екен. 

Адамның жұмыр Жер бетінде 

тұрақтауы мен өмірге келуі өзінің 

қалауы бойынша жүзеге асатын 

дүние емес.  Қашан,  қай жерде,  қан-

дай дәстүрлер мен заң тұрғысында 

дүниеге келетіндігін адам алдын ала 

болжай алмайды. Өзінің қанша өмір 

сүретінін де ешкім біле бермейді. 

Адамға тікелей  қатысты емес жағ-

дайлар да бірқатар межелерді, оның 

тағдырын анықтайды. 

Кәрім Мыңбаевтың маңдайына 

социализм  құрылысы кезеңінде 

Қазақстанда өмір сүру жазылған 

екен. Осы күрделі кезеңде қазақ ха-

лқының көптеген  ұлдары өз тағдыр-

ларын әр түрлі жолмен шешуге 

мәжбүр болды. К. Мыңбаев болса 

өзін  қоршаған нақты жағдай 

үстемдік жүргізген кезде жасампаз-

дық жолын, өз халқына  қызмет ету 

соқпағын таңдап алды. 

Ұлы адамдар күнде туа бермесе 

керек. Социологтар айтқандай, ел 

тағдырын  қара табан тобыр (люм-

пен-пролетар) шешпейді. Халықты, 

қоғамды алға бастайтын - ойдың, 

ақылдың адамдары. Солардың 

қадір-қасиетін түсінген, оларға ере 

білген ел ғана бақытты. 

Жапонның «Сони» фирмасының 

іргетасын  қалаушыларының бірі 

Морта мырза өзінің белгілі 

кітабында былай деп жазады: «1945 

жылы Хиросима мен Нагасакиде екі 

атом бомбасы жарылғанда еліміздің 

соғыста жеңілгенін, халқымыздың 

тағдырына үлкен  қауіп төнгенін 

түсіндік. Бізге ең бірінші келген ой, 

қайткенде де  ұлтымыздың ең талан-

тты адамдарын сақтап  қалу болды». 

Бүгінгі өсіп-өркендеп отырған Жа-

понияны көргенде бұл ойдың 

ақиқаттығына көз жеткендей. 

Ал біз болсақ, жақсыларымыз-

дың көбін сақтай алмадық. Кәрім 

Мыңбаев,  Қаныш Сәтбаев, Әлкей 

Марғұлан, Мұхтар Әуезов, Ермұқ-

ан Бекмаханов сұрапыл өрттен 

біздің бақытымызға кездейсоқ аман 

қалған даналар. К. Мыңбаев еңбек-

ке, күреске және үлкен өрлеуге 

толы жарқын өмір сүрді. Бойын-

дағы барын, бірін  қалдырмастан 

өмірінің соңғы күніне дейін халқы-

ның, елінің гүлденіп өркендеуіне ба-

ғыштады. Бір өкініштісі, Кәрім аға 

бүгінгі күнді,  құрсаудың  қираған 

күнін, еркіндік алғанымызды көре 

алмай кетті. Бауырын жазып шаба 

алмады. Іштерінде айтылмаған  қан-

шама сыр, орындалмаған небір ар-

ман кетті. 

2. БАЛАЛЫҚ ШАҒЫ, 

О Қ У ЖЫЛДАРЫ 

Адам бойындағы небір қасиеттер 

мен мінез-құлықтардың негізі бала-

лық шақта, өрімтал жас кезде  қала-

натыны белгілі. Тумысынан талант-

ты, ішкі жан дүниесі нәзік те сыр-

шыл, тіптен  ұяң, жылу мен жақсы-

лыққа  құшағы әркез ашық, өзінен 

де, көзінен де мейірім мен шуақ есіп 

тұратын халқымыздың аяулы аза-

маттарының бірі - Кәрім Мыңбаев 

1906 жылдың 15 тамызында  Қара-

ғанды облысының Нұра бойындағы 

Қолаң деп аталатын, жанға да, ма-

лға да жайлы шұрайлы жерде дүни-

еге келген. Бұл Патша өкіметінің 

қазақ даласын біржолата отарлап 

алу саясатының күшейіп тұрған кезі 

еді. Жергілікті халықтарды өзінің 

туып-өскен жерлерінен ығыстырып, 

олардың шұрайлы жерлеріне  қара 

шекпенділерді  қаптатып,  қоныстан-

дырып жатты. Олар өздері қоныста-

нған жерлердің бәрінде  қазақтың 

жер-су аттарын өзгертіп, өздеріне 

ұнаған атаулар қойып алған. Міне, 

бұрынғы  Қолаң деген  қазақша ата-

удың орнына Ивановка деген ат 

пайда болды. 

Бұл туралы белгілі  қаламгер, 

Қазақстан Жазушылар одағының 

мүшесі Махмет Темірұлы «Нұрадан 

ұшқан ақиық» атты мақаласында 

былай толғанады: «Бұрынғы Казго-

родок,  қазіргі Ивановка мекені 

тұрған жер  Қолаң деп  қалай аталғ-

ан? Осыны  қысқаша түсіндіріп 

өтейік. Ел аузындағы аңыз-әңгіме 

бойынша Нұра өзенінің осы өңірін 

жайлап,  қыстап жүрген елде Қолаң 

деген сұлу  қыз болыпты. Оның 

көріктілігі, әдемілігі сондай, оны 

көрген адам бірден есі тана ғашық 

болып  қалады екен. Сол кездегі 

ақындар: 

«Қолаңның он жетіге келген 

жасы, 

Төгілген аш беліне қолаң шашы. 

Қап-қара  қарлығаштың 

қанатындай, 

Қиылып ақ маңдайға түскен 

қасы», -

деп жырлаған. 

Мұндай сұлудың басын өмірі бос 

қояр ма? Алыстан да, жақыннан да 

дамыл таппай бай-бағлан келе беріп, 

ақыры  құда түсіп, атастырып тынғ-

ан. Бірақ қыз атастырған жерге бар-

ғысы келмей, сол маңайдағы 

жігіттердің ішіндегі ақылымен де, 

сымбаттылығымен де ерекше көзге 

түсіп жүрген азамат Кертіндіні 

сүйеді екен. Бұраңдап сыбдырлаған 



Нұраның талдары мен  құрақтарын 

ғана куә қылып, махаббат буына ба-

лқып жүрген кездерінде осы екі 

ғашық  қайғылы  қазаға душар бола-

ды. Бұлар  қайтыс болғаннан кейін 

олардың әрқайсысын өз мекендеріне 

апарып жерлейді.  Қызды жерлеген 

орын  Қолаң деп аталады да, жігітті 

жерлеген мекен Кертінді деп аталғ-

ан». 


Кәрім жастайынан еңбекке шы-

нығып, небір тұрмыс тапшылығы 

мен тағдыр  қиындықтарын көріп, 

бойына өмірге деген төзімділік пен 

болашаққа деген  құлшынысты жи-

нап өтті. Баланың көзі ашық, ойлы 

азамат боп өсуіне жазушы,  қоғам 

және мемлекет  қайраткері, Сәкен 

Сейфуллинмен  қызметтес болған 

туған ағасы Тұрысбек Мыңбаевтың 

ықпалы көп тиді. 

Отанға, өз халқына деген үлкен 

сезім, туған өлкесінің гүлденуіне 

қолдан келгенше  қолғабыс жасау 

құштарлығы К. Мыңбаевтың ал-

дыңғы өмірінің мақсаттары мен 

міндеттерін айқындап берген ең ба-

сты темірқазық болды. Мектептен 

кейін оқуын одан әрі жалғастыру, 

өз білімін көтеру қажеттігін ұғынды. 

Халқымыздың  қайнар бұлағы 

ауылда өскен Кәрім ел ахуалының 

малдың өнімділігіне, жердің  құнар-

лығына тікелей байланысты екенін 

ерте түсінген сияқты. Сондықтан да 

болар, ол болашақ мамандығын 

ауыл шаруашылығы саласына арнау 

керек деген шешімге келеді. 

Жас баладай аңғал мінезді ағасы 

Тұрысбектің тәрбиесі мен өнегесіне 

сусындап өскен ол 1928 жылы Ақмо-

ла қаласындағы орыс-қырғыз приход 

мектебін бітірісімен Ташкент  қала-

сындағы Орта Азия мақта-ирригация 

институтының жаңа техникалық да-

қылдар факультетіне түседі. 

Бақытқа орай, бұл институт жо-

ғары мәдениетті, алдыңғы ойлы 

профессор-педагогтарымен бай еді. 

Барлық білім беретін пәндер бойын-

ша байыпты білім беретін.  Қабілетті 

жас жігітке оқу оңай тиеді. Инсти-

тут жанындағы жақсы кітапхана 

және  қалалық кітапхана тек Шығыс 

пен Орыстың көркем классиктері 

ғана емес, Батыс шетел әдебиетімен 

кеңінен таныстырып, өз білімін 

жетілдіруге үлкен мүмкіншілік 

береді. Өйткені Кәрім ес біле баста-

ған уақыттан ғашықтық жырларды, 

қисса-дастандарды, тағы басқа өлең-

жырларды оқуға өте  құмар болған. 

Осының нәтижесінде өзі де өлең 

шығарып, ақын болсам-ау деп ар-

мандаған. 

1932 жылы институтты үздік 

бітіріп, егін шаруашылығының агро-

номы мамандығын алған Кәрім алғ-

ашқы еңбек жолын Грузиядағы Кав-

каз тәжірибе станциясында ғылыми 

қызметкерліктен бастады. Өз еліне 

1934 жылы оралып, алғашқыда Ал-

маты селекциялық станцияның аға 

ғылыми 


қызметкері болды. 

Кейіннен осы станцияға  қарасты 

Екінші каучук оқу-өндірістік шару-

ашылығының директоры  қызметін 

атқарып, бұл өсімдіктің келешегінің 

зор екенін,  қарқынды дамып келе 

жатқан автомобиль өндірісі үшін аса 

қажет өнім әрі әскери-стратегиялық 

мақсаттағы шикізат көзі екенін 

анықтап, осы салада ғылыми 

ізденістер жүргізуді алдына мақсат 

етіп  қойды. Сөйтіп, аса  қысқа 

мерзімде - институт бітіргеннен 

кейін бар-жоғы екі жыл өткенде ка-

учук беретін өсімдіктердің талас ту-

дырмайтын маманы болып  қалыпта-

сты. 

3. АКАДЕМИК 

НИКОЛАЙ ВАВИЛОВТЫҢ 

НАЗАРЫНА ІЛІГУІ 

Архивтік  құжаттарға сүйенетін 

болсақ, К. Мыңбаевтың ғылыммен 

бала кезінен-ақ айналысқанына, 

Қазақстанда ауыл шаруашылығы 

мен биология ғылымдарын дамы-

туға елеулі үлес  қосқандығына 

көзіңіз жетеді. Біздің республикада 

ғылымның осы саласының  қалыпта-

суы мен дамуы 20-шы жылдардан 

бастау алады. 1925 жылы  Қазақ са-

нитарлық-бактериологиялық инсти-

туты мен ғылыми-зерттеу мал 

дәрігерлік институты ашылған бола-

тын. Келесі жылы тыңайтқыш және 

агротопырақ тану ғылыми-зерттеу 

институты бой көтерді. Келесі жыл-

дары мал шаруашылығы (1933 

жылы) және жер өңдеу институтта-

ры (1934 жылы) ашылған еді. 1936 

жылы  Қарағанды ауыл шаруашы-

лық тәжірибе станциясы. алғашқы 

тәжірибе жұмыстарын жүргізе бас-

тады. 1940 жылы республиканың 

ғылыми-зерттеу мекемелері 

жүйесіне іргелі ғылыми орталық -

Бүкілодақтық ауыл шаруашылығы 

ғалымдары академиясының  Қазақ 

филиалы  қосылды. Әрине, осындай 

іргелі жұмыстардың басы-қасында, 

олардың  қалыптасуына Х.Д. Чурин, 

Д.А. Зыков, А.Д. Дауылбаев секілді 

білікті ғалымдармен  қатар Кәрім 

Мыңбаев та елеулі үлес  қосты. 

1936 жылы жас агроном Кәрім 

Мыңбаев академик Н. Вавиловтың 

назарына ілігіп, ол Ленинградтағы 

Бүкілодақтық өсімдіктану институ-

тының аспирантурасына шақырыла-

ды. Ол мұнда 1936-1939 жылдар 

аралығында бұрынғы шаруашылық-

та бастаған көксағыз туралы жұмы-

сын әрі  қарай жалғастырады. 

Самат Мұса «Қазақ биология 

ғылымының көшбасшысы» атты ма-

қаласында /«Егемен Қазақстан, 15 та-

мыз 2006 жыл, 2-ші бет/ К. Мыңба-

евтың аспирантурада оқыған жылда-

рын былай еске алады: «Аспиранту-

рада оқыған жылдар  қазақ ғалымы 

«Көксағызды жақсартудың негізгі 

жолдары» деген тақырыпта ғылыми-

зерттеу жұмысын орындайды. Жас 

Кәрім үшін осы кезең оның ғалым 

ретінде  қалыптасу мектебі болады. 

Ғылыми зерттеулерінің тақырып 

ауқымы айтарлықтай кеңдігімен, 

қызықты әрі көкейкестілігімен 

ерекшеленеді. Өйткені, көксағыз 

қажет етілмейтін сала халық шару-

ашылғында жоқ еді. Ресей көксағыз 

пайдалануда 1913 жылы әлемде 7-ші 

орында болса, КСРО 1940 жылы 

әлемде 2-ші, Еуропада 1-ші орынға 

шықты. Бұл өнім аса зор әскери-

стратегиялық маңызға ие болғандық-

тан, оған деген сұраныс та тиісінше 

арта түсті. Сондықтан, каучук алуға 

болатын өсімдіктерді жинастырып, 

зерттеу мақсатында экспедициялар 

ұйымдастыруға, олардың ішінен 

өнеркәсіптік каучук алу үшін перс-

пективаларын анықтауға тура келді. 

Перспективалардың арасында көкса-

ғыз да бар еді». 

Қазақстаннан келген жас маман-

ның ғылыми жетекші аты әлемге 

әйгілі генетик-ғалым, институттың 

директоры Н. Вавилов болды. Орыс 

ғалымының биология және ауыл 

шаруашылығы ғылымының сан алу-

ан салалары бойынша терең білімі 

ұштасып жататын. Оның әр ойы, 

әрбір пікірі терең мазмұнды және 

жан-жақты ойластырылған жатық 

тегіс болып келетін. Сондықтан, 

Кәрім үшін оның сүйікті ұстазы Ни-

колай Иванович Вавиловтың ықпа-

лы өте күшті болды. 

Кәрім Мыңбаевтың бүкіл өмір 

бойы өз мұғаліміне деген 

сүйіспеншілігі мен  құрметін сақтап 

өткенін, оның ұлы, АҚШ-тағы Нью-

Йорк университетінің профессоры 

Ж а ф ф а р Кәрімұлы журналист 

Жанболат Аупбаевпен телефон ар-



қылы сөйлескенінде былай есіне 

түсірді: «Төлқұжатым бойынша мен 

Ленинградта өмірге келген жанмын. 

Алайда, сәби кезгі санамда ол 

қаланың  қандай екендігі жадымда 

жөнді  қалған жоқ. Өйткені есімді 

енді-енді білгенімде Ұлы Отан соғы-

сы басталыпты да отбасымыз Алма-

тыға көшіріліпті. Мұны маған кейін 

анам Милица Васильевна айтқан бо-

латын. Әкем ол кезде атақты гене-

тик әрі селекционер Николай Ива-

нович Вавилов негізін  қалап кеткен 

Бүкілодақтық өсімдіктану институ-

тында аға ғылыми қызметкер болып 

істейді екен. «Лысенкошылардың» 

жалған іліміне  қарсы ымырасыз 

күрес ашып, 37-нің  қара  құйынына 

тап болған аяулы академик әкемді 

де, шешемді де жақсы білген сияқ-

ты. Олай дейтінім, отбасымызда Ни-

колай Иванович Вавиловтың есімі 

жиі аталатын және ол кісімен болғ-

ан жүздесу сәттері асқан бір 

сүйіспенпгілік сезіммен еске алына-

тын». 


Орыстың ғұлама ғалымы Нико-

лай Иванович Вавилов (1887-1943) -

совет генетигі, географ, екпе 

өсімдіктердің жер жүзіндегі алғашқы 

шығу орталықтары мен олардың та-

ралуы туралы ілімнің, осы кездегі 

селекцияның ғылыми негізін  құрау-

шы, СССР-дегі биология және ауыл 

шаруашылығы ғылымын  құрушы 

ғалымдардың бірі, қоғам қайраткері. 

СССР ҒА-ның академигі (1929 жыл), 

ВАС ХНИЛ-дің президенті (1929-1935 

жылдарда) және вице-президенті 

(1935-1940 жылдары), 1931-1940 

жылдары Бүкілодақтық география 

қоғамының президенті Н.И. Вавилов 

СССР-дің Еуропалық бөлігінің екпе 

өсімдіктерін зерттеген. Орта Азия, 

Греция, Италия, Португалия, Испа-

ния, Англия, Тунис, Марокко, Еги-

пет, Палестина, Сирия, Трансиорда-

ния, Эфиопия, Иран, Ауғанстан, 

Жапония, Батыстық  Қытай, Корея, 

Орталық және Оңтүстік Америкаға 

экспедициялар  ұйымдастырып және 

олардың бірнешеуін басқарған. Ака-

демик Н. Вавилов  қатты бидайдың 

шыққан жері Эфиопия екенін ашқ-

ан. Вавиловтың басшылығымен 

СССР-де 300 мыңнан астам екпе 

өсімдіктер түрі жинақталған және 

олардан негізінде көптеген жаңа сор-

ттар алынған. 

Н.И. Вавилов 1919 жылы 

өсімдіктер иммунитеті ілімін құрған, 

ол 1920 жылы тұқым  қуу 

өзгергіштігіндегі гомологиялық 

қатарлар заңын ашқан. «Ол кісі 

тіршілік түрлерінің генетикалық 

заңдылыққа бағынып, бар  қасиетін, 

өнімділігін өз  ұрпақтарына, тек ген-

дер арқылы беретіндігін ашқан ба-

тыс ғалымы Г. Мендельдің теория-

сын қостаған. Осыған орай Н. Вави-

лов өсімдіктердің қажет қасиеттерін 

селекциялық жолды пайдалана оты-

рып, жаңа сорттар шығару бағытын-

да пайдаланады. Бұл партия идеоло-

гиясына  қарама-қайшы еді. Оған 

Лысенко бастаған дарвинистер ба-

ғытындағы ғалымдар қарсы шығып, 

ғалымға буржуазиялық мендельшіл 

деп айып тағылып, істі болады. Со-

нымен әлемдік өсімдіктер коллекци-

ясын жинау жұмысы аяқтаусыз 

қалады. Соңынан  қамауға алынып, 

есіл азамат 1943 жылы Саратов 

абақтысында аштықтан көз жұма-

ды» /Ысқақов 3. Кәрім аға // «Ор-

талық  Қазақстан», 10 маусым 2006 

жыл, 6-шы бет/. 

Аты әлемге әйгілі академик Н.И. 

Вавиловты жан-жақты  қаралап, 

ақыры түрмеге тыққан сәттерде 

оның сүйікті шәкірті Кәрім Мыңба-

ев  қандай күй кешті екен? Иә, бұл 

мәселе жеке зерттеуді, жан-жақты 

байыптап, саралауды  қажет ететін 

сұрақ. 

Н.И. Вавилов аспиранттың ғылы-



ми жетекшісі ретінде К. Мыңбаев-

тың таңдап алған тақырыбының 

отандық автомобиль өндірісін дамы-

тудағы маңызын ескере отырып, ас-

пирантураны 1939 жылы бітірген 

Кәрімді институттың каучукті 

өсімдіктер бөлімінің меңгерушісі 

етіп тағайындайды. Бұл жұмыста 

жүріп, ол ғылыми жетекшісі  қама-

лардың алдында (1940 жылы) кан-

дидаттық жұмысын ойдағыдай  қор-

ғайды. 


Диссертациясын көпшіліктің ал-

дында табысты  қорғау, жарияланғ-

ан еңбектері ғалымдар мен осы сала 

мамандары ортасында К. Мыңбае-

вқа үлкен танымалдық пен мойын-

дау әкеледі. Айтылғандардың айға-

ғындай, оған зерттеу жұмыстарын 

докторантурада жалғастыру 

жөнінде  ұсыныс түседі. Жас ғалым 

Бүкілодақтық ауыл шаруашылық 

академиясының докторанты болады 

да, оның өсімдіктер бөлімінде аға 

қызметкер, артынан сол бөлімді ба-

сқарады. 

Осы тұста Кәрім Мыңбаевтың 

тағдырына соғыс келіп килікті. 

Бейбіт де жасампаз еңбек неміс ба-

сқыншыларының елімізге баса-

көктеп лап  қоюымен байланысты 

үзіліп  қалды. 



4.  ҰЛЫ ОТАН СОҒЫС ЖЫЛДАРЫ 

Азаматтық, патриоттық  ұстаны-

мға берік Кәрім Мыңбаев Кеңес 

ғалымдарының арасында алғашқы-

лардың бірі болып өзі сұранып май-

данға аттанады. Ол Омбыда әскери 

дайындықта болады. Үкімет көп ұза-

май К. Мыңбаевтың ғылыми жұмы-

сы каучуктің соғысқа  қатысты ма-

ңызды өсімдік екенін ескере отырып, 

оны ғылыми жұмысын жалғасты-

руға босатады. Кәрім бұрынғы ин-

ститутының  қарамағына жіберіледі. 

Бұл уақытта Бүкілодақтық 

өсімдіктер институты Красноуфимск 

қаласына көшірілген болатын. Сон-

дықтан Кәрім жасап кеткен көксағыз 

өсімдіктерінің жаңа жүйесі жоғалып 

кеткен еді. Әскерден қайтқан ғалым 

көксағызға байланысты жұмыстарын 

өзінің туған елі  Қазақстанда жалға-

стыруды жөн деп шешеді. 

1942 жылы елге келген жас 

ғалымды  Қазақстан Үкіметі үлкен 

ықыласпен  қабыл алып, оны  Қазақ 

ССР Жоспарлау комитеті төрағасы-

ның орынбасары  қызметіне тағай-

ындайды. Осы  қызметімен  қоса ол 

республиканың Мақтаарал, Киров, 

Ильичев,  Қызылқұм аудандарында 

каучук өндірісіне қажетті өсімдіктер 

шаруашылықтарын  құруды  қолға 

алады. 

Ғылым мен мемлекеттік қызметті 



қатар жүргізген Кәрім Мыңбаев 

Оңтүстік  Қазақстан облысы айма-

ғында каучукті көп беретін көкса-

ғыздың жаңа тұқымдарын шыға-

рып, каучук өндірілетін негізгі 

өсімдіктердің гендік қорын қалыпта-

стырды. Осы бағытта жүргізілген 

ғылыми тәжірибелік, өндірістік 

жұмыстарының нәтижесінде 1944 

жылы «Көксағызды селекциялау 

мен өсірудің жаңа тәсілдері және 

биологиялық ерекшеліктері» деген 

тақырыпта биология ғылымдары-

ның докторлығына диссертация 

қорғады. 

Қазақстан шыққан алғашқы био-

логия ғылымдарының докторы К. 

Мыңбаев 1944 жылы Бүкілодақтық 

Ауыл шаруашылық Ғылым Акаде-

миясының  Қазақстанда алғаш 

ұйымдасқан филиалының бастығы 

болып сайланады. Ол кезде елімізде 

ауыл шаруашылық мамандары 

жоқтың  қасы деуге болады. Сон-

дықтан ол негізгі жұмысымен  қоса 

осындай  қажет мамандар дайын-



дауға да көп көңіл бөледі.  Қазақ 

ауыл шаруашылық институтында 

селекция және генетика,  Қазақ 

мемлекеттік университетінде дарви-

низм кафедраларының меңгерушісі 

болып істейді. 

Сонымен  Ұлы Отан соғыс жыл-

дарында Кәрім Мыңбаевтың кемең-

гер ғалым, мемлекет,  қоғам 

қайраткері болып  қалыптасу сәттері 

басталды. Себебі ол: 

1. Оңтүстік  Қазақстан аймағын-

да шина жасау шикізаты - каучук 

өндірілетін негізгі өсімдіктердің 

гендік  қорын жасады. 

2. Оның  ұйымдастыруымен рес-

публика мал шаруашылығын өркен-

детуде маңызы зор жаңа екі меке-

ме - Ауыл шаруашылығын механи-

каландыру мен электрлендіру және 

Ветеринария институттары ашылды. 

3. Бетбақдалада мал шаруашы-

лығы мен егіншілікті дамыту жолда-

рын, шөл және шөлейт жерлерге 

бейімделген мал тұқымдарын, оның 

ішінде еділбай,  қаракөл, гиссар, шу 

қойларын, адай, жергілікті  қазақ 

жылқыларын, 

қазақ, моңғол 

түйелерін өсіруді  ұсынды. 

4. Егіншілікті кәсіп ететін шару-

аларға астық үшін бидай, тары, ма-

лға жем үшін арпа, көпжылдық 

шөптер егудің жолдарын да  ұсы-

нып, жүзеге асыруға асықты. 

5.  Құмның жылжуын тоқтату 

үшін жеміс беретін ағаштармен 

бірге шөлді жерлерде ғасырлардан 

бері өсіп келе жатқан тораңғы,  қан-

дым, сексеуіл, жиде, жыңғыл, тобы-

лғы егу керектігін анықтап берді / 

Пазылов Ә. Шоқтығы биік тұлға // 

«Орталық  Қазақстан», 19 тамыз 

2006 жыл, 3-ші бет/. 

Қырқыншы жылдардың бірінші 

жартысында Кәрім Мыңбаевтың 

беделі де, атағы да бүкіл Одаққа 

кеңінен тарады. Осы кезеңдерде 

оның  ұйымдастырушылық  қабілеті 

ерекше көзге түсті. Ол бүкіл Қазақ-

станды мол астық өндіретін және 

асыл тұқымды мал өсіретін аймаққа 

айналдыруды армандады. 

5.  ҚЫРҚЫНШЫ ЖЫЛДАРДЫҢ 

ЕКІНШІ ЖАРТЫСЫНДА 

1941-1945 жылдар арасында, 

яғни бар болғаны бес жыл ішінде, 

КСРО Ғылым академиясының Қазақ 

филиалы шағын мекемеден ал-

дыңғы  қатарлы ғылыми  қуатты ор-

талыққа айналды. 1946 жылдың ба-

сында филиалдың  құрамына 16 

ғылыми-зерттеу институттары кірді 

(1942 жылы бар біреу еді). Ғылым 

докторлары саны 19 есе өсті. Бар-

лық ғылыми кадрлар саны 717 адам 

болды (1941 жылы 111 адам еді). 

КСРО Ғылым академиясы  Қазақ 

филиалының  қарқынды түрде 

өрлеуі оның өз алдына дербес 

Ғылым академиясы боп  қалыптасу-

ына жағдай туғызды. 1946 жылдың 

1 маусымында  Қазақстан Ғылым 

академиясының салтанатты ашылуы 

болды. Кәрім Мыңбаев Қазақстанда 

ғылым академиясының  құрылуына 

белсене  қатысып, оның  құрамында 

биология бөлімі бойынша мүше-кор-

респондент болып сайланды. Бұл 

білікті ғалымның республикада 

ауыл шаруашылығы мен биология 

ғылымының  қалыптасу және даму 

барысына  қосқан  қомақты үлесіне 

берілген баға еді. 

К. Мыңбаев 1947 жылы  Қазақ 

Жоғарғы Кеңесіне депутат болып 

сайланды. Ғұлама ғалым дәл осы 

жылы республика аумағының  қақ 

ортасында, ешқандай кәдеге жара-

май бос жатқан, орасан үлкен аймақ 

Бетпақдала шөлін игеріп халық пай-

дасына асыруды болжайды. Осы ар-

манын нақты іске асыру мақсатын-

да, ел басшыларының  қолдауымен 

Бетпақдала шөліне ғылыми экспеди-

ция  ұйымдастырып, шөлді жан-жақ-

ты зерттеуге кіріседі. 

Бетпақдала Сарыарқаның 

оңтүстік бөлігіндегі шөлейтті өңір. 

Батысында Сарысу өзенінің төменгі 

ағысымен, шығысында Балқаш 

қаласымен, солтүстігінде Сарыарқ-

амен, оңтүстігінде Шу өзенінің 

аңғарымен шектеседі. Батыстан шы-

ғысқа - 500 шақырымға, 

солтүстіктен оңтүстікке - 300 шақы-

рымға созылып жатыр. Жер бетінің 

орташа биіктігі 300-350 м. Ең биік 

жері - Жамбыл тауы (974 м). Жазы 

ыстық,  құрғақ,  қысы суық. Бетпақ-

даланың көп жері сортаң, тақыр. 

Кезінде Алаштың ақиық ақыны 

Сәкен Сейфуллин: 

«Арқаның Бетпақ деген 

даласы бар, 

Бетпақ - шөл, ойлы-қырлы 

панасы бар. 

Сол шөлде ел жоқ, күн жоқ 

өсіп-өнген, 

Жәндіктің киік деген баласы бар. 

Бетпақта қысы-жазы ел 

болмайды, 

Ен жайлау, өзен яки көл болмайды. 

Бұтасы қу баялыш, қара жусан, 

Көгала бетегелі бел болмайды. 

Бетпақтың көлденеңі сегіз 

көштік, 

Сайланып қыс ішінде талай 

кештік. 

Азамат, ат пен айғыр, атан ғана, 

Шыдар деп қоста отырып, талай 

дестік. 

Бетпақта елсіз-көлсіз өсіп-өнген, 

Жалғыз-ақ  құлан, киік шөлге 

көнген. , 

Қазақтың малдарындай 

қыбырласьт, 

Әр ойдан топ-топ болып жусан 

өрген» -

деп, осынау  ұшы-қиыры жоқ 

бедірейген өлкені қолмен қойғандай 

етіп сипаттаған. 

Қазақстанның халық жазушысы 

Шерхан Мұртаза «Егемен Қазақстан» 

газетінде жазылған мақаласында 

ғалымның осы Бетпақдаланы зерт-

теу барысында ашқан жаңалықтары-

на ерекше көңіл бөледі: «Кәрім Мың-

баев бастаған экспедиция Бетпақда-

ланы 1947 жылдың жазында ары да, 

бері шарлап шығып, зерттейді. 

Сөйтсе, «көкпектен басқа шөбі 

жоқ» дейтін Бетпақда неше алуан 

шөп өседі екен: Баялыш та осында, 

изен де осында, боз жусан да бар. 

Еркек, ақселеу, ебелек, күйреуік, 

теріскен,  қараған, ақ ши... Тіпті то-

раңғы деген көлеңкесі көлдей, 

бұтақтары шаңырақтай ағаштар 

өсетінін  қайтерсің... 

Осының бәрін өз көзімен көріп, 

өз қолымен ұстаған Кәрім Мыңбаев: 

- Бұл Бетпақдала емес! 

- Бұл Бақдала! - деп бар әлемге 

жар салады. 

Бақдалада миллиондаған мал 

өсіруге болады. Мол өнімді егін са-

луға да болады. Ала білген адамға 

даланың асты шалқыған теңіз!» / 

Мұртаза Ш. Бетпақдаланы Жаннат-

далаға айналдыруды армандаған 

Кәрім Мыңбаев // «Егемен  Қазақ-

стан», 6  қаңтар 2006 жыл, 4-ші бет/ 

К. Мыңбаев Бетпақдаланы зерт-

теу барысында төрт мың шақырым 

жер жүріп өтіп, соның  қорытынды-

сы есебінде: «Бізде кемінде 20-30 

миллион гектар  құнарлы бос жер 

бар. Біз техниканың көмегімен бұл 

жерден әр гектардан 90-100 цент-

нерге дейін дән аламыз. Және  қан-

дай бидай десеңізші. Әлемде 

біздікінен дәмді астық болмайды» -

деп жазады. Бетпақдалада су жоқ 

деген пікірді жоққа шығарып, онда 

3-6 және 7-9 метр тереңдікте пайда-

лануға жарамды жер асты сулары-

ның мол көзі бар екенін көрсетеді. 



Кәрім Мыңбаев алдынан ғаламат 

перспективаларды нақты 

көргендіктен, соңына бұрылып 

қарауға шамасы жетпей, тек ілгері 

ұмтылумен болды. Мысалы, 1948 

жылдың 1-5 наурыз күндерінде 

ВАСХНИЛ-дың жылжымалы 

мәжілісі Петропавл (Қызылжар) 

қаласында өтті. Кәрім сол мәжілісте 

өз сөйлеп, Шортандыда дәнді да-

қылдар институтын ашуды 

негіздеген. Оның сөзінің әсері сон-

шалық, Ж. Шаяхметов  қолма-қол 

осы облыс партия хатшысы Г.А. 

Мельник пен облыстық атқару 

комитетінің бастығы И.А. Скворцо-

вқа тапсырма-нұсқау беріп, енді өзі 

ВАСХНИЛ, СССР-дің дәнді дақыл-

дар Наркомымен тікелей сөйлесуге 

көпшілік алдында уағда етіпті. 

Кәрім қай мәселені де осылай жедел 

де тиянақты шешіп отырған. Бұл 

тұс - оның әбден кемеліне келген 

шағы еді. 



Каталог: irbis64r 01 -> Kraeved -> Gylym
Kraeved -> КЕҢес одағының батыры, ҰШҚЫШ, Ғарышкер, жерлесіміз тоқтар
Kraeved -> Ай заман, қандай қоғам болсын саяси әлеуметтік өзгерістер кезең
Kraeved -> 24 наурыз (№55). 5 б. Əлихан Бөкейхан-150
Kraeved -> Тарихи тұлғалар шортанбай қанайұлы 1818 қазіргі
Gylym -> Нологиялық институты ұжымы ғылыми-практикалық конференция өткізіп, марқұмның ғылыми-ағар
Gylym -> Ғұмыры білім атты ғалам қазынасының соңына түсумен
Gylym -> Қайран да біздің ебекең халқамыздың аяулы ұлы, ардақты азаматы
Gylym -> Осыдан үш ай шамасы бұрын Ұлттык, Ғылым академиясы, республикамыздағы Кен шикізатын кешенді пайдаланудың ұлттық
Gylym -> Асыл ағамыз Евней Арыстан ұлы Бөкетовтің соңғы жылдары
Gylym -> Әлімхан Ермековтің

жүктеу 266.76 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет