Рас, кезінде тек шикізатқа арқа сүйеген Қазақ стан үшін кейбір салаларда мамандар жетіспейтіні



жүктеу 3.44 Mb.
Pdf просмотр
бет18/26
Дата03.05.2017
өлшемі3.44 Mb.
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   26

17.04.2013 жыл, 

сәрсенбі


www.alashainasy.kz

6

e-mail: info@alashainasy.kz

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

АЛАШ АЗАМАТЫ

 

Мүгедектікке шығу үшін қандай құжаттар қажет?



Менің қан қысымым өте жоғары. Артериялық гипертониямен ауырамын. 

Осы ауру бойынша мүгедекті қалай рәсімдеуіме болады?

Бекзат, Арыс қаласы

Бұл сұраққа Оңтүстік Қазақстан об-

лыс тық  дәрігерлік-әлеуметтік  сарап та ма 

саласының басшысы Фарида ОС ПА-



НО ВА  жауап береді:

–Тұрғылықты орны бойынша ме ди-

циналық мекемелердің дәрігерлік-ке-

ңестік комиссиясы уақытша еңбекке 

жа рам сыздығына  сараптама  жүргізеді 

және оның көрсеткіштері керек болған 

жағ дайда медициналық-әлеуметтік са-

рап  та маға (ары қарай МӘС-ке) жол да-

нады. Ол үшін мынадай құжаттар қажет: 

1.  Ме ди циналық-әлеуметтік  са рап та-

маға жол дама (088 у нысаны) рә сім-

дел ген күннен бас  тап 1 айдан ке шік ті-

ріл мей; 2. Жеке ба сын куәландыратын 

құ  жаты; 3. Тұр ғылықты тұратын жері 

ту  ралы анықтама; 4. Амбулаторлық кар-

та сы; 5. Кәсіби еңбекке қабілетін жо-

ғалту  бел гі лен ген  жағ дайда  –  еңбек 

қыз метіне  бай ла нысты  жа затайым  оқи-

ға немесе қыз меткерлер ден саулығының 

Мұрагерлік мүлік қалай бөлінеді?



Әжем қайтыс болды. Оның екі бөлмелі пәтері бар. Ол 

қайтыс болар алдында ешкімге өсиет қалдырмаған. Оның 

жалғыз баласы – менің әкем апамның алдында дүние салды. 

Қазір апамның пәтерін оның аға-інілері бөлісе алмай жүр. Заң 

бойынша апамның пәтері кімге өтуі тиіс?

Алмат, Талдықорған

Заң ғылымының докторы, 

про фессор Арықбай Ағыбаев-

тың айтуынша, ҚР Азаматтық 

ко дексінің 1060-бабына сәй кес, 

заң бойынша мұ рагер лер осы 

кодексте көзделген кезек тәр ті-

бі мен  мұрагерлікке  ша қы ры -

лады екен. Ал Азаматтық ко дек-

с  тің 


1061-бабы 

бойынша 


мұ  рагер болу құқығын бірінші 

ке зекте  мұ ра  қалдырушының 

ба  лалары, оның ішінде ол қай-

тыс болғаннан кейін тірі туған 

ба   лалары,  сондай-ақ  мұра  қал-

   ды рушының  жұбайы  мен  ата-

анасы тең үлеспен алады. Осы 

баптың 2-бөлігіне сәйкес, заң 

бойынша бірінші кезек ре 

тінде 


Ғылымдағы менеджментті 

дұрыс ұйымдастыра алғанда 

ғана зерттеу нәтижелі болады

ДАТ!


Роза КӘРІБЖАНОВА, «Ғылым ордасы» РМК бас директоры:

– Роза Оспанқызы, қазақтың маң-

дайына біткен ғалым Қаныш Сәтбаев-

тың өзі ір ге тасын қалаған, кейін 2010 

жыл дың  11  ақ па нында  Үкімет  қау лы-

сы мен Ға лымдар үйі мен Орталық ғы-

лы ми кітап хананың және бас қа да құ-

ры  лым дардың  бірігуі  нәти же сінде 

құ рылған «Ғылым ордасы» РМК-нің 

не гізгі қызметі қандай, немен айна лы-

сады? Әлемде осындай ғылым шаңы-

рақ тарының баламалары бар ма? 

– «Ғылым ордасы» республикалық 

мем  ле кет тік кәсіпорны 2010 жылы 11 ақ-

панда ҚР Үкі ме тінің №11 Қаулысымен құ-

ры лып, ресми ашылу салтанаты 2011 жыл-

дың 27 мамырында бол ды. Ол ҚР білім 

жә не  ғылым  министрі  Ба қыт жан  Жұма ғұ-

лов тың, Алматы қаласының әкімі Ах мет-

жан Есімовтің және ҚР Парламенті де пу тат-

тарының, шет мемлекеттердің ұлттық 

ака  де мия лары  өкілдерінің,  сондай-ақ 

еліміздің 200-ден астам жетекші ғалым да-

рының  қа  ты  сула рымен  өткен  болатын. 

Салтанатқа  қа тыс  қандар  ғылымның  даму 

бағыты жөнінде, осы күні ұйымдастырылған 

«Ғылымның дамуы – еліміздің болашағы» 

ат ты форумның аясында өзіндік пікір ле-

рімен бөлісті.

«Ғылым ордасының» негізгі міндетіне 

ке летін болсақ, ол – ғылым мен білімді да-

мытуға республиканың ғылыми жұрт шы-

лығын жұ мыл ды ру, ғылымның тарихы мен 

же тістіктерін  ғы лы ми-білімдік  және  мә-

дени-ағарту қызметі ар қы лы насихаттау, 

дә ріптеу мақсатында құрылған ғылыми 

ин фрақұрылым. «Ғылым ордасы» – бұл 

көпфункционалды орталық. Сондықтан 

меке 


ме 

нің қызметін барлық деңгейде 

дұрыс жоспарлау ма ңызды. 

Ғимарат мемлекет қорғауына алынып, 

еліміздің тарихи маңызы бар сәулет ескерт-

кіш тері қа тарына енгізілген. «Ғылым ор-

дасы» жалпы кө 

лемі 38 мыңнан астам 

шар шы метрді құ рай тын ғимараттар ке-

шенінде орналасқан, онда Қазақстан Рес-

пу бликасының Ұлттық Ғылым ака де миясы, 

«Академик  Қ.И.Сәтбаевтың  ме мо риал дық 

мұражайы», Қысқы бақ, 5 млн-нан астам 

кітап қоры бар бірегей ғылыми кітапхана, 

Ар 

хеология, Қазақстан ғылымының та-



рихы, Табиғат, Сирек кездесетін кітаптар 

мұ ражайлары және ҚР БҒМ Ғылым ко ми-

тетінің гуманитарлық және жаратылыстану 

ба ғытындағы 10 ғылыми-зерттеу инс ти-

туты орналасқан. «Ғылым орда сы ның» не-

гізгі мақсаттарының бірі – бұл кешенде 

ор  наласқан  ғылыми-зерттеу  ин с ти тут та-

рының тұтастай ғылыммен айналысуларына 

жағ 

дай жасап, өндірістік-шаруашылық 



қыз мет көрсету. Институт басшыларының 

шар уашылық  мәсе ле лер ге  алаңдамай,  тек 

ғы лыми үдерісті дамытулары үшін толық 

мүм кіндік берілген. Біз бүгінгі күннің тала-

бы на сай, олардың толық қан ды жұмыс жа-

саулары үшін жағдай жасаудамыз. Ба ланс-

ұс 

таушы ретінде институттардың жылу 



жә не электр қуатымен қамтамасыз етілуі, 

та  за лығы, барлық жөндеу жұмыстары біз-

дің мойнымызда. 

Бізге, алдыңғы қатарлы ғылыми орта-

лық 

тар 


дың бірі ретінде, ғалымдардың 

бірнеше буыны өз ұрпақтарына қалдырып 

кеткен мұра ларды сақтау мен насихаттау 

бойынша  үл кен  жа уап кершілік  жүктелген. 

«Ғылым  ор да сында»  Ар хеология,  Қазақ-

стан ғылымының тарихы, Та би ғат және Си-

рек  кездесетін  кітаптар  мұ ра жай лары  қыз-

мет көрсетуде. Бұл жерде еліміз 

мә  де   ниетінің,  ғылымының  әртүрлі  кезең-

де рінен сыр шертетін аса құнды жәдігерлер 

мен материалдар орналасқан. Мұндай жә-

дігерлеріміздің саны бүгінгі күні ондаған 

мыңды құрауда. Ұлт мұра сын жинақтауда 

мұражай маман дарының сіңірген еңбегі 

ерекше. Олар еліміздің аума ғын да, Ор та-

лық Азия республикаларында зерттеу жұ-

мыс 

тарын жүргізіп, мұ 



ражай сөрелерін 

құн ды  жәді гер лермен  толықтыруда.

Ғы 

лым саласын әңгімелеп отыр 



ған-

дықтан, Қа зақстан ғылымының тарихи мұ-

ра жайына тоқ тал сақ, бұл – еліміздегі ғы-

лым тарихына ар налған тұңғыш мұра жай. 

Осы мұражайдың өзін де 10 мыңға жуық 

жәдігер бар. Қа зақ стан ғы лымының пайда 

бо луынан бастап, осы заманға дейінгі ғы-

лым дамуының барлық кезеңдерін қам-

тыған мұражай көрмесіне Әл-Фараби, Қо-

жа Ахмет Ясауи, Махмұт Қашқари, 

Мұ  хам мед Хайдар Дулати сынды орта ға-

сыр ойшылдары мен Шо 

қан, Ыбырай, 

Абай сынды тұл ғаларымыздың еңбектері 

мен өміріне қатысты құнды деректер қо-

йыл ған. Сондай-ақ академик Қ.Сәт баев 

пен Кеңес Одағы тұсында елеулі жетіс тік-

тер ге қол жеткізген ғалымдар жайлы да 

мол ақпарат берілген.

Ал Табиғат мұражайында ежелгі Қа зақ-

стан жерін мекен 

деген момын жан 

уар 

мамонт пен жырт қыш динозаврлардың, 



алып мүйізтұм сық тар мен шошқа тәрізді 

ежелгі жануар энтело дон ның, үш тұяқты 

жылқы  гип па рионның  қаң қа ла ры  мен  елі-

міздің бүгінгі жануарларының тұ лыптары 

қойылған.

Қазақстанның ежелгі өрке ниеті жайлы 

түр лі деректерді Ар хеология мұражайы бе-

ре алады. Бұл мұражайдың көрмесіне қола 

дә уір қаз ба лары, сақтар мен үй сіндер дә уі-

ріне жататын жә ді  герлер, ежелгі қа лалар 

– Тараз, Түркістан, Тал ғардың ескі жұр  нақ-

та ры, Берелі қорғанынан та былған жыл қы-

лар дың әбзелдері мен жерлеу ка ме ра сы-

ның толық көрінісін және еліміздің 

ай  мақ  тарынан  табылған  тарихи  құнды,  бі-

ре гей  жә дігерлерді  тамашалай  ала сыз дар. 

Ал Сирек кездесетін кітаптар мұра жа-

йында кө не қолжазбалардың мол қоры 

бар. Мұражай құ рылғалы бері XVIII-XIX ғғ. 

мен ХХ ғ. 40-жыл да ры аралығын қамтитын 

си рек кездесетін кі таптар мен қол жаз ба-

лардың мол қорын жи нақ та ды. Тарихи, 

ғы лыми және мәдени құндылығы бар 500-

ден астам жазба мұралар жәдігерлері 

мұражай экспозицияларында көрсетілген.

Біз қазіргі заманғы ғылым өкілдеріне 

жағдай жасай отырып, отандық ғылымның 

жаңа сапаға көтерілуі үшін еңбек етудеміз. 

Дәл осы мақсатта біз ғалымдарға, ғылыми-

зерттеу мекемелеріне және өзге де ғы лы-

ми-зерттеулермен  ай на лы са тын  ұйым-

дарға ақпараттық және әдістемелік 

қыз   меттер  көрсетудеміз. 

«Ғылым ордасының» 5 млн-нан астам 

кітап қо ры бар ғылыми кітапханасы бүгінгі 

күні бел сен ді қызмет атқарып жатыр. Ғы-

лы ми  кітапхана  рес публикадағы  кітап ха на-

тану, библиография, ғы лыми-зерттеу және 

ғы лыми-әдістемелік  жұ мыс тардың  ірі  ақ-

параттық-кітапханалық  ор та лығы  болып 

та былады. Біз отандық ғалым дар мен қа-

тар, белсенді түрде шетелдік ға  лым дармен, 

ғы лыми мекемелермен байланыс жасап, 

ақпарат алмасып отырамыз. Жүзден аса 

мем  лекеттің  ірі  кітапханаларымен  тығыз 

қа рым-қатынас орнатылған. Отандық ға-

лым  дардың  ең бектерін,  ашқан  ғылыми 

жа 


ңалықтары мен же 

тістіктерін кеңінен 

насихаттау мақсатында әлем нің жетекші 

кітапханаларына таратып, олар дың орнына 

шетелдік  ғалымдардың  еңбек те рін  айыр-

бас жасап, қорымызды толықты ру дамыз. 

80 жылдық тарихы бар кітапханадан ғы-

лым ның барлық саласына қатысты құнды 

ақ  па рат алуға болады. Ғылыми кітапхана 

ұжымы соңғы жылдары «Ұлы тұлғалар» 

се риясы  бо йын ша  Ахмет  Байтұрсынов, 

Шә кәрім  Құ дай бер діұлы,  Халел  Дос мұ ха-

ме д ұлы,  Мұхамеджан  Ты ныш паев,  Жүсіп-

бек Аймауытов, Міржақып Ду 

 

латұлы, 


Мәш 

һүр Жүсіп, Бауыржан Мо 

мыш 

ұлы, 


венгр қыпшақтанушысы Иштван Қоңыр 

жә 


не көптеген көрнекті ғылым, білім, 

қоғам қайраткерлеріне арналған ғұмыр на-

ма  лық кітаптар шығарып жатыр. Ұлы тұл-

ғаларды дәріптеу міндетіміз болғандықтан, 

осындай кітаптарды біз алдағы уақытта да 

дайындайтын боламыз.



 – Кеңестік заманнан бері қазақтың 

ғы  лы ми-интеллектуалдық,  «ақыл-

ойының» екі ошағы Ғылым академиясы 

мен Жа зу шы лар одағы болды десек 

артық айт пай мыз. «Ғылым ордасы» 

Қа зақстанға не бе ре ді, ұлттық ғылым-

дағы «Ғылым орда сының» орны қан-

дай? 

– Ғылым да, білім де ұлттың баға жет-

пес қа зы насы десек, қазақ ғылымы бүгінгі 

таң да өз биі гінде, өзгелермен қатар тең 

даму үстінде. Осы мақ сатта Қазақстан ғы-

лымы мен білімінің же тіс тіктерін наси хат-

тауды жүзеге асыратын өзіндік маңызы 

бар, әрі бұрын-соңды республи ка мызда 

бол маған, жаңа кәсіпорын – «Ғылым ор-

дасы» бо лып табылады. Бүгінгі таңда ме-

ке меге  ғы лыми-ақпараттық  ре сурс тарды 

бір орталыққа шо ғырландыра оты рып, елі-

міз дің ғылыми же тістіктерін ла йықты дең-

гейде жұртшылыққа кеңінен та рату, ғылым 

жә не  білім  саласында  өн ді рістік-шар уа шы-

лық қызмет көрсету жүк теліп отыр. Ғы лым-

ның рөлі халыққа қыз мет ету, ол игілікке 

же ту құралы десек, «Ғы лым ордасы» – игі-

лік 

ке жетудегі дәнекер. Оның бірінші 



бағыты – бұрынғы Қазақстан Ғылым ака-

демиясының бас ғимараты мен онымен 

жалғаса салынған құрылыстарды қажетті 

деңгейде күтіп-баптап ұстау және барынша 

тиімді түрде ғылым мен бі лім істеріне және 

мәдени  шараларға  пай да ла ну.Ғылымның 

әрбір саласының жетістіктері мен мә-

селелерін талқылауға арналған халық ара-

лық дең 

гейдегі конференциялар, фо-

румдар, дөң ге лек үстелдер біздің зал дар да 

өтіп тұрады, бұған біз де барлық жағ дай 

жасалынған. Асхана, бас пасөз орта лығы, 

спортзал ғалымдарға қыз мет көр  сетуде. 

Кинозалымызда  Қазақ стан ның  та  ри хы  мен 

оның  жетістіктерін  наси хат тай тын  фильм-

дерді  көрсетуді  дәстүрге  ай нал ды ру дамыз. 

Былтыр «Ғылым ордасы» бастауымен 

аға буын ірі ғалымдарымыздан құралған 

«Ғы 


лым сар 

дарлары» клубын құрдық. 

Клуб ты құрудағы негізгі мақсатымыз – аға 

буын өкілдері мен жас тар дың арасын бір-

бірімен жалғастыру, ғылымға жас ұрпақты 

тарту. Өздеріңіз білесіздер, Тә уел сіз діктің 

алғашқы жылдары орын алған қиын дық-

тарға байланысты ғалымдар, әсіресе жас 

ма мандар ғылымнан басқа салаға ауы сып 

кетті, ал қазір жағдай өзгерді, елі міз дің 

дамуына сай ғы лым саласы да қарқынды 

өр кендеуде, ғы лыми жұмыспен айна лыс-

қы  сы  келетін  жас тар дың  саны  артуда. 

Біздің мақсат – осы жастарға жол көрсету, 

ірі  ғалымдарымыздың  жетіс тік те рімен  та-

ныс тыра отырып, сол кісілердің жас ға лым-

дар ды машықтандыру барысында тә жі ри-

белерін кеңінен қолдану. Қазір клубтың 

бірнеше оты рысы өтті, аяқ алысы жаман 

емес, осы бас қо суларға қатысып, бел сен-

ділік танытып жүрген жас 

тарымыз енді 

«Ғы лым  ордасының»  қа быр ға сында  Жас 

ға лымдар клубын құру мәселесін кө теріп, 

биыл дан бастап Жас ғалымдар клубын құ-

ру дамыз. Осындай игі істер арқылы «Ғы-

лым ор 

дасы» өзінің ордалық міндетін 



орын дап, оны иман дылық пен білімнің, 

ғы  лым  мен  мә де ниет тің  ордасы,  да на-

лықтың пейішіне айналдырсақ деген мақ-

сат та еңбек етудеміз.



– Ғылым күні қарсаңында қандай 

іс-ша ралар аталып өтті? 

– 12 сәуір – Ғалымдардың, ғылым қыз-

мет  кер лерінің  кәсіби  мерекесі.  Бұл  ме реке  

2011 жылы Ел ба сының Жарлығы мен бе кі-

тілген. Президенттің ұсы нысын ғалымдар 

ғы  лымды  қолдауға  ба ғыт талғандығын 

жақ сы түсініп, үлкен құрметпен қа был да-

ды. Оның Космонавтика күнімен, зерт тел-

меген  бел гі сіздікке  ұмтылған  ержүрек 

адам  дар дың,  жо ғары  кәсіби  шеберлік  ие-

лерінің ме ре ке сімен сәйкес келуі кездейсоқ 

емес. Со ны мен бір ге 12 сәуір – Қазақстан 

Ғы лым  ака де  мия сы ның  негізін  қалаушы, 

аса көрнекті ғалым Қаныш Иман тайұлы 

Сәт 

баевтың туған күні. Ол ғылым мен 



Отанға деген қызметтің және шын бе ріл-

ген діктің жарқын үлгісі болды. Оның ғы-

лым дағы жа ңа лықтары мен зерттеулері ел 

экономикасын жа  ңа белестерге көтеруге 

көмектесті.  Биыл ғы  Ғы лым  қызмет кер ле-

рінің күні рес публикалық дең гейде «Ғылым 

ор 

дасында» ҚР Білім және ғы 



лым 

министрлігінің 

ұйым дас тыруымен 

«Қазақстан-2050»  стра те гия сы:  білім-

ғылым-инновациялар»  рес пу бли калық 

форумы, ESI-2013 Қазақстан ға-

лымдарының үздік ғылыми жетістіктері 

мен нәтижелерін айқындау және наси хат-

тау үшін жаратылыстану және гуманитар-

лық ғылымдар саласындағы отандық ғы-

лым ның  же тістіктерінің  республикалық 

көр месі,  «Қа зақстан-2050»  страте гия сы-

ның басымдықтары бойынша тақырыптық 

дөң гелек үстелдер болып өтті. 



 – Хандар шежіресін зерттеп, XVI-

XVIII ға сырлардағы Орта Азия ел де-

рінде діни пә туа лардың орны туралы 

зерделеп жа тырсыздар. Осы бағытта 

зерттеушілердің қан дай жаңалықтары 

бар? 

– Мемлекеттік ғылыми-зерттеу жұмыс-

та 

 

рына арналған гранттар нәтижесінде 



2012 жы лы «Ғылым ордасы»: «Дала ди-

пло матиясы  жаз ба  көзде рінде»  (XIII-XVIII 

ғғ.), «Орталық Азия ғұ ламаларының фа-

туалары және тарихи де ректік маңызы», 

«Қазақстан мен Ресей кітапхана, ар 

хив 


және мұражай ларындағы қазақ кітаптары 

(XIX ғасыр және ХХ ғасырдың басы): та-

рихи-не гіз де ме лік  зерттеулер»,  Орталық 

ғы лыми  кітап ха  надағы  сирек  кітаптар  мен 

қол жазбалар қо рында сақтаулы мате риал-

дардың  би блио  графиялық  көрсеткіштер 

топ тама сын  жа сау,  «Айқап»  журналы 

1911-1915 жылдар (фак симилелік нұсқа) 

6 томдық, «Шежіре – жаз ба ескерткіштері 

ре тінде» (ХVІІ–ХІХ ғғ.) 2 том дық, Қазақстан 

Рес  пуб ли касы  техникасының  да муында  ба-

сымды бағыттары бойынша элек тронды 

ре сурс тардың ғылыми қорының үлгісін жа-

сау бойынша гранттар ұтып алып, белсенді 

түр де зерттеу жұмыстарын жүргізудеміз. 

Ғылыми зерттеулердің маңыздылығы 

мен ғы лыми құндылығына келетін болсақ, 

«Жазба де ректеріндегі далалық дипло ма-

тия көріністері (XIII-XVIIIғғ.)» ғылыми-

зерт теу жобасының не гіз гі мақсаты – Қазақ 

мемлекеттігінің ілкі ба 

сында тұрған 

мемлекеттердің дипломатиясы та рихынан 

мол мәлімет беретін жазба деректерді ке-

шенді зерттеу, хандардың хаттарын, жар-

лық  тарын жи нақтау, олардың сақталу жа-

йы мен жағдайын көр 

сету, ғылыми 

ай на лы мына  енгізу.  Өйткені  түр лі  себеп-

тер  мен біз үшін аса маңызды, құнды тарихи 

де ректер бүгінге дейін зерттелмеген, оның 

бас ты себебі кеңестік дәуірде біздің та ри-

хы мызды басқалар жазып берген дік тен, 

та 


рихи деректерді іздестіру және оның 

объективті жазылуына жүйе мүмкіндік 

бермеді. Сол се бептен бұл деректер шет 

мемлекеттер мұ 

рағаттарында жабулы 

күйінде қалып кел ді, ал оларды қарап, өз 

зерттеулерінде пайдаланып келген 

шетелдік ғалымдар өздеріне ыңғайлы етіп 

баяндап келеді. Бү 

гін 


гі күні дербес 

мемлекет ретінде өз тари хымызды жан-

жақты зерттеуге, оған шы найы баға беруге 

еркіндік алдық. Біздің мақсатымыз – 

соларды  жинастырып,  жү йе леп,  жан-

жақты зерттеп, сол кездегі сая си-әлеуметтік 

үдерістерге объективті бағасын беру. 

  – Оноре де Бальзак «Ғылымның 



кілті сұрақ белгісі болып табылады» 

де ген екен.  Ғы лым туралы заңның қа-

был данғанына біраз болды. Бұл заң 

ғы лымға серпіліс әкел ді ме? Ғалым-

дар ға қандай мүмкіндіктер әперді?

– Өздеріңізге мәлім, Тәуелсіздігіміздің 

20 жыл ды ғы қарсаңында осы киелі шаңы-

рақта Ғылым фо румы өтті. Ол Фо рум ға Ел-

ба  сы мыз  Нұрсұлтан  Әбішұлы  На зарбаев 

қа  тыс ты.  Ел басымыз  форумдағы  сө зінде: 

«Біз дің  мақ сатымыз  –  ғы лым ның  дамуына 

жа ңаша серпін беру», – деген нақ ты тап-

сыр ма бер ген еді. Бүгінгі таңда Қазақстан 

ғы лымы да му үстінде. 2011 жылы қа был-

данған жа ңа заң ғылым жүйесіне, әсіресе 

оны да мы туда бірқатар өзгерістер мен жа-

ңа лықтар алып келгені белгілі. Ғалымдарға 

ер кін жұ мыс жасауға мүмкіндіктер беріліп, 

ғылыми жо балар мен бағ дарламаларды 

қа рас ты рудың  тиімді  жол дары  ен гізілді. 

Бүгінде ғылым саласы жаңа жүйе бо йын ша 

қар жы ландырылуда, оның көлемі жыл-

дан-жылға артып келеді, жалпы, оны 

дамыған мем 

лекеттердегідей деңгейге 

жеткізу мә 

селесі тұр. Жаңа заңның 

қабылдануы мен оның то лыққанды жұмыс 

істеп, бүгінде оның ал ғашқы нәтижелерін 

көруімізде білім жә 

не ғылым министрі 

Бақытжан  Жұмағұ лов тың  ең бегі  ерекше 

зор. Мемлекет ғылымға үл кен көңіл бө ліп 

отыр. Мә  селен, 2011 жылы ғы лыми ме-

кемелерге 26,8 млрд теңге бөлінсе, был-

тырғы жылы бұл көр 

сеткіш 49,7 млрд 

теңгеге жеткен, яғни бір жыл  дың көлемінде 

ғылым  саласын  қар жы лан дырудың  80%-

ға өскендігін байқаймыз. Мем ле кет 2015 

жы лы ғылымға бөлінетін қар жының кө-

лемін адам басына шақ қан дағы ЖІӨ 1%-

ға, ал 2020 жылы кем де генде 1,5%-ға 

жет кізу жос парланған. Бү гінгі күні рес пу-

бликада 400-ден астам ғы лыми мекеме 

жұмыс істеп отыр, онда 20 мың адам қыз-

мет атқаруда. Соңғы екі-үш жылда ғы лым-

ды қаржыландыру мен ғы лы ми қыз мет-

керлердің жалақысы жылдан-жыл ға өсіп 

келеді. Ғылыми жобаларды қар жыландыру 

мәселесі де нақтыланған. Ғылыми кадр-

лар ды дайындау және жас мамандарды 

ғылымға тарту мәселесіне де басымдықтар 

берілген. Қазірдің өзінде 40 жасқа дейінгі 

ғалымдардың үлес салмағы 36%-дан 

43,3%-ға жетіп отыр. 

Әлемнің озық үлгілері ескеріліп, да-

йын  далып  қа былданған  заң  бүгінде  қар-

қынды жұ мыс істеуде. Ғылым жемісі белгілі 

бір уа қыт тан кейін жеміс беретін мәуелі 

бәй терек се кілді. Қазірдің өзінде алғашқы 

нә ти же лері көңілден шығуда. Екі жылдың 

өзін де грант тық қаржыландыру бойынша 

бір неше конкурс өтіп, жеңіп шыққан жо ба-

лар бо йын ша қызу жұмыстар жүруде. Ғы-

лы ми кадр ларды даярлау, зерттеу нә ти же-

ле 

рін ин 


дексі жоғары басылымдарда 

жа риялау есе леп өсіп келеді. 2011 жылы 

им пакт-фак торы  жоғары  шетелдік  ба сы-

лым дарда отан дық ғалымдардың 430 ма-

қа ласы жа рық көрсе, 2012 жылдың қо ры-

тындысы бо йынша бұл көрсеткіш 1143 

ма  қалаға  жет кен.  Жалпы,  ғылым  саласында 

қыз мет істеп жүрген азаматтар бүгінгі күні 

жү йенің еңбек етемін деген адамға мол 

мүм кін дік тер  бере тіндігін  түсініп,  аянбай 

ең бек етуде. Ғылымды да мытуға қатысты 

жү йе бүгінде толығымен жұ мыс істеп тұр. 

Қа зақстан  Рес пу бликасының  Үкі меті  жа-

нын дағы  Жо ға ры  ғы лыми-техникалық  ко-

мис сия, ғылым ба ғыт тары бойынша ұлттық 

ғы лыми ке ңес тер, Мемлекеттік ұлттық ғы-

лыми-тех ни   ка лық  сараптама  орталығы  өз 

қыз   мет терін  то лығымен  атқарып  отыр. 

Ғылыми және ғылыми-техникалық 

қыз  метті ба залық, гранттық және бағдар-

ла  малық-ныса на лы  қаржыландыру  ен-

гізілген. Егер сенің қа бі летің жетіп, ұсынған 

та қырыптарың өзекті бо лып, сараптамадан 

сү рін бей  өтсең,  ғылыми  жо балармен  айна-

лы суға шектеу қойылмайды. Бір неше та-

қырыпта ғылыми жобаларды ұтып алып, 

қатар айналысуыңа да мүмкіндік берілген. 

Бұл табысты да арттыратыны белгілі. Осы 

жоба шең берінде сіз өз зерттеуіңіздің нә-

ти жесін кітап қы лып басып шығаруға, ше-

телдік беделді, рей тингі жоғары ба сы лым-

дарда басып шығаруға, әлем нің жетекші 

ғы лыми орталықтарының қор ларын пай-

да лануға, қажетті ғылыми кітаптар мен ең-

бек терді сатып алуға мол мүмкіндік ала сыз. 

Ал бұрын қалай еді, ұзақ жылғы жасаған 

еңбегіңізді басып шығару үшін көп жыл 

күтуге тура келетін немесе демеуші іздейтін. 

Ал қазір барлығы жүйелі түрде қарас ты-

рылған. 


Жалпы, бәсекеге қабілетті 30 мем-

лекеттің қа тарына ену стратегиялық ма қ са-

ты – тек ғы лым ды тиісті дәрежеде да мыт-

қан жағдайда, яғ ни жаңа жоғары дәрежелі 

тех нологиялар  мен  ин дустриялық-ин но ва-

ция лық бағдарламаны орын дағанда то-

лыққанды іске асатындығын біз жақ сы тү-

сі неміз. 

 


Каталог: userdata -> editions -> pdf
pdf -> Қазақтың Мұқағалиы туралы жұртшылық арасында әңгімелер
pdf -> Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет
pdf -> Ресми мәлімет бойынша, Қазақстанда жұ
pdf -> Иә, отандық ғылым ды кө­ тер мейінше, мықты мем ле кет
pdf -> Мен Абайдың ақындық мек тебі өз деңгейінде зерттеліп
pdf -> Бір тілде деп міндеттеген жоқ
pdf -> Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет
pdf -> Қазақстандағы Ұбт-ның қа лып тасқан өзіндік тәртібі
pdf -> Ерғожин ЕрлЕді Дәулет Ерғожиннің сөзіне сенсек, салық органдарында сыбайлас жемқорлықтың дең­ гейі төмендеген. Құқық қорғау орган дарымен бірігіп жасаған жемқорлықтың

жүктеу 3.44 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   26




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет