Раманкулов шерзод жумадуллаевич



жүктеу 1.33 Mb.
Pdf просмотр
бет8/13
Дата04.05.2017
өлшемі1.33 Mb.
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Сурет 24 – Оптика пәні бойынша дәріс сабағының моделі 
 
Оптика  пәні  бойынша  кейбір  тақырыптарда  лекция  сабағына  мысалдар 
келтірейік.  
Миға шабуыл лекциясы. 
Тақырыбы:  Геометриялық  оптика  негіздері.  Бұл  тақырыпта  студенттер 
табиғаттағы  сыну  және  шағылу  заңдарын,  геометриялық  оптиканың  негізгі 
ұғымдары  мен  анықтамаларын,  оптикалық  бейнелердің  геометриялық 
теориясының  бастамаларын,  центрленген  оптикалық  жүйелерді,  жұқа  линза 
формуласын,  линзалық  оптикалық  құралдар,  линзада  кескін  алуды  меңгереді. 
Кредиттік  технологияға  сай  студент  тақырып  бойынша  сабаққа  ӛздігінен 
дайындалып  келуі  қажет,  білмеген,  түсінбеген  жерлерін  оқытушымен  бірге 
сұрақтарды, мәселелер мен есептерді талдау арқылы меңгереді.   
 
Мақсаты 
Студенттердің теориялық білімі 
мен ептіліктерін арттырып, 
креативтілікке баулу 
 
Нәтиже: білімді жетілдіруі, логикалық мәселелерді шеше алуы, проблемалық 
сұрақтарда ӛз ойын айта алуы, ой ұшқырлығын кӛрсете алуы, ерекше идеялар 
жасауы.  
 
ОПТИКА ПӘНІ 
БОЙЫНША 
ДӘРІС САБАҒЫ 
 
 
 
ҦЙЫМ 
ДАСТЫРУ 
 
 
 
САБАҚ 
БАРЫСЫ 
 
Проблемалық сипаттағы сұрақтар 
дайындау  
Тақырыпқа сай кӛрнекіліктер мен 
әдебиеттер 
Проблемалық сұрақтарды туғызу 
Миға шабуыл жасау 
 
Студенттердің  жауаптарына 
түзетулер мен қосымшалар қосу, 
бектіту 
 
Лекцияның түрлерін қолдану (2.1 де 
баяндалған лекция түрлері) 
АКТ-ны қолдану жағдайында 
Шығармашылық сипаттағы 
сұрақтар дайындау   
Тақырыпқа сай кӛрнекіліктер мен 
әдебиеттер 

 
101 
Оқытушы  сабақты  миға  шабуыл  жасаудан  бастайды.  Оқытушы  шеберлігі 
шешімі  анықталынуы  тиіс  болған  мәселелерді  әртүрлі  сұрақтар  мен 
проблемалар қою арқылы студенттердің ӛзіне талдата білуінде. Бұл жерде миға 
шабуыл, мынадай тақырыпқа байланысты сұрақтардан басталады:  
1.  Нәрсені  жинағыш  линзаға  жақындатсақ  немесе  одан  алыстатсақ,  осы 
нәрсе кескінінің сипаттамасы қалай ӛзгеретінін түсіндіріңдер?  
2.  Нәрсені  шашыратқыш  линзаға  жақындатсақ  немесе  одан  алыстатсақ, 
осы нәрсе кескінінің сипаттамасы қалай ӛзгеретінін түсіндіріңдер? 
Бұл  жерде  мұғалім  кӛмекші  құрал  ретінде  «Открытая  физика  1.1» 
бағдарламасынан  «Жұқа  линза»  (25-сурет)  моделін  интерактивті  тақта  бетіне 
шығарып  қояды.  Моделдің  үстінгі  бетінде  жинағыш  неме  шашыратқыш 
линзаны  ауытырып  қоюға  болады  және  сол  линза  арқылы  кескіні  алынатын 
затпен(қызыл түс) оның кескіні (қара түс), кескінді алуға қажетті сәулелер(сары 
түс) суреттелген.  
 
 
 
Сурет 25 – Жұқа линзадағы кескін моделі 
 
Студенттер  бұл  суреттен  әр  нүктенің  кескінін  салу  үшін  екі  сәуле 
жеткілікті  екендігін  естеріне  түсіреді.  Берілген  нүктеден  шығатын  кӛптеген 
сәулелердің ішінен жолы ең қарапайым сәулелер таңдалып алынады, сондықтан 
оларды кескін салу үдерісінде оңай жаңғыртуға болады. Бұл сәулелер:  
1)  линзаның  орталығы  оптикалық  ӛсі  арқылы  ӛтетін  сәуле.  Бұл  сәуле 
линзадан ӛту кезінде бағытын ӛзгертпейді; 
        2)  линзаның  бас  оптикалық  ӛсіне  параллель  ӛтетін  сәуле.  Линзадан 
сынғаннан  кейін  не  ӛзі,  егер  линза  жинағыш  болса,  созындысы,  егер 
шашыратқыш болса бас фокусы арқылы ӛтеді.  
Студенттердің 
арасында 
топтық 
пікір-талас 
ұйымдастырылады. 
Студенттердің айтқан ойлары оқытушының кӛмегімен талқыланады. Моделдің 

 
102 
астынғы  бӛлігінде  нәрседен  линзаға  дейінгі  арақашықтығының  (d),  линзаның 
оптикалық  күшінің  (D  немесе  F
-1
)  мәнін  реттегіштер  берілген.  Осы  мәндерді 
ӛзгерту  арқылы  моделдің  тӛменгі  оң  жақ  бетіндегіні  (f  –  кескіннен  линзаға 
дейінгі қашықтық, Г-кескіннің сызықты үлкейтуін) кӛреміз.     
Ары  қарай  бұл  «Оптика»  электрондық  оқулығы  қолданылып  тақырыпқа 
сай негізгі білімдер оқытушымен бірлесе отырып одан ары қарай қалыптасады. 
«Оптика»  ЭО-нан  «анимациялық  бӛлім»ді  ашып  линзадан  кескін  алуға 
арналған  дыбыстық  анимацияларды  оқытушы  ары  қарай  миға  шабуылдау 
мақсатында сұрақтар қою арқылы пайдаланып, сабақты жалғастырады.  
Линзалар  арқылы  жарық  шоғын  жинап  және  шашыратып  қана  қоймай, 
заттардың  әр  түрлі  кескінін  алуға  болады.  Осы  қасиетіне  байланысты  линза 
практикада  кең  қолданыс  тапқан.  Киноаппараттағы  линзалар  кішкене 
кинолардың  кескінін  жүз  еседей  үлкейте  алады,  ал  фотоаппараттағы  линзалар 
заттың  кәдімгі  фотоүлдірге  сиятын  кішкене  кескінін  береді.  Мұндай  әр  түрлі 
кескіндер қалай пайда болады? 
Алынатын  кескіннің  сипаты  зат  пен  линзаның  ӛзара  орналасуына 
байланысты екен. Олардың арақашықтығын ӛзгерту арқылы кескінді ұлғайтуға 
не  кішірейтуге,  тура  не  кері  (тӛңкерілген),  нақты  не  жалған  кескін  жасауға 
болады.  
Кескін қалай алынады?  Біз кез келген (кӛрінетін) объектіні жарқырайтын 
немесе  жағылған  жарық  нүктелерінің  жиынтығы  ретінде  қарастыруымызға 
болады. Осы нүктелерден шашыраған сәулелер шоғы линзадан сынғаннан кейін 
ӛздері  немесе  созындылары  белгілі  бір  нүктеде  жинақталады.  Олардың 
жиынтығы берілген заттың кескінін береді.  
Сызықты  дененің,  мысалы АВ стрелкасының  (9-сурет)  кескінін  салу  үшін 
алдымен А нүктесінің 
одан 
кейін В нүктесінің 
кескінін 
салады 
да, A
1
 және В
1
 нүктелерін қосады, пайда болған   А
1
В
1
 кесіндісі берілген дененің 
кескіні болады. 
Осы нұсқауды пайдаланып, заттың линзадан үш түрлі қашықтықта тұрған 
жағдайында жинағыш линзадағы кескін қандай болатынын анықтайық.   
1. АВ нәрседен линзаға дейінгі қашықтық оның фокус аралығынан 2 еседен 
артық болсын (1-сурет). 
Алдымен А нүктесінің  кескінін  салайық.  Ол  үшін  осы  нүктеден  екі  сәуле 
жүргіземіз, біріншісі бас оптикалық оське параллель (линзадан сынғаннан кейін 
ол  бас  фокустан  ӛтеді),  ал  екіншісі  линзаның  оптикалық  орталығы  арқылы 
ӛтеді. Осы сәулелер қандай да бір  А

нүктесінде қиылысады.        А
1
 нүктесі  А 
 нүктесінің кескіні болады. 
Енді В нүктесінің  кескінін  салайық.  Ол  үшін  алдындағыдай  екі  сәуле 
жүргіземіз – бірінші линзаның бас оптикалық осіне параллель, ал екінші оның 
орталығы арқылы ӛтеді. Осы сәулелердің қиылысу нүктесі         b
1
В нүктесінің 
кескіні  болып  табылады.  АВ затының  басқа  барлық    нүктелердің 
кескіні A
1
B
1
 аралығында 
болады.  Осы  нүктелерді  қосып,  біріншісінен 
екіншісіне  стрелка  жүргізіп, АВ затының  кескіні  болатын    A
1
B
1
 кесіндісін 
аламыз (26-сурет). 
      

 
103 
 
 
Сурет  26 – Жинағыш линзадан кескін алудың анимациялық кӛрсетілімі. Нәрсе  
фокус пен қос фокус аралығында орналасқан 
 
      Егер зат жинағыш линзаның қос фокус аралығынан ары орналасқанда, 
кескін: а) нақты; б) кішірейтілген; в) кері ( тӛңкерілген) болатынын 
кӛреміз. Мұндай кескін фотоаппаратта қолданылады.             
2. АВ нәрсе  линзаның  фокусы  мен  қос  фокусы  аралығында  орналассын  
(27-сурет). 
 
 
 
Сурет  27 – Жинағыш линзадан кескін алудың анимациялық кӛрсетілімі. Нәрсе  
фокус пен қос фокус аралығында орналасқан 
 
       Ӛткен жағдайдағыдай А нүктесінен екі сәуле жүргіземіз. Олардың қиылысу 
нүктесі   А
1
,   А нүктесінің  кескіні  болады.  Енді В нүктесінен  екі  сәуле 
жүргіземіз.  Олардың  қиылысу  нүктесі В
1
В кескіні  болады.  А
1
 B
1
 нүктелерін 
қосып, АВ затының кескіні болатын А
1
В

кесіндісін аламыз. 

 
104 
3. АВ заты  линза  мен  оның  фокусы  аралығында  орналассын  (3-сурет). 
А нүктесінен линзаға стандартты екі сәуле жібереміз, линзадан сынғаннан кейін 
олардың  шашырап  шығатынын  кӛруге  болады.   А нүктесінің  кескіні  бұл 
жағдайда сәулелердің ӛзінің қиылысуынан емес олардың кері созындыларынан 
пайда болады. Сонымен A
1
, А нүктесінің кескіні болады. 
Сондай  жолмен В нүктесінің  жалған  кескіні  болатын В
1
 нүктесін  аламыз. 
A
1
 және B

нүктелерін  қосып,   АВ затының  жорамал  кескіні  болатын  
А
1
В
1
 кесіндісін аламыз[139]. 
Осы  білімдерді  электрондық  оқулықты  қолдану  арқылы  меңгереді. 
Оқытушы  ары  қарай  осы  білімді  студенттерге  жаңа  жағдайларда  қолдануға 
қалыптастыру  мақсатында  лекция  сабағындағы  дәптерлеріне  «оптика» 
электрондық оқулығындағы мына тапсырмаларды орындатады: 
 
        
 
 
Сурет  28 – Геометриялық оптика тақырыбындағы тапсырмалар 
 
Миға  шабуылдың  негізгі  ережесі  ретінде  қабылданған  -  студенттерге  кез 
келген идеяны айтуға рұхсат берілді. Миға шабуыл кезінде айтылған идеяларды 
тоқтатпай, ары қарай талқылауға салып, талданады. Миға шабуыл лекциялары 
студенттердің  ойлау  қабілетін,  тапқырлық  қасиетін  арттыруда  маңызды  орын 
алды.   
Визуальдық лекция. 
Тақырыбы:  Фраунгофер  дифракциясы.  Бұл  тақырып  бойынша  студенттер 
дифракциялық торды, интенсивтілікті есептеудің графиктік және аналитикалық  
әдістерін,  максимум  және  минимум  шарттарын  меңгереді.  Сонымен  қатар 
саңылау енінің, жарық кӛзі ӛлшемдерінің әсері талқыланады.  
Бұл  тақырыптың барысында  демонстрациялық  лекцияның құралы ретінде 
«Оптика»  электрондық  оқулығынан  «жарық  дифракциясы  1»,  «жарық 
дифракциясы 
2» 
дыбыстық 
анимациясы, 
«физикалық 
құбылыстар» 
электрондық  оқулығындағы  13-14  лекциялар,    «Открытая  физика  1.1» 
жүйесіндегі «дифракциялық тор» (29-сурет) моделі қолданылды. 

 
105 
Моделдің  жоғары  жағында  жұмыс  алаңы  орналасқан,  сол  жағында 
саңылаулы экран және оң жаңында сәулелену интенсивтілігінің дифракциялық 
бейнесі  кескінделген.  Жұмыс  алаңының  тӛменгі  жағында  сандық  мәні 
ӛзгермелі (d) тордың периоды мен толқын ұзындығы (

) берілген.  
 
 
 
Сурет  29 – дифракциялық тор моделі 
 
Мәндердің  осылай  ауыстыруға  болатындығы,  лекция  сабағының  сапасын 
арттырады,  тордың  периоды  мен  толқын  ұзындығын  ӛзгерту  арқылы  оның 
дифракциялық  кӛріністің  максимумдары  мен  минимумдарының  орналасуына 
тәуелділігін кӛруге болады.   
Суретті ӛте мұқият  қарап, ең негізгі элементтерін студенттер дәптерлеріне 
сызып  алады.  Модельдік  программаны  қосқан    кезде  автоматты  түрде  мына  
параметрлер    орындалады:  Максимум  реті  m=1,    толқын    ұзындығы  0.45  мкм 
саңылаудың  арақашықтығы,  d  =  20  мкм.  Тышқанның  сол  жақ    батырмасын 
шерту  арқылы дифракциялық  суретке стрелканы орналастыра  отырып , m-ді 0 
–ден    3-ке  дейін    ӛзгертеміз  де  координата    максимумының  сан    мәнінің  
ӛзгеруін  экраннан байқаймыз. Толқын  ұзындығын сары  түске сәйкестендіріп  
аламыз да m және d-ны ӛзгертіп интерференция суретінің ӛзгеруін байқаймыз.  
Студенттерге тақырып бойынша негізгі анықтамалар мен заңдылықтар беріледі 
де оларды ары қарай меңгеру, жетілдіру, студенттердің белсенділігін арттыру, 
ойлау 
қабілеттерін 
дамыту 
мақсатында 
білімді 
қалыптастыру 
ұйымдастырылады, яғни ары қарай проблемалық сұрақтар қою арқылы сабақты 
жалғастырады. 
Жарық  дифракциясы  деп  жарық  толқындарының  алдында  кездескен 
бӛгеттерді  орағытып  ӛту  қабiлетiн  айтамыз.  Дифракция  құбылысы  жарықтың 
толқындық  қасиетiнiң  айқын  дәлелi  болып  табылады.  Бұл  жерде  оқытушы 
мынадай проблемалық сұрақ тастайды: 

 
106 
Жарықтың  дифракция  құбылысы  геометриялық  оптика  заңдарын  қалай 
түсіндіреді? 
Дифракцияның  сандық  теориясы,  яғни  бұл  құбылыстың  әсерiнен 
экрандағы  жарық  интенсивтiлiгiнiң  ӛзгерiп  таралуын  түсiндiру  Гюйгенс-
Френель принципiне негiзделген. Бұл принцип былай тұжырымдалады:  
1. Жарық толқындары келiп жеткен беттiң әрбiр нүктесi ӛз кезегiнде жаңа 
толқын кӛздерi болып табылады.   
2.  Бұл  жаңа  толқын  кӛздерi  бiр-бiрiне  когеренттi  болады.  Ал  кеңiстiктiң 
кез-келген  нүктесiндегi  жарықтың  интенсивтiлiгi  осы  когеренттi  жаңа 
кӛздерден  тараған  толқындардың  интерференциясының  салдары  болып 
табылады(30-сурет). 
 
 
 
Сурет 30 – Жарық дифракциясын түсіндіруге арналған дыбыстық 
анимация 
 
Гюйгенс-Френель  принципi  дифракциялық  бейнелермен  қатар  жарықтың 
түзу  сызық  бойымен  таралу  себебiн  де  түсiндіруге  бағытталған.  Жарық 
дифракциясының  бiр  мысалы  ретінде  оның  тар  жолақ  саңлау  арқылы  ӛткен 
кездегi  дифракциясын  алуға  болады.  Бiрақ,  бұл  жағдайдағы  дифракциялық 
суреттiң  солғындау  болуы  оны  нақтылы  мақсаттарда  қолдануда  қиындықтар 
туғызады[131].   
Визальдық  лекция  барысында  студенттердің  ізденушілік,  мәселенің 
шешімін  табуға  қабілеттілік,  ойлау  қабілеттілік  секілді  креативтілікті 
қалыптастыруға  бағыттаудың  сапасын  арттыру  үшін  интерактивті  тақтада 
мынадай  тапсырмалық  мәселелер  қолданылып  отырады  да,  лекция  
студенттердің белсенділігімен ары қарай жалғасады(31-сурет): 
  

 
107 
 
 
     
Сурет 31 – Лекция сабағында студенттердің креативтілік қасиеттерін 
қалыптастыруға бағытталған тапсырмалар 
 
Сонымен  қатар  визуальдық  лекцияда  Интернет  желісін  қолданып 
тақырыпқа  байланысты  мәселелер  сабақтың  барысында  талданады.  Бұл 
Интернет  сайттары  арқылы  студенттердің  ары  қарай  ӛзіндік  жұмыс  жасауына 
мүмкіндік жасалынады. Сабақтың барысында қолданылған web сайттар:  
1.
 
Сайт 
≪Интернет желісінде Физика≫ (http://www.estnauch.  
213 09.edusite.ru/p3 8aal .html)[140].  
2.
 
≪Интернет желісінде Физика≫ (http://fim.samara.ws/7section)[141]. 
3.
 
Сайт 
≪Физика Анимация≫ 
(www.infoline.ru/g23/5495/physics.htm)[142]. 
4.
 
«Тірі Физика» (http://www.int-
edu.ru/obiect.php?ml=3&m2=2&id=202)[143]. 
5.
 
Физика. (http://phvsics.5ballov.ru/histor.htm)[144].    
Әр лекцияның соңында оқытушы келесі лекция тақырыбын ескертеді. Бұл  
студенттердің мынадай іс-әрекеттерді орындауына бағыттайды: 
-
 
Лекция дәптерлеріне жаңа тақырып конспектісін жазу; 
-
 
Жаңа тақырыппен ӛз беттерінше жұмыс жасау
-
 
Тақырып бойынша түсініксіз жайттарды анықтау және белгілеу; 
-
 
Оқытушыға сұрақтар тізімін жасау; т.б. 
Оқытушыда  ӛз  кезегінде  келесі  лекцияға  қажетті  АКТ  құралдарымен 
эвристикалық әдіске негізделген тапсырмаларын дайындайды[128] 
 

 
108 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
   
  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Сурет 32 – Оптика пәні бойынша практика сабағының моделі 
 
ОПТИКА ПӘНІ 
БОЙЫНША 
ПРАКТИКА 
САБАҒЫ 
 
 
Оқытушы
ның іс-
әрекеті 
 
 
Студенттің 
іс- әрекеті
 
Тақырыпқа сай кӛрнекіліктер мен 
әдебиеттерді, оқу құралдарын реттеу 
 
Шығармашылық сипаттағы 
тапсырмалар дайындау 
Практика сабағына тақырып 
бойынша дайындық 
Проблемалық сұрақтардың шешімін 
ӛзбетінше табуға ұмтылу 
Дискуссия, пікір-таластарда 
белсенділік таныту, ӛзіндік білім 
алуға ұмтылу 
Студенттердің  жауаптарына 
түзетулер мен қосымшалар қосу, 
бектіту, бақылау мен бағалауды ұй. 
 
 
АКТ-ны қолдану жағдайында 
Есептерді шешуге арналған 
компьютер. бағдарламалар қолдану 
 
Студенттердің алгоритмдік 
ойлауларының қалыптасуына ықпал. 
Есеп шығару барысында миға 
шабуыл жасау 
 
 
 
Мақсаты: креативтілік кӛрсеткіштерін қалыптастыру 
Проблемалық сипаттағы сұрақтарды 
туғызу 
 
 
Сабақ барысында эвристикалық 
әдістерді тиімді қолдану 
 
  Практикалық іс-әрекет барысында 
студенттердің арасында пікір-талас, 
дискуссия ұйымдастыру 
Шығармашылық сипаттағы, жаңа 
кездеспеген тапсырмалардың 
шешімін ӛзбетінше іздеу, ой толғау 
Тақырыпқа байланысты есептің 
алгоритмін құру, оны компьютерлік 
бағдарламаларда жазып шешімді 
тексеру 
Проблемалық жағдаяттан шығудың 
жолын іздеу, топпен бірге анализ 
жасау, жаңаны тануға ұмтылыс 
жасау 
Сабақ барысындағы эвристикалық 
іс-әрекеттерде белсенділік таныту, 
шығармашылық белсенділікті 
кӛрсетуге ұмтылыс жасау 
Нәтиже:  білімді  жаңа  жағдайға  қолдана  алуы,  логикалық  мәселелер  мен 
есептерді  шеше  алуы,  жаңа  есеп  пен  проблемалық  сұрақ  ойлап  табуы,  ойлау 
ерекшеліктерін, икемділігін, ұшқырлылығын кӛрсете алу 

 
109 
Болашақ  физика  мұғалімдерінің  креативтілігін  қалыптастыруда  оптика 
пәнінің  практика  сабақтарын  (32-сурет)  АКТ  арқылы  ӛткізудің  маңызы  зор. 
Әсіресе  АКТ-ды  қолданып  сабақты  ұйымдастыруда  эвристикалық  әдістердің 
маңызы зор. Бұл жӛнінде біз толығырақ 1.3 бӛлімінде қарастырған болатынбыз. 
Физикалық  есептерді  шығаруда  АКТ-ны  қолдану  студенттер  үшін  ӛз  бетінше 
компьютерлік  модельдермен  жұмыс  жасауға  үйретеді,  графикалық  түрде 
есептің анализін жасауға бейімделеді. Есептертің шешімін басқа жолдармен де 
табуға тырысады.   
Есеп  1.  Бойының  ұзындығы  1,7м  адам  1м/с  жылдамдықпен  белгілі  бір  Н 
биіктікте  ілінулі  тұрған  кӛше  фанарына  қарай  жақындап  келеді.  Белгілі  бір 
уақыт  ӛткеннен  кейін  адам  кӛлеңкесінің  ұзындығы  1,8м  болса,  2с  тан  кейін 
оның  ұзындығы  1,3м  болды.  кӛше  фонарының  қандай  биіктікте  тұрғанын 
табыңыздар? 
Бұл  есепті  шешу  барысында  студенттердің  ойлау  қабілеттерін  дамыту, 
анализ жасауларын, жаңа мәселені шешудегі қабілеттіліктерін арттыруы үшін, 
креативтілік  қасиеттерін  қалыптастыру  үшін  оқытушы  «Физиканы  оқыту 
видеокурсы» электрондық оқулығын қолданады.  
Электрондық  оқулықтағы  «Есеп  1»  ді  таңдаймыз.  Осы  кезде  есептің 
берілгені  дыбыстық  күйде  баяндалады.  Осы  арқылы  студенттер  берілгенін 
дәптерлеріне жазады, ал бір студент оны тақтада орындайды, қалған студенттер 
оқытушыныың  басшылығымен  оған  анализ  жасайды.  Осы  кезде  оқытушы 
ортаға мынадай сұрақ тастайды: 
-
 
ал  енді  кӛз  алдарыңа  елестетіңдер.  Осы  адамды  ӛздерің  деп  санаңдар. 
Жағдаятты  суреттеңдер.  Яғни  есептің  шартын  жазып,  оның  сызбасын 
сызыңдар?! 
Студенттер  есептің шарты  одан  әрі  түсінікті  болу  үшін  есептің  сызбасын 
сызады.  Есеп  сызбасын  сызуда  электрондық  оқулықты  пайдалануды  одан  әрі 
жалғастырамыз.  
 
 
 
Сурет 33 - Есептің компьютерлік моделі 

 
110 
Ары  қарай  анализ  жасалынып  есепті  шығаруға  қажетті  формулалар 
талданады. Есептің шешімін табуда студенттердің ой-пікірлері тыңдалынады.  
Есеп  шығаруда  оқытушының  мұндай  әдісті  қолдануы  студенттердің 
ӛзіндік жұмыс істеу қабілеттерінде арттырады, қызығушылығын оятады. Себебі 
студент  есепті  электрондық  оқулық  арқылы  талдай  алады,  есепті  шешудегі 
кездескен  кедергілерді  оны  қолданады.  Электрондық  оқулықта  есептер 
кезекпен  түсіндіріліп  жазу  арқылы  экран  бетіне  шығып  отырады.  Бұл 
студенттің кез келген мезетте экрандағы жазуды тоқтатып қойып, ӛзі ары қарай 
талдау жасауына мүмкіндік береді.  
 
 
 
Сурет 34 – есептің шешімін реттілікпен түсіндіру моделі 
 
Есеп  2.  Жарық  жылдамдығын  анықтауға  арналған  Майкельсон 
тәжірибесінің сұлбасы суретте кӛрсетілген. АВ=l=35.5км болса, Т трубасында S 
жарық  кӛзі  кӛрінуі  үшін  8  қырлы  айналық  К  призмасы  қандай  жиілікпен 
айналуы керек? 
 
 
 
Сурет 35 – Есептің шешімін реттілікпен түсіндіру моделі 

 
111 
Практикалық  сабақтарда  БЕЙСИК,  ПАСКАЛЬ  бағдарламалау  тілдерінде 
физикалық  есептерді  компьютер  арқылы  шешу  үдерісі  жүргізілді.  Бұл 
креативтілікті  қалыптастыруға  бағытталған  практикалық  сабақта  мынадай 
ерекшеліктерін  байқатты:  физикалық  құбылыстар  мен  заңдарды  және 
теорияларды  талдауға,  қорытындылауға,  олардың  арасындаға  ӛзара 
байланыстарды анықтауда студенттерге кӛмекші құрал ретінде септігін тигізді; 
логикалық  және  физикалық  ойлауын  дамытуда  ерекше  маңызға  ие  болды; 
математикалық  амалдар  мен  түрлендірулерді  орындауға  жаттықтырды; 
физикалық  заңдар  мен  эксперименттің  сандық  және  сапалық  мағыналарын 
ашуда ерекше орынға ие; студенттерді тапқырлыққа, ӛз бетінше жұмыс істеуге,  
ақпараттық  технологияларды  қоладна  алуына,  физикалық  процестердің 
модельдерін  жасай  алуға  үйретті;  физикалық  ұғымдарды,  студенттердің 
практикалық  іскерліктері  мен  дағдыларын,  шығармашылық  қабілеттерін 
қалыптастырды; 
студенттердің 
физикаға 
деген 
қызығушылығын 
арттырды[145].  
Қосымша тренинг сабақтарында компьютерлік бағдарламаларды қолданып 
әр-түрлі физикалық шығарылған есептерге мысалдар келтірейік. 
Есеп 3. Тас шахтыға құлайды және арадан 
с
6
 уақыт ӛткенде тастың шахты 
түбіне  тиген  дыбысы  естіледі.  Дыбыстың  жылдамдығын 
с
м /
330
,  еркін  түсу 
үдеуін 
2
/
10
с
м
 деп алып, шахтының тереңдігін есептеңдер. Есептеу қателігін 
м
1
 
деп алыңдар.  

жүктеу 1.33 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет