Раманкулов шерзод жумадуллаевич



жүктеу 1.33 Mb.
Pdf просмотр
бет2/13
Дата04.05.2017
өлшемі1.33 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Зерттеу  кӛздері:    Қaзaқcтaн  Республикасы  үкiмeтiнiң  pecми  құжaттapы,  
«Бiлiм  туpaлы»  Зaңы,  бiлiм  бepудi  дaмытудың  2011-2020  жылдapғa  дeйiнгi 
мeмлeкeттiк бaғдapлaмacы, Бiлiм жәнe Ғылым миниcтpлiгiнiң жoғapы кәciптiк 
бiлiм  бepу  бaғдapлaмaлapы,  мeмлeкeттiк  жалпыға  міндетті  білім  беру 
cтaндapты,  oқу  жocпapлapы  мeн  бaғдapлaмaлapы,  бiлiм  бepу  caлacын 
aқпapaттaндыpу  тұжыpымдaмacы  мeн  бaғдapлaмacы,  «Қaзaқcтaн-2050» 
cтpaтeгияcы; 
физика, 
пeдaгoгикa, 
aқпapaттық 
тexнoлoгиялap 
мeн 
тeлeкoммуникaциялap caлacындaғы ғылыми eңбeктepі мен oзық тәжipибeлepі.  
Зерттеу  әдістері:  Зерттеу  бағытына  байланысты  психологиялық-
педагогикалық  және  әдістемелік  әдебиеттерді  талдау;  болашақ  физика 
мұғалімдерінің  орындаған  шығармашылық  жұмыстарын  саралау;  сауалнама 
жүргізу, оқу құжаттарына талдау жасау; ақпараттық технологияларды қолдану 
жағдайында 
студенттердің 
шығармашылық 
іс-әрекетін 
қалыптастыру 
тәжірибелерін бақылап талдау, тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар жүргізу, 
математикалық-статистикалық әдістерді қолдану. 
Зерттеудің негізгі  кезеңдері:  
Бірінші  кезең  (2012-2013 жж.)  Ғылыми    -  зерттеу  жұмыс  тақырыбына 
сәйкес  пeдaгoгикaлық-пcиxoлoгиялық,  ғылыми-әдicтeмeлiк  әдeбиeттep  мeн 

 
10 
нopмaтивтiк  құжaттapғa  тeopиялық  тұpғыдaн  тaлдaу  жacaлды,  отандық  және 
шетелдік  әдебиеттер  талданды;  зерттеу  кӛздері,  зерттеудің  ғылыми  болжамы, 
зерттеудің  міндеттері  айқындалды.  Болашақ  физика  мұғалімдерін  даярлау 
тәжірибесін  талдау  жұмысы  ұйымдастырылды.  Физика  мұғалімін  даярлаудың 
мемлекеттік  стандарттары,  физика  саласындағы  бағдарламалар  және  бірқатар 
жоғары оқу орындарында негізге алынып жүрген мамандарды даярлаудың оқу 
жоспарлары зерделенді. Диссертациялық зерттеудің тақырыбы айқындалды.  
Екінші  кезең  (2013-2014 жж.)  Зерттеу  жұмысының  теориялық  бӛлімі 
айқындалды.  Болашақ  физика  мұғалімдеріне  «Оптика»  пәнін  оқытуда 
қолданылып  жатқан  ақпараттық  технологиялардың  негізіндегі  даярлылығына 
cәйкec  бacтaпқы  бiлiм  дeңгeйлepi,  oқытушылapдың  қoлдaнып  жүpгeн  әдic-
тәciлдepi,  oқыту  мaзмұны  мeн  үдepici  зepдeлeндi.  «Оптика»  бӛліміне  қатысты 
ЖОО-на арналған «Оптика», «Физикалық құбылыстар», «Оптика (Техника мен 
медицинада)»  электрондық  оқулығы  құрылды  және  дайындалды,  тесттер 
жасалды. Физика курсының «Оптика пәні бойынша есептер жинағы», «Оптика 
пәні  бойынша  шығармашылық  сипаттағы  тапсырмалар»,  «Физикалық 
процесстерді  компьютерлік  модельдеу»  атты  ЖОО  студенттері  үшін  оқу-
әдістемелік құралы шығарылып оқу үдерісіне енгізілді. Білімді ақпараттандыру 
жағдайында  болашақ  физика  мұғалімдерінің  креативтілігін  қалыптастыру 
негізінде оптика пәнін оқытудың әдістемесі қалыптастырылды. 
Ҥшінші кезең (2014-2015 жж.) Жасалынған оқыту әдістемесінің тиімділігі 
практика  жүзінде  зерттелініп,  эксперимент  нәтижелері  тексерілді;  Болашақ 
физика  мұғалімдерінің  креативті  ойлауын  дамытудың  негізгі  тенденциялары 
айқындалып,  зерттеу  жұмыстарына  байланысты  жалпы  тұжырымдар  мен 
қорытындылар  жасалынды.  Зерттеу  диссертацияға  қойылатын  талаптарға  сай 
техникалық жағынан рәсімделді. Диссертациялық жұмыстың қолжазба нұсқасы 
дайындалып, талқылауға ұсынылды.  
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі:   
1.
 
Физиканы оқытудың кез-келген формасында білімді ақпараттандырудың  
маңызы мен мәні дәйектелді
2.
 
Білімді  ақпараттандыру  жағдайында  болашақ  физика  мұғалімдерінің 
креативтілігін қалыптастырудың дидактикалық шарттары айқындалды;  
3.
 
Болашақ  физика  мұғалімдерін  оқытуды  олардың  креативтілігін 
қалыптастыру  негізінде  дамытудағы  білімді  ақпараттандыру  жағдайының 
маңыздылығы айқындалды; 
4.
 
«Оптика»  пәні  бойынша  электрондық оқулықтар  мен оқу  –  әдістемелік 
құралдар жасалды және оқу үдерісіне енгізілді.  
5.
 
Білімді  ақпараттандыру  жағдайында  болашақ  физика  мұғалімдерінің 
креативтілігін  қалыптастыру  негізінде  «Оптика»  пәнін  оқытудың  әдістемелік 
жүйесі 
жасалынды 
және 
оның 
дидактикалық, 
ұйымдастырушылық 
ерекшеліктері анықталды.    
Зерттеудің практикалық маңыздылығы: 
Зерттеу  нәтижелері бойынша жоғары оқу орындарының 5В011000-физика, 
5В060400-физика  мамандықтарының  студенттеріне  арналған    «Оптика»,  
«Физикалық  құбылыстар»,  «Оптика(Техника  мен  медицинада)»  атты 

 
11 
электрондық  оқулықтар,  «Оптика  пәні  бойынша  есептер  жинағы»,  «Оптика 
пәні  бойынша  шығармашылық  сипаттағы  тапсырмалар»,  «Физикалық 
құбылыстарды  компьютерлік  модельдеу»  атты  оқу-әдістемелік  құралы  оқу 
үдерісіне  енгізілді.  Электрондық  оқулыққа  байланысты    студенттердің  
ғылыми-зерттеу  жұмыстарымен  айналысу  жүйесі  (курстық  және  дипломдық 
жұмыстар) жасалды.  
Зерттеу  нәтижелерін  жоғары  оқу  орындарында    болашақ  мұғалімдерді  
кәсіби  дайындау  үдерісінде,  олардың    кәсіби  біліктілігін  жетілдіруде, 
қашықтықтан  оқытуда  және  мұғалімдердің  кәсіби  біліктілігін  жетілдіретін 
институттарда қолдану пайдалы.  
Қорғауға ҧсынылған негізгі қағидалар:   
1.
 
Болашақ  физика  мұғалімдерін  даярлауда  ақпараттық-коммуникациялық 
технологиялар  маңызды  болып  табылады.  Оптиканы  оқытуды  ұйымдастыру 
формаларында оларды қолдану болашақ мұғалімдердің оптикалық құбылыстар 
мен  заңдылықтарды  ӛздігінен  жеңіл  меңгеріп,  оларды  практикалық  қолданып, 
шығармашыл тұлға болып қалыптасуына ықпал етеді.  
2.
 
Физика ғылым ретінде тұлғаның креативтілігін қалыптастыруда ерекше 
орын  алады.  Болашақ  физика  мұғалімдерінің  креативтілігін  қалыптастыруда  
білімді ақпараттандыру саласы маңызды үлесін қосады.   
3.
 
«Оптика» пәнін оқытуда болашақ физика мұғалімдерінің  креативтілігін 
қалыптастырудың  дидактикалық  шарттары  –  оқытудың  әдістемелік  жүйесін 
жасауды қамтамасыз ететін құрылым.   
4.
 
«Оптика»  пәні  бойынша  жасалынған  электрондық  оқулықтар  мен  оқу-
әдістемелік  құралдары  болашақ  физика  мұғалімінің  кәсіби  қызметінің 
тиімділігін  арттыруға  ықпал  етіп,  олардың  ақпараттық  -  коммуникациялық 
технологияларды  қолдану  негізінде  шығармашылық  тұрғыда  ӛзін-ӛзі 
жетілдіруіне жағдай жасайды; 
5.
 
Білімді  ақпараттандыру  жағдайында  болашақ  физика  мұғалімдерінің 
креативтілігін  қалыптастыру  негізінде  дамытылған  «Оптика»  пәнін  оқытудың 
әдістемелік  жүйесінің  тиімділігін,  ғылыми  болжамның  дұрыстығын 
тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың қорытындылары дәлелдейді.   
Зepттeу  нәтижeлepiнiң  дәлeлдiлiгi  мeн  нeгiздiлiгi:  зерттеу  жұмысының 
ғылыми-педагогикалық  негіздерімен,  зерттеу  пәніне  сәйкес  алынған  әдіс-
тәсілдердің 
қолданылуымен, 
тәжірибелік-эксперимент 
жұмысының 
ұйымдастырылу жоспарымен, зерттеу мақсатының міндеттерге сәйкестілігімен 
алынған  бастапқы  және  соңғы  нәтижелердің  қорытындылауымен,  олардың 
тиімділігі  болашақ  физика  мұғалімдерінің  оқу-танымдық  әрекеттерін 
тексерумен қамтамасыз етілді.   
Зерттеу  базасы.  Тәжірибелік-эксперимент  жұмысы  Қ.А. Ясауи  атындағы 
Халықаралық  қазақ-түрік  университетінде,  М. Әуезов  атындағы  Оңтүстік 
Қазақстан  мемлекеттік  университетінде,  Мәскеу  қaлaлық  пeдaгoгикaлық 
унивepcитeтiнде жүргізілді.  
Диссертацияның сынақтан ӛтуі мен талқылануы  
Аталған  диссертацияның  қағидалары,  тәжірибелік  нәтижелері  мен 
тұжырымдары  2012-2015  жылдар  аралығында  ӛткен  халықаралық  және 

 
12 
республикалық 
деңгейдегі 
ғылыми-теориялық, 
ғылыми-практикалық 
конференцияларда сыннан ӛткізілді, атап айтқанда:    
Science,  Technology  and  Higher  Education  2
nd
  International  research  and 
practice  conference  2013,Westwood,  Сanada;    Information  Technology  and 
Computer Sciences
 
3
rd
 World conference on ınnovation and computer sciences, 2013, 
Antaliya,  Turkey;    Global  Science  and  Innovation  IV  International  Scientific 
Conference,  2015,  Chicago,  USA;  Наука  и  образование  в  ХХІ  веке:  теория, 
практика,  инновации  2014,  Москва,  Россия;    «Салыстырмалы  білім  беру: 
Әдіснамасы,  Заманауи  үрдістері  мен  мәселелері»  VI  халықаралық  ғылыми-
практикалық  конференция  материалдары,  Алматы,  2014;    2
nd
  International 
Conference  on  Civil,  Materials  and  Environmental  Sciences  (CMES  2015) 
London,2015, 
England; 
«Әуезов  оқулары-13:  «Нұрлы  жол»-Еліміздің 
индустриалдық  –  инновациялық  және  әлеуметтік-экономикалық  даму 
жолындағы  стратегиялық  қадам»  атты  халықаралық  ғылыми-тәжірибелік 
конференция еңбектері. Шымкент,2015. 
Диссертация  тақырыбы  бойынша  3  электрондық  оқулық,  3  оқу-
әдістемелік құралы жарық кӛрді. 2 авторлық куәлік алынды. 
Диссертация  қҧрылымы  мен  мазмҧны:  Диссертация  нормативтік 
сілтемелер,  анықтамалар,  кіріспе,  II-бӛлімнен  және  тұжырымдар  мен 
қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен, қосымшалардан тұрады.  
Кіріспеде зерттеу мәселесінің ӛзектілігі негізделеді, зерттеу мақсаты, оның 
объектісі,  болжамы  және  міндеттері  қалыптастырылды,  зерттеу  әдістері, 
ғылыми  жаңалығы  және  практикалық  маңызы  сипатталып,  қорғауға 
шығарылған  негізгі  қағидалар  т.б  мәліметтер  баяндалып,  диссертацияның 
қысқаша мазмұны келтірілген. 
«Білімді 
ақпараттандыру 
жағдайында 
физиканы 
оқытудың 
теориялық  мәселелері»  атты  бірінші  бӛлімде  –  болашақ  фиизика 
мұғалімдерін  даярлауда  білімді  ақпараттандырудың  қазіргі  күйіне  талдау 
жасалынды. 
Физиканы 
оқытудың 
кез-келген 
формасында 
білімді 
ақпараттандырудың маңызы мен мәні анықталынып келтірілді. Болашақ физика 
мұғалімдерінің  креативтілігін  қалыптастыру  негізінде  оқытудың  тиімділігінде 
білімді ақпараттандырудың маңыздылығы қарастырылды.  
«Білімді ақпараттандыру жағдайында болашақ физика мҧғалімдеріне 
«оптика»  пәнін  оқыту  әдістемесін  дамыту»  атты  екінші  бӛлімде  –  білімді 
ақпараттандыру  жағдайында  болашақ  физика  мұғалімдерінің  креативтілігін 
қалыптастыру  негізінде  «Оптика»  пәнін  оқытудың  мақсаты  мен  мазмұны, 
болашақ  физика  мұғалімдерінің  креативтілігін  қалыптастыру  негізінде 
«Оптика» пәнін оқытудың әдіс-тәсілдері, құралдары, ұйымдастыру формалары 
қарастырылды.  Жасалынған  әдістемелік  жүйені  қолданудың  тиімділігін 
эксперимент жүзінде тексеріліп ұйымдастырылғаны баяндалды.   
Қорытындыда  жүргізілген  зерттеудің  негізгі  нәтижелері,  сондай-ақ 
оларды  жоғары  оқу  орындарында  физика  пәндерін  оқытудың  кәсіби- 
педагогикалық  бағдарлылығын  және  гуманитарлық  әлеуетін  негіздеуге 
бағытталған  педагогика  және  физиканы  оқыту  әдістемесі  саласында 
болашақтағы зерттеулерде қолдану жӛніндегі тұжырымдар баяндалған.   

 
13 
1  БІЛІМДІ  АҚПАРАТТАНДЫРУ  ЖАҒДАЙЫНДА  ФИЗИКАНЫ 
ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ 
 
1.1 
Болашақ 
физика 
мҧғалімдерін 
даярлауда 
білімді 
ақпараттандырудың қазіргі кҥйі 
Қазақстан  Республикасының  Болон  декларациясына  қосылуы  білім  және 
ғылымның ұлтаралық қатынастары жолында маңызды қадам болғаны анық. Бұл 
қадам  жоғары  білім  алаңында  салыстырмалы  жүйені  қабылдау  арқылы 
Еуропалық білімге қолжетерлік жағдай жасауға, білім сапасын дамытып, білім 
алушылар  мен мұғалімдер,  профессор-оқытушылар  құрамының  мобильдік 
деңгейін арттыруға мүмкіншілік туғызды.  
Болон үдерісінің шешімі бойынша білім беру саласында қызметкерлердің 
алдына  бірқатар  мәселелерді,  соның  ішінде  қазіргі  жан-жақты  дамыған 
қоғамның шығармашыл мұғалімін қалыптастыруды қойып отыр[38].  
ҚP  Бiлiм  бepудi  дaмытудың  2011-2020  жылдapғa  apнaлғaн  мeмлeкeттiк 
бaғдapлaмacындa  XXI  ғacыpдa  ӛpкeниeттi  дaмушы  eлдep  мeн  бәceкeлecтiк 
apқылы  eл  экoнoмикacын  дaмытудa  бүгiнгi  қoғaм  жacтapының  бiлiктiлiгi  мeн 
бiлiм  дeңгeйлepi  caй  бoлуы  айтылған.  Осыған  байланысты  қазіргі  таңда 
Қазақстан Республикасында жоғары оқу орындарындағы  білім беру саласына 
басты назар аударылуда[39].  
Қоғамда  білім  беру  жүйесінің  экономикалық,  техникалық,  мәдени 
дамуындағы  орны  жоғары  деңгейде  екені  белгілі.  Мемлекетіміздің  білімділік 
деңгейі  ғана  халқымыздың  лайықты  бейнесін  және  әлемдік  қауымдастықтағы 
орнын  қамтамасыз  етеді,  еліміздегі  әрбір  адамның  және  халықтың  әлемдегі 
статусын  анықтайды.  Қазіргі  кезде  білім  беру  саласында  негізгі  бағыттардың 
бірі  ретінде  кәсіби  жоғары  деңгейде  даярланған,  шығармашылық  қабілеті 
дамыған, алдына қойылған мәселелерді тез әрі сапалы түрде шеше алатын жаңа 
типті мұғалім тұлғасын жасау орын алады. 
Осы  талаптарды  орындай  алатын  болашақ  мұғалімдерді  даярлау  ӛзекті 
мәселелердің  бірі  болып  отыр.  Сондықтан  қазіргі  күнге  дейін  жоғары  оқу 
орындарында  оқытудың  жаңа  әдістері  мен  тәсілдері,  оқыту  құралдары, 
оқытудың  жаңа  технологиялары  зерттеліп  келеді.  Қазіргі  қоғам  жағдайында 
болашақ  мұғалімдерді  даярлайтын  жоғары  оқу  орнының  оқытушысы  ғылыми 
ақпаратты  жеткізуші  ғана  емес  сонымен  қатар  танымдық  әрекетті 
ұйымдастырушы болуы тиіс. Сондықтан оқу үрдісінің қарқынын күшейту және 
сапасын арттыру қажеттігі туындайды. 
Әлеуметтiк,  ӛндiрiстiк  заңдылықтар  әрбiр  қоғам  мүшесiнiң  бойында 
iскерлiк,  белсендiлiк,  жаңа  нәрсені  жасай  алуға  қабілеттілік,  тапқырлық, 
шеберлiк  қасиеттердiң  болуын  қажет  етедi.  Бұл  талаптарды  жүзеге  асыруда 
физиканы  оқыту  ерекше  орын  алады.  Жалпы  физика  ғылымы  табиғат 
құрылымының, оның құбылыстарының ең қарапайым, әмбебап түсiнiктерiмен, 
заңдылықтарымен таныстырады.  
Физиканы  оқыту  болашақ  физика  мұғаліміндеріне,  алған  бiлiмдерiн 
табиғатта,  қоршаған  ортада  жүретiн  құбылыстарды  түсiндiруге,  күнделiктi 
ӛмiрде  қолдана  бiлуге  үйретедi.  Ал,  қазіргі  жаһандану  заманында  жыл  ӛткен 

 
14 
сайын  ғылым  мен  техниканың  дамып  келе  жатқанын  ескерсек,  физиканы 
оқытудың  негiзгi  мақсаттарының  бiрi  –  болашақ  физика  мұғалімдерінің  ой-
ӛрiсiн  дамыту,  шығармашылық  қабiлетiн  қалыптастыру,  оларды  ӛз  бетiнше 
бiлiмiн  толықтыруға  пайдалану,  алған  мағлұматтарды  талдауға  дұрыс 
қорытынды жасау, үйрету болып табылады.  
Қазіргі заманға сай талаптар бойынша болашақ физика мұғалімі білімді ӛз 
бетімен  меңгеруді,  практикалық  еңбек  кезінде  бақылау,  ӛзінің  бақылауларын 
тәжірибе  жүзінде  тексеруді,  жаңа  білімді  қабылдауға  дайын  болуы  және  оны 
пайдалануды,  ғылым  жаңалықтарын  күнделікті  тұрмысқа  пайдалануды  іске 
асыруы  тиіс.  Ал  бұл  жағдай  ӛз  кезегінде  болашақ  физика  мұғалімдерін 
даярлайтын  жоғары  оқу  орындарында  физиканы  оқыту  әдістемесін  заман 
талабына сай дамытып отыруды қажет етеді.  
Физиканы  оқыту  әдістемесі  -  негізінен  жоғары  оқу  орны  үшін 
тӛмендегідей  қажетті  нақты  мәселелерді  шешудің  жолдарын  анықтайды    
(сурет-1):  
- қазіргі заман талабына сай бағдарламалық материалдарды студенттердің 
берік игеруін қамтамасыз ететіндей, физиканы оқытудың қажетті материалдық-
техникалық базасын (эксперименттік және кӛрнекі құралдар, т.б.) анықтау;  
-физика  пәнінің  әрбір  басқыштарында  оқытылатын  оқу  материалдарының 
кӛлемін және мазмұнын анықтау; 
-студенттердің  оқу  материалын  оңай  меңгеруінің  тиімді  әдістері  мен 
тәсілдері және оқытушының әр түрлі әдістемелік түсіндіру амалдарын кӛрсету;  
-физиканы тереңдетіп оқытуға мүмкіндік туғызатындай аудиториядан тыс 
жұмыстарды (физикалық кеш, үйірме, экскурсия, олимпиада, т.б.) ұйымдастыру 
мен ӛткізудің әдістемесін кӛрсету;  
-жоғары оқу орнында физиканы оқыту үдерісінде ӛткізілетін тәлім-тәрбие 
жұмыстарға бағыт-бағдар беру; 
-студенттердің 
экспериментік  білімдері  мен  іскерліктерін  және 
дағдыларын,  шығармашылық  қабілеттерін  қалыптастырудың  жолдарын 
кӛрсету[40].  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Сурет 1 – Физиканы оқыту әдістемесі 
 
ФИЗИКАНЫ ОҚЫТУ 
Оқытудың мақсаты  
(не үшін оқытамыз?) 
Оқытудың әдісі 
(қалай оқытамыз?) 
 
Оқытудың мазмұны 
(нені оқытамыз?) 
 

 
15 
Физика  пәнінің  мазмұны,  физика  ғылымының  даму  деңгейіне, 
студенттердің  психологиялық  -  педагогикалық  даму  ерекшеліктеріне, 
ақпараттық  ортаның  даму  деңгейіне  байланысты  болатындықтан  физиканы 
оқыту әдістемесінің зерттеу нысаны, зерттеу пәні үнемі ӛзгеріп отырады.   
Болашақ  физика  мұғалімдерінің  білім  деңгейлерін  арттыру  мақсатында 
физиканы  оқыту  әдістемесін  жетілдіру  және  дамыту  бағытында  бірнеше 
шетелдік және отандық ғалымдардың еңбектерін атап кӛрсетуге болады. Атап 
айтсақ, Ф.Голдберг, В. Отеро, С.Робинсон, Дж.Томпсон, М.Уоррен, С.Лиллиан, 
Б.  Гюнеш,  У.  Канлы,  В.И.  Лырчикова,  А.Г.Москаленко,  М.И.Бобров,              
М.С.  Молдабекова,  Б.Б.Баймұқанов,    Е.Ы.Бидайбеков,  У.Қ.Тоқбергенова,          
Д.М.  Казахбаева,    Г.Жангисина,  Ж.А.Қараев,  Е.А.Нәбиев,  Г.Қ.Нұрғалиева, 
Ж.Нұрбекова,  Қ.С.Мусин,  С.С.Усенов,  К.М.  Беркимбаев,  Н.Н.  Керімбаев, 
Г.Б.Алимбекова,  К.Ә.  Ортаева,  С.Е.  Алдешов,    Ә.Х.  Сарыбаева  т.б 
ғалымдардың еңбекбектерінде орын алған.   
Фред  Голдберг,  Валерие  Отеро,  Стефен  Робинсон  «Физиканы  оқытудың 
тиімділігінде  жобалаудың  қағидалары:  физикалық  және  күнделікті  ойлау 
жағдайында»  атты  еңбегінде  болашақ  физика  мұғалімдерінің  білімін 
тереңдетудің  моделі,  ғылымға  деген  қызығушылығын  арттырудың  мәселелері 
талқылана келіп, физиканы оқыту әдістемесін жетілдірген[41].  
Бат-Шева  Ейлон,  Есзер  Багно  «Болашақ  физика  мұғалімдерін  кәсіби 
даярлығын дамытудың ғылыми-құрылымдық моделі: физикалық зерттеу, білім 
беру арқылы сабақты жобалау» атты еңбегінде болашақ физика мұғалімдерінің  
физика  бойынша  ғылыми  –  зерттеу  жұмыстары  арқылы  білімдерін 
жоғарылатуы,    және  алған  білімдерін  қолдана  алу  қабілеттерін  жетілдіру 
мәселелері қарастырылған[42].        
Уйгар  Канлы  ӛз  еңбектерінде  болашақ  физика  мұғалімдерін  оқыту 
әдістемесін 3Е, 5Е, 7Е моделдері арқылы дамыту мәселелерін зерттеген[43].  
Отандық  ғалым  Г.Б.Алимбекова  ӛзiнiң  «Физика  мұғалімінің  кәсіби 
даярлығын  ғылыми  ұғымдар  жүйесін  қалыптастыру  негізінде  жетілдіру»  aтты 
ғылыми жұмыcындa болашақ физика пәні мұғалімдерінің кәсіби-педагогикалық 
даярлығын  ғылыми  ұғымдар  жүйесін  қалыптастыру  негізінде  жетілдіруді 
ғылыми теориялық тұрғыда негіздеуді және оны оқу үдерісіне ендіру жолдары 
қapacтыpылғaн[44].      
Н.Н.  Керімбаев  еңбектерінде  физика  саласында  білімді  ақпараттандыру 
мәселелерін,  қазіргі  ақпараттандыру  қоғамында  физика  саласы  бойынша 
мұғалім даярлаудың әдістемелік жүйесін, физиканы оқытуда АКТ-ны  қолдану 
арқылы оқыту әдістемесін дамыту мәселелерін қарастырды[45].  
ХХI  ғасырдағы  қоғамның  дамуы  физиканы  оқыту  әдістемесінің  дамуын, 
оның негізінің  ауысуын  болжайтын жаңа  білім  беру  кеңістігін  жасауды  қажет 
етеді(сурет-2).  Білім  берудің  саласындағы  модернизациялау,  болашақ 
мұғалімдерді  даярлаудың  мазмұны  мен  құрылымын  саралап,  оқытудың 
ғылымилық  дәрежесін  жоғарылатуды,  болашақ  мұғалімдердің  жан-жақты 
дамуына жағдай жасауды кӛздейді.   
 
 

 
16 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Сурет 2 – Білім беру жүйесіне ӛзгерту жасау қажеттігі 
 
Дамыған  елдермен  бәсекелестікке  қабілетті,  қазіргі  қоғам  талабына  сай 
әлеуметтік  бейімділігі  жоғары,  мәдениетті,  ұлттық  тәлім-тәрбие  алған,  білімі 
мен біліктерін ӛмірде пайдалана алатын, жан-жақты дамыған, шығармашылығы 
қалыптасқан  болашақ  мұғалімдерді  даярлау,  ақпарат  ағыны  бір  жеке  тұлғаға 
алып  қарағанда  күн  ӛткен  сайын  артып  жатқан  қоғамда  ӛзекті  мәселе  болып 
отыр.  
 Қазақстан  Республикасы  «Білім  беруді  дамытудың  2011-2020  жылдарға 
арналған мемлекеттік бағдарламасы» міндеттерінің бірі - экономиканың барлық 
саласына  қажетті  бәсекеге  қабілетті  маман  кадрлар  даярлау  болып 
табылады[39].  Осы  міндетке  сәйкес  еліміз  ақпараттық  қоғам  құруға  кӛшуде. 
Бүгінгі күні ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды қолдана 
білу қабілеті - қоғамның әрбір мүшесі үшін қажетті оқу, жазу біліктерімен тепе-
тең саналуда. 
Әлемнің  дамыған  елдерінде  келешегі  зор,  жоғары  білім  беру  жүйесін 
қалыптастырудың  негізгі  жолы  -  ақпараттық  қоғамды  қалыптастыру  болып 
саналады. Aқпapaттық қoғaм - aқпapaттық үдepicтep мeн aғындap ерекше орын 
алатын,  aқпapaт  eң  мaңызды  қop  бoлып  саналатын,  aдaм  ic-әpeкeтiнiң  бapлық 
caлaлapынa ұйымдapды, мeкeмeлepдi жәнe басқада жалпы caлaлapды бacқapуғa 
мүмкiндiк  бepeтiн  aқпapaттық  жүйeлep  eндipiлeтiн  қoғaм  болып  қалыптасып 
жатқаны анық. 
«Ақпараттық қоғам» тұжырымдамасы ХХ ғасырдың 60 жылдары дамыған 
елдер  қатарында  индустриаландырудан  кейінгі  қоғам  тұжырымдамасын 
түрлендіру  ретінде  дами  бастады.  Ақпараттық  қоғамның  дамуы    шетелдік 
ғалымдар  Д.Белл[46],  И.  Масуда[47],  Э.  Тоффлердың[48]  идеяларынан  бастау 
табады.  Американдық  социолог  Д.Белл  ӛзінің  еңбектерінде  постиндустриалды 
мемлекет  құру  идеясын  қозғады.  Американдық  футуролог  Э.  Тоффлер, 
Білім беру жүйесіне ӛзгерту жасаушы себептер  
 
 
Қоғам дамуының 
мегатенденциясы 
 
Білім беру мәнін және 
құндылығын ӛзгерту 
қажеттілігі 
 
- ӛндірістік қоғамнан ақпараттық 
қоғамға ӛту;  
- ақпараттық және коммуникациялық 
технологияның дамуы;  
- әлеуметтік-экономикалық 
үрдістердің күрделенуі;  
- жаһандану, этникааралық 
интеграция;  
 
- білім беру философиясын ӛзгерту;  
- білім беру мақсатын нақтылау;  
- білім беру мазмұнын анықтау;  
- сапалы білім беруге кӛшу;  
- оқытудың технологиясы мен 
әдістемесін ӛзгерту;  
- білім беруді басқару жүйесін 
ӛзгерту.  
 

 
17 
жапондық  социолог,  футуролог  И.Масуданың  еңбектерінде  қоғамның  жаңа 
технологиялық революцияға кӛшкендігі туралы мәліметтер келтірілген.  
Д.Бeлл,  «Aқпapaттық  қoғaмның  әлeумeттiк  шeңбepi»  дeгeн  eңбeгiндe 
қoғaмның нeгiзгi caлaлapын зерттей келе, индуcтpиaлдық қoғaмның aқпapaттық 
қoғaмғa  ӛту  бapыcындa  қoғaмда  болатын  ӛзгepicтepді  cипaттaп  жaзaды. 
Сонымен қатар, кeлeci жүзжылдықтa экoнoмикaлық жәнe әлeумeттiк даму үшiн 
тeлeкoммуникaциялapғa  нeгiздeлгeн  жaңa  әлeумeттiк  үpдicтiң  қaлыптacуы 
ерекше мәнгe иe бoлaтындығы туралы айтып ӛткен[49]. 
 У.Дaйзapд,  «Aқпapaт  ғacыpының  қaдaмы»  атты  eңбeгiндe  aқпapaттық 
қoғaм  дaмуы  үш  кезеңнен ӛтетіндігі  туралы айтқан:  aқпapaтты ӛндipу,  тapaту, 
сақтау  бoйыншa  экoнoмикaлық  caлaлapдың  қaлыптacуы;  ӛнepкәciп    caлaлapы 
мeн үкiмeт үшiн aқпapaттық қызмeт нoмeнклaтуpacының кeңeюi; тұтынушылық 
дeңгeйдe aқпapaт құpaлдapының кeң тopaбының қaлыптacуы [50].  
И.В.  Роберттің  еңбектерінде  берілген  анықтамаларға  сәйкес,  қазіргі 
заманғы  ақпараттық  және  коммуникациялық  технологиялардың  құралдары 
ретінде  -  микропроцессорлық  есептеуіш  техника  негізінде  жұмыс  істейтін 
бағдарламалық  және  техникалық  құралдар,  сонымен  қатар,  компьютерлік 
желілердің  ақпараттық  қорларына  қол  жеткізуге  және  ақпаратты  алу,  ӛңдеу, 
беру, жинақтау, ӛндіру операцияларын қамтамасыз ететін, ақпараттық алмасу, 
ақпаратты  кӛрсету  жүйелері  мен  қазіргі  заманғы  құралдар  түсіндіріледі. 
Сонымен  қатар  И.В.  Робертт  ӛз  еңбегінде,  білімді  ақпараттандыру  негізінде 
қолданылатын компьютерлік бағдарламаларды әдістемелік нұсқаулық бойынша 
классификациялауға болатындығын айтады [51].   
Ӛзінің  ғылыми  еңбектерінде  Э.П.  Семенюк  былай  деп  жазады:  «Егер 
компьютерлендіру - тек техникалық үдеріс болса, ақпараттандыру- әлеуметтік 
үдеріс,  ол  қоғам  ӛмірінің  барлық  тараптарын  қамтып,  ал  түрлі  салаларды 
компьютерлік  құралдармен  қамтамасыз  ету  оның  техникалық  алғышарты  мен 
негізі болып табылады» [52]. 
Білім беру жүйесін ақпараттандыруға салмақты үлес қосқан ғалымдардың 
бірі  академик  А.П.Ершов.  Оның  пікірінше,  «ақпараттандыру  -  бұл  адами  іс-
әрекеттің  қоғамдық  маңызы  бар  барлық  түрлерінде  дәлелді,  нақты,  уақытылы 
білімді  толығымен  пайдалануды  қамтамасыз  етуге  бағытталған  шаралар 
кешені».    Мұнда  А.П.  Ершовтың  ойынша,  ақпарат  «қоғамның  сәтті  дамуы 
қабілетін негіздейтін, қоғамның стратегиялық қоры» болып табылады [53].   
Ақпараттық  технологиялардың  қоғамдық  мәнін  талдай  отырып,               
К.К. Колин мынадай тұжырымдама жасайды[54]:   
-
 
қазіргі 
заманғы 
ақпараттық 
және 
телекоммуникациялық 
технологиялар  қоғам  дамуының  ең  маңызды  стратегиялық  факторы  болып 
табылатын, ақпарат қорларын ӛзектендіруге және тиімді пайдалануға мүмкіндік 
береді. 
-
 
ӛркениеттің  дамуы  ӛтетін ақпараттық  қоғамның бағытында  еңбекпен 
қамтылған  халықтың  еңбегінің  обьектісі  мен  нәтижесі  материалдық 
құндылықтар  емес,  ақпарат  пен  ғылыми  білім  болып  табылады.  Мұндағы 
ақпараттық технологиялар қоғамдағы ақпараттық үдерістерді жалпылауға және 
автоматтандыруға мүмкіндік береді. 

 
18 
-
 
ақпараттық  үдерістер,  басқа,  анағұрлым  күрделі  ӛндірістік  және 
қоғамдық  үдерістердің  маңызды  бӛлшектері  болып  табылады.  Соған  орай, 
ақпараттық  технологиялар,  сәйкес  ӛндірістік  және  қоғамдық  үдерістердің 
құрамдас бӛлігі ретінде қарастырылады. 
-
 
телекоммуникациялық  технологиялар  ақпараттық  технологиялардың 
бӛлігі  бола  тұра,  бұқаралық  ақпарат  құралдарын  дайындау  мен  тарату 
жүйелерінде,  адамдар  мен  ұйымдар  арасында  ақпараттық  ӛзара  әрекеттестікті 
қамтамасыз етуде маңызды рӛл атқарады. 
-
 
ақпараттық  технологиялар  қоғамның  зияткерленуі,  оның  білім  беру 
жүйесі мен мәдениетінің дамуында орталық орынды иеленеді. Сонымен бірге, 
оқытушы  ақпараттық  құралдарды  пайдалану,  ӛзін-ӛзі  оқыту  жүйесі, 
мамандардың  біліктілігін  арттыру  және  қайта  дайындау  жүйелері  үшін 
айтарлықтай тиімді әдіс болады. 
Ақпараттық үдерістер қоғамның барлық саласына тән болғандықтан, адам 
ақпаратты  ӛндіріу,  тұтыну  және  тарату  секілді  ақпараттық  іс-әрекеттердің 
барлық түрлеріне қатысады.  
Әлемнің  дамыған  елдерінде  келешегі  зор  жоғары  білім  беру  жүйесін 
қалыптастырудың  бір  жолы  ақпараттық  қоғамның  қалыптасуы  болып 
табылады:  білім  беру  арқылы  жеке  тұлғаның  шығармашылық  қабілетін  ашуға 
бағытталған дамытушы және инновациялық әдістерді кең кӛлемде енгізу; жаңа 
ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар негізінде қашықтықтан 
оқыту  жүйесін  дамыту  жолы  мен  халықтың  кең  кӛлемді  сапалы  білім  беруге 
қол  жетімділігін  арттыру  болып  саналады.  Қоғамның  дамуы  үшін  ақпараттық 
технологиялардың маңыздылығы 3-суретте келтірілген. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Сурет 3 - Қоғамның дамуы үшін ақпараттық технологиялардың 
маңыздылығы 
 
Ақпараттық-коммуникациялық 
технологиялар 
және 
ақпараттық 
инфрақұрылым  жалпы  экономиканың  бәсекеге  қабілеттілігін  арттыра  отыра 
 
Қоғам дамуындағы 
ақпараттық 
технологиялардың 
ерекше қасиеттері 
-
 
ақпараттық  технологиялар  -  дамудың  стратегиялық 
факторы  болып  табылатын,  қоғамның  ақпараттық 
қорын  белсендендіру  және  тиімді  пайдалануға 
мүмкіндік береді. 
-
 
ақпараттық  және  телекоммуникациялық  технологиялар 
адамзат  қоғамындағы  іс-әрекетте  күрделі  орын  алып 
жатқан  ақпараттық  үдерістерді  ӛзектендіру  мен 
автоматтандыруға мүмкіндік береді. 
-
 
апараттық технологиялар жаңа білім алу және жинақтау 
үдерістерінде де маңызды рӛл атқаруда.  
-
 
ақпараттық  қорларды  (ғылыми  білім,  жаңалықтар, 
тапқырлықтар,  технологиялар,  жетекші  тәжірибе) 
белсендендіру,  тарату  және  тиімді  пайдалану,  қордың 
басқа  түрлерін  (шикізат,  қуат,  пайдалы  қазбалар, 
материалдар 
мен 
құрал-жабдықтар) 
үнемдеуге 
мүмкіндік береді. 
 
 
 

 
19 
мемлекеттің  дамуын  қайта  құрудың  ғылыми-технологиялық  кілті  болып 
табылады.  Қазіргі  таңда  интернет,  бұлыңғыр  есептеулер,  мобильді  және 
мультимедиалық  технологиялар,  роботтар,  виртуалды  шындық  және  тағыда 
басқа  ақпараттық  құралдар  экономикасы  дамыған  және  дамушы  елдердің 
міндетті атрибутына айналып отыр.  
Қазақстан  Республикасының  ірі  бәсекеге  қабілетті  мемлекеттердің 
қатарына  кіруге  қатысты  мақсаттарына  жетуі  ақпараттық-коммуникациялық 
технологияларды дамыту және енгізу арқылы мүмкін болатындығы сӛзсіз. 
Еліміздің  соңғы  жылдарда  ақпараттық-коммуникациялық  технологиялар 
алаңында маңызды жетістіктерге жеткені белгілі. Солардың ішінде 2012 жылы 
жарияланған  БҰҰ  Е-Government  Survey-2012  «Электрондық  үкімет  адамдар 
үшін»  рейтингінде  2010  жылғы  кӛрсеткіштен  8  сатыға  жоғары  кӛтеріліп  38-
орынға табан тіреді. 2012-2013 жылдарға арналған дүниежүзілік экономикалық 
форумда  
ғаламдық 
бәсекелестік 
қабілеті 
бойынша 
Қазақстанның 
бәсекелестікке  қабілеттік  рейтінгі  21  сатыға  кӛтеріліп,  51-орынға  шықты. 
Халықаралық  электробайланыс  одағының  рейтингінде  Қазақстан  соңғы  жылы 
АКТ-ны  дамыту  индексі  бойынша  72-орыннан  68-орынға  кӛтерілді. 
Пошта  байланысы  саласында  ұлттық  оператор  болып  табылатын  «Қазпошта» 
акционерлік  қоғамы  қызметтер  нарығының  негізгі  жеткізушісі  болып  қалады. 
Қызмет  кӛрсету  еліміздің  барлық  аумағын  қамтып,  3000-нан  астам  ӛндірістік 
нысандармен  жүзеге  асырылады.  Сонымен  қатар,  пошталық,  күрьерлік 
қызметтерді  «DHL  International  Kazakhstan»  ЖШС,  «ЯНЦЕН-ЭКСПРЕСС» 
ЖШС және т.б. кӛрсетеді[55]. 
Қазіргі  таңда  елімізде  қоғамды  ақпараттандыру  үдерісінің  басым 
бағыттарының  бірі – білімді ақпараттандыру болып табылады.  
 
Сурет 4 - Білімді ақпараттандыру салдарынан іске асатын әрекеттер 
 
білім беру жүйесін 
коммуникациялық 
желілерді  пайдалану 
негізінде жетілдіру; 
қоғамды ақпараттандыру шартында 
білім алушыларды дамыту 
міндеттеріне сәйкес оқыту, оқытудың   
ұйымдастырылған формаларын, 
әдістерін сұрыптау, стратегиялары 
мен әдістемесін жетілдіру; 
бағалау мен бақылауды 
айқындаушы 
компьютерлік тестілік 
бағдарлама жасау 
әдістемесін құру; 
Білім алушылардың 
ақпараттарды ӛңдеу 
бойынша ӛзіндік 
жұмыстарына бағдарланғ
ан оқытудың әдістемелік 
жүйелерін жасау; 
Білім алушылардың 
ақпараттарды ӛңдеу 
бойынша ӛзіндік 
жұмыстарына бағдарланғ
ан оқытудың әдістемелік 
жүйелерін жасау; 
Білімді 
ақпараттандыру 
салдарынан іске 
асатын 
әрекеттер 

 
20 
Елімізде  білім  беруді  ақпараттандыру  үрдісі,  оның  негізгі  бағыттары  мен 
болашағы,  ақпараттық-коммуникациялық  технологияларды  пайдалануға 
болашақ  мамандарды  дайындаудың  мақсатын,  мазмұнын,  ұстанымдарын, 
психологиялық-педагогикалық негіздерін бірнеше ғалымдар қарастырған.  
Е.Ы.Бидайбеков  «Ақпараттық  технология  дегеніміз  –  технологиялық 
тізбекке  біріктірілген,  ақпараттық  ресурстарды  қолдану  арқылы  ақпаратты 
жинау,  сақтау,  ӛңдеу,  шығару  және  тарату  әрекеттерін  қамтамасыз  ететін 
ӛндірістік  және  бағдарламалық  -  техникалық  құрылғылар  мен  әдістер 
жиынтығы» деп ой тұжырымдады[57]. 
Сонымен бірге, Е.Ы.Бидайбеков ӛзінің «білімді ақпараттандыру саласында 
қолданылып  жүрген  терминдерді  жүйелеп,  нақтылау  керек»  атты  сұхбатында 
білімді  ақпараттандыру  -  бұл  оқытуды  ғана  ақпараттандыру  емес,  білімді 
ақпараттандыру  -  бұл  оқу  қызметін,  оқу  нәтижелерін  бақылау  мен  ӛлшеуді, 
оқудан  тыс  қызмет пен  тәрбиелеу  үдерістерін,  ғылыми  зерттеу  қызметін және 
ғылыми  әдістемелік  қызметті,  сол  сияқты  ұйымдастыру-басқару  қызметін 
ақпараттандыру деген болатын[58].  
Белгілі  ғалым  С.М.Кеңесбаев  «Білім  берудi  ақпараттандыру  –  бiлiм  беру 
саласының  теориясы  мен  практикасына  ақпараттық-коммуникациялық 
технологияны  жан-жақты  пайдалану  және  оқыту  мен  тәрбиелеудiң 
психологиялық  -  педагогикалық  мақсаттарын  жүзеге  асыратындай  жағдайда 
оның  мүмкiндiктерiн    қолдану  үрдісі»  деген  тұжырым  жасап,  болашақ 
мұғалімдерді  ақпараттық  технологияларды  пайдалана  білуге  даярлаудың 
педагогикалық негіздерін зерттеді[56]. 
Бүгінде  ақпараттық  технологиялар  Қазақстанда  қоғамның  зияткерлік 
қабілеттерінің үдерісінде, оның білім беру жүйесі мен мәдениетінің дамуында 
орталық  орын  алады.  Барлық  дамыған  және  дамушы  елдерде  компьютерлік 
және  теледидарлық  техника,    оптикалық  дискілер  мен  мультимедиалық 
технологиялардағы  оқу  бағдарламалары  жоғары  оқу  орындарымен  бастауыш 
және орта білім беретін мектептердің әдеттегі оқу құралдарына айналды.   
Қоғам  дамуының  қазіргі  заманғы  кезеңі  үшін  аса  маңызды  ақпараттық 
технологиялардың дамуының мәні  бойынша олардың қолданылуы ӛркениеттің 
жаһандық  дағдарысын  жеңу  қажеттігімен  байланысты  адамзаттың  жаһандық 
мәселелерін  шешуде  үлкен  жәрдем  жасайды.  Себебі,    жаһандық  үдерістерді 
ақпараттық  модельдеу  әдістері,  ғаламдық  ақпараттық  мониторинг  әдістерімен 
үйлесімділікте  қоғам  үшін  қауіп  туындататын,  жоғары  әлеуметтік  және  саяси 
тіке-тірес,  экологиялық  апат,  табиғи  апаттар  мен  ірі  технологиялық  апаттар 
болған аудандарда кӛптеген дағдарыстық жағдайларды болжамдау мүмкіндігін 
қамтамасыз  етеді.  Ғылыми-педагогикалық  әдебиеттерге  жасалған    талдау 
кӛрсеткендей, 
ақпараттық 
технологиялар 
термині 
соңғы 
жылдары 
компьютерлік  технологиялар  терминінің  синонимі  ретінде  танылуда,  себебі, 
компьютерді  қолданумен  байланысады.  Дегенмен,  ақпараттық  технологиялар 
термині  анағұрлым  кең  және  ӛзіне  компьютерлік  технологияларды  қосады. 
Мұндағы  ақпараттық  технологиялар,  қазіргі  заманғы  компьютерлік  және 
желілік  құралдарды  пайдалануға  негізделетін  қазіргі  заманғы  ақпараттық 
технологиялар терминін қалыптастырады.  

 
21 
Жоғарыда  айтылған  білімді  ақпараттандыру  саласындағы  тұжырымдарға 
қорытынды  жасай  келе,  білім  беру  саласындағы  ақпараттық  технологияларды 
қолданудың маңыздылығы мен әдістерін (5-сурет) атап ӛтсек: 
- білім алушы үшін пәндік қиыншылықтар ығыса түседі; 
-  білім  алушы  компьютер  қолданылған  сабақтарға  кӛбірек  қызығып, 
олармен жұмыс істегенде ӛздерін ыңғайлы сезінеді;  
- білім алушылар арасындағы қатынастың сипаты ӛзгереді; 
-  ӛзіндік  жұмыс  жасай  алу  қабілеті  мен  компьютердің  де  мүмкіндіктерін 
дұрыс бағалай алу қабілеті артады; 
-  компьютерлік  желіде    жұмыс  істегенде  әдептілік,  жауапкершілік 
дағдылары  қалыптасады,  басқа  адамдардың  ұстанымын  ескере  отырып,  ӛз 
мінез-құлқына ие бола алады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Сурет 5 - Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың әдістері 
 
Енді 
болашақ 
физика 
мұғалімдерін 
даярлаудағы 
білімді 
ақпараттандырудың қазіргі жағдайына тоқталсақ.  
Физиканы  оқытуда  ақпараттық  технологияларды  пайдалану  ерекше  орын 
алады. Бұл кем дегенде екі факторға байланысты болып табылады: біріншіден, 
ақпараттық  технологиялар  физиканы  оқытудың  іргелі  негізі  ретінде,  қазіргі 
заманғы  ақпараттық-коммуникациялық  технологиялардың  жетістіктері  (АКТ). 
Екіншіден,  физика  саласы  -  осы  технологиялардың  қолданылуы  ең  дамыған 
аймағы. 
Физикалық 
зерттеулердің 
мазмұны 
толық 
математикалық 
модельдеудің  танымдық  әлеуеті,  табиғат,  техника  және  қоғамның  нақты-
әлемдік құбылыстарды зерттеуі қазіргі заманның негізі болып табылады.  
Қазіргі 
кезде 
физиканы 
оқытуда 
ақпараттық-коммуникациялық 
технологияларды  оқу  үдерісінде  қолдану,  болашақ  физика  мұғалімдеріне 
Ақпараттық-
коммуникациялық 
технологиялардың 
әдістері: 
 
Интернет  –  әлемде  болып 
жатқан  соңғы  жаңалықтар  жайлы 
мәлімет  алудың  тез  және  ең  оңай 
жолы. 
Интернеттің 
кӛмегімен 
аудиторияны  жаңалықтар  ӛзегімен 
қамтамасыз 
етіп, 
студенттерді 
тәжірибелі 
мамандарға 
айналдыруға болады. 
 
 
Бейнесюжеттер 
мен 
бейнефильмдер – кез келген пәннен 
қашықтықтан  білім  беру  үшін  ӛте 
тиімді 
құрал. 
Бейнефильмдер, 
әдетте,  дәстүрлі  лекциялардың 
орнын  басатын  оқу  материалдары 
жиынтығының  бӛліктері  ретінде 
қолданылады. 
 
Интерактивтік 
технологиялар 
– 
оқытудың  әдістері  мен  түрлерінің, 
бағдарламаларының 
интерактивті 
мүмкіндіктері  кері  байланысты  іске 
асыра отырып, оқушының белсенділігін 
арттыруға,  дәстүрлі  оқыту  жүйелерінің 
кӛбінде  орындалмайтын  диалог  пен 
тұрақты  кӛмекті  де  іске  асыруға 
мүмкіндік береді. 
Электрондық 
форумдар 
ICQ, Skype, online 
Мультимедиалық 
ӛнімдер 
бағдарламалық 
жабдықтар 
 
Электрондық  оқулықтар  қай  жастағы 
болмасын 
білім 
алушылардың 
шығармашылықпен  жұмыс  жасауына, 
яғни танымдық белсенділігін арттыруға 
мүмкіндік  береді.  Электрондық  оқу 
құралы – бір пән бойынша ӛзіндік білім 
алуға 
арналған 
ақпараттық, 
графикалық, 
әдістемелік 
және 
бағдарламалық  жабдықтардың  кешенін 
құрайтын 
электрондық 
оқу 
материалдарының 
жиынтығы 
деп
 
түсінеміз. 

 
22 
шексіз  кӛлемде  оқу  ақпаратын  игеруге,  яғни  әлемдік  ақпараттық-
коммуникациялық  білім  беру  кеңістігіне  қосылуды  қамтамасыз  етеді. 
Сондықтан, білім беру жүйесін ақпараттандыру жағдайында физикалық кәсіби 
білім  негіздерін  меңгерген  маман  тұлғасын  қалыптастыруда,  олардың 
креативтілігін  қалыптастыруда,  болашақ  физика  мамандарының  жеке  пәндер 
бойынша  шығармашылық  қабілеттерін  арттыруда,  ӛз  бетінше  практикалық 
және  лабораториялық,  эксперименттік  жұмыстарды  орындай  алу  қабілеттерін 
арттыруда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды тиімді пайдалануға 
негізделген  оқу-әдістемелік  және  виртуалдық  зертханалық  кешендерді 
жетілдіру, оны жасаудың  мәселелеріне кӛңіл аударған жӛн.  
Физика  –  табиғаттағы  ӛзгерістерді  зерттейтін  ғылым.  Жоғары  оқу 
орындарында  физика  бойынша  оқытылатын  оқу  материалының  кӛлемі  жыл 
ӛткен  сайын  кӛбейіп,  артып  келеді.  Бұл  жағдай  оқу  материалдарын  қандай 
дидактикалық  қағидалар  (оңайдан  қиын  материалға  кӛшіп  отыру,  теориялық 
талдау,  ӛмірмен  байланыстыру,  эксперименттік  дәлелдеу  қағидасында)  
негізінде  баяндауды  таңдап  алу  ісін  қиындатуда.  Физика  құбылыстары  мен 
заңдылықтарын студенттерге түсіндірудің бір қиыншылығы -  олардың кӛбінің 
кӛзге кӛрінбейтін, қолмен сезінуге болмайтын құбылыстар екендігінде. Кейбір 
орта  және  жоғарғы  оқу  орындарында  оларды  эксперименттік  тұрғыда  сабақта 
түсіндіруге  де  қажетті  демонстрациялық  не  лабораториялық  приборлардың 
жетіспеушілігі әрі жасау да оңай емес.  
Ақпараттық технологиялардың жедел дамуымен жоғары оқу орындарында 
физиканы  оқытудың  тиімділігін  арттыру  мақсатында  зертханалық  сабақтар 
жаңа құрал-жабдықтармен жабдықталуда. Бұл жаңа құрал-жабдықтар болашақ 
физика  мамандары  үшін  ӛзінің  кәсіби  қызметінде  қажетті  білімдер  мен 
дағдыларды  меңгеруінде  аса  маңызды  орын  алып  жатыр.  Сонымен  қатар,  оқу 
материалдарын  кӛрнекілендіру,  математикалық  ақпарат  пен  физикалық 
құбылыстарды меңгеру дағдыларын қалыптастыру, физика заңдарын ӛздігінен 
тексеру,  жоғары  оқу  орны  және  мектеп  зертханасын  автоматтандыру,  оны 
нағыз  ғылыми-зерттеу  жұмыстарына  жақындату  сияқты  жетістіктерде  жаңа 
ақпараттық технологияның (6-сурет) орны ерекше.  
 
    
 
 
Сурет 6 - Компьютердің кӛмегімен орындалатын зертханалық жұмыстар 
 
Физиканы оқытудың кез-келген формасында ақпараттық технологияларды, 
яғни,  компьютерлерді  және  бағдарламалық  құралдарды  әр-түрлі  мақсатта 
пайдаланады (7-сурет).  

 
23 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Сурет 7 - Компьютерлік бағдарламалық құралдарды пайдалану мақсаттары 
мен түрлері 
 
ЖОО  дарында  физиканы  оқыту  барысында  ақпараттық  технологияларды 
қолдануды зерттеген бірнеше орыс ғалымдарын атап кӛрсетуге болады.  
Физиканы оқытуда ақпараттық технологияларды қолдану әдістемесімен: 
-
 
физиканы оқытуда ақпараттық технологияларды қолданудың ғылыми-
әдістемелік  негіздері    (Э.В.  Бурсиан,  Е.И.  Бутиков,  И.Б.  Горбунова,                    
Л.  В.  Жуков,  В.А.  Извозчиков,  A.C.  Кондратьев,  А.В.  Ляпцев,  Г.Г.  Матаев,           
А.И. Ходанович, A.C. Чирцов); 
-  физиканы  оқытуда  жаңа  ақпараттық  технологияларды  қолдану 
әдістемесінің  мәселелері  Л.И.  Анциферова,  A.C.  Кондратьева,  В.В.  Лаптева, 
A.B. Смирнова, А.И. Ходановича  және т.б еңбектерінде орын алған;  
-    жоғары  оқу  орындарында  ақпараттық  технологияларды  қолдану 
мәселелерімен  Е.В.  Демин,  Л.С.  Коновалец,  A.A.  Лактионов,  Л.В.  Миронова 
және т.б ғалымдар айналысқан;  
-   әр-түрлі нақты ақпараттық технологияларды физиканы оқытуда қолдану 
П.В.  Абросимова,  A.A.  Ездова,  Ю.Б.  Икрениковой,  В.В.  Клевицкого,              
С.Л.  Светлицкого,  Л.Х.  Умаровой,  A.B.  Эльцов  және  т.б  ғалымдардың 
еңбектерінде кездеседі. 
Физикалық  білім  беруді  ақпараттандыру  тәжірибе  мен  теорияда  кең 
зерттеулердің  басты  мәселесіне  айналды.  Физика  сабағында  компьютерлерді 
пайдалану 
мәселесінің 
әдістемелік 
негіздеріне 
Л.И.Анциферов,                        
Г.А.Бордовский, 
В.А.Извозчиков, 
A.C.Кондратьев, 
В.А.Лаптев 
және 
т.б.ғалымдардың  жұмыстары арналды.  
Аталған  авторлардың  жұмыстарында  физиканы  оқыту  барысында 
компьютерлерді  қолданудың  тиімді  бағыттары  оны  құрал  ретінде  пайдалану 
болып  табылады.  Сондықтан,    компьютерлік  оқыту  -  физиканы  оқыту 
әдістемесінің  қазіргі  маңызды  қарқынына  айналды.  Осылайша  жоғары  оқу 
орындарында  компьютерді  пайдалану  қажеттілігі  информатикадан  басқа 
физика сабақтарында да  міндеттеле бастады.  
Американдық ғалым Х.Ж. Бекер ӛзінің ғылыми мақалаларында физиканы 
оқыту барысында компьютерді қолданудың тәртібін, ерекшелігін қарастырады. 
Ол физиканы оқытуда ақпараттық компьютерлік технологияларды қолданудың 
мазмұнын талапқа сай ӛзгертіп отыруды ұсынады. Сонда ғана физикадан білім 
Физиканы оқытуда 
компьютерді 
қолдану мақсаттары 
мен түрлері 
Кӛрнекілікті арттыру; 
Бейнелі қойылым  кӛрсету; 
Ақпаратты үнемі жаңартып 
отыру 
 
Әртүрлі дағдылар мен 
іскерліктерді 
қалыптастыру мен бекіту 
Ақпараттық-іздестіру 
жүйелері; 
Сараптау жүйелері; 
Оқыту бағдарламалары 
Компьютерлік 
ойындар; 
Иммитациялық 
модельеу; 
Бақылаушы типтегі 
оқыту бағдарламалары 
 
Мақсаттары 
Түрлері 
 

 
24 
алушылардың сапалық қасиеттерін арттырудың мүмкіншілігі дами түсетіндігін 
тұжырымдады[59].   
С.Ангелл, О. Гуттерсруд, E.Хенриксен, A.Иснес ӛз еңбектерінде физиканы 
оқыту  әдістемесін  ақпараттық  технологиялардың  кӛмегімен  дамытуды 
қарастырады. Олардың негізгі ортақ тұжырымдамасы: «физика күрделі ғылым 
болғанымен  ӛте  қызықты,  білім  алушылар  мен  мұғалімдер  ӛз  мақсаттарына 
жету  үшін  физиканы  оқыту  әдістемесін  заман  талабына  сай  жетілдіріп  отыру 
қажет,  ақпараттық  технологияларды  уақтылы  оқыту  үдерісіне  енгізіп  отыру 
қажет» дейді[60].  
Сонымен қатар бірнеше шет елдік ғалымдар, П. Клейн, С.Гребер, Ж.Кухн, 
A.Мюллер[61]  планшетті,  компьютерді  эксперимент  жасау  құралы  ретінде 
пайдаланып,  физикалық  құбылыстарға  видео  анализ  жасау  арқылы  студент 
қызығушылығын арттыруды,  А.Л.Рудольф, Б.Леймин, Е.Празер [62] Физиканы 
оқытуда  ақпараттық  технологиялардың  ерекшелігін  негіздей  келе,  физикалық 
құбылыстарды түсіндіруде интерактивті әдістердің маңызын кӛрсетті.
 
   
Физиканы  оқытуда  ақпараттық  технологияларды  пайдалану  мәселесі 
бойынша  зерттеу  жүргізген  Ресейлік  және  отандық  ғалымдардың  кейбір 
пікірлерін қарастырайық. 
Физиканы  оқытуда  компьютерлерді  пайдалану  мәселесін  И.Я.Ланина  
студенттердің  танымдық  қызығушылықтарын  қалыптастыру  және  дамыту 
мәселелерін 
зерттеу 
барысында 
қарастырды[63]. 
Автор 
компьютер 
мүмкіндіктерін  зерттеу  оның  қасиеттерін  ерекшелеуге  және  студенттердің 
білімі, қабілеттері мен дағдыларын қалыптастырумен қатар,  олардың тұлғалық 
қасиеттерінің  қалыптасуы    үшін  компьютердің  маңызы  туралы  қорытынды 
жасады. 
Кең  таралған  пікірлердің  бірі,  компьютермен  оқыту  барысында 
студенттердің  ойлау  қабілетінің  шектеулілігі,  яғни  сезімдердің    болмауына 
байланысты  Д.  Вайценбаумның  ойынша,  оқытудың  сезімділігін  жеткіліксіз 
бағалау  компьютерлерді  қолдануға  ұласатын  теріс  әсерлердің  бірі  болып 
табылады[64].  Ғалымның  пікірінше,  физиканы  оқыту  әдістемесінде 
компьютермен  жұмыс  істеу  маңызды  –  бұл,  студенттердің  іс-әрекетке 
шығармашылықпен  қарауы,  ал,  компьютердің  қызықты  идеяларды  үнемі 
ұсынуы болып табылады. 
В.Г.  Разумовскийдің[65]  ойынша,  дайын  ережелер  негізінде  оқыту  іс-
әрекетін  алгоритмдеуді  шектемей,  қажетті  алгоритмді  ӛздігініше  құрумен, 
интуициямен  байланысты  студенттің  шығармашылық  қабілеттерін  тежемеу 
керек.  Компьютердің  «экрандық  әлемі»  табиғи  құбылыстардың  бай  әлемінің 
орнын алмауы қажет. Студенттер үшін компьютер - бұл адам қолындағы құрал, 
жетік құрал болғанымен, адамның жасаған мүмкіндіктерімен шектелгенгендігін 
түсіну керек, ол еңбекті, ӛнімді, шығармашылықты қызықты етеді. 
Физиканы 
оқытуда 
компьютерлерді 
пайдалану 
студенттердің 
бағдарламаларды  құрау,  гипотезаларды  тексеру  үшін  тапсырмаларды  шешуді, 
графиктерді  құру  үшін  қосымша  ақпаратты  алу  секілді  дербес  жұмыстарды 
кӛздейді.  Барлық  жағдайларда  компьютер  іс-әрекетті  ынталандырушы  басты 
құрал ретінде студенттердің шығармашылық белсенділігін арттырады. 

 
25 
Тапсырмаларды  шешу  немесе  зертханалық  жұмыстарды  орындау 
барысында  компьютерлерді  пайдалану  физиканы  оқыту  барысында 
студенттердің сабақта ӛз еңбектерінің нәтижесін кӛруге мүмкіндік береді. Бұл 
жағдай  іс-әрекетке  қызығушылықты  арттырады.  Студент  жаңа  зертханалық 
жұмыстарды жүргізуге немесе қиын есептеулерді шешуге мүмкіндік алады.  
Физика саласы бойынша ақпараттық технологияларды қолдануды бірнеше 
отандық ғалымдар ӛздерінің ғылыми еңбектерінде зерттеген. 
Н.Н. Керімбаев болашақ физика пәні мұғалімінің ақпараттық құзыреттілік 
кӛрсеткіштерін  пәндік  және  әдістемелік  компоненттер  бойынша  былай 
кӛрсеткен[66]: 
Пәндік компонент бойынша:  
- ақпараттық технологиялардың дидактикалық ерекшеліктерін білу;  
-  мультимедиа  және  коммуникациялық  технологияларды  белсенді  оқыту 
әдістерін жүзеге асыратын құрал ретінде білу;  

физиканы  оқытуды  ұйымдастыру  үшін  Интернет-ресурстардың 
мүмкіндіктерін білу;  
- тестілеу рәсімін жүзеге асыратын компьютерлік технологияларды білу;  
Әдістемелік компонент бойынша: 
- физиканы оқытуда ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, есеп 
шығару әдістерін игеру;   
- физикалық ақпараттарды әртүрлі тәсілдермен кӛрсету;  
- жағдаяттық есептерді шығару;  
- оқу-әдістемелік есептерді шешу;  
-  компьютерлік  оқу  (элективті)  курстарын  әзірлеу  және  оны  физиканы 
оқыту  үдерісіне  қолдану,  компьютерлік  технологияларды  оқытуда  тиімді 
таңдауды жүзеге асыру;  
- тест жасау және тестілеу нәтижелерін ӛңдеу;  
- электрондық оқулықтар мен білім беру сайттарын жасау.  
Г.Б.Алимбекова  ӛзінің  «Физика      мұғалімінің        кәсіби      даярлығын  
ғылыми ұғымдар жүйесін қалыптастыру негізінде  жетілдіру» атты докторлық 
диссертациясында  болашақ  физика  мұғалімдерін  даярлауда  ақпараттық 
технологиялар  негізінде  физикалық  ұғымдардың  графтық  байланысын 
кӛрсеткен болатын[67].  
Б.Д.Сыдықов  «Болашақ  мұғалімдерді  ақпараттық-компьютерлік  және 
математикалық  модельдеу  негізінде  кәсіби  дайындау  жүйесі»  атты  докторлық 
диссертациясында  физика  және  кәсіптік  білім  пәндері  мұғалімдерді 
ақпараттық-компьютерлік  және  математикалық  модельдеу  негізінде  оқыту 
арқылы кәсіби  дайындауды психологиялық-педагогикалық  тұрғыда  теориялық 
негіздеп, оның әдістемелік жүйесін жасады[68].  
Қазіргі таңда әлемдегі болашақ физика мұғалімдерін даярлайтын   жоғары 
оқу  орындарында  да  American  Association  of  Physics  Teachers  (AAPT) 
компаниясының деректер базасы қолданылып жатыр. Бұл компанияның негізгі 
мақсаты  физика  саласы  бойынша  ең  соңғы  ақпараттық  ресурстармен 
қамтамасыз  ете  отырып,  физика  саласындағы  білім  алушылардың  физикаға 
қызығушылығын арттырып, білім деңгейлерін жоғары дәрежеге жеткізу.  

 
26 
American  Association  of  Physics  Teachers  (AAPT)  компаниясы  ӛзінің 
деректер  базасына  мынадай  бӛлімшелер  арқылы  қызмет  атқарады: 
конференциялар, бағдарламалар, мақалалар, ақпараттық ресурстар. Ақпараттық 
ресурстар  бӛлімшесіндегі  мәліметтерді  физиканы  оқыту  барысында 
қолданушылардың  саны  жыл  ӛте  келе  арта  түсуде.  Бұл  бӛлімшенің  қамтыған 
мәліметтерін тӛмендегі 1-кесте арқылы кӛрсетейік: 
 
Кесте  1  –  Халықаралық  web-сайт  мазмұны.  Физика  мұғалімдерінің  Америка 
Қауымдастығы(ААРТ)  
 
American Association of Physics Teachers (AAPT) 
Физика мұғалімдерінің Америка Қауымдастығы 
Оқыту ресурстары (Teaching Resources) 


ФМАҚ  журналының  мақалалар  жиынтығы 
(Article Collections from AAPT Journals) 
-
 
In Celebration of the 100th 
Anniversary of Einstein's Theory of Relativity 
-
 
The Best of The Physics Teacher 
2014-2015 
-
 
A Study of Light: In Celebration of 
The International Year of Light 
-
 
Diodes: Articles for Physics 
Educators 
-
 
Martin Gardner Centennial 
Collection 
-
 
Physics Challenges 2010-2011 
-
 
The Best of The Physics Teacher 
2013-14  
ФМАҚ қызметтері (Services from AAPT) 
-
 
AAPT eMentoring  
-
 
AAPT Email Discussion Lists  
-
 
Physics First Resource Page 
-
 
YouTube Channel (plenary talks 
from AAPT meetings) 
-
 
Section Box (Email request for 
promotional materials. Include date of meeting, 
number of attendees, intended audience (i.e. 
50% HS, 25% 2YC, 25% 4YC), shipping 
address.) 
Халықаралық 
физикадан 
білім 
беру 
сайттары  (International  Physics  Education 
Websites) 
-
 
CERN 
-
 
European Physical Society 
-
 
GIREP 
-
 
IACPE 
 
-
 
ICPE 
-
 
ICSU 
-
 
International Particle Physics 
Outreach Group 
-
 
IUPAP 
-
 
UNESCO 
-
 
Women in Physics:  Proceedings of 
the 4th IUPAP International Conference on 
Women in Physics 

 
27 
 
1-кестенің жалғасы 


Мультимедия (Multimedia)  
-
 
You Need AAPT by Steve Iona  
-
 
The Feynman Lectures on Physics 
-
 
Hewitt Drew-IT!  Physics Screen 
Casts  
-
 
Teach Physics: Make a Difference 
video (PhysTEC.org)  
-
 
The Constellations and Their Stars  
Нұсқаулықтар(Guidelines) 
-
 
Guidelines for High School 
Physics Programs or Download the PDF.  
-
 
The Role, Education, 
Qualifications, and Professional Development 
of Secondary School Physics Teachers (2009) 
or Download the PDF.  
-
 
Guidelines for Two-Year College 
Physics Programs or Download the PDF.  
-
 
Guidelines for Self-Study and 
External Evaluation of Undergraduate Physics 
Programs or Download the PDF. 
-
 
Planning for Graduate Studies or 
Download the PDF. 
-
 
AAPT Recommendations for the 
Undergraduate Physics Laboratory Curriculum 
Постерлер(Posters) 
-
 
Nobel Prize in Physics 
Poster (2009) 
-
 
Nobel Prize in Physics Poster 
(2010) 
-
 
High School Physics Photo Contest 
Poster 
 
 ТМД  елдерінде,  соның  ішінде  Ресейде,  Қазақстанда  жасалынған  білімді 
ақпараттандыру  негізінде  жасалынып  жатқан  білім  беру  бағдарламалық 
құралдарының саны кӛп болғанымен (2-кестеде келтірілген) физика саласында 
жеке  пәндер  бойынша  алып  қарағанда  жеткіліксіз  дәрежеде.  Ресейде  және 
Қазақстанда  жасалынып  білім  беру  саласында  қолданылып  жүрген  кейбір 
бағдарламалық  құралдар  физиканы  оқытудың  тиімділігін  арттыруда  ерекше 
мәні бар. 
 
Кесте 2 - Физиканы оқытуда қолданылып жүрген бағдарламалық құралдар 
 


«Свойство  Атома»  бағдарламасы  (Ресей,  НИИ 
ШОТСО АПН) 
Бұл  бағдарлама 
Бор  постулаттары 
бойынша 
атом 
құрылысының 
динамикалық кӛрінісін береді.  
Бағдарлама мақсаты: білім алушылардың 
бойында  кванттық  физика  жӛнінде 
кӛрнекі түсінік қалыптастыру. 

 
28 
2-кестенің жалғасы 


Ульяновск  педагогикалық  институты.  Томсон, 
Иоффе-Милликен,  Франк-Герц,  Штерн  мен 
Герлах 
т.б 
ғалымдардың 
класиикалық 
тәжірибелерінің 
компьютерлік 
модельдері 
жасалынды. 
Физика  заңдарының  оқу  тиімділігін 
кӛтеру  және  физикалық  құбылыстарды 
меңгеруді  оңтайландыру  мақсатында, 
ғалымдар  тәжірибеде  пайдаланылған 
құралдары 

иммитациялық 
компьютерлік модельдерді оқу үдерісінде 
пайдалану ұсынылды.  
Ресейдің  Пермь  мемлекеттік  педагогикалық 
институтында 
«Шалаӛткізгішті 
диод 
жұмысының  принципі»  атты  оқу-модельдеу 
бағдарламасы жасалынды. 
Бұл  бағдарламада  жұмыс  орындау 
барысында  диод  жалғанған  батареяның 
қарама  қарсылығын  дисплей  экранында 
кӛрінген  тетіктер  арқылы  ӛзгертіп, 
зерттеу жүргізу мүмкіндігі бар.  
Абай 
атындағы 
ҚазҰПУ-де 
профессор 
А.И.Купчишин, 
К.Н.Жумадиллаевтің 
басшылығымен  Резерфорд  тәжірибесіндегі  а-
бӛлшектердің 
шашырауын 
кӛрсететін 
виртуальды компьютерлік модель жасалынған. 
Бұл 
тәжірибе 
жүзінде 
тексеруге 
мүмкіндік 
аз 
болған 
құбылысты 
компьютер  арқылы  кӛруге  мүмкіндік 
береді.  
Абай 
атындағы 
ҚазҰПУ-де 
профессор 
В.Н.Косов, 
С.А.Красиковпен 
классикалық 
тәжірибелердің 
статикалық 
модельдері 
жасалынған.  
Бұл 
бағдарлама 
сапалық 
және 
графикалық 
есептерді 
компьютер 
бағдарламалары 
арқылы 
шығаруға 
бағытталған.  
Э.А.Абдыкеримова 
ғылыми 
жетекшілері 
Е.Ы.Бидайбеков, 
Н.И.Ильясовтармен 
бірге 
жасаған  «Атомдық  физика»  бағдарламалық 
құралы 
Бұл  бағдарлама  ӛз  ішіне  атомдық 
физиканың 
кейбір 
тақырыптары 
бойынша 
теориялық 
мәліметтерді, 
сонымен  қатар  құбылыстардың  жүруін 
анимациялық түрдегі кӛрінісін береді. 
 
Соңғы  жылдардағы  зерттеу  әдебиеттерінде  оқыту  үдерісіне  ақпараттық 
технологияларды  пайдаланудың  бірнеше  бағыттары  кӛрсетілген.  Солардың 
ішінде жоғары оқу орындарында, оқу практикасында қажеттілерінің негізгілері, 
компьютер  –  студент  білімін  бағалау  құралы;  компьютерлік  модельдеуді 
қолданатын 
зертханалық 
практикум; 
мультимедиа-технология; 
жаңа 
материалды  түсіндірудегі  иллюстрациялық  құрал;    дербес  компьютер  –  білім  
жетілдіру  құралы  т.с.с.  Сондықтан,  болашақ  физика  пәні  мүғалімдерінің 
креативтілігін  қалыптастыру  үшін  ақпараттандыру  туралы  оқу-тақырыптық 
бағдарламаларды дайындау қажет.   
Аталған  қажеттілікті  шешу  барысында  болашақ  физика  мұғалімінің 
креативтілігін  ақпараттық  технологияны  физика    пәнін  оқытуда  пайдалану 
саласы  бойынша  оқыту  бағдарламалары  жасақталуда.  Сонымен  қатар,  білім 
беруді ақпараттандыру жағдайында болашақ физика мұғалімдерінің ақпараттық 
сауаттылығын,  ақпараттық  мәдениетін  және  ақпараттық  құзырлығы  сияқты 
қабілеттіліктерді  қалыптастыру  мәселелері  бүгінгі  күннің  негізгі  міндеттері 
болып отырғанын тағыда тап айтқан жӛн. 
Жоғары  оқу  орнында  физиканы  оқытуда  ақпараттандыру  саласын  енгізу 
үшін  негіз  бар.  Болашақ  физика  мұғалімдерін  даярлаудың  қазіргі  жүйесінде 
оқытудың құралдары мен технологияларына арналған пәндер жеткілікті. Білім 

 
29 
беруде 
қолданылатын 
компьютерлік 
құралдардың 
кӛбеюі 
даярлау 
мазмұнындағы  ақпараттық  және  телекоммуникациялық  технологиялардың 
үлесін  арттырады.  Болашақ  физика  мұғалімдеріне  білім  беруде  ақпараттық 
және  телекоммуникациялық  технологияларды  қолданудың  негізгі  немесе 
теориялық  аспектілерімен  таныстыратын  арнайы  пәндерді  енгізуге  мән  беру 
керек.  Ең  алдымен,  оқу  курстарын  құруға  назар  аударылады.  Яғни  білім  беру 
саласында  болашақ  мұғалімдердің  дайындығының    әдістемелік  жүйесін 
қалыптастыру басты мәселе болып табылады. 
 
Болашақ  физика  мұғалімдеріне  ақпараттық  және  телекоммуникациялық 
технологиялардың  құралдары  мен  олардың  қызмет  ету  мәндері  жақын 
таныстырылу керек[66]. Алайда, болашақ физика мұғалімдерін даярлаудағы ең 
басты  мәселе  бұл  еместігін  дәлелдейтін  себептер  бар.  Біріншіден, 
ақпараттандыру  құралдары  жедел  пайда  болып  және  дамиды.  Кӛптеген 
жағдайларда 
ӛзінің 
кәсіби 
іс-әрекеттерінде 
педагогтарға 
үйренген 
компьютерлермен,  бағдарламалармен  және  қорлармен  жұмыс  істеуге  тура 
келеді.  Екіншіден,  қазіргі  білімгерлер  тәжірибеде  пайдаланылуы  керек  кез-
келген  аппараттар  және  құрылғылармен  жұмыс  істеуді  тез  үйренеді. 
Үшіншіден, қазіргі оқу жоспарлары барлық педагогтарды дайындау барысында 
информатика  курстарын  қарастырады,  ал  бұл  курстың  мазмұнына 
компьютерлер  мен  бағдарламалық  құралдардың  жұмысының  техникалық 
аспектілерін үйрену кіреді. 
 
Болашақ  физика  мұғалімдері  даярлығының  мазмұнына,  білім  беруді 
ақпараттандыру  технологиялары  мен  техникалық  құралдары,  мақсаттары  мен 
ерекшеліктері,  ақпараттық  және  телекоммуникациялық  технологиялар 
құралдарының  мазмұндық  толықтырылуын  қалыптастыру  мен  іріктеу,  білім 
беру  жүйесін  ақпараттандыру  әдістері,  ақпараттық  білім  беру  ортасы  мен 
ақпараттық  білім  беру  кеңістіктерін  құру,  ақпараттық  технологияларды 
пайдалануға оларды қалыптастыру мәселелері кіреді. 
Болашақ  физика  мұғалімдерін  даярлауда  білім  беруді  ақпараттандыру  екі 
стратегиялық мақсатқа жетуге кӛмектесетінін түсіну керек. Олардың біріншісі 
ақпараттық  және  телекоммуникациялық  технологияларды  пайдалану  негізінде 
білім  беру  іс-әрекетінің барлық  түрлерінің  тиімділігін  арттыру.  Екінші  мақсат 
ақпараттық  қоғам  талаптарына  сәйкес,  жаңаша  ойлайтын  тұлғаның  сапасын 
арттыру болып табылады. 
Осылайша,  болашақ  физика  мұғалімдерін  даярлауда  білім  беруді 
ақпараттандырудың негізгі мақсаттары мынадай: 
-
 
 ақпаратты  ӛңдеу,  қолдану,  сақтау  және  беру  технологияларын,  білім 
беруді  ақпараттандыру  құралдарын  тиімді  пайдалану  саласында  және 
ақпараттық  қоғамда  білім  беруді  ақпараттандыру  рӛлі  мен  орны  туралы 
кӛріністі қалыптастыру; 
-
 
оқудан тыс, ғылыми-зерттеу және ұйымдастырушылық-басқарушылық іс-
әрекеттерімен,  оқыту  нәтижелерін  бақылау,  оқыту  үдерісінің  бір  жақты 
қажеттіліктерімен, ақпараттандыру әдістерімен таныстыру; 
-
 
ақпараттандыру  құралдарына  қойылатын  талаптар,  олардың  сапаларын 
бағалаудың негізгі қағидалары, болашақ физика мұғалімдерін оқыту барысында 

 
30 
ақпараттандыру құралдарын тәжірибелік қолдану стратегиясын үйрету туралы 
білімдерді қалыптастыру; 
-
 
ақпараттық  құралдардың  кӛмегімен  болашақ  физика  мұғалімдерінің 
физикалық  құбылыстар  мен  заңдылықтарды  меңгеруіне  кӛмек  жасау, 
шығармашылық қабілеттерін, креативті ойлауын дамыту[67]. 
1.1
 
тақырыпты қорытындылай келе мынадай тұжырым жасауға болады:  
-
 
қоғамның дамуы  үшін  ақпараттық  технологиялар  маңызды  және  ерекше 
қасиеттерге ие болып табылады; 
-
 
білімді ақпараттандыру салдарынан іске асатын әрекеттердің қажеттісі – 
қоғамды  ақпараттандыру  шартында  білім  алушыларды  дамыту  міндеттеріне 
сәйкес оқыту, оқытудың әдістемелік жүйесін жетілдіру;  
-
 
ақпараттық-коммуникациялық  технологиялардың  әдістеріне:  интернет, 
электрондық 
оқулықтар, 
мультимедиялық 
ӛнімдер, 
бейнесюжеттер, 
бейнефильмдер,  интерактивтік  технологиялар,  электрондық  форумдар,  ISQ, 
Skype, online т.б жатады; 
Енді  біз  жоғары  оқу  орындарында  физиканы  оқытудың  барлық 
формаларында  білімді  ақпараттандырудың  маңызы  мен  мәніне  толығырақ 
тоқталамыз.  

жүктеу 1.33 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет