Құралай сләМҚызы жаннан қымбат оларға ар, Мен жастарға сенемін



жүктеу 0.59 Mb.
Pdf просмотр
бет5/6
Дата19.01.2017
өлшемі0.59 Mb.
1   2   3   4   5   6

«Апа».  Қазақ  туған  анасын 

«апа» деп атайтын… Күні кеше­

ге  дейін.  Қазір  жаппай  «мама» 

болды.  Қазақтың  байырғы  және 

бүгінгі  де  тілінде  «маманың» 

негізгі  мағынасы  –  емшек.  Жә­

не  жай  ғана  емшек  емес,  сүті 

мөл дектеген,  ырысты  емшек.  

«Мен  –  сәби,  мейірімді  ана  құ­

ша ғында,  –  Ақ  мамасын  сүйе­

мін,  құшамын  да»,  –  деп  жазған 

Сұлтанмахмұт.  Сүтті,  берекелі 

ақ  беретін  үлкен  бие  –  «мама 

бие», сиыр – «мама сиыр». Сөй­

тіп,  ел­жұрттың  орнында  тұр­

ғанда,  «апа»  атауы  архаизмге 

айналды. Бүгінгі баланың анасы 

–  «мама»  болып  шықты.  Ұлттық 

бейнеден  айрылудың  әдепкі,  ең 

жеңіл  көрінетін  бір  ғана  куәлігі. 

(Менің өзімнің алты балам туған 

шешелерін  «апа»  деп  атап  ке­

леді,  сондай­ақ  алыс  шетелде  

дүниеге  келген,  өсіп,  алды  бой­

жетіп,  ержетіп,  шалғайда  күн 

кешіп  жатқан  төрт  немерем   де, 

аналарын  «апа»  дейді,  бәл­

кім,  бұл  келінім  қазақтағы  ең 

соң ғы  «апа»  болып  шығуы  да.) 

Әкенің  «папа»  болып  кеткенін 

айтпай­ақ  қояйық  (біздің  әулет­

те  «көке»).  Мұның  бәрі  аз  бол­

ғандай,  «апамен»  қоса  «әже» 

атауы  да  ұмытылды.  Бұл,  сүй­

кімсіз, қартамыш көрінген «әже» 

сөзін  мағынасы  өзгеріп,  қай­

та  туған  «апа»  алмастырып ты. 

Бүгінгі  қала  қазағы,  зиялы  са­

налатын  қауымның  балала­

ры  әжелерін  «апа»  деп  атай­

ды.  «Папалары»  өздерінің  туған 

шешесін  «апа»  деді  ғой,  сол 

ретпен.  Күнделікті  қолданыста 

ғана  емес,  баспасөзге  де  сына­

лай  еніп  кеткенін  көрдік:  «ата­

лар мен апалар» деп әдемілейді 

көпшілік  жазармандар.  Бұл  ту­

расында  біз,  осыдан,  шамасы  

бір  мүшел,  әлде  он  бес  жыл 

бұ рын  «Атасы  келінін…»  де­

ген  мақала  шығарыппыз.  Одан 

ештеңе  өзгерген  жоқ.  Өйткені 

бұл  жаңарған  «апа»  ескілікті 

«әженің»  орнын  басқанына,  ке­

мі  қырық  жыл  болды.  Мәселен, 

біздің  «Болезнь  Боткина»  деген 

әңгімемізде  «көке»  мен  «апа» 

бар еді – «папа» мен «ма ма» ғой, 

көпшілік  журналда  көркемделіп 

шыққанда,  ден саулығы  тек се­

рілмек  кішкентай  қыздың  қасын­

да  жас  жігіт  пен  кимешекті  кем­

пір дің  суреті  тұр,  яғни  «папа» 

мен «бабушка». Бұл – 1988 жыл 

еді.  Одан  бері  қаншама  заман. 

Бүгінгі  қазақ  әйелі  егде  тартқан, 

немерелі  болған  кезінде  «әже» 

атанғысы  келмейді,  қартайып, 

кеміп  қа ла тындай.  (Әлдекім  кү­

мән  кел тір мес  үшін,  тағы  да 

өзім ді  көте ретін,  бәлкім,  жаңаға 

жат, кертартпа қылып көрсететін 

куәлік  айтайын  –  біздің  бәйбіше 

қырық екі жасымда әже болдым 

деп мақтанып еді, құдайға шүкір, 

бү гінде қатарынан өсіп, өніп, же­

ті ліп  жатқан  немерелердің  қа ­

ра сыны,  тәуба,  тәуба,  сол  қы­

рық  деген  қасиетті  сан ның  бел 

ортасынан  асты,  әзір ге  санаулы 

шөберелерді  қоспа ған да,  осы­

лардың  бәрі  –  үл кені  де,  кішісі 

де «әжелеп» тұра ды.) Сонымен, 

қазіргі  бала  ха лық аралық  «ма­

мадан»  айы  рыл майды,  бірақ 

«ба бушка» – «апа» емес, «әже» 

еке нін  бі лу ге  тиіс.  Тым  құрыса 

біздің  жазарман  қауым  табиғи, 

әрі  ежел гі  атауды  бұрмаламай, 

орны мен қолданса дейміз.



«…Оқулары».  «Абай  оқула­

ры», «Әуезов оқулары» т.б. Осы 

жақында  «Таңжарық  оқулары» 

деген  тақырыпқа  көзім  түсті. 

Абай  да,  Әуезов  те  өздері  оқып 

жатқан  жоқ,  осы  кісілер  тура­

сын дағы  үлгілі  сабақ,  талдау, 

тал қылау,  таным  ғой.  Күні  кеше 

ғана «дәрістері» деген анықтама 

қосылатын еді: «Абай дәрістері», 

«Әуезов дәрістері». Аяқ астынан 

жаңа  бір  қисын  шығармай,  осы, 

тілімізде  бір ша ма  орнығып  ба­

рып кейін ысы рылған, мағы на сы 

дәлме­дәл,  әрі  айқын  «дәріс­

терге» қайтып оралуымыз қажет. 



«Небәрі».  Біз  ес  білгеннен 

бас  тап,  бұқаралық  баспасөзде 

теріс  қолданылып  келе  жатқан 

сөз.  «Колхоз  (совхоз)  өзінің  шөп 

шабу  (жер  жырту,  егін  жинау, 

т.т.) жоспарын небәрі жүз жиыр­

ма (жүз қырық) процент орында­

ды…»  Оқушы  кезімде  таң ғала­

тын  едім.  Сонда  жүз  жиыр ма 

(жүз  қырық)  процент,  бү гін гіше 

жүз  жиырма,  жүз  қы рық   пай­

ыз  жетімсіз  болғаны  ма?  Одан 

бері  алпыс,  жетпіс  жыл  өтті, 

кол хоз  тарады,  совхоз  күй ре ді, 

«небәрі» әлі күшінде тұр. Жиын­

тығы  деген  мағынада.  Шын­

ды ғында,  керісінше.  «Небә рі»  

–  «қанағатсыз»  ұғымын  бермек,  

бар  болғаны  осындай­ақ  деген 

сөз.  Көпе­көрнеу  жаңсақ  қолда­

ныс, бірақ әлі күнге түзел мепті. 

(Жалғасы келесі сандарда)

Мұхтар МАҒАУИН

Туылған!..  Қазақ  тілінің  табиғатына  жат,  түйеден  түскен 

емес,  жер  астынан  жарып  шыққандай,  сұмпайы,  сөлекет  сөз. 

Заманымыздың заңғар тұлғасы, әлемге әйгілі ұлы ақынымыз 

Мүнхаузен  пәленбайыншы  жылы  туылған.  Ол  туылған,  мен 

туылғам,  сен  туылғансың!..  Сұмдық  қой.  Тіл  бұзу  ғана  емес, 

түйте­долаң сауатсыздық көрінісі. Арыдағы мың жылдық эпо-

старымызды айтпайық, қазақ әдеби нұсқалары таңбаға түскен 

соңғы екі ғасыр бойы... Абай... Шәкерім... Мұхтар Әуезов... Мы-

сал келтіріп, дәлелдеп жатудың өзі артық болар еді. «Туғанда 

дүние есігін ашады өлең...».


№ 38 (160) 22 ҚЫРКҮЙЕК, БЕЙСЕНБІ, 2016 ЖЫЛ

Мұғалім  –  жауапты 

ма мандық  иесі.  Шәкір­

тінің  жетістігіне  қарап 

мұғалімнің 

мәртебесін 

бағалайды.  Мұғалім  қан­

дай  болу  керек?  Әрине, 

бірінші  білімді  болғаны 

жөн. 


Интеллектуалды, 

тұл  ғалық,  мінез­құлықтық 

қа  сиеті қалыптасқан мұ ға­

лімнің тәжірибесі оған кез­

келген жағдай да белсенді 

болуға  мүм кіндік  береді. 

Бі лім  берудің  нәтижесі 

мұ ға лім нің  қаншалықты 

бі  лімді  екенін  көрсетеді. 

Адам  ды білімді ететін те ­

рең және жүйелі бі лім бе­

ру  мұғалімге  се нім ділік, 

бә секеге қа бі леттілік және 

ар­на мыс сезімінің жоғары 

бо луы на  жәрдемдеседі. 

Пе да гогтың 

кәсібилігі 

сөз  болғанда  оның  мақ­

сат шылдығы  айтыла ды.  

Мақсаттылық  –  педагог­

тың  интеллек ту ал дық  қа­

бі  ле тіне  бай ла нысты,  бі­

лім  мен  іскерлікті  игеруі, 

пе да  гог тың кәсіби мін дет­

терін  эвристикалық  жол­

мен  ше ше  алуы  оқыту 

тех  но логияларын  меңге­

руі не  байланысты  айқын­

далады. 

Кәсіби  оқытушы  пе­

да  гог  әлеуметтік  тұрғы­

дан    жетілген,  әдіс­тә­

сіл дерді 

меңгерген, 

шы ғармашылықпен  жұ­

мыс     істейтін, өзін­өзі кә сі­

би    жетілдіруге  ұмтыл ған  

ма  ман  болғаны  абзал.  

Бі  лім  беру  жүйесінде  пе­

дагогтар  –  мемлекеттік 

қыз меткерлер.  Пе дагог­

тың  өз маман ды ғы ның са­

пасын,  бі лік ті лі гін  артты­

руды 


пси хо ло гиялық 

тұр ғыдан 

қамтамасыз 

етуі үлкен роль атқарады. 

Оның  іс­әрекеті  оқушы­

ларға  (студенттерге)  өз 

қабі лет­қарымы  бойын­

ша  даму  бағыттарын  ұш­

тауынан 

аңғарылады. 

Кә  сіби  оқытушы  педагог 

іс  кер  лігінің  негізгі  бағыты 

–  болашақ  мамандардың 

кәсіби  білімін  (теориялық 

және  тәжірибелік)  жетіл­

діру.


Әйгілі  педагог  П.Ф. 

Кап  терев,  педагогикалық 

іс­әрекеттің  табысты  бо­

луының  маңызды  фак­

тор ларының 

бірі 


мұ­

ға  лім нің 

«тұлғалық 

сапа   сы» 

саналатынын  

айт  қан.  Мақсатқа  ұм ты­

лу,    табандылық,  ең   бек 

сүй  гіш тік,  қа рапа йым ды ­

лық,  байқампаз дық  сияқ ­

ты  сапа лардың  болуы 

міндетті. Әсіресе, эм  па  тия­

ға әзір болу ма ңыз  ды, яғ ни 

оқу шылар дың  

психика­


лық  күй лерін  түсі нуге, 

кө ңіл ­күйіне  ор тақтасуға 

әзір  болу  ма ңызды.  Сон­

дық  тан  кә сіп тік  парыз ды 

мең гер ген  педагог  қана 

оқушы лардың  психи ка лық 

күйін жете тү сініп, жәр дем 

көрсете ала ды. 

Педагог  үшін  ең  ма­

ңыз дысы  оқушының  (сту­

денттің) 

іс­әрекеттерін, 

тұлғалық  өзін­өзі  ұйым­

дастыруын  басқара  алу 

және қоғамда болып  жат­

қан  жағдайды  дұрыс  түсі­

ніп,  сол  бағытқа  сәйкес 

қызмет  ету.  Өз  бетімен 

білім алуға бағыттау, тұл ­

ғалық  қасиеттерін  өз  бе­

тінше  дамытуына   жағ дай 

жасап, көмек көрсету. 

Мемлекет  азаматтарды  тегін  медициналық 

көмектің  кепілдік  берілген  көлемімен  (әрі  қа­

рай  ТМККК)  әрі  қарай  қамсыздандыруын  жал­

ғас тырады.  Олардың  қатарына  әлеуметтік 

мә ні  бар  аурулар,  шұғыл  жағдайлар,  жедел 

ме ди циналық  көмек,  санитарлық  авиация  мен 

вак ци налау  кіреді.  Азаматтардың  денсаулығын 

қор ғаудың  жалпыға  бірдей  құқығын  қамтамасыз 

ету  мақсатында  сақтандырылмаған  азамат тар­

ға   2020  жылға  дейін  ТМККК  аясында  амбула­

торлық  дәрілермен  қамсыздандырылған  ам­

булаторлық­емханалық 

көмек 

көрсетілетін 



бола ды.  МӘМС  аясында  сақтандырылған  аза­

маттарға  жоғарғы  технологиялық  медициналық 

қызметтер,  стационарды  алмастыратын  техно­

логиялар,  ұзақ  мерзімді  мейіргерлік  күтім,  амбу­

латорлық 

дәрілермен 

қамсыздандырылған 

ам  бу латорлық­емханалық көмек көрсетілетін бо­

лады. Сонымен қатар, егер азаматтар ерік ті сақ­

тан дыруға  қатысатын  болса,  МӘМС  жүйе сінде 

қарастырылмаған медициналық көмек ала алады. 

Ол жеке сақтандыру компанияларымен бекітілген 

келісім шарт негізінде жүзеге асыры лады. 

2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемле­

кет,  жұмыс  берушілер,  өзін  өзі  жұмыспен  қам­

тыған  азаматтар  Әлеуметтік  медициналық 

сақтандыру  қорына  (әрі  қарай  ­  ӘМСҚ)  жар на 

төлеуді  бастайды.  Ерекше  санаттағы  аза мат­

тар үшін мемлекет төлейтін жарнаның мөлшер­

лемесі  орташа  айлық  еңбекақының  7%­ын 

құ райды.  Сонымен  қатар  мөлшерлеменің  кө­

ле мі 2017 жылы 4%, 2018 жылдан бастап 5%­

ға,  2023  жылдан  6%­ға,  2024  жылдан  7%­ға 

сатылай  өсетін  болады.  Жұмыс  берушілер 

жарнасы  мөлшерлемесінің  жалпы  көлемі  кі­

рістің  5%­ын  құрайтын  болады.  Аударым  2017 

жылы  2%­ды,  2018  жылы  3%­ды,  2019  жылы 

4%­ды,  2020  жылы  5%­ды  құрайтын  болады. 

Өзін өзі жұмыспен қамтыған азаматтар жарна­

сының  мөлшерлемесі  (жеке  кәсіпкерлер,  же­

ке  нотариустар,  жеке  сот  орындаушылары, 

ад во каттар,  кәсіби  медиаторлар,  азаматтық­

құқықтық  негіздегі  келісім  бойынша  кіріс  таба­

тын  жеке  тұлғалар)  олардың  кірісінің  7%­ын 

құрайтын  болады.  Ол  2017  жылы  2%,  2018 

жылы 3%, 2019 жылы 5%, 2020 жылдан бастап 

7% болады. Жалдамалы жұмысшылар жарнаны 

2019 жылдан бастап 1%, 2020 жылдан 2%­дық 

мөлшерде төлейтін болады.

Әлеуметтік  медициналық  сақтандыру  Қо­

ры (әрі қарай ­ ӘМСҚ) жарнасын төлеуден аза­

маттардың 15 санаты босатылады, оның ішінде 

12­сі – халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал тобы, 

сонымен  қатар,  әскери  қызметкерлер,  арнайы 

мемлекеттік  және  құқық  қорғау  органдарының 

жұмыскерлері.

Халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал тобына:

­ балалар;

­  «Алтын  алқа»,  «Күміс  алқа»  иегерлері, 

бұрын «Батыр Ана» атағын алғандар, сонымен 

қатар I және II дәрежелі «Аналық даңқ» ордені­

мен марапатталған көп балалы аналар;

­ ҰОС ардагерлері мен мүгедектері;

­ мүгедектер;

­ жұмыссыз ретінде тіркелген азаматтар;

­  интернат  мекемелерінде  оқытылып,  тәр­

биеленіп жатқан тұлғалар;

­ техникалық, кәсіптік, орта білімнен кейінгі 

және жоғарғы білім беру ұйымдарында күндізгі 

бөлімдерде,  сонымен  қатар  резидентура  фор­

ма сындағы  ЖОО­дан  кейін  білім  алып  жатқан 

тұл ғалар;

­  бала  тууға,  бала  асырап  алуға,  3  жасқа 

дейінгі бала күтіміне байланысты демалыстағы 

тұлғалар;

­  жұмыс  істемейтін  екіқабат  әйелдер,  іс 

жүзінде 3 жасқа дейінгі баланы тәрбиелеп отыр­

ған жұмыссыз азаматтар;

­ зейнеткерлер;

­  ең  төменгі  деңгейдегі  қауіпсіздік  мекеме­

лерін есептемегенде сот шешімімен ҚАЖ меке­

мелерінде айыбын өтеушілер;

­  уақытша  ұстау  изоляторлары  мен  тергеу 

изоляторларындағы азаматтар жатады.

Айта кету керек, МӘМС аясында көрсеті ле­

тін медициналық көмектің көлемі ӘМСҚ­ға төле­

нетін жарна көлеміне тәуелді емес. Ең бастысы, 

жарна  уақытылы  әрі  үнемі  төленіп  тұруы  тиіс. 

Қа зақ станда  қолданыстағы  тәжірибеге  сай 

ӘМСҚ­ға  түсетін  жарналарды  бақылау  ісін  ҚР 

Қар жы министрлігі Мемлекеттік кіріс комитетіне 

жүк теу ұсынылады. Сарапшылардың болжамы 

бо йынша  МӘМС­ті  енгізгеннен  соң  еліміздегі 

меди циналық  көмек  көрсетудің  деңгейі  айтар­

лықтай  өсетіні,  сондай­ақ,  дәрігерлердің  жал­

ақы сын  арттыру  мүмкіндігі  пайда  болады. 

Ауру ханалар  жоғарғы  санатты  жабдықтар  мен 

қымбат  дәрі­дәрмектер  ала  алатын  болады. 

МӘМС адамға тексеруден өтуіне, қажет болған 

жағдайда  өз  қаржысын  жұмсамай  ем  алуына 

мүмкіндік береді.

Жақсылық АБДУСАМЕТОВ, 

облыстық денсаулық сақтау

басқармасы басшысының орынбасары

Тәрбиеші мәдение ті нің көрсеткіші – әдеп­

тілігі,  қоғамдық  орын дарда  өзін  сыпайы,  ор­

таға  лайықты  ұстай  бі луі,  өнегелі  тәртіпті, 

сүй кім ділігі, адамдармен өзара сыйластыққа, 

адалдыққа  негізделген  қарым­қатынасы. 

Ондай   тәрбиешіні  балалар  жақ сы  көреді, 

сыйлайды,   құр меттейді,  оған  жақын  жүр гісі 

келеді,  оның  балалар  арасында  беделі  зор 

болады. Жеке басы ның ерекшеліктері де жас 

ұрпақ  тәрбиесінде  ең  әсерлі  әдістердің  бі рі. 

Өйткені  балалар   тәр биешіге  барлық  жа ғы­

нан  еліктейді.  Сол  се беп ті  ол  үнемі  жинақы, 

таза, ұқыпты жүріп, сөй леген сөзі мәнді, ой лы 

әдемі,  салмақты  бо лу  керек.  Бала  елікте гіш 

болғандықтан,  жақ сы ны  да,  жаманды   да  тез 

қабылдайды.  Тәрбие ші нің  бойында  болатын 

маңызды  сапала ры:  ақылдылық,  қайырым­

дылық,  мәдениет тілік,  білімділік,  кәсіби 

ше  бер лік,  бала лар ға  деген  сүйіс пен шілік, 

тәр   тіптілік, шығарма шы лық қабілеттілік, бел ­

сен ділік,  жан­жақ ты  қызығушылық,  ұйымдас­

тырушылық қабілеті, зиялылық, әзіл­қалжыңға 

бейімділік,  басқаны  тың дай  білу,  талдау  жа­

сай білу қабілеті, ең бек сүйгіштік, мейрімділік, 

әділдік,  ашық тық,  шыншылдық,  әділеттілік, 

әдептілік,  жақсылық  жасай  білу.  Тәрбиеші 

қызме тінің ерекшелігі педагогтік әдепті игеру, 

ел  үшін  ерлікпен  еңбек  ету.  Иә,  тәрбиешіге 

қойылар талап көп. Әйтсе де, баланың басты 

ұстазы – үйдегі ата­анасы.

Отбасы  –  баланың  өмір  сүру  ортасы. 

Ол – қамқорлықтың тұрақты көзі, қара пайым 

біліммен  қаруландыратын  және  шешім 

қабыл дай  білуге  үйрететін  ең  жақын  адам­

дар дың мейірім шуағын сезінетін орын. Отба­

сында барлығы жақсы болған жағдайда ғана 

балалар өзінің даму әлеуетіне көтеріле ала­

ды.  Сондықтан  тәр биешіге  толық  тапсырып, 

алаңсыз жүруге болмайды. Бала тәрбиесінде 

ата­аналар  мен  тәрбиешілердің  бір­бірімен 

ақылдасып тұрғаны абзал. 



Индира АКИЛОВА,

Жаңақорған ауданы, 

Сүттіқұдық ауылы

Судьялардың кісілік 

келбетін, моральдық 

бейнесін, тазалығын 

назарға алу керектігі де 

осы жиынға өзек болғаны 

белгілі. Өйткені, мемлекет 

атынан үкім айтып, шешім 

шығаратын судьяларға 

білімді болу, білігінің 

жоғары болуы аз. Бұған 

қоса, Елбасының өзі 

жарлық етіп тағайындап, 

мәртебелі жұмысты сеніп 

тапсырған жандардың 

парасат­пайымы терең 

болғаны орынды. 

Әдеп қағидалары 

мен судьялардың мінез­

құлық ережелерінің жаңа 

кодексін қабылдау елде 

Мемлекет басшысының 

5 институционалдық 

реформасын жүзеге 

асыру жөніндегі 100 қадам 

– Ұлт жоспарын нақты 

орындаудан туындады. 

Олардың ішінде басты 

бағыттарының бірі – 

сот реформасы. 100 

нақты қадамды орындау 

мақсатында қабылданған 

жаңа заңдар сот жүйесін 

түбегейлі өзгертуге, оны 

тәуелсіз және тиімдірек 

етуге арналған. Сот 

қызметінің нәтижелері 

азаматтардың құқықтары 

мен бостандықтарының 

қорғалуын жақсартуға 

ғана емес, сонымен 

қатар, экономиканың 

жағдайына, нақтырақ 

айтқанда, шетелдік 

инвестицияларды тарту 

мәселелеріне жағымды 

әсер етуі керек. Әділ 

соттың алдында тұрған 

жоғары және жауапты 

міндеттерді халыққа адал 

қызмет ететін, Конституция 

мен заңдарды мүлтіксіз 

орындайтын, адалдық пен 

әділдікті қатаң сақтайтын, 

халық арасында беделі 

жоғары, моральдық 

нормаларды жоғары 

ұстайтын судьялар жүзеге 

асыруы тиіс.

Жоба судьяның 

кәсіптік және моральдық 

келбетіне қоғамның 

зор талаптарын ескеріп 

әзірленген. Кодексті 

қабылдау биліктің сот 

тармағына қоғам сенімінің 

негізі ретінде судьялардың 

іс­әрекеттерінің ортақ әдеп  

стандарттарын орнату 

мақсатын көздейді.

Жоба 5 тарау және 

33 баптан тұрады. Онда 

келесідей тараулар 

қарастырылған: 

«Судьялардың іс­

әрекеттерінің әдеп 

қағидалары», «Кәсіби 

міндеттерді орындау 

кезінде судья іс­әрекетінің 

әдеп ережелері», 

«Судьяның отбасындағы 

және тұрмыстағы іс­

әрекеттерінің әдеп 

ережелері». Кодексте 

орын алған қағидалар 

және ережелер атқаратын 

қызметтерінен тәуелсіз 

барлық судьяларға, 

сонымен қатар 

отставкадағы судьяларға 

міндетті. Судьяның 

әдеп қағидалары мен 

ережелерді бұзу фактісі 

азаматтардың және 

ұйымдардың, мемлекеттік 

органдардың, сот 

жүйесінің лауазымды 

тұлғаларының өтініші 

бойынша қабылданған 

сот қоғамдастығының 

уәкілетті органы шешімінің 

негізінде ғана расталуы 

мүмкін. Одан басқа 

уәкілетті орган бұқаралық 

ақпарат құралдарының 

материалдары бойынша 

жеке бастамасымен 

судьяның әдеп 

қағидалары мен іс­

әрекеттер ережелерін 

бұзу фактісін қарастыруға 

құқылы. Сондай­ақ, 

жобада БҰҰ және 

басқа да халықаралық 

ұйымдардағы соттар 

этикасының сақталуы 

туралы стандарттар 

да қарастырылған. Сот 

жүйесінің жандануына 

съездердің ықпалы зор. Әр 

съезд сот жүйесін дамыту 

мен халқымыздың сот 

әділдігіне деген сенімін 

жаңа деңгейге көтереді. 

Алқалы жиын сот саласын 

жаңа белеске көтеретін 

жаңа бастамаларға 

мұрындық болары анық. 

Судьялар бұл басқосуға 

қызу дайындалып 

жатыр. Өйткені, бұл 

біздің өз ойымызды 

ортаға салатын, пікіріміз 

ескерілетін орта. Талай 

түйткіл талқыға салынатын 

биылғы сьезде орайлы 

ұсыныстар айтылып, жаңа 

тапсырмалар берілетініне 

сенім мол. 

Бүгінгі таңда 

өркениетті елдерде 

қалыптасқан өлшемдер 

негізінде таразыласақ, 

сот төрелігінің әділдігі 

және оның жедел әрі 

толық орындалуы – кез 

келген елдің кемел 

болмысының көрінісі. Ал, 

оны жүзеге асыратын 

басты тұлға – судья. 

Сондықтан әділдіктің 

айнымас жолында тер 

төккен қазыларымыз судья 

әдебінің нормаларын қатаң 

ұстану қажет.

М.Ш.ИБРАШЕВ,

Қызылорда қаласының 

мамандандырылған 

әкімшілік сотының 

төрағасы

БІЛІМДІ МҰҒАЛІМНІҢ МӘРТЕБЕСІ БИІК

БАЛАҢЫЗДЫҢ ТӘРБИЕШІСІ КІМ?

Роза МАХАМБЕТАЛИЕВА,

М. Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық 

колледжінің оқытушысы

Ата­аналар жұмыс 

жасау үшін баланы 

балабақшаға ерте жастан 

береді. Әрі қарай бала 

тәрбиесіне жауапты 

тәрбиеші – тәрбиенің 

алғашқы негіздерін 

қалыптастыратын адам. 

Сондықтан тәрбиеші 

адамгершілігі жоғары, 

мәдениетті, ғылым 

жетістіктерін дұрыс 

бағалай алатын, әдебиет 

пен өнердің, техниканың 

даму жайын жақсы 

білетін, оның түсіндіре 

алатын адам болу керек. 

ІРГЕЛІ БАСТАМА 

ІЛКІМДІ ІСКЕ БАСТАЙДЫ

Қазақстанда үздік халықаралық тәжірибені есепке ала отырып мемлекет, жұмыс 

беруші  және  әрбір  адамның  ынтымақты  жауапкершілігінің  негізінде  әзірленген 

медициналық  сақтандыру  жүйесін  енгізу  жұмыстары  басталады.  Сонымен  қатар, 

мемлекет  экономикалық  белсенділігі  төмен  халық  үшін  жарна  төлейтін  болады. 

Жұмыс  берушілер  –  жалдамалы  жұмысшылар  үшін,  қызметкерлер  мен  салық 

органдарында тіркелген өзін­өзі қамтыған азаматтар өздері үшін төлейтін болады.

МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК  МЕДИЦИНАЛЫҚ 

САҚТАНДЫРУ ДЕГЕН НЕ?

ҚР  судьяларының  алғашқы  съезі  сонау 

1996  жылы  өткен  еді.  Содан  бері  елімізде  сан 

сындарлы өзгерістер болғаны белгілі. Көп ұзамай 

ҚР  судьяларының  VІІ  съезі  өтеді.  Бұл  басқосуда 

судьялардың  әдеп  қағидалары  мен  іс­әрекеттері 

ережелерінің кодексі қабылданады. 


№ 38 (160) 22 ҚЫРКҮЙЕК, БЕЙСЕНБІ, 2016 ЖЫЛ

Жасыл алаңдағы тартыстың жан­

күйер көңілінен шығуы негізінен ко­

ман далардың бабына байланысты. 

Сондықтан  екі  команда  да  ойын 

бас талысымен 

шабуылға 

ден 


қойды. Виталий Спарышевтен тәлім 

алатын  «Екібастұз»  командасы 

өз  алаңында  ұпай  жоғалтпайтын 

са наулы  коман даның  бірі  екенін 

ескерген  қонақтар  ойынға  тың­

ғылықты дайындалғанын байқатты. 

Қонақтар  сапында  Нәрзіл даев, 

Храмцов,  Марушко  үштігі  алаң 

иелерінің қақпашысы Айдарғалиевті 

әбігерге  салды.  Тіпті  «Қайсар» 

ұйым дастырған  шабуылын  ойын 

ережесін  бұзу  арқылы  тоқтатуға 

мәжбүр  бол ды.  Сондай  сәттердің 

бірінде  алаң  иелерінің  негізгі  тірек 

ойыншысы  Ай ме нов  төрешіден 

қатаң  ескерту  алып,  алаңнан 

қуылды.  10  ойыншымен  қал ған 

«Екі бастұздықтар» қорғанысқа жас­

танып, өз айып алаңының маңын да 

ойнауға  мәжбүр  болды.    Матчтың 

бел  ауған  шағында  Олег  Храмцов 

си қырлы  соққысымен  көзге  түсіп, 

ко ман дасын алға шығарды. Бұл гол 

ойынның қорытындысы еді. Кездесу 

соңында    бас  бапкердін  көмекшісі 

Александр  Москаленко  ойынға  өз 

пікі рін  білдірді.  «Ойын  өте  қиын 

болды.  «Екібастұз»  өз  алаңының 

ерекшелігіне  байланысты  әрқашан 

басымдыққа  ие.  Сонымен  қатар 

екібастұздықтар  соң ғы  ойындарда 

әжептәуір  сапалы  өнер  көрсетіп 

келе  жатқанын  қосыңыз.  Бірінші 

лига көшбасшыларымен бұл коман­

да  әрдайым  барын  салып  ой най­

тыны мәлім, бізге қарсы да дәл сол 

футболды көрсетті. 

Екібастұз  қаласында  комбина­

ция лық, техникалық футбол көр сету 

қиын,  бірақ  біздің  жігіттер  бар лық 

күш­жігерін  салды.  Соның  арқа­

сында  же ңіс  бізге  бұйырды  деп 

ойлаймын.  Алаңдағы  әр  ойыншы 

үш  ұпайдың  ауадай  қажет  екенін 

сезе білді»,­деді.  

Біріншілік барысында өзге коман­

да лардың нәтижесі төмендегідей:

«Қызыл­Жар СК» (Петропавл) – 

«Алтай» (ШҚО) 2:2 (2:1)

  Голдар:  Сұлтанов  3минутта 

(1:0),  Шафф  32  минутта  (1:1), 

Мульдинов 45 минутта (2:1), Шакин 

55 минутта (2:2).

«Мақтаарал»  (ОҚО)  –  «Каспий» 

(Ақтау) 0:0 

 «Қыран» (Шымкент) – «Шахтер­

Болат» (Теміртау) 2:1 (1:1) 

Голдар:  Бернацкий  36  минутта 

(0:1),  Э.Набиев  38  минутта  (1:1), 

Е.Набиев 90+3 минутта (2:1)

«Байқоңыр»  (Қызылорда)  – 

«Бәй терек» (Астана) 3:4 (2:1)

 Голдар: Балымбетов 9 минутта 

(1:0),  Оралбай  11  минутта  (1:1), 

Дүй сембаев, 

20­пен 


минутта  

(2:1),  Тілеу қабылов  60  минутта 

(3:1),  Хуснадинов  63  минутта 

(3:2),  Құлекенов  71  минутта    (3:3), 

Құлекенов 90+4 минутта (3:4)


Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Филология кафедрасы
2016 -> 46-ғылыми-әдiстемелiк конференция материалдары
2016 -> №70 (858) Сенбі, 3 қыркүйек
2016 -> Қазақ өркениеті / Казахская цивилизация. №2, 2015 ж
2016 -> ҚазаҚстан Республикасының Мәдениет Және споРт МинистРлігі МинистеРство культуРы и споРта Республики казахстан
2016 -> Еуразия гуманитарлық институтының хабаршысы тоқсандық журнал 2001 ж шыға бастаған 2016
2016 -> 2016 жыл №89 (8009 ) 12 Қараша сенбі (Жалғасы 3-бетте)
2016 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығЫ

жүктеу 0.59 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет