Құралай сләМҚызы жаннан қымбат оларға ар, Мен жастарға сенемін



жүктеу 0.59 Mb.
Pdf просмотр
бет4/6
Дата19.01.2017
өлшемі0.59 Mb.
1   2   3   4   5   6

Д.САДЫҚ

Ботаны бала күннен білемін. 

Көрші  үйдің  бүлдіршін  қызы 

тұлымшағы  желкілдеп  жүрген 

сәттен  дәрігерлікке  құмар­тын. 

Ауладағы  өзімен  қатар  бала­

ларды  үлкен  талдың  түбіне 

жайғап,  бәріне  ем­дом  жа­

сап  жүретін.  Бала  болмаған 

жағдайда  ит  пен  мысықтың  да 

емдеушісі Бота­тын. Қолындағы 

дене  қызуын  өлшеуіш  құрыл­

ғысымен  ала  мысықтың  соңы­

нан  қуалап  жүргені.  Бірде 

мы сық  мойнына  шалма  орап 

жүр се, енді бірде алдыңғы аяғы 

дә ке мен  оралып  жүретін.  Сон­

да  көршілер  Бота  дәрігердің 

мы сы ғы  тұмауратыпты  немесе  

қо лынан зақымданған екен деу­

ші еді.

Адам  нағыз  маман  болу 



үшін  мамандыққа  деген  ма­

хаббат  қажет.  Ал  махаббат 

қалай пайда болады? Мәселе 

сонда.  Ботаның  дәрігерлікке 

сезімі  сонау  бала  күнінде 

оянған.  Бәлки  теледидардан 

аңғарды,  мүмкін  емханадан 

дәрігердің  шынайы  бейнесін 

көрді.  Елдің  амандығы  мен 

халықтың  саулығы  үшін  жан­

ұшырған  дәрігер  боламын  де­

ген  арманның  нәзік  сәулесі 

көкейінің  төріне  шұғыласын 

төк кен шығар. Әйтеуір бүгінде 

ке шегі жас маман бүгінгі білікті 

дәрігер. 

Бота  Жакенова  1991  жылы 

тамыздың  13­жұлдызында  қа ­

ра пайым  отбасында   дүние ге 

кел ген.  Әкесі  Бақыт  егінші лік­

пен  айналысады.  Елге  сый­

лы, ортасына құрметті азамат. 

Анасы  үй шаруасындағы кісі. Өз 

қуа нышы мен шаттығы бар от­

басында 5 бала тәрбиеленуде. 

Бота  сол  бесеудің  екіншісі. 

Алдыңғы  Толқын  апасы  тұр­

мысқа  шыққан.  Ал  ауылдың 

дә рі гері  атанған  Бота  арман 

қуып, Ақтөбе қаласындағы Ма­

рат  Оспанов  атындағы  Батыс 

Қазақстан  мемлекеттік  ме ди­

ци налық  университетке  оқу ға 

түседі.  Табиғатынан  тік,  тәр­

биеге  аса  мән  беретін  әкесі 

мен  шаңырақтың  шаттығына 

айналған  анасының  тәлімін 

алған  студент  қоғамдық  шара­

лардың  бел  ортасында  жүрді. 

Жақсыдан  үйренді,  жаманнан 

жиренді.  Бастысы,  білікті  ма­

ман болуға талпынды. 

Мемлекет  жастарды  қай 

жағынан  да  қолдап  келеді. 

Әсі ресе  елім  деген  өрендерді 

қолпаштауда. 

Мемлекеттің 

қолдауына  Бота  Жакенова   да 

ие  болды.  Жуырда  жас  дәрі­

гер  «Дипломмен  ауылға»  бағ­

дарламасы  бойынша  баспана­

лы болды. Бұл оның жұмысына 

тың  ынтамен  ден  қоюына  се­

беп ші. 


Бірде  ауылдық  амбулато­

рияға  бас  сұқтық.  Мұнда  күйкі 

тірлік. 

Үстін­үстін 

ағылған 

ауыл  тұрғындары.  Жас  әрі 

білікті  дә рігерден  шипа  іздеп 

келген.  Ем­дом  жасаған  дәрі­

гердің  мойнына  жүктелген 

ауыртпалыққа  қарамастан  кү­

лім  қағып,  жымиып  жүруіне 

таң данасың.  Сірә,  Гиппократ  

антын  қабылдаған  сабырлы  

да  салмақты  ұстанымы  бо­

лар.  Үстіне  киген  ақ  халаты  

жү регі  таза,  пейілі  ашық,  көңі­

лі кіршіксіз екеніне көзіңді жет­

кізгендей.  Сонда  мынадай  ой 

туды:  Қармақшы  ауданы,  Ақ­

төбе  ауылы  тұрғындарының 

денсаулығы сенімді қолда.

Сібір  жарасы  –  өте  қауіпті  әрі 

жұқпалы дерт. Ол ежелгі замандар­

дан белгілі. Бірі оны «қасиетті от» 

десе,  бірі  «парсы  оты»  атауымен 

атаған. Әр елде түрлі атауы болған. 

Сол  заманның  емшілері    оны  жа­

зылмайтын дертке балаған. Уақыт 

өте келе 1788 жылы Ресей өлкесінің 

дәрігері Степан Андриевский  мал­

дан жұғатынын дәлелдемек болып, 

ғылыми  тәжірибе  үшін  аурудың  

қоз дырғышын    өз  денесіне  әдейі­

леп  енгізген.  Кейіннен «Сібір жа­

ра сы  туралы»  деген  ғылыми  ең­

бек  жазған.  Себебі  сол  уақытта 

ау рудың  ошағы  Сібірде  дендеп  

тұрған  еді.  Содан  бері  бұл  дерт 

«Сібір  жарасы»  атауымен  қол­

данысқа еніп  кетті. Ол Азияда, Аф­

рикада,  Оңтүстік  Америкада  көп 

тараған.  Ауру  ошақтары  Ресейде 

және  Қазақстанда  тіркелген.  Кей­

де  қазақтар  оны  койда  –  топалаң, 

ірі  қарада  –  қараталақ,  түйеде  – 

а қшелек деп атаса, адамға қатысты 

түйнеме, күйдіргі деп те атаған.

  Дертке  қатысты  kazmedic.

kz  сайтында  толық  медициналық 

сипаттама  берілген.  Деректерге  

сүйенсек,  сібір  жарасы  көбіне  тері 

жа мылғысында  байқалады  екен. 

Ауруды қоздырғыш – Bacillus anth­

racis ірі таяқшасы көлемі мен ұзын­

дығы шамалас  6­10 және 1­2 мкм. 

Bacillus anthracis таяқшасы жоғары 

температураға  дейін  қыздырғанда 

және  қарапайым дезинфекциялау 

құралдарын  пайдаланғанда  жыл­

дам жойылады. Негізгі белгілеріне 

тоқталсақ,  аурудың  қоздырғышы 

енген  терінің  асты  екі­үш  күн  өт­

кен  соң,  қызғылт  не  көкшіл  түсті 

даққа  айналады.  Бірақ  уақыттан 

соң,  тері  қышып,  күйдіргендей  бо­

лып  үдей  түседі.  12­24  сағаттан 

кейін диаметрі 2­3 мм ішінде ашық 

түсті  сұйықтығы  бар,  күлдіреген 

бөртпеге  айналады.  Кейіннен 

сұйықтыққа қан араласады. Сырқат 

адам қышыған бөртпені жиі қасып, 

бетін  жаралайды.  Іріңді  бөртпенің 

орнына  беті  ашылған  өлі  етті 

қабыршақ  пайда  болады.  Дәл 

осы  қабыршақ  сібір  жарасының 

негізгі  белгісі.  Атау  да  осыған 

бай ланысты  шыққан.  Қабыршақ 

қат ты,  тығыз  күйдірілген  секілді 

түзі ле ді.  Айналасы  қызыл  түсті 

жиек пен  қоршалады.  Алғашында 

қа быр шақтың көлемі 2­3 мм болса,  

кейіннен ұлғая түседі. Орталық қа­

быршақтың  айналасына  бірнеше 

сулы  бөртпелер  шығады.  Терінің 

өзгеруіне байланысты  адам  әлсі­

рей  бастайды.  Басы  ауырып,    ал­

ғаш қы  тәуліктен  кейін  дене  қызуы 

39­40 градуске дейін көтеріліп, халі 

нашарлайды.  Дене  қызуы  5­6  күн 

сақталып, төмендемейді. 

Бүгінгі  мединицинада  сібір  жа­

расын емдеуге арналған түрлі дәрі­

дәрмектер бар.  Алғашқы белгілері 

байқалысымен, тез арада дәрігерге 

жүгіну  керек.  Сібір  жарасының  ал­

дын  алу  үшін  жыл  сайын  ауруға 

қарсы  жүргізілетін  екпелер  бар. 

Оны  әлсіз,  көтерем  жануарларға, 

сондай­ақ  мал  шаруашылығында, 

ет  комбинаттарында  жұмыс  істей­

тін  адамдарға,  жүн,  тері  өңдейтін 

орындағы  жұмысшыларға  жасай­

ды.  Ал  егілген  малды  14  күнге 

дейін  союға  болмайды.  Ал  адам 

ағзасында  ауруға  төтеп  беретін 

«күш»  екпеден  кейін  12­14  күнде 

қалыптасады  және  12  айға  дейін 

сақталады.  Егер екпеден соң, жа­

нуар  10  күннің  ішінде  өліп  қалса, 

оның  терісін  сыпыруға,  өлексені 

аң­құсқа  лақтырып  тастауға  бол­

майды.  Себебі  ол  аурудың  жаңа 

ошағын  қоздырады.  Өлген  малды 

арнайы  орындарда  терісін  сыпыр­

мастан өртеу қажет. 

Әзірлеген: Қ.РАХЫМБАЙ

АУЫЛ МЕРЕЙІ

ХАЛЫҚ  ҮШІН,  ЕЛ  ҮШІН  ДЕП  ЕҢБЕК  ЕТКЕН  ЖАСТАРДЫ  КӨРГЕН­

ДЕ  СҮЙСІНЕСІҢ.  КЕЙДЕ  АЛҒЫС  БІЛДІРГІҢ  КЕЛІП  ТҰРАДЫ.  ӨЙТКЕНІ 

ҚОҒАМДА ОРТАҚ МҮДДЕДЕН ГӨРІ ЖЕКЕНІҢ МҮДДЕСІ БИІК ТҰРҒАНДА 

ХАЛЫҚТЫҢ  МҮДДЕСІН  БИІК  ҚОЮЫ  КӨЗ  ҚЫЗЫҚТЫРАДЫ.  «ЖАС 

КЕЛСЕ  ІСКЕ»  ДЕГЕН  ЕЖЕЛДЕН  ЖҮРГЕН  СӨЗ  БАР.  ҚОЛЫНАН  ІС 

КЕЛЕТІН  ЖАСТАРҒА  АРНАЛСА  КЕРЕК.  ӘЙТПЕСЕ  ҚАНШАМА  ЖАС 

ҚОЛЫНДА  ҚАУҚАРЫ,  БОЙЫНДА  ҚУАТЫ  БОЛСА  ДА  АТА­АНАСЫНА 

ЕМІНІП  ОТЫР.  ШЫНЫ  КЕРЕК,  ӘЛІ  КҮНГЕ  СОЛАРДЫҢ  МОЙНЫ­

НА  АСЫЛЫП  ЖҮР.  АЛАЙДА  ҚАРМАҚШЫ  АУДАНЫ,  АҚТӨБЕ 

АУЫЛЫНЫҢ ТУМАСЫ БОТА ЖАКЕНОВАНЫҢ ТІРЛІГІНЕ ҚАРАП 

БЫЛАЙҒЫ ЖҰРТ РАЗЫЛЫҒЫН БІЛДІРЕДІ. ӨЙТКЕНІ ОЛ АУЫЛ 

ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ  САУЛЫҒЫ  ҮШІН  АЯНЫП  ЖҮРГЕН  ЖОҚ 

ЖӘНЕ ОТБАСЫНЫҢ ДА ЖАЙЫН ТҮЗЕП ЖҮР. АЛҒАШЫНДА 

ДИПЛОМЫН  ҚОЛЫНА  АЛЫП,  АУЫЛ  ДӘРІГЕРІ 

АТАНҒАНДА  КҮМӘН  ТУЫНДАТҚАНЫ  РАС.  КЕЙІН 

БІЛЕК  СЫБАНА  КІРІСКЕН  ЖАС  МАМАН  ТАЛАЙ­

ДЫ  АЯҒЫНАН  ТІК  ТҰРҒЫЗЫП  ЖІБЕРДІ.  БҮГІНДЕ 

АУЫЛДАҒЫ  АЛПЫСТЫ  АЛҚЫМДАҒАН  АҚСАҚАЛ 

МЕН  АЛТЫ  ЖАСАР  БАЛАНЫҢ  ӨЗІ  РАЗЫЛЫҒЫН 

БІЛДІРІП ЖҮР. 

КІРШІКСІЗ КӨҢІЛ, АҚ ПЕЙІЛ

САҚТАНЫҢЫЗ: 

СІБІР ЖАРАСЫ

КҮЗДІГҮНІ ЖАЛАҢБАС 

ЖҮРСЕҢІЗ НЕ БОЛАДЫ?



Міне, күз болды. Әл­әзір күн райы кемпіршуақтанып тұрғанымен, 

қара  суық,  өңмеңнен  өтер  өкпек  жел,  қолшатыр  астында  пана-

лайтын  жауын­шашынды  күндер  көп  ұзамай  бау­бақшаны  қазан 

ұрғаннан­ақ басталады. Қыстыгүні де бас киімсіз жүретіндерге дауа 

жоқ, олар үшін күздігүнгі күн райы бұйым болмауы мүмкін. Ондай-

да үлкен кісілер қуақыланып: «ішінде тоңатын нәрсесі болмағасын 

жалаңбас жүреді де» дейді. 

Қашан  бас  киімсіз  жүруге  болады?  Бұл  ағзаның  ерекшелігіне  және 

адамның  сезімталдығына  байланысты,  сонымен  қатар  далада  қанша 

уақыт жүргені, ауаның ылғалдылығы, жел соғып тұрғаны да рөл атқарады. 

Кейбір адамдар кішкене суық болса бас киім киіп алады, өйткені онсыз 

өздерін жайсыз сезініп, суықтап қаламын деп ойлайды, ал кей кісі суыққа 

төзімді келеді. Медицинаның пікірі бойынша бас киімсіз жүруге болатын 

ең төменгі температура – минус 5°С, онда да желсіз, құрғақ ауа райын­

да. Ал егер қар, жаңбыр немесе жел соғып тұрса, температура плюсті 

көрсетіп тұрса да бас киім кию міндетті.

БАСҚА СУЫҚ ТИЮ НЕСІМЕН ҚАУІПТІ?

Біріншіден,  иммуни­

тет ті  төмендетеді,  бұдан 

ағ зада  ауру  қылатын  ми­

кробтар  белсенді  көбейе 

бастайды.  Нәтижесінде 

бар лық  созылмалы  ауру 

қо зып,  өткір  қабыну  про­

цесі артады, мысалы,  гер­

пе тикалық  жұқпа  өршиді. 

Егер  адам  созылмалы 

аң қа  ауруына  шалдыққан 

бол са,  жұқпа  қанға  оңай 

еніп, орталық жүйке жүйе­

сіне  енеді.  Суық  тиген де 

ми  қабатының  қабынуы­

нан менингитке ұрыну қау­

пі жоғары.

ҚҰЛАҚ СУЫҚ ТИЮГЕ ЕРЕКШЕ БЕЙІМ

Қатты тоңғанда қалың, ұзын шаш құлақты қорғай алмайды. Шаш та 

суық желге төтеп бере алмайды, ал құлақ мұндай табиғат құбылысына 

бірден қатты ауырып­ақ белгі береді. Кейде басыңыз тоңып келіп, жылы 

жерге  кірсеңіз,  құлағыңыз  ауыруы  мүмкін.  Құлақ  кереғар  температура­

ны жақсы көрмейді. Монша немесе бассейнге түсіп шығып, басын дұрыс 

кептірмей  және  шапка  кимей  далаға  атып  шығатындар  денсаулығына 

қауіп  төндіреді.  Құлақ  ауруы  –  отит  немесе  есту  жолында  сыздауық 

шығуы мүмкін.

Онымен қоса, қабынудан және ми қан тамырларының тарылуынан 

есту жүйкесінің процесі бұзылып, құлақта шу пайда болады, есту қабілеті 

төмендейді. Мұндай белгілер пайда болса, араға уақыт салмай, бірден 

отоларингологқа қаралған жөн.

МҰРЫН ТОҢСА ЖҰТҚЫНШАҚ ҚАБЫНАДЫ

Есту  жолы,  мұрын­

ның  шырышты  қабығы, 

жұтқыншақ  бездері  бә рі 

бір­біріне  жақын  ор на­

ласқан. Егер бір мүше ге 

суық  тисе,  жұқпа  бас қа­

ларына  да  өтеді.  Нәти­

жесінде  орташа  өткір 

отит,  ангина  немесе  тұ­

мау, мұрын қуысының қа­

бынуы,  бір  уақытта  гай­

морит  және  фронтитке  

шалдығуыңыз  мүмкін. 

Ал егер ағзада жұқпаның 

со зылмалы  түрі  болса, 

мысалы, жұтқыншақ безінің қабынуы, онда бас суықтағанда  созылмалы 

тонзиллит асқынып, дененің ыстығы көтерілуі мүмкін. Айтқандай, мұрын 

қалақбасы  мен  құлақ  жарғағында  адамның  ішкі  мүшелер  бетсалымы 

орналасқан. Дәрігерлер құлақ жарғағын күнде таңертең екпінді уқалау ке­

рек деп бекер кеңес бермейді, бұл ішкі мүшелерді «оятуға» ықпал етеді. 

Бастың  суықтап  қалуы  ішкі  мүше  қан  тамырларының  тарылуына  және 

стенокардия немесе астма ұстамасына әкеп соғуы мүмкін.

ШАШСЫЗ ҚАЛУЫҢЫЗ МҮМКІН

Бас  киімсіз  ұзақ  уақыт  (10  минуттан  жоғары)  суық  күнде  жүру 

шашты  қоректендіретін  қан  тамырларының  тарылуына  ықпал  етеді. 

Мұндай  жағдайда  шаш  фолликуласының  қоректену  процесі  бұзылып, 

нәтижесінде жұқарып, сынғыш және көмескі күйге енеді. Сонымен қатар, 

тұқым қуалауға да байланысты: егер шаш генетикалық тұрғыда әлсіз бол­

са, суықтап қалу салдарынан еселеп түсуі мүмкін. Егер әке­шешеңізден 

қолаң шашқа ие болсаңыз, оның сапасына аяз аса әсер ете алмайды. 

ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІ СЫР БЕРЕДІ

Бас суықтап қалса, бет неврологиясына және үш тармақты жүйкеге 

әсер етуі мүмкін. Суықтан бастың қан тамырлары тарылады және жүйке 

қан айналымы бұзылады. Егер бет жүйкесіне зақым келсе, адамның жар­

ты беті қисайып қалуы мүмкін. Ал егер үш тармақты жүйке қабынса, шан­

шып, қатты ауыратын болады. Аязда бас киімсіз жүру әдеті қалыптасса, 

бас сақинасы ауруының жиілеуіне немесе пайда болуына және бас сүйек 

ішіндегі қан қысымының көтерілуіне ықпал етуі мүмкін. Ал егер ауа рай­

ына сай ыңғайлы бас киім киіп жүрсеңіз, денсаулығыңызды сақтайсыз.

Айта кетейік, баста дұрыс тұрмайтын бас киімдер де зиян. Мысалы, 

маңдай және желкені қысып тұратын былғары немесе резеңке ендірмелі 

бас  киімдер  ұсақ  қан  тамырларды  қысып  қалғандықтан  бас  ауыруы 

мүмкін. Оған қоса самайды қысып тұратын кепештер мен бейсболкалар 

да зиян, бұлар басты жылы ұстағанмен желке тұс ашық қалады. Жасан­

ды жіптен тоқылған бас киімдер де денсаулыққа зиян. Керісінше, мақта, 

жүн  және  мохер  қосылған  вискоздан  тоқылған  бас  киім  –  нағыз  керегі 

осы. Ал астар үшін саржа қолайлы. Мұндай бас киіммен бас терісі дема­

лады, ең бастысы, тоңбайды. 

ДЕНСАУЛЫҚ КҮТІМІ


№ 38 (160) 22 ҚЫРКҮЙЕК, БЕЙСЕНБІ, 2016 ЖЫЛ

«Бар  –  қартаймақ,  жоқ  –  ту­

мақ,  туған  –  өлмек…».  «Анадан  

алғаш  туғанда  –  Жыладым 

неге  дауыстап…»  «Мен  1897 

жылы…  Шыңғыстауда  тудым».  

Қалыптасқан  ауызекі  тіліміз  тұ­

рыпты,  арғы­бергі  жазба  нұсқа­

лардың  өзінен  мың  сан  мысал 

келтіруге  болады.  Сөз  білетін, 

жөн  білетін  ағайындар  кейіспен, 

ренішпен  жазып  та  жатты. 

«Туылған»  бейбақ  кең  дүниеге 

жаңа келген, шамасы бұдан бес­

алты  жыл  бұрын.  Одан  кейін 

және  дәп  бүгінгі  күні.  Ешқандай 

нәтиже  шықпады.  «Туылған» 

жұрттың  берік  сенім,  нақты 

дәлелі  бар.  Қалай  айтсаңыз  да 

бұрынғы  қазақ  білмеген,  жазар­

ман  атаулы  жаңылысқан.  Бала 

өз  еркімен,  өзінен  өзі  тумай­

ды  ғой!  Туылады!  Анасы  туады. 

Міне,  керемет.  Мал  –  ұрғашы 

мал ғана туады. Әйел – табады. 

Бұрынғының  анасы.  Бес  бала 

тапқан, он бала тапқан. Қазір де 

жалғыз­жарым  баласын.  Бас­

қасын  жиып  қойғанда,  өткен  за­

мандарда  ешкім  олай  айтқан 

жоқ,  олай  жазған  жоқ.  Дәп  осы 

арада  ешқандай  қисыны  кел­

мейтін  ырықсыз  етіс  емес,  қа­

зақ  тілінің  грамматикалық  іш кі 

заңдылықтарына  сәйкес  қалып­

танған  есімше  сөз.  Бұрнағы  бе­

рік  тұрғы,  кейінгі  ақылға  сый­

ымды  лепес  атаулыны  жиып 

қойдық.  Жағалай  «туылып»  жа­

тыр.  Жекелеген  қолданыстан 

озып,  жаппай  қатарға  енді.  Қа­

зіргі  қазақ  сайттарының  бәрі 

дерлік,  ағымдағы  баспасөздің 

көпшілігі,  тіпті,  кейбір,  әжептәуір 

саналатын  жазушылардың  өзі 

тынымсыз  «туылуға»  көшкен. 

Ақыры,  егемен  еліңнің  шекара­

сынан  өтіп  кетті.  Бұл  жақтағы 

алаштың  жақсысын  танымай, 

жаманын  қасиет  тұтатын  қытай 

қазақтарына  барып  жетті  және 

мен қадағалап отыратын сайтта­

рында жаппай қолданысқа түсті. 

«Туылғанға»  дауа  жоқ  екен. 

Ендеше,  келесі  саты  –  «өлін­

ген!».  Адам  әдетте  өз  ыр қы мен 

өлмейді  ғой.  Ауру­сырқау  ма, 

көлденең  пәле  немесе  аштық 

пен кәрілік пе – «өлінеді!». Абай: 

«Адам жылап  туады, кейіп өледі» 

– деп еді, Шәкерім қажы: «Туған 

жан  өл мек,  –  Тағдырға  көнбек!» 

–  деген,  ал  күні  кешегі  Қасым: 

«О  дариға,  алтын  бесік  туған 

жер!.. Сенде тудым, сенде өстім 

мен,  сенде  өлсем,  –  Арманым 

жоқ  бұл  дүниеде  дер  едім…»  – 

мүлде  қате:  «…Жылап  туыла­

ды, кейіп өлінеді», «Туылған жан 

өлінбек»,  «Туылған  жер…  Сен­

де  туылдым,  сенде  өлінсем…» 

– деп айтулары шарт екен. Уақа 

емес,  келесі  бір  басылымдар­

да  түзетеміз!  Ендеше,  бүгінгі 

білікті  қаламгер  тіршілігінде, 

яғни  өлінгенге  дейін  өзінің  бар 

жазуына  ие  болуы  керек.  Оның 

ішінде  біз  де.  Кейбір  жеке  ба­

сылымдарда,  тіпті,  ғұзырлы  ре­

дактор  ғана  емес,  еркін  ойлы, 

білгір  корректорлар  сөйлеміңді 

оңдап, сөздеріңді түзетіп жатыр, 

осы  ретпен  сен  де  бір  күні  «ту­

ылып»  шығуың  әбден  мүмкін. 

«Туылған»  жанның  «өлінбегі» 

хақ  болса,  әзірге  жаңаша  түр­

лен бей  тұрған  «тіршілігіңде» 

ша маң  келсе,  қаптай  «туылған» 

сөз жендеттерінен сақтанып, бар 

жазуыңды  қызғыштай  қорып  от­

ыру  қажет  сияқты.  Жалғыз  біз 

емес, жазатын, жазбайтын, әй те­

уір шәлдіріксіз, түзу сөйлей ала­

тын,  басы  тұнық  барлық  жұрт қа 

қатысты лепес.

Сонымен,  қыжыртпай  айт­

сақ,   «туылған»  –  тіл  мәдениеті­

нің  айна­қатесіз жаңа бір өлше мі:  

«туылған»  жүрген  жерде  сауат  

та,  түйсік  те  жоқ,  қара  қасқа  на­

дандық  қана  бар.  Ең  сыпайы 

сөзіміз деп біліңіз.

Кез  келген  халықтың  тілі  – 

аса  күрделі  категория.  Заман  

озған  сайын  өзгеріске  түседі, 

жаң ғырады,  жаңарады.  Бір  па­

ра  сөздер  әртүрлі  себеппен 

қол да ныстан  шығады,  жаңа 

ұғым  дарға  сәйкес  жаңа  сөздер 

қа лып  танады.  Мұның  бәрі  –  та­

биғи  жағдай.  Алайда  ғасырдан 

ғасыр  өтіп,  дүние  қаншама  құ­

былса  да,  тілдің  сол  ұлтқа  тән 

фоне тикалық  құрылымы,  жіктеу, 

септеу  ерекшелігі,  ұғым  жүйесі 

бұзылмайды.  Негізгі  лексикалық 

қор – атау сөздер сақталып тұра­

ды,  «ақ»  –  ақ  болып,  «қара»  – 

қа ра  болып  қала  бермек.  Бұл 

көпе­көрнеу  ақиқатты  еске  са­

лып  отырғанымыз,  бүгінгі  қазақ 

басылымдарында  көне  заман­

нан  келе  жатқан  байырғы  сөз­

дердің  кейбірі  бұрмаланып, 

жаң   сақ,  тіпті,  қарама­қарсы  ма­

ғы  нада  қолданыла  бастады. 

Бұл  жағы  да  түйсікті  жазарман­

дар  тарабынан,  ішінара  болса  

да  қаперге  салынып  жатыр,  бі­

рақ  оңалып  кеткен  ештеңе  жоқ. 

Бүгінгі  қазақ  қауымының  «еге­

мен»  ерекшелігі,  қайда  қи тар, 

қотыр  мен  соқыр  болса,  со ған  

әуес.  Судыр  суайтыңыз  –  әлем­

дегі  ең  шыншыл  адам  болып  

көрінеді, аяр мен жалтақ – қайт­

пас  қаһарман  ретінде  та ныл­

ған,   ұлтсыз  жандайшап  сат қын 

–  күрескер,  халқыңның  ең  адал, 

ең  құрметті  тұлғасы.  Және  кері­

сінше.  Сөз  жайы  да  осы  орай­

да.  Жүз  мәрте  айтылып  жатса 

да,  миға  қонбайды.  Енді  өзіміз 

көптен байқаған, біразы жаңадан 

тіркелген,  кейбірі  біз ден  бұрын 

да  ескертіліп,  нәти же  бермеген, 

қайткенде  де  бү гінгі  бұзылған 

тілдің бар кетігін түгендей алмай­

тын,  бірақ  айт пау ға  болмайтын, 

азды­көпті  анық тамалар.  Оң тай­

лық үшін әліп би ретімен берейік.

«Ағарған».  Мал  сүмесіне 

қа   ра  ған  қазақта,  тіпті,  арыдағы 

Кө не  Түрік  дәуірі,  Шыңғыс  хан 

заманының  өзінде  негізгі  тағам­

дар  үш  топқа  жіктелген:  ақ,  қы­

зыл,  пісәс.  «Қызыл»  –  ет,  етке 

қа тысты  дәм  атаулы;  «пісәс» 

–  мал  сүтінен,  ұзақ  сақтауға 

ла  йық талған  тамақтар  –  құрт, 

май,  ірімшік,  сүзбе.  Ал  «ақ»  – 

күн делікті  қолданыстағы  сүт 

өнімдері:  қымыз,  айран,  қаймақ, 

қатық, таза сүттің өзі, ақ ірімшік, 

ең  аяғы  шалап.  Советтік  қазақ 

ежелгі  кәсібінен  ажыратылып, 

ішінара  мал  сүмесінен  де  шет­

теген,  оның  есесіне  ақ  арақ  пен 

қызыл шарап күнделікті тұр мысқа 

еніп,  негізгі  ішімдікке  айналған 

кезде, қайткенде де мүлде жоға­

лып  кетпеген  ақ  пен  қызыл  дәм 

атаулы  жалпы  есімінен  айы­

рылды,  айырылмаса  да,  мүлде 

басқа мағынаға ие болды: қазақы 

«қызыл»  –  қызыл  шарап,  ал 

«ақ»  дегеніміз  –  ақ  арақ  болып 

шыққан.  Әл бет те,  «ақтың»  бол­

мысы  ай рықша,  «ақ  ішу»  –  арақ 

ішу деп қана ұғынылмақ. Осыған 

орай  «ағарған»  дейтін  жаңа  бір 

сөз  қалыптаныпты.  Бірте­бір­

те  ауызекі  тілден  «әдеби»  тіл­

ге  көшкен.  Әйткенмен,  «ақ» 

пен  «қызылдың»  халықтың  ба­

йыр ғы  тілінен  мүлде  жоғалып 

кетуі  мүмкін  емес  еді.  Мал  си­

рек  сойылатын  жаз  күндерінде 

«қызылсырап  отыру»  –  етті 

сағыну  десек,  наурыз  тілегіндегі 

«Ақ  мол  болсын!»  –  орыстың 

вод касы  емес,  қазақтың  сүт 

текті  тағамдары,  ырыс,  береке, 

молшылық.  Яғни,  «ақ»  та,  «қы­

зыл» да, біздің, бәлкім, та ғы бір 

жазармандардың  қолданы сынан 

түспеген «пісәс» те халық тілімен 

бірге  жасай  береді  деген  сөз. 

Ал  «ағарған»  –  «қызарған»  мен 

«қарайған»  сияқты,  өзі нің  әуелгі 

мағынасында қолда нылуға тиіс.



«Ай  дер  әже,  қой  дер  қожа 

жоқ». Қазір бар жерде дәп осы­

лай  жазылып  жатыр:  «Ай  дер 

әже…»  Неге  әже?  Неге  ата,  не­

месе әке демеген? Шынды ғында, 

әже емес, ажа! Кейінгі мағынасы 

–  ауыл­үйдің  үлкені,  ақсақалы, 

әкімі. Арғы тарих, бұ дан мың жыл 

бұрын ажа – ру, тайпа көсемінің 

титулы,  ал  Шың ғыс  хан  зама­

нында  Кем­Кемжүт  (Енисей)  өл­

кесіндегі  тү рік  қауымын  биле­

ген  әмірші  бек.  Хандыққа  тақау 

дәреже.  Заман  өзгере  келе, 

ажа  мәртебесі  қатардан  түссе 

де,  кемі  мың  жылдық  тарихы 

бар  мәтел  қаз  қалпында  бүгінге 

жетіпті.

Сонымен,  «Ай  дер  ажа  жоқ, 

қой дер қожа жоқ». Нақтыланған, 

әрі  толымды  қалыбы.  Біз  тауып 

отырған  жаңалық  емес,  бұдан 

отыз, қырық жыл бұрын, бәлкім, 

күні  кешеге  дейін  осылай  айты­

лып, осылай жазылатын. Ажа!



«Аллаһ».  Соңғы  он  шақты 

жыл  бойы  осылай  таңбаланып 

келді  –  «аллаһ».  90­жылдарда 

жалпыға  арналып,  көп  таралған 

діни кітаптарда «алла» бола тын. 

Әйткенмен, жаңа ғасыр да, әуелі 

дін  өкілдеріне,  одан  соң  жазар­

ман  жалпы  жұртқа  «аллаһ»  – 

арабшаға  жақын,  әрі  сауат­

ты  көрінсе  керек.  Бі ріншіден, 

біз  –  араб  емеспіз,  қа зақ  тілінің 

өз заңы бар, со ған орай «алла» 

түрінде қалып тасты және ауызекі 

тілде  айтылуы  тұрыпты,  Бұқар 

жыраудан  бастап,  соңғы  екі­

үш  ғасыр  бойғы  барлық  әдеби 

нұсқаларда  –  «алла».  Абай: 

«Алланың  өзі  де  рас,  сөзі  де 

рас», – де ген.  Тағы басқа да өлең 

мен ғақылия сөздерінде қаншама 

мәрте  қайталанған.  Екіншіден, 

менің  Құран  тілін  игерген  әде­

биетші  баламның  айтуынша,  

араб  лұғатының  өзінде,  жеке­

лей,  атау  тұлғасында  –  «алла», 

тек  тіркеме  сөз  жалғанғанда  ға­

на «һ» дыбысы қосылады, мәсе­

лен,  «аллаһу  әкбар».  Ақыры, 

тілімізді  бұрмалаған,  жазуымыз­

ды  бұзған  қаншама  хикметтен 

соң,  осыдан  азғана  бұрын  Діни 

басқарма  «алла»  деп  айтқан 

жөн  болады  дейтін  пәтуаға  ке­

ліпті.  Сірә,  жаңа  мүфтидің  ұсы­

нысы  һәм  бекітуімен.  Діндар 

ғұ ла маларымыз 

осыншама 

шыр  ғалаңға  түсірмей,  бірден­ақ 

тоқтам  салуы  қажет  еді.  Әзір ге 

толық  түзелмесе  де,  өт кен  істі 

айтып отырғанымыз, бізде орын­

сыз  еліктеу,  керексіз  солықтау 

деген  –  мейлінше  өріс  тапқан, 

қалыпты  жағдай,  іліп  алады  да 

кетеді,  ақыры  осылайша,  бар­

ды  былғап,  жоқтың  артын  қуып 

жүргеніміз.


Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Филология кафедрасы
2016 -> 46-ғылыми-әдiстемелiк конференция материалдары
2016 -> №70 (858) Сенбі, 3 қыркүйек
2016 -> Қазақ өркениеті / Казахская цивилизация. №2, 2015 ж
2016 -> ҚазаҚстан Республикасының Мәдениет Және споРт МинистРлігі МинистеРство культуРы и споРта Республики казахстан
2016 -> Еуразия гуманитарлық институтының хабаршысы тоқсандық журнал 2001 ж шыға бастаған 2016
2016 -> 2016 жыл №89 (8009 ) 12 Қараша сенбі (Жалғасы 3-бетте)
2016 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығЫ

жүктеу 0.59 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет