Құралай сләМҚызы жаннан қымбат оларға ар, Мен жастарға сенемін


Бетті дайындаған: Ерасыл ШӘРІБЕК



жүктеу 0.59 Mb.
Pdf просмотр
бет6/6
Дата07.09.2017
өлшемі0.59 Mb.
1   2   3   4   5   6

Бетті дайындаған: Ерасыл ШӘРІБЕК

ҚАЙСАР ҚАРСЫЛАСТАРЫНАН ҰЗАП КЕТТІ

ҚАЗАҚСТАН 

ПЛЕЙ-ОФФ КЕЗЕҢІНДЕ



Футзалдан  Колумбияда  өтіп  жатқан 

әлем  чемпионатында  Қазақстан  құра­

масы  топ тық  кезеңдегі  соңғы  ойынын  

Соломон  арал дарына  қарсы  өткізді. 

Кездесу барысында чем пионаттағы ең 

ірі  есеп  тіркелді.  Есеп  10:0  жерлес те­

ріміздің еншісінде.

Ойын барысында Қазақстан құрамасы­

ның  үш  ойыншысы  2  реттен  көзге  түсті. 

Олар Арнольд Кнауб, Дуглас және Павел 

Таку.  Ал,  Александр  Довгань,  Лео,  Илья 

Мун  және  Николай  Пенгриндер  бір­бір 

голдан соғып, 10:0 есебіне жеткізді. Айта 

кетейік,  ел  құрамасы  турнирдің  бірінші 

ойынында Аргентинадан 0:1 есебімен же ­

ңіліп  қалған  еді.  Екінші  ойынның  екін ші 

кезеңде  Коста­Рика  құра масын  3:1  есе­

бімен  жеңіп,  барлығы  алты  ұпаймен  Е 

тобында екінші орын алған болатын. Бірін­

ші орында 7 ұпаймен Аргентина құрамасы 

тұр.  Ен ді  жерлестеріміз  22  қыркүйек  күні 

болатын  1/8  фи налда  азулы  Испания  құ­

ра масымен кездеседі.

ПАРАЛИМПИАДА 

ОЙЫНДАРЫ 

АЯҚТАЛДЫ


Рио­де­Жанейро  қаласында  8  қыркүйек 

күні  бастау  алған  паралимпиада  ойындары 

тәмамдалды.  Бразилия  елі  төрт  жылда  бір 

өтетін  екі  бірдей  жарысты  аяқтап,  олим­

пиадалық  және  паралимпиадалық  туды  Жа­

пония астанасы Токиоға тапсырды.

  Бразилия  жерінде  өткен  дүбірлі  додада    ел 

спортшылары алғаш рет жүлдегерлер қатарынан 

көрінді.  Жүзуден  Зүлфия  Ғабидуллина  алтын 

тұғырдан  көрінсе,  пауэрлифтингтен  Раушан 

Қойшыбаева  еліміздің  қоржынына  күміс  жүл­

де  салды.  Осылайша  1  алтын,  1  күміспен 

командалық  есепте  58­орынға  тұрақтадық. 

Медальдар  жиынтығы  бойынша  алғашқы  үш­

тікті  Қытай (105 алтын), Ұлыбритания (64 алтын), 

Украина (41 алтын) елдері түйіндеп тұр.  Жалпы 

паралимпиада  ойындарының  жүлдесін  82  елдің 

спортшысы иеленді.

«Чемпион» теннис орта­

лығында облыс тық ішкі 

сая сат басқармасының 

қол дауымен «Студент жас­

тардың еңбек жасақтары 

облыстық штабы» 

қо ғам дық бірлестігі, 

«Жас тар ресурстық 

ор та лы ғы» КММ­нің 

ұйым дас тыруымен ҚР 

Тәуелсіздігінің 25 жылды­

ғы на орай жастарды 

дене шынықтыру және 

спортпен айналысуға 

тарту, еңбекші жастар 

арасында саламатты 

өмір салтын насихаттау, 

спорттың бұқаралық 

сипатын арттыру 

мақсатында жұмысшы 

жастар арасында үстел 

теннисінен жарыс өткізілді. 

Барлығы  40 үміткер 

жарыс жолына шығып

өзара айналмалы түрде 

жекелей есеп бойынша 

сынға түсті. Жарыс 

нәтижесінде І орынды 

«Цесна» банк қызметкері 

Қанат Таңжарық еншілесе, 

ІІ орын «КазГерМұнай» 

компаниясының 

жұмысшысы Асқар 

Бектеновке бұйырды.  

Үздік үштікті «Сардар» ЖК 

мекемесінің жас маманы 

Мағжан Шардарбеков 

түйіндеді.  Жеңімпаздар 

бағалы сыйлықтармен 

және  арнайы дипломмен 

марапатталды.



Жаңақорған  ауданында  ер­

кін  күрестен  жоғары  дәрежелі 

жаттықтырушы  Мұрат  То таев­

ті  еске  алуға  арналған  жас­

өспірімдер  арасында  еркін  кү­

рестен  республикалық тур нир 

өз мәресіне жетті. 

Турнирге 

республика 

ай­


ма ғы нан  200­ден  астам  ба­

луан  қатысып,  12  салмақ  дәре­

же сі 

бойынша 


48 

жүлдені 


са рапқа  салды.  Бұл  сында  Сыр 

балуандары    2  алтын,  4  кү міс, 

5  қола  жүлдені  еншілеп,  ко­

ман далық  есепте  жоғары  нә­

тижеге  ие  болды.  Турнир  же ңім­

паздары  болып  Ізбасар  Тун атар  

(Жамбыл  обл.)(32кг),  Санжар 

Мұхтар  (Жамбыл  обл.)  (35  кг), 

Әділет Әлмұхаммедов  (Жамбыл 

обл.)  (38  кг),  Дәурен  Әмірхан 

(Жамбыл  обл.)  (42  кг),    Диас 

Сағдатов  (Ақмола  обл.)  (50  кг), 

Мерей Төлеген (54 кг), Нұрлыхан 

Әбдіханов 

(ОҚО) 

(58 


кг), 

Мурадали Забитов  (Шу қ.) (63 кг), 

Юнус Ғафуров (Жамбыл обл.) (69 

кг),      Жасұлан  Бүркітбай    (76  кг),  

Аяр Кенжеев  (85 кг)  танылды.  

Футболдан ҚР 

Тәуелсіздігінің 25 

жылдығына орай 

ұйымдастырылған 

ІV облыс біріншілігі 

өз мәресіне жетті. 28 

мамырда бастау алған 

жарыста  8 команда 

бақ сынап, 2 айналым 

жүйесі бойынша 18 турды 

артқа тастады. Жарыс 

нәтижесінде Қазалы 

ауданының құрамасы 

қарсылас шақ келтірмей 

жеңімпаз атанса, 

Жаңақорған құрамасы 

жүлделі 2­орынды иеленді. 

Үздік үштікті Шиелі 

ауданының аяқдопшылары 

түйіндеді. Біріншілік 

барысында үздік өнер 

көрсеткен ойыншылар да 

марапат биігінен көрінді. 

Олар:  

Үздік қақпашы» – 



Амантай Кәрімбаев 

(Шиелі);


«Үздік қорғаушы» 

Дидар Сахиұлы 

(Қызылорда қ.);

«Үздік жартылай 

қорғаушы» – Ерлан 

Сапарбеков (Жаңақорған);

«Үздік шабуылшы» 

– Ерсұлтан Кұлтаев 

(Қармақшы);

«Үздік ойыншы» ­ 

Олжас Орынбекұлы 

(Қазалы);

АЛАДОП ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

ФУТБОЛДАН ҚР БІРІНШІ 

ЛИГАСЫНЫҢ 22 ТУРЫНДА 

СЫРДЫҢ «ҚАЙСАРЫ» 

«ЕКІБАСТҰЗҒА» ҚОНАҚҚА БАРДЫ. 

ТАРТЫСТЫ ӨТКЕН ОЙЫНДА 

ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗДІҢ МЕРЕЙІ 

ҮСТЕМ БОЛЫП, 0­1 ЕСЕБІМЕН 

ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ.

БОЗКІЛЕМДЕГІ ТАРТЫСТЫ БӘСЕКЕ

ЖҰМЫСШЫ ЖАСТАР СЫНҒА ТҮСТІ

ОБЛЫС БІРІНШІЛІГІ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ



ТОҚТЫ

Кәсіби  қызметіңізде  үлкен  өзгерістер 

күтіледі.  Тіпті,  бұл  жұлдыз  белгісіндегі  ту­

ған дардың  кейбірі  басқа  салаға  бет  бұрып, 

болашағы бар мамандық иесі атанады. 

ТОРПАҚ

Әр  асуды  бағындырып,  қиындықпен  кү­

рес кен  сайын  өмірден  тәжірибе  жинап,  қа­

натыңыз  қатая  түседі.  Сүйген  ада мыңызға 

жылы шырай таныта білсе ңіз, жеке бас мәсе­

лесінде бақытқа қауышасыз.



ЕГІЗ

Көрген­түйгені  мол  адамдармен  ара ласу 

рухани  толастап,  тәжірибелі  болу ға  себін 

тигізеді.  Кәсібіңіз  бен  жеке  өміріңіздегі  бас 

қатырарлық  мәселелер  өздігінен  шешіледі. 

Кейбірінің  жанұясы  жаңа  адамдармен  то лы ­

ғуы ықтимал.

ШАЯН

Жұмысыңыздағы қиындықтарға қара мас­

тан, көбісі мансап баспалдағында ал ға жыл­

жиды.  Бастысы,  төзімді  болып,   мәсе лені 

жыл дамдатуға тырыспаған абзал. 

АРЫСТАН

Бұл  белгідегілер  бірде  сәтсіздікке  ұшы ­

раса,  бірде  айы  оңынан  туып,  өткен  күнде 

қалған армандарының есесін толтыра алады. 

Бастысы,  өзіңізге  деген  сенімділікті  жоғалт­

паңыз. 


БИКЕШ

Қызметіңіз  бен  мансабыңызда  жетіс тік ­

терге жетуге мүмкіндік пайда болады. Алай­

да отбасы мәселелеріне байланысты мүмкін­

дігіңізді жіберіп алуыңыз ықтимал. 

ТАРАЗЫ

Апта  қоғамдық  өмірде  табысқа  же ту­

ді  қалайтындарға  танымалдылық  алып  ке­

леді.  Ал  аптаның  екінші  жартысы  –  қызмет 

пен  білім  аясын  кеңейтуге  қо лайлы.  Жеке 

өміріңізде күтпеген жағдайлар орын алса да, 

олар жағымды сипатта болады.

САРЫШАЯН

Бұл апта жақындарыңызбен, сүйікті ңізбен 

қарым­қатынаста  уайымға  батырып,  біраз 

әбі герге салады. Оған қоса, араларыңыздағы 

дау ұзақ уақытқа созылуы мүмкін. 

МЕРГЕН

Тәуекелге  барудан  бас  тартып,  қара жа ­

ты ңыз ды сақтау дың тиімді жолдарын ойлас­

тырыңыз. Сәтсіздіктерге ұшы рауы ңыз мүм кін. 

Бірақ  өзіңізге  деген  сенімді лікті  еш  уа қыт та 

жоғалтпаңыз. Табанды болып, аян бай еңбек 

еті ңіз. Ол қиын сәттерді жеңіл өткеруге көмектеседі.

ТАУЕШКІ

Барлығын  алдын­ала  жоспарлауға  ты­

рыс  саңыз да, бұл апта тосын сыйлар ға толы 

болады. Бұл қыз метіңізге де, отбасыңызға да 

қатысты. 

СУҚҰЙҒЫШ

Жаныңызға жақын адаммен ренжі сіп, бір­

біріңізден  алыстауыңыз  мүм кін.   Еңбекқор­

лығыңыз бен жауапкерші лігі ңіз дің арқасында 

қызметіңізде  та быс тарға  же тіп,  биіктерден 

кө рінесіз.



БАЛЫҚ

Түйіні  шешілместей  көрінген  мә се лелер 

уақыт  жылжыған  сайын  ойыңызда ғыдай  жү­

зеге аса бастайды. Жеке өмі ріңізде уа йым ға 

салынуыңыз  мүмкін,  махаббат  мә се лесінде 

әдептен аспағаныңыз дұрыс.



№ 38 (160) 22 ҚЫРКҮЙЕК, БЕЙСЕНБІ, 2016 ЖЫЛ

Газет Қазақстан Республикасының 

Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат 

жә не мұрағат комитетінде тіркеуге алынып, 

№13844­Г куәлігі 26.08.2013 жылы берілген.

«Ақмешіт жастары» облыстық газеті 

ҚР СТ ИСО 9001­2009 «Сапа менеджментi 

жүйесі» талаптарына сәйкес сертификатталған.



Меншік иесі: «Сыр медиа» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

БАС ДИРЕКТОР

Аманжол ОҢҒАРБАЕВ

Қабылдау бөлмесі:

тел/факс: 70­00­36

Редакция тел.: 40­06­71

БАС РЕДАКТОР

Айжан АБДУЛЛАЕВА

Газет әр аптаның бейсенбі күні шығады. Қолжазбалар өңделеді және қайтарылмайды. Жарияланымдар 

газеттің түпкілікті көзқарасын білдірмейді. Газет редакцияның компьютер орталығында қатталып, 

«Сыр медиа» ЖШС баспаханасында басылды. Қызылорда қаласы, Бейбарыс Сұлтан көшесі, 4.

Индекс: 65425

Редакцияның мекен­жайы: 120018

Қызылорда қаласы, Бейбарыс Сұлтан көшесі, 4



aqmeshit_zhastary.kz@mail.ru

Таралымы: 9587

Тапсырыс №  1114

Кезекші редакторлар: 

Қ.РАХЫМБАЕВА, Е.ШӘРІБЕК

БАЙҚАУҒА


ЕРЕЖЕ

І. Жалпы ереже

Тәуелсіздік  күніне  арналған  жас  журна лис тер 

арасын дағы байқау (бұ  дан әрі – Байқау) Қызылорда об­

лы  сы ның  ішкі  саясат  басқармасы,  «Ақмешіт  жас тары» 

газеті  жә не  «Жас  журналистер  клубы»  қоғамдық  бір­

лестігінің ұйымдас тыруымен өткі зі леді.



ІІ. Байқаудың мақсаты

Ширек ғасыр толған Қазақ елі нің жетіс тіктерін жас­

тар  арасында  кеңінен  насихаттау,  жас  журна лис терді 

ынталандыру; 

Жастардың  бойында  қазақстан дық  па трио тизм ді 

және    отансүйгіштік  қа сиет ті  қалыптас тыру,  шы ғар  ма­

шыл тұл ғаны дамыту.

ІІІ. Байқаудың міндеттері

Байқаудың  жеңімпаздарын  анық  тау  облыс тық  ішкі 

сая сат  басқарма сымен  бекі тілген  кон курстық  комис­

сияның  (қазылар  алқасы)  шешімімен  жүзеге  асырыла­

ды;

Қазылар алқасының құрамына БАҚ өкілдері, белгілі 



ақын­жазушы лар кіреді;

Осы  Ереже  байқауға  қатысуға  үміткер  бар лық 

мүдделі тұлғалардың танысуы үшін ұсы нылады.

IV. Қатысу шарттары

Байқауға қатысуға 14 пен 29 жас аралы ғын дағы мек­

теп  оқушылары  мен  жоғары  және  кәсіптік­техникалық 

білім  беру  ұйымдарының  студенттері,  жас  талапкер  

ақын­жазушылар, журналистер шақы ры лады. 

Байқау үш бағытта (поэзия, проза, пуб ли цистикалық 

мақа ла)   өтеді  және  поэзия,  проза,  пуб  лицистикалық 

мақала жүл   де гер лері аталған бағыт тар бо йын ша бөлек­

бөлек  анық  та ла ды.  Бай  қауға  қаты сатын  материалдар  

нау рыз дың  22­сінен  бастап  16  қа раша  ара лы ғында 

қабыл да нады. 

Бір автордан бір ғана шығарма шы лық жұмыс қабыл­

данады. Мақала А4 форматында Times New Roman қар­

пімен  терілген,  2  беттен  аспау  қа жет.  Шығармашылық 

жұмыспен қоса авторы  туралы қысқаша мәлімет «Бай­

қауға»  деген  бел гі мен  aq me shit_zhastary.kz@mail.ru 

электрон ды     поштасы  арқылы  мемлекеттік  және  орыс 

тіл дерінде  қа былданады  немесе  «Сыр  Медиа»  ЖШС, 

«Ақмешіт  жастары»  газе ті нің    редакциясы   (Қызылорда 

қа ласы, С.Бей барыс көшесі, 4 үй, Т.Жүр генов атын дағы 

Шығармашылық үйі) 3­қабат, 312, 313, 314, 315 кабинет­

терге  жолдауға  болады.  Қосымша  сұрақтар  үшін  тел.: 

8(7242)  40­06­71.  Байқау  нәтижесі  бойынша  үздік  деп 

танылған туындылар газет бетіне (немесе жинақ болып) 

шығады.  

Жеңімпаздар саны – төртеу. Бас жүл де І, ІІ, ІІІ орын 

және қосымша ынталандыру сыйлығы таға йын далады.

V.Конкурстық жұмыстарды ба ғалау өл шем  дері

Конкурстың  материалдарын  ба ға лау  ке зінде 

төмендегі өлшемдер на зарға алынады:

– автордың идеясы;

– стильдік көркемдік;

– оқырманға эмоционалды әсері;

– авторлық ұстаным.

VI. Ұйымдастыру комитеті

Ұйымдастыру  комитеті  байқауды  ұйым дас ты ру шы­

лар және қазылар ал қасынан тұрады. Бай қау ды дайын­

дау  мен  өткізу  жөніндегі  жұ мысты  жос парлайды  және 

үйлестіреді,  сонымен  қатар  оның  орындалуын  қада­

ғалайды. 

Байқау  туралы  ережені  және  кон  кур с   тың  қазы лар 

алқасы құрамын бе кітеді. 

БАЙҚАУ

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ІШКІ САЯСАТ БАСҚАРМАСЫ, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ «АҚМЕШІТ 

ЖАСТАРЫ» ГАЗЕТІ ЖӘНЕ «ЖАС ЖУРНАЛИСТЕР КЛУБЫ» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІ АЙМАҚ ЖАСТАРЫ 

АРАСЫНДА ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ  25 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУ ЖАРИЯЛАЙДЫ

(15-21 қыркүйек)

Қаладан  шыққалы  бері  үш  сағат 

өтті.  Тегіс  емес  жолда  темір  техни­

ка  тербеліп  келеді.  Өткенде  ауыл 

әкімі  жолды  жөндеу  келесі  жылдың 

жоспарына енді деген. Демек, елдің 

көсегесі көгеріп, жаңа жолда желдей 

есетін  күн  де  алыс  емес.  Қазақтың 

маңдайына  біткен  тәуелсіздік  жол 

шар шатқан  жандарды  осындай   жа­

ңа лы ғымен  де  қуантқан.  Иә,  «елі­

міз  боданда  болса  тозығы  жеткен  

автобус  темір  тұлпарға  айналмас  

еді»  дейді  үлкендер.  Ауыл  шетіне 

жақындай  бере  мамыражай  ғұмыр 

кешкен  елді  көресің.  Тұрмысы  тү­

зел ген, ақ шаңқай үй тұрғызып, бей­

біт  қоныстанған  қазақ  ауылы.  Әне, 

анау  жерден    көршісімен  етене   жа­

қын көгілдір үйдің ақ жаулықты әже­

сі көрінеді. Сірә, жас келініне самау­

рынға  шай  қоюды  үйретіп  жүрсе  ке­

рек. Төбенің басында төрт­бес қария 

ғана тіл қатысып отыр. Бүгінде тарих­

тың тірі куәгерлерінің де қатары азай­

ған. Азаттық таңына аман жеткеніне 

тәубе  дейтін  ақсақалдар  осы  күнді 

көре  алмай  кеткен  замандастарын 

ойлап  көңіл  босатады.  Олардың  ен­

дігі  ғұмырларында  елге  тілейтіні  тек 

тыныштық қана. 

Жақын  маңнан  шат  күлкімен  шу­

лас қан  балалардың  да  үні  естіледі. 

Еркін  елдің  ертеңгі  ұландары  білім 

ошағына  бейқам  бара  жатыр.  Жа­

ңадан  салынған  екі  қабатты  мектеп  

оқушыларды ерекше ықыласпен өзі­

не тартып тұрғандай.

Автобус  терезесінен  қарайған 

бей не  көрінеді.  Барлап  қарасаң,  ба­

лық шы екенін айыру қиын емес. Ашар­

шылық уақытта барын аямаған Арал 

тоқ  кезеңде  де  тоқырап  қалмаған. 

Заманауи  техниканың  көмегімен 

ша руашылығын  өркендеткен  бейбіт 

күннің балықшысы да көңілді. Осын­

дайда  қазақтың  Әбесі  жазған  «Қан 

мен  тер»  есіңе  түседі.  Ауыр  да 

азап ты  күндердің  құрбаны  болған 

адам дардың  тағдыры  тағы  бір  ойға 

ора лады.  Демек,  тәуелсіз  елдің  ба­

лық шысы да бақытты!

Шаңқай түстегі ыстық ауаны еле­

мей шапшаң басқан құрбым да көзге 

шалынды. Жедел жүрісіне қарағанда 

науқастың  жағдайын  білуге  асыққан 

тәрізді.  Жақында  ғана  «Дипломмен  

ауылға»  жобасымен  жұмысқа  орна­

ласқан  оның  мамандығы  –  мед­

бике.  Тәй­тәй  басқан  топырағына 

қай та  оралып,  тұрғындар  үшін  тер 

төккеніне  өзі  де  дән  риза.  Ақкөңіл 

халықтың  оған  айтар  алғысы  да  аз 

емес.


Келесі  көше  тым­тырыс.  Қыбыр 

еткен жан жоқ. Есіңізде ме, тарихты 

негіз етіп түсірген туындыларда қазақ 

ауылы  үнемі  үрейде  отырушы  еді 

ғой.  «Қай  жағымнан  жау  келеді,  қай 

ортадан дау шығады» деген күдікпен 

күндер  өткізетін.  Ал,  бүгін  оның  бірі 

де  жоқ.  Болмай­ақ  та  қойсын.  Сірә, 

бейбіт  елде  бейбіт  ғұмыр  кешкен 

тұрғындар  зұлмат  күндерді  кинодан 

тамашалап отырған болар.

Ескі  әдетінен  жаңылмай  авто­

бус мен тұратын үйге де жақындады. 

Құрақ  ұшып  әкем  мен  анам  қарсы 

алды.  Дастарқан  басында  әкем  жа­

ңалықтар жаршысына айналан газет 

мақаласын сөз етті:

– «Астанада өтетін ЕХРО көрме­

сіне әлемнің  жүзге жуық елімен қатар 

он  халықаралық  ұйымның  қатысуға 

мүмкіндігі  бар.  Сонымен  қатар  бұл 

жобаны тамашалауға екі миллионнан 

астам адам келеді деп күтілуде екен. 

Бұл  елімізді  жаһан  жұртшылығына 

танытудағы  зор  мүмкіндік  емес  пе?­ 

деп анама көз тастады.

– Иә, отағасы. Жауапкершілігі жо­

ғары  көрме  еліміздің  экономикалық, 

технологиялық  тұрғыда  дамуына  

сер пін береді ғой. Осы бастама Ота­

ны мыздың  жарқын  жетістігінің  бірі 

ретінде тарихта қалатын болады.

Мен  осыдан  соң  ойға  қалдым. 

Күн ұзағына көз алдымнан өткен кө­

ріністер маған тәуелсіздік ұғымының 

қадірін түсіндіргендей.

Тәуелсіздік!  Сенің  бағаң  халық 

үшін  қандай  қымбат,  қандай  құнды 

десеңші! Қарттардың түн ұйқысы ты­

ныш  болуына,  ел  болашағы  сеніп 

тапсырылған  өрендердің  алаңсыз 

білім  алуына  Тәңірден  соң  себепші 

болған  өзіңсің!  Көк  аспанда  нұрын 

төккен азаттық күнің болмаса, қажы­

ған  балықшының  жүзіне  күлкі  тара­

мас еді. 

Ұлтымыз  мәңгілік  ел  болуды  да 

өзіңмен бірге ұран етті.  Сенімен бір­

ге  жас  астанамыз  жасампаз  бақыт 

ордасына  айналды.  Бейбіт  күнде 

ба қытты  ұрпақтың  жүрегіне  ұлттық 

сезім ұялап, елге қызмет қылуды өз­

деріне  парыз  санады.  Ең  бастысы, 

қаймағы бұзылмаған қазақ ауылының 

өзінен  сенің  тәтті  тартуыңды  көруге 

болады.  Бұйырған  бағым  өзіңсің  – 

Тәуелсіздік! 

Гүлдана НҰРТАЙҚЫЗЫ

Бұйырған бағым- Тәуелсіздік



Каталог: storage
storage -> Қазақстан Президенті Нұрсұлтан назарбаевтың Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған салтанатты жиналыста сөйлеген сөзі
storage -> Құрметті Ассамблея мүшелері! Қадірменді отандастар! Сессияның қонақтары!
storage -> Р е д а к ц и я а л қ а с ы Редакция алқасының төрағасы
storage -> ТУҒан тіл / №2 (19), 2013 Редакция алқасы
storage -> Дүниежүзі қазақтарының ІV құрылтайын
storage -> Бірінші құрылтай, 1992 жыл, Алматы Н. Ә. Назарбаев: бауырларымызғА ҚҰШАҒымыз ашық
storage -> №5-6 (91-92) наурыз 2016 жыл Газет 2001 жылдың наурыз айынан бастап шығады Р

жүктеу 0.59 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет