Құралай сләМҚызы жаннан қымбат оларға ар, Мен жастарға сенемін



жүктеу 0.59 Mb.
Pdf просмотр
бет3/6
Дата07.09.2017
өлшемі0.59 Mb.
1   2   3   4   5   6

Журналистер өзекті 

мәселе қозғау барысында 

кейбір жағдайларда 

келеңсіз оқиғаларға тап 

болып жатады. Осындай 

жағдайда заң көмегіне 

жүгінуге тура келеді. 

Алайда заңгерлік кеңес 

ақылы емес пе? Осыған 

қандай пікір қосасыз?

– Әрине барлық 

басылымдардың қаржылық 

жағдайы шектеулі. Дегенмен 

ірі холдингтер журналистерге 

арнайы кеңес беретін 

заңгерді тұрақты жұмысқа 

алса құба­құп болар еді.



– Соңғы сұрақ. Аймақ 

журналистерінің кәсіби 

деңгейін көтеруге қандай 

кеңес берер едіңіз?

– Ең алдымен, 

журналистер заңды жақсы 

білген жөн. Заңды білген 

жағдайда өзінің құқығын 

толықтай біле отырып, 

журналист құнды ақпаратқа 

қол жеткізуі мүмкін. 

Қандайда бір мәтін жазу 

тұрғысында өсек­аяңды 

қолданбауы тиіс. 

Естігеннен гөрі, аяғымен 

барып, анықтап жазған 

дүние бір бөлек.



Cұқбаттасқан:

Ерасыл ШӘРІБЕК

ХАЛЫҚ – ҚАЗЫ, 

ӘДІЛДІК –ТАРАЗЫ

Ғалия ӘЖЕНОВА, 

«Әділ сөз» cөз бостандығын қорғау қорының сарапшысы:

ӘДЕТТЕ  ҚАЗАҚ  «ТІЛМЕН  БАЙЛАНҒАН  ҚОЛМЕН  ШЕШІЛМЕЙДІ»  ДЕЙДІ.  ЯҒНИ  ТІЛ 

БАЙЛЫҒЫНА ТЕҢ КЕЛЕР ЕШТЕҢЕ ЖОҚ. БІРАҚ ТІЛДІ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ДА РЕТТІЛІГІ БАР. 

МҰНЫ БАСПАСӨЗ ТУРАЛЫ ЗАҢНЫҢ ӨЗІ АЙШЫҚТАП ТҰР. БҮГІНГІ АҚПАРАТ КӨЗДЕРІНДЕ  

СӨЗДІ ОРЫНДЫ-ОРЫНСЫЗ ҚОЛДАНУ, БІРЕУДІҢ АР НАМЫСЫНА ТИЮ – ӘДЕПСІЗДІКТІҢ 

БЕЛГІСІ.  «ЖАЛҒЫЗ  АУЫЗ  СӨЗДІҢ  ЖЫЛАННЫҢ  ҚҰСЫҒЫ  СЕКІЛДІ  КІСІНІ  ӨЛТІРЕР  УЫ 

БОЛАДЫ».  ОСЫНЫ  ОЙЛАП,  САНА  САРАЙЫНДА  СЕРГІТІП,  ҚАЛЫҢ  КӨПШІЛІККЕ  СӨЗДІ 

ДӘЙЕКТІ ЖЕТКІЗУДІҢ МӘНІСІ ЖОҒАРЫ.



№ 38 (160) 22 ҚЫРКҮЙЕК, БЕЙСЕНБІ, 2016 ЖЫЛ

Бетті дайындаған: Сара ОМАРОВА

Жалпы осы кезге дейін палатаға 400­ 

ге  жуық  өтініш  түсіп,  оның  282­ і  кә сіп­

керлердің  пайдасына  шешілген,  нәтиже­

сінде  кәсіпкерлер  өздерінің  1  млрд. 144 

млн. теңгесін сақтап қала алды. Биыл кә­

сіпкерлер  құқығын  қорғаудағы  ре зонанс­

тық проблема ретінде мына жайтты айтуға 

болады. 

Электр  энергиясымен  жабдықтаушы 

ме кемесі  тарапынан  кәсіпкерлерден  пай­

да ланған электр энергиясы үшін қосымша 

есептелген соманы төлеуді талап ету фак­

тісі  бойынша  палата  кәсіпкерлердің  құ­

қықтарын қорғап, олардың 3 млн. теңгеден 

аса  қаражатын  сақтап  қалды.  Оған  қоса, 

палатаның  бастамасымен  көтерілген  мә­

се лені  прокуратура  органдары  тексе ру 

нәтижесінде «ҚазТрансАймақ» АҚ Қызыл­

орда  облыстық  филиалының  директо­

ры  мен  оның  орынбасары  кәсіпкерлерге 

қызметін  жүргізуде  тең  мүмкiндiктерін 

пай далануға, адал бәсекелестік жүргізуге 

кедергі жасап, кәсіпкерлердің құқықтарын 

шектегені  үшін  өз  қызметтерінен  боса­

тылды. Бүгінде палатаның сарапшылары   

кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүд­

де лерін  қорғау  бойынша  50­ден  аса  сот 

отырысына  қатысып,  нәтижесінде  сот 

про цестерінің  80  пайызы  кәсіпкерлердің 

пайдасына шешілді. 

Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бой­

ынша  жұмыстарды  күшейту  мақсатында 

2014  жылы  облыстық  кәсіпкерлер  пала­

тасы жанынан тұрақты жұмысшы орган – 

Кәсіпкерлердің  құқықтарын  қорғау  кеңесі 

құрылды.  Палата директорының орынба­

сары Дархан Мырзалиевтің айтуынша, ай 

сайынғы кеңес отырыстарында кәсіпкерлік 

субъектілерінің заңды мүдделерін шектеу­

ге, мемлекеттік органдардың әрекеті неме­

се әрекетсіздігіне байланысты орын алған 

нақты  жағдайлардың  шешілу  жолдары 

қарастырылады.  Бүгінде  кәсіпкерлердің 

құқықтарын  қорғау  кеңесінің  10  отыры­

сы өтіп, 30 мәселе қаралып, нәтижесінде 

200­ден аса кәсіпкердің заңды мүдделері 

қорғалып,  9  лауазымды  тұлға  тәртіптік 

жауапкершілікке тартылған.

«Руханият  –  2015»  қоғамдық  бір­

лес тігінің  ұйымдастыруымен,  «Қар­

мақ  шы  ауданына  қарасты  ауылдық 

округтерінде  жаңа  технологиялар ды 

енгізу  арқылы  әлеуметтік­эконо ми ка­

лық  мәселелерді  шешу»  жобасын  ақ­

па раттандыру  бағытында  ІІІ  Интерна-

ционал  ауылдық  мәдениет  клубында   

«Отбасым – асыл қазынам» атты отба­

сылық сайыс өтті. 

Мақсат  –  жас  отбасылар  арасында  

от басы  құндылықтарын  дамыту.  Сайыс  

қо рытындысы бойынша І орынды Қуа ны­

шевтар  отбасы,  ІІ  орынды  Кәрі баевтар 

от басы,  ІІІ  орынды  Бедебаевтар  отбасы 

ие ленді.

«Ұлағат  ұландары»  жастар  қоғам­

дық  бірлестігінің  ұйымдас ты руымен 

«Педагогикалық  жасақтардың  қызме­

тін ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы 

аясында  «ҚарбызФест  –  2016»  атты 

шара өтті.

«ҚарбызФест» 

фестивалі 

биыл 


5­мәр  те  қала  тұрғындарын  қызықты  са­

йыста рымен,  көңілді  концерттік  бағдар­

ламасымен  қуантып  келеді.  Шараға  қа­

ла  тұрғындары,  жастар  ұйымдары,  жас 

көшбасшылар  қатысты.  Қала  жаста­

ры  «Қарбыз  кескіш»,  «Қарбыз  жегіш», 

«Қарбыз  көтергіш»,  «Қарбыз  ФРЕШ» 

сын ды  сайыстар  бойынша  бағын  сы на­

ды.  Жеңімпаз  атанған  жастарға  ұйым­

дастырушылар  тарапынан  бағалы  сый­

лықтар табысталды.

ҚАРБЫЗ ЖЕП ЖАРЫСТЫ

Қызылорда  облы сы­

ның  білім  бас қар ма сы 

2  қазан  –  ҚР  мұға лім дер 

күні, 5 қазан – халық ара­

лық  мұға лімдер  ме ре  ке­

сіне  арналған  «Ұс та зың­

ды  ұлық та!»  ак ция   сын 

жа риялайды.  

Акцияның  мақсаты  – 

пе дагогтың  бе де лін  арт­

ты ру,  оның  оң  имиджін 

қалып тас тыру, 

білімін, 

құнды  өмірлік  тә жі рибесін 

жә  не  адамгершілік  негізін 

қа  лып тастырған  мұ ға лім­

дерге  қамқорлық  көрсету 

және  кө ңіл  бөлу.  Акция 

26  қыр  күйек  пен  5  қа зан 

ара лы ғында  өте ді.  Оған 

оқу шылар  және  рес пуб ли­

ка   бо  йын ша  барлық  ни ет 

білдіруші  аза мат тар    қа­

ты са  алады.  Акция   шең­

берінде  ме ре келік  бағдар­

ламаларға,  кездесу лер ге, 

құт тықтауларға  арналған 

ғалам тор  желісінде  ар­

найы айдар ашылады. Со­

нымен  қатар,  әлеуметтік 

желіде  «Ұстазыңды  ұлық­

та», 

«Поздравь 



свое­

го  учи телья»  хэштегімен 

рес публика азаматтары өз 

мұ ғалімдеріне  тілек  ниет 

білдіре  отырып,  құрмет 

көр сетеді. 



«ҰСТАЗЫҢДЫ ҰЛЫҚТА» АКЦИЯСЫ ӨТЕДІ

«ОТБАСЫМ – АСЫЛ ҚАЗЫНАМ»

 

Қорқыт  ата  атындағы  ҚМУ­дің  80 

жылдық мерейтойына орай жайдарман 

ойындары өтті. Сайысқа университеттің  

ең  таңдаулы  командалары  қатысып, 

қоғамдағы түйіткіл мәселелерді көтеріп, 

әзілмен түйреді. Жалпы саны 7 команда 

университет кубогі үшін  сайысқа түсті. 

Сайыс  қорытындысы  бойынша  «Әзіл 

прайд» командасы ұтымды қалжыңмен 

ерекшеленіп, жеңімпаз атанды. 

«ӘЗІЛ ПРАЙД» АЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮНГІ ҚАЛАДАҒЫ БАЛАЛАР

«ТАНЫСЫҢЫЗ: ЖЫЛ КІТАБЫ – 2016» 

16­20 қыркүйек аралығында рес­

публика көлемінде «Түнгі қаладағы 

балалар»  жедел­профилактикалық 

шарасы өтті.

Шараның  мақсаты  –  жасөспі рім­

дердің  қатысуымен  болатын,  оның 

ішін де  түнгі  уақытта  жасалатын  қыл­

мыстардың  алдын­алу,  сондай­ақ, 

жас  өспірімдерге  қарсы  жасалатын 

қыл  мыстарды  болдырмау,  кәмелетке 

тол ма ғандардың түнгі уақытта себепсіз 

жүр меуін  қадағалау,  олардың  түнгі 

уақыттарда  ойын­сауық  орындарда 

болуына жол бермеу, жасөспірімдерді 

құқық бұзушылық пен қылмыс жасауға 

тартатын  ересек  адамдарды  анықтау. 

Іс­шараға  жергілікті  атқарушы  орган­

дардың,  прокуратура,  білім  беру, 

ден саулық  сақтау  мекемелерінің, 

ата­ана лар  комитеттері  мен  үкіметтік 

емес  ұйым  өкілдері  қатыстырылды. 

Шара  аясында  көңіл  көтеретін  орын­

дарда,  ойын  клубтарында,  үй­жай­

лар  мен  адам  көп  шоғырланатын  қо­

ғам дық  орындарда  арнайы  рейдтер 

ұйымдастырылды.

«Бір  ел–бір  кітап»  акциясы 

аясында  биыл  Дулат  Баба тай­

ұлының  «Өсиетнама»  кітабы  таң­

дал ды.  Елдіктің  жырлаушысы,   ер­

кіндіктің  жоқшысы,  ақын  Дулат 

Ба батайұлының  өмірін,  шығар ма­

ла рын  оқырмандарға  терең  таныс­

тыру  мақсатында  қалалық  орталық 

А.С.Пушкин  атындағы  кі тап хана       

«Дулат Бабатайұлының шығар мала­

рын  бірге  оқиық»  тақырыбында 

«Таны сыңыз:  Жыл  кітабы  –  2016» 

көш пелі кітап акциясы қаладағы жо­

ғары  оқу  орындарының  арасында 

ұйым дас тырылды.

Шара  барысында  ақынның  өмірі 

мен  шығармашылығы,  өлең­жырлары 

туралы  жан­жақты  айтылып,  кітапхана 

оқырмандары  шығармаларынан  үзін­

ділер  оқыды.  «Дулаттың  асыл  мұра­

лары» атты кітап көрмесі таныстырыл­

ды. Көшпелі кітап шарасы қаладағы ірі 

9 оқу орнын қамтыды.

Соның  бірі  –  дыбыс  жазу  студи­

ясын  ашу.  Жобаның  мақсаты  –  жер­

гі лікті  жастар  мен  жасөспірімдердің 

шы ғар машылық  бағытындағы  жұмыс­

тарын  дамыту,  талантты,  дарынды 

жас тардың музыкалық қабілетін артты­

ру. Жоба тиімділігі – түрлі форматтағы 

әндер  жазу  және  өңдеу.  Мұндай  сту­

дия  облыстағы  бірде­бір  ауылда  жоқ 

екені бәрімізге белгілі.  Жобаның ашы­

луына  Қармақшы  ауданы  бойынша  

«Нұр  Отан»  партиясының  бірінші 

орын басары  Күлжауһар  Раева,  аудан­

дық  мәдениет  және  тілдерді  дамы­

ту  бөлімінің  басшысы  Нұршат  Нау­

рызбаева  және  ауыл  белсенділері 

қа тысты.  Жобаның  маңыздылығы  мен 

тұ рақ тылығына мән бере отырып, жо ба 

ұйымдастырушыларына алғыс білді ріл­

ді.

Жарысқа  қатысушылар  белтемірге 



тартылу,  арқамен  жатып  кеудені  кө­

теру,  100  метрге  жүгіру  сынды  7  әс­

кери­қолданбалы спорт түрінен сынақ­

тан өтті. Қорытынды бойынша І орынды 

№23  «Айбын»  мектеп­лицейінің  тәр­

биеленушілері,  ІІ  орынды  №253  орта 

мектеп  оқушылары,  ІІІ  орынды  №101 

орта  мектеп  оқушылары  жеңіп  алды. 

Бұдан кейін оқушылар бронетранспор­

тер,  Отан  қорғаушысының  қаруы  мен 

киім­кешегі,  әскери  техникалар  мен 

қару  жарақтардың  қолдану  әдістері, 

пайдалану  және  олардың  түрлерімен 

танысты.  Шара  соңында  әскери  адам­

дардың  және  әскери  иттердің  жа­

уынгерлік  қасиеті  жайлы  бейнеролик 

көр сетілді.

8 АЙДА 

121 МИЛЛИОН ТЕҢГЕ

АУЫЛДА ДЫБЫС ЖАЗУ 

СТУДИЯСЫ АШЫЛДЫ

ӘСКЕРИ-СПОРТТЫҚ ЖАРЫС ӨТТІ

Биылғы 8 айда Қызылорда облы­

сының  кәсіпкерлер  палатасының 

заңгерлері  кәсіп керлердің  131  өті­

нішін  қарап,  олардың  121  млн.тең­

гесін  қорғап  қалды.  Бұл  туралы 

палата  директорының  құқықтық  мә­

селелер  жөніндегі  орынбасары,  Қа­

зақстанның  Қызылорда  облысы 

бойынша  Кәсіпкерлер  құқығын  қор­

ғау  жө ніндегі  уәкіл  аппараты  секто­

рының  басшысы  Дархан  Мырзалиев 

мәлімдеді. 

БҰҰ және ҚР Үкіметі 

бірлескен бағдарлама ая-

сында «Қармақшы ауда-

нына қарасты ауылдық 

округтерінде жаңа техно-

логияларды енгізу арқылы 

әлеуметтік ­экономикалық 

мәселелерді шешу» 

бағытында ірі 5 жоба-

ны жүзеге асыруды грант 

негізінде «Руханият – 2015» 

қоғамдық қоры қолға алған.

№2019 әскери бөлімінің 

оқу­жаттығу орталығында 

облыстық ішкі саясат 

басқармасы бас та масымен 

«Қызылорда облы сы­

ның Азаматтық альянсы» 

қауымдастығының қолдауы­

мен және «Ауған со ғы сы­

ның  ардагерлері мен мү­

ге декте рінің кеңесі» ҚБ­нің 

ұйымдастыруымен тәуелсіз дік­

тің 25 жылдығына орай оқу шы­

лар арасында «Ерлік – елдің 

қа сиеті, жүректілік – жігіттің 

қа сиеті» тақырыбында әскери­

спорт тық жарыс өтті.


№ 38 (160) 22 ҚЫРКҮЙЕК, БЕЙСЕНБІ, 2016 ЖЫЛ

1987  жылы  «Тілдердің  Кембридж 

энциклопедиясын», 1995 жылы «Ағыл­

шын  тілінің  Кембридж  энциклопедия­

сын»  шығарған  жазушы,  журналист, 

лек тор, профессор,  Британияның Уэльс 

аймағының  азаматы  Д.Кристалдың 

1997  жылы  «Ағылшын  тілі  –  әлемдік 

тіл»  деген  еңбегі  жарық  көрді.  Сонда 

жазушы  мына  мәселелерге  назар  ау­

дарады. Айта кету керек, Д.Кристалдың 

төл тілі де жойылып бара жатқан тілдер 

санатына  жатады.  Әлемде  6000­нан  

астам  тіл  болса,  солардың  600­іне 

ғана жойылу қаупі төнбейді екен (2700 

–  негізгі  тіл,  4000­ға  жуығы  –  сол  тіл­

дер дің  диалектісі).  Кейбір  болжамдар  

бойынша  XXI  ғасырдың  аяғына  таман  

үркердей  топ  –  негізгі  тілдер  ғана  қа­

лып,  қалғандары  жойылып  кетпек... 

Бір де­бір  адам  сөйлемейтін  тіл  өлген 

тіл болып саналады. 1990 жылдардың 

ортасында  Камерун  деген  елдің  Ада­

мавия  өлкесінде  мынадай  оқиға  бол­

ды.  Оны  Англияның  қатер  төнген  тіл­

дер  қорының  мүшесі  Брюс  Кондель 

әңгімелеп  берген.  Оның  айтуынша, 

1995 жылы қарашаның 5­і күні Момби­

ла ауданында касаба тілінде сөйлейтін 

ең соңғы Богон есімді азамат дүниеден 

өткен.  Қарашаның  4­і  күні  касаба  тілі 

тірі  болса,  қарашаның  5­і  күні  ол  тіл 

өлді.  Қатер  төнген  тілдер  қорының  

Англияның  Единбург  қаласында  өткен 

II  конференциясында  (1998  жыл) 

Оле  Стив  Андерсен  деген  лингвист 

1992  жылы    қарашаның  8­інде  Батыс  

Кавказдағы  обух  тілінде  сөйлеген 

ең  соңғы  адам  Тефлик  Есенщ  дүние 

салғанда, обух тілі де бірге өлгенін ай­

тады. Тілші обух тілін жазып алуға 2­ақ 

сағат  үлгермей  қалыпты.  Себебі,  ол 

сол ауылға жеткенде Тефлик екі сағат 

бұрын  дүниеден  өтіп  кеткен  екен.  Со­

нымен  сіз  өз  тіліңіздің  ең  соңғы  өкілі, 

яғни  сөйлеушісі  болсаңыз,  онда  тіліңіз 

өлді деп есептей беріңіз... 1980 жылғы 

есеп бойынша, тірі тілдердің саны 6000­

мен 7000­ның аралығында. 1992 жылы 

шыққан  халықаралық  лингвистикалық 

энциклопедияның  мәліметіне  сенсек,  

6300  тірі  тіл  бар  деп  жазылған. 

«Әлем  тілдерінің  жартысы  өледі»  де­

ген  тұжырым  дұрыс  болса,  ол  –  3000 

тілдің ажалы деген сөз. Тілді ажал ау­

зында  деп  қай  кезде  айтуға  болады? 

Сол  тілде  сөйлейтін  жас  ұрпақ  одан 

безінген кезде. Ал оны өлімнен сақтау 

үшін неше адам ол тілде сөйлеу керек? 

500 адам сөйлесе де, ол тілді ажал ау­

зынан  аман  алып  қалуға  болады.  Қай 

тілде  қанша  адам  сөйлейді?  Әлемде 

100  миллионнан  астам  сөйлеушісі 

бар 8 ірі тіл бар. Олар – қытай, испан,  

ағылшын,  бенгал,  хинди,  португал, 

орыс, жапон тілдері. Осы 8 тілде 2 мил­

лиард  400  миллион  адам  сөйлейді. 

Алайда осы 8 тілдің қатарына 12 тілді 

қосып, 20 тілді «ірі тіл» деп атаса, сол 

20  тілде  бүгінде  3  миллиард  200  мил­

лион  адам  сөйлейді  екен.  Яғни,  жер 

бетіндегі  халықтың  жартысынан  көбі. 

Бүгінде  жер  бетіндегі  «тірі  тілдердің» 

4 пайызында әлем халқының 96 пайы­

зы сөйлейді екен. Сөйлеушілері 10000­

нан аспайтын тілдердің саны 6000 бол­

са, оның жартысының 1000­нан аспай­

тын ғана сөйлеушісі бар. Мәселен, 500 

тілдің әрқайсысының небәрі 100 адам­

нан, 1500 тілдің сөйлеушісі 1000 адам­

нан  аз.  Сөйлеушісі  10000­ға  жетпейтін 

тілдер  –  3340.  20000  сөйлеушісі  ғана 

қалған тілдерді қатер төнген тілдер деп 

атасақ,  дәл  қазір  әлемнің  4000  тіліне 

тікелей  қара  бұлт  үйіріліп  тұр.  Соның 

ішіндегі  51  тілде  тек  бір­бір  адам  ғана 

сөйлейді. Оның 28­і – Австралияда, 8­і –

Америкада, 3­еуі – Оңтүстік Америкада,    

3­еуі – Африкада, 6­ауы – Азияда, 3­еуі 

Тынық  мұхит  аралдарында  екен.Линг­

вист  Майкл  Краустың  пікірінше,  адам­

зат  тілінің  90%­ы  өледі.  Әлемде  600 

тіл  қалады.  Ал  осы  ғасырда  тілдердің 

50%­ы ғана қалмақ. 3000 тіл өмір сүруін 

жалғастырады.  Оның  айтуынша,  100 

жылда  1200  ай  болса,  әр  айда  2  тіл 

өледі  екен.  Краус:  «Солтүстік  Амери­

када  187  жергілікті  тіл  бар.  Сол  187 

тілдің  бәріне  қазір  ағылшын  тілі  қауіп 

төндіруде.  Яғни  олар  жойылғалы  тұр» 

дейді.  Жойылу  қаупі  төнген  тілдерді 

Краус 5 санатқа бөледі. Біріншісі, қауіп 

төне бастаған тілдер. Олар әлеуметтік 

және  экономикалық  тұрғыдан  қажетсіз 

деп  табылған,  үлкен  тілдердің  қыспа­

ғына түскен тілдер. Басты белгісі – ал­

дымен  бұл  тілдерде  сөйлейтін  жастар 

азая  бастайды.  Екіншісі,  қауіп­қатер 

төнген тілдер. Бұл халықтың жас ұрпағы 

өз  тілінде  сөйлегісі  келмесе,  онда 

оған  қатер  төнді  деп  есептей  беріңіз. 

Үшіншісі, тым қатер төнген тілдер. Бұл 

тілде жақсы сөйлейтіндер – жасы елу­

ден асқандар. Төртіншісі, өле бастаған 

тілдер.  Бұл  тілде  тек  қартайған  адам­

дар  сөйлейді.  Бесіншісі,  жойылған  тіл­

дер. Бұл – сол тілде сөйлейтін бірде­бір 

адам қалмаған тіл. Әлемдегі 5 мың тірі 

тілдің ай сайын 2­еуі өледі.

ЫСҚЫРЫҚ ТІЛІМЕН 

ТҮСІНІСЕДІ

–  Мексика  елінің  кей  тұрғындары  сөйлейтін  тіл 

жойы лу  қаупінде  тұр.  Себебі  ол  тілде  сөйлейтін  екі 

адам бірі­бірімен сөйлесуден бас тартқан.

– Америка үндісінің Зуни тайпасы жапон тіліне ұқсас. 

Соңғы зерттеулердің қорытындысы бойынша олардың 

биологиялық сәйкестіктері  расталған.

–  Солтүстік  Испания  мен  Оңтүстік  Франция 

облыстарының  тұрғындары  ешқандай  тілдік  семьяға 

жатпайтын еуропалық тілде сөйлейді. Баск тілі оқшау­

ланған тілдер қатарына кіреді. Ол тілде тек баск жұрты 

ғана сөйлейді.

–  Оңтүстік  Африка  Республикасында  11  ресми  тіл 

бар. Бұл әлемде тіркелген ең көп тілге жатады.

–  Дағыстан  елінің  таулы  аймағына  өмір  сүретін 

Арчи  жұртының  әр  етістігі  1,5  миллион  рет  жіктелетін 

тілде сөйлейді.

–  Испания  құрамына  кіретін  Канар  аралдарының 

сөйлеу тілі толығымен ысқырықтан тұрады.

–  Дүние  жүзінде  жалпы  саны  7000  тіл  бар. 

Мамандардың  айтуынша,  олардың    2400­і  жойылып 

кетеді.  Статистика  бойынша  әр  14  күнде  бір  тіл  өмір 

сүруін тоқтатады екен.

–  Бостван  халқы  5  негізгі  сыртылдақ  дыбыстан 

тұратын тілмен тілдеседі.

– Папуа мемлекеті (Жаңа Гвинея аралы) 840 тілде 

сөйлейді. Бұл жердегі тілдердің 1/7 бөлігін алады.

–  Француз  тілінде  (0)  дыбысын  13  түрлі  тәсілмен 

жазуға болады.

–  Лингвистика  профессоры  Марк  Окранд  

«Жұлдызды жол» киносына арнап тіл ойлап тапқан. Ол 

өзінің 3 жастағы баласына осы тілді үйретеді, алайда 

бала ер жеткен соң тілді ұмытып қалған.

Әлемдік  тілдік  тұжырымдар 

алдында  әр  елдің  өзінің  тіл­

дік  саясатының  бар  екенін, 

алайда  әлемдік  экономика 

мен  саясаттың  белгілі  бір  ба­

ғыт  алуына  байланысты  тіл дік 

саясаттың  да  көп теген  мемле­

кеттерде өзара ұқ сас екені бел­

гілі. Әлемдік тілдік саясатты екі 

үлкен арнаға бөлген дұрыс: бірі 

– бірегей ұлттық тілді дамытуға 

арналған  тілдік  сая  сат,  яғни, 

ортақтандыру,  ал  екін шісі  – 

әлем дік тілдерге ұмтылу үр дісі. 

Мә се лен, ағыл шын тілі 45 мем­

лекеттің ресми мемлекеттік ті лі, 

ал 24 мемлекет халқы ағыл шын  

тілін өз ана тілі ретінде жа рия­

лаған. Ағылшын тілінде сөй леу­

шілердің  96  пайызы  ағыл шын 

тілінің  өкілі  емес.  Сол  тәрізді 

мына  бір  дәйекті  келтірсек  те 

болады:  жер  шарындағы  6000 

тіл  170  мемлекетке  келеді: 

45  мемлекет  ресми  түрде 

ағылшын  тілін,  30  мемле­

кет – француз  тілін, 20 мемле­

кет – испан ті лін, 20 мемлекет 

– араб тілін, 6 мемлекет – пор­

тугал тілін қол данып отыр. Де­

мек  қалған  50  мем лекет  қана 

біртілді  болып   отыр.  Тағы  бір 

дәйек:  соң ғы  де ректер  бойын­

ша  мем ле кет  тер дің  тек  4  пай­

ызы ғана бір тіл де «сөйлейді». 

Демек  дәл  осы  дерек ті  ғана 

шынайы  түрде  ала  отырып 

әлемнің дәл осы 4 па йызы ғана 

таза біртілді деп атай аламыз. 

Мәселен,  бұл  мемлекеттерге 

Ұлыбритания,  АҚШ,  Франция, 

Швеция жатады.

Қазір  жаһандану  дәуірінде 

тіл дердің үш тұғырлы құбылысы 

пайда  болды.  Біріншісі,  халық­

тың ұлт тық тілі, екіншісі, ай мақ­

тағы  ұлт аралық  тіл,  үшін шісі, 

кең  кеңіс тіктегі  халық аралық 

тіл.  Міне,  дәл  осы  құбылысты 

әлемдік  тілдік  сая саттың  ең 

бе делді  үлгісі  ретінде  ала мыз. 

Қазақстан үшін де үш тілділік тіл 

саясатын жүзеге асы ру мақсаты 

күн  тәртібінде.  Яғ ни,  қазақ  тілі 

–  мемлекеттік  тіл,  орыс  тілі  – 

ұлт аралық  тіл,  ағыл шын  тілі  – 

әлемдік диалогке жету тілі. Бұл 

саясат  біраз  мемлекетте  бар 

екенін  білеміз.  Ағылшын  тілі 

Гамбия, Папуа – Жаңа Гвинея,  

Кения,  Гана,  Нигерияда,  Үндіс­

тан,  Пә кістан  ел дерінде  ресми  

тіл  ре тінде  танылған;  Габон, 

За ир, Конго, Нигер, Мала, Того, 

Мавритания  –  француз  тілін; 

Бразилия,  Ан го ла,  Гвейни­Бо­

сау, Мозамбик – португал ті лін, 

Арген тина,   Ве несуэла,  Параг­

вай, Урагвай,  Ко лумбия, Мекси­

ка – испан ті лін, Украина, Бело­

руссия,  Қазақ стан,  Қырғыстан, 

Молдова,  Әзір бай жан,   Лат­

вия  –  орыс  тілін  халық ара лық 

тіл  ретінде  қарайды  және  мұ­

ны  өздерінің  тілдік  саясаты­

на  енгізген.  Себебі  аталған 

тілдердің бар лығы БҰҰ­ның рес­

ми  6  тілінің  қатарын  құрайды. 

Әлемдік  сая  саттың  барлығы 

дәл осы тіл дердің бірімен сана­

суы тиіс.

Алайда  әлемдік  тілдік  сая­

сатта  өз  мемлекетінде  тілдік 

төң  керіс  жасаған  мемлекеттер 

де бар. Мәселен, Израиль  мем­

лекеті  өзінің  өліп  бара  жатқан 

иврит тілін “тірілтіп” алды, қазір 

тілдік  саясатының  негізін  құрап 

отыр,  Малайзия  20  жылдың 

ішінде IT­технологиялар арқылы 

өз  тілін  жоғарғы  деңгейге  кө­

терді,  қазір  елдің  кез  келген 

тұр ғыны  –  қытай,  үнді,  малай 

–  барлығы  малай  тілін  біледі, 

сол  тәрізді  Пәкістанда  урду  ті­

лі нің  де  түлеуі  өте  қарқынды 

про цесс  болды;  бұл  елде  урду 

тілін  тек  7%­ы  ғана  ана  тілі 

ре тінде  таныған,  қазір  елдің 

80%­ы урду тілін меңгерген. Ал 

Францияның,  Чехияның,  Шве­

цияның  тілдік  заңы  мен  тілдік 

саясаты  ұлттық  тілді  дамы­

ту  мен  қолдануда  таптырмас 

идео логиялық заңдар екені рас, 

мұны әлем мойындайды, алай­

да  мұндай  радикалды  тілдік 

сая  сатты  ешқандай  да  мем­

ле кет  орындай  алмайды.  Син­

га пур  экономикалық  дамыған 

ай маққа айналды, ал бұған жет­

кізген оның тілдік саясаты, қа зір 

бұл шағын елде қытай тілі мен 

ағылшын тілі тең дәрежеде қол­

данылады.

Ал дәл осы тұста Қазақстан­

ның  тілдік  саясаты  туралы  не 

айта  аламыз?  «Қазақстанның 

тілдік  саясаты  әлемдік  тілдік 

жағдайлармен  салыстырғанда 

әлдеқайда  тұрақ ты,  ешқандай 

ашық  конфликт  пен  кері  кету­

шілік  жоқ»  деп  қана  баға  бере 

аламыз.

АҒЫЛШЫН ТІЛІ – 45 ЕЛДІҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛІ



ЕСТІМЕГЕН ЕЛДЕ КӨП

Қай тілде қанша адам сөйлейді?


1   2   3   4   5   6




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет