Құралай сләМҚызы жаннан қымбат оларға ар, Мен жастарға сенемін


−  Әлем  лингвистері  дүние­



жүктеу 0.59 Mb.
Pdf просмотр
бет2/6
Дата07.09.2017
өлшемі0.59 Mb.
1   2   3   4   5   6

−  Әлем  лингвистері  дүние­

жүзі  бойынша  дабыл  қағып 

жатыр. Әлемдегі 7000­ға жуық 

тілдің  тең  жартысы  жүз  жыл­

дың ішінде құмға сіңген судай 

жер бетінен жоқ болуы мүмкін. 

Ал әрбір екі апта са йын бір тіл 

тіршілігін  тоқтатып  отырады 

екен.  Тілдердің  жоғалып  ке­

туіне не себеп?

−  «Тілдің  аман  қалуы  не­

месе  жоғалып  кетуі  алты  жа­

сар баланың қолында. Алты жа­

сар  баланың  тілді  үйрену  та­

лабын  тілді  күнделікті  қолдану 

қажеттілігі ғана тудырады», дей­

ді  америкалық  профессор  Дэ­

вид  Харрисон.  Расында,  ана  ті­

лін  үйренуге  алты  жастағы  ба­

лалар  мүдделі  болмаса,  тіл 

тір шілігін  тоқтатады.  Сол  тілмен 

бірге,  дін,  діл,  дәстүр,  білдей 

бір  ұлт  жоқ  болады.  Тілдердің 

күн  санап  «өліп»  жатқанына 

сырт тан  енетін  алпауыт  елдер  

«кінәлі».  Яғни,  үлкен  тілдер  әл­

сіз  тілдерді  «жұтып»  жатыр. 

Мұн дай  тілдердің  таралуының 

қар қыны  күшейген  сайын  тұғы­

рына  қона  алмаған  ұсақ  тілдер 

ығыстырылып, елеусіз жағдайда 

жоғалып кетеді.

−  Қазір  бастауыш  сынып­

тар ға қазақ тілімен қатар ағыл­

шын,  орыс  тілдері  қоса  оқы­

тылатын  болды.  Бұл  балаға 

білім алу кезінде қиындық ту-

дырмай ма?

− Жеке менің пікірім, ағылшын 

тілін  1­сыныптан  оқытқан  дұрыс 

емес  деп  ойлаймын.  Енді  ғана 

мектеп  табалдырығын  аттаған 

бала  оң­солын  танығанша,  ана 

тілін оқып өскен дұрыс. Рас, ба­

ла  кішкентай  кезінде  алғыр,  зе­

рек  болады,  не  айтсаң  да  тез 

қа былдайды.  Алайда  ол  балаға 

өз  кезегінде  қиын  болады.  Ал 

ағылшын  тілін  5­6  сыныптарда 

оқытқан жөн.

– Білімді сатып алуға бола 

ма?

− Білімді сатып алуға болмай­

ды.  Бірақ  нәтижені  сатып   алу ға 

болады.  Білім  тек  еңбектің,  оқу­

дың  арқасында  келеді.  Мектеп­

те  оқып  жүргенде  жазғы  дема­

лыс кезінде математика, физика 

кітаптары  қолымнан  түспейтін. 

Соның нәтижесінде мектепті ал­

тын белгіге бітірдім, өзім қалаған 

мамандыққа  университетке  түс­

тім.  Осындай  жетістікке  жету 

ең бек тенудің арқасы деп ойлай­

мын. Ал осының барлығын сатып 

алу мүмкін емес. 

−  «Маған  жақсы  мұғалім 

бәрінен  де  қымбат,  өйткені 

мұғалім  –  мектептің  жүрегі» 

дей ді  ағартушы­педагог Ыбы-

рай Алтынсарин. Мұғалім мәр­

те бесі немен өлшенеді?

−  Көбісі  мұғалім  мәртебесін 

оқушының  жетістігімен  өлшеп 

жатады.  Бұл  дұрыс  емес.  Егер 

солай  өлшейтін  болсақ,  бар­

лығы  нәтижеге  жұмыс  жасау­

шы  еді.  Білім  берген  оқушысы 

жақсы азамат болып өссе, білім 

берумен қатар баланы тұлға бо­

лып қалыптасуға үйретсе – мұға­

лімнің мәртебесінің артқаны.

−  Бүгінгі  орта  мектеп   мә­

се лелерінің  бірі  –  ер  мұға лім­

дердің аздығы. Сіздің мұғалім 

болуыңызға не түрткі болды?

−  Жалпы,  адам  баласына  

көмектесуді  жаным  сүйеді.  Оқу­

шы ларымды  қатты  жақсы  кө­

ремін. Олардың қасында болып, 

ойлары  мен  арман­мақсаттарын 

тыңдау  және  жетістіктерге  жет­

кенін көру мен үшін үлкен бақыт! 

Әрине,  мұғалімдікке  келуімнің 

басқа да себептері бар. Өскелең 

жастарға  білім  беру  бүгінде  ме­

нің міндетіме айналғандай. 



− Жалпы ер мұғалімдер мә­

селесіне  сіздің  көзқарасыңыз 

қалай?

−  Ер  мұғалім  мәселесі  бұл 

толығымен  ер  кісілердің  қалауы 

дей алмаймыз. Қазіргі заманның 

ықпалы да бар болар. Ер кісі от­

басын  асырауға  міндетті,  ал 

мұғалімнің  жалақысымен  бұл 

оңай емес. Мүмкін, жалақы көте­

рілсе, көптеген талантты ер кі сі­

лер  ұстаздық  жолын  таңдар  ма 

еді? Ер немесе әйел кісі де тұр­

ған  ештеңе  жоқ  деп  ойлаймын,  

ең  маңыздысы,    мұғалім  бо лу­

дың  маңыздылығын терең түсін­

ген  жан болса екен!

−  НЗМ­де  біраз  пән  ағыл­

шын тілінде оқытылады. Мате-

матика пәнін ағылшын ті лінде 

оқытудың  қандай  ар тық   шы­

лықтары бар?

−  Математика  пәнін  ағыл­

шын  тілінде  оқытудың  үш  ар­

тық шылығын айта кетейін. Бірін­

шіден,  шет  елдің  емтихандарын 

тапсыруға  оқушыларымыздың 

дайындық  деңгейі  жоғары  бола­

ды.  Мысалы:  SAT,GRE,  GMAT, 

IGCE және т.б. Екіншіден, ағыл­

шын  тілінде  қойылатын  мате­

матика  сұрақтарының  форма ты 

ерекше  болады.  Бұл  балала­

рымыздың анализ, синтез жасау 

дағдыларын  дамытады.  Үшін­

шіден,  ағылшын  тіліндегі  еңбек­

тердің  түпнұсқасымен  танысуға 

және  ғылыми  жобаларды  шет 

тілінде жазып, шет елдік жарыс­

тарға қатысуға септігін тигізеді.

− «Арманына адаспаған же­

теді». Сіз нені армандайсыз?

−  Әрине  «Армансыз  адам 

–  қа натсыз  құспен  тең».  Арман 

адамды  алға  жетелейді.  Менің 

армандарым  көп.  Мен  білім 

бер ген  балалар  Қызылорданы 

әлемге  танытатын  азамат  пен 

азаматша  болып  өссе  деймін. 

Жақсы жар жолықтырсам, бола­

шақ балаларым менің жолымды 

таңдаса деген армандарым бар.

−  Болашаққа  нені  жоспар­

ладыңыз?

− Болашаққа жос пар құрмап­

пын. Ал сіздің сауалы ңыз ға нақ­

ты жауап берсем, болашақта өз 

білімімді шыңдағым келеді. Біз де 

мұғалім  болудың  алты  са тысы 

бар.  Соның  жоғарғы  дә ре жесіне 

жетсем  деп  ойлай мын.   Білім 

беріп  жатқан  оқу шы ла рымды 

шетелдік  олимпиада ларға  қа­

тыс тырсам,  ата­анама  ке лін  тү­

сір сем жақсы емес пе? (күліп).



−  Өз­өзіңізге  қандай  сұрақ 

қояр едіңіз?

−  Таңертең  оянғанда  өзіме 

«Мен  мұғалім  жұмысына  лайық­

пын ба? Оқушыларыма білім бе­

руге  қаншалықты  дайынмын?» 

деп  өзімнен  жиі  сұрауға  тыры­

самын. Бұл сұрақтар менің алға 

адымдауыма ықпалын тигізеді. 



Сұқбаттасқан: 

Жарасхан ҚУАНЫШБАЙҰЛЫ

Бекасыл АЙҒАРАЕВ: математик, полиглот:

Тілдің аман қалуы

АЛТЫ ЖАСАР БАЛАНЫҢ ҚОЛЫНДА

БІЗДІҢ 


АНЫҚТАМА

Бекасыл Айғараев Келдіғұлұлы 

1990 жылы 11 сәуірде Шиелі ауданында 

дүниеге келген. №10 дарынды балаларға 

арналған облыстық қазақ-түрік лицей-

интернатының түлегі. Қазақстан-Британ 

техникалық университетін тәмамдаған. Қазір 

Назарбаев зияткерлік мектебінде математика 

пәнінің мұғалімі. Төрт тілде еркін сөйлей 

алады. ҚМУ-да магистратурада білімін 

жалғастыруда. Сан-Франциско, АҚШ, 

Оксфорд елдерінде біліктілігін 

шыңдаған.


№ 38 (160) 22 ҚЫРКҮЙЕК, БЕЙСЕНБІ, 2016 ЖЫЛ

Ж. ҚУАНЫШБАЙҰЛЫ

Бұл ойын шын өмір мен по­

кемондар өмір сүретін вирту­

алды  әлемде  қатар  жүреді. 

Қайда тығылғаны белгісіз кіш­

кентай  покемондарды  іздеу 

үшін    адамдар  смартфонның 

ка мерасы  мен  GPS­ін  қосып, 

көше  аралап  кетеді.  Міне,  ең 

қорқыныштысы  да,  Покемон 

ойынының  басқа  виртуалды 

ойын дардан  ерекшелігі  де 

осында. 

Батыста  осы  ойынды  ой­

нап, тоналып жатқандар бар. 

Құбыжық  өз  дегенін  жасап, 

өзін  «іздеп  жүрген»  қанша 

адамның  басын  жұтқан.  Жол 

апатына  ұшырап,  көп  қа бат­

ты  үйдің  төбесінен  құлап, 

өмірлерімен  қоштасып  жат­

қандар да бар екен. Бұрынғы 

заманда  «Ақырзаман  жа қын­

дағанда  әр  үйді  бір  көз ді  та­

жал  басқарады»  дей ді  екен. 

Қолымыздағы  смартфон дар­

дың  аты  өшкір  сол  нәрсенің 

өзі еместігіне кім кепіл?..

Телефонмен ұзақ ойын ой­

на ғанымызда  бізге  ата­ана­

мыз  «көзіңді  құртасың,  тас­

та  телефонды»  деп  ұрсушы 

еді.  Ондайда  далаға  шығып, 

бір мезгіл доп қуып, асық ой­

наушы  едік.  Батыста  пайда 

болған техниканың жаңалығы 

жер жаһанға тез тарап жатқан 

заманда  Покемон  біздің  елге 

жетсе, көше кезіп, құбыжық із­

деп  кеткен  балалардың  үйде 

отырып  ойнағанына  зар  бо­

лып қалмасақ жарар еді. 



Ерхан АҚЫН

Бүгінде баласының 

алдында әкелік 

қамқорлығын 

сезінбейтіндер 

көбейді. Отбасының 

жауапкершілігін 

арқалап «отағасымын» 

дейтіндер азайды. Нәзік 

жанды аруларымызға 

жұдырығын ала жүгіріп, 

«мен еркекпін!» деп 

шіренетіндерді қайтерсіз? 

Анасындай адамды 

ардақтап, қарындасындай 

қаракөздерге қамқор болар 

ерлер неге некен саяқ 

қалды? Ер жігіттің қыз 

балаға дөрекі сөйлеп, оғаш 

қылық танытатынын  естіп, 

көріп жүрміз. Қоғамдық 

көлікке міне қалсаңыз 

құлағында құлаққап, 

қолында ұялы телефон, 

жасы үлкен, қыз баласына 

орын беруді білмейтін 

жігіттер жүр. Қазақ қыз 

баласын төрге шығарған, 

қазақ қызын «қонағым» 

деп сыйлаған. Қызға, 

ұлтымыздың анасы болар 

аруларға қамқор болар 

ерлер ұсақталып бара 

жатыр ма деп алаңдаймын. 

Біздің қоғамда соңғы 

кезде қыздар тарапынан 

жігіттерге жиі сын 

айтылады. Әркім бір 

идеал адамды іздейді ғой. 

Хәкім Абай «болмасаң да 

ұқсап бақ» деген. Әрине, 

бүгінгі буынға Абылай, 

Қобыланды болып жауға 

шап, Қайрат, Ербол болып 

төңкеріс жаса деуден 

аулақпыз. Дегенмен ер 

жігіт ерге тән бір сөзділік 

пен өзінің қамқор да 

қайратты мінезімен 

танылып, жауапкершілік 

жүгін арқалап, жігерлілік 

байқатса екен дейміз. 

Қазақ елінің  ұлы 

ұсақталмаса деген 

ой біздікі. Шал ақын 

айтқандай,  «Бір жігіт бар – 

құр жан, Бір жігіт бар – тірі 

жан, Бір жігіт бар – жігіт 

жан». Құр жан дейтін жігіт 

– кеудесінде  жаны бар, 

еш нәрсені бітірмейді. Тірі 

жан дейтін – бар тапқанын 

киім мен асқа сатар, жақын 

көрген досын жатқа сатар, 

қызыл белбеу, шоңқима 

етік, үкі тағып, әркімді бір 

сықық қылар. Жігіт жан 

дейтін жігіт – сегіз қырлы, 

бір сырлы болар.

Ер­азамат қашанда 

ерлерге тән қажыр­

қайраттың, ерік­жігердің, 

ақыл­парасаттың 

үлгісі. Азамат тұлғасын 

ажарландырып, айшықтай 

түсетін де осы қасиеттер. 

Бүгінгі таңда ерлерге 

күштілікпен бірге 

білімдарлық та, кісілік те 

қажет. Енжар қоғамда ер 

мен езді ажырата алмай 

қалмасақ игі.

Бір ауыз сөз

Қалтадағы құбыжық



Қазіргі таңда компьютерлік ойындар адам өмірінің бір бөлігі 

болып барады. Жастар компьютер ойындарының құлы болып 

кеткен  десек  артық  емес  шығар.  Компьютерлік  ойындардың 

кесірінен  көп  адамдар  жүйке  ауруларына  тап  болып  жатыр. 

Оған дәлел – батыста белең алып бара жатқан ПОКЕМОН ГОУ 

ойыны.  «Покемон» сөзі ағылшын тілінен аударғанда «қалта 

құбыжықтары»  дегенді  білдіреді  екен.  Атының  өзі  адам  са­

на сында  күдік  тудыртатыны  анық.  Ойынды  1996  жылы  жа­

пондық геймдизайнер Сатоси Тадзири ойлап тапқан.  

«ЕР» ДЕГЕН КІМ?

Сонымен бүгінгінің 

сайқымазағы – келін мен 

ене болды. «Қазақстан» 

ұлттық арнасындағы 

«Айналайын», іле­шала «Үй 

болу қиын» сериалдарын 

көріп, одан бұрынырақта 

«31»  арнадан көрсетілген 

«Базарбаевтар» отбасымен 

жылап көрісетін халге 

жеттік. Көп ұзамай­ақ 

«Астана» телеарнасынан 

«Отбасы» бағдарламасы 

басталып, әдептілік 

пен инабатттылықтың 

айнасы болар ене мен 

келін қарым қатынасының 

тіпті шат­шәлекейін 

шығарды. «Бағдарламаның 

«Отбасы» деп аталу 

себебі ене рөліндегі Жанар 

Айжанова кез келген 

оқиғаға от салып жүреді» 

деген жобаны қорғайтын 

ғаламтордағы жарты ауыз 

сөз де жетісіп тұрған жоқ. 

Көрерменге ой салады 

деп ойлайды авторлар, 

бірақ ой салғаннан бұрын 

жүйке жұқартатынын 

қаперге алмайды­ау 

бәтшағарлар. Бірер апта 

бұрын басталған бұл 

арнадағы «Қош келдіңіз!» 

деген телехикаяның да 

қыжыртпасы – келін мен 

ене тақырыбы. Шынын 

айтқанда, осы тектес 

көкжәшіктегі күлдібадам 

дүниелерді бір шаңырақ 

астындағы ене мен келін 

қатар отырып көру мүмкін 

емес. Не күлеріңді, не 

жыларыңды білмейсің. 

Отбасы құндылығы, ене мен 

келін арасындағы адами, 

шынайы қатынастан ауылы 

алыс, тәлім­тәрбие мен 

өнегеден жұрдай осындай 

сайқымазақ жобаларға 

жұмсалған есіл ақша! 

Желге ұшқан миллиондаған 

теңге! Түкке тұрғысыз 

бағдарламалардың жыры 

мұнымен бітсе жақсы. 

Кейбір халықты 

эмоционалды халық деп 

бағалап жатамыз ғой, кейде 

не болса соған күле беретін 

әдетіне қызығасың. Ал 

мұндай дүние біздің қазақ 

көрерменіне өтпейді. Тіпті 

күнделікті күйбең тіршілік 

ағымынан бір сәт сергісін 

деп жақсы­ақ ниетпен 

ұсынатын әзіл­қалжыңның 

айналасындағы осындай 

нәрселер, керісінше, 

халықты қажытады. Осыны 

түсінетін уақыт әлдеқашан 

болған жоқ па еді?!

Айша БЕГІМ

ҚАЙНАЙДЫ ҚАНЫҢ...

ТЕЛЕСАЙҚЫМАЗАҚ

ОСЫДАН БІРЕР ЖЫЛ 

БҰРЫН ГАЗЕТ­ЖУРНАЛ 

ПАРАҚТАСАҚ, КЕЛІН МЕН 

ЕНЕ ТАҚЫРЫБЫНАН КӨЗ 

СҮРІНЕТІН. ЖАҚСЫЛЫ­

ЖАМАНДЫ ОҚИҒАЛАРДЫ 

ОЙ ЕЛЕГІНЕН ӨТКІЗІП, 

БІРЕУ САЛИҚАЛЫ 

ӘҢГІМЕ АЙТСА, БІРЕУ 

«ЖАМАН ЖЕРГЕ КЕЛГЕН 

КЕЛІН – КЕЛСАП» ЕКЕН 

ДЕП ӨМІРДЕН ЖЕГЕН 

ТАЯҒЫН, ОТБАСЫНАН 

ОПА ТАППАҒАНЫН АЙТЫП 

ЕГІЛЕТІН. АЛ, ҚАЗІР 

ТЕЛЕДИДАРДЫ БАСЫП 

ҚАЛСАҢ, КЕЛІН МЕН 

ЕНЕНІ КӨРЕСІҢ. ОНДА 

ДА САНАЛЫ СӨЗ, КЕЛІСТІ 

КӨРІНІС КҮТІП ӘУРЕ 

БОЛМАЙ­АҚ ҚОЙЫҢЫЗ, 

ЕКЕУАРА КЕРІЛДЕСКЕН, 

ЕКІЛЕНЕ ЕСЕ ЖІБЕРМЕУГЕ 

ТЫРЫСҚАН, ИТ ПЕН 

МЫСЫҚТАЙ ЖАСАМЫС 

ПЕН ЖАСТЫ КӨРІП, 

ҚАРНЫҢ АШАДЫ. 

ӘРІ­БЕРІДЕН СОҢ, 

ТЕЛЕДИДАРМЕН 

ҰРСУҒА КӨШЕСІҢ. 

КӨРІП ОТЫРҒАН ӨЗІҢЕ 

КҮЙІНЕСІҢ. АҚЫРЫНДА 

АРНА АУЫСТЫРЫП 

ТЫНАСЫҢ. (БІРАҚ ОНДА 

ДА ЖЕТІСІП ТҰРМАҒАНЫН 

ШАМАЛАЙМЫЗ, КӨЗ 

СҮРІНЕТІН ҚАПТАҒАН 

СЕРИАЛДЫҢ БІРІН 

МӘНСІЗ­МАҒЫНАСЫЗ 

ҚАРАП ОТЫРУДАН 

БАСҚА АМАЛ ЖОҚ, НЕ 

КӨКЖӘШІКТІ ӨШІРІП 

ҚҰТЫЛАСЫҢ). 



Ерлерді 

«Жігіттің 

сұңқары, жігіттің 

сұлтаны, жігіттің 

қыраны, жігіттің 

арыстаны, жігіттің 

қабыланы» деп мақтап 

қолпаштайтын. Бұрын 

әрине. Ал, бүгінде «ер» 

дегеніміз кім?  Өскелең 

ұрпаққа қандай тәрбие 

беріп жатырмыз? 

Олар кімге қарап бой 

түзейді? Ойымызды 

таразылап 

көрдік. 

№ 38 (160) 22 ҚЫРКҮЙЕК, БЕЙСЕНБІ, 2016 ЖЫЛ

– Алдымен, Сыр еліне 

қош келдіңіз, сапардың 

негізгі сипатына тоқталып 

өтсеңіз.

– Жоғары оқу орнын 

бітіріп, табақтай диплом 

алған мамандардың барлығы 

журналист емес. Журналист 

– ақпарат құралдарында 

тәжірибе жинақтап, баспа 

ісін меңгеріп, жазу­сызуды 

қанықтырып, заңдық 

мәртебелерді межелеп 

алған маманның куәлігі. 

Сондықтан шыңдалу 

және ширату мектебі болу 

керек, мектеп жасынан 

шығармашылыққа бейім 

балаларды үйретуге тиіс. 

Олай дейтінім, журналистика 

мыңдаған мамандықтың 

қосындысы секілді. Оның 

қозғамайтын тақырыбы 

жоқ. Бірде дәрігер болып, 

шипалы сөзін ширатады. 

Бірде кенші болып, жеті қат 

жер астынан сыр ақтарады. 

Бірде агрономдай ауыл 

шаруашылығының жұмысын 

жүйелейді. Міне көрдіңіз бе? 

Түрлі саланың тақырыбын 

қозғап отыр. Яғни қазақ 

журналистикасының осал 

тұстарын толтырып, көп 

ізденуге, терең толғануға 

тура келеді. Бұл құқықтық 

сауаттылықты да сұрайтын 

мамандықтың төресі. Біздің 

келудегі мақсатымыз – 

ақпарат саласындағы 

мамандарды бүгінгі заманға 

бейімдеуді, нарықтық және 

құқықтық заңдылықтарға 

жатық болуды көздейді.

– Қор жұмысы қай 

бағытты қамтиды?

– Әрбір ұйымның 

жұмысының басталуына 

себеп болады. Тәуелсіздік 

алған жылдары жаңа 

заңдар пайда болды. Сол 

кезде аяқ асты журналист 

деген қауымға қоғамның 

бірқатар мүшелері бас 

салып, үлкен мөлшерде 

моральдік залал өндіруді 

сұрап, сотқа қайта­қайта 

жүгінді. Сондағы  көздеп 

отырғаны әділеттілік емес, 

қалтасын ақшаға толтыру. 

Жалпы қоғамның жоғын 

жоқтап, мұңын мұңдаған 

журналистердің қорғансыз 

екеніне көз жеткіздік. 

Осылайша Елбасының 

ықпалымен журналистерге 

заң тұрғысында кеңес 

беруге, құқығын қорғауға 

«Әділ сөз» қоғамдық 

қоры жұмысын бастады.  

Әрине басында көптеген 

сот процестерімен қатар 

шиеленістерді де өткердік. 

Енді біразын мәмілеге 

келтіруге мүмкіндігіміз болды, 

кейбіреуіне болмай жатты. 

Олардың шешіміне біз кінәлі 

деп танылмадық. Өйткені 

сот шешімі немесе заң солай 

болды.

– Елімізде әділ сөз, сөз 

бостандығы жандану үшін 

қор қызметкері ретінде 

қандай қайшылыққа ара 

түсе алдыңыз? 

– Біз журналистердің 

қызметін зерттейміз, 

мәселен, дауға қалай тап 

болғанын анықтаймыз. 

Оларға арандатушылық 

жасалып отырған жоқ па? 

Журналисті бекерге кінәлі деп 

айып тағып жатқан жоқ па? 

Егер журналист кінәлі болса, 

оның мәтіні қандай болды? 

Ол расында біреуге  тиісіп 

жазды ма? Әлде әділеттілік 

іздеп жазды ма? Осыған 

байланысты сараптама 

жұмыстарын жүргіземіз. 

Бұдан бұрынырақта заңдар 

қатаң болмайтын. Ол кезде 

журналистерге Журналистер 

одағының мүшесі ретінде 

араша түсуге мүмкіндігім 

болды. Қазір бұл жүйеге 

шектеу қойылды. Тіпті 

азаматтық іс болса да тек 

заңгерлік білімі бар адам ғана 

сот жүйесіне қатысатыны 

мәлім. Сондықтан екінші 

білім алуға тура келді. Енді 

Азаматтық іс жүргізу кодексі 

бойынша сенімді өкіл болуға 

толықтай құқығым бар. Соңғы 

кезде Айман Сағидулла 

есімді ұстаздың сенімді 

өкілі болдым. Көпе­көрінеу 

сөз бостандығын шектеу 

болғандықтан, біз сотта 

Айманды толықтай қорғап 

шықтық. Сот барысында біз 

жеңіске жеттік деп керемет 

болудың қажеті жоқ деп 

санаймын. Ең алдымен 

еліміздің заңы жеңіске жетті. 

Себебі сот заң негізінде 

шешім шығарды. Жалпы 

айтқанда, сөз сарабына 

әділдік – таразы, халық – 

қазы ғой. 

– Қазақ баспасөзінің 

себепсіз жабылу деректері 

кездесті ме және оның 

жұмысын тоқтатуға не 

кедергі болды?

– Қазақ баспасөзінің 

себепсіз жабылуы дейсіз бе? 

Қалай себепсіз?  Баспасөздің 

тоқтауына әр жағдайда себеп 

болады. Мәселен, жақында 

«Власть» газеті ақпараттық 

сайтымызды жабамыз деп 

мәлімдеді. Өйткені ақпарат 

айдынында жұмыс жасауға 

қолымыздан келгенінше 

тырыстық, қаржымызды 

барынша тиімді пайдаландық.  

Бірақ біздің қоғам ақпараттық 

порталды қажет етпеді 

деп түсінік берді. Жалпы 

ақпараттық басылымдардың 

өздігінен жабылуы 

қаражаттың тапшылығынан 

екені мәлім. Ал мемлекет 

қолдау көрсететін 

басылымдар цензураға 

ұшырап отырады. Негізінде 

көбіне жабылатын тәуелсіз 

басылымдар деп айта кеткен 

жөн шығар. Өйткені тәуелсіз 

газеттер еркін болғандықтан, 

көбіне шындықты жазамыз 

деп дауға түсіп, қызметтерін 

тоқтатып жатады.



– Сыр журналистері 

сіздің көмегіңізге жүгініп 

көрді ме?

– Сыр өңіріндегі білікті 

журналист Баян Құлтановаға 

көмек көрсеттік. Сюжетке 

байланысты журналистке 

шағым келтірсе керек. Содан 

«Қоғам ТВ» арнасында 

көрсетілген сюжетті арнайы 

алдыртып, лингвистикалық 

сараптама жұмыстарын 

жүргіздік. Сараптама жұмысы 

барысында кінәсіз екенін 

анықтап, бағыт бағдар бердік. 

Бірақ біз жол ұзақтығына 

байланысты сот процесіне 

қатыса алмадық. Сот 

жұмысында берілген шағым 

қанағаттандырылмай яғни, 

«Қоғам ТВ» арнасы кінәсіз 

деп танылып, жеңіске жетті. 

Негізінде Сыр өңірінде жиі 

даулы оқиғалар болады деп 

айта алмаймыз. Өйткені бұл 

жер – ұлттың ұйыған ордасы.  

Әдептілік шеңбері кең. 

Үлкен мен кішінің арасында 

сыйластық қалыптасқан, ар­

ұятты биік қоятын аймақ. Сол 

себепті болмашы нәрсеге 

сотқа жүгіну жоқтың қасы.



– Сыр бойындағы 

журналистиканың дамуын 

қалай бағалайсыз?

– Жалпы қазіргі 

жастардың әдебиетке 

әуестігі, журналист болсам 

деген арманы жоғары. 

Біріншіден, мені осы үміт 

қуантады. Екіншіден, оңтүстік 

аймақтардан журналистер 

шоғыры көп шығады. Бұл – 

қазақы табиғаттың, мәдениет 

пен әдебиеттің маздауынан 

туындаған ерекшелік. 

Мұнда тілдің шұрайлы 

таңбасы бар. Әсіресе 

Сыр бойында қаламгерлік 

қазығы бекем байланған. 

Мұнда сонау Қорқыттан, 

Сыр сүлейлерінен, әдебиет 

алыптарынан жалғасқан 

дәстүрлі жол жатыр. 

Ұрпақ сабақтастығы осы 

дәстүрден дәріс алып, үлгілі 

үрдісті үзбей келеді. Демек 

ықылым заманнан бүгінгі 

ғасырға дейінгі аралықтан 

белгілі дәстүр қалыптасқан. 

Сондықтан мұндағы ақпарат 

көздерінде сөз қолданыстар, 

тағылымды теңеулер, 

тапқыр тақырыптар мол. 

Осы жағынан келгенде Сыр 

бойы журналистикасы өзге 

аймақтардан үстем тұр.


Каталог: storage
storage -> Қазақстан Президенті Нұрсұлтан назарбаевтың Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған салтанатты жиналыста сөйлеген сөзі
storage -> Құрметті Ассамблея мүшелері! Қадірменді отандастар! Сессияның қонақтары!
storage -> Р е д а к ц и я а л қ а с ы Редакция алқасының төрағасы
storage -> ТУҒан тіл / №2 (19), 2013 Редакция алқасы
storage -> Дүниежүзі қазақтарының ІV құрылтайын
storage -> Бірінші құрылтай, 1992 жыл, Алматы Н. Ә. Назарбаев: бауырларымызғА ҚҰШАҒымыз ашық
storage -> №5-6 (91-92) наурыз 2016 жыл Газет 2001 жылдың наурыз айынан бастап шығады Р

жүктеу 0.59 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет