Құралай сләМҚызы жаннан қымбат оларға ар, Мен жастарға сенемін



жүктеу 0.59 Mb.
Pdf просмотр
бет1/6
Дата07.09.2017
өлшемі0.59 Mb.
  1   2   3   4   5   6

Құралай СЛӘМҚЫЗЫ

Жаннан қымбат оларға ар,

Мен жастарға сенемін.

Мағжан

№ 38 (160)

22 қыркүйек, 2016 жыл

2-бетте

   

 

ЖАСТАР



ФАН КЛУБЫ

 

Әр  спорт  түрінде  жанкүйерлердің 



қол дауы  үлкен  маңызға  ие.  Сондықтан  ай­

ма ғымызда    2014  жылы  жастар  Фан  клубы 

құ рылды.  Клубтың  негізін  қалаған  ұйымның 

бел  сенді мүшелерінің бірі – Жасұлан Алдаберге­

нов.  Фан  клубтың  негізгі  мақсаты  –  жергілікті 

«Қайсар»  футбол  командасына  жанкүйер  болу, 

жастардың  спортқа  қызығушылығын  артты­

ру,  спорт  сүйер  қауымға  қолдау  көрсету,  әр 

кезде  де  жергілікті  командалармен  бірге 

болу. Бүгінгі таңда жастар Фан клубының 

100 ерікті мүшесі бар. Алдағы уақытта 

клуб  мүшелерінің  қатары  көбейіп, 

еліміздегі 

үлкен 

жанкүйерлік 

ұйым  дар дың  бірі  болуы  әб­

ден мүмкін.  

ТӘУЕЛСІЗДІККЕ              ЖЫЛ

АҚМЕШІТ ЖАСТАРЫНЫҢ              ТАБЫСЫ

25

24 МЫҢ ТЕҢГЕ 



НЕГЕ ЖЕТЕДІ?

азақстандағы  ең  төмен  ай­

лық жалақы мөлшері 24 мың 

459 теңгені құрайды. 24 мың 

теңге  деген  неге  жетеді? 

Тіпті Жол ережесін бұз ған адамға 

кесілген  айыппұл  мөлшерінің  өзі 

20 мың теңгеден  асып жығылады. 

Сонда  ол  қал ған  4  мың  теңгені 

қай  жағы на   жеткізеді?!  Сіздер 

осы,  тө мен гі  жалақы  көрсеткішін 

түз ген де  нені  ойлап,  неге  сүйе­

ніп  жасайсыздар?!,­де ді  депутат 

Мұхтар Тінікеев мә жі ліс ке үкіметтің 

үш  жылға  ар нал ған    бюджеттік 

жоспарын  талқылауға келген Қар­

жы министріне. 

NO COMMENT



Қ

Сенесіз  бе,  екі  жетінің  ішінде 

әлемде  бір  тіл  жойылады.  Бол­

жам  емес,  лингвистердің  нақты 

дерегі.  Әлемде  6700  тіл  болса, 

2100  жылға  қарай  соның  тең  жар­

тысы  қолданыстан  шығып,  ұмыт 

болады  екен.  Тіл  мамандарының 

зерттеулері солай сендіреді. 

Ауғанстанда  тирахи  тілі,  Арме­

нияда ломаврен тілі, Тәжікстандағы 

памир  тілі,  Сібірдің  жоғары  Ени­

сей  жазығындағы  кет  тілі,  Молдо­

вадағы  ғағауыз  тілі  (бұрынғы  оғыз 

тайпасының  тілі),  Латвиядағы  ли­

вия лық  тіл,  Лаапландиядағы  саам 

тілі, Ресейдің Эстониямен шека ра­

лас ауылдарынғы вод тілі, Қырым­

дағы  қарайым  тілі  (түрік  тілдерінің 

батыс  қыпшақ  тобына  жататын 

көш пенділер тілі), Камерундағы ка­

саба тілі, Шетланд аралдарындағы 

норн  тілі,  Батыс  Кавказдағы  обух 

тілі  –  жоғалған  тілдердің  бір  пара­

сы  ғана.  Одан  өзге,    Тайваньдағы 

23  тіл  қытай  тілінің  қыспағынан, 

Африкадағы  600­ге  жуық  және 

Австралиядағы  300­га  тарта  тіл  

ағылшын,  француз,  португал  тіл­

дерінің  үстемдігінен  бірте­бірте 

ұмыт болған. Біржола өлген. Кешегі 

америкалық  үндіс тердің  тілі  де 

«жан бай жатып, сөн ген». Олардың 

бүгінгі  ұрпағы  баба  тілін  білмейді, 

есіне  де  алмайды.  Біржола  өзгер­

ген,  ата  тарихтан  ажыраған,  қо­

йырт пақ  ұлтқа ай нал ған.  

Қазір  Еуропаның  өзінде  123 

тілдің  9­ының  басына  қара  бұлт 

үйірілген.  Жоғалып  кетудің  алдын­

да. 26­сының болашағы бұлыңғыр. 

38­і  мешеу  күйде.  Оңтүстік  Азия­

да 700 тілдің тек 40­қа жуығы  ғана 

аман­сау  қалмақ.  Өзгелері  уақыт 

өте  келе  «өліп»  кетпек.  Бұған  сол 

тілде  сөйлейтін  адамның  қалмауы 

себеп.  

Қазір  халықаралық  мәртебеге 

ие  7  тіл  бар.  Олар:  ағылшын,  ис­

пан,  орыс,  араб,  португал,  фран­

цуз,  неміс  тілдері.  Ал  1,2  млрд. 

халық  сөйлейтін    қытай  тілі,  500 

млн.  адам  қолданатын  хинди  тілі, 

200  млн.  жоқтаушысы  бар  бенгал 

тілі де әлемдік  тілдерінің санатына 

енуге мүдделі.  

ЮНЕСКО­да  Тілдердің  Қызыл 

кітабы  бар.  Тап  солай,  Қызыл  кі­

тап.  Мұнда  әлем  тілдерінің  тағды­

ры  қадағаланады.  Тілдердің  сақ­

та лу  деңгейі,  оған  төнген  қауіп 

осы  кітапта  6  шкала  бойынша  

анық талған.  Біріншісі:  өлген  тіл­

дер   (extіnct),  екінші:  өлуге  ай нал ­

ған  тілдер (nearly extіnct), үшін  шісі: 

жоғалуға  шақ  қалған  тіл дер  (se­

rіously endangered), төртін шісі: жой­

ылу қаупі бар тілдер (endange red), 

бесіншісі:  тұрақсыз  тілдер  (poten­

tіally endangered), яғни  мемлекеттік 

не  ресми  мәртебесі  жоқ,  жастар 

арасында  беделсіз,  кез­келген  ка­

таклизм оларды жойып жіберу қаупі 

бар топ, алтыншысы: игі тілдер (not 

endangered) –  ешқашан жойылмай­

тын тілдер. Қазақ тілі де осы соңғы 

топтың қатарында деген үміт бар. 

3-бетте

9-бетте

ТІЛДІҢ АМАН ҚАЛУЫ 

АЛТЫ ЖАСАР БАЛАНЫҢ 

ҚОЛЫНДА


ілдің аман қалуы немесе жоғалып кетуі 

алты жасар баланың қолында. Алты жа­

сар баланың тілді үйрену талабын тілді 

күнделікті  қолдану  қажеттілігі  ғана  тудыра­

ды»,  дей ді  америкалық  профессор  Дэвид 

Харрисон. Расында, ана ті лін үйренуге алты 

жастағы  балалар  мүдделі  болмаса,  тіл  тір­

шілігін тоқтатады. Сол тілмен бірге, дін, діл, 

дәстүр, білдей бір ұлт жоқ болады. Тілдердің 

күн санап «өліп» жатқанына сырт тан енетін 

алпауыт  елдер   «кінәлі».  Яғни,  үлкен  тілдер 

әл сіз  тілдерді  «жұтып»  жатыр.  Мұн дай  тіл­

дердің  таралуының  қар қыны  күшейген  сай­

ын тұғы рына қона алмаған ұсақ тілдер ығыс­

тырылып, елеусіз жағдайда жоғалып кетеді.

Т

ОСЫ САННАН ОҚИСЫЗДАР



«ТУЫЛҒАН» МЕН

«ӨЛІНГЕН»

уылған!.. Қазақ тілінің табиғатына жат, 

түйеден түскен емес, жер астынан жа­

рып  шыққандай,  сұмпайы,  сөлекет 

сөз.  Заманымыздың  заңғар  тұлғасы, 

әлемге  әйгілі  ұлы  ақынымыз  Мүнхаузен 

пәленбайыншы жылы туылған. Ол туылған, 

мен  туылғам,  сен  туылғансың!..  Сұмдық 

қой.  Тіл  бұзу  ғана  емес,  түйте­долаң 

сауатсыздық көрінісі. Арыдағы мың жылдық 

эпостарымызды  айтпайық,  қазақ  әдеби 

нұсқалары  таңбаға  түскен  соңғы  екі  ғасыр 

бойы...  Абай...  Шәкерім...  Мұхтар  Әуезов... 

Мысал  келтіріп,  дәлелдеп  жатудың  өзі 

артық болар еді. «Туғанда дүние есігін аша­

ды өлең...».

Т

Мұхтар 



МАҒАУИН

ЮНЕСКО:

 

ҚЫЗЫЛ КІТАПҚА ЕНГЕН ТІЛ



Бекасыл 

АЙҒАРАЕВ: 

математик, 

полиглот:

№ 38 (160) 22 ҚЫРКҮЙЕК, БЕЙСЕНБІ, 2016 ЖЫЛ

Жалғасы. Басы 1-бетте

СОТ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ БАҒЫТЫНДА 

ТАПСЫРМАЛАР ЖҮКТЕДІ

Нұрсұлтан  На-

зарбаев  Жоғарғы 

сот  төр ағасы  Қай­

рат  Мәмиді  қабыл­

дады.  Әңгіме лесу 

барысында  «100 

нақ ты  қадам»  ұлт 

жос парының  іс ке 

асырылу  мәселе­

ле рі, 

сон дай­ақ 

биыл ғы  8  айдағы 

сот  төрелігін  жү зе­

ге  асыру  қорытындылары  мен  ҚР  судьяларының 

ал дағы VII съезіне дайын дық барысы талқыланды. 

Бұл туралы Ақ орданың  баспасөз қызметінен мәлім 

етті.

Жоғарғы сот төрағасы ұлт жоспарының сот жүйесіне 

қатысты  барлық  он  қадамы  орындал ғанын  айтты.  Ұлт 

жоспарында көзделген реформалар республиканың сот 

құрылымын жә не сот ісін жүргізуді одан әрі жетілдіруге 

зор  серпін  берді.  Сот  сатыларын  оңтайландыру  соң­

ғы  шешімді  қабылдау  уақытын  қысқартуға  мүмкіндік 

туғызды.  Сондай­ақ  биыл  1  қаңтар дан  бастап  соттар  

бес  сатылықтан  үш  саты лық  сот  төрелігі  жүйесіне 

көшті.  Кездесу  қорытындысында  Мемлекет  басшысы 

сот жүйе сінің жұмысын одан әрі жетілдіру және судья­

лардың VII съезін өткізуге дайындық жө нінде бірқатар 

нақты тапсырма берді.

12 МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУДЫҢ 

КҮШІ ЖОЙЫЛДЫ

Мемлекет 

бас-

шысы  «100  нақты 

қа дам»  Ұлт  жоспа-

рын  жүзеге  асыру 

ба ғы тында  Үкімет 

пен  атқарушы  ор­

ган дарға 

бюджет 

қар жысын 

орны-

мен  игеріп,  тиімді 

жұм сау  мақсатында 

тиіс ті  тапсырмалар 

бер ген. Осы орайда БҚО бойынша ішкі мемлекеттік 

аудит  департаменті  өз  жұмысын  жүйелі  атқарып 

келеді. Бұл туралы департамент басшысы Меңдіхан 

Лұқпанов мәлім етті.

Оның  айтуынша,  департамент  биыл  да  рес пуб­

ли  калық  және  жергілікті  бюджеттің  тұрақты  түр де 

орындалуының  ҚР  заңнамаларына  сәй кестігін  на­

зар  да  ұстады,  мемлекеттік  сатып  алу  туралы  заң на­

маның  сақталуын  қадағалап,  қаржылық  есепті лік  пен 

бухгалтерлік  есепке  бақылау  жүргізді.  Атап  айтқан да, 

департамент  биылғы  сегіз  айда  21  бюджеттік  бағдар­

ламалар әкімшісінен 80 нысан бойынша 95 аудиторлық 

тексеру жүргізіп, мұның жалпы сомасы 2877246,3 мың 

теңгені құрады. Соның ішінде   мемлекеттік сек торларды 

басқару  жә не  қолдану  активтері  бойынша  735,0  мың 

тең ге ге,  бюджет  қаражатының  қолданылуы  бо йын ша 

119 395,8 мың теңгеге заңбұзушылық  анық талды. 



«НҰРЛЫ ЖОЛ» БАҒДАРЛАМАСЫМЕН 

4 ҮЙ САЛЫНАДЫ

«Нұрлы  жол»  ин­

фра  құрылымдық  да му 

мемлекеттік  бағдарла­

масы  бойынша  2017 

жылы  Солтүстік  Қа зақ­

стан  облысында   4  үй 

тұрғызылады,  деп   ха-

барлайды  «Тұрғын үй­

құ рылыс жи нақ банк» 

АҚ  СҚО  фи лиа лының 

ди  рек  торы  Рай хан  Әб­

ді  рах ма но ва.

Жыл  аяғына  дейін  «Тұрғынүйқұрылысжинақ банк» 

АҚ  салымшыларына  Береке  шағын  ауданы,   Гастел­

ло  көшесінде  орналасқан  3  тұрғын  үйде гі  220  пәтер 

пайдалануға  беріледі.  «Баспана   Тұрғынүйқұрылыс­

жи нақбанк  салымшылары  мен  жергілікті  атқару  орга­

нында  кезекте  тұрған  жандарға  беріледі.  Сонымен 

бір ге,  жергілікті  атқару  органында  кезекте  тұрғандар 

Тұр ғын үйқұрылысжинақбанк  салымшылары  болуы  

тиіс,  яғни  олар  депозит  ашып,  қаражат  жинауы  тиіс 

не ме се бір уақытта қажетті соманы салу керек», ­ де­

ді  Р.Әбдірахманова.  Айта  кетейік,  Елбасы  Жолдауын  

жүзеге  асыру  мақсатында  инфрақұрылымды  дамыту­

дың 2015­2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мем­

лекеттік бағдарламасы жасалды. 2016 жылдың мамыр 

айында  бағдарламаға,  атап  айтқанда,  баспананы   жү­

зеге асыру тәртібіне өзгерістер енгізілді. Енді Тұрғынүй­

құрылыс  жинағы  арқылы  кейін  сатып  алу  құқығы  бар 

жал дамалы пәтерлер берілмейді. 

Жасырып не керек, азаттығы­

мызға  25  жыл  толса  да,  әлі 

күн ге  орыс  тілінің  қыспағынан 

шы ға  алмай  жатқан  аймақтар, 

же келеген басшылар  бар.  Жо­

ға ры  жақтағы  жиындар  мен 

оты рыстардың,  бұйрықтар  мен 

жар лықтардың    әлі  күнге  орыс 

ті лінің  шашбауын  көтеруі  –  со­

ның  дәлелі.  Алыстан  іздемей­

ақ, күні кеше өткен жаңадан жа­

сақ талған  Үкіметтің  отырысын 

алайықшы.  Бастан  аяқ  орысша 

өтті.  Сағынтаев,  Тасмағанбетов, 

Мырзахметовтер тізгін алған жа­

ңа үкімет «қазақиланады» де ген 

жұрттың  айтқаны  әдіре  қал ған­

дай.  Басшылардың  орыс ша  ба­

яндамалары  мен  есеп те рі  кім 

үшін  жасалды    сонда?  Үкі мет 

оты рысының  онлайн  көр се ті­

лімде өтуі жұртты қуантқа ны мен, 

соңынан  «қазақша  сөй лең дер» 

деген  халықтың  та лап­арызды 

қарша  боратуы  –  каби нетте 

отырған  министрлер  мен  қара­

пайым  жұртшылық  арасы ның  

қаншалықты  алшақ  екенін  ай­

қындай  түсті.  Ширек  ғасыр  өтсе 

де,  орыс  тілінің  шекпенінен  ше­

неуніктер неге шыға алмай жүр? 

Халыққа  жақын  болуды  ойласа, 

алдымен қазақтың тілін үйренсін. 

Сөздің  емес,  істің  Үкіметі  екенін 

көрсеткісі келсе, істі осыдан бас­

тасын. Қазақтың тілінде сөйлесін. 

Сонда  ғана  бұқара  мен  билік 

арасында ортақ диалог болады.  

Әйтпегенде,  басқаның  бәрі    бе­

кер. 

Кезінде ұлт көсемі Ахмет  Бай­



тұрсынов: «Өз тілімен сөйлескен, 

өз тілімен жазған жұрттың ұлтты­

ғы  еш  уақытта  адамы  құрымай 

жоғалмайды. Ұлттың сақталуына 

да,  жоғалуына  да  себеп  бола­

тын нәрсенің ең қуаттысы – тілі. 

Сөзі  жоғалған  жұрттың  өзі  де 

жоғалады. Өз ұлтына басқа жұрт­

ты  қосамын  дегендер  әуелі  сол 

жұрттың  тілін  аздыруға  тырыса­

ды» деген еді. Сондықтан Тілдер 

мерекесі тұсында қазақ тіліне де­

ген  құрмет  еселене  түссе  екен 

дейміз.  «Өзіміз»  жоғалмау  үшін 

«сөзімізді»  жоғалтпау  керектігін 

ұмытпасақ.



ЮНЕСКО:

 

ҚЫЗЫЛ КІТАПҚА ЕНГЕН ТІЛ

ОТАНДЫҚ ӨНІМ

«ДӘМДІ» СҮТ ӨНІМІ

 

Қызылорда облысында Индустрияландыру картасы 

бойынша жұмыс істеп жатқан кәсіпорынның бірі – «Рза» 

акционерлік қоғамы. Қазалы ауданында орналасқан зау-

ыт асыл тұқымды сиырдан сүт өнімін өндіреді. 

Акционерлік қоғамның  негізгі қызметі – сүт өнімдерін өңдеу 

және сату. Тәулігіне 30 тонна сүт өңдейтін зауыт еуропаның 

озық  технологиялық  құрал  жабдықтарымен  жабдықталған. 

Кәсіпорын  «Дәмді»  сауда  маркасымен  сүт,  айран,  қаймақ, 

ірімшік,  сары  май,  сыр  өнімдерін  шығаруда.  Бұл  өнімдер 

Қызылорда  облысының  аумағымен  қатар  Маңғыстау,  Аты­

рау,  Ақтөбе,  Батыс  Қазақстан  облыстарында  да  сұранысқа 

ие. Акционерлік қоғам бүгінде  тамақ өнеркәсібі, ауыл шаруа­

шы лығы,  құрылыс,  логистика  және  көлік  қызметтері  сала­

сын қатар дамытуда. Мекемеде 1200­ден астам адам жұмыс 

істейді. 



Жыл  басынан  жалған  кәсіп керлік  жасаумен 

айналысқан  екі  ірі  ұйымдасқан  топ  құрықталған. 

Олар  бірнеше  кәсіпорындар  құру  арқылы  мемле-

кетке  1,8  млрд.теңге  залал  келтірген.  Қазір  атал-

мыш  топтың  20  мүшесінің  ісі  сотқа  жіберілген. 

Бұл  туралы  Қызылорда  облысы  бойынша  мем­

ле кеттік  кірістер  департаментінің  басшысы  Се рік 

Жолдасбекұлы  мәлімдеді.  Жалпы,  жалған  кәсіп­

керлікпен кү рес бағытында биыл 37 қылмыс тық іс 

сотқа жолданған. 

«Жыл басынан бері мұнай және мұнай өнімдерінің 

заңсыз  айналы мы на  қатысты  4  қылмыстық  іс  сотқа 

жолданды. Заңсыз айналымнан 10 млн.теңге тұратын 

94  тоннадан  аса  мұнай  мен  мұнай  өнімдері  алынды. 

Ал заңсыз «онлайн­казино» ұйымдас тыруға байланыс­

ты 16 қылмыс анық  талса, алкоголь өнімдері бо йынша 

5  қылмыстық  іс  қозғалып,  51  244  дана  өнім  заңсыз 

айналымнан   шығарылған»,  ­  дейді  департамент  бас­

шысы.  Бұдан  өзге  Ұлттық  қор дың  қаржысын  заңсыз 

пай далану   бо йынша  6  қылмыс  анықталып,  75  млн.

теңгеден  аса залал көлемі қайта рылған. 

Жалпы, департамент мәліметі бо йынша, биылғы 8 

айда  мемлекеттік  бюджетке  түскен  салық  пен  төлем 

түсімі – 59 млрд. 560 млн. теңгені құ раған. Сондай­ақ, 

көлеңкелі эконо микаға қарсы күрестің нәтижесінде қа­

зынаға 5,5 млрд. теңге қосымша тү сім түскен. 

Сара ОМАРОВА

Қызылордада еңбекші әулеттердің ІІІ облыстық 

форумы  өтті.  Онда  аймақтағы  теміржолшылар, 

дәрігерлер,  ұстаздар,  диқаншылар  және  өзге  де 

еңбек  династиялары  қоғамға  жоғары  кәсіби  ма-

мандар  әзірлеуге  үлкен  үлес  қосқаны  үшін  облыс 

әкімінің алғыс хатымен және бағалы сыйлықтармен 

марапатталды. 

Биыл  облыста  8  еңбек  әулеті  жеңімпаз  деп  та­

нылды.  Олардың  арасында  еңбек  тәжірибелері  700 

жылдан  асатын  әулеттер  де  бар.    Мәселен,  Әбді­

рахмановтардың  теміржол  саласындағы  тәжіри бесі 

752  жыл  болса,  ұстаздық  жолын  жалғап  келе  жатқан 

Остаевтар  әулетінің  жалпы  тәжірибесі  800  жыл­

дан  асады.  Облыс  әкімі  Қ.Көшербаев  еңбек  династи­

яларын  ұлықтаудың,  қарапайым  еңбек  адамдарын 

құрметтеудің  маңызына  ерекше  тоқталды.  «Еңбек  – 

әлемнің  әміршісі»  дейді  халық  даналығы.  Сыр  елінің 

даңқын дала академигі Ыбырай Жақаев бастаған 102 

Социалистік  Еңбек  Ері  шығарса,  ер­азаматтармен 

иық  тірестіре  еңбек  етіп,  мемлекет  байлығын  еселеп 

өсірген  Шырынкүл  Қазанбаева,  Сәлима  Жұмабекова, 

Ұлбала  Алтайбаева,  Жадыра  Таспамбетова,  Зәкира 

Ержанова  сияқты  ақжаулықты  аналарымыздың  ерен 

еңбегі  бүгінгі  жас  ұрпақ  үшін  аңызға  айналды.  Дала 

төсін дүбірлеткен Еңбек Ерлерінің жалғасы Сыр елінің 

перзенттері  –  кәсіпкер  Абзал  Ералиев  пен  денсаулық 

сақтау саласының майталманы Юрий Пя  сынды Еңбек 

Ерлері  –  тәуелсіз  Қазақстанның  мақтаныштары»,­ 

деді аймақ басшысы. Шара соңы мерекелік концертке 

ұласты. 


БРИФИНГ

ПАРТИЯҒА ӨТУ 

ЕРЕЖЕЛЕРІ 

ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

«Нұр Отан» партиясы Қызыл­

орда  облыстық  филиалы ның  

бірінші  орынбасары  И.Дүйсен­

бай ұлы БАҚ  өкілдерімен кездес­

ті. Мақ сат – «Нұр Отан» партиясы 

құ ра мына кадрларды конкурстық 

не гізде  қабылдау  және  кадрлық 

ре зерв  қалыптастыру  барысы-

мен таныстыру.

И.Дүйсенбайұлының  айтуынша,  

пар тияның  кадрлық  резервін  қа­

лып  тас тыру үшін партия мүшесі бо­

лудың маңызы жоқ. Ескеретін жайт, 

канди даттардың  қылмыстық  және 

әкімшілік  жауапкершілікке  тартыл­

мауы, сыбай лас жемқорлыққа жағ­

дай жасайтын теріс қылықтарының, 

алынып  тас тал ған  партия  жазала­

рының  болмауы  қатаң  түрде  тек­

серіледі.  Сондай­ақ,  конкурсқа 

қа ты сушылардың  жұ мыс  өтілі,  бі­

лі мі,  қызметте  сіңірген  еңбе гі  де 

на зар дан  тыс  қалмақ  емес.  Кан­

ди даттардың  әрқайсысы  кәсіби, 

партиялық  және  жеке  сипаттары 

бойынша кешенді тексеруден өтеді. 

Іріктеудің келесі кезеңі тестілеу мен 

сұқбаттасудан тұрады. 12 сұрақтың 

8­іне  дұрыс  жауап  берген  үміткер 

сұқбаттасуға  жіберіледі.  Кадрлық 

резерв  туралы  толық    ақпарат  

www.nurotan.kz    сайтында  жария­

ланады.

Маржан ҚҰРМАНҒАЛИЕВА

ЖАЛҒАН КӘСІПКЕРЛІК 

ЖАРҒА ЖЫҒАДЫ

ЕҢБЕКШІ ӘУЛЕТТЕР ФОРУМЫ



№ 38 (160) 22 ҚЫРКҮЙЕК, БЕЙСЕНБІ, 2016 ЖЫЛ

− Тілді меңгеру үшін ең ал-

дымен  сол  тілді  үйренуге  де-

ген  құштарлық  керек.  Төрт 

тілде  еркін  сөйлейді  екенсіз. 

Бұл  әрине  кісі  қызығарлық 

қой.

− Ең алдымен, қызылордалық­

тарды  тілдер  мерекесімен  құт­

тықтаймын.  Мектепте  тіл  білуге 

деген  қызығушылығым  ерек­

ше  болды.  Содан  қазақ­түрік 

ли цейінде  ағылшын  тілін  еркін 

меңгеріп  шықтым.  Университет 

қабырғасында басқа да тілдерді 

үйрендім. Көп тіл білсең шет ел­

дерге ойланбай шығуға болады. 

Мен қазір қазақ, орыс, ағылшын, 

түрік  тілінде  еркін  сөйлей  ала­

мын. 


−  Бір  тілді  үйренуге  қан ша 

уақыт  жұмсайсыз?  Тіл  үйре­

нуде  нендей  қиындықтар  бо-

лады?

−  Тіл  үйренем  деген  адам­

да  қиындық  туындамайды.  Не­

гі зінен  қазақ,  орыс  тілдерін  ту­

ғаннан  білемін.  Ал,  ағылшын 

ті лін  мектепте  орта  деңгейде 

алып шықтым. Қазақ­түрік ли це­

йін  бітірген  әрбір  оқушы    ағыл­

шын  тілін  орта  деңгейде  алып 

шығады.  Тілді  үйрену  үшін  ең 

алдымен  сөздік  қор  керек.  Дос­

тарыммен ағылшын тілінде сөй­

лесетінмін.  Осылайша  қал ған 

тілдерді  үйрендім.  Кейін  жеке 

өзім түрік  тілін үйрене бас тадым, 

бас  аяғы  3  айда  түрік  тілінде 

еркін сөйлейтін болдым.

− Тіл білгеннің өмірде пай-

дасы  тиген  тұстары  болды 

ма?

−  Тілдің  пайдасы  тиюі,  ти­

меуі  тілге  байланысты.  Қай  тіл­

ді   таңдағаныңа,  мысалы  ма ған 

тү рік  тілі  Түркияға  іс­са пар мен 

барған  кезде  пайдалы  болды. 

Мен  Қазақстанда  тұ рып  жат­

қандықтан түрік тілін өмір де қол­

данбаймын.  Ал,  ағыл шын  тіліне 

келетін  болсақ,  оның  маңызы 

өте зор. Менің жұ мыс қа тұруыма 

көп септігін тигізді. Жұмыс кезін­

де де жиі қол да намын. Сонымен 

қатар  ма гис тра тураға  түсу  үшін 

де  ағыл шынды  еркін  меңгерген 

сертифи ка тымды  көр сетіп,  жо­

ғар ғы балл алдым. 

− Осы тілдерді меңгерумен 

қатар,  алда  тағы  жаңа  тіл  үй­

рену жоспарыңызда бар ма?

−  Көп  тіл  үйрену  жоспарда 

бар.  Негізі  араб  тілін  үйренгім 

келеді.  Араб  тілін  таңдауымның 

басты  себебі  қасиетті  Құран  кі­

та бының  араб  тілінде  жазылуы 

қызықтырады. Арабша  сөй леудің 

мәнерлілігіне  қызы ғамын.  Араб 

тілі  дүниежүзіндегі  ең  қиын  үш 

тілдің бірі, сол қиын дықты жеңгім 

келеді.  Араб  тілі  айтылуы  және 

жазылуы тұрғысынан өте күрделі. 

Әр бір  әріптің  айтылуының  өз 

заңды лы ғы  бар,  оларды  үйрену 

үшін  ды быстық  мәселеге  көп 

көңіл бөлу керек. Менің ойымша, 

жа ңа тіл үйренуде «Бұл тілді мен 

қолданам  ба?  Қолдансам  қай 

жер де қолданам» деп ойлану  ке­

рек.  Егер  өмірде  қажеті  болма­

са, онда ол тілді үйренудің ке ре гі 

жоқ.  Себебі,  үйренген  тіл  ұмы­

тылып кетеді. 


Каталог: storage
storage -> Қазақстан Президенті Нұрсұлтан назарбаевтың Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған салтанатты жиналыста сөйлеген сөзі
storage -> Құрметті Ассамблея мүшелері! Қадірменді отандастар! Сессияның қонақтары!
storage -> Р е д а к ц и я а л қ а с ы Редакция алқасының төрағасы
storage -> ТУҒан тіл / №2 (19), 2013 Редакция алқасы
storage -> Дүниежүзі қазақтарының ІV құрылтайын
storage -> Бірінші құрылтай, 1992 жыл, Алматы Н. Ә. Назарбаев: бауырларымызғА ҚҰШАҒымыз ашық
storage -> №5-6 (91-92) наурыз 2016 жыл Газет 2001 жылдың наурыз айынан бастап шығады Р

жүктеу 0.59 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет