Р е с п у б л и к а н с к а я п р о ф с о ю з н а я г а з е т а начата подписка на 2016 год!



жүктеу 312.64 Kb.
Pdf просмотр
бет3/4
Дата13.03.2017
өлшемі312.64 Kb.
1   2   3   4

Маржан ӘБДІҒАЛИ

ЕҢБЕКПЕН ӨРІЛГЕН ҒҰМЫР

Бүгінгі кәсіби мерекені атап өтушілердің қатарында «Қаламқасмұнайгаз» өндіріс басқармасында 30 жылдан аса 

уақыттан бері абыройлы еңбек етіп жүрген Талғат Айдинов та бар. Оның мұнай-газ саласының қарыштап дамуына 

қосқан үлесі қомақты. Сондықтан, атадан балаға мирас болып қалған бұл мамандықтың білікті маманы туралы 

сөз етпеу бүгінде мүмкін емес.

Ақпанның ақ қырау аязында 

алпысты еңсергелі отырған Талғат 

Айдинов қазіргі Атырау облысы, 

Мақат ауданы, Байшонас ауы-

лында дүниеге келіп, мұнайшылар 

отбасында өнегелі тәрбие алып 

өскен ардақты азамат. Әкесі Ха-

мидулла соғыс майданынан аман 

оралған соң Саратов атындағы 

мұнай техникумын тәмамдап, күллі 

саналы ғұмырын мұнай өндірісі 

саласына арнаған. Ал, ақ сүтімен 

бойына адалдық пен адамдық 

тәрбиесін дарытқан анасы Маг-

дуда осы саланың жұмысшыларды 

жабдықтау бөлімінде қоғамдық 

тамақтандырумен айналысқан. 

«Әке көрген оқ жонар, ана 

көрген тон пішер» демекші, ата-

анасының жақсы тәрбиесінен су-

сындап өскен Талғат Айдиновтың 

алғашқы еңбек жолы 1985 жылы 

«Комсомолмұнай» мұнай-

газ өндірістік басқармасының 

« М а ң ғ ы ш л а қ »   ө н д і р і с 

бірлестігінде алдымен слесарь-

жөндеуші, кейін қабатты қысымды 

реттеуші қызметтерінен бастала-

ды. Оның бұдан кейінгі еңбек жолы 

«Қаламқасмұнайгаз» өндіріс 

басқармасында айдау ұңғымасын 

меңгеру мен жөндеу маманы 

және цех меңгерушісі мен бас-

шысы міндеттерімен жалғасады. 

Соңғы он жылда кейіпкеріміз 

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ға 

қарасты «Қаламқасмұнайгаз» 

өндірістік басқармасының 

өндірістік-технологиялық 

бөлімін абыроймен басқара білді. 

Өз саласының үздігі танылған 

Талғат Айдиновты әріптестері 

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ 

жергілікті кәсіподақ ұйымына 

төраға етіп сайлап, өздерінің еңбек 

құқығының бұзылмай, қолайлы 

жұмыс жағдайын жасайтынына 

сенім білдірді. 

Еңбектің көрігін қыздырған 

кейіпкеріміздің тағдыры Қаламқас 

кен орнында шырайлана түсті. 

Оның есімі мұнайшылар тари-

хында алтын әріппен жазылатын-

дай. Себебі, ол адал еңбегінің 

жолында қара алтынды игерудің 

тың әдістерін тәжірибеге енгізіп, 

қабатты қысымның жүйесін орнат-

ты, әсіресе, оның ұңғымалық және 

технологиялық құрылғыларды 

жаңартуда еңбегі ерек. 

Адал еңбек еленбей қалушы 

ма еді... Талғат Айдиновтың да 

еңбегі ел назарына ілікті. Ұжымға 

сыйлы, құрметті азамат мұнай-

газ қызметкерлері күнінде және 

өзге де мемлекеттік маңызы бар 

мерекелерде басшылықтан ар-

найы марапаттарға ие болып 

келеді. Оның қоржынында 

«Маңғыстау мұнайына 50 жыл», 

«Маңғыстау облысына 40 жыл» 

сияқты төсбелгілер бар. Бұл 

еңбек адамына лайықты мара-

паттар. Қарт түбектің еңбекшіл 

халқы Маңғыстау облысының 

дамуына сүбелі үлес қосқан 

Талғат сияқты азаматтарын 

мақтан тұтады. Бүгінде ізін басар 

тұяғы, төрт ұл тәрбиелеп отырған 

Талғат балаларының да бойына 

еңбексүйгіштік пен адалдықты 

сіңіре білді. Олардың да әке жо-

лын қуып, ел болашағы үшін аян-

бай тер төгіп жүрген жастардың 

қатарында екені кейіпкеріміздің 

мерейін үстем ете түспек.  

Ұлжан ШОРАЕВА


WWW.FPRK.KZ

8

РЕСПУБЛИКАНСКАЯ ПРОФСОЮЗНАЯ ГАЗЕТА

СОЦИУМ


№34

 (1145)  04/09/2015 

/////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////

«ДОРОГА В ШКОЛУ»

Вопросы по организации и участии в Республиканской благотворительной акции «Дорога в школу» рас-

смотрены на совещании с выборным профсоюзным активом в профсоюзном центре Северо-Казахстан-

ской области.

Дети – цветы жизни. А  чтобы они цвели, нужны крепкое здоровье,  добрая 

атмосфера, и много солнца. Преследуя эти цели, Бурлинский  комитет проф-

союза работников образования и науки Западно-Казахстанской области  

одним из главных приоритетов своей деятельности  считает не только оздо-

ровление членов профсоюза, но и их детей.

Девиз   акции - «Поможем детям 

вместе», и проходит она в период   с 

1 августа по 30 сентября с.г. в целях  

оказания поддержки школьникам из 

малообеспеченных и многодетных 

семей, детей – сирот и детей остав-

шихся без попечения родителей.

Областным профсоюзным Цен-

тром были подготовлены и направ-

лены руководителям  областных 

отраслевых профсоюзов и  проф-

союзным комитетам предприятий 

рекомендации по организации 

содействия   акции. Одними из пер-

вых поддержал акцию «Локальный 

Профсоюз железнодорожников 

Петропавловского отделения до-

роги», оказавший  материальную 

помощь Полудинскому детскому 

дому в подготовке школьников к 

новому учебному году. В дар наз-

ванному детскому учреждению 

переданы компьютеры и школьные 

принадлежности на общую  сумму 

более 500 тысяч тенге.  Это не 

первое, и не последнее мероприя-

тие благотворительного характера  

отраслевых профсоюзов области в 

рамках  заключенных  коллективных 

договоров. Так, Северо-Казах-

станской областной  организацией  

Казахстанского отраслевого проф-

союза работников образования и 

науки организован ряд  благотвори-

тельных акций в сельских  районах 

области.  Собраны  250 школьных 

ранцев укомплектованных   всеми 

канцелярскими принадлежностями. 

С глубоким пониманием и сопри-

частностью к  акции подключилась 

и профсоюзная молодежь. По ини-

циативе Арсена Аубакирова - пред-

седателя профкома студентов Се-

веро-Казахстанского  университета  

молодые профсоюзные активисты 

посетили три многодетные семьи 

в областном центре и передали их 

детям подарки к новому учебному 

году. Молодые педагоги, выпуск-

ники университета на базе педа-

гогического лицея организовали 

курс лекций и бесед с родителями 

об особенностях детской психо-

логии в начальных классах. В ряде 

учебных заведений областного 

центра прошли школьные ярмарки, 

где были предложены школьные 

принадлежности для учащихся по 

льготным ценам.

Не остались в стороне и профсо-

юзные организации агропромыш-

ленного комплекса. В коллективный 

договор профсоюзного комитета 

Северо-Казахстанского филиала 

РГП «Казводхоз» включен пункт 

об оказании благотворительной по-

мощи детскому дом-интернату для 

детей - сирот «Достар». В этом году 

на эти цели было израсходовано  

более 120 тысяч тенге на приобре-

тение одежды, обуви, ремонт поме-

щений. Благотворительную помощь  

областной школе - интернат для 

детей сирот и детей, оставшихся без 

попечения родителей, оказало руко-

водство и профсоюзный комитет 

ТОО «Петропавловский ликеро-

водочный завод», подарив бытовую 

технику, спортивное оборудование, 

школьные принадлежности для 

первоклассников ко Дню  знаний.   

Незадолго до начала нового учеб-

ного года в клубе АО «Завод имени 

Кирова» профсоюзный комитет 

организовал встречу с родителями 

и учащимися начальных классов,  

на которой переданы 63 комплек-

та школьных принадлежностей. 

Активно участвуют в проведении 

благотворительной акции профсо-

юзные организации областного 

филиала отраслевого профсоюза 

работников связи и телекоммуни-

каций», АО «Петропавловский 

завод  тяжелого машиностроения», 

АО «Мунаймаш», АО «Северо-

Казахстанская Распределительная 

Электросетевая Компания» и дру-

гие. Только в областном центре, 

акцией было охвачено более тысячи 

малообеспеченных семей  и 1173 

детей школьного возраста.

Организаторы всех вышепере-

численных акций уверены, что все 

эти мероприятия дарят ощущение 

праздника  каждому ребенку, и  что 

их дорога в школу будет  счастливой 

и благополучной.

Профцентр

 СКО

С НОВЫМИ СИЛАМИ 

В НОВЫЙ УЧЕБНЫЙ ГОД

Западно-Казахстанская об-

ласть славится уникальной 

здравницей «Ақжайық», 

которая находится в живо-

писном месте Приуралья. 

Ежегодно работники обра-

зования имеют возможность 

отдыхать и поправлять здесь 

свое здоровье. Особенно это 

актуально летом, во время 

отпусков работников обра-

зования и летних каникул их 

детей. Поэтому организация 

летнего отдыха  стало тради-

ционной миссией профсою-

за. Летом текущего  года 25 

членов профсоюза отдохнули 

и поправили свое здоровье  в 

санатории-профилактории 

«Ақжайық».  

Не остались в стороне и 

дети членов профсоюза.  В 

Приуралье функционируют 

туристско-юношеские лагеря 

«Евразия» и «Самал». В  них 

посчастливилось бесплат-

но отдохнуть  детям членов 

профсоюза.   Пятиразовое 

сбалансированное питание, 

разнообразные развлекатель-

ные, спортивные, туристиче-

ские мероприятия, походы 

и экскурсии по достопри-

мечательным местам города 

Уральска, выезд на уникальное 

озеро Шалкар, знакомство со 

сверс тниками других районов 

надолго останутся в  детской 

памяти. За проявленные  ак-

тивность и инициативу мно-

гие из них  поощрены   дипло-

мами, памятными подарками. 

И сегодня они уже с новыми 

силами приступили к работе 

и учебе в новом учебном году.



Сауле ЖАНДАЛИЕВА, 

Аксай 

WWW.FPRK.KZ

9

ӘЛЕУМЕТ


РЕСПУБЛИКАНСКАЯ ПРОФСОЮЗНАЯ ГАЗЕТА

 

/////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////    



№34

 (1145) 04/09/2015



ЖАҢА ОҚУ 

ЖЫЛЫНА – 

ЕРЕКШЕ 

СЫЙЛЫҚ

«Қазпошта» акционерлік 

қоғамы «Балаларға газет-журнал 

сыйлайық» атты қайырымдылық 

акциясын ұйымдастырды.

Акция аясында  Солтүстік Қазақстан 

облыстық филиалының   кәсіподақ ұйымы 

қайырымдылық көмек ретінде «Отбасылық 

үлгідегі балалар ауылы» коммуналдық 

мемлекеттік мекемесіне, Мамлют 

ауданындағы Санаторлық орта мектеп- 

интернатына, арнайы мектеп-интернатта 

тәрбиеленушілерге,  сондай-ақ, ата-анасыз 

қалып, балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан 

қамкөңіл балаларға газет-журналдар жазы-

лымын сыйға тарты.

Қуанышты жаңалықты естіп, мәз болған 

балдырғандар алдағы уақытта республикалық 

Балдырған, Айгөлек, Бала би, Ертегілер әлемі, 

Балбұлақ, Қазақ тілін оқимыз, Мастерица, 

Вундеркинд, Самопознание KZ сияқты 

тағысын тағы журналдарды алатын болады.

– «Мектепке жол» акциясы аясында 

филиалда жаңа оқу жылының басталу-

ын тағатсыздана күтіп жүрген бірінші 

сыныпқа баратын бүлдіршіндерге, көп 

балалы   жанұяларға мектепке қажетті 

құрал-жабдықтар, сөмкелер сыйлап, мек-

теп табалдырығын қуанышты көңілмен 

бастау ларына  мүмкіндік берілді. Балалар 

біздің болашағымыз. Бүгінде балалардың 

жан-жақты жетілуіне жол ашатын басылым-

дар жетерлік. Өз елінің патриоты болып 

өсуіне, интеллектуалдық жетілдіруге, ата-

бабаларымыз сақтап келген  еліміздің   салт-

дәстүрі жайлы, мәдениет, тарих, табиғаты 

туралы мағлұматтар алуға, қол шебер өнерін 

үйренуге, ой-қиялдарын шыңдауға арналған 

газет-журналдарды сатып алуға кез келген 

ата-ананың мүмкіндігі келе бермейтіні анық. 

Ал, осындай акциялардың ұйымдастырылуы 

жаңа оқу жылы басында балаларға жасалған 

ерекше сыйлық, – дейді облыстық пошта бай-

ланыс қызметкерлері кәсіподақ ұйымының 

төрайымы  Береке Шөпенова. 

Әбілмансұр 

БЕКМҰХАМЕД

ТЕГІН ЖОЛДАМА БЕРІЛДІ

ЕҢСЕЛІ ЕЛДІҢ АЗАМАТЫ

Биыл Шалқар ауданы бойынша 24 оқушы «Алтын белгі» иеленді. Әрбір мұғалім үшін, үкілеп үміт 

артқан оқушының ҰБТ сияқты үлкен сынақтан сүрінбей өтуі, үлкен бақыт, үлкен қуаныш. Мұны 

өмірін білім беруге арнаған ұстаздар қауымы жақсы біледі.

Павлодар облысы Шарбақты аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы жанындағы Жастар 

кеңесінің белсенді мүшесі Азамат Кабдрашитов қазіргі заманға сай білімпаз, алғыр жігіт. Оның кәсіподақ 

беделін арттыра түсу жолындағы ізденімпаздығы мен еңбекке деген құштарлығы ел назарына бірден ілікті. 

Еңбектің еленгені шығар, 

осынау сыннан сүрінбей 

ө т к е н   ш ә к і р т т е р д і ң 

ұстаздарына, облыс бойын-

ша 40 мұғалімге, «Меркі» 

шипажайына облыстық білім 

қызметкерлері кәсіподағынан 

тегін жолдама берілсе, 

соның жетеуін шалқарлық 

мұғалімдер еншіледі. Аталған 

шипажайдың іргетасы 1981 

жылы Д.А.Қонаевтың тап-

сырмасымен қаланған екен. 

Таудың арасына орналасқан 

шипажайдың негізгі емі – көп 

ауруларға ем радон суы. 

Біз 10 күн бойы түрлі 

е м   а л д ы қ ,   ш и п а л ы   с у 

денсаулығымызды түзеуге көп 

септігін тигізді. Емнен тысқары 

уақытта Меркі шатқалдарына, 

аудан орталығына саяхат жа-

сап, сол өңірдің тарихымен 

таныстық. Әсіресе, Меркі 

шатқалындағы Үңгіртас әрбір 

демалушыны өзінің ерекше 

сипатымен таңқалдырды. Ақ 

патшаның әскерінен зәбір 

көрген халық тау арасынан 

үңгір қазып, азық – түліктерін 

сонда сақтаған екен. Әулие 

ата жеріндегі Айша бибі, 

Қарахан мазарларының тари-

хынан сусындап, тағзым ету 

мүмкіндігіне ие болдық. Жам-

был  қаласындағы  мұра  жай-

ларды аралап, жәдігерлермен 

таныстық. 

Бір қызығы, Ақтөбе облы-

сынан демалуға 40 мұғалімнің 

келетінінен Луговой ауданы-

нан бастап, демалушылардың 

бәрінің хабардар болғаны еді. 

Жөн сұрасып, танысқандар, 

«Расымен демалуға келген 40 

мұғалім, жолдамаға қалтасынан 

бір тиын төлемеді ме?» деп 

сұрасып, таңырқасып жат-

са, алматылық әріптестеріміз 

облыстық мұғалімдерге осын-

ша мәрттік танытып, құрмет 

көрсеткен облыстық білім 

қызметкерлері кәсіподағына 

ризашылықтарын білдіріп жат-

ты. 


Жалпы, Ақтөбе өңірінде 

сапалы нәтиже көрсетіп, 

жемісті еңбек еткен ұстаздар 

елеусіз қалған емес. Мыса-

лы, 2012-2013 оқу жылының 

қорытындысы бойынша облыс 

ұстаздары Бурабай өлкесіне 

туристік саяхатқа барып қайтса, 

2013-2014 оқу жылының 

қорытындысы бойынша 

Түркия мемлекетінің Анталия 

қаласында демалып қайтты. 

Осы ретте, «Жақсының 

жақсылығын айт, нұры тасы-

сын» демекші, ҰБТ сияқты 

ауыр сыннан шәкірттерімен 

бірге сүрінбей өтіп келе 

жатқан ұстаздар қауымына 

үнемі қолдау көрсетіп, де-

меу болған Қазақстандық 

салалық білім және ғылым 

қызметкерлері кәсіптік 

одағының Ақтөбе облыстық 

ұйымының төрайымы Рау-

шан Серіковаға мұғалімдердің 

алғысы шексіз. Сондай-ақ, 

ұйымдастыру жұмыстарын 

ерте қолға алып, бар шаруаны 

тап-тұйнақтай етіп орындаған 

Шалқар аудандық кәсіподақ 

ұйымының төрайымы Махат 

Гүлзира Әбдіжәмилқызына 

да алғысымыз зор, риза-

шылығымыз шексіз. 



Сая ТӨЛЕУОВА, 

 Ақтөбе облысы 

Азамат бірнеше жылдан 

бері Шарбақтының Алексан-

дровка орта мектебінде шәкірт 

тәрбиелеп келеді. География 

пәнінің жас ұстазы оқушыларды 

тәрбиелеу мен білім берудегі 

шебер әдісімен көзге түсіп, 

бүгінде лайықты абыройға 

ие. Павлодар мемлекеттік 

педагогикалық институтының 

бұрынғы түлегі төрт жыл бойы 

жиған-терген ілімін аудан мен 

ауылдың жасөспірімдеріне 

үйретумен қатар, оларға кемел 

келешектің жаңа көкжиегін 

таныстыруға барын салып жүр. 

«Ұстаздан шәкірт озар» де-

гендей, мектепішілік, аудандық 

және облыстық білім сайыста-

рына оқушыларын жүлдеге 

лайықты баптап, мектеп 

абыройын асқақтатуда білек 

сыбанатындардың да алдыңғы 

қатарынан табылатын Азамат 

қазіргі уақытта ұжымның белді 

де тұлғасына айналған. 

– Біз Азаматты ерекше мақтан 

етеміз. Ол өзінің жастық жігері 

мен білімінің арқасында көп 

белестерді бағындырды. Жүрген 

жеріне жарық сыйлап жүретін 

Азаматтан оқушылардың да 

үйренері көп. Түрлі шара-

лар ұйымдастырып, қазіргі 

заманға үн қосуға тырысқан 

алғыр жігіттің жұмысының 

арқасында мектептің тынысы 

да кеңейе түскендей, – дейді 

аудандық білім және ғылым 

қызметкерлері кәсіподағының 

төрайымы Қуантай Шакама-

нова. 

Азаматтың ұқыптылығы мен 



тиянақтылығы оның әрбір қолға 

алған жұмысынан көрініс тауып 

жатады. Бастаған ісін мағыналы 

әрі нәтижелі орындайды. 

Жауапкершіліктің парқын 

жоғары бағалайтыны соншалық, 

жас ұстаздың ауқымды 

міндеттерді қалтқысыз орындай 

алатынына жұрт сенеді. Бүгінгі 

таңда «Павлодар облысы 

жастарының электронды техни-

каны ұтымды пайдалана білудегі 

белсенділік» атты жобаны іске 

асыру шеңберінде І виртуалдық 

мәслихаттың депутаты бо-

лып сайланды. Бұған қоса, өзі 

қатарлы немесе соңынан ер-

ген жас жеткіншектердің тала-

бын ашуға көп еңбек сіңіріп, 

жетекшілік етуден бір сәтке 

босаған емес. 

А з а м а т   А л е к с а н д р о в -

ка мектебіне мұғалім бо-

лып орналасқаннан бастап, 

оның кәсіподақтағы өлшеусіз 

еңбегі қатар өріле бастады. 

Жас жігіттің қайнап тұрған 

жігерін кәсіподақ төрайымы 

бірден байқап, оны Жастар 

кеңесіне мүше етіп сайлай-

ды. Сол уақыттан бері ол 

Қуантай Шакаманованың да 

сеніміне кірбің түсіп көрмеген. 

Барлық іс-шараның жоғары 

дәрежеде өтуіне үлесін қосуда. 

Мысалы, дүниежүзілік еңбекті 

қорғау күні қарсаңында 

мүгедек қарттар мен соғыс 

ардагерлерінің үйлеріне барып, 

сенбілік өткізуді аудандағы 

барлық бастауыш ұйымы 

Азаматтың жалынды үндеуінен 

кейін бастаған. Елбасы Жол-

дауларына қатысты дөңгелек 

үстелдер ұйымдастырып, онда 

әр жастың ой-пікірін ашық 

жеткізуді үйретіп келеді. 

Мұғалімнің негізгі мақсаты, 

оқушылардың шығармашылық 

қабілетін, өздік танымдық 

біліктілігін дамыта отырып, 

білім сапасын арттыруды 

ұйымдастыру болса, Азамат 

өзі сабақ беретін сыныптар-

да қабілетті және үлгерімі 

төмен оқушылармен арнау-

лы іс-жоспары бойынша 

жеке жұмыс жүргізе отырып, 

өзгеше оқытуда. Сондай-

ақ, кейіпкеріміз шәкірт 

тәрбиелеумен қатар, қоғамдық 

іс-шараларды қатар еңсере 

білетін қасиетімен өскелең 

ұрпақты еңбексүйгіштік пен 

адамгершілікке тәрбиелеуді 

мақсат етеді. Азаматтай білімді 

де білікті, қайсар да дара бол-

мысты жастарға ел болашағын 

сеніммен табыстауға болатыны 

сөзсіз.


Ұлжан ШОРАЕВА

WWW.FPRK.KZ

10

РЕСПУБЛИКАНСКАЯ ПРОФСОЮЗНАЯ ГАЗЕТА

СПОРТ-БЛИЦ

№34

 (1145)  04/09/2015 



/////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////

Четыре дня в городе Аксу Павлодарской области 

шли жаркие спортивные баталии среди команд 

профсоюзов горно-металургической промыш-

ленности Казахстана при поддержке областно-

го Профцентра и Республиканской Ассоциации 

горнодобывающих и горно-металлургических 

предприятий Республики.  

 Более трехсот спортсменов из семи команд  соревновались 

по десяти видам спорта. Для участия в состязаниях прибыли 

атлеты предприятий АО «Арселор Миттал» (Темиртау), АО 

«ССГПО» (Рудный), ТОО «NOVA-Цинк» (Караганда), АО 

«Алюминий Казахстана», АО «Казахстанский электролиз-

ный завод», ТОО «Павлодарский трубопрокатный завод» 

(Павлодар).

С первых дней лидерство захватили спортсмены Аксус-

кого завода ферросплавов (АО «Казхром»), в шестой 

раз став триумфаторами спортивного форума. Золотые 

медали аксусцы завоевали в мужском и женском волей-

боле, баскетболе, в настольном теннисе, мини-футболе, 

армрестлинге, гиревом спорте и  легкой атлетике.

Второе место в командном зачете завоевали спорт-

смены АО «Арселор Миттал», став обладателями 

серебряных призов в шести видах программ и трижды  

- бронзовых.

Замкнули тройку призеров спортсмены АО «Алю-

миний Казахстана». На их счету одна золотая, две 

серебряные и четыре бронзовые награды.

Лучшие команды и результативные спортсмены на-

граждены кубками, дипломами, медалями отраслевых 

профсоюзов предприятий «Казпрофметалла».

Спортивный праздник надолго останется в воспоми-

наниях яркими победами, радушием хозяев и хорошими 

августовскими солнечными днями! 

Женис МАНАБАЕВ,

Павлодар

ЖАРКИЕ 

БАТАЛИИ


WWW.FPRK.KZ

11

РЕСПУБЛИКАНСКАЯ ПРОФСОЮЗНАЯ ГАЗЕТА

ҚОҒАМ


 

/////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////    

№34

 (1145) 04/09/2015



ЕРІНБЕГЕННІҢ

ЕҢБЕГІ ЖАНАДЫ

Таңмен таласа тұрған Нұрлан бүгін дүйсенбі екені есіне түсіп, терең бір күрсініп алды. Аптаның басы ауыр-



жүктеу 312.64 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет