Р е д а к ц и я а л қ а с ы Редакция алқасының төрағасы


Қазақтың сөз мәйегін сараптай келгенде



жүктеу 63.39 Kb.
Pdf просмотр
бет9/12
Дата10.03.2017
өлшемі63.39 Kb.
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

Қазақтың сөз мәйегін сараптай келгенде 
сөз бен тілдің халық қойған мынадай атаулары 
бар екені анықталды. 
Алғыс сөз. Біреудің екінші бі реу ге ықы ласын, рақметін білдіргенде 
айты ла  тын  сөз.  Алғысты  сөзбен  немесе    іс-әре кет,  заттай  сыйлық 
беру, тіпті, жақ сы қарым-қатынас түрінде де білдіруге болады.
Бата  сөз.    Адал,  ниет  жақсы  тілек  білдіруде  қолданылатын  игі 
ізгі  тілек  сөздер.  Дастарқан  басында,  түрлі  жиын-тойларда,  адам 
өмірінде кездесер ірілі-ұсақты қуаныштар кезінде  қуаныш иесіне 
арнап қол жайып, бата береді. Сондай-ақ, қиын сапар, алыс жолға 
аттанған  азаматына  ақ  жол  тілейтін  халқымыздың  ежелден  келе 
жатқан,  кең  таралған  дәстүрлерінің  бірі.  Бата  беретіндер,  көбіне, 
көпті көрген ақсақалдар мен кемеңгер де дуалы ауызды билер болып 
келеді. Бата қысылғанда – қуат, қиналғанда – медет беріп, әрбір іс-
әрекетіңе даңғыл жол ашып, бәле-жаладан қорғайды деп есептелген. 
     
Бөтен сөз.  Керексіз  сөз,  жай  айтыла  салған  сөз.  «Бөтен  сөзбен 
былғанса сөз арасы, ол ақынның білімсіз бейшарасы» (Абай). 
Буулы сөз. Іште жатқан, айтыла алмай жатқан сөз. «Буынсыз тілің, 
буулы сөзің, Әсерлі адам ұлына» (Абай).
Қара  сөз.  Қаламгердің  көркемдік  қуа тын,  философиядағы 
даналық дүние  та  нымын даралап көрсететін  өсиетке толы шешен 
сөзі.
Қарапайым  сөз.  Халықтың  күнделікті  ауызекі  қолданыстағы 
сөздері.
Құрғақ сөз. Мәні жоқ, дәйегі жоқ, алға жетелейтін, қызықтыратын 
мағынасы жоқ сөз. Қазақта «Құрғақ сөз бас ауыртар, Құр қасық ауыз 
жыртар» деген мақал бар.
Жақсы  сөз.  Адамға  қуат  беретін,  мұңайғанда  жұбататын, 
адасқанда  жол  сілтейтін  адал  ниетті  сөз.  Халқымыз:  «Жақсы  сөз  – 
жанға қуат», «Жақсы сөз – жарым ырыс» дейді.
Қызыл сөз. Құр бос сөз, тиянағы, байламы жоқ сөз, ойсыз жыл-
тыр сөз. Бәйге алмайтын жүйрік көп, қызыл сөзді сүйрік көп.
Жел сөз. Алып-қашпа өтірік сөз, бекер сөз. Қазақта «Жел сөзге 
ермейтін еркек болмайды!» деген тіркес қалған.
Көркем сөз – эстетикалық мәні күшейтілген, әсерлі, бейнелі сөз. 
Көркем сөз әдебиет негізін құрап отыратын мәңгілік мұра. Көркем 
сөздің қадірі мен құдіретіне арналған қазақ халқының талай даналық 
ойлары, мақалдары мен мәтелдері бар.
Тіл мен сөздің сүбесі
(Жалғасы 95-ші бетте)

80
Елден  сыртта  жүрген  қандас­
тары мыздың  арасында  есімін  өзге 
жұрт  қадірлейтін  елеулі  азамат­
тар  бар.  Қостанаймен  көрші  Челябі 
облысындағы  Нағайбақ  муници пал­
дық  ауданының  басшысы  Қайырбек 
Сейіловтің  есімі  Оңтүстік  уралда, 
онан  қалды  ресейде  құрметпен  ата-
лады.  Нағайбақ  ауданына  жолы 
түскен  меншікті  тілшіміз  Қайырбек 
Хакімұлымен әңгімелескен еді.
–  Қайырбек  Хакімұлы,  дүниенің 
қай  қиырында  жүрсе  де,  атқа  мінген 
қазақ  баласына  атажұрт  тақымын 
қысып  отырады.  Көп  жылдан  бері 
Челябі  облысындағы  Нағайбақ  муни­
ципалдық  ауданының  тізгінін  ұстап 
отырған 
өзіңіздің 
ұйымдастыру 
талантыңызға  ресейліктердің  тақ 
тұруы  бізге  де  мақтаныш.  Ормандай 
орыстың  арасында  осындай  биікке 
көтеріліп,  өзіңізді  мойындата  білуі­
ңіздің сыры неде?
–  Рахмет.  Атажұртқа  біз  де  алаңдап, 
Қазақстанның  тілеуін  тілеп  отырамыз. 
Адам қайда туса да, қай жерде өмір сүрсе 
де,  жалпы,  барлық  адамзат  баласына 
ортақ  ұғымдар  бар.  Соның  ең  басын-
да  еңбек  тұрады.  Уақытысында  оқыдық, 
жақсы  оқыдық.  Ата-ананың  айтқанын 
тыңдадық,  айналамыздағылардан  артта 
қалғымыз  келмеді.  Қанымыздағы  қазақы 
намыс  та  еңбекке  сүйреді.  Еңбекпен 
оқығаннан  кейін  жақсы  маман  болдық, 
жанымыздағыларға  сөзімізді  өткіздік, 
алға  ұмтылдық,  қызметке  талпындық. 
Міне, бүгінгі күнге осылай жеттік.
–  Кеңес  Одағы  кезінде  комсо­
молдың,  партияның  қолдауымен 
қызметте  жоғарылайтын.  Бұл  бұ­
рынғы  одақтас  республикалардың 
барлығына  тән  болатын.  дегенмен, 
алып держава тарағаннан кейін, 90­шы 
жылдар  әркімнің  шынайы  іскерлігіне 
сын  болды.  Сіздерде  де  осы  көрініс 
орын алған болар?
– Иә, дұрыс айтасыз. 90-шы жылдардың 
өзгерістері  мен  қиын дығын  бәріміз  де 
бастан  өткердік.  Бір  нәрсе  анық,  өмірде 
кездейсоқ  ештеңе  де  болмайды.  Мен 
мектептен  кейін  Троицк  қаласындағы 
Ауыл  шаруашылығы  институтының  ве-
теринария  факультетін  бітірген  бола-
тынмын.  Кеңес  Одағы  тарағанға  дейін 
мал  шаруашылығымен  айналысатын 
«Нағайбақ»,  «Кассельский»,  «Знамен-
«ҚАЗАҚСТАННың ЖЕТіСТіКТЕрі – 
АрҚА СүЙЕр АЙБыНыМыЗ»
– дейді ресейлік қандасымыз Қайырбек Сейілов
Ше
те
л қазақт
ары және 
қазақ т
ілі

81
ский»  кеңшарларында  зоотехник,  бөлім-
ше  басқарушысы,  бас  зоотехник  бо-
лып  қызмет  істедім.  80-ші  жылдары 
шаруашылықты  жалға  беру  формасына 
көшу  шараларына,  мал  шаруашылығы 
кешендерін  механикаландыру  жұмыс-
тарын ұйымдастыруға қатыстым. Осы кез-
де жұмысты ұйым дастыруға байланысты 
азды-көпті жинаған тәжірибем де болды. 
1991 жылы ата-бабам жайлап, ғұмыр кешіп 
келе жатқан Нағайбақ ауданын басқаруға 
өзімді  ұсындым.  Жердің,  елдің  жағдайы, 
адамдары – барлығы да өзіме таныс. 1991 
жылы  Нағайбақ  аудандық  кеңесінің  де-
путаттары  осы  ауданның  басшысы  етіп 
сайлады.  Ол  кез  бұрынғы  Кеңес  Одағы 
құрамында болған қай республикаға бол-
сын өліара шақ еді ғой. 1996 жылы қайта 
сайлау  болғанға  дейін  аудандағы  бүкіл 
мәселеге өзім ғана жауап бердім. Ол тек 
Ресейде  ғана  емес,  КСРО-дан  тараған 
бүкіл  республикалардың  барлығы  да 
әлі  ес  жиып  болмаған  тұс.  Жаңа  заңдар, 
нормативтер  әлі  жасалып  үлгермеген. 
Сондықтан болар, сол 4-5 жыл ауданның 
билігін  емін-еркін  қолға  алдым.  Қазір 
соған таңғаламын. Бірақ, билік қолға тиді 
екен  деп  ойға  келгенді  істеуден  аулақ 
болдым.  Күш-жігерді  жұмсап,  халықтың 
жағдайын ойластырдым.
– Сол кезде аудан үшін не істедіңіз?
–  Мен  Нағайбақ  ауданын  басқаруға 
келген  соң  елдімекендерді  газданды-
ру,  жолдарды  дұрыстау  және  баспана, 
құрылысты  жандандыру  ісін  алдыңғы 
кезекке  қойдым.  Халықтың  алдымен 
жағдайын  жасау  керек,  содан  кейін 
олардан  істі  талап  еткен  дұрыс  деп  ой-
ладым.  Адамдарға  жұмыс  болатын 
нысандарға көңіл бөлдік. Сол үшін аудан-
да  ауыл  шаруашылығы  өнімдерін  ұқсату 
кәсіпорындарын  салуға  күш  салдық. 
Мұның  өзі  де  адымды  аштыра  бермейді, 
сондықтан,  облыс  басшыларымен  келісе 
жүріп,  кен  өндіру,  оны  байыту  кешенін 
іске қостық. Ауыл шаруашылығын қанша 
дамытқанмен де, өндірістің жөні бір басқа. 
2010  жылы  ауданға  инвестор  шақырып, 
құс  кешенін  аштық.  Қазір  жылына  50 
мың  тонна  құс  етін,  7  мың  тонна  шұжық 
өндіреміз.  Асыл  тұқымды  мал  өсіруге 
баса назар аударамыз. О баста адамдар-
ды жұмыспен қамту үшін күш салған едік, 
қазір  жұмысшы  қолы  жетпейді.  Мұның 
барлығы  әлеуметтік  саланы  дамытуға 
мүмкіндік  берді.  Қазір  ауданда  жүзу 
бассейндерімен  бірге  салынған  спорт 
кешендері,  үш  музей,  шіркеу,  мешіт,  ба-
лалар  үйі,  әлеуметтік  үй  жұмыс  істейді. 
Аудан  орталығында  әлеуметтік  сала 
қызметкерлеріне  арналған  тұрғын  үй  де 
бой түзеді. Біз елдімекендердің барлығын 
газдандыруға ұмтылып отырмыз.
–  Атамекенді  өзіңіз  қозғап  жібер­
діңіз  ғой,  әулетіңіздің  тарихы,  шежі­
ресі бар шығар?
–  Негізі  бұл  жерді  бұрыннан 
қазақтар  жайлаған.  Бұл  біздің  нағашы 
жұртымыздың  жайлауы  екен.  «Әуелі 
бас  қосқаным  Жағалбайлы,  жылқысын 
көптігінен баға алмайды» деп Қыз Жібектің 
айтатынындай-ақ,  аталарымыз  ауқатты 
болған  екен.  1927  жылы  қуылғанда  осы 
Нағайбақ  өңіріне  ығысқан  ғой.  Әкем 
Хакім Қазақстанда туған. Арсланбай біздің 
аталарымыздың  аты  екен.  1957  жылы 
осындағы  кол хоздың  аты  «Қызыл  қазақ» 
деп аталған. Бұл қазақтардың үлкен ауы-
лы  болды.  Аталарымыздың  бейіті  осын-
да, тамыр жайып қалғанбыз. Мұнда 1960 
жылға  дейін  қазақ  мектебі  болды.  Басқа 
ауылдарда,  аудан  орталығында  татар 
мектептері болатын. 1960 жылы солардың 
барлығын жауып, орыс мектебіне айнал-
дырды.  Мен  1962  жылы  бірінші  класқа 
бір ауыз орысша білмей бардым. «Мама» 
деген  сөздің  не  екенін  білмейтін  едік. 
Саясаттан ешкім тыс тұра алмайды екен, 
Ше
те
л қазақт
ары және 
қазақ т
ілі

82
қалған білімді орыс тілінде алдық, ортаға 
бейімделдік.
–  Қазақ  әдебиеті  классиктерінің 
бірі  Сәбит  Мұқанов  30­шы  жылдар­
дың  ішінде  Магнитогор  комбинатына 
қонақ  болып  келіп,  жұмысшылармен 
кездесу  өткізеді.  өткен  жылы  метео-
рит  түскен  Шұбаркөлде  серуендейді. 
Сіз тұрған өңірдегі селолардың Париж, 
Кассель,  Фершампенуаз  сияқ  ты  Еуро-
па  қалаларымен  аталуын  атақты  жа-
зушы осы сапарын дағы очеркінде жа-
зады. Сол жолы Магнитогор өңіріндегі 
жұмысшы  қазақтар  тұрмысының 
жақсы  екенін,  қазақ  мектебінің  бар 
екендігін айтқаны еске түсіп отыр.
–  Тарихқа  көз  салсақ,  Сәбит  ата-
мыз  1937  жылдың  алдында  келген  ғой, 
қасіретті  жылдардың  жақындап  қалған 
кезі.  Алмастың  жүзіндей  уақыттың 
қылпылдап  тұрған  тұсы.  Оның  үстіне,  
ауып  келіп,  қоныстанғанына  онша  көп 
болмаған  біздің  аталарымыз  негізінен 
малмен  айналысқан  ғой.  Магнитогор 
комбинатында  өзге  де  аз  ұлт  өкілдері 
секілді  қазақтар  да  жұмыс  істеген. 
Әлгінде  айтқанымдай,  қазақ,  татар, 
башқұрт  мектептері  болған.  Шежіре 
қарттарымыздың  барлығы  да  өмірден 
өткен. Ал олар кешегі уақытта өз ұлтының 
тарихына  байланысты  әңгіме  айта  ал-
мады. Оның себебі айтпасам да түсінікті. 
Ақсақалдарымыз  алтын  сандықты  өзде-
рімен  бірге  ала  кетті.  «Қызыл  қазақ»  ау-
ылы  шағынданғанымен,  бүгінде  онда 
негізінен тек өзіміздің қаракөз ағайындар 
тұрады. Айт, ораза, намаз, қазақтың салт-
дәстүрі жақ сы сақталған. Қазақтың тойла-
ры  дүріл деп  өтіп  жатады.  Бұл  қашаннан 
Қазақстанның бір ауылы секілді көрінеді.
–  Сіз  басқарып  отырған  аудан ның 
атына  сай  мұнда  нағайбақ  халқының 
тұратыны  сырттан  келгендерге  таным­
дық қызығушылық шақырады екен.
–  Оныңыз  рас.  Бұл  да  бір  тарих 
аласапырандарының  құқайын  көрген 
халық  қой.  Арыдан  қозғасақ,  түркітілдес 
өз  бауырларымыз.  Өздерінің  атайты-
нындай,  нагайбэклэрдің  шығу  тегіне 
байланысты  бірнеше  гипотезалар  бар. 
Бір  зерттеушілер  ХVІ  ғасырдағы  Ноғай 
ордасымен 
байланыстыра 
отырып, 
атының  шығу  тегін  де  «ноғай  бегі»  деп, 
шоқындырылған  ноғайлар  десе,  екін-
шілері  Иван Грозныйдың  жаулап  алуына 
байланысты  Қазан  хандығы  құлағаннан 
кейін мәжбүрлеп шоқындырылған татар-
лар дейді. Өзгеріске ұшырағанымен тілдің 
татар  тілінен  алыс  кетпеген  сүрлеуінің 
сақталғаны да көп нәрседен хабар береді. 
1736  жылы  әйел  патша  Анна  Иоанновна 
жарлық  шығарып,  башқұрттармен  ше-
караны  мықтау  үшін  Нағайбақ  әскери 
казачьесі  құрылады.  Ол  кейінірек  Орын-
бор  казак  әскерінің  құрамында  болады. 
Нағайбақтар  1812  жылы  Отан  соғысына, 
1813-14 жылдарда Батыс Еуропадағы На-
полеонмен  болған  ұрыстарға  қатысады. 
Олар  жайлап  отырған  бүгінгі  елді 
-мекендердің  негізінен  Еуропа  қалалары 
аттарымен аталып жүргендігі осыған бай-
ланысты.  Нағайбақтардың  казак  әскерін 
1920 жылы ғана таратқан ғой.
Енді  осы  халықты  1989  жылғы  халық 
санағында  бұрынғы  қалыптасқан  қалып 
бойынша  татар  халқының  құрамына 
енгізеді. 90-шы жылдары демократияның 
лебі  ескенде  нағай бақтар  татар  емес,  өз 
алдына ұлт екендіктерін жиі айтатын бол-
ды. Олардың зиялы өкілдері «біздің дініміз 
бөлек, татарлар – мұсылман, нағайбақтар 
–  христиан,  соған  орай  дәстүрімізде  де 
айырмашылық  өте  үлкен»  деген  ойлар-
ды  айтып  жүрді.  Олардың  төлқұжатында 
ұлты  «татар»  деп  көрсетілетін.  Ұлы  Отан 
соғысының  ардагері,  өзі  өлкетанушы 
Александр 
Маметов 
деген 
қария: 
«Нағайбақ  деген  халық  екенімізді 
Ше
те
л қазақт
ары және 
қазақ т
ілі

83
дәлелдесем арманым болмас еді. Біз он-
сыз да тарихта зәбір көрген жұртпыз. Өз 
халқымды  жарыққа  шығарғым  келеді. 
Осыған не істеуге болады?» деп менімен 
ақылдасты. 1992 жылы біз РСФСР Жоғары 
Кеңесінің  төрағасы  Руслан  Хасбулатовқа 
және  Ресей  президенті  Борис  Ельциннің 
атына  хат  жаздық.  Бұл  мәселе  Ұлттар 
кеңесінде  қаралып,  нағайбақтардың  та-
тар емес, жеке этнос екенін бекітіп берді. 
2001  жылы  ресми  түрде  нағайбақтар 
Ресейдегі  аз  ұлттар  тізіміне  енгізілді. 
Міне,  содан  бері  олар  құжаттарда  татар 
емес,  нағайбақ  болып  жазылады.  Бұл 
олардың  ұлттық  рухын  көтерді.  Ресей-
де  барлығы  он  мыңдай  нағайбақ  болса, 
соның  жеті  мыңға  жуығы  біздің  ауданда 
тұрады.  Нағайбақша  жақсы  білемін,  ал-
дыма келген аға ұрпақ өкілдерімен, тіпті, 
кейде  жұмыс  барысында  олармен  өз 
тілінде  сөйлесемін.  Нағайбақ  бауырла-
рым өздерінің ұлттық тәуелсіздігі туралы 
әңгіме болғанда маған да рахметін айтып 
жатады.
–  Кішкентай  ғана  ауданда  түрлі 
ұлттың  өкілі  тұрады  екен.  Ұлттық 
мәселеде қиындықтар кездесе ме?
–  Ұлттық  мәселе  қай  елде,  қай  жер-
де  болсын  шыны  тәріздес  өте  нәзік,  ол 
сақтықты, тазалықты қажет етеді. Ауданда 
41  ұлттың  өкілі  тұрып  жатыр.  Соның  41 
пайызы орыстар, 30 пайызы нағайбақтар, 
14  пайызы  қазақтар,  қалған  ұлттардың 
пайызы азая береді. Кадр мәселесінде де 
таразысы басып кетпейтіндей тепе-теңдік 
сақтап  отырамын.  Шаруашылық,  эконо-
миканы  дамыту,  басқару  ісінде  ұлттық 
құрам  да  ескеріледі,  дегенмен,  бірінші 
орында  кісінің  білімі  мен  іскерлігі  бо-
луы тиіс ғой. Өткен ғасырдың 80-ші жыл-
дары  осы  ауданда  шаруашылық  және 
бөлімше  басқарушылардың  50  пайызы 
қазақтар болатын. Өте іскер ағаларымыз 
болды.  «Кассель»  совхозының  дирек-
торы  Сүлеймен  Алтынбаев  деген  кісі 
білікті  ұйымдастырушы,  шешен  кісі  еді. 
Алдағы уақытты күні бұрын болжап оты-
ратын.  Алдынан  ешкім  көлденең  кесіп 
өтпейтін еді. Өзіміз ол кісіні ұстаз тұттық, 
үйрендік.  90-шы  жылдары  адамдар  көп 
мәселеге  ойланбай  қарап,  көңіл  күйге 
ерік  беретін  болды.  «Қазақтар  ғана  бас-
шы  бола  ма?»  деген  де  сөз  шықты.  Мен 
аудан  басшылығына  үшінші  рет,  яғни 
2005 жылы сайлауға түскенімде ұтылдым. 
Өйткені, осы сайлауда ұлттық фактор ой-
нады. Нағайбақ бауырларымның арасын-
да  «ауданды  неге  біздің  ұлттың  өкілдері 
басқармайды?» деген пікірлер орын алды. 
Биз несте жүрген нағайбақ жігіті менімен 
бірге  сайлауға  түсіп,  жеңіп  шықты.  Ау-
данды  бес  жыл  басқарды.  Әрине,  көзге 
көрінетін  ешнәрсе  атқарылмады,  аудан 
тұрғындарының бұған көзі жете бастады.
Мақтанғаным  емес,  мен  ауданның 
ой-шұқырының  барлығын,  адамдарын, 
қай  селода  қандай  проблема  барын 
жақсы  білемін.  Келесі  сайлауға  қайта 
түстім,  билікке  жеті  адам  таластық.  Ау-
дан жұртшылығының басым бөлігі, оның 
ішінде  нағайбақ  бауырларымның  өздері 
де қайтадан маған дауыс берді. Жұмысты 
маған  өткізген  соң,  ауданды  басқарған 
Владимир  Федоров  деген  әлгі  нағайбақ 
жігітпен  кабинетте  отырып  шай  іштік. 
Сонда  ол  менен  кешірім  сұрады.  Мен 
де:  «Бауырым,  маған  адамдардың  шашы 
мен  көзінің  түсі  маңызды  емес.  Әркім 
өз  орнында  болуы  тиіс»,–  дедім.  Бірде 
Татарстанның халық әртісі Галина Казан-
цева ауданға келді. Оның ұлты керәшен, 
орыстың  «крещенные  татары»  деген 
сөзінен  шыққан,  татардың  этностық  то-
бына  жататын  халық.  Бұрын  нағайбақты 
да  соларға  қосатын,  біз  жазғаннан  кейін 
нағайбақ  пен  керәшендердің  аражігін 
ажыратып,  тізімге  екі  халық  деп  енгізді. 
Тілі,  дәстүрі  нағайбақтармен  өте  ұқсас 
Ше
те
л қазақт
ары және 
қазақ т
ілі

84
келеді.  Ол  есіктен  кіре  маған  нағайбақ 
тілінде «Сен мұнда неге отырсың, нағайбақ 
емессің  ғой?»  деді.  Мен  де  нағайбақша 
«Бізде түсіңе емес, ісіңе қарайды» деп тіке 
жауап бердім. Галина Александровна әзіл 
екенін білдіріп, күліп жіберді. Мінезі ашық 
кісі  екен,  аудан  басшылығына  сайлану-
ыммен  құттықтады.  Қазір  ауданда  менің 
құзырымда  шешімін  таппайтын  ұлттық 
мәселе жоқ.
–  Қазақстанның  жетістіктерін  біліп 
отыратын боларсыз?
– Білгенде қандай! Нұрсұлтан Назарбаев -
тың  саясатын  дүние жүзіндегі  саясат-
кер  лердің  барлығы  да  мойындап  отыр, 
ағамыздың халықаралық беделіне қуанып, 
марқайып  жүреміз.  Сырттағы  қазақтарға 
Қазақстанның  жетіс тіктері  айбын,  арқа 
сүйер  асқар  тауымыз  деп  білеміз.  Шын 
мәнісінде,  Қазақстанның  жетістіктері 
мол,  көп  ілгері  кетті.  Қазақстанның  эко-
номикалық  саясатынан  да  үйренетін 
тұстар  көп.  Мысалы,  маған  Нұрсұлтан 
Әбішұлының  бизнесте  әлеуметтік  әріп-
тестік  жасағаны  өте  ұнайды.  Соның 
арқасында 
Қазақстанда 
әлеуметтік 
сала  жақсы  дамып  жатыр,  оның  үстіне 
мұның  кәсіпкерлер  үшін  адамгершілікке 
негізделгені үлгі аларлық емес пе?
Мен  Қостанай  облысы  мен  Челябі 
іргелес болғандықтан 90-шы жылдардағы 
ауыл  шаруашылығында  болған  өзгеріс-
тердің  сіздерде  қалай  қиын  өткенін 
білемін.  Бір  рет  Наурызым  ауданындағы 
шаруа шылық  комбайндарының  тиын-
тебенге  сатылғанын  көріп,  ішім  удай 
ашыған.  Адамдар  жөңкіліп  көшіп  жатты. 
Сонда  техниканы  шетінен  сатып  жатқан 
кеңшардың  жас  директорына  бір  ауыл 
ақсақалының  «Бізді  қашан  сатасың?» 
дегенін  естіп,  күйзеліп  келгенім  есімде. 
Бізде  ауыл  шаруашылығындағы  рефор-
ма  оншалықты  күйзеліспен  өткен  жоқ. 
Біз қолда бардың барлығын сол күйінше 
сақтап қалуға тырысқан едік. Бұрынғы кең 
мектептерді,  клубтарды  қайта  жөндедік. 
Бірақ,  бәрібір  селоларда  адамдар  азай-
ды,  бізде  де  қалаға  көшу  тоқталған  жоқ. 
Қазір даңғарадай мектептер бос тұр, бала 
жетпейді.
Бізде  аудан  басшылары  сайланып 
қойылады.  Сайлауда  барын  салып, 
лауазымдық  қызметке  өтіп  алады  да, 
бес  жыл  екі  қолын  алдына  қойып,  түк 
істемей  отыратындар  бар.  Демократия 
болған  соң,  сайланып  қойылған  бас-
шы  келесі  сайлауға  дейін  орынтағынан 
кетпейді.  «Демократияның  кемшілігі 
көп, бірақ, оның бір жетістігі бар, ол – әлі 
күнге  дейін  ешкім  одан  жақсы  ештеңе 
ойлап  тапқан  жоқ»  деген  У.Черчиллмен 
келіспегенде, қайтеміз. Көш жүре түзелер 
деген сеніммен өмір сүреміз. Бір білетінім, 
Қазақстан  дамып,  тура  жолда  келеді. 
Бұған тек қуанамыз.
– Әңгімеңізге рахмет.
Әңгімелескен нәзира ЖӘРІмБЕТОва,
«Егемен Қазақстан». 
Ресей Федерациясы,
Челябі облысы,
Нағайбақ ауданы.
Ше
те
л қазақт
ары және 
қазақ т
ілі

85
–  Кайырбек  Хакимович,  за  истин-
ного казаха, выросшего на седле,  где 
бы он ни находился, на родине за него 
переживают. Вы, который год подряд, 
являетесь  бессменным  руководите-
лем  района  и  за  организаторские  та-
ланты  и  умение    Вас  почитают  ваши 
земляки­ россияне, а также и мы гор-
димся. В чем секрет вашего высокого 
полета и признания?
– Спасибо. Мы тоже переживаем за Ро-
дину, тоскуем по земле предков, и всегда 
хотели,  чтобы  Казахстан  процветал.  Где 
бы ни родился и где бы ни жил человек, 
есть  общепринятые  принципы.  И  всегда 
на главном месте стоит труд. В свое вре-
мя мы получили образование, учились на 
славу,  слушались  родителей,  не  хотели 
отставать от других сверстников. То, что в 
моей  крови  бушует  казахское  самолюбие 
заставило  трудиться.  Хорошая  учеба  дала 
свои  плоды.  Мы  смогли  достичь  многого, 
трудились честно, стремились вперед. Вот 
так и достигли сегодняшнего успеха.
–  Во  времена  Советского  Союза 
люди  стремились  продвигаться  по 
комсомольской  и  партийной  линии. 
Это присуще всем постсоветским госу-
дарствам.  Но  когда  не  стало  великой 
державы,  90­е годы   испытали  дело-
вые качества каждого. у Вас также об-
стояли дела? 
–  Да,  верно  говорите.  Изменения  и 
трудности  90-х  все  мы  пережили.  Оче-
видно  одно,  в  жизни  ничего  случайного 
не  бывает.  После  школы  закончил  вете-
ринарный факультет сельскохозяйствен-
ного  института  в  г.  Троицке.  До  распада 
Союза  работал  зоотехником,  управляю-
щим  отделением,  главным  зоотехником 
в  совхозах  «Нагайбак»,  «Кассельский», 
«Знаменский».  В  80-е  годы  участвовал  в 
реформировании  хозяйств  в  арендную 
форму  управления,  механизации  ком-
плексного животноводчества. За это вре-
мя успел набраться немало опыта. В 1991 
г.  сам  предложил  руководить  Нагайбак-
ским районом, где жили мои предки и ро-
дители. Здесь все было знакомо – обсто-
ятельства  земли  и  народа,  люди.  В  1991 
г.  депутатами  Нагайбакского  районного 
совета я был  избран руководителем рай-
она. Ведь в эти времена для любой респу-
блики  в  составе  Советского  Союза  был 
периодом застоя. До перевыборов в 1996 
г. самостоятельно отвечал за все вопро-
сы  касательно  района.  Это  время,  когда 
не только Россия, но и все бывшие союз-
«дОСТиЖЕНия КАЗАХСТАНА – 
НАША гОрдОСТь»
-
Каталог: storage -> pdf
pdf -> Қазақстан Президенті Нұрсұлтан назарбаевтың Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған салтанатты жиналыста сөйлеген сөзі
pdf -> Құрметті Ассамблея мүшелері! Қадірменді отандастар! Сессияның қонақтары!
pdf -> Р е д а к ц и я а л қ а с ы Редакция алқасының төрағасы
pdf -> ТУҒан тіл / №2 (19), 2013 Редакция алқасы
pdf -> Дүниежүзі қазақтарының ІV құрылтайын
pdf -> Бірінші құрылтай, 1992 жыл, Алматы Н. Ә. Назарбаев: бауырларымызғА ҚҰШАҒымыз ашық
pdf -> 2 алтын бесік а тамекен менің е лім қа зақст ан елбасының ерекше сапары осыдан жиырма бес, отыз жыл
pdf -> Құрметті съезд делегаттары! Қадірлі қонақтар!
pdf -> Ыстық ықлас, достық байланыс Қытай төРАҒасының
pdf -> ТУҒан тіл / №1 (18), 2013 Редакция алқасы

жүктеу 63.39 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет