Р е д а к ц и я а л қ а с ы Редакция алқасының төрағасы



жүктеу 63.39 Kb.
Pdf просмотр
бет8/12
Дата10.03.2017
өлшемі63.39 Kb.
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

Erlіk ErJanwli, 
Almati-Ölgiy-Almati 

72
Әдеби  тіліміздің  жалпыға  ортақ  жазу 
өлшемі  мен  сөйлеу  өлшемі  жалпы  тіл 
мәдениетіміздің  ажырағысыз  екі  саласы. 
Бұл екі сала халқымыздың тіл мәдениетін 
дамытуда,  әдеби  тілді  қалыптастырып, 
байытып,  жетілдіре  беруде  айрықша 
маңызға  ие.  Біз  тіл  мәдениетімізде  осы 
екі  саладағы  мәселелерді  бірте-бірте 
сатылап шешіп келеміз. 
Бірінші  сатыда  жазудағы,  емледегі 
мәселелерді  шешуге,  атау  сөздердегі 
ала-құлалықтан  арылтып,  бір  арнаға 
түсіруге  күшті  шоғырландыра  отырып 
кірістік.  Өйткені,  ең  алдымен,  жазудағы, 
емледегі,  атау  сөздегі  ала-құлалықты 
арылтып,  бір  арнаға  түсірмейінше  тіл 
мәдениетінің  дамуы  қиын.  Сондықтан, 
1970  жылдың  соңынан  1980  жылдың 
соңына 
дейін 
тіл 
мамандарының, 
баспасөз,  ақпарат  қызметкерлерінің,  тіл 
оқытушыларының  белсене  күш  салуы 
арқылы  бірінші  сатыдағы  мәселелер 
біршама сәтті шешілді. Іс жүзінде қолдану 
барысында байқалған кемістіктер, әрине, 
үздіксіз  шешіле  береді.  Енді  айтылым 
нормасы  жақтағы  мәселелерді  шешетін 
уақыт  жетті.  Әрі  бұл    радио-телевизия, 
театр, кино фильм, оқу оқыту саласында 
қолданылатын  көркем  тілдің  қажетінен 
туындап отыр. 
Еліміздің  (ҚХР)  реформа  жасап  есікті 
ашық  ұстау  саясаттарының  жетегін-
де  саяси,  экономика,  мәдени-ағарту 
т.б.  салаларда  жарыққа  шыққан  тың 
дамушылыққа байланысты БАҚ істерінде 
кесек жетістіктер болды. Сол жетістіктерді 
аузымызға  алғанда,  осы  салада  ұзақ 
жылдар  бойы  тер  төгіп,  құлшына 
қызмет  істеп  келе  жатқан  көркем  тіл 
қызметкерлері  қатарының  барған  сайын 
өсіп, сапа жағынан да біртіндеп жақсарып 
келе жатқандығы көңілге медет боларлық 
қуанышты  жайт.  Олар  талай  жылдық 
қызмет  барысында  толып  жатқан  құнды 
тәжірибе  жинады.  Олардың  көпшілігі 
қазақ  тілінің  ұзақтан  бері  қалыптасып 
кеткен  дәстүрін  меңгеріп,  сөйлеу,  оқу 
өлшемі бойынша барынша табиғи, қазақы 
әуенмен  сөйлейтін,  оқитын  болды. 
Олар  оқығанда,  көркем  фильмге  дыбыс 
бергенде  қазақ  тілінің  өзіндік  табиғи 
Ше
те
л қазақт
ары және 
қазақ т
ілі
ҚАЗАҚ ТіліНің АЙТылыМ өлШЕМі 
ЖӘНЕ КөрКЕМ Тіл
Мұқаш раметұлы,
ҚХР, тіл маманы

73
ерекшелігін сақтауға көңіл бөліп отырды. 
Олардың  қазақы,  әсем  даусын  естігенде 
көңіліміз қуанышқа бөленеді, ризашылық 
алғыс  сөзімізді  айтамыз.  Бұл  арада 
азаттықтың  алғашқы  кезінде  құрылған 
Шыңжан  радиостанциясындағы  және 
Шыңжан  кинофильм  студиясындағы 
қазақ тілінде жұмыс жүргізуші тәжірибелі 
аға  дикторларымыздың,  дыбыс  беруші-
леріміздің  осы  салада  сіңірген  қажырлы 
еңбегі ерекше көзге түсетіндігін, сондай-
ақ,  соңғы  кездегі  елеулі  нәтижелерді 
олардың еңбегінен бөліп қарауға болмай-
тындығын  баса  көрсеткен  жөн.  Әсіресе,  
олардың  қазақ  тілінің  дәстүрлі  айтылым 
нормасы  бойынша  сөз,  сөйлемдердің 
аражігін  айқын  парықтап,  нақышына 
келтіре  оқитындығы  жұрттың  назарын 
аударады.  Бұлардан  тыс,  көркем  тіл 
қызметі  саласына  кейінірек  келуіне 
қарамастан  радио-телевизияда  біршама 
тәуірірек  дикторлық  қызмет  істеп, 
дыбыс  беріп  жұрттың  алқауына  бөленіп 
келе  жатқан  жас  дарындылар  да  жоқ 
емес.  Көркем  тіл  қызметкерлерінің  бұл 
жетістіктері әрине тұрақтандырылуы тиіс. 
Бірақ,  ұлт  тілінің  дәстүрлі  айтылым 
нормасының  өскелең  талабымен  салыс-
тырғанда,  бұл  жақтағы  қызметтерімізде  
едәуір  олқылықтардың  бар  екендігі 
хақ.  Атап  айтқанда,  көркем  тіл  қызмет-
керлеріміз  тіл  өнері  жақтан  өскелең 
талаптың  мүддесінен  әлі  де  толық  шыға 
алмай отыр. 
Біз  көркем  тіл  жөнінде  сөз  ашудан 
бұрын  қазіргі  қазақ  әдеби  тілінің 
фонетикалық,  грамматикалық,  лексика-
лық  жақтан  бірте-бірте  жетіліп  келе 
жатқандығын, бұдан былай да әлеуметтік 
дамуға  байланысты  дамып,  кемелдене 
беретіндігін  баса  көрсеткеніміз  жөн. 
Бірақ,  қазақ  тілінің  сөйлем  нормасын 
ішкі диалектіні парқы алшақ қытай тілінің 
немесе  басқа  туысқан  ұлт  тілінің  сөйлеу 
нормасымен  салыстырып,  қазақ  тілінде 
де белгілі бір орынды таңдап алып, ортақ 
тіл өлшемі ету керек пе деп санауға әсте 
болмайды.  Өйткені,  ол  тілдердің  бір-
біріне  ұқсамайтын  тарихи  жағдайы  бар. 
Қытай тілі кең байтақ өңірде қоныстанып 
отырған  миллиардтан  астам  халықтың 
әр  өңірдегісі  әр  алуан  сөйлейтін  тіл 
болғандықтан,    диалектілік  алшақтығы 
басым,  сонымен  бірге,  диалектілердің 
арасында  елеулі  фонетикалық  айыр-
машылық та бар. Сондықтан, қытай тілінде 
тіл дыбыстарын нормаға түсіруде белгілі 
бір  орын  таңдап  алынып,  қытай  тілінің 
тарихи даму жағдайына байланысты сая-
си,  экономика,  мәдени,  ағарту  орталығы 
болып келген Бейжің  деп тіл дыбысы ор-
тақ өлшем етілген. Ал қазақ тілінің тарихи 
жағдайы  қытай  тіліне  ұқсамайды.  Қазақ 
әдеби тілі, жүйеден оның сөйлеу нормасы 
жалпы, қазақ халқының барлығына ортақ,  
түсінікті,  ол  жалпы  халықтық  қасиеті 
күшті тілдер қатарына жататын тіл. Демек, 
бұрынғы және қазіргі тіл ғалымдарының 
негізінен бірауызды көзқарасы бойынша,  
қазақ  тілінің  жалпы  халықтық  қасиетінің 
күштілігін,  пәлендей  диалектілік  айыр-
машылық  жоқтығын  оның  өзіндік  ерек-
шелігі  әрі  өзіндік  артықшылығы  деп 
айтсақ асыра айтқандық болмас. 
Қазақ  әдеби  тілінің  жазу  нормасы 
мен  сөйлеу  нормасы  жақтағы  өзіндік 
ерекшелігі,  өзге  тілмен  салыстырып 
қарағанда кейбір парқы жөнінде ішкерілей 
зерттеу  жүргізу  тіл  мамандарымыздың 
алдағы келелі істерінің бірі болмақ. 
Енді  қазақ  тілінің  айтылым  нормасы 
жағында орын тепкен кейбір мәселелерге  
тоқталайық: 
1.  Дыбыстау  жағынан  «ө»  дыбысы-
ның  алдынан  әнтек  «у»  дыбысын  қосып 
дыбыстау.  Мысалы: өнерді – унер, өзгеріс ті 
– уезгеріс, көркемөнерді – көркемунер деу. 
2.  Сөз  нұсқаларындағы  негіз  нұсқа 
пен  сөйлеу  тіліндегі    немесе  жергілікті 
тілдердегі 
нұсқаларды 
парықтамау. 
Мыса лы:  «ұқсас»  деген  сөз  негізгі  нұсқа 
болса да, оны «оқсас» деп дыбыстау т.б. 
3.  Байырғы сөздерде тіліміздің үндес-
тік  заңын  ескермеу,  оны  негізге  алмау, 
Ше
те
л қазақт
ары және 
қазақ т
ілі

74
қалай  жазса  солай  дыбыстау.  Мысалы: 
Жақыпбек    (айтылуда  Жақыппек),  қолқа-
нат  (айтылуда  қолғанат),  қонақасы 
(айтылу да қонағасы), әлдеқалай (айтылу-
да  әлдеғалай),  көзқарас  (айтылуда  көз-
ғарас), Есенкелді (айтылуда Есенгелді), т.б.
4.  Кірме  сөздерді  әркім  әртүрлі 
дыбыс тайды.  Орыс  тілінен  кірген  атау, 
сөздерден орыс тілінде «о» жазылғанмен, 
айтқанда  «а»  түрінде  оқылатын  толып 
жатқан  сөздердің  аражігін  толық  игере 
алмағандықтан,  барлығын  сыпыра  «а» 
түрінде  дыбыстау.  Мысалы:  октябрьді 
–  актябрь,  профессорды  –  прафессор 
деп  дыбыстау  т.б.  Кейде  шеттен  кірген 
атаулар    бүкілдей  бұзып  қолданылады. 
Мысалы:  реформа  –  риформа,  фильм ді 
–  філім,  министрді  –  міністр,  християн-
ды  –  хрстан  деу.  Ол-ол  ма,  тілі міз ге  өзге 
тілдерден  сонау  ертеде  кіріп,  фонети-
калық  өзгерістерге  ұшырап,  әбден 
қалыптасып,  кірігіп  кеткен  әрі  емле-
ережеміз  бойынша  кіріккен  түрінде 
жазылып,  төл  сөзімізге  айналып  кеткен 
кейбір  атау,  сөздерде  қалыптасқан 
норма  бұзылып  жүр.  Мысалы:  кереуетті 
– кровать, кастомды – костюм, палтені – 
пальто деу т.б. 
5.  Екпін түспейтін буындарға беталды 
екпін түсіріп айту. 
6.  Сөйлем  мүшелерін,  сөйлемдерді 
интонация тәсілі бойынша оқымау, т.б. 
Жоғарыдағы 
мәселелерді 
қалай 
шешу  әдісі  жөнінде  сөз  ашудан  бұрын 
алдымен кірме сөздерді қалай дыбыстау, 
оқу  жөнінде  азырақ  пікір  білдіруге  тура 
келеді.  Бізде  кейбір  кірме  сөздерді, 
атауларды қалай айту, қалай жазу мәселесі 
қазірге  дейін  талас  пікірлер  тудырып 
келген  тақырып.  Емле  ережелерімізде 
араб,  парсы,  қытай,  орыс  тілдерінен 
ертеректе  тілімізге  кіріп  қалыптасып 
кеткен  сөздердің  өзгерген  күйінде 
жазылатындығы    тұрақтандырылған. 
Енді  өзгертудің  қажеті  болмас.  Әңгіме 
орыс тілінен, орыс тілі арқылы кейінірек 
кірген  терминдер  мен  жалқы  есімдерде 
болып  отыр.  Емле  ережесінде  кірме 
сөздер  қалыптасқан  дәстүрі  бойынша, 
мүмкіндігінше,  түбір  тұлғасы  сақталып 
жазылатындығы жеке-жеке мысалдармен 
көрсетілген.  Бізде  ежелден  кірме  сөздер 
қалай  жазылса  солай  айтылатындығы 
дәстүр  болып,  бірте-бірте  қалыптасып 
келеді.  Осы  дәстүрді  бұзбай  коммунизм 
(каммунизм емес), социализм (сациялизм 
емес), ноябрь (наябрь емес) т.б. дыбыстап, 
көркем  тілдегі  бірыңғай  қолданысқа 
айналдырсақ қате ұғым тудырмаса керек 
(ауызекі тілде әркім өз алдына дыбыстап 
айта  беруі  қалыпты  құбылыс).  Егер 
қалыптасқан бұл ереже бұзылатын болса, 
кірме  сөздердің  айтылымында  былық 
туылады.  Ал,  алдағы  жерде,  қоғамның 
әр саладағы дамуына байланысты енетін 
халықаралық  жаңа  терминдер  мен 
сөздерді  (мейлі  ағылшын  немесе  жапон 
т.б.  тілдерден  болсын)  мүмкіндігінше 
түбір тұлғасын сақтап жазып, сол жазылуы 
бойынша  оқуды  жолға  қою  керек  деген 
көзқарасты құптаймын. 
Енді айтылым нормасы жағында орын 
тепкен мәселелерді қалай шешудің әдіс-
амалына  тоқталайық.  Бұл  мәселелерді 
тіл  заңдылығымызға  сай  үйлесімді  шешу 
үшін  ең  алдымен  төмендегі  үш  түйін  – 
екпін,  кідіріс  (пауза),  интонация  (ырғақ, 
әуен)  жөнінде  қысқаша  тоқталып  өтуге 
тура  келеді.  Бұл  үш  түйінді  көркем  тіл 
саласындағы үш арқау деп айтуға болады. 
Екпін  мен  кідіріс  тілдік  бейнелеуде 
маңызды  фактор.  Ал,  интонация  осы  екі 
фактормен  тікелей  сәйкесіп  отырады. 
Бұларды  бір-бірінен  бөліп  тастауға 
болмайды. 
Сөйлемнің 
интонациясы 
дұрыс болса, кідіріс те, екпін де сәйкесті 
түрде  дұрыс  болады.  Көркем  тілде  (БАҚ 
тілдерінде)  осы  үш  түйін  ойдағыдай 
игерілсе,  хабар,  мақала,  туындылар 
сәтті  оқылады.  Интонация  айтылым 
нормасы  жағынан  алғанда  сөйлеу  өнері 
деген  сөз.  Хабар,  мақала,  туындыларды 
оқуда  интонацияның  маңызы  зор. 
Интонацияның 
маңыздылығы 
оның 
Ше
те
л қазақт
ары және 
қазақ т
ілі

75
табиғилы ғында.  Дегенмен,  көркем  тіл 
интонациясы  тұрмыстағы  сөздер  әуені-
нен    мүлдем  басқаша  болып  алшақтап 
кетпейді.  Көркем  тіл  интонациясының 
тұрмыс  тілі  әуенінен  мүлде  алшақтатып 
бұзып айтылатын  сөз әуендерінің қандайы 
болса  да  жұрттың  құлағына  тұрпайы 
естіледі.  Өйткені,  ол  өзінің  табиғилық, 
қазақылық  әуенін  бұзып  отыр.  Ендеше,  
көркем  тіл  қызметкерлеріміз  бұл  үш 
түйінді  тілдік  бейнелеу  амалында  орнын 
өгейсітуге  болмайтын  маңызды  фактор 
деп  санауы,  олардың  арасындағы  берік 
байланыстың  сақталып  отыратындығын 
жете  түсінуі  керек.  Шындығында  тілдік 
факторлардың  барлығында  интонация 
болып отырады. 
Сондықтан,  интонацияны  зерттеу 
осы  факторлардың  өзіндік  қасиеттерін 
зерттегендік  болады.  Ауызекі  тілде 
(тұрмыс тілінде) сөздер тек қатынас жасау 
мақсатын  ғана  көздейді.  Оған  жоғары 
талап қоюға болмайды. Бірақ, көркем тіл 
әдеттегі тұрмыс тілінен парықты. Көркем 
тілде  бірыңғай  айтылым  нормасы  қатаң 
сақталып отыруға тиіс. 
Егер тиісті нормалар бұзылатын болса, 
сөйлем  ұғынықсыз  шығады  да  айтайын 
деген  ой  дұрыс,  дәл  жеткізілмейді. 
Сондықтан,  дұрыс  сөйлеу,  дұрыс  оқу 
үлгісін  қатаң  басшылыққа  алғанымыз 
абзал. Енді осы үш түйінге тоқталайық: 
1.  Екпін.  Сөз  ішіндегі  арнаулы  бір 
буынның оқшаулана күшті айтылуы екпін 
деп  аталады.  Өзге  тілдер  сияқты  қазақ 
тілінде  де  екпін  сөз  бен  сөздің  шегін 
бөліп,  жігін  ажыратуға  көмектеседі.  Егер 
сөздердің  жігі,  қалай  оқылатындығы 
парықталмай, барлығы біркелкі ырғақпен 
айтылса  тіл  өзінің  табиғи  ритмінен 
айырылады, 
көркемдігі 
жойылады, 
сөздер  ұғынықсыз  естіледі.  Қазақ  тілі 
грамматикасында сөз екпіні, тіркес екпіні, 
грамматикалық екпін, логикалық екпін т.б. 
жөнінде  түсініктеме  берілген.  Бұлардың 
барлығына  тегіс  тоқталудың  қажеті  жоқ. 
Бірақ, көркем тіл қызметкерлеріміз қазақ 
тіліндегі  екпіннің  қызметі  және  қандай 
сөздерге,  буындарға  екпін  түсетіндігі, 
қандайларына  түспейтін дігі  жөнінде, 
әрине,  бастапқы  сауатқа  ие  болуы  тиіс. 
Қазақ  тілінде  екпін  орыс  немесе  басқа 
тілдердегідей 
басқа-басқа 
сөздерді 
ажыратуға  көмегін  тигізеді.  Мысалы: 
баспа (етістік, аяқты баспа) баспа (зат есім, 
ұлттар  баспасы),  көрші  (етістік,  мынаны 
көрші), көрші (зат есім, көрші үй), адамды 
шалма (ма – болымсыз етістіктің жұрнағы),  
мықты шалма (ма – зат есімнің жұрнағы), 
ол үйде (де – жатыс септік жалғауы), үй де 
(де  –  шылау).  Бұл  мысалдардан  айтылуы 
бірдей,  мағынасы  басқа-басқа  сөздерге 
түрліше 
екпін 
түсіп 
тұрғандығын, 
жіктік  жалғауға  екпін  түспейтіндігін, 
көптік,  септік,  тәуелдік  жалғауларға, 
қосымшаларға екпін түсетін дігін аңғаруға 
болады. 
Тілімізде  кейде  белгілі  сөз  тіркесі 
немесе тұтас сөз шумағы бір-ақ екпінге ие 
болуы мүмкін. Атап айтқанда, екі немесе 
бірнеше сөз бір екпінге бағынып, біркелкі 
ырғақтық түйдек жасайды. Мұндай екпін 
тіркес  екпіні  деп  аталады.  Жеке  сөздің 
екпіні  соңғы  буынға  түсетіні  сияқты,  
тіркес  екпіні  де,  көбінесе,  соңғы  буынға 
түседі. Бірақ, тізбектегі сөздер көбейгенде 
тіркес  екпіні  де  ыдырап,  бөлініп  кетеді. 
Тіркес  екпіннің  қағидалары  бойынша  
бір  екпінмен  айтылатын  сөздерді  кейде 
дикторларымыз  бөліп  айтады.  Мысалы: 
ел-жұрт, мал-мүлік, жарқын күн, ержеткен 
соң,  итарқасы  қиян,  ежелгі  Египет,  т.б. 
тіркестерге түсетін екпін тиісті буындарға 
түсірілмей,  бір-бірінен  бөлініп,  екі 
түрлі  әуенмен  айтылып  жүргендігін  де 
телесериалдардан  кездестіреміз.  Бұлай 
айту тіркес екпіні қағидасына үйлеспейді. 
Сөйлемде  ерекше  дәріптеуге  тиісті 
кейбір  сөз  екпінді  айтылады.  Бұл 
логикалық екпін деп аталады. Логикалық 
екпін  сөйлеушінің  немесе  автордың 
мақсаты  мен  позициясын  бейнелейді. 
Логикалық  екпіннің  қандай  сөзге  түсуі 
сөйлеммен  ғана  байланысты  болып 
Ше
те
л қазақт
ары және 
қазақ т
ілі

76
қана  қоймай,  ең  маңыздысы,  сөйлемдегі 
ұстаған орынға, яғни, контекске қатысты. 
Демек, 
логикалық 
екпінге 
талдау 
жасағанда  тілдің  логикалығына,  сөздің  
сөйлемдегі  ерекше  мән-мағынасына 
баса  назар  аударған  жөн.  Кейде  ұқсас 
бір  сөйлем  сөзде  сөйлеу  мақсатының, 
дәріптеу  түйінінің  түрліше  болуына 
байланысты  логикалық  екпіннің  орны 
өзгереді. 
Логикалық  екпін  өзге  екпіндерден 
гөрі  көтеріңкі,  күшті  әуенмен  айтылады. 
Мысалы:  1)  Мен  сенің  жоғарылап 
оқуыңа  қосыламын.  (Басқалар  сенің 
жоғарылап  оқуыңа  қосылмайды);  2)  Мен 
сенің  жоғарылап  оқуыңа  қосыламын. 
(Сен  менен  күдіктенбей-ақ  қой);  3)  Мен 
сенің  жоғарылап  оқуыңа  қосыламын. 
(Жоғарылап оқи алмаймын деудің керегі 
жоқ).  Міне,  бұл  мысалдардан  логикалық 
екпіннің  орны  өзгеріп  отырғанын  көре 
аламыз. 
2.  интонация.  Интонация  дегеніміз 
сөйлемдерді, 
олардың 
бөлшектерін 
сазына  келтіре  сөйлеудің  ырғақты  әуені. 
Сөйлемде дауыстың жоғары-төмендігінің 
өзгерісі  (қойылуы)  мен  қатаң,  баяу,  тез 
айтылуы. Интонация хабар, мақалаларды, 
туындыларды жақсы оқудағы басты буын. 
Сөз сөйлегенде, мақала оқығанда сөйлем 
және  оның  бөлшектері  интонациямен 
сәйкесіп отыруы тиіс. Мұның өзі сөздердің 
дұрыс  дыбысталып,  ұғынықты  айтылуы 
үшін  ғана  емес,  сөйлеушінің  немесе 
автордың  көңіл-күйін  белгілі  дәрежеде 
білдіру  үшін  де  қажетті.  Интонация 
көбінесе синтаксиспен қатысты. 
Грамматиканы  зерттеушілер  сөйлем 
фор ма ларын  көп  реттерде  интонация 
жағынан қарастырады. Яғни, сөйлемдерді 
интона циямен  бірлестіре  отырып  зерт-
тейді. Интонацияда сөздердің мағыналық 
топтары  (сөз  тіркестері)  оқшау  сөздер 
айырым-айырым  әуенмен,  тұтас  сөйлем 
тиісті  әуенмен,  сөйлем  құрамындағы 
кейбір  сөздер  көтеріңкі,  кейбірі  бәсең 
әуен мен 
айтылатындығы, 
сөйлем 
аралығында  кідіріс  жасала тындығы  т.б. 
қарастырылады. 
Интонация 
тілдің 
грамматикалық 
жүйесін,  сөз,  сөйлемдердің  стильдік 
өңін  дәлелдеуде  үлкен  рөл  атқарады. 
Интонацияның  сөз,  сөйлемдегі  қызметін 
төмендегі түйіндерге жинақтауға болады. 
1)  Сөйлемдерді  қалыптастыру  қызме-
тін атқарады. Жұмсалу мақсатына, айтылу 
сазына қарай бөлінетін хабарлы, сұраулы, 
лепті  сөйлемдердің  аражігін  ажыратуға 
көмектеседі.  Әдетте  хабарлы  сөйлемдер 
(баяндау  сипатындағы)  бір  сыдырғы 
баяу  әуенмен  айтылады,  дауыс  сөйлем 
соңында  бәсеңдеп  тоқтайды,  сөйлем 
аралығында  кідіріс  жасалады.  Сұраулы 
сөйлемдер  сұраулық  интонация  арқылы 
көтеріңкі дауыспен айтылады. Өзгелерден 
жауап  күтуді  білдіретін  сөздер  (көбінесе 
сұрау  есімдіктері)  өзге  сөздерден 
басымырақ  әуенмен  айтылады  немесе 
ой  екпіні  түсетін  сөз  баяндалушының 
қасында  тұрады.  Мысалы:  Сен  жолға 
шығуға  дайындалдың  ба?  (Жауап:  Мен 
жолға  шығуға  дайындалдым).  Жолға 
шығуға  сен  дайындалдың  ба?  (Жауап: 
Иә,  жолға  шығуға  дайындалдым).  Лепті 
сөйлем  құрамындағы  бұйрық  сипатты 
лепті сөйлемнің баяндауыштарына (мейлі 
орны ауыссын, ауыспасын) ой екпіні түсіп, 
көтеріңкі  дауыспен  айтылады.  Мысалы: 
Жойылсын  жауыздар!  Қап,  Сәлімнің 
қонақасына келмегені-ай! Жолың болсын, 
қарағым! т.б. 
2)  Сөйлемдерді бір-бірімен байланыс-
тыру  қызметін  атқарады.  Атап  айтқанда, 
сөз  тіркестерінің,  сөйлемдердің  дара 
және  бірыңғай  мүшелерінің,  құрмалас 
сөйлемдердің  аражігін  жымдастыруда 
бейне  жалғау  жалғаулық  сияқты  рөл 
атақарады.  Мысалы:  «Бұл  ауылдың  ақса-
қалы  Бейсенбай  қажы,  одан  кейінгісі 
мен  боламын»  деген  екі  жәй  сөйлемді 
алсақ, әрбір жәй сөйлемнен кейін дауыс 
бәсеңдеп  тоқтайды.  Бұл  сөйлемдерді 
құрмаластырмай,  жәй  сөйлем  түрінде 
жеке  айтуға  да  болады.  Демек,  екі  жәй 
Ше
те
л қазақт
ары және 
қазақ т
ілі

77
сөйлем,  мағына  жағынан  құрмаласып 
айтылғанда  олардың  арасында  дауыс 
тынбайды,  үзілмейді.  Бірінші  сөйлем 
жоғары 
әуенмен 
айтылса, 
екінші 
сөйлем  бәсең  әуенмен  айтылады. 
«Ақылың  орынды,  түзетейін»  деген 
сөйлемге  сол  үшін,  сол  себепті  деген 
жалғаулықтарды 
қосып 
айтуға 
да 
болады, бірақ, жалғаулықсыз айтылғанда 
мағына жағынан бір-бірімен байланысты 
болғандығы  үшін  дауыс  ырғағымен 
тұтастыра  айтылады.  Құрмалас  сөйлем-
де  бастауыш  пен  баяндауыш  маңына 
шоғырланған 
сөздер 
шумағы 
екі 
жарылып,  айырым-айырым  әуенмен 
айтылады.  Мысалы:  «Әсет  ән  шырқаған 
үйге  ауыл  адамдары  толассыз  жинала 
бастады»  деген  сөйлем  екі  жарылып,  екі 
түрлі әуенмен айтылуға тиіс. Бір сыдырғы 
әуенмен  айтқанда  сөз  мағынасына 
нұқсан  келеді.  Қазақ  тілінде  интонация 
сөйлемдердің  бір-бірімен  жалғаулықсыз 
тіркесіп, құрмаласуында зор рөл атқара-
ды.  Жалғаулықтың  көмегімен  жасал ған 
бірыңғай  мүшелер  интонация  арқы лы 
айырым-айырым әуенмен айтылады. 
3)  Сөйлемде оқшаулау қызмет атқара-
ды.  Сөйлемде  синтаксистік  бай ланыс-
та  болмайтын,  сөйлем  мүшесі  орнында 
жұмсалмайтын бір алуан сөздер болады. 
Олар 
қазақ 
тілі 
грамматикасында 
оқшау  сөздер  деп  аталады.  Мағыналық 
қатынасына  қарай  олар  үшке  бөлінеді: 
одағай,  қыстырма,  қаратпа  сөз.  Бұл 
түрдегі сөздер сөйлемдегі өзге сөздерден 
бөлініп, ерекше интонациямен айтылады. 
Мысалы: 
Жаңылмасам,  сіз  осы  мектептің  бас-
тығы Ахмет боларсыз. 
Шіркін, Орқашар жайлау-ақ екен!
Жолдастар! Жиынымыз ашық. 
Ол міндетін, сөз жоқ орындайды. т.б. 
4)  Сөйлемде  айқындау  қызметін  ат-
қара ды. Сөйлемдегі сөздердің мән-мағы-
насын,  синтаксистік  қызметін  айқын-
дауда  интонация  ерекше  рөл  атқарады. 
Мысалы:  қойшы  (зат  есім.  Қойшы  шал 
қой  бақты),  қойшы  (көмекші  етістік. 
Темекі  тартқаныңды  қойшы).  «Ауыр» 
деген  сөздің  де  бірнеше  мағынасы  бар: 
1.  салмақты,  зілді  (оның  көтерген  жүгі 
ауыр);  2.  ауыспалы  мағынада  байсалды, 
салмақты  деген  ұғымды  да  білдіреді 
(ол  ауыр  мінезді  адам).  «Темір  күрек», 
«Асан  мұғалім»  деген  тіркестер  түрліше 
айтылуына  қарай  бірде  анықтауыштық 
(темір  –  күрек),  (Асан  –  мұғалім)  түрінде 
келуі  мүмкін.  Мұндай  омоним  түрліше 
мағынада жұмсалады. Осы тектес тұлғасы 
бір,  мағынасы  басқа-басқа  сөздерді 
айқындауда интонацияның көмегі зор. 
3.  Кідіріс.  Әдетте  сөз  сөйлегенде 
сөйлем аралығында, кейбір жеке сөздер 
арасында  ыңғайға  қарай  кідіріс  жасауға 
тура  келеді.  Кідіріс  жасаудың  екі  түрлі 
себебі  бар:  Бірінші  физиологиялық 
жақтағы  себеп.  Сөйлеп  келе  жатқанда 
ентікті басып азырақ тыныстағанда дауыс 
шықпай  қалады.  Сонда  қайта  тыныс  алу 
қажет болады. Бұл дыбыстың табиғи үзіліс 
жасалуы деп аталады. Бұл физиологиялық 
қажетке  қарай  жасалатын  кідіріс.  Екінші, 
сөздің  тілдік  қажетіне  қарай  жасалатын 
кідіріс.  Сөйленетін  немесе  оқылатын 
сөздің  ұғынықты  болуы  үшін  сөйлемнің 
ыңғайына  қарай  кідіріс  жасап  отыруы 
керек. Сонда сөздер ұғынықты айтылады. 
Мысалы:  «Бүгін  сағат  сегізде  мәжіліс 
ашылады,  мектептің  оқыту  жұмысы 
талқыланады, сізді мәжіліске шақырамыз» 
деген құрмалас сөйлем үш жәй сөйлемнен 
құралған.  Осы  сөйлемдерді  оқығанда 
әрбір  жәй  сөйлемнен  кейін  сәл  кідіріс 
жасалады. Бұл жәй сөйлемдерді кідіріссіз 
бір  сыдырғы  әуенмен  оқып  шыққанда 
сөйлемнің  ритмі  бұзылады,  мағынаға 
нұқсан келеді. 
Жоғарыда біз көркем тіл саласындағы 
үш  маңызды  факторға  жеке-жеке  тоқ-
тал дық.  Жинақтап  айтқанда,  бұл  үш 
факторды қазақ тілінің айтылымында бір-
бірімен  ұштастыра  қолданудың  маңызы 
зор.  Бұл  жөніндегі  қағида,  ережелерді 
жақсы игермейінше хабар, мақалаларды, 
Ше
те
л қазақт
ары және 
қазақ т
ілі

78
туындыларды  ойдағыдай  оқу  мүмкін 
емес. 
Енді тыныс белгілеріне азырақ тоқталу-
дың  артықтығы болмас. Тыныс  белгілері тек 
жазба  тілде  орнын  өгейсітуге  болмайтын 
көмекші  құрал  болып  қоймай,  көркем  
тілде  қолдана  білудің    де    белгілі    рөлі   
бар. Көркем  тіл  –  әдеби тілдің айтылым 
жағындағы  формасы.  Тыныс  белгілері  – 
айтылым  формасының  жазудағы  белгісі. 
Интонацияның,  кідіріс-тің  айтылымдағы 
қызметтері  жазуда  тыныс  белгілері 
арқылы  беріледі.  Тыныс  белгілері  хабар, 
мақаланың  мазмұнын  түсіну  жағынан  да, 
оларды  айтылым  қағидасына  сай  дұрыс, 
дәл оқу жағынан да үлкен көмекші қызмет 
атқарады.  Тыныс  белгілері  көбінесе 
ауызекі  тілдің  қажетіне  қарай  қойылады. 
Жазудағы  тыныс  белгілері  дыбыс  әуені нің 
күшті-күшсіздігімен,  жоғары-төмендігімен  
және  сөйлем  аралығындағы  кідірістің 
ұзын-қысқалығымен 
негізінен 
сайма-
сай  келіп  отырады.  Амал  қанша,  кейбір 
авторларымыз, 
қаламгерлеріміз 
бұл 
жағына      көңіл  бөлмейді.  Тыныс    белгіле-
рінің  рөлін  жете  түсінбейді.  Мақаланы 
қолдан  шығаруды  ғана  көздейді.  Олар 
жазған  хабар,  мақалаларда,  туындыларда 
үтір,  нүкте,  сұрау,  леп  т.б.  тыныс 
белгілерінің  сайда  саны,  құмда  ізі  жоқ 
десек  асырып  айтқандық  болмайды. 
Ондай  белгілер  қойылмайды,  қойылса,  
дұрыс  қойылмайды.  Олар  қойған  тыныс 
белгілері бойынша оқылғанда мақалалар 
логикаға да, грамматикаға да үйлеспейді. 
Ал  кей  авторлар  тыныс  белгілерін 
ережеге  сай  өз  орнында  қолдана  біледі. 
Олар қойған тыныс белгілері тасқа басқан 
таңбадай  көз  алдыңда  айқын  тұрады. 
Мұндай хабар, мақалаларды, туындыларды 
оқығанда дикторлар қиналмайды, түсінікті 
оқиды.  Демек,  тыныс  белгілері  қойылған 
орын дарға  көңіл  бөліп,  ыңғайына  қарай 
азды-көпті  кідіріс  жасау  хабар,  мақаланы, 
туындыны  жақсы  оқуға  көмегін  тигізеді. 
Керісінше, тыныс белгілерінің рөліне көңіл 
бөлмей,  бір  сыдырғы  әуенмен  оқып  шығу 
тыңдарманның  ұғымын  шатас тырады, 
мақаланың  сапасына  да  ықпал  жасайды. 
Тыныс белгілері жөніндегі ережеге бағыну-
бағынбау,  оны  нақтылы  қызметтерде 
қолдану-қолдан бау  адамдардың  сауат-
тылық,  тіл  мәдениеті  дәрежесінің  қан-
шалық екенін өлшейтін сынтас. Сондықтан,  
көркем тіл қызметкерлері тыныс белгілерін 
игеруді  өз  кәсібін  ойдағыдай  орындауда 
орнын  өгейсітуге  болмайтын  көмекші 
құралдардың  бірі  ретінде  қарауы,  оны 
нақтылы қызметтерде қолдана білуге көңіл 
бөлуі тиіс. 
                                                                
                                   
                
Ше
те
л қазақт
ары және 
қазақ т
ілі
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет