Р е д а к ц и я а л қ а с ы Редакция алқасының төрағасы



жүктеу 63.39 Kb.
Pdf просмотр
бет6/12
Дата10.03.2017
өлшемі63.39 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Janar Janapiyanova
Түрки
ядағы 
кіші құрылт
ай

52
(Жәнібек Бердәулетұлының 
300 жылдық мерейтойына)
               
 
 
(Толғау)
Күң мен құлға қыз-ұлы айналған кез,
Атажұрттан айырылып, айдалған кез,
Қайғы бұлты үйіріліп төбемізге,
Басынан бақ  қазақтың тайған  кез.
Халқым менің ботадай боздаған кез,
Қас арғымақ жабыдан озбаған кез,
Ана менен баланы зар жылатып,
Іштегі қайғы-мұңды қозғаған кез.
Сұм кәпір бес қаруын сайлаған кез,
Қайқайтып Қара тауды айдаған кез,
Аруағы артып, қалмақтың бағы жанып,
Қазақты құртуға бел байлаған кез,
Көзден бұлбұл Жетісу ұшқан заман,
Қысық көз бүйіріңнен қысқан заман,
Шыңғыс хан заманынан бергі шақта,
Кім бар менің жеріме сұқтанбаған.
Осылай жылай-жылай ел көшкенде,
Қара ниет қалмақтар еңіреткенде,
Алла   жар боп сыйлады талай батыр,
Қайран елді қайғы-мұң меңдеткенде.
Хан  Абылай, Қабанбай, Ер Жәнібек,
Қорған болған  халқына, ел қамын жеп,
Батыр Баян, Наурызбай, Ер Шақантай,
Қатарынан қайсысы кем қалып ед.
Асып туған дұшпаннан аруағы, 
Бәрі бірдей Алаштың нар ұланы,
Әрқайсысы шеп бұзған дара батыр,
Қорғап қалған қазақтың шаңырағын.
Алты алашқа бәрінің аты мәлім,
Шарлап кеткен  елімнің атырабын,
Ер Жәкемді даралап ҰЛЫ АСТА,
Абыройын жырменен асырайын.
Берген Аллаһ халқының көз жасына,
Күн туғанда қасырет ел басына,
Қараша жұрт жездей боп майрылғанмен,
Кез болмаған қазақта ер жасыған.
Көк дөненмен Жәнібек атой салған. 
«Ер» деп бекер емес-ті атай салған,
Батар күннің жалқынды алауынан,
Жаратылған нұр шапақ атар таңнан.
Абыройы Алашта  асқақтаған,
Ата жауға ел, жерін таптатпаған
Өзім сынды ер жүрек ұл болсын деп,
Атын қойған жөргекте Шақшақ бабам.
Ұлы жүзде атақты асыл тұлға,
Нағашысы Досымбек батыр туған,
«Тартпай қоймас негізге» өмір заңы,
Жақсылардың рухы жақын шыңға.
Өз атасы атақты Алты, Сары,
Олар-дағы жасынның жарықшағы,
Ел батыры болса да  Ер Жәнібек,
Бердәулеттей әкенің аттұсары.
Шешендікпен шендесіп, ақындық тең,
Дала абызы даналық  ақыл біткен,
Сегіз қырлы бір сырлы бар қасиет,
Бір бойынан табылған асыл біткен.
Арманың орындалды
батыр баба

53
Түмен басы Ер Жәкең тұлғасы елдің,
Мыңға татыр қашанда бір басы ердің, 
Тексіз болса нағашы, жиеншарлар,
Ұлы Абай мен Ыбырай  тумас еді.
Алтын түйме, ақ моншақ сабағындай,
«Жақсыны жақсы таниды», даналық-ай!
Оң жанынан Жәкеме орын берген,
Батырлығын таныған  Хан Абылай.
 
Басталғанда тағдырдың аламаны, 
Шер мен мұңды серпілтіп санадағы,
Қос көк бөрі дем берген  Ер Жәнібек,
Керейлердің көкжалы, абаданы. 
Тізе қосып Наурызбай, Бөгенбайға,
Қанат болып қолбасшы Қабанбайға,
Қарсы шапқан тайсалмай қас батырым,
Арыстандай ақырып тәмам жауға.
«Кезек екі, тәңір бір» қалмақ састы,
Аруақты ерлердің мысы басты,
Ақтабан боп шұбырды енді өздері,  
Аман қалған аз тобы Еділ асты.
Жау қырылды, орылған баудай болып,
Қу толағай үйілді таудай болып,
Жәкең сынды аруақты батырларға,
Дұшпаны да сүйінген таңдай қағып.
Оралды жұрт сағынған  Шығысына,
Ұйтқы болған  ЕР ТҮРІК  ұлысыма,
Ел басқарды  Жәнібек, көсем оймен,
Кемеңгері,  халқының ұлы тұлға.
Тарбағатай, Маңырақ, Жайсан көлі,
Қоныс тепті мамырлап байтақ елі,
Қой бастаған серке еді – Ер Жәнібек,
Бақ  дәулеті қазақтың қайта оралды.
Керей, Найман өрледі Өр Алтайға.     
Қаптық, Бәйтік қарт Боғда, Ерен тауға,
Тарбағатай, Бортала, Іле, Құлжа,
Ата жұртқа жайлады ел алшаңдап.
Ұрпақ өсті жайып жас жапырағын,
Ата қоныс толтырды  атырабын,
Қайран Жәкем кешегі көш бастаған,
Қалба таудың жамылды топырағын.
Ұйықта, бабам, алаңсыз ұйықта, батыр, 
Ел жұртына тіріде  тұтқа батыр,
Бақытқа елің кенелді берекешіл,
Өсиетіңді  зерделеп ұққан асыл.
Ұрпақтарың жиналды шартараптан,
Күллі қазақ жерінен – Алты Алаштан.
Қытай, Моңғол, Түркия, Еуропа,
Зар заманда шығандап шекара асқан.
Той басталды, төрінде Астананың
Бірлігіңмен ұйыған мақтан елім.
Мұрындық боп ұлы асқа Сапарбаев
Ту көтерді Шығыстан бастап елін.
Батыр баба Алашқа атың мәлім,
Асын берді ардақтап  асылдарың,
Басында жүр мерейтой, ас қамының,
Тұрсынбек, Несіпбектей ақын, ғалым.
Азат еткен ел, жерін батыр баба,
Пана болған  жатқа да, жақынға да,
Сіз аңсаған «МӘҢГІ ЕЛДІҢ» шаңырағын,
Биіктетті Нұрекең асылзада.
Өтті жалған фәнилік жасын ғұмыр,
Сауын айттық, ер баба, асың бүгін,
Абыройы асқақтап, жасай бермек,
Үш жүз емес, өтсе де отыз мың жыл.
 
***
Қажырлы едік, біз неткен керемет ек!
Бұл бақытты ұрпақтар кемел етпек,
Сүйінші! 
Дүниеге «Назарбаев ЕЛІ» келді міне,
Көк туы көкте мәңгі желбіреді.
Аққан шағы есіліп Есілдің бір,
Сарыарқаның ойнайды төсінде нұр,
Ел бар ма екен біздердей ғарышқа самғай,
Пайғамбарым сияқты пырақпен ұшқан.
Ер Жәнібек сияқты батырлардың,
Аруағын сыйла, елім, басыңды ій.
Бабалардың арманы орындалды,
Қалған қазақ жат елден көшіңді бұр.
   
  
Үзбен ҚұРманБайұлы, 
Моңғолия жазушылар одағының мүшесі

54
Қазақстанда  басталып,  Ресей,  Герма-
ния  және  Түркияда  өз  жалғасын  тапқан 
Жәнібек  Бердәулетұлының  300  жылдық 
мерейтойлық  шаралары    қыркүйектің 
12-14  күндері  Моңғолияның  Бай-Өлке 
(Баян-Өлгий) аймағында өзінің шарықтау 
шыңына  көтерілді.  Қазақстан,  Ресей, 
Моңғолия  және  Қытай  еліндегі  батыр 
ұрпақтарының басын қосқан бұл той «Ер 
Жәнібек» Халықаралық қорының ұйытқы 
болуымен ұйымдастырылды. 
Бай-Өлке - Моңғолияның 21 аймағының 
бірі  саналады.  Ол  елдің  батысындағы  ең 
биік таулы өңірінде 1940 жылы құрылған 
болатын.  Аймақ  13  сұмын  (аудан)  мен 
86  бақтан  (ауыл)  тұрады.  Баян-Өлгий 
халқының саны бүгінгі таңда 91 мың  адам-
ды  құрайды.  Оның  93  пайызы  қазақтар,  
қалғаны Моңғолиядағы өзге ұлт өкілдері.  
Бай-Өлке  аймағының  орталығы  -  Өлгий 
қаласы.   
«Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» 
заманында елін, жерін шапқыншылардан 
қорғауда ерен ерлігімен көзге түсіп, есімі 
ұранға айналған қазақтың қас батырының 
мерейін  өсіріп,  абыройын  асқақтатуға 
Бай-Өлке  жұртшылығы  тайлы-таяғымен 
атсалысты.  Аймақтық  азаматтар  өкілдері 
хуралының  (ААӨХ)  төрағасы  Ләззатхан 
Бұраңұлы    жетекшілік  еткен  мерейтой-
ды  ұйымдастыру  алқасының  жанкешті 
еңбегі  толықтай  ақталып,  нәтижесі  көз 
қуантып,  көңіл  сүйіндірерліктей  болды. 
Бұл  алқа  Бай-Өлке  аймақтық  азамат-
тар  өкілдері  хуралы  басқармаларының 
26-маусымдағы 
қаулысы 
бойынша 
құрылған  болатын.  Оның  құрамында:  
Аймақ  әкімі  іс  басқармасының  бастығы 
Т.Мәңкей (хатшы),  аймақ әкімі Қ.Дәрмен, 
ААӨХ    Басқарма  мүшесі  Д.Мұрат,    ААӨХ 
мүшесі  Қ.Сұлтанхан,  Өлгий  сұмыны 
АӨӨХ  төрағасы  С.Оңғар,  Аймақ  әкімі  іс 

55
басқармасының әлеуметтік даму бөлімінің 
бастығы  С.Ерия,  Моңғолия  ұлттық 
бұқаралық 
телерадионың 
аймақтық 
бөлімшесінің 
директоры 
Р.Сұраған, 
Мәдениет, спорт, туризм басқармасының 
бастығы Қ.Қайнар, Моңғолия мәдениетіне 
еңбек сіңірген қайраткер Т.Сұлтан, Қазақ 
ұлттық  театрының  директоры  М.Ертай, 
Қоғамдық-экономикалық  зерттеу  орта-
лығының  директоры  Г.Золбаяр,  тарих 
ғылымдарының 
докторы 
Б.Өмірбек, 
Дүниежүзі  қазақтары  қауымдастығының 
өкілі 
О.Қабсатар, 
Қариялар 
еркін 
одағының  төрағасы  Ы.Марат,  Моңғолия 
ислам  діндарлары  мүфтият  одағының 
төрағасы  М.Азатхан,  Азаматтар  өкілі 
Қ.Құрметхан бар.
Ер Жәнібек және  
Моңғолия қазақтары
Өлгий қаласындағы Қобда университеті 
бөлімшесінде  өткен  «Ер  Жәнібек  және 
Моңғолия  қазақтары»  деп  аталатын 
халықаралық  ғылыми-тәжірибелік  кон-
ференцияны  Түркітану  орталығының 
төрағасы  Өмірбек  Биқұмарұлы  жүргізіп 
отырды. Бұл алқалы жиын  Моңғолия Ұлы 
Құрылтай  мүшесі,  Мемлекеттік  құрылым 
тұрақты  комитетінің  бастығы,  Бай-Өлке 
аймағының  Ұланбатыр  қаласындағы 

56
Жерлестер  кеңесінің  төрағасы  Бәкей 
Ағыпарұлы,  Моңғолия  ғылым  ака-
демиясы 
бөлімшесінің 
Қоғамдық-
экономикалық  зерттеу  орталығының  ди-
ректоры  Золбаяр  Гаагааұлы,  Дүниежүзі 
қазақтарының  қауымдастығы  Төралқа 
төрағасының  бірінші  орынбасары  Талғат 
Мамашев,  «Ер  Жәнібек»  халықаралық 
қорының  президенті  Мақсұт  Темірбаев, 
Халықаралық  түркология  орталығының 
президенті    Ислам  Қабышұлы  сияқты 
құрметті  меймандардың    құттықтау 
сөзімен ашылды. 
Мәселен  Б.Ағыпарұлы:  «Жаһандану 
үдерісі  қарқын  алған  бүгінгі  таңда,  та-
рихты  зерттеу  оны  жас  ұрпаққа  наси-
хаттап,  түсіндіру  аса  маңызды  міндет 
деп  білеміз.  Батыр  бабамыздың  300 
жылдық мерейтойы қарсаңында ғылыми 
конференцияның  ұйымдастырылуын  өз 
басым  жоғарыда  аталған  міндетті  орын-
дау мақсатында атқарылған шаруалардың 
бірі  деп  бағалаймын.  Ер  Жәнібек  ту-
ралы  зерттеулер  Моңғолия  қазақтары 
тарихының  ажырамас  бір  бөлігі  екені 
даусыз.  Арғы-бергі  тарихты  зерделеп, 
бір жүйеге түсіру, оның шынайы бағасын 
беру  міндеті  бүгінгі  тарихшылардың, 
зерттеушілердің  алдында  тұр.  Келер 
ұрпақ алдындағы осы міндетті орындауға 
өз тарапымнан белгілі мөлшерде қолдау 
көрсететінімді айта кеткім келеді. Жәнібек 
Бердәулетұлының  300  жылдық  мерей-
тойына  орай  ұйымдастырылып  отырған 
іс-шараның қазіргі қоғам, келер ұрпақ үшін 
берешегі  мол  болатындығына  сенімім 
зор»,–  деді.      Т.Мамашев:  «Қазақстанда 
2014 жыл – Ер Жәнібек жылы болды деп 
айтсақ,  артық  болмайды.  Өйткені  батыр 
бабамыздың аруағына арналған шаралар 
Алматыда қаңтар айынан басталып, жер-
жерде  өз  жалғасын  тапты.  Бүгінгі  таңда 
Ер Жәнібек бабамыздың 300 жылдығына 
арналған  шаралар  жер  шарын  ара-
лап  кетті  деуге  де  болады.  Оның  негізгі 
ұйымдастырушылары 
«Ер 
Жәнібек» 
халықаралық  қоры  мен  шаралар  өтіп 
жатқан жердің  жергілікті әкімдіктері және  

57
Дүниежүзі  қазақтарының  қауымдастығы. 
Мысалы,  біз  жазда  Берлин  қаласында 
дәстүрлі  Еуропа  қазақтарының  кіші 
құрылтайын 
өткізген 
кезде 
қазақ 
күресінен Ер Жәнібек бабамыздың рухы-
на арналған  халықаралық үлкен турнир 
өткіздік. Мұндай шаралар қыркүйек айын-
да  Түркияда,  енді  Бай-өлкеде  жалғасын 
тауып жатыр»,– деп  мерейтойлық шара-
лардың  маңызы  мен  мәніне  айрықша 
тоқталды. Сондай-ақ, мәселе той тойлап, 
ат шаптырып, ас беруде емес. Бай-Өлкеде 
өтіп жатқан шаралардың да ең үлкені, ең 
керегі  де  осы  тәжірибелік  ғылыми  кон-
ференция.  Өйткені,  оның  материалдары 
басылып  шығып,  кітап  болып  ұрпаққа 
қалады.  Бұл  материалдармен  жастар  та-
нысып,  өздерінің  білімін  толықтырады. 
Осы  уақытқа  дейін  қаншама  кітап  
шығарылып,  деректі  фильмдер  түсірілді. 
Олар  тарихта  қалады.  Біздің  негізгі 
мақсатымыз  –  ер  бабамыздың  тойын 
өткізе  отырып,  жастардың  санасына  ой, 
жүректеріне  түрткі  салып,    патриоттық 
рухын ояту  дегенді айтты. 
Конференция мәжілісінде Қазақ инно-
ва циялық  гуманитарлық  заң  универ-
ситетінің 
доценті, 
этнограф-тарих-
шы  Мұқаметқазы  Мұқамәдиұлы  Ер 
Жәнібек  зиратын  қалай  тапқанын  баян-
дап  берді.  Р.Сүлейменов  атындағы 
шығыс тану 
институтының 
жетекші 
ғылыми  қызметкері  Нәпіл  Базылханұлы 
«Көшпенділердегі батырлық дәстүр және 
Қазақ батырларының тарихи тектілігі мен 
ерліктерін»,  батырдың  7-ұрпағы  Ербол 
Жылқышыбайұлы  «Жәнібек  Бердәулет-
ұлының  ақ  туы»  туралы,  тарих  ғылым-
дарының  докторы  Ахмет  Тоқтабай  ер 
Жәнібектің  тұтынған  жеке  заттары  тура-
лы баяндап, қазақтың біртуар батырының 
кіндік қаны тамған туған жеріне ескерткіш 
белгі  қою  жөнінде  сөз  қозғады.    Мақсұт 
Темірбаев  «Ер  Жәнібек»  халықаралық 
қорының қолдауымен Қазақстанда жүзеге 
асқан  шараларды  таныстырып,  жарық 
көрген кітаптар, Сd жинақтары мен   өзге 
де  баспа  өнімдерін  мәдени  және  түрлі 
зерттеу орталықтарына сыйға тартты. 
өлгий қаласындағы Ер Жәнібек 
даңғылы мен Келін төбедегі батыр 
ескерткішінің тағаны
Аймақ  орталығының  негізгі  көше-
лерінің  бірі  саналатын  бұл  даңғылдың 
жалпы  ұзындығы  6  шақырым.  «Жас 
ұрпақтың  бойына  ұлттық  тәлім-тәрбиені 
сіңіру,  ұлтжандылық  рухта  тәрбиелеу, 
ата  тарихын  танытуда  бұл  шара  үлкен 
рөл  атқармақ.  Тарихымызды  зерттеу, 
жоғалтқанымызды  түгендеу  ісі  алдағы 
уақыттың  еншісінде  болғанымен,  ұлт 
руханияты  үшін  маңызы  зор  бұл  іске 
әкімшілік тарапынан мүмкіндігінше қолдау 
көрсетілетін  болады.  Бүгінгі  таңда  батыр 
бабамыздың  атымен  аталғалы  отырған 
осынау  көшенің  де  ұрпақ  тәрбиесіне 
қомақты  үлес  болып  қосылары  сөзсіз»,  - 
деді  мерейтойды ұйымдастыру алқасының 
мүшесі  Құрметхан  Қатыранұлы.    Оны 
Жәнібек  Бердәулетұлының  есімімен  атау 
туралы  бастама  көтеріп,  шешім  шығарған 
ААӨХ  өкілдеріне  жұртшылық  атынан  
алғыс білдірген ол сондай-ақ,  Ер Жәнібек 
даңғылынан елдің жүгін арқалаған білімді, 
білікті азаматтар көптеп туа берсін деген 
жүрек жарды тілегін жеткізді. 
Ескерткіш тағанының ашылу рәсімінде 
Моңғолияның  ғылымға  еңбек  сіңірген 
қайраткері,  академик,  доктор,  профес-

58
сор,  Халықаралық  түркология  орталы-
ғының президенті, «Алтын Орда» мәдени 
орталығының  бас  директоры  Ислам 
Қабышұлы: «Бұл өзі Моңғолия мен Кеңес 
Одағын жалғайтын даңғыл жол болған бір 
кезде.  1921  жылы  Моңғол  елін  азат  ету-
ге Кеңес Одағының үлкен армиясы келіп 
Моңғолия  қазақтарын  бодандықтан, 
құлдықтан,  ақтардың  езгісінен  азат  ет-
кен  жер.  Сол  даңғылға  бабамыздың 
ескерткішін  тұрғызуға  халық  бұйырған 
екен.  Бұл  даңғыл  жол  тек  Ресей  мен 
Моңғол елін  жалғастырушы емес, қазақ-
тың  атамекеніне  бастайтын  даңғыл 
жол  болсын»,–  деді.  Ал  ААӨҚ  Басқарма 
мүшесі,  «Ешим»  компаниясының  дирек-
торы  Мұрат  Дәкейұлы:  «Мына  төбені 
біз  үлкен  тартыспен  алдық.  Оның  бой-
ынан  Қазақстанға  баратын  негізгі  жол 
өтеді. Осында бабамыздың үлкен рухты 
ескерткіші тұрсын. Бұл  төбені негізінде 
«Келін төбе» деп атайды. Бұл келіндердің 
батыр  аналарымызға  тағзым  ететін  бір 
орны болсын. Алтайдың 4 емшегін еміп 
отырған  Қазақстан,  Қытай,  Ресей  және 
Моңғолиядағы    4  елдің  қазағы  келіп 
отырмыз.  Ескерткіштің  бас  қаржысын 
өз  мойныма  алам.    Енді  ортамыз-
дан  бір  жақсы  мүсін  шығарып,  келесі 
жылы  ескерткішті  тұрғызуымыз  ке-
рек.  Қаржысы  меннен,  мүсінін  шығару 
сіздерден болсын»,– дегенді айтты.
Ескерткіш 
тағанының 
ашылу 
рәсімінен  кейін  жұрт  бірден  аймақтық 
қазақ  ұлттық  театрындағы  «Алтайға 
ел  қондырған  Ер  Жәнібек»  деген 
тақырыппен 
өткен 
халықаралық 
ақындар  айтысын  тамашалауға  жинал-
ды.  Қытай  мен  Моңғолияның  23  ақыны 
қатысқан  бұл  сөз  додасында,  алғашқы 
күні  12  ақын  іріктеліп  алынды.  Оған 
Дәулеткерей  Кәпұлы  бастаған  қазылар 
алқасы  төрелік  жасады.  Жұма  күні  бас-
талып,  сенбі  күні  негізгі  сайыстары 
өткен  айтыстың  Бас  жүлдесін  Қытай 
Халық  Республикасынан  (ҚХР)  келген 
Қанатбек Зейтоллаұлы жеңіп алды. Одан 
кейінгі  орындарды    Ерлан  Дәулетұлы 
(Моңғолия), 
Ерболат 
Серғажыұлы 
(ҚХР),  Шұғайып Сезімханұлы (Моңғолия) 
өзара бөлісті. 

59
өлгийдің орталық алаңындағы 
мерейтойдың ашылу салтанаты
Аймақтық 
азаматтар 
өкілдері 
хуралының  (ААӨХ)  төрағасы,  мерейтой-
ды  ұйымдастыру  алқасының  жетекшісі 
Ләззатхан 
Бұраңұлының 
айтуын-
ша,  Жәнібек  Бердәулетұлы  дәуір  өзі 
тудырған,  аласапыраны  көп  алмағайып 
заманда  ұлтымыздың  бағына  жаралған, 
бір  бойына  жүрегі  түкті  батырлық,  ел 
бастайтын  көсемдік,  сөз  бастайтын 
шешендік,  отансүйгіштік,  келешекті  бол-
жайтын  көрегенділік,  дұшпанмен  де 
тіл  табысатын  дегдарлық,  бөлінгенді 
біріктіріп,  араздасқанды  татуластыратын 
мәмілегерлік қасиеттер тұтастай тоғысқан, 
жаратылысы ерек, бітім – болмысы бөлек 
тұлға. Ер Жәнібек бабамыз ғасырлар бойы 
басқыншы  жаудан  есеңгіреп  әлсіреген 
Қазақ ордасының қайта қуаттануына, ұлт 
болып ұжымдасуына, көршілес патшалық, 
хандықтармен  терезесі  тең  ел  болып, 
еңсесін  тіктеуіне  өлшеусіз  зор  үлесін 
қосқан.  Қазақтың  ұлы  ханы  Абылайдың 
оң  тізесінен  орын  алып,  сенімді  серігі, 
ақыл қосар кеңесші биі, Керей ұлысының 
ақ  туын  белгілетіп,  басын  қосып, 
іргесін  бекіткен  байырғы  атамекеніне 
қоныстандырып,  ханын  сайлап  жеке  ел 
болдырған  мемлекет қайраткері, бірегей 
туған  дарабоз.  Есімі  ұранға,  өмір  жолы, 
өнеге үлгісі күмбірлі күйге, жыр-дастанға 

60
айналған,  аруақ  қолдап  көк  бөріше 
жортқан  оқшау  тұлға.    Түбі  қазаққа  аты 
мәшһүр  батыр  сардар,  ділмар  шешен, 
ел  бастаған  көсемдігімен  өз  заманының 
заңғар  тұлғасына  айналып,  ұрпақтың 
ұрпағына ұлағат болған ұлы бабамыздың 
300 жылдық мерейтойын белгілеп өткізу 
Моңғолиядағы  қазақтардың    аруақты 
атамыздың  алдындағы  перзенттік  па-
рызы,  ұрпақтық  борышы.    Осы  тұрғыда  
2014  жылдың  шілде  айының  басын-
да    Аймақтық  азаматтар  өкілдері  ху-
ралы    басқармаларының  қаулысымен 
мерейтойдың  атқарылатын  іс-шаралар 
жоспары бекітілген. 
«Мектептерде,  кітапханаларда  Ер 
Жәнібек  бабамыз  туралы  жазылған 
шығар  малардан тақырыптық сұхбат, тал-
қылаулар өткізілді. Сондай-ақ, Моңғолия 
ғылым  академиясының  Бай-Өлке  айма-
ғындағы  қоғамдық-экономикалық  зерт-
теу  орталығы,  Биқұмар  Кәмалашұлы  
атындағы 
түркітану 
ғылыми-зерттеу 
орталығының  ұйымдастыруымен  «Ер 
Жәнібек және Моңғолия қазақтары»   атты 
халықаралық ғылыми мәслихат өткізілді. 
Өлгий  сұмыны  хуралы    басқармасы 
шешімімен 
Өлгий 
қаласының 
бір 
көшесіне  Ер  Жәнібек  Бердәулетұлының 
есімі  берілді  және  таяу  уақытта  бой 
көтеретін  ескерткіштің  тағаны  тартыл-
ды.  Ер  Жәнібек  бабамыздың  мерейтойы 
халқымыздың  ұлттық  рухын  биіктетіп, 
ұрпағымызды  отансүйгіш,  ұлтжанды, 
ұжданды,  рухани  бай  етіп  тәрбиелеуге 
маңызы зор тарихи тағылымды оқиға деп 
білеміз»,– деді Л. Бұраңұлы. 
Талғат  Мамашев:  «Моңғол  жұрты  ба-
лаларын  «сен  моңғол  боп  туғаныңа 
мақтан. Сенің Шыңғыс хандай ұлы бабаң 
болған,  біздің  моңғолдың  үлкен  импе-
риясы  болған»,–  деп  патриоттық  рух-
та  тәрбиелейтінін  білесіздер.  Сіздер  де 
Мен  қазақпын,  ер  Жәнібектей  батырым 
болған,  Абылайдай  кемеңгер  ханым 
болған,    бүгінде  арқамызда  егеменді 
Қазақстан  деген  атажұртым  бар.  Оны 
басқарып  отырған  кемеңгер  Нұрсұлтан 
Назарбаевтай  Президентім  бар»  деп 
мақтануға  әрқашанда  лайықсыздар»,–  
дегенді айтты. 
Мерейтойдың  ашылу  рәсімінен  кейін 
алаңда  Қазақстан  мен  Ресейдің  қазақтар 
көп  шоғырланған  Қосағаш  ауданынан  
арнайы  келген  және  жергілікті  өнер 
шеберлерінің  мерекелік  концерті  мен 
театрландырылған  қойылымы  болды. 
Одан кейін бұл  концерт  түс ауа аймақтық 
қазақ  ұлттық  театрында  қайта  жалғасты. 
Ал,  спорт  кешенінде  ұлттық  спорттың 
жанкүйерлері  қазақ  күресінен  өткен 
халықаралық  турнирді  тамашалады.  
Моңғолия  мен  Қазақстаннан  қатысқан 
100-ге жуық палуан бұл дүбірлі додада 60, 

61
70, 80, 90 және 90 келіден жоғары салмақ 
дәрежелері  бойынша өзара күш сынасты.  
Сондай-ақ, 70 келіден жоғары салмақтағы  
24 спортшы  «Түйе палуан» атағына талас-
ты.  Онда  Бас  жүлде  алған  моңғолиялық 
Серік Берматұлы 1,5 млн. төгрөг ақша мен 
алтын  медальды  иеленді.  Екінші  орын 
алған  қазақстандық  Береке    Рашитұлы 
1  млн.  төгрөг  ақша  мен  күміс  медаль-
ды  қанжығалап  қайтса,    3-орын  алған 
моңғолиялық Аманбек Мұсатұлы 800 мың 
төгрөг пен қола жүлдені олжалады. 
Сары көлдегі ас
Көк аспанында ақша бұлттары жөңкіл-
ген  сайын  дала  төсін  қақ  жарып,  мың 
бұрала    аққан  өзен  бойындағы  самала-
дай ақшаңқай киіз үйлер сырттан келген 
жанды бірден өзіне баурап алады. Тойға 
жиналған  қызықшыл  қауым  мен  оларға 
қызмет  көрсетіп  жүрген  қыз-жігіттер, 
әр  тұстан  түтіні  будақтаған  қазан-ошақ 
пен  гүлден  гүлге  ұшып-қонған  қызылды-
жазылды  көбелектей  бірін-бірі  қуалаған 
жас  балалардың  ойыны  мен  шаттыққа 
толы  күлкісі  адам  жанына  ерекше  сезім 
ұялатады екен.
«Өлі  разы  болмай  тірі  байымай-
ды»  деген  қағиданы  мықты  ұстанған 
халқымыз  қаһарман  ұлының  есімін 
ұлықтауды оның рухына құран бағыштап, 
құрбандық  шалу  рәсімінен  бастады. 
Одан  кейін  ақ  жаулықты  әжелер  жұртқа  
шашу  шашып,  өнерпаздар  тамылжыған 
әсем  ән,  күмбірлеген  күміс  күй  мен 
нақышты  билерін  төл  өнердің  жанашыр 
тыңдарманы  мен  көрерменінің    наза-
рына  ұсынды.    «Алтайға  ел  қондырған 
Ер  Жәнібек»  деген  тақырыппен  өткен 
халықаралық 
ақындар 
айтысының 
және  жазба  ақындар  арасындағы  жыр 
мүшәйрасының жеңімпаздарын марапат-
тау рәсімдері өтті. Той көркін одан кейін 
көкпар, қыз қуу, теңге ілу, бүркітшілер сайы-
сы,  дөнен  және  ат  жарысы  сияқты  ұлттық 
ойындар қыздыра түсті. Азаматтардың ғана 
емес,  олардың  астындағы  тұлпарының  да 
ақыл-парасаты,  күші,  ептілігі,  төзімділігі, 
өнері сынға түсетін көкпардың тақым тар-
тыс түрі бойынша өткен жекпе-жек сайыс-
тары барынша қызықты да тартымды өтті. 
Негізінен  Орталық  Азия  халықтарында 
ғана  сақталып  қалған  көшпенділердің  бұл 
спорттық  ойыны  тойға  арнайы  келген 
шетелдіктерге    де  естен  кетпес  ерекше 
әсер сыйлағаны анық.
Ал, БҰҰ-ның білім, ғылым және мәдениет 
жөніндегі  ұйымына  (ЮНЕСКО)  Моңғолия 
қазақтарының  өнері  ретінде  тіркелген 
бүркітшілер  сайысы  да  көрермен  көзайы-
мына  айналды.  Қазақтың  құсбегілік  өнері 
арқылы  өз  елін  әлемге  паш  етіп  отырған 

62
Моңғолияда  бүгінгі  таңда  500-ге  жуық 
бүркітші  бар  екен.  Онда  ел  үкіметі  жыл 
сайын қазақтар қалың шоғырланған Баян-
Өлгийден    бүркітшілерді  қашықтығы  2000 
шақырымға  жуықтайтын  ел  астанасы 
маңына жинап, сан мыңдаған адамның ба-
сын қосатын  Бүркіт мерекесін мемлекеттік 
деңгейде өткізеді. Бұдан бөлек, өз алдына  
үлкен бір мереке ретінде жылына 2-3 рет са-
ятшылар сайысы өтеді. Жәнібек батырдың 
300  жылдық  мерейтойына  арнайы  ұйым-
дас тырылған  бұл  сайысқа  он  шақты  бүр-
кітші  қатысты.  Құсты  қолға  шақыру  және 
шырғаға  түсіру  сындары  кезінде  қызықты 
жағдайлар  да  кездесті.  Мәселен,  бәзбір 
бүркіттер  иесінің  шақырғанын  елең 
қылмаса,  енді  бірі  шырғаға  емес,  мүлде 
басқа  жаққа  ұшып  кетіп,  жұртшылықты 
қызыққа кенелтті.  
Каталог: storage -> pdf
pdf -> Қазақстан Президенті Нұрсұлтан назарбаевтың Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған салтанатты жиналыста сөйлеген сөзі
pdf -> Құрметті Ассамблея мүшелері! Қадірменді отандастар! Сессияның қонақтары!
pdf -> Р е д а к ц и я а л қ а с ы Редакция алқасының төрағасы
pdf -> ТУҒан тіл / №2 (19), 2013 Редакция алқасы
pdf -> Дүниежүзі қазақтарының ІV құрылтайын
pdf -> Бірінші құрылтай, 1992 жыл, Алматы Н. Ә. Назарбаев: бауырларымызғА ҚҰШАҒымыз ашық
pdf -> 2 алтын бесік а тамекен менің е лім қа зақст ан елбасының ерекше сапары осыдан жиырма бес, отыз жыл
pdf -> Құрметті съезд делегаттары! Қадірлі қонақтар!
pdf -> Ыстық ықлас, достық байланыс Қытай төРАҒасының
pdf -> ТУҒан тіл / №1 (18), 2013 Редакция алқасы

жүктеу 63.39 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет