Р е д а к ц и я а л қ а с ы Редакция алқасының төрағасы



жүктеу 63.39 Kb.
Pdf просмотр
бет4/12
Дата10.03.2017
өлшемі63.39 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Біріншіден,  М.Мақатаев  ұқсатыл май-
тын  дүниелердің  үйлесімділігін  тауып 
ұқсата  білген  шеберлігімен  басқалардан 
ерекше  тұрады.  Сондықтан,  оның  көр-
М. МАҚАТАЕВТың КөрКЕМдіК
диСКурС ӘлЕМі
А. Б. Әмірбекова 
А.Байтұрсынұлы атындағы 
Тіл білімі институтының аға ғылыми 
қызметкері, филология ғылымдарының 
кандидаты 
Шынайы 
ақиқат 
өмір
Көркемдік
әлем
Ақынның ішкі әлемі:
(эмоциясы, аялық 
білімі, аффектілік 
мінезі, көңіл-күйі, 
мәдени,  рухани, 
эстетикалық әлемі
Туған т
іл –  
тұғырым

33
кемдік  әлемін  жасайтын  элементтер 
(дүниелер)  өте  көп.    Қайыңның 
өкшесін 
үсітіп,  құлағына  сырға  тағып,  шәйі  ора-
мал  жауып  тіршілікке  араласқан  қыздың 
кейпіне  үйлестіре  бейнелеген  ақынның 
көркемдік әлемінде табиғат пен адамның 
алма-кезек бірінің орнына бірін суреттеуі 
жиі  кездеседі.  Өзінің  қызын  жүзімге  ба-
лап,  «
бақшамдағы  жүзімді  кім  үзді»  деп 
бейнелеуде  нәзіктікті  нәзік  дүниемен 
теңбе-тең  қоя  білуі  ақынның  танымынан 
туындайды.  Сондай-ақ, 
желдің  қасиетіне 
тентектікті, 
бұлақтың 
қасиетіне 
еркелікті,  теңіз  толқынымен  ашу-ыза-
ны,  бұлтпен  қайғы-мұңды,  жаздың  жай-
дары  жайма  шуақ  күндерімен  жастық 
шақты,  күздің  бұлыңғыр  белгілерімен 
егделік,  есейген  шақты,  қыстың  қатал 
аяздарымен  кәрі  шалды,  бейнелеуінен 
ақынның  табиғат  арқылы  адамның  ішкі 
мінез-құлқын сипаттауға бейім болғанын, 
табиғатқа жақын болғанын байқаймыз.  
Екіншіден
ақынның 
көркемдік 
әле мін де  материалдық  дүниелердің 
абстрак тілі  ойды  түсіндіруге  белсенді 
қолданылғаны  аңғарылады.  Тіпті,  ұқсату-
ға  келмейтін  заттардың  бойындағы 
білінер-білінбес  қасиеттерді  таңдап  алып, 
абстрактілі ұғымдарды танытуы көркемдік 
әлем  жасаудағы  ерекше  модель дерінің 
бірі  болып  саналады.  Мысалы, 
ренішті 
қосылмайтын  рельстерге  теңеуі,  өлім-
ді  –  келмес  кемеге,  уақытты  –  бір  орын-
да  тұрмайтын  сынапқа  теңеуі,  жалғыз-
дықты  –  еменге  балауы  (емен  тамырын 
кең  жаятын  болғандықтан,  жанына 
басқа  ағаштар  өсе  алмайды,  орманда 
жалғыздығымен  ерекшеленеді), 
тағ-
дырды  –  ұры  арбакешке  теңеуі,  түнді 
жамылған  қара  шәлі,  жабылған  пер-
де,  қара  кілеммен  теңестіруі  ақынның 
эстетикалық танымы мен аялық білімінің 
ұшқырлығына  байланысты  болатыны 
сөзсіз.
Үшіншіден, М.Мақатаевтың көркемдік 
әлемін  оның  өзі  жасаған  иконикалық 
бейне-таңбалары толықтырады.
Ақынның  икондық  таңбаларының 
ішіндегі  жандылары  жансызданып,  жан-
сыздарына  жан  бітіп,  тіршілікке  арала-
сып  жатқанын  байқаймыз.  М.Мақатаев 
шығармаларындағы иконды таңбалардың 
басым  көпшілігі  зооморфтық  (жануар-
лар  бейнесіне  ұқсату),  фитоморфтық 
(өсімдіктер  бейнесіне  ұқсату)  және 
антропоморфтық 
(белгілі 
адам 
бейнесіне ұқсату), мифоморфтық (мифтік 
кейіпкерлер  бейнесіне  ұқсату)  бейнелі 
сөздерден құралады. 
Мәселен,  зооморфтық  бейнелі  сөз-
дерді  жасау  барысында  ақын  бөрі  арқы-
лы озбырлықты (
бөрі – әлсіздердің жауы), 
ақиық  құс  арқылы  еркіндікті  (
Ақиық  – 
еркіндіктің  ардагері),  арыстан  арқылы 
батылдықты 
(
Талабым  арыстанның 
жүрегіндей),  түлкі  арқылы  сайқалдықты 
(
Сайқалды  соға  алмаса  құмай  тазы,  Құм 
қылып  жігеріңді  мұңайтады),  көкжал 
арқылы  малшының шақырылмаған қона-
ғын,  самұрық  құс  арқылы  қайсарлықты 
(
Болат  тұяқ  қақшиып,  Қақ  тұмсыққа 
ұмтылды,  Қос  жанарын  арланның,  Екі-ақ 
шоқып  ағызды),    көбелек  арқылы  әлсіз 
адам мен жеңіл мінезділікті (
Көбелек деп 
жүрсің  бе  отты  айналған?  Қуатым  бар 
кеудемде  шоқтай  жанған)  сипаттайды. 
Қанден  ит  өсекшіл  адамға  теңестірілген 
(Артымнан  қанден  өсек  үргенін-ай, 
Қанденмен күресе алмай жүргенім-ай).
Мифоморфтық  бейнелі  сөздер  негі-
зі нен  абстрактілі  ұғымды  ақын  түсіні-
гінше  тереңдетіп,  ойын  дәл  жеткізу 
үшін  қолданылған.  Мысалы,  пырақ  (
по-
эзия  пырағы  жайылып  жүр),  мыс тан 
күндестікті  бейнелеуде  ұтымды  ұқса-
тыл ған  (
Күндестік  деп  алатын  бір  мыс-
тан,  ел  мен  елді,  халық  пен  халықты 
жауластырған). Ең мықты күштілікті ақын 
Туған т
іл – 
тұғырым

34
Алпамыстың  күшіне  теңейді  (
Күшім  бар 
деп  күшіндей  Алпамыстың,  Келсін  ша-
мам,  келмесін,  шаруам  жоқ,  Геркулеспен 
келеді арпалысқым).
Ақынның  көркемдік  әлемі  фитоморф-
тық  бейнелі  сөздерге  толы.  Себебі, 
оның  жан  дүниесіндегі  әрбір  ой  табиғат 
әлемімен  теңестірілген.  Мәселен,  «өсек» 
пен  «шеңгел»  ұғымдарының  арасынан  
бір ұқсастық табу қиын. Бірақ, ақын өсек 
адамды қандай шырмауық шырғалаңына 
түсіріп, жаныңды жырып өтсе, шеңгелдің 
де  шырмауықтай  шиматылып  өсетіні, 
тырнайтын  тікенектері  болатын  қасиет-
тері  өзара  үйлестірілген.  (
Сол  үшін 
жүрек  жабырқау  Шеңгелінде  өсектің). 
Қызғалдақ  ақынның  көркемдік  әлемінде 
жас  бойжеткен  қыз.  (
Күн  жауған  шақта 
қайтатын  едік  қырманнан,  Көтеріп 
алып,  өтетін  едік  сулардан,  Қызғалдақ 
қызды  жаңадан  ғана  бүр  жарған).  Ал, 
жастық  шақты  жауқазын  гүлмен  сим-
волдау  ақын  өлеңдерінде  көп  кездеседі. 
(
Жаңа жарылған жауқазын едің көктемде,  
Жылысып  жазың  өткен  бе).  Майысып 
өскен  қайыңның  сыртқы  бейнесін  ақын 
бірде  мас  адамға,  бірде  белі  майысқан,  
бұралаңдаған сылқым қыздарға теңейді. 
Антропоморфтық  бейнелі  сөздердің 
бірқатары  ақынның  өзі  құрметтеген  та-
нымал  ақын-жазушылардың  тұлғасымен 
суреттеу  негізінде  жасалған.  Ілияс 
Жансүгіровтің  ақындық  қасиетіндегі 
ерекшелік ақынның өлеңдерінде жиі тілге 
тиек  болып  отырады.  Мысалы, 
Төңкеріл 
толқын  болып,  аунап  барып,  Шықты 
бір  Ілиястай  саңлақтанып.  М.Мақатаев 
өзін  Махамбеттің  сарқыты  ретінде  та-
ниды.  Ақынның  осы  ойы  өлеңінде 
антропоморфтық  иконды  таңбаға  айна-
лып отыр:    
Махаңдар жоқ! Махаңдардың 
сарқыты  –    Мұқағали  Мақатаев  бар 
мұнда.  Осы  сияқты  ақынның  көркемдік 
әлемінде  сократ  маңдай  эпитеті  ежелгі 
грек  ойшылы  Сократтың  тұлғалық  бей-
несін  ұқсату  элементі  ретінде  қолдануы 
анропоморфтық бейнелілік жасауға негіз 
болғанын  аңғарамыз.  М.Мақатаевтың 
көркемдік  әлемінде  адамның  тұлғалық 
бейнесіне ұқсату арқылы айтылмақ ойды 
жеткізумен  қатар,  керісінше,  тұлғаны 
таныту  үшін  оның  тұлғалық  ерекше 
қасиетін  басқа  әлемге  теңеу  шеберлігі 
де иконды таңбаларды жасауда белсенді 
қолданылады.  Мәселен,    белгілі  жазу-
шы  Ғ.Мүсіреповті  ақын  жомарт  күзге 
теңейді.  Не  себепті  бұлайша  теңейтіні 
мәтін құрылысынан анықтау қиын болды. 
Шамасы екеуі де замандас болғандықтан, 
Ғабит  Мүсіреповтің  Мұқағали  ақынға 
қамқорлығы, достығы, сыйластығы ерек-
ше  болған  болса  керек.  «
Ғабеке,  анда-
санда  сізді  көрем,  Сізді  көрсем,  жомарт 
бір  күзді  көрем».  Сол  сияқты  М.Мақатаев 
«
маржан  жырдың  мөп-мөлдір  бір  түйірі» 
деп  Т.Айбергеновке  баға  береді.  Нағыз 
шыншыл  ақынның  жастай  өмірден 
өтуі  Мұқағалиға  әсер  еткені  соншалық, 
өлең  жолдарында  былайша  бейнелі 
баяндайды:  Бара 
жатыр  жерлеуге  шын 
ақынды,  Маржан  жырдың  мөп-мөлдір  бір 
түйірі.  Құмға  түсіп  кетті  де  уатылды. 
Демек,  М.Мақатаевтың  антропоморфтық 
көркемдік  әлеміндегі  бейнелі  сөздер  де 
ақиқат дүние элементтерін өзара үйлесімді 
ұқсату, теңестіру арқылы жасалады.
М.Мақатаевтың  иконды  таңбалар 
әлемін де  ерекше  көзге  түсетіні  натуро-
морфизмдер,  яғни,  табиғат  әлемі.  Ақын-
ның  бейнелік  әлемі  тұтастай    өзі  өмір 
сүрген  ортасының  табиғи  әлемін  бейне-
леуден құралған десек те болады. Себебі, 
ол  қуанса  да,  қайғырса  да,  шаттанса  да, 
мұңайса да, ренжісе де, кектенсе де  бәрін 
табиғаттың дүлей күшімен теңестіре бей-
нелеген.  Мысалы,  жайлау,  жаз,  көктем 
ақын  өлеңдерінде  қуаныш,  шаттыққа 
толы  эмоцияны  бейнелеуде  белсенді 
Туған т
іл –  
тұғырым

35
қолданылады  (
Жастықтың жайлауы),  ал 
жауын,  жаңбыр,  бұршақ  –  жылау,  еңіреу 
эмоциясын  (
Көз  жасымды  жаңбыр  етіп, 
Қара жолдың шаңын бастым), бұлт, тұман 
–  қайғы,  мұңды  бейнелейді  (
Шұғыла  боп 
содан  соң  ашыл  дағы,  Бұлтымды  таста 
серпіп  басымдағы),  дауыл,  жел,  нөсер, 
найзағай – ашу, ыза, кек сияқты аффектілі 
сезімді  бейнелеуде  жиі  қолданылған 
(
Дауыл  ұлып  жатады,  толқын  ұрып, 
Шайқаласың өмірдің кемесінде).  Мұқағали 
ақын өзінің арманын таудың биік шыңына 
теңеп, соған жетуді көздейді. Ал өзін сол 
таудың  басында  еркін  мекендейтін  тау 
тағысына теңейді. Тауларды кәрі қарияға 
теңеп,  оларды  ақ  бас  шалдар,  сәлде 
ораған  қариялар  деп  бейнелеп,  әлемнің 
үстінен  қарап  тұрған  көшбасшы  ретінде 
сипаттайтын  тұстары  да  бар.  Ақынның 
натуроморфизмдерін  бұлайша  талдау-
дан  гөрі,  лингвостилистикалық  жүйеде 
метафора жасау, теңеу жасау, эпитет жа-
сау модельдері қандай болғанын сөздікте 
айқын көрсетуді жөн көрдік. 
Төртіншіден,    М.Мақатаев  ұлттық 
материал дық  бұйымдарды  бейнелі  сөз-
дер  құрылымында  жиі  қолданады.  Мы-
салы, ұршықты соғыстағы баласын сары-
ла  күткен  кемпірдің  деталі  ретінде  нәзік 
бейнелейді. 
Ұршығындағы жібі жіңішкере 
үзілген  әжемнің  көңіліне  жаман  ой  келді.  
Сондай-ақ, 
ұршықтың 
зырылдаған 
бейнесі күнделікті күйбең тіршілікпен, та-
усылмайтын бейнетпен теңелуін ақын бы-
лайша жырлайды: 
Күн сайын Күн шыққаны: 
Тіршіліктің  зыр  қағып  ұршықтары, 
Әженің  таусылмаған  түйдегіндей,  Дома-
ланып, иіріп, тыншытпауы.    
Шолпы заты ақын өлеңдерінде қыздың 
бейнесін  сомдауда  емес,  бұлақтың 
сыңғырын, бұлақтың бейнесін сипаттауда 
белсенді қолданылады. Мысалы,  
Шолпы-
лы бұлақ  (Шомылып алам әуелі Шолпылы 
сылдыр бұлаққа). 
 
Қамшы ақын өлеңдерінде билікті бей-
нелеуде,  тағдырды  бағындыратын  құрал 
ретінде    суреттеледі. 
Өмірге  қамшы  ой-
нату,  дүлділіме  қамшы  салу,  бұзықтық 
қамшысындай ирелеңдеу  сияқты  бейнелі 
сөздер қатарын жасауда қолданылған. 
Шәйі  орамалдың  желпінгіш,  сусылдақ 
қасиеті  самал  желді  сипаттауда  (
Балау-
са  бел,  құба  жон,  бал  құрақтан  Шәйі  са-
мал  желпиді  балбыратқан),  сағымды 
бейнелеуде  (
Сағымнан  шәйі  жамылған, 
Қырмызы  тоты  құстар-ай),  (Сағымның 
шәйі желегін, Тентек жел жұлып алыпты), 
шаттыққа бөленген көңіл-күйді суреттеу-
де (
Желпіп жібер шаттықтың шәйісімен, 
Бүкіл мына ғаламның мұңын бер де), сары 
шәйі  –  күзді  бейнелеуде  (
Сағыныштай 
сарғайып жанды ма күз, Сары шәйі жамы-
лып алды ма түз) қолданылған. 
Ошақ  белгілі  бір  бастаманың  ұйыт-
қысы,  ортасы  ретінде,  берекесі  ретінде 
суреттеледі.  Мысалы,  жыр  ошақ,  бола-
шақ тың ошағы.
Шымылдық  белгілі  бір  дүниенің 
ашылуын  немесе  жабылуын  сипаттау-
да  қолданылады.  Мысалы,  Шындық  – 
шымылдық    ( 
Шындық  деген  шымылдық 
біреулерге Қалқа қылып шындықты жүрер 
пенде  Шымылдығын  шындық  кеп  жұлып 
алса, Шыбыны ұшып бейшара кірер жерге), 
Ақ таң – шымылдық (
Ақ тауға асылғанда ақ 
таң келіп, Ашылған ақ шымылдық мақпал 
дерлік), Тау – шымылдық салбыраған (Түні 
мынау  тамыздың  маужыраған,  Тауың 
анау – шымылдық салбыраған). 
Қазан  –  белгілі  бір  берекелі  орта 
кеңістігін  сипаттайтын  бейнелі  таңба. 
Ақын өлеңдерінде 
Жыр қазаны, Қазақ жері 
– алып бір қара қазан деп суреттелген.
Кілем – ақын өлеңдерінде күзгі жерді, 
көктемгі  жерді,  түнді  бейнелеуде  жиі 
қолданылған  бейнелі  таңба. 
Күрең  жер 
–  тозған  кілемдер.  (Жыртылып  жатыр 
күрең жер, Күрең жер – тозған кілемдер), 
Туған т
іл – 
тұғырым

36
Күрең бел – жиған кілемдер. (Күрең тау анау 
күрең бел, Күрең бел – жиған кілемдер). 
Дала – кілем (Түгі кетіп, жарғаққа айналған 
ба, Көздің жауын алатын дала кілем). 
Түн – 
қара кілем (Шығыс жақтан бозалаң беріп 
ірең, Баяу ғана түріліп қара кілем).
Бесіншіден, М.Мақатаевтың көркемдік 
әлеміндегі  кеңістіктің  өзін  сан  түрлі 
бағыттарға  жіктеп  қарастыруға  бола-
ды.  Себебі,  ақын  көк  пен  жердің,  тау 
мен  құздың,  оң  мен  солдың,  биіктік 
пен  аласаның,  алыс  пен  жақынның, 
тіпті,  ғарыштағы  кеңістіктің  де  бейнелі 
таңбаларын жасай білген. В. Савельеваның 
ұсынған  көркемдік  кеңістік  түрлеріне 
сүйенетін болсақ, ақында ақиқат дүниені, 
әсіресе,  дерексіз  ұғымдарды  бейнелеу-
де  осы  кеңістіктік  бейнелерді  ұтымды 
қолданады. 
1. Көлденеңді кеңістік бейнелер. Бұл 
бейнелер негізінен кеме, өзен, 
дария, мұхит, теңіз, жол, орман, меке-
ме,  мектеппен  таңбаланған.  Бұл  бейнелі 
кеңістік таңбалары өмірді, өлімді, ақылды 
суреттеуде белсенді қолданылған. 
Дария  –  кеңістік  бейнесі.  Өмір  –  да-
рия  (Көрдің  бе  бір-біріне  дөп  келуін,  Бір 
қырсық бір қырсықпен шектелуі? Балам-
ай,  мынау  өмір-  дарияның,  Білмейсің 
қайда  екенін  өткелінің. 
Өлім  –  дарияң 
бітіп, тартылу         (Дәрменсіз, ойсыз шарқ 
ұрып,  Қалғанша  қатып  қайғыға,  Дариям 
бітіп, тартылып, Кіргенше өлім қойнына). 
Дария – ақыл (Жүрегің – от, дария-ақылың 
кең). 
Өмірдің  дариясы.  Дариясы  өмірдің 
шайқалмайды,  Дәрмені  жоқ  бір  пенде 
жылағанда.
Кеме  –  кеңістік  бейнесі.  Жүрек,  кеуде 
кеңістігін бейнелеу үшін, үміт, дәуір, өлім, 
достық, арамдық, өмір сияқты абстрактілі 
ойды  бейнелеу  үшін  қолданылған. 
Жүрек  –  мұхит    кемесі.  (Жүрегім  менің 
жүйткіп  жүзген,  Долы  мұхит  кемесі). 
Кер  үміттің  кемесі.  (Әрі  күттім  амал-
сыз,  бері  күттім,  Кемесіне  жармасып  кер 
үміттің). 
Достықтың кемесі  (Аңыраймын 
иесіз  жағалауда,  Айырылып  достықтың 
кемесінен). 
Өмірдің  кемесі.  (Дауыл  ұлып 
жатады,  толқын  ұрып,  Шайқаласың 
өмірдің  кемесінде). 
Арамдықтың  кемесі. 
(Арамдықтың  кемесінде  шайқалған,  Тен-
тек  болған  тайыншадай  ділгірдім). 
Дәуір 
–  кеме.  (  Дәуір  атты  кеменің  жотасында, 
Нық  тұрмын  аяғымды  анық  басып). 
Өлім 
–  келместің  кемесі.  (Неменеңе  жетістің, 
бала  батыр?  Қариялар  азайып  бара  жа-
тыр.  Бірі  мініп  келместің  кемесіне,  Бірі 
күтіп, әнеки, жағада тұр)
Өзен  –  кеңістік  бейнесі.  Ақиқат 
ұғымдарын  бейнелеуде  белсенді  қол-
данылады. 
Ақиқаттың  өзені  (Шомы-
лып  ақиқатты  өзенінде  Шыныға  ма 
шындықтың өз елінде?).  
Теңіз – кеңістік бейнесі. Өмірді, ақындық 
шабытты,  дүниені,  қайғыны  бейнелейтін 
маңызды бейнелі таңбалардың бірі.  
Өмір 
– теңіз. (Өмір – теңіз, ол теңізде мен шабақ, 
Тұтпақ болып түрлі қауіп тұр қарап). 
Ақын 
– тулаған теңіз. (Өзіңсің солай жаратқан 
Өзегі  жалын  бұл  балаң  –  Шағаласы  бар 
тулаған,  Теңіздің  сыры  белгілі).   
Дүние  – 
теңіз.  (Сұрғылт  дүние  теңізінен  Сұстана 
қорқып  жиренген). 
Қайғы  –  теңіз  боп 
теңселу. (Көзіңнің жасын көрсетпе маған, 
еңселім,  Қайғыру  саған  –  Қара  теңіз  боп 
теңселу). 
Жол – кеңістік бейнесі. Жол – ақынның 
көркемдік әлемінде өмірді сипаттау үшін 
қолданылған. 
Өмір  –  соқпақ  жол.  (Ала 
жүрген бақыт пенен сорың бар, Соқпағы 
көп  сорға  лайық  жолың  бар). 
Өмір  – 
жол.  (Кім  білсін  болашағым  әлде  жарық, 
Көлденеңсіз  жол  шығар  айқын,  анық). 
Өмір  –  соқпақ  жол.  (Құмартамын  өмір, 
саған жалғыз-ақ, Соқпағы көп қара жолың 
қауіпті,Үмітті үзіп, ойыма арман салғызад). 
Өмір  –  жол.  (Өмірде  кең,  даңғыл  жол 
қайда... Дауылдар, жауындар болмай ма?).
Туған т
іл –  
тұғырым

37
Орман, тоғай – кеңістік бейнесі. Адам-
ды  суреттеуде  кеңінен  қолданылады. 
Адам  –  бір  жыныс  тоғай.  (Әрбір  адам 
бір-бір  жыныс  тоғай  ғой.  Ну  орманнан 
шыққаннан да жол тауып, Еркін келіп, еніп 
кету – оңай ғой). 
Шаш – қара орман. (Сенің 
жүзің көкте күннен, жерде гүлден жаралған.  
Шашың  сенің  жан  баспаған  жапандағы 
қара орман). 
Өмір – орман. (Келіп ем өмір – 
орманға Наурыз айы туғанда).
мектеп  –  кеңістік  бейнесі.  Өмір  – 
мектеп.  (Баяғыдай  мінезім,  ақылым  да 
Кеткен  жоқ  әлі  ұзап  шақырымға  Өмір 
деген мектепті бітіре алмай Көше алмай-
ақ    келемін  бір  кластан). 
Өмір – дәу мек-
теп.  (Өзіңнен,  тегінде,  мен  аттанам 
сенімменен.  Ассалаумағалей күм,  Дәу 
мектеп, өмір деген!)
мекеме  –  кеңістік  бейнесі.  Өмір  – 
өз гермес  мекеме.  (Той  жасап,  торқа 
төсеп  шабылмаған,  Демек,  тойдың  жаб-
дығы  табылмаған,  Өмір  дейтін  өзгер-
мес  мекеменің,  Алдында  әжем  мені 
қабылдаған).
Түрме – кеңістік бейнесі. Мұң – түр медегі 
жүрек. (Білемін, керемет бір күн келеді! Жай-
найды жасыл бағым, гүлденеді. Білмеймін, 
оны маған кім береді, Кім босатар жүректі 
түрмедегі?  Түрмедегі жүректі кім көреді?!). 
Өмір – Чилидің түрмесіндей. (Жүректің ама-
натын  ойға  алмасам,  Маған  өмір  Чилидің 
түрмесіндей). 
Ой  түрмесі.  (Ақ  боз  үйдің 
атан  тұр  іргесінде,  Шопан  отыр  ойының 
түрмесінде).   
Кеуде  түрмесі.  (Көңілдегі  ой 
көмейге кептелді де, Түрмесіне кеудемнің 
қайтарылды).
Сахна  –  кеңістік  бейнесі.  Сахна  дала. 
(Өрекпіп бұлттар өткенде сахна даладан, 
Сақтан  деп  аспан  соққанда  дойыр  бара-
бан). 
Өлім – өмір сахнасынан жөнелу. (Өмір 
жолын либерал боп бастады. Өмір сахна-
сынан  жөнелді.  Ол  өлді!).    Өмір  сахнасы. 
(Өмір сахнасына алған заңды билетім бар, 
Заңды орныма таласамын!). 
1. Тік  кеңістік  бейнелері.  Бұл    бей-
нелер  аспан,  көк,  тау,  шың,  құз,  жар, 
бас пал дақ,  жанартау  (вулкан)  бейнелік 
таңбалары  арқылы  суреттеледі.    Тік 
кеңістік  бейнелері  өмірге  ұмты лыс, 
арманға  жету,  өлім,  тағдыр  сияқты 
абстрактілі ұғымдарды танытуда ұтымды 
қолданылған. 
Тау  –  тік  кеңістік  бейнесі.  Тағдыр  – 
көлденең жатқан тау. (Ей, Тағдыр, білесің 
бе? Мен саған бағынбаймын. Бар ма тағы 
беретін зарың, қайғың?! Көлденеңдеп жо-
лымда тау боп тұрсың).
Баспалдақ  –  тік    кеңістік  бейнесі. 
Өмірдің баспалдағы. (Аттай жүріп өмірдің 
баспалдағын,  Бірі  менмін  қайғыдан 
қашқан жанның). 
Қырық жас – қырқыншы 
баспалдақ.  (Қыршын  жастық  –  сен  менің 
ғашықтығым,  Қырқыншы  баспалдақ  ба-
сып тұрмын).
Шың  –  тік  кеңістік  бейнесі.  Бақыт  – 
биік шың. (Мен шыға алмас шың едің, шын 
бақытым, Әлі де биікпісің, биікпісің).
Жер асты – тік кеңістік бейнесі өлімді 
бейнелеуде белсенді қолданылады. 
Өлім 
–  жер  астынан  баспана  алу.  (Қарт  кетіп, 
жер астынан баспана апты, Байлық қапты, 
бақ қапты, басқа қапты).
М.Мақатаевтың  көркемдік  әлемін дегі 
жиі  қолданылған  бейнелі  таңба ларды 
осылайша  іріктеп  алғаннан  кейін,  оның 
бейнелі  сөздеріне    лин гвос  тилистикалық 
талдау  жасауға  әлдеқайда  жеңіл  бола-
ды.  Себебі,  жо ға ры  аталған  басты  бейнелі 
таңбалар  ақын  тіліндегі  метафоралық 
қолданыс тарда  да,  теңеуде  де,  периф-
раз  құрылымдарында  да  қолданысқа  ие 
болған.  Ең  бастысы,  аталмыш  бейнелі 
таңбалар  ақынның  концептосферасын 
тануға  үлкен  мүмкіндік  береді.  Қорыта 
келгенде, ақынның көркемдік әлем жасау 
моделін  анықтау  арқылы  оның  бейнелі 
сөз  жасау  шеберлігін  де  айқындауға  бо-
лады. 
Туған т
іл – 
тұғырым

38
Қыркүйектің  25-і  күні    Өскемен  қала-
сындағы  этноауылда  өңірлік  отандастар 
форумы  болып  өтті.  Оған  облыс  әкімі 
Бердібек  Сапарбаев,  Денсаулық  сақтау 
және  әлеуметтік  даму  министрлігінің 
Еңбек,  әлеуметтік  қорғау  және  көші-қон 
комитеті  төрағасының  орынбасары  Ас-
лан  Қаржаубаев,  аудан  әкімдері,  басқа  да 
құрметті  қонақ тармен  бірге  Дүниежүзі 
қазақтары  қауым дастығының  осы  облыс-
тағы филиал бас тығы, Қазақстанның еңбек 
сіңірген  қайраткері  Жұмәділ  Әділбаев 
пен  Алматыдан  осы  мақаланың  авторы 
мен бардым. 
Этноауылда  түрлі  көрмелер  ұйымдас-
тырылыпты. Қытай Халық Республикасы-
нан  келген  Арзыгүл  Маханқызы,  Гүлзия 
Ерекеш,  Бақытқазы  Сейілғазы,    Іргебай 
Бағи,  моңғолиялық  ағаш  шебері  Бақыт 
Кеңшілік,  кәсіпкер  Нұрмағамбет  Семи-
нар  қатарлы  көптеген  ағайындардың 
қолөнер  туындылары  қойылыпты.  Туын-
ды иелерін әкімге Жұмыспен қамту және 
әлеуметтік  бағдарламаларды  үйлестіру 
жөніндегі  басқарма  басшысы  Садықова 
Айжан Ерханқызы таныстырды. 
Форумға  Катон-Қарағай  ауданының 
әкімі  Байғонысов  Қалиқан  Байғозыұлы 
да  келіпті.  Ер  Жәнібек  бабамыздың  300 
жылдық мерейтойына Моңғолияға Мама-
шев Талғат, Темірбаев Мақсұт аға үшеуміз 
барғанда  осы  азаматпен  қатар  Ішкі  сая-
сат  бөлімінің  басшысы  Садуов  Қалижан 
Қабышұлымен, музей директоры Қажаев 
Оралғазы  Дәуітұлымен,  кәсіпкер  Ата-
баев  Ерболатпен  танысып,  сапарлас 
болғанымыз  бар.  Облыс  әкімі  көрші 
Моңғолия  елінің  Баян-Өлгий  аймағында 
тұратын  қазақ  диаспорасына  да  көңіл 
бөліп, көмектесіп отырады. 
Форум  этноауылдағы  киіз  үйде  өз 
жұмысын бастады

39
Қазақстан  Республикасының  Прези-
ден ті  Н.Назарбаевтың  «Алыста  жүрген 
ағайындарға  ақ  тілек»  атты  әйгілі  хатын-
да  «...Халқымыздың  тұрмыс-тіршілі гіне, 
еліміздің  ішкі,  сыртқы  саясатына  ұлы 
өзгеріс  алып  келген,  барлығымыз  үшін 
үлкен сын болған 1991 – қой жылы тарих-
та  қалып,  үміт  пен  күдігі  мол  жаңа  1992 
жыл  келді.  Тағдыр  тәлкегіне  ұшырап, 
жер  бетіне  тарыдай  шашырап  кеткен 
отандастар,  қандас  бауырлар,  Сіздерді 
Жаңа  жылдарыңызбен  шын  жүректен 
құттықтай 
отырып, 
әрқайсыңыздың 
отбасыларыңызға  мол  бақыт,  қуаныш 
тілеймін.  Аспанымыз  әрқашан  ашық 
болсын!  Сіздермен  атамекенде  табыса-
тын, емін-еркін қауышатын күнге тезірек 
жетейік.  1991  жыл  қазақ  елі  үшін  та-
рихта  алтын  әріппен  жазылып  қалатын 
жыл  болды...»,–  деп  қандастарды  тарихи 
отанға шақырғаны мәлім. 
– Егемендік алғаннан бері елімізге бір 
миллионнан астам қандастарымыз орал-
ды,  – дей келіп облыс әкімі Б.Сапарбаев: 
«Сол  ағайындардың  55  мыңға  жуығы 
Шығыс 
өңіріне 
қоныстанған. 
Осы 
қандастарымызға  28  млн.  теңгенің  әлеу-
меттік  көмегі  көрсетіліп,  799  отбасы 
баспанаға  ие  болды.  430-дай  адамға 
600  млн.  теңге  көлемінде  жеңілдетілген 
несиені  олардың  кәсіпкерлігін  дамы-
тып, жұмыспен қамту мақсатында бердік. 
Нәтижесінде  ағайындар  өздерінің  жеке 
кәсіптерін  дөңгелетіп,  табысты  еңбек 
етуде.  Бұған  қоса,  Өскеменнің  іргесінен 
«Нұрлы  көш»  бағдарламасымен  Шығыс 
ауылы  салынды.  Курчатов  қаласында 
230  отбасына  көп  қабатты  тұрғын 
үйден  пәтер  бердік.  Егіншілікпен,  мал 
шаруашылығымен  айналысу  үшін  жер 
телімдерін  бердік,  жұмыс  істеймін  деген 
адамдарға жол ашық»,– деп сөзін аяқтады. 
Сөз  кезегі  облыс  әкімінің  орынба-
сары  Нұрымбет  Сақтағановқа  берілді. 
Ол  «Аймағымызға  14  420  отбасы  қоныс 
аударған,  олардың  58  пайызы  еңбек 
жасындағы  адамдар  болса,  28  пайы-
зы  –  мектеп  оқушылары,  14  пайызы 
–  зейнеткерлер.  Жергілікті  атқарушы 
органның  қолдауымен  сегіз  жүзге  тар-
та  отбасы  тұрғын  үймен  қамтылып,  120 
адам жер телімдерін алып, өз күштерімен 
үй  салды.  Сондай-ақ,  595  адамға  жеке 
шаруашылықтарын  жүргізу  үшін  жер 
телімдері берілген. Тек 2012-2014 жылдар 
аралығында  оралмандарға  көрсетілген 
әлеуметтік көмекке келер болсақ: Атаулы 
әлеуметтік көмек 685 адамға 7,9 млн.теңге, 
тұрғын  үй  көмегі  347  отбасыға  13,5  млн. 
Туған т
іл – 
тұғырым

40
теңге,  балаларға  берілетін  мемлекеттік 
жәрдемақы  811  отбасыға  6,2  млн.  теңге, 
біржолғы  көмек  64  отбасыға  900  мың 
теңгені  құрады.  Сондай-ақ,  2012-2014 
жылдар  аралығындағы  оралмандардың 
2827 отбасына 4654  мың теңге көлемінде 
несие берілген. 
Аудан
Қоныстанған 
отбасы саны
А д а м 
саны
Аягөз
12
54
Абай
1
2
Ұлан
187
394
Тарбағатай
153
396
Катон-Қарағай
21
37
Күршім
139
285
Көкпекті
24
63
Зырян
18
31
Зайсан
565
708
Жарма
181
390
Глубокое
127
248
Бородулиха
5
12
Бесқарағай
2
2
Шемонайха
 1     
3
Үржар
860
1103
Курчатов қаласы
33
58
Риддер қаласы
-
-
Семей қаласы
75
130
Өскемен қаласы
423
738
Барлығы
2827
4654
 
БҰҰ-ның Даму бағдарламасы аясында осы 
облыста  оралмандарды  бейімдеу  және 
әлеуметтік ықпалдастыру орталығы ашы-
лыпты.  Орталықта  мүмкіндігі  шектеулі 
жандарға,  тұрмысы  төмен  отбасыларға 
және  шеттен  келген  қандастарға  жан-
жақты көмек көрсетіліп тұрады. Және де  
«Бизнестің жол картасы – 2020», «Сыбаға» 
бағдарламалары бойынша шеттен келген 
ағайындармен  жақсы  жұмыс  жүргізіліп 
жатқанымен,  Риддер  қаласы,  Зырян,  Бо-
родулиха,  Шемонайха  сынды  аудандар-
да  жүргізіл  жұмыс  көңілден  шықпайды.
Бердібек  Сапарбаевтың    «Сіздердің  ау-
данда  қанша  оралман  отбасы  тұрады? 
Оларға қолдау-көмек көрсету бағытында 
қандай  жұмыстар  атқарылуда?»  деген 
төтесінен  қойған    сұрағына  Зырян  ауда-
ны  әкімінің  орынбасары  еш  жауап  бере 
алмады.    Тым  болмаса,  қандай  форумға 
қатысатынын ойламағаны өкінішті. 
Форум  аясында  Аслан  Қаржаубаев 
«Көші-қон  туралы»  заңнамасына  алдағы 
уақытта  енгізілетін  өзгертулер  мен 
толықтырулар  жөнінде  нақты,  түсінікті 
етіп  айтты:  «Біріншіден,  сырттан  көшіп 
келетін  қандастар  Қазақстанның  қай 
өңірінде,  қай  елдімекенінде  тұратынын 
өздері  таңдайды.  Екіншіден,  ең  алдымен 
бес  күннің  ішінде  оралман  мәртебесі 
беріледі,  содан  кейін  тұрақты  тұруға 
құжаттар қабылданады». 
Каталог: storage -> pdf
pdf -> Қазақстан Президенті Нұрсұлтан назарбаевтың Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған салтанатты жиналыста сөйлеген сөзі
pdf -> Құрметті Ассамблея мүшелері! Қадірменді отандастар! Сессияның қонақтары!
pdf -> Р е д а к ц и я а л қ а с ы Редакция алқасының төрағасы
pdf -> ТУҒан тіл / №2 (19), 2013 Редакция алқасы
pdf -> Дүниежүзі қазақтарының ІV құрылтайын
pdf -> Бірінші құрылтай, 1992 жыл, Алматы Н. Ә. Назарбаев: бауырларымызғА ҚҰШАҒымыз ашық
pdf -> 2 алтын бесік а тамекен менің е лім қа зақст ан елбасының ерекше сапары осыдан жиырма бес, отыз жыл
pdf -> Құрметті съезд делегаттары! Қадірлі қонақтар!
pdf -> Ыстық ықлас, достық байланыс Қытай төРАҒасының
pdf -> ТУҒан тіл / №1 (18), 2013 Редакция алқасы

жүктеу 63.39 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет