Р е д а к ц и я а л қ а с ы Редакция алқасының төрағасы



жүктеу 63.39 Kb.
Pdf просмотр
бет12/12
Дата10.03.2017
өлшемі63.39 Kb.
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
топ  күйді  тарихымен  таныстыра  оты-
рып,  желдірте  шолып  өтті  де,  күй  әуенін 
басқаға бұрып кетті. 
Күйші  «Желмая»  деген  күй  ерек-
ше  сезіммен  шерте  бастады.  Осы 
тұста  домбыраға  тіл  біткендей  болып, 
құлағымызға  зарлап  боздаған,  аңырап 
азынаған  үн  келіп  тұрғандай  болды. 
Түйенің  зар  желісі,  кейде  күшейіп,  кей-
де  бәсеңдеп  алыстаған  дауысы,  шуда-
сын  желпілдетіп,  мойнын  жерге  салып 
жөнелгендегі  бейнесі  елестеп  кетті.  Күй 
екпінмен басталып бәсеңдеп келіп тынды 
да, күй тарихы сөз болды. 
-  Желмая деген бір кедейдің күн көріп 
отырған боталы түйесі екен. Оның мінер 
аты,  сауар  сауыны,  артар  түйесі  де  сол 
болған  соң  көп  жылдар  бошалай  жүріп, 
бір  жылы  боталапты.  Жүйріктігі  жұртты 
таң  қалдырған  бұл  түйеге  сол  жердің 
мыңғырған  байы  қызығыпты  да,  бота-
сын жетім тастап, тартып әкетіпті. Сөйтіп 
күндердің  күнінде  желмая  әлгі  жауыз 
байдың  арқанын  үзіп  ботасына  қарай 
қашқандағы  дауысы  мен  желісі  екен  бұл 
шерткеніміз,–  деп  күйші  ауыр  күрсініп 
тоқтады. 
Осы тұста төр жақта отырған жуандар 
қыбылжып  қалысты.  Бұлғақ  та  әрең  шы-
дап отырған екен: 
-  Тарт  тіліңді!  Мына  дәм  атқырдың 
Асекең қажының дастарханында отырып 
«жауыз бай» деп тиісуін қарашы! Сенің ай-
тып отырған жауыз байың кім? – дегенде, 
жұрт  аңтарылып  қалды.  Қажы  ауылының 
жігіттері мен туыстары қызынып күжілдей 
бастады.  Мұны  аңғарып  отырған  қарт 
ақын  Асылжан  да  өз  ыңғайын  байқатып 
қойғысы келген болу керек: 
-  Ей,  жігіттер,  жоқтан  өзгені  сылтың 
қылып,  күйдің  дәмін  бұзбаңдар.  Мықты 
болсаңдар  осылай  шертпес  пе  едіңдер, 
күй  өткенді  айтып  жатыр.  Оны  несіне 
қажыға  балап  жаңғыртып  отырсыңдар! 
–  деп  басу  айтып  қойды.  Әншейінде 
шыққалы тұрған көз Бұлғақ иек қағып еді, 
оның  сыбайластары  өре  түрегеліп  Жай-
лау  күйшіге  төнді.  Жайлау  да  тартынған 
жоқ: 
-  Е,  мен  сен  сияқты  тарихты,  күйді 
бұрмалап,  көрінген  байдың  мәстегін 
мақтай  алмаймын,  болмысты  бұлжытпай 
шертемін.  Ішің  күйсе  тұз  жала,–  деді 
қасқайып. 
Осыдан кейін не болғанын өзім де сез-
бей қалдым. Шарт-шұрт төбелес болды да 
кетті. Әкем мені қолтығына қысып, есіктен 
зорға  алып  шықты.  Ел  етке  қарамай  ат-
танып  кетті.  Осыдан  бірнеше  күн  өткен 
соң  Жайлау  күйшіні  және  оны  жақтаған 
бірнешеуін  Гоминдаң  шеріктері  айдап 
әкетіпті деген хабар тарап жүрді. 
Ше
те
л қазақт
арының 
шығарма
лары

103
Содан бері бақандай 17 жыл өтті. Мен 
оқу  мен  қызмет  соңында  болып  шетке 
кеттім де, биыл демалысқа келіп жүрмін. 
Мына  қартымның  сыр  мінезі  баяғыдай 
Жайлау  күйші  сияқты  көрінді.  Мен  бұл 
оқиғаны  серігіме  төбе  басында  отырып 
айтып,  ымырт  жабылғанда  үйге  қарай 
беттедік. 
***
Келсек, үй іші қайта реттеліп қалыпты. 
Төр  алдына  жаңа  сырмақ  салынып, 
қарттың орны төр алдынан өзінің жатаған 
төсегінің  алдына  ауысыпты.  Маздай 
жанған  от  қарттың  ажарлы  жүзін  онан 
әрі  ажарландырып  тұр.  Біз  төрден  орын 
алдық та, бір сәтке үнсіз отырып қалдық. 
Менің екі көзім қартта, ойым өткен күннің 
сонарында.  Өстіп  отырғанымызда  өткен 
күннің  елесі  қас-қағымда  ғайып  болып 
домбыраның  құлақ  күйі  бізді  ұйқыдан 
оятқандай  елең  еткізді.  Қарасам  қарт 
домбыраны  қолына  алып  қалған  екен. 
Күйші  біздің  аңсарымыздың  домбыраға 
әбден  ауып  отырғанын  аңғарса  керек. 
Желкесіне кеткен сырма тақиясын әжімді 
кең маңдайына қарай еңкейте киіп, жел-
бегей жамылып отырған қаптал шапанын 
иығына сырып тастады да, ұшатын құсша 
қомданып  алып,  қос  ішекті  қағып-қағып 
қалды.  Үй  іші  үнсіз.  Бар  назарымыз  дом-
бырада.  Ең  алдымен,  құлағымызға  сар-
пылдап  жағаны  ұрып,  жөңкіле  толқыған 
көк жойқын теңіз үні келді. Оның артынан 
қанатын  жебей  қағып,  зымырай  ұшқан 
құс  қанатының  суылы  естілді.  Ара-ара-
сында  теңіз  толқыны  білінеді  де  бірде 
зымырап,  бірде  қалықтап  бара  жатқан 
құс  тұлғаланады.  Қиырсыз,  шексіз  теңіз 
бетінде жер көксеп келе жатқан құс қанша 
тебінсе де, арғы жағаға жуырда жете ал-
май, қанаты талғанда құлдырап төмендеп 
кетеді де, қайратын бойына қайта жинап 
алып,  зымырап  ұша  береді.  Сөйтіп  бұл 
күйден  біресе  өрлеп,  біресе  төмендеп, 
талыққанда қанатымен су сабалап барып 
қайта көтеріліп, деген жеріне жетіп қонған 
болат топшы құсты көргендей болдық. 
О ғажап, сары домбыра адамша сөйлеп, 
ертегі  айтып  жатыр.  Қарт  күйші  ғана 
емес, суреткер де екен. Оның саусақтары 
көрікті де тұлғалы көрініс сызып отырған 
тәрізді. Қарт тамсанып отырған бізге бай-
ыптап қарап алды да: 
-  Бұнымыз  «Шыңару»  дейтін  күй. 
Шыңырау атты батыр құс бір теңіздің арғы 
жағасынан екінші жағын кесіп ұшады да, 
қанаты  қанша  талса  да  арғы  жағаға  же-
тем  деген  сенімі  жар  болып  аман-есен 
теңізді кесіп өтіп, көксеген жерін табады 
екен. Жаңылмасам осылай шертуші еді,– 
деді қарт. Біз бір-бірімізге қарап, «осы құс 
қарттың  өзіне  ұқсайды  екен»  деген  рай 
білдірістік. 
- Шырақтарым, мұндай күйлерді бұрын 
еркін шерте алмаушы едік. Баяғыда «Жел-
мая» деген күйді шаршы топта шертемін 
деп сотталған да едім. Қартқа қанат, күйге 
қуат берген бүгінгі заман ғой, – деді күйші 
жадырап. 
Міне  қызық,  бала  кезімде  көрген 
күйшім  осы  кісі  болды.  Орнымнан  қалай 
тұрып,  оны  бас  салғанымды  өзім  де 
аңғармай  қалдым.  Күйдің  кереметі  бізді 
осылай табыстырды. Қарт та мені мейірлі 
құшағына алып отырды да: 
-  Балам, 
сәби 
күніңде 
менің 
өмірімдегі  аянышты  оқиғалардың  біріне 
кез  болғансың-ау  порымы,–  деді.  Біз 
таныстық.  Танысқан  сайын  күйші  де 
пейілденіп,  бабына  келген  қырандай 
желпініп кетті. Күй қанаты алғашқыдан да 
әсем  қағылып,  қоңыр  сазды  кербез  күй 
коммуналы ауылдың аспанында қалықтап 
жүрді. Жәкең «Бұлбұл» дейтін күйін орын-
дайтын  болып  бастанып  келе  жатыр  еді, 
соның  арасында  шай  келіп  қалды  да, 
домбыра  адалбақанға  қайта  ілінді.  Дас-
тархан  үстінде  ол  «Бұлбұл»  күйін  қалай 
шығарғанын айтты. 
-  Домбыра  шіркін  бабын  тапса  көңіл 
пернесін  қандай  дәл  басады  десеңші! 
Бұның қалай дарығанын ту баста айттым 
ғой.  Сонымен  ел  ішінде  тарап  жүрген 
Ше
те
л қазақт
арының 
шығарма
лары

104
күйлерді  үйрене  жүріп, келе-келе  өз  жа-
нымнан  күй  шығаратын  болдым.  Соның 
ішінен  жаңағы  «Бұлбұл»  күйі  қалай 
туғанын  айтып  берейін,–  деді  Жәкең.  Біз 
қуана  қостадық.  Қарт  шапанын  иығына 
қайта  тартып  жамылып,  қымтанып  алды 
да сөзін сабақтап кетті. 
-  Біздің  елдің  жайлауға  баратын 
көш  жолы  ағаш-бұталары  мәуелеп,  гүл-
бәйшешегі  құлпырып  тұратын,  мөлдір 
бұлақтары сыңғырлап күй шертетін үлкен 
аңғарды  өрлейді.  Осы  сайда  алуан  түрлі 
құс  үні  жаныңды  еліктіреді.  Бұлбұл  үнді 
әсем тілді құстар сәнді көшті әнмен қарсы 
алып,  ұзатып  салады.  Осы  сайдан  ары-
бері өтіп жүргенімде тұла бойым балқып,  
ойыма біртүрлі жағымды ырғақтар орала 
беретін-ді. Бір жылы ел жайлауға көшерде 
домбырамды  қанжығама  байлап  алдым 
да  әлгі  сайды  өрлеген  көштен  қалып 
қойдым.  Менің  бұл  қылығымды  көрген 
кейбіреулердің:  «Әкем-ау,  мынаған  не 
жеткен,  есі  ауысып  қалған  сияқты  по-
рымы»  дегендер  де  болыпты.  Оны  кейін 
естідім,  –  деп  қарт  қарқылдап  бір  күліп 
алды  да,  шынысын  төңкере  салып, 
құймалы  мүйізшақшадағы  насыбайын 
атып қойып, әңгімені онан әрі соза берді. 
-  Атымды  талға  байлай  салып, 
қоржындағы  домбыраны  алдым  да,  ат-
тан  оңашарақ  бұлақ  бойына  келдім.  Бұл 
тұста  бұлақ  жағасы  қалы  кілеміңнен  кем 
емес екен. Бауырымды көк кілемге төсеп 
тастап,  төңірекке  құлақ  түріп,  сырнайлы 
өзен,  сыршыл  орманның  сырын  аңдып 
жатырмын.  Құс  үні  көш  өткендегіден 
көбейіп    алуан  түрлі  әнге  баса  бастады. 
Мен шалқамнан түсіп, көзімді жұмып алып 
тыңдап  жатырмын.  Осы  қалың  шуылдың 
ішінде бұлбұл үні әсем де нәзік әуенмен 
балқытып әкетіп барады. Мен бұлбұл үнін 
жұпар  леппен  бірге  сіміріп,  рақатқа  ба-
тып жатыр едім, құлағыма құс қанатының 
болымсыз  суылы  естілді.  Көзімді  ашсам 
бұлақ  жағасындағы  бір  түп  қайыңның 
бұтағына  бір  әдемі  торғай  келіп  қонған 
екен.  Кішкентай  жануар  үнімді  жуықтан 
естісін  дегендей,  мың  құбылтып  сайрай 
бастады.  Осы  торғай  бұлбұл  үнін  құрап 
алып, оны толығымен күйге айналдырып 
алған  тәрізді.  Сөйтсем  нақ  бұлбұл  осы 
көрінеді. Бұлбұл  үні  толастай бергенде, 
домбыраны еппен қолыма ала бергенше 
болмады,  жыршы  құс  ұша  жөнелді.  Құс 
ұшып кеткенімен, күй көңіліме құс болып 
қонғандай болды. Мен домбырамды әлгі 
әуенге келтіріп шерте жөнелдім. «Бұлбұл» 
күйі осылай туып еді,– деді де қарт күйді 
шертіп  кетті.  Байқаймын,  қарт  күйші 
бұлбұл образын керемет суреткерлікпен 
жасап шығыпты. 
Біз  әлі  тыңдап  отырмыз.  Қарт  күйші 
шабытына  әбден  келіп  алған  сияқты. 
Сырғанап  аққан  бұлақ  пен  судыраған 
құрақты елестететін «Сылдыраманы»,  жа-
пан жүзді жалпағынан басып өткен «Жел-
маяны»,  кербез  «Кер  маралды»...  Алуан-
түрлі  нақыш,  ырғақпен  бірде  ескектетіп, 
бірде  бәсеңдетіп,  сан  құбылтып,  тоқсан 
толғап,  арыдан  тартып,  тереңнен  қозғап 
кестелеп шықты да, соңын біз естімеген ты-
нысты  қоңыр  күйлермен  қоңыраулатып, 
күңірентіп,  елітіп,  елжіретіп  шертіп  жа-
тыр.  Ол  барған  сайын  өгдеп,  сартабан 
жорғадай  жатылып  барады.  Қарт  күйші   
осылай  шерткен  домбыраны  жаздың 
қысқа  таңы  рауандап,  бозторғайлар  таң 
күйін шырқай бастағанда барып тындыр-
ды да, домбырасын алдына көлденең са-
лып қойып: 
-  Ал,  балалар,  ағаларыңның  сендерге 
мұра  етіп  қалдырары  міне  осылар.  Егер 
мұнан ары тыңдағыларың келсе, ертен де 
осында болыңдар,– деді. 
Біз  күйші  қарттың  ауылынан  ертеңгі 
бесінде  аттандық.  Күйдің  құдіреті  жар-
ты  күндік  жолымызды  қалдырса  да, 
жанымызға  жарты  ғасырлық  нәр  құйды. 
Біз  аттанарда  Жәкең  «Тарту»,  «Жайлау», 
«Қызыл  гүл»,  «Сары  өзен»  атты  күйлерін 
шертіп келді де: 
-  Қарақтарым, жұрт мені Жайлау күйші 
деп атайды. Бұрын менің көңілім де, өмірім 
де  жұтаң  тартып,  нағыз  жайлауға  шыға 
Ше
те
л қазақт
арының 
шығарма
лары

105
алмай  келіп  едім.  Мені  өмір  жайлауына 
да, көңіл жайлауына да шығарған бүгінгі 
дәуір ғой! Жаңағы шерткен күйлерім осы 
бақытты  дәуіріміздің  көкірегіме  құйған 
нәрі,– деді. 
Бұл  күйлер  менің  ойыма  бірнеше 
жылдың  алдында  Үрімшіде  өткен  бір 
сауық  кешін  түсірді.  «Астанадан  оралған 
аға күйші» деп таныстырып, қауым жұртты 
таңқалдырып кеткен адам тағы да осы кісі 
болып шықты. Ауылдан шыға бере серігім 
жорғасын тебініп қойып маған жанасалай 
келіп: 
-  Бұл  ауылдан  тән  сусыны  ғана  емес, 
жан сусыны да  қанды-ау! – деді. 
***
Біз  сонымен  коммуналы  ауылдың 
көңілді  жайлауын  аралап  кеттік.  Қайда 
барсақ  та  Жәкеңнің  домбырасының 
қоңыр  үні  көкірегімізде  күй  болып 
шертілді де жүрді. Біз қанша ұзақ кетсек те, 
қарттың күйі алдымыздан шығып отырды. 
Бұл тұста жастар жағы домбыраға әбден 
құнығып  алған  екен.  Астанадан    ауылға 
дейін шертілген күйі мұқым елге тарап та 
болыпты. 
Бір  күні  белгілі  озат  шопанның  ауы-
лына  келдік.  Бал  құйрыққа  бөгіп  алып, 
ұйықтап кеткен екенмін. Теріскей қапталы 
қып-қызыл сірік, мөлдір өзені тулай аққан 
бие  баулы  ауылға  келіппіз.  Ауыл  маңы 
қаптаған  қалың  мал.  Сонау  кер  қапталда 
суырдың  айғырлары  шіңкілдейді.  Ба-
лапан  басқан  болу  керек,  кетік  қанат 
ақ  сұңқар  аспанда  қалықтап  жүр.  Біз 
бие  баудың  қарсысында  бауырымызды 
көк  майсаға  төсеп  әңгімелесіп  жатыр-
мыз.  Сірігі  сіресе  біткен  теріскейді  тулақ 
мінген  балалар  зырқырап  ағып  күйдейіп 
келеді. Күн екінтіден еңкейіп барады екен 
деймін.  Жылқышының  қиқу  салған  дау-
сынан  басымызды  көтеріп  алсақ  биенің 
кешкі сауымы болып ағытып жатыр екен. 
Біз  төбе  басына  жиналған  алқалы  топқа 
келдік. Бие байлап отырған үйден домбы-
ра алдырып, ортадағы бір адамға ұсынып 
жатты.  Біз  жете  бергенде  таныс  үн  келді 
құлаққа.  Кәдімгі  Жайлау  күйші  сияқты, 
домбыраны  бебеулетіп  отыр.  Басын-
да  кәдімгі  сырмалы  тақиясы,  арқасына 
жамылған қаптал шапаны, күйі бебеулеп, 
өзеуреп,  кейде  елеуреп  мың  құбылады. 
Қарт  ерекше  бір  серпінмен  шертіп  келді 
де,  маған  домбырасын  ұсынып,  «шерт» 
деп  ым  қаққандай  болды.  Домбыра 
қолыма  тигені-ақ  мұң  екен,  Жәкеңнен 
үйренген  күйлерімді  бар  ықыласыммен 
шерте  жөнелдім.  Біреу  қолымды  қағып 
кеп  қалғаны,  мен  оған  қатты  ширығып 
төне  кеттім.  «Ей,  саған  не  болды?»  деп 
біреу  қолымды  жұлқылап  жүр.  Сөйтсем 
түсім екен. Ұйқысырап жатып жанымдағы 
серігімді бүйірге түртіп оятып, төніп отыр 
екем. Оның даусынан ұйқысырағанымды 
біліп  жалма-жан    жата  қалып,  төңірекке 
құлақ түрсем, қора шетінде «Кербез» күйі 
шертіліп  жатыр.  Бақсам,  Жәкеңнің  күйі 
күзет жақтан шыққан екен де, түске ара-
ласып  құлағыма  шалынып,  толқын  туды-
рыпты. 
Халықтың  музыка  мұрасы  –  домбыра, 
коммуналы  ауылдың  бие  бауы  басында, 
күзетте,  шілдехана,  тойларда,  пішен  ба-
сында,  қой  күземінде  еңбекші  қауымды 
көңіл  жайлауынан  шығарып  отыратын 
қуатты қаруға айналған екен. Қой күзетке 
шыққанда күйден қасқыр екеш қасқыр да 
жасқанып, райынан қайтатын болар! 
Күйдің құдіреті мені осылайша баурап, 
балқытып, ұзатып салды. 
Шіркін, күй-ай!                          
Ше
те
л қазақт
арының 
шығарма
лары

РЕДАКЦИЯ ЕСКЕРТПЕСІ:
Авторлардың стилі, орфография хақы сақталады,
мақалалар редакцияның көзқарасын білдірмейді.
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының “Атажұрт” 
баспасының компьютер орталығында теріліп, беттелді.
КӨРКЕМДЕУШІ-ТЕХНИКАЛЫҚ
РЕДАКТОР
Гүлжан ҚҰРМАНОВА
РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕН ЖАЙЫ:
Қазақстан Республикасы, 050002, Алматы қаласы
Ш.Уәлиханов көшесі, 43А. Тел./факс: (327) 273 99 97, 273 90 25
e-mail: Tugan_til79@mail.ru
Альманахтың мұқабасында – суретші 
Ботагөз Зейнелханқызы «Сезім» шығармасы
Теруге жіберілген күні 15.10.2014 ж. 
Басуға қол қойылған күні 03.11. 2014 ж. Пішімі 70х100 1/16. 
Тапсырыс № .      Таралымы 1000 дана. 

Каталог: storage -> pdf
pdf -> Қазақстан Президенті Нұрсұлтан назарбаевтың Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған салтанатты жиналыста сөйлеген сөзі
pdf -> Құрметті Ассамблея мүшелері! Қадірменді отандастар! Сессияның қонақтары!
pdf -> Р е д а к ц и я а л қ а с ы Редакция алқасының төрағасы
pdf -> ТУҒан тіл / №2 (19), 2013 Редакция алқасы
pdf -> Дүниежүзі қазақтарының ІV құрылтайын
pdf -> Бірінші құрылтай, 1992 жыл, Алматы Н. Ә. Назарбаев: бауырларымызғА ҚҰШАҒымыз ашық
pdf -> 2 алтын бесік а тамекен менің е лім қа зақст ан елбасының ерекше сапары осыдан жиырма бес, отыз жыл
pdf -> Құрметті съезд делегаттары! Қадірлі қонақтар!
pdf -> Ыстық ықлас, достық байланыс Қытай төРАҒасының
pdf -> ТУҒан тіл / №1 (18), 2013 Редакция алқасы

жүктеу 63.39 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет