Психология педагогика және жәНЕ


мұғалімдердің ұлттық өнер арқылы интеллектуалды дамуының теориялық негіздері



жүктеу 5.16 Kb.
Pdf просмотр
бет9/25
Дата14.05.2017
өлшемі5.16 Kb.
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   25

мұғалімдердің ұлттық өнер арқылы интеллектуалды дамуының теориялық негіздері.
Халық  өнері,  соның  ішінде  халықтың  музыкалық  шығармашылығының  тəлімдік  негізі,  мəні  мен 
мазмұны  студент  жастардың  интеллектуалды  дамуының  жетілдіруде  басты  құралдардың  бірі  болып 
табылады. Оны жүйелі меңгеру мен сақтау, дамыту мен өмір жағдайларында тиімді пайдалану студент-
жастардың ата-баба мұрасына оң, аялы көзқарастарын қалыптастырады жəне жаһандану жағдайында 
өзіндік болмысын сақтап қалу мен ұлттық өнерін дамытуға септігін тигізеді. 
Осы мақалада философиялық, тарихи, педагогикалық жəне психологиялық еңбектеріне негізделген 
Қазақстан Республикасындағы жоғары білім беруде болашақ мұғалімдердің ұлттық мəдениет арқылы 
интеллектуалды дамытудың теориялық негіздері мен методологиялық амалдар қарастырылды.
Түйін сөздер: методологиялық амалдар, интеллект, интеллектуалды даму, болашақ мұғалім, ұлттық 
өнер
Abstract 
Praliyev S.Zh., Zhankul T. Theoretical foundations of the Pre-service teachers’ intellectual development 
by means of the national culture in the higher education of Kazakhstan.
National music art as a guarantee for the preservation of traditional foundations of the society, opposing its 
teaching potential to the crises of contemporary society and popular culture which contributes to the targeted 
person through the “language” of human emotions, the complexity and subtlety of expression, which is directly 
connected with the creative personality development of the individual teacher of the new formation
This article describes some methodological approaches to the students’ intellectual development by means 
of the national culture in the higher pedagogical education of the Republic of Kazakhstan.
Keywords: methodological approach, intellect, intellectual development, pre-service teacher, national art
ƏӨЖ 378.091.12
Ш.Т.ТАУБАЕВА, А.К.ЖЕКСЕМБИНОВА
Казахский национальный университет имени аль-Фараби
(Алматы, Казахстан)
УНИВЕРСИТЕТТІК БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕ БОЛАШАҚ МАМАНДАРДЫ 
ЗЕРТТЕУШІЛІК ƏРЕКЕТКЕ ДАЯРЛАУДЫҢ ШЕТЕЛДІК ТƏЖІРИБЕСІ
Аңдатпа
Мақалада университеттік білім беру жүйесіндегі болашақ мамандардызерттеушілік əрекетке даяр-
лаудың  шетелдік  тəжірибесі  қарастырылады.  Авторлар,  зерттеушілік  əрекетке  даярлаудың  шетелдік 
тəжірибесін  Ресей,  Франция  жəне  Ұлыбритания  мемлекеттерінің  мысалында  қарастырады.  Шетел 
тəжірибесін  зерделей  келе,бакалавриат  студенттерін  ғылыми  зерттеулер  аймағында  неге  жəне  қалай 
үйрету мəселесі, студенттердің ғылыми зерттеу жұмыс формалары жəне сонымен қатар студенттерге 
зерттеу жұмысын орындау барысында берілетін əдістемелік көмек түрлері қарастырылған.
Түйін сөздер: зерттеушілік əрекет, зерттеушілік əрекетке даярлау, бакалаврдың ғылыми зерттеушілік 
əрекеті.
П
едагогикалық  əдебиеттерді  талдау 
жи  нал ған  кең  зерттеушілік  мəлі мет 
не гі зінен  студенттің  оқу  іс-əрекетін  ұйым-
дас тыруға,  жиі  білім  беру  деңгейлерін  шек-
темей, оның ғылыми-зерттеушілік жұмысына 
арнал ғанын  көрсетті,  дегенмен  соңғы  жыл-

57
Педагогиканың жəне психологияның əдіснамасы мен теориясы/Методология и теория педагогики и психологии
/Methodology and theory of pedagogyand psychology
дары  əртүрлі  авторлардың  жарияланымда-
рында  (монографияларда,  диссертацияларда, 
мақаларда, əдіснамалық нұсқауларда)  əр дең-
гейдегі студенттердің білім алу үдерісін жеке-
жеке  ұйымдастыру  мəселелері  (ҒЗЖ  ұйым-
дастыруды  қоса  алғанда)  бара  бара  үлкен 
орын алады. Бакалавриат студенттерінің білім 
алу үдерісін отанық зерттеушілер Булатбаева 
А.А.,  Мынбаева  А.К.,  Кенжебеков  Б.Т.,  Бай-
гожина  Ж.М.жəне  т.б.  зерттеген.  Ресейлік 
ғалымдар Абрамова И.В., Акимов С.С., Васи-
льев  В.М.,  Бостанджиева  Т.М.,  Данилевская 
В.Б.,  Ли  М.Г.,  Митяева  А.М.,  Никонов  А.В., 
Солянкина Л.Е., Цепляев А.Н. жəне т.б. кіші 
курс  студенттерінің  ҒЗЖ  ұйымдастыру,  ба-
калавриат  студенттерінің  бітіруші  біліктілік 
жұмысын  орындау  əдістемесі,  бакалавры-
на  ғылыми  зерттеулер  негіздерін  оқытудың 
əдіс темелік  жүйесі,  бакалаврлардың  оқу-
зерт теушілік  құзыреттілігін  қалыптастыру 
жəне  т.б.  сияқты  сұрақтарды  зерттейді.  Ең 
алдымен студент бакалавриатта өзінің оқуы-
ның  соңында  игеруі  керек  зерттеушілік 
білік тер  құрамы  қандай  болу  керектігі  тура-
лы  сұрақтың  өзі  талқылау  пəні  болып  табы-
лады.  Басқаша  айтқанда,  зерттеушілерді 
бака лавриат  студентін  ғылыми  зерттеулер 
айма ғында  неге  жəне  қалай  үйрету  мəселесі 
қызық тырады. 
Ресей тəжірибесіне тоқталсақ, Омбы мем-
ле кеттік  техникалық  университетінің  оқыту-
шылары  А.В.  Никонов  пен  В.Н.  Цыганенко 
«бакалаврдың  бітіруші  біліктілік  жұмысы 
дербес жəне логикалық аяқталған теориялық, 
эксперименталдық  немесе  теоретикалық-
қолданбалы, ғылыми-зерттеушілік жұмыстың 
бөлшегі  болып  табылатын,  қолданбалы 
сипат тағы міндеттерді шешумен байланысты 
зерт теуді көрсету керек» деп санайды [1]; ал 
А.И.  Герцен  атындағы  РМПУ  доценті  В.М. 
Васильев  бакалаврдың  бітіруші  біліктілік 
жұмысын «дербес ғылыми жұмыс» [1] ретінде 
қарастырады.
Соңғы  уақытқа  дейін  Ресейде  бакалавр-
ларды  дайындайтын  əрбір  жоғары  оқу 
орын  дарында  бітірушілік  жұмысты  бағалау 
жоғары  оқу  орны  басшылығымен  бекітілген 
«Бакалаврдың  бітіруші  біліктілік  жұмысына 
қойылатын талаптарға» сəйкес жүзеге асыры-
лады. Қалыптасқан жағдай бойынша, «талап-
тар»  жұмыстың  мазмұнына  емес,  мəліметті 
беру формасына қатысты. Мысал ретінде Ре-
сей халықтар достығы университетінің «Бака-
лаврдың  «журналистика»  бағыты  бойынша 
бітіруші біліктілік жұмысына қойылатын та-
лаптарды келтіреміз. Онда жұмыс құрылымы 
келтірілген  (жұмыс  кіріспеден,  екі  немесе 
үш  тараудан  жəне  қорытындыдан  тұру  ке-
рек)  жəне  «əдебиеттермен  жұмыс  істей  алу, 
кəсіби  білім  беру  бағдарламасын  игеруде 
алынған теориялық білімдер мен қолданбалы 
дағдыларды  қолданып  нақты  мəліметті 
жал пылай  жəне  талдай  алу»  керектігі  көр-
сетілген. «Талаптарда»  маңызды  орынды 
бітіруші  біліктілік  жұмысын  рəсімдеу  Ере-
же лері  алады:  кесте,  сурет,  график,  қолда-
нылған  əдебиет  көздеріне  сілтемелерді 
рəсімдеу Ережелері; қосымшаларды рəсім деу 
Ережелері;  бакалаврдың  бітіруші  жұмысы-
ның  электрондық  нұсқасы.  Жұмысты  баға-
лау  көрсеткіштері,  əдіснамалық  негіздердің 
дұрыстығы,  мəтін  құрылымының  логика-
лылығы, қолжазбаны рəсімдеудің дұрыстығы 
болып саналады [2]. 
Студент  игеруі  қажет  болжанған  іс-əре-
кеттер  формасындағы  зерттеушілік  əрекетке 
оқытудың қалаулы нəтижесі ретіндегі «Талап-
тар»  номенклатурасы  айтарлықтай  кең. «Та-
лаптар»  қайталану  пайызы  бойынша  жиілік 
көрсеткіші  бойынша  топтастырылған: 1-ші 
топ – мəліметтердің  (əдістемелік  ұсыныс-
тардың,  диссертациялардың,  мақалалардың) 
100%  кездесетін  «талаптар»; 2-ші  топ – 
мəліметтердің 70-80% кездесетін «талаптар»; 
3-ші топ – мəліметтердің 50% кездесетін «та-
лаптар»; 4-ші топ – мəліметтердің 50% пайы-
зында кездесетін «талаптар». 
Студент  игеруі  керек  болған  іс-əрекеттер 
формасында зерттеушілік əрекетке оқытудың 
қалаулы  нəтижесі  ретіндегі  «талаптардың» 
1-ші тобына (100% қамтылған) жеті айқын-
дама енеді:

58
№4, 2015
ПЕДАГОГИКА ЖƏНЕ ПСИХОЛОГИЯ – ПЕДАГОГИКА И ПСИХОЛОГИЯ
PEDAGOGICS AND PSYCHOLOGY
– Өз бетінше зерттеу жүргізе алады (ғылы-
ми жетекшінің жетекшілігімен).
– Əдебиеттерді іздеу мен талдауды жүзеге 
асырады.
– Жұмыстың нəтижелерін көпшілікке көр-
сетеді  (сызбалар,  графиктер,  диаграммалар 
жəне т.б.).
– Зерттеу нəтижелерін түйіндеу (аннотаци-
ялар, рефераттар құрастырады).
– Берілген аймақта бар əдістмелерді зерт-
тейді жəне өзінің зерттеуіне қандай да біреу-
лерін таңдайды.
– Жұмыс нəтижелерін рəсімдейді.
– Қолданбалы сипаттағы міндеттер қояды.
«Талаптардың»  2-ші  тобына (70-80 %) 
алты айқындама енді:
–  Əдебиеттерді  жүйелейді  (əдістемелік 
мəліметтерде басымырақ).
–  Зерттеудің  жоспары  мен  бағдарламасын 
анықтайды (диссертацияларда басымырақ).
– Зерттеу əдістерін таңдайды (диссертаци-
яларда басымырақ).
– Зерттеу нəтижелерін жалпылайды (əдіс-
те мелік мəліметтерде басымырақ).
– Зерттеу əдістерін ақпараттық (бағдар ла-
малық) қамтамасыз етеді.
–  Ұсыныстар  мен  кеңестер  жасайды 
(кесте 1).
«Талаптардың»  3-ші  тобына (50%  қам-
тылғанүш айқындама кірді:
– Алынған мəліметтерді өңдеудің статисти-
калық əдістерін қолданады;
–  Зерттеудің  эксперименталдық  əдістерін 
қолданады;
– Зерттеудің мақсатын анықтайды.
«Талаптардың» 4-ші тобына (50% аз қам-
тылғантоғыз айқындама кірді:
– Бар мəліметтерді жіктейді.
–  Статистикалық  мəліметтерді  талдайды 
жəне жүйелейді.
–  Зерттеу  мəселесін  қояды  (əдістемелік 
нұс қаулықтарда мүлдем кездеспейді).
–  Болжам  шығарады  (əдістемелік  нұсқау-
лық тарда  мүлдем  кездеспейді,  тек  қана  дис-
сертацияларда).
–  Зерттеуге  қажетті  теоретикалық  ұйға-
рым  дар ды  таңдайды  (тек  қана  əдістемелік 
нұс қаулықтарда).
– Өз жұмысын зерттеуді уақытында орын-
дайтындай ұйымдастырады (тек қана əдісте-
мелік нұсқаулықтарда).
– Модельді таңдайды,түрлендіреді.
– Зерттеу тақырыбын таңдайды жəне негіз-
дейді (бір диссертацияда).
– Зерттеу бағдарламасының сапасын баға-
лайды (бір диссертацияда).
РФ  педагогикалық  білім  беру  ФББС  тал-
дау  негізінде  құрастырылған,  ең  жиі  кезде-
сетін  ғылыми-зерттеушілік  кəсіби  құзырет-
ті ліктерімен сəйкестендіреміз (кестені қара-
ңыз).  Кестеге  жарияланымдардың 70-100% 
кез де сетін «талаптар» енді [3].
ФЖББС сəйкес ғылыми-зерттеушілік құзы-
реттіліктер мен  «талаптарға» жүргізілген са-
лыстыру  «талаптар»  ФМЖББС  талаптары-
на  сəйкес  екенін  көрсетеді.  Сонымен  қатар, 
ФББС талаптары білім беру бағдарламаларын 
құрастырушыларға арналған негізгі бағыттар, 
бағдарларды қоя отырып, неғұрлым жалпы си-
пат алады. Осылай, ФББС-да бакалаврлардың 
қолданбалы  зерттеулерге  қатысуға  қабілетті 
болу керектігі айтылған, бірақ оның қатысуы 
нақты неде түйінделгені нақтыланбаған. Бака-
лаврдың  осы  ғылыми-зерттеушілік  кəсі би 
құзы реттілігін  қалыптастыруға  бакалавриат 
сту денттерінің зерттеушілік жұмыс бағдарла-
малары арналған.

59
Педагогиканың жəне психологияның əдіснамасы мен теориясы/Методология и теория педагогики и психологии
/Methodology and theory of pedagogyand psychology
Кесте 1
Студенттің зерттеушілік іс-əрекетіне қойы латын, болжанған іс-əрекеттер формасын да оқытылатын 
қалаулы нəтиже ретінде қабыл данған «талаптар» жəне педагогикалық білім берудің ФББС бойынша 
бакалаврдың ғылы ми-зерттеушілік құзыреттілігінің салыстырмалы кестесі
Бакалаврдың ғылыми-зерттеушілік 
құзыреттіліктері
Студенттің зерттеушілік іс-əрекетіне қойылатын, 
болжанған іс-əрекеттер формасында оқытылатын 
қалаулы нəтиже ретінде қабылданған «талаптар» 
(баспа мəліметтері бойынша)
Қолданбалы зерттеулерге қатысуға 
қабілетті болу
Өз бетінше зерттеу жүргізе алады (ғылыми жетекші 
жетекшілігімен)
Ғылыми ақпаратты жинауға жəне талдауға 
қабілетті болу
Əдебиеттерді іздеу мен талдауды жүзеге асырады
Ғылыми ақпаратты жүйелеуге қабілетті 
болу
Əдебиеттерді жүйелейді
Зерттеудің қазіргі əдістерін қолдануға 
қабілетті болу 
Зерттеу əдістерін таңдайды
Аталған аймақта бар əдістемелерді зерттейді жəне 
өзінің зерттеуіне қайсыбірін таңдайды
Зерттеу нəтижелерін көрсетуге қабілетті 
болу
Жұмыс нəтижелерін ашық көрсетеді
Жұмыс нəтижелерін (ғылыми есептер, 
шолулар, анықтамалар) рəсімдеуге 
қабілетті болу 
Жұмыс нəтижелерін рəсімдейді
Реферат, шолу, аннотация жасауға қабілетті 
болу
Зерттеу нəтижелерін түйіндейді
Қолданбалы сипаттағы міндеттер қояды 
Зерттеу жоспары мен бағдарламасын анықтайды
Зерттеу нəтижелерін жалпылайды
Зерттеу əдістемесін ақпараттық (бағдарламалық) 
қамтамасыз етеді
Ұсыныстар мен нұсқаулар жасайды
Бакалавриат  студенттерінің  ҒЗЖ  ұйым-
дас  тыру бойынша мəліметтерді талдау келесі 
қорытындыларды  шығаруға  мүмкіндік  берді 
[2]:
–  соңғы  жылдары  студенттің  ҒЗЖ  білім 
беру  деңгейлері  бойынша,  студенттің  зерт-
теушілік жұмысы бірітуші түлектің құзырет-
тіліктерін  қалыптастыруға  қажетті  болатын 
бакалавриатта, ұйымдастыруға арналған жұ-
мыс тар саны көбейді;
– авторлар бакалаврдың ҒЗЖ ұйымдас ты-
рудың оқу пəні формасындағы əртүрлі бағдар-
ламаларын ұсынады, бірақ авторлар бакалавр 
игеруі қажет болатын арнайы тұлғалық сапа-
ларды құрастырмайды;
– жұмыстарда болжанған іс-əрекеттер фор-
масында оқытудың қалаулы нəтижесі ретінде 
қабылданатын, студенттің зерттеушілік əреке-
тіне қойылатын «талаптар» бар. Бұл «талап-
тар»  ФМББС  да  тіркелген  негізгі  білім  беру 

60
№4, 2015
ПЕДАГОГИКА ЖƏНЕ ПСИХОЛОГИЯ – ПЕДАГОГИКА И ПСИХОЛОГИЯ
PEDAGOGICS AND PSYCHOLOGY
бағдарламаларын  игеру  нəтижелеріне  қойы-
латын талаптарға сəйкес келеді;
–  көптеген  Ресейлік  авторлар  ҒЗЖ  оқыту 
бірлігін зерттеу міндеті санайды;
–  авторлар  ҒЗЖ  оқыту  мен  ҒЗЖ  əртүрлі 
дəстүрлі жəне инновациялық формалары мен 
əдістерін ұсынады.
Франция  университеттеріндегі  зерттеу ші-
лік жұмыстың ұйымдастырылуын қарастыра 
отырып, біздің көзқарасымыз бойынша, үлкен 
қызығушылық  танытатын  сұрақтарға  жауап 
береміз:  диплом  алған  маманға,  маман  дан-
ған  магистрге,  зерттеуші  магистрге,  докто-
рантқа  қойылатын,  зерттеушілік  жұмыс қа 
қатысты  арнаулы  талаптар  бар  ма?  Жоғары 
білімденудің  əрбір  кезеңіндегі  зерттеушілік 
жұмыста  қолданылатын  əдістері  мен  форма-
лары қандай?
Жоғары  білімденудің  білім  беру  меке ме -
леріндегі  зерттеушілік  жұмысты  ұйымдас-
тыру  туралы  айтқанда,  Францияда  бакалавр 
(baccalauréat)  дəрежесін  алуға  емтихан  тап-
сырумен аяқталатын орта білімде де (collège-
lycée) зерттеушілік жұмыстың кейбір əдістері, 
атап айтқанда зерттеу көздерін іздеудің əдіс-
тері  мен  тəсілдері  (курс  міндетті  болмаса 
да)  оқытылуы  мүмкін.  Жоғары  білімденудің 
бірінші деңгейінде (L) зерттеушілік жұмыс-
қа  қойылатын  арнаулы  талаптар  жоқ.  Со-
нымен  қатар,  көптеген  университеттерде 
сту денттерді  зерттеушілік  жұмысқа  үйрете 
отырып  оқыту  жүргізіледі.  Университеттер 
L  деңгейінде  ары  қарай  зерттеушілік  қыз-
метке (М деңгейінде) дайындалуға мүмкіндік 
береді. Осылай, Сорбонна Париж – 4 универ-
ситетіндегі  Б.  Дедуйер,  К.  Наше  мен  К.  Па-
нижель  Үкіметтің  «Оқытуды  ұйымдастыру 
(2002 жыл сəуір)» туралы қаулысындағы 2-ші 
бөлімдегі (Licence) студентті даярлау «зерттеу 
көздерін оқу мен іздеу əдістерін жəне универ-
ситетте жұмыс істеу əдістерін оқытуды тасы-
малдайтыны»  туралы  ережені  атай  отырып, 
білім берудің L деңгейінде зерттеу көздерімен 
жұмыс  істеу  əдістерін  оқыту  курсын  ұйым-
дастырудың өз тəжірибелерін ұсынады. Курс-
қа  жобалар  (оқу  жобасы,  болашақ  кəсіби 
қызмет  бойынша  жоба,  персоналдық  жоба) 
бойынша  əдебиеттер  тізімін  жеке  дара  құру; 
кіші  топтардағы  (қолданбалы  жұмысқа 
беріл ген  сағаттарды  неге  қолдануға  бола-
ды)  жұмыс;  мақалалардың,  баяндамалардың 
жəне  т.б.  түйіндемесін  жасау  енеді.  Ақпарат 
көз дерін  іздеу  жəне  іріктеу;  ақпаратты  жазу 
жəне  жіктеу,  индекстеу;  ақпарат  алмасу; 
жазбаша  жұмыста  зерттеу  көздері  бойынша 
ақпаратты синтездеу; (кəсіби ғана емес) көп-
пəнді сипаттағы ақпарат іздеу сияқты əдістер 
ұсынылады [3]. 
Франция  университеттеріндегі  зерттеу ші-
лік жұмысты ұйымдастыруға жасалған шолу 
төмендегіні көрсетті: 
– зерттеушілік жұмыс жоғары білім беру-
дің екінші жəне үшінші (M-D) деңгейлерінде 
оның ажырамас бөлігі болып табылады жəне 
бірінші  деңгейде (L) студенттерді  даярлау 
бағдарламасына қосыла алады; 
– M-D деңгейлерінде студенттердің зерттеу-
шілік  жұмысына  қойылатын  талаптардың 
қол  данылуы бақыланады;
–  студенттердің  зерттеушілік  жұмысына 
əр  деңгейде  қойылатын  талаптардың  өзінің 
арнау лылығы бар. 
Студенттердің  зерттеушілік  жұмысына 
қойы латын талаптар 2-кестеде көрсетілген. 

61
Педагогиканың жəне психологияның əдіснамасы мен теориясы/Методология и теория педагогики и психологии
/Methodology and theory of pedagogyand psychology
Кесте 2
Жоғары білім берудің үш (LMD) деңгейіндегі студенттердің зерттеушілік 
жұмысына қойылатын талаптар
Licence
Master
Doctorat
Зерттеушілік жұмыс бағ  -
дарламада  қарас ты рыл-
маған. 
Зерттеушілік  бейін  (таң-
дау  бойынша)  пəндерін 
оқитын 
студенттерге 
қойы  латын 
талаптарға 
биб лио  графия құрастыру 
мен  зерттеу  көздерін  із-
деу біліктері кіреді 
М1 – студент өзінің сыни жəне сараптамалық 
қабілеттерін  көрсету  керек.  Егер  статисти ка-
лық жəне математикалық əдістерді қолданып, 
құжаттарды  жеке  іздеу  мен  талдауға  негіз-
деліп  жұмыс  жазу  мамандықпен  алдын  ала 
қарастырылған  болса,  студент  зерттелініп 
отыр ған  мəліметтің  мəселесі  мен  сыни  тал-
дауын көрсету керек. 
М2 Кəсіпқой (білікті маман) – арнаулы зерттеу-
шілік жұмыс алдын ала қарастырылмаған.
М2  Зерттеуші – өзінің  жеке  ғылыми  қызы-
ғушылықтарын ескеруменқатар ғылыми зерт-
теу  жұмысын  көрсету  керек.  Бұл  тақырып 
диссертацияда жалғасуы жəне дамуы мүмкін. 
Докторант диссер тация-
ны  қорғағаннан  кейін 
доктор 
дəрежесімен 
рас    та латын  кəсіби  зерт-
теу шілік  экспериментті 
көрсе тетін  төл  ғылыми 
жұмыс орындауы керек. 
Док торант 
ғылыми 
жоба аясында көппəндік 
мəде  ниет ті игеру қажет.
 
–  жоғары  білім  берудің  үш  деңгейінде 
–  зерттеушілік  жұмыстың 3 кестеде  көр се-
тілген  əртүрлі  əдістері  мен  тəсілдері  қолда-
нылады:
Кесте 3
Студенттердің зерттеушілік жұмысының жоғары білім берудің үш деңгейіндегі (LMD)əдістері
Licence
Master
Doctorat
- зерттеу көздерін іздеу мен 
оқу əдістері;
- ойды ауызша жəне жазба-
ша білдіру тəсілдері;
- статистикалық əдістер 
(статистикалық  мəліметтер 
талдауы,  сауалнамалар  құ-
рас тыру жəне өңдеу)
- жобаны ауызша жəне жазба-
ша ұсыну əдістері, жоба мон-
тажы, мəтінді рəсімдеу;
- мəліметтер базасын зерттеу, 
зерттеу көздерін іздеу страте-
гиялары;
-  халықаралық  ғылыми  бай-
ланыс тəсілдері;
-  зерттеушілік  жұмыста  қол-
данылатын  технологиялық, 
ақпа раттық,  коммерциялық, 
құқық тық  əдістер  мен  тəсіл-
дер 
- еңбек нарығында өзінің зерттеушілік 
жұмысын  жариялау  жəне  өткізу  əдіс-
тері;
-  ағылшын  тілінде  ауызша  жариялау 
тəсілдері;
- ауызша байланыс тəсілдері; ағылшын 
тілінде қарым-қатынас жасау стратеги-
ялары мен техникалары;
- жазбаша байланыс тəсілдері;
-  мультипəндік  аудитория  алдында  өз 
жобасын  компьютерлік  ұсыну  тəсіл-
дері;
- алынған эмпирикалық мəліметтердің 
статистикалық талдауы 
– жоғары білім берудің үш деңгейінде зерттеушілік жұмыстың 4 кестеде көрсе тілген əртүрлі 
формалары қолданылады:

62
№4, 2015
ПЕДАГОГИКА ЖƏНЕ ПСИХОЛОГИЯ – ПЕДАГОГИКА И ПСИХОЛОГИЯ
PEDAGOGICS AND PSYCHOLOGY
Кесте 4
Студенттердің зерттеушілік жұмысының жоғары білім берудің үш деңгейіндегі (LMD) формалары
Licence
Master
Doctorat
- библиография жасау бойынша 
жеке дара жұмыс; 
- кіші топтардағы жұмыс 
(жобаларды  талқылау,  өзін-өзі 
бағалау жəне т.б.);
-  мақалалардың,  баяндамалар-
дың түйіндемесі;
-  берілген  тақырып  бойын ша 
қысқаша-құжатнама  құрас ты-
ру;
-  студенттің  өз  бетінше  тапқан 
зерттеу көздерін жалпылау бой-
ынша жазбаша жұмыс.
- жеке зерттеушілік жоба;
- бірінші жəне екінші 
курстардағы зерттеушілік жаз-
баша жұмыс;
- зерттеушілік топқа тіркеу жəне 
онда жұмыс істеу;
- зерттеу көздерін жалпы-
лау бойынша сараптамалық 
жұмыстар, мақалалар жазу;
- докторанттармен бірлестіктегі 
семинарлар;
- халықаралық семинарлар;
- докторлық мектептегі 
зерттеушілік семинарлар;
- коллоквиумдар;
- дөңгелек үстелдер;
- докторлық күндерге қатысу;
- топқа баға берілетін топтық 
жоба;
- есеп жазылатын тағылымдама.
- зерттеушілік топтағы жұмыс;
-  докторантты  зертхана  іс-əре-
кетіне кəсіби қосу;
- арнаулы семинарлар;
- жеке тапсырмалар, жобалар;
- тағылымдамалар;
- «докторанттар конгрестері»;
- докторлық күндер;
- диссертация;
-  басқа  университетпен  бірлес-
тіктегі диссертация 
(екіжақты диплом алу);
-  технологиялық  зерттеушілік 
диплом;
-  жобалар  бойынша  топтық 
жұмыс;
- тəжірибе;
- тағылымдамалар;
-  ғылыми  жиналыстарда  өз 
жұмы  сын таныстыру
Ұлыбритания  ғылыми  зерттеулерде  мой-
ыл далған  əлемдік  көшбасшы  екені  бəріне 
мəлім. Осылай, мысалы, оның халқы əлемнің 
1%  ғана  құраса  да,  Біріккен  Корольдықта 
əлемдегі  барлық  ғылыми  жұмыстардың 9% 
жасалады,  ал  Ұлыбританияның  ғалымдары 
дүние  жүзіне  əйгілі  ғылыми  марапаттар  мен 
зерттеу  үшін  сыйақылардың 10% алады. 
Соңғы  елу  жылда  Корольдік  зерттеушілері 
44  Нобель  сыйлығын  алды.  Сонымен  қатар 
Ұлыбритания зерттеу жұмысының ең жоғары 
өнімділігіне ие: Ұлыбританияда зерттеушілер 
əрбір  салынған  миллион  фунтқа 16 зерттеу 
жасайды, ал АҚШ – 10, Жапония – небəрі 4 
[4]. Оның үстіне Ұлыбритания əлемнің үздік 
университеттері  тізімінде  бірден  бірнеше 
жоғары  оқу  орындары  бар  болуына  қол 
жеткізген мемлекет болып табылады. 
Ұлыбритания университеттерінің өзге ше-
лейтін ерекшелігі əлемдік алаңда мемлекет  тің 
сəтті инновациялық зерттеушілік іс-əрекетін 
қамтамасыз ететін зерттеу орталықтары мен 
зертханаларының  болуы  болып  табылады. 
Ұлыбритания  университеттерінде  жүргі-
зі летін  ғылыми  ізденістер  жаратылыстану, 
тех ни калық,  əлеуметтік  жəне  гуманитарлық 
ғылым дар сияқты аймақтарды қамтиды. 
Ұлыбритания университеттерінің маңызды 
ерекшелігіне  олардың  жоғары  оқу  орны  бо-
лып  қана  қоймай,  сонымен  қатар  оларға 
төмен де көрсетілгендей, университеттің зерт-
теушілік əрекеттің білім беру үдерісіне тиімді 
бірлестіріп  жүйелеуге  мүмкіндік  беретін  ірі 
зерттеу орталықтары болып табылатыны жа-
тады. 
Ұлыбританияның барлық университеттері 
кəсіби  дайындықтың  бірнеше  бағдарла ма-
ларын  жүргізеді:  бакалавриат  деңгейінде, 
магистратураларда,  сол  сияқты  оқушыларды 
докторлық  дəрежеге  даярлайтын,  ресейлік 
аспи рантураға  баламалы  жəне  оқушыларға 
өз  бетінше  зерттеу  жүргізуді  жəне  білімнің 

63
Педагогиканың жəне психологияның əдіснамасы мен теориясы/Методология и теория педагогики и психологии
/Methodology and theory of pedagogyand psychology
белгілі  бір  аймағында  «доктор»  дəрежесін 
алуға  жалғасатын  диссертация  жазуды  ұсы-
натын оқыту курстарын ұсынады. 
Ұлыбритания зерттеушілік əрекетті мемле-
кетте,  соның  ішінде  мемлекеттегі  универси-
теттер мен олардың зерттеу орталықтарында 
жүргізуді  реттейтін  принциптердің  бірыңғай 
кодексіне  ие.  Ұлыбританияның  қоғамдық 
өмірін  стандарттау  Комитетімен (Committee 
on Standards in Public Life) жасалған  норма-
тивтер  зерттеушілік  жобаларға  демеушілік 
көмекті қамтамасыз ететін қорлар мен ұйым-
дардың  (мысалы, «Велком  Траст»  қоры) [4] 
жəне университеттердің (мысалы, Кембридж 
қ. университеті) [5] жарғылық құжаттарының 
негізіне енген. 
Ұлыбритания университеттерінің ғылыми-
зерттеу  іс-əрекетіне  оқытуды  ұйымдастыру 
мысалдары  Кембридж  қ.  университетінің 
мəлі мет терінен көрсетіледі.
Бұл  нормативтер  зерттеушілік  іс-əрекет 
субъектісінің  келесі  сипаттамаларын  ұйғара-
ды: моральдық нормаларға сəйкестік; объек-
тивтілік; есепберушілік; ашықтық; əділдік; ең 
жақсы нəтижелерге қол жеткізуге ұмтылу [5]. 
Осы  принциптердің  бір  бөлігінің  ғылыми-
зерттеушілік  əрекетті  ұйымдастыру  мен 
өткізуге  тікелей  қатыстылығы  маңызды  бо-
лып  табылады.  Осылай,  мысалы,  Кембридж 
университетінің  құжаттарында  зерттеушілік 
институттардың жетекшілері зерттеудің қаты-
сушыларының  барлығы  идеялармен  еркін 
алмасып,  өздерінің  зерттеушілік  біліктерін 
дамыта алатын серіктестік ахуалында жүргі-
зілуіне жауапты екені аталады [5].
Университеттің  міндеттеріне  универси-
тет  əріптестерін  кəсіби  даярлаудың  сапасын 
арттыру  бойынша  университеттің  жалпы 
бағдарламасының  бөлігі  болып  табылатын, 
ғылыми  зерттеулердің  жетекшілерін  даярлау 
бойынша  қолданбалы  курсты  өзіне  қосатын 
зерттеушілік жобаларды бақылау жəне жетек-
шілік  етуді  қамтамасыз  ету  жатады.  Жетек-
шілерді  даярлау  курсы  зерттеушілермен 
кездесулер  қаншалықты  жиі  өту  керектігін, 
сонымен қатар студенттер мен докторанттар-
дың  зерттеушілік  қажеттіліктерін  дамыту 
мен  негізгі  ақпаратты  тексеруге  қатысты 
жетек  ші лердің  міндеттерін  түсіндіретін  нұс-
қауларға  сəйкес  ұйымдастырылады.  Зерт-
теу  жобаларының  жетекшілерінің  мін дет-
теріне  зерттеу  болжамын  құрастыру,  қаржы-
ландыруға  сұранысты  даярлау,  эксперимент 
хаттамаларын жасау, нəтижелерді тіркеу мен 
талдауды қоса алғанда, зерттеудің барлық са-
тыларына бақылау жүргізу жатады. 
Университет жарғылық құжаттарға сəйкес 
студенттер мен жас зерттеушілерге арналған 
көптеген  курстарды  ұсынады.  Бұл  курстар 
зерттеушілік  жұмысты  жүргізудің  алдыңғы 
тəжірибесін  түсіну  мен  игеруді  қамтамасыз 
ету  керек.  Зерттеудің  жетекшілері  студент 
жəне əріптес-зерттеушілердің оларға қажетті 
курстарға  өздерінің  кəсіби  даму  бағ дар-
ламасының  бөлігі  ретінде  қатысуын  қада-
ғалайды.  Мұндай  бағдарламалар  мен  курс-
тарға «Кəсіби тəжірибе жəне этика», «Зерттеуді 
жобалау», «Зерттеушілік  жабдықтарды  қол-
дану», «Зерттеу  нəтижелерін  тіркеу», «Зерт-
теу нəтижелерін қорғау» жəне т.б. жатады [6]. 
Білім  беру  бағдарламаларына  жүргізілген 
талдау  көрсеткендей,  Ұлыбританияда  ғылы-
ми-зерттеушілік əрекетті ұйымдастыру айма-
ғындағы даярлық көлемі жоғары кəсіби білім 
берудің  білім  беру  сатысына  байланысты 
реттеледі. Бакалаврдың білімділік сатысы ең аз 
дегенде ғылыми зерттеуді өз бетінше орындау-
ды ұйғарады; өз бетінше жəне инновациялық 
зерттеу  сипаттамаларының  дəрежесі  білім 
беру сатысының өсуіне сəйкес ұлғайып оты-
рады.  Дегенмен  бакалавриаттың  екінші  дең-
гейі нің  өзінде,  төменде  көрсетілетіндей,  ғы-
лыми-зерттеушілік  əрекетке  даярлау  бағ дар -
ламаларын  айтарлықтай  диверсификациялау 
мен жеке-дараландыру бар. 
Бакалавриатта  студенттерді  ғылыми-зерт   -
теу  əрекетіне  даярлау  айтарлықтай  кө лем   де 
ақпаратты  іздеу,  жинау,  талдау  жə не  жалпы-
лау  біліктерін  қалып тас   ты  руға  шоғыр лан-
дырылған.  Кембридж  уни вер  ситетінің  оқу 
жоспарларына  жүр гізілген  тал дау  гумани-
тарлық  факультет тердегі  бакалавриат  сту-

64
№4, 2015
ПЕДАГОГИКА ЖƏНЕ ПСИХОЛОГИЯ – ПЕДАГОГИКА И ПСИХОЛОГИЯ
PEDAGOGICS AND PSYCHOLOGY
денттерінің 
ғылыми-зерттеу 
əрекетінің 
нəти же лерін  көрсету  формалары  берілген 
тақы рып  бойынша  оқылған  əдебиеттер  бой-
ынша  эссе (essays), сонымен  қатар  курстық 
жұмыстар (thesis, paper) болып табылатынын 
көрсетті.  Гуманитарлық  факультеттердегі 
курстық  жұмыстар  көп  мөлшерде  зерттеу 
мəсе лесі  бойынша  əдебиеттерге  шолу  жəне 
тал дауды көрсетеді [6]. 
«Əлеуметтану» факультетінің бакалавриат-
тың  бірінші  курс  студенттері  психология, 
əлеуметтану,  əлеуметтік  антропология  жəне 
т.б.  ғылыми  бағыттар  бойынша  екіден  көп 
курстық жұмыстар тапсыруға міндетті. Екінші 
курста – саяси  ілімдер  тарихы  бойынша  бір 
курстық  жұмыс,  алекі  кең  эсседен  тұратын 
екіншісін, – екі теориялық сұрақтар бойынша. 
Оқудың  үшінші  жылында  біреуі  əлеуметтік 
философия  немесе  қазіргі  əлеуметтік  тео-
рия  сұрақтарын  ашатын  бірнеше  курстық 
жұмыс  орындау  ұсынылады.  Үшінші  курс 
студенттері  дайындық  профессор-оқытушы 
ұжым  мүшелерінің  біреуінің  жетекшілігімен 
жүзеге  асырылатын, 10 мың  сөз  көлеміндегі 
диссертация жазуды таңдай алады [6]. Жара-
тылыстану-ғылыми  факультеттерінде  сту-
денттер  ғылыми-зерттеушілік  жұмысты  тек 
қана  жоғары  курстарда  жүргізеді.  Мыса-
лы, «Табиғи  ғылымдарды  зерттеу»  курсы 
бойынша  үшінші  курста  ғана  диссертация 
дайындайды  немесе  таңдау  бойынша  зерт-
теу  жұмысынорындайды [7]. Гуманитарлық 
бағыттар бойынша бакалавриатты дайындауға 
байланысты,  ғылыми-зерттеу  іс-əрекетінің 
нəтижелерін көрсетудің ең кең таралған фор-
малары эссе мен курстық жұмыстар болып та-
былады, ал студенттердің оларда көрсетілген 
ғылыми-зерттеу  іс-əрекеті  ақпаратты  іздеу, 
іріктеу, талдау жəне жалпылауда, зерттеушілік 
əрекеттің мұндай түріне даярлауда кітапхана 
үлкен рөл атқарады. 
Ұлыбритания  университеттерінің  кітап-
ханалары  ақпараттық  бастамалармен  жұ-
мыс  істеудің  негіздеріне  үйрету  бойынша 
студенттерге  арналған  білім  берудің  əртүр-
лі  бағыттарында  бағдарламалар  ұйым дас -
ты рады.  Осылай,  Кембридж  универ сите-
тінде  университтік  кітапханамен  қамта ма-
сыз  етілетін,  студенттерге  арналған  зерттеу-
шілік  біліктерді  дамытудың  ауқымды  бағ-
дар ламасын (Research Skills Programme) 
ұсынады. Осы бағдарлама аясында кітапхана 
бірінші  курс  студенттері  мен  оқудың  басқа 
сатыларындағы студенттерге жыл бойы таны-
стыру  семинарлары  мен  саяхатын  жүргізеді. 
Бұл  семинарлар  мен  саяхаттардың  міндеті 
–  жабық  тұрған  жинақтармен,  сөрелердегі 
əде биет терді  ұйымдастыру  тəсілдерімен, 
кітап хананың қағаз күйіндегі жазбалар жина-
ғымен,  оның  көптеген  каталогымен  таныс-
тыру  болып  табылады [8]. Зерттеу  əре-
кеті  біліктерін  дамыту  бағдарламасының 
міндеттері студенттерді қағаз жəне электрон-
ды бастауларда ақпарат іздеуді жүзеге асыра 
алу,  қолданылған  əдебиеттерге  сілтеме  жа-
сау, сонымен қатар жұмыстың осы түрлеріне 
арналған  бағдарламалық  қамтамасыз  етудің 
əртүрлі  түрлерін  қолдану  болып  табылатын 
тақырыптық  жəне  қолданбалы  семинарлар 
қатарын қосады. 
Тақырыптық семинарлардың мақсаты – бар 
студенттерге  жеке  тақырыптарды  зерттеуге 
мүмкіндік беретін кітапханадағы ақпараттық 
ресурстар  туралы  көзқарасты  дамыту.  Қол-
дан балы  семинарлар  электрондық  баста-
уларда  бір  цитата  негізінде  толық  мəтінді 
қалай  табуға  болатынын,  аннотациялар  мен 
индекс  мəліметтер  базасын  қолдануды  қоса 
алғанда  қажетті  журнал  немесе  мақаланы 
қалай  табуға  болатынын  үйретеді.  Осымен 
қатар,  қолданбалы  семинарлар  оқушыларда 
зерттеу  жұмысын  қалай  бастау  керек  жəне 
оны қалай жалғастыру керектігінің стратеги-
ясын  қалыптастыруға  бағытталған.  Мұндай 
стратегияға зерттеу тақырыбын конструктивті 
ойластыру,  ақпарат  бастауларын  табу  жəне 
зерттеу,  алғашқы  көздеріне  сілтемені  дұрыс 
рəсімдеу, сол сияқты библиография жасау жа-
тады [8]. Кітапхана барлық келем деушілерге 
апта  сайын  кеңес  беру  жүргізеді,  сонымен 
қатар  зерттеуді  қажет  ететін  жеке  студентке 
арналып жасалуы мүмкін, ерекше ақпараттық 
бастаулармен жұмыс бойынша бағдарламадан 
тыс курсқа жазылуға мүмкіндік береді [8]. 

65
Педагогиканың жəне психологияның əдіснамасы мен теориясы/Методология и теория педагогики и психологии
/Methodology and theory of pedagogyand psychology
Университеттік  кітапханалардың  ғалам-
тор-желісінде  зерттеушілік  əрекетті  жүзеге 
асыруға қажетті мəліметтері бар екенін атап 
өту керек. Бұл, біріншіден, электрондық ақпа-
раттық ресурсты қолдану бойынша жазбаша 
нұсқаулар немесе сол ресурстарды қолдануды 
үйрететін  видеоға  жазылған  семинарлар. 
Осылай,  мысалы,  Кембридж  қаласындағы 
кітапхананың  ғаламтор-желісі  осы  бөлімде 
зерттеушілерге  арналған  «Кітапхана  мен 
оның ресурстары көрсететін қызметтер тура-
лы» мəліметтерін, «Уилсон Селект Плюс жəне 
Уорлдкет», «Электрондық  кітаптар  (Элек-
трондық  кітапханалар)»  видео-семинарла-
рын,  сонымен  қатар  кітапханалық  ресурс 
(«Зерттеушілік тапсырма мысалы») көмегімен 
зерттеу  міндеттерін  орындаудың  мысал-
дарын  жəне  т.б.  ұсынады [8]. Зерттеушілік 
əрекетке  оқытудың  басқа  маңызды  формасы 
Ұлыбритания  университеттерінде  қабыл-
данған, студенттердің оқу іс-əрекетіне жетек-
шілік  жүйесі  болып  табылады.  Бұл  жүйе  əр 
студентте  оның  оқу  жəне  зерттеу  əрекетінің 
субъектісі ретінде қалыптасуына жауап бере-
тін  жетекшінің  болуын  ұйғарады.  Əдетте 
мұндай  жетекші  профессор,  дəрісші  немесе 
сəйкес  факультеттің  зерттеушісі  болып  та-
былады  жəне  факультетпен  тағайындалады. 
Жетекшілік  жүйесі  дəрісшінің/зерттеушінің, 
əдетте екі адамнан көп емес, студенттер тобы-
мен  тұрақты  сабақтар  өткізуде  түйінделеді. 
Студенттер  мұндай  сабақтарға  бір  сабақ  
сағат дəріспен тең болатын есептен шығатын 
сабақтарға  қатысады.  Жетекші  студенттерге 
дəріс  ақпаратын  игеруді  қамтамасыз  етуге 
бағытталған  үй  тапсырмаларын  жоспарлай-
ды  жəне  береді,  кейін  оларды  студенттер-
мен  бірге  талқылайды.  Даярлаудың  мұндай 
жүйесінің айтарлықтай жетістігі студенттер-
ге көрсетілетін зерттеу əрекеті мен жеке-да-
ра даму сұрақтары бойынша университет тің 
жетекші  мамандарымен  бірге  талқылауға 
жəне кеңес алысуға мүмкіндік беретіндігі [9]. 
Зерттеулер бойынша Ұлыбританиядағы Ко-
митеттер ғылыми зерттеуді өз бетінше орын-
дауға қажетті, оларды дайындау магистратура 
мен  докторантурадағы  тыңдаушыларды  да-
ярлау мақсаты болатын (Postgraduate courses) 
келесі  біліктерді  анықтады [10]. Мұндай 
зерттеушілік деңгейлерге зерттеу жүргізу тех-
нологиялары мен біліктерін; зерттеу ортасын-
да жұмыс істей алу; жеке зерттеу іс-əрекетін 
басқара  алу  білігі;  тұлғалық  тиімділікті 
(өнім ділік)  қамтамасыз  ететін  сапалар  мен 
біліктер;  коммуникативтік  біліктер;  ұжымда 
жəне басқа бөлімшелермен бірге жұмыс істей 
алу; өз мансабын басқара алу білігі [10]. 
Кембридждік  университеттің  көптеген 
факуль  теттерінде  сəйкес  зерттеу  ортасын 
жасау ға  ықпал  ететін,  іргелі  зерттеулердің 
жоға ры  нəтижелеріне  қол  жеткізудің  жеке 
бағ дар  ламасы  қабылданады  жəне  ол  өзіне 
мына  дай міндеттерді қосады: 
– зерттеу аймағындағы жоғары білікті ма-
ман дарды  шақыру  арқылы  зерттеулердің 
жоға ры сапасына қол жеткізу;
–  белгілі  мамандардың  жетекшілігімен 
зерт теу дің жаңа инновациялық бағдарламасын 
жасау;
–  зерттеу  аймақтарында  əртүрлі  бейіндегі 
зерттеушілердің  серіктестігі  үшін  жаңа 
мүмкіндіктер жасау;
– жеке ғылыми аймақта көшбасшы орынға 
шығуға ұмтылу;
–  жүру  барысында  жас  зерттеушілердің 
пікір лері,  алдыңғы  қолданбалы  технология-
лар қолданылатын, сол сияқты даму динамика-
сының  есебі  жүзеге  асырылатын  дəстүрлі 
зерттеушілік тұғырлардың жаңартылуы [7]. 
Болашақ мамандарды зерттеушілік əрекетке 
даярлауға  бағытталған  ұйымдастырушылық 
педагогикалық  жағдайды  анықтау,  негіз деу, 
жүзеге  асыру  мақсатыменғылыми  əдебиет-
терге  шолу-талдау  жасалып,  шетелдік  тəжі-
ри бе  зерделенді.  Зерттеу  жұмыстары  жақсы 
дамыған  мемлекеттердің  мол  тəжірибесін 
саралай  келе,егеменді  еліміздің  жоғары  оқу 
орындарында  зерттеушілік  əрекетті  дұрыс 
ұйымдастыруға  ұмтылу,  жас  мамандардың 
зерттеу  жұмыстарына  қызығушылығын  арт-
тыру дамыған 50 елдің қатарына енудің жолы 
деп түсінеміз. 

66
№4, 2015
ПЕДАГОГИКА ЖƏНЕ ПСИХОЛОГИЯ – ПЕДАГОГИКА И ПСИХОЛОГИЯ
PEDAGOGICS AND PSYCHOLOGY
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН АҚПАРАТ КӨЗДЕРІНІҢ 
ТІЗІМІ:
1.  Сабитова  Р.А.  Основы  научных  исследова-
ний. – Челябинск, 2002. – 49-54 бб.
2.  Ильязова  М.Д.  Методика  формирования 
про фессиональной компетентности будущих спе-
циалистов  как  актуальная  теоретическая  и  при-
кладная задача современного образования [Текст] 
/М.Д. Ильязова //Высшее образование сегодня. – 
2008. – №7. – 28-30 бб.
3. Исследовательская деятельность в вузовской 
и  послевузовской  подготовке  бакалавров,  маги-
стров,  аспирантов //Сборник  статей  по  научной 
ред.профессора  И.А.Зимней. – Москва, 2010. – 
59-61 бб.
4. http:// www.universitiesuk.ac.uk
5. http://www.wellcome.ac.uk
6. http://www.rsd.cam.ac.uk
7. http:// www.polis.cam.ac.uk
8. http://www.cam.ac.uk
9. http://www.lib.cam.ac.uk/Courses/Descrip tions. 
html
10. http:// www.maths.cam.ac.uk.
11. Joint statement of the skills training require-
ments for research students. Research Councils UK–
www.rcuk.ac.uk
Аннотация
Таубаева Ш.Т., Жексембинова А.К. Зарубежная практика подготовки обучающихся к исследова-

жүктеу 5.16 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   25




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет