Психология педагогика және жәНЕ


рованный английский язык» (для будущих учителей музыки)



жүктеу 5.16 Kb.
Pdf просмотр
бет6/25
Дата14.05.2017
өлшемі5.16 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25

рованный английский язык» (для будущих учителей музыки).
В связи с введением в Республике Казахстан программы «Триединство языков», профессиональная 
подготовка студентов – будущих учителей музыки включает в себя овладение основами музыкально-
исторических,  музыкально-теоретических,  музыкально-исполнительских  дисциплин,  важнейших  по-
нятий педагогики музыкального образования на английском языке в курсе «Профессиональный ино-
странный язык», который позволяет овладеть категориально-понятийной терминологией, необходимой 
для работы будущих учителей музыки с литературой на английском языке.
В  статье  рассматриваются  некоторые  формы  и  методы  развития  мотивации  студентов – будущих 
учителей музыки в курсе «Профессионально-ориентированный английский язык».
Ключевые  слова:  мотивация,  профессионально-ориентированный  английский  язык,  будущий  учи-
тель музыки, музыкальное образование

36
ПЕДАГОГИКА ЖƏНЕ ПСИХОЛОГИЯ – ПЕДАГОГИКА И ПСИХОЛОГИЯ
PEDAGOGICS AND PSYCHOLOGY
№4, 2015
Аңдатпа
Ибраева Қ.Е., Момбек А.А. «Кəсіби бағытталған ағылшын тілі» (болашақ музыка мұғалімдері 
үшін) пəнін оқыту барысында білім алушылардың мотивациясын дамыту.
Қазақстан  Республикасында  үш  тілді  оқыту  жүйесің  енгізілуіне  байланысты  болашақ  музыка 
мұғалімдерін кəсіби тұрғыдан даярлау ісі негізгі музыкалық-теориялық, музыкалық-тарихи, музыкалық-
орындаушылық жəне музыкалық білім беру педагогикасының басты ұғым-түсініктерін ағылшын тілінде 
білуді қамтиды. 
«Кəсіби шет тілі» жоғары музыкалық-педагогикалық білім беру ісіне ағылшын тіліндегі категориялық-
түсінік аппаратын игеруге мүмкіндік береді. Мақалада болашақ музыка мұғалімдеріне арналған «Кəсіби 
бағытталған ағылшын тілі» пəнін оқыту барысында білім алушылардың мотивациясын дамыту əдістері 
мен тəсілдері қарастырылды. 
Түйін сөздер: мотивация, кəсіби-бағытталған ағылшын тілі, болашақ музыка мұғалімі, музыкалық 
білім
ОƏЖ 159.9:375                                  
А.Р.ЕРМЕНТАЕВА
Л.Н. Гумилев атындағы Евразия ұлттық университеті
(Астана, Қазақстан)
СТУДЕНТТЕРДІҢ СУБЪЕКТІЛІГІ МЕН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДАЯРЛЫҒЫН 
АРТТЫРУДАҒЫ МАҒЫНАЛЫҚ БАҒДАР 
Аңдатпа
Мақалада студенттерді субъект-бағдарлы психологиялық дайындау, оның нəтижелері, сипат-
тамалық ерекшеліктері талданады. Субъектілік, психологиялық даярлық, психологиялық əзірлік 
студенттерді  субъект-бағдарлы  психологиялық  дайындау  нəтижелері  ретінде  айқындалады. 
Студенттердің субъектілігі мен психологиялық даярлығының өзара шарттастықта дамитыны 
қарастырылады. Психологиядағы бағдар жəне мағына теорияларына сəйкес субъект-бағдарлы 
психологиялық  дайындаудың  студенттердің  мотивациялық  саласына,  тұлғалық  мағыналы 
болуына,  сыртқы  психологиялық  ықпал  ретіндегі  бағдарға  байланысты  болатыны  ғылыми-
теориялық тұрғыдан негізделеді. 
Түйін сөздер: бағдар, мағына, мотивация, психологиялық əзірлік, психологиялық дайындау, 
психологиялық даярлық, субъектілік, субъект-бағдарлы психологиялық дайындау.
С
туденттерді психологиялық дайындау-
ды  субъект-бағдарлы  негізде  болу  ке-
рек  деп, «субъект-бағдарлы  психологиялық 
дайындау» (СБПД) терминін қолданамыз.
Əрине, СБПД мақсат-бағдарлы түрде ұйым-
дастырылады.  Сондықтан  ол  психологиялық 
жəне  педагогикалық  ғылым  жетістіктеріне; 
студенттердің  маман  жəне  тұлға  ретінде  да-
муына  қойылатын  талаптарға;  арқау  ретінде 
алынған  əдіснамалық  қағидаларға;  олардың 
жеке-дара жəне ұлттық психологиялық ерек-
ше ліктерін  ескеруге  негізделе  отырып  іске 
асырылады. 
СБПД-ды  студенттерге  кəсіби  білім  беру 
про цесінің  толымды,  нақты  бір  жағы, 
құрам дас  бөлігі  ретінде  қарастыруға  шы-
найы түрде мүмкіндік береді. Əлбетте кəсіби 
дайындаудың жалпы процесінен оның өзгеше 

37
Білім берудің заманауи проблемалары/Современные проблемы образования 
 /Modern problems of education
жақтарын – оқытуды, тəрбиелеуді, дамытуды 
жəне психологиялық дайындауды – бөліп алу 
шартты сипатта: олар бір-бірімен өзара тығыз 
байланысты,  бір-бірін  өзара  толықтырады 
жəне өзара тəуелді болады. 
Психологиялық  дайындау  арқасында  сту-
денттердің тұлға, маман ретінде дамуы ерек-
ше  текті – өзіндік  дамуға,  өзіндік  жетілуге 
айналуы мүмкін болады. Л.С. Выготский мен 
С.Л.  Рубинштейн  ұстанымдары  бойынша 
да  дамудың  басты  детерминанты  тұлғаның 
шығармашылық  өзіндік  іс-əрекеті  мен 
дербестігі болып табылады. Осы орайда С.Л. 
Рубинштейн «…субъект  шығармашылық 
өзін дік  іс-əрекеті  бойынша,  өз  істері  мен 
актілері арқылы тек танылып қана қоймайды 
–  ол  осылар  арқылы  жасампаз  болады  жəне 
анықталады.  Сондықтан  əрекеттері  арқылы 
оның  қандай  екендігін  анықтауға  болады; 
іс-əрекетінің  бағыты  арқылы  оның  өзін-
өзі  анықтауы  жəне  өзін-өзі  қалыптастыруы 
мүмкін болады», – деп жазған-ды [1, 106 б.].
СБПД  процесін  жүзеге  асыруда  студент-
тердің оқу-танымдық іс-əрекеттің субъектілері 
болуына жəне оқу-кəсіби іс-əрекетте, қарым-
қатынаста  мəнді  болатын  психологиялық 
білімді, дағдылар мен біліктілікті жетілдіруге, 
өзіндік дамуға бағыт-бағдар жасалады. Сонда 
психологиялық  дайындау  процесінде  оқыту 
ғана емес, тəрбиелік жəне дамытушы мəні бар 
технологиялар қолданылады. Ал өз кезегінде 
психологиялық  дайындау  оқыту,  тəрбиелеу 
жəне дамыту процестерінің тиімділігін артты-
руға ықпал етпей қоймайды. 
Осы  орайда  СБПД-дың  нəтижесі  анықта-
лады. Ол ерекше біртұтас құрылым – студент-
тердің  субъектілігі  мен  психологиялық 
даярлығы болып табылады. Ол студенттердің 
психологиялық  білімдері,  дағдылары  мен 
білік тіліктерінің,  қабілеттерінің,  рухани-
адам  гершілік 
қатынаспен 
анықталатын 
субъек тілік қасиеттерінің тұтас жүйесі бола-
ды. Бұл студенттердің оқу-кəсіби іс-əрекетті, 
қарым-қатынасты,  өзіндік  даму  процесін 
жетіл діруі,  өзін-өзі  танытуы  эгоцентрлік, 
басқаларға зардап-залалды емес, тек рухани-
адамгершілік  негізде  дегенді  білдіреді.  Тек 
сонда ғана тұлғаның өз қылықтарына, шешім-
деріне,  сөздеріне,  одан  соң  өз  тағдыр-тір-
шілігіне  ғана  емес,  басқа  адамдардың,  мем-
лекеттің, бүкіл қоғам мен əлемнің тағдырына 
жауапкершілікпен  қарауына  жағдай  жасала-
ды [2, 12 б.]. 
Əдебиетте психологиялық дайындау нəти-
жесін  анықтап,  сипаттауда  «психо логиялық 
даярлық»  жəне  «психоло гиялық  əзірлік» 
тер миндері  қолданылады.  Психологиялық 
ғылыми  еңбектерде  «даярлық/даяр  болу» 
ұғымы тұлғаның оқу, білу дəрежесіне, акаде-
миялық білім меңгеру деңгейіне байланысты 
тұлғалық құрылым ретінде түсініледі. Мұнда 
психологиялық  даярлықты  қамтамасыз  ету-
ге  бағытталған  іс-əрекетте  психология  пəні 
оқытушысының,  психологтің  белсенді,  ба-
стамашы  рөлі  басым  көрінеді.  Енді  «əзірлік/
əзір  тұру»  ұғымы  меңгерген  білімін,  дағ-
дысын  жəне  біліктілігін  тұлғаның  қай  сəтте 
де  дəлме-дəл  жүзеге  асыра  алу  қасиетін, 
жағдаят  кезіндегі  оңтайлы  жай-күйін,  қуа-
тын  сипаттайды.  Осыған  орай  белгілі  бір 
жағдаятта,  одан  тыс  кезде  де  студенттердің 
психологиялық  даярлықты  өзекті  етуге  мүм-
кін дік беретін қасиетін психологиялық əзірлік 
деп анықтаймыз. 
Зерттеулер  іс-əрекетке,  қарым-қатынасқа, 
өзіндік  дамуға  дəлме-дəл  психологиялық 
даярлықтың  болуының  ең  басты  шарты – 
оның  тұлға  үшін  мəнділігі,  мақсаттылығы 
жəне  осыған  сəйкес  өзекті  болуы  екенін 
көрсетеді. 
Осыған  орай  субъектілік  пен  психология-
лық  даярлықтың  мəнін  түсінуде  бағдар 
феномені  маңызды  орын  алады.  Егер 
Д.Н.  Узнадзе [3], А.С.Прангишвили [4], 
А.Г.  Асмолов [5] тұжырымдамалары  бойын-
ша  қажеттіліктен  туындайтын  жəне  объек-
тивті  жағдаятқа  сəйкес  индивидті  нақты 
бір  əрекетке  жұмылдыруға  бағдар  болуы 
тиіс.  Мұнда,  бағдар  бейсаналық  жағдай,  іс-
əрекетке басты себепші ретінде ол кез-келген 
мақсат-бағдарлы  іс-əрекеттің  құрылымдық 
бөлігі болып келеді [3; 4]. 

38
ПЕДАГОГИКА ЖƏНЕ ПСИХОЛОГИЯ – ПЕДАГОГИКА И ПСИХОЛОГИЯ
PEDAGOGICS AND PSYCHOLOGY
№4, 2015
Осылайша, Д.Н.Узнадзе мен А.С.Прангиш-
ви лидің  бағдарды  субъектінің  орындалар 
іс-əрекетке  қатысты  жай-күйін  қалыпқа  кел-
тіретін «тұлғалық жағдайы», оның белгілі бір 
белсенділік  формасына  тұрақты  бейімділігі 
деп  сипаттауы  студенттерді  субъектілік  тұр-
ғыдан  психологиялық  дайындау  нəтижесін 
кең  мағынада  түсінуге  жəне  толықтыруға 
мүм кіндік бермек. Осыған орай студенттердің 
пси хологиялық дайындау іс-əрекетін жетіл ді-
руге деген бағыттылығы, əзірлігі ретінде бағ -
дардың пайда болуын қамтамасыз ету қажеттігі 
алға  қойылады.  Алайда  бұл  жеткілікті  шарт 
емес  деп  санаймыз.  Сондық тан,  субъектілік 
пен психологиялық даяр лық ты тек бағдардан 
ғана  емес,  кейбір  мінез-құлық  үлгілерінен, 
педагогикалық  іс-əре  кеттің  оңтайлы  тəсіл де-
рінен, рефлексия құрау  шыларынан да тұрады 
деп қарастырған жөн.
Осы  тұста  студенттердің  оқу-кəсіби  іс-
əрекетін,  қарым-қатынасын,  өзіндік  дамуын 
реттеудегі,  жетілдірудегі  субъект-бағдарлы 
психологиялық  дайындаудың  рөлін  айқын 
түсінуге  А.Г.  Асмоловтың [5; 6] бағдарлық 
құбылыстарды  зерттеу  тұжырымы  мүмкіндік 
беретін  сияқты.  Ол  іс-əрекетті  бағдарлық 
реттеудің үш деңгейін бөліп көрсетеді. Мұнда, 
жетекші рөлді мағыналық бағдарлар атқарады. 
«Мағыналық  бағдар  белгілі  бір  бағыттағы 
іс-əрекетті  жүзеге  асыруға  əзірлігі  түрінде 
тұлғалық  мағынаның  көріну  формасы»  бо-
лып  табылады [5, 322 б.].  Басқаша  айтқанда, 
мағыналық  бағдар  тұлғалық  мағы наға  ие 
болған  белгілі  бір  бағыттағы  іс-əрекетті 
жүзеге асыруға əзірлікті білдіреді. Мағыналық 
бағдар жүзеге асырылатын іс-əрекеттің жоба-
сы бар əлеуетті формада латентті шегенденуі, 
сақталуы  жəне  сəйкес  жағ даятта  мінез-
құлықтың  əлдеқайда  тұрақты  тəсіл дерінің 
шарты  ретінде  өзекті  бола  алуы  мүмкін. 
Сонда,  мағыналық  бағдар  ғана  іс-əре кеттің 
тұрақтылығы  мен  бағыттылығын,  тұл ғаның 
барлық қылықтары мен істерін анық тайды. 
Басқаша  айтқанда,  психологиялық  дай-
ын дау нəтижесінде субъектілік пен психо ло-
гиялық даярлықты дамытуға студенттер үшін 
мағыналық  бағдар  болуы  қажет.  Тек  сонда 
ғана  оқу-кəсіби  іс-əрекет,  басқа  адамдармен 
қарым-қатынас жəне өзіндік даму процестерін 
студенттер тұрақты да нақты түрде жетілдіре 
алады. 
Əрекеттің болжамдалған нəтижесінің бей-
несі  болатын  мақсатқа  жетуге  əзірлік  мақ-
сат тық  бағдар  ретінде  анықталады [6, 125-
126 б.]. Мақсаттық бағдар іс-əрекеттің саналы 
түрде аңғарылған нəтижесінің, яғни мақсаттың 
орындалуын  жоғары  ықтималдықпен  жəне 
тиімділікпен  қамтамасыз  ететін  нақты 
жағдайлар мен тəсілдердің толық ашылмаған 
бейнесі  арқылы  өзекті  болады.  Болашақ 
мақсаттың  бейнесі  əрекеттерге  жалпы  бағыт 
береді.  Сондықтан  іс-əрекеттің  көптеген  си-
паттамалары  мақсаттық  əзірліктен  тəуел-
ді  болады.  Осыған  орай  А.Г.  Асмолов 
мақсаттық  əзірліктің  мағыналық  пен  опера-
ция лық 
бағдарларды 
ықпалдастыратын 
рөлін  көрсетеді [6, 103 б.].  Шынында  да 
студенттердің нəтиже бейнесін мақсат түрін-
де  аңғара  алуы  іс-əрекет  мағынасын  мəнді 
немесе  мəнсіз  етеді.  Осыған  байланысты 
операциялық  бағдар  да  өзгереді.  Демек, 
студенттердің субъектілік пен психологиялық 
даярлық  тұрғысынан  дамуға,  жетілуге  де-
ген  мақсаттық  бағдарлануы  олардың  осы 
психологиялық  дайындау  іс-əрекетіне,  тіпті, 
жалпы оқу-кəсіби іс-əрекетке, қарым-қатынас 
саласына, өзіндік дамуына қатынасын өзгер-
теді, оларды жүзеге асыру мен жетілдіру əдіс-
тəсілдерін,  құралдарын  белсенді  іздестіруге 
түрткі болады. Олай болса, мақсаттық бағдар 
деңгейі  ғана  студенттердің  психологиялық 
дайындауға қатысты іс-əрекеттерінің бағытын 
анықтап,  субъектілік  пен  психологиялық 
даярлықты қамтамасыз етеді, жетілдіреді. 
Сонымен  қатар,  субъектілік  пен  психо-
ло гиялық  даярлықтың  мақсатқа  сай  пайда 
болуы,  дамуы  үшін  А.Г.  Асмолов  атап  көр-
сет кендей  операциялық  бағдар  өзекті  бола-
ды.  Оның  анықтауы  бойынша,  операциялық 
бағдар – жағдайдың  ерекшеліктерін  жəне 
осыған  ұқсас  жағдайлардағы  мінез-құлық 
тəжірибесін  ескеру  арқылы  мəселені  шешу 

39
Білім берудің заманауи проблемалары/Современные проблемы образования 
 /Modern problems of education
кезінде  əрекеттің  белгілі  бір  тəсілін  орын-
дауға  қатысты  пайда  болады [6, 84 б.]. 
Мұнда  операциялық  бағдар  іс-əрекетті 
нақты  жағдайға  байланысты  саналы  түрде 
бақылаумен,  реттеумен,  жетілдірумен  шарт-
ты болады. Олай болса, операциялық бағдар 
студенттердің субъектілік пен психологиялық 
даярлықты  жетілдіру  бағытындағы  іс-
əрекетінің нақты жүзеге асырылуы мен одан 
əрі жетілуін қамтамасыз етеді.
Сонымен,  субъектілік  пен  психологиялық 
даярлықты  мағыналық,  мақсаттық  жəне  опе-
рациялық  бағдарлар  деңгейінде  қарастыру 
сту денттерді  психологиялық  дайындау  іс-
əре ке тін тиімді етеді. Бұл көзқарас іс-əрекет 
құры лымы [7; 8], функциональді жүйе [9], іс-
əрекетті жүзеге асыру алдындағы жəне бары-
сындағы  мүмкіндік  ретіндегі  психи ка лық 
жағдай [10] туралы түсініктерге сəйкес келеді.
Осыған  орай  СБПД  іс-əрекеті  жəне  оның 
жеке  аспектілері  тұлғалық  мағынаға  ие  бо-
лады.  Теориялық-əдіснамалық  негіздемеге 
тіректеле  отырып,  СБПД  іс-əрекетіне  деген 
студенттерде мотивтердің саналы аңғарылуы 
мен оның құрылымының қалыптасу қисынын 
алгоритмдік қадаммен көрсетелік: 1) студент-
тер СБПД іс-əрекетіне қамтылады; 2) СБПД іс-
əрекетіне қатысты студенттердің мотиві пайда 
болады; 3) студенттер  үшін  СБПД  іс-əрекеті 
тұлғалық  мағынаға  ие  болады; 4) СБПД  іс-
əрекеті жетіледі; 5) СБПД іс-əрекетінің сапа-
лы жəне нəтижелі болуына қажеттілік артады;              
6) қажеттіліктердің қанағаттандырылуы үшін 
студенттер субъектілік танытады; 7) студент-
тер субъектілік пен психологиялық даярлықты 
дамытуға мүдделі болады.
СБПД  барысында  жеке  студенттердің 
мотив терінің  ықпалдасуы,  олардың  өзара 
«қосылуы», «қабаттасуы»,  сəйкес  келуі  ма-
ңызды  болады.  Ол  студенттердің  психо-
логиялық  дайындау  іс-əрекетінде  ұжым,  топ 
болып  белсенділік,  қызығушылық  таныту-
ын  көрсетеді.  Соның  нəтижесінде  бірыңғай 
мағыналық  өріске  себеп  болатын  тұлғалық 
мағыналар басты мақсаттың жалпыға бірдей 
жүзеге асуына мүмкіндік жасайды. 
Мағыналық  бағдар  тұжырымдамасы  бой-
ын ша  іс-əрекетке  əзірлік  деңгейлерінің  маз-
мұн дары мен функциялары саралық сипатқа 
ие. Салыстырмалы түрде қарастырғанда əрбір 
деңгейге  дербестік  тəн  болады.  Мəселен, 
студенттің  психологиялық  білімді  меңгеруге 
деген  мотивтері  əлдеқайда  дамыған  бол-
са  да,  ол  білімге  қойылатын  талаптарды, 
өзінің  қабілетін,  мүмкіндіктерін  дұрыс  баға-
ламауы  мүмкін.  Демек,  мағыналық  бағдар 
операциялық  бағдармен  аутентті  болмай 
қалуы  да  ықтимал.  Сондай-ақ,  студенттің 
моти вациялық  сферасының  дамуы  бойынша 
мағыналық  əзірлігі  жетілсе  де,  оның  психо-
логиялық дайындау іс-əрекет мақсатын айқын 
аңғара  алмауы,  түсінбеуі  де  орын  алады. 
Сонда,  аталмыш  деңгейлер  өзара  үйлесімді 
жетілмесе,  оның  салдарынан  студенттердің 
психологиялық даярлықты тиімді жүзеге асы-
руы мен дамуын қамтамасыз етуі аса күрделі 
мəселе  болады.  Бұл  студенттердің  əлеуетті 
мүмкіндіктерінің  мотивациялық,  мақсаттық 
жəне  операциялық  деңгей  талаптарына  сəй-
кес  келуін  қамтамасыз  етуге  бағытталатын 
СБПД-дың көкейтестігін көрсетеді.  
Жоғары  оқу  орындарындағы  студенттердi 
дəстүрлi психологиялық дайындаудан СБПД-
ға  өту  кəсiби  дайындауға  қатысты  ғылыми 
зерттеу мен тəжiрибе үшiн бiрқатар маңызды 
жағдайларды айқындайды [11-13]:
– СБПД психикалық жəйттердi, механизм-
дер мен заңдылықтарды абстрактiлi құбылыс 
ретiнде меңгеру емес, оларды нақты студент-
тiң  оқу-кəсiби  iс-əрекетiн,  қарым-қатынасын 
жетiлдiруiне, тұлға, маман ретiнде өзiндiк да-
муына ғылыми негiз болып табылатын «жан-
ды» бiлiм беруге оңтайлы жағдай жасайды;
– СБПД мазмұны психология пəні бойын-
ша ғылыми білімдерді, шынайы өмiрлiк жəне 
кəсiби  мəндi  психологиялық  проблемалық 
жағдаяттарды қамтиды;
– СБПД құралдары, тəсiлдерi мен жағ дай-
лары студенттердiң субъектілік пен психоло-
гиялық даярлық тұрғысынан өзiн-өзi тануын, 
өзiн-өзi  реттеуiн,  өзiн-өзi  дамытуын  өзектi 
етедi;

40
ПЕДАГОГИКА ЖƏНЕ ПСИХОЛОГИЯ – ПЕДАГОГИКА И ПСИХОЛОГИЯ
PEDAGOGICS AND PSYCHOLOGY
№4, 2015
– СБПД студенттердiң субъектілік негізде 
іс-əрекетті,  қарым-қатынасты  жетілдіруге 
жəне  өзіндік  даму  процесін  өзекті  етуге 
қажет ті психологиялық даярлықты дамытуын 
бас ты мақсат ретiнде қояды;
–  СБПД  студенттердiң  психологиялық 
жол мен  iс-əрекеттi,  қарым-қатынасты  жетiл-
дiруге,  тұлға,  маман  ретiнде  өзiндiк  дамуға 
мүмкiндiк  беретiн  субъектілікті  дамытуға 
ахуал болады;
– СБПД студенттердiң iс-əрекетiн, қарым-
қатынасын  жетiлдiруi,  тұлға,  маман  ретiнде 
өзiндiк  дамуы  олардың  бойындағы  жеке  бiр 
қасиеттiң  арқасында  емес,  психологиялық 
түрлi  қасиеттердiң  жүйе  түрiндегi  тығыз 
бай  ланысы  ғана  мүмкiндiк  беретiнiн  жəне 
субъек  тiлік  пен  психологиялық  даярлықты 
осы  орайдағы  жүйе  ұйыстырушы  ретiнде 
негiз  ге алады;
–  СБПД-дың  нəтижесі – студенттердiң 
субъектiлігі  мен  психологиялық  даярлығы 
жүйе ұйыстырушы, көпөлшемдi, көпдеңгейлi, 
əлеуметтiк жəне кəсiби тұрғыдан бiртұтас да-
митын күрделi құрылым ретiнде анықталады;
–  СБПД  психологияның  өз  iшiндегi  мате-
риалдар арасындағы өзара байланысты, пси-
хология салаларының өзара байланысын жəне 
жалпы  пəнаралық  байланысты  қамтамасыз 
етуге мүмкiндiк жасайды.
Мұндағы  студенттердi  субъект-бағдарлы 
психологиялық  дайындау  қарапайым  қосын-
ды  емес,  бұл  зерттеу  мақсат-мiндеттерiне, 
қисынына  қатысты  үйлесiммен  ұйысқан  тұ-
тастық  болып  табылады.  Аталмыш  сала лар-
дағы жетiстiктерге арқалана отырып субъект-
бағдарлы  психологиялық  дайындау  студент-
терге  психология  бойынша  бiлiм  беру  тео-
риясы  мен  тəжiрибесiне  қатысты  жаңа,  тың 
мəселеге – субъектілік  пен  психологиялық 
даярлықты жүйелі дамытуға екпiн қояды. 
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН АҚПАРАТ КӨЗДЕРІНІҢ 
ТІЗІМІ:
1.  Рубинштейн  С.Л.  Основы  общей  психоло-
гии – СПб.: Питер.Ком. – 1999. – 720 с.
2. Митина Л.М. Психология профессионально-
го развития учителя. – М., 1998. – 200 с.
3.  Узнадзе  Д.Н.  Психологические  исследова-
ния. – М., 1966. – С. 451.
4.  Прангишвили  А.С.  Общая  психологиче-
ская теория установки //Психологическая наука в 
СССР. – Т. 1-2. – М., 1960.
5.  Асмолов  А.Г.  Деятельность  и  установка. – 
М., 1979. – 151 с.
6.  Асмолов  А.Г.  Психология  личности. – М.: 
МГУ. – 1990. – 367 с.
7.  Леонтьев  А.Н.  Проблемы  деятельности  в 
психологии //Вопросы философии.– 1972.– №9. – 
С.95-109.
8.  Леонтьев  А.Н.  Деятельность.  Сознание. 
Личность. – М.: Политиздат. – 1975. – 304 с.
9. Анохин П.К. Узловые вопросы теории функ-
циональной системы. – М.: Наука, 1980.
10. Забродин Ю.М. Методологические пробле-
мы исследования и моделирования функциональ-
ных  состояний  человека-опратора //Вопросы  ки-
бернетики.  Психические  состояния  и  эффектив-
ность деятельности. – М., 1983.
11.  Ерментаева  А.Р.  Студенттерді  субъект-
бағдарлы психологиялық дайындау: методология, 
теория, практика. – Алматы, 2008. – 410 б. 
12. Ерментаева А.Р. Субъектілікті дамыту пси-
хологиясы. – Өскемен:  С.Аманжолов  атындағы 
ШҚМУ баспасы, 2010. – 218 б.
13. Ерментаева А.Р. Психологиялық даярлықты 
жетілдіру. – Өскемен:  С.Аманжолов  атындағы 
ШҚМУ баспасы, 2012. 
Аннотация
Ерментаева А.Р. Совершенствование субъектно-ориентированной психологической подготовки 
студентов 
В статье анализируются субъектно-ориентированная психологическая подготовка студентов, ее ре-
зультаты и сущностная характеристика. Выделяются субъектность, психологическая подготовленность 
и психологическая готовность как результаты субъектно-ориентированой психологической подготовки 
студентов. Рассматривается взаимообусловленность субъектности и психологической готовности сту-
дентов. На основе психологии установки и смысла дается научно-теоретическое обоснование мотива-
ционной  сфере,  личностному  смыслу  и  как  внешнему  психологическому  воздействию – установке  в 
субъектно-ориентированная психологическая подготовка студентов.  

41
Білім берудің заманауи проблемалары/Современные проблемы образования 
 /Modern problems of education
Ключевые слова: установка, смыслы, мотивация, субъектно-ориентированная психологическая под-
готовка, субъектность, психологическая готовность, психологическая подготовленность
Abstract
Yermentayeva A.R. Еnhancement of the subject-psychological training of students 
The article analyzes the subject-oriented psychological training of students, the results and essential 
characteristic. Stand subjectivity, psychological readiness and psychological readiness of the results of subject-
orienting psychological training of students. We consider the interdependence of subjectivity and psychological 
readiness of students. On the basis of the installation of psychology and the meaning given to the scientifi c and 
theoretical basis of the motivational sphere of personal meaning and how the external psychological pressure - 
set to the subject-oriented psychological training of students.
Keywords: installation, meaning, motivation, subject-oriented psychological training, subjectivity, 
psychological readiness, psychological preparedness
УДК 378.11
А.К. САГИНТАЕВА, А.С. АКТЫМБАЕВА Р.С. АПЕРГЕНОВА
Высшая школа образования, Назарбаев университет
(Астана, Казахстан )

жүктеу 5.16 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет