Психология педагогика және жәНЕ


ҰЛТТЫҚ ТƏРБИЕ – БАЯНДЫ ДАМУДЫҢ ТІРЕГІ



жүктеу 5.16 Kb.
Pdf просмотр
бет14/25
Дата14.05.2017
өлшемі5.16 Kb.
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   25

ҰЛТТЫҚ ТƏРБИЕ – БАЯНДЫ ДАМУДЫҢ ТІРЕГІ 
Аңдатпа 
Мақалада қазіргі қоғамда орын алып отырған тəрбие жұмысындағы кемшіліктер мен қателіктерге 
назар аударылады. Тəрбие жұмысын тиімді ұйымдастыру ұлттық құндылықтар мен ұлттық тілге иек 
артқанда ғана ойдағыдай болмақ. Қазақстанда орын алып отырған орыс тілінің, мəдениетінің жəне БАҚ-
тарының басымдылығы ұлттық тəрбиені ойдағыдай дамытуға бөгет болуда. Сондықтан автор мақалада 
ұлттық топтасудың негізі ұлттық құндылықтар екендігін көрсетуге ұмтылады. Қандайда халық болма-
сын өзінің табиғи дамуына сүйенсе жас ұрпақты дұрыс тəрбиелей алады.
Түйін сөздер: ұлт, құндылықтар, қайшылықтар, тəрбие жүйесі, əлеуметтік инфрақұрылым, басым-
дылықтар, этникалық белгілер.
Қ
азіргі  буын  ел  болашағын  ойлай тын-
дығына  сенімді.  Ал,  шын  мəнінде  біз 
ел  қамын  жеп,  халықтың  болашағын  ойлай 
алып,  оны  қамтамасыз  ететін  істер  жасап 
жүрміз  бе?  Бұл  мəселенің  төңірегінде  ой-
лану  керек  сияқты.  Экономика,  əлеуметтік 
инфрақұрылым,  ғылым  мен  техника  дамуда. 
Олардың келер ұрпаққа қызмет ететіні анық. 
Ал,  сол  ұрпақтың  болашақтағы  рухани  бет-
бейнесі,  адами  болмысы  мен  мінез-құлқы 
қандай  болмақ  деген  мəселені  шеше  алмай 
келеміз.
Ұлтжанды  қазақ  зиялылары  болашақ 
аза маттардың  келбетін,  бейнесін  былай-
ша  елестететін  сияқты:  Ол - ана  тілін  біліп, 
құрметтеп,  күнделікті  қызметі  мен  өмі рінде 
қолданып  отырады.  Сонымен  қатар  ағыл-
шын  тілін,  орыс  тілін  біледі,  пайдала нады. 
Көпшілігі  көптілді  қызметкерлер.  Екін ші-
ден,  олар  өздерінің  қазақ  екендігін  жақсы 
сезініп,  негізгі  ұлттық  құндылықтарды  сақ-
тап,  өзінен  кейінгі  ұрпаққа  қалтыруға  мүд-
делі. Үшіншіден, олар өз саласындағы кəсіп-
ті  жақсы  меңгерген  маман,  еңбекқор,  адал 
еңбегімен жанұямды асырап, халыққа қыз мет 
етсем  деген  азамат.  Төртіншіден,  ол  жаңа-
лыққа  жаны  құмар,  əлемдегі  ғылым,  білім, 
өнер саласындағы озық үлгілерге ден қоятын 
креативті  тұлға.  Бесіншіден,  қазақ  азаматы 
əділет пен заңды ұстанатын, өтірік пен өсекті 
іс қылмайтын парасатты тұлға. Алтыншыдан, 
қазақ азаматы Алланы сүйген, өзінің діні мен 
діліне берік азамат. Жетіншіден, ол елі үшін, 
жері үшін, халқы үшін күреске дайын, отан-
шыл патриот.
Міне,  осындай  тұлғалар  Қазақстан  мем-
лекеті мен қазақ ұлтының көсегесін көгертіп, 
оны ғасырлардан – ғасырларға алып жүретін 
ұрпақтар тізбегін жасаса екен деп көксейміз. 
Біздің  пікірімізше  мемлекет  пен  қоғамның 
алдында  тұрған  ең  өзекті  əлеуметтік  міндет 
бүгінгі  ұрпақты  жоғарыда  аталған  талаптар 
тұрғысында  тəрбиелеу.  Осылай  ете  алсақ 
ұлт болашағы баянды болып, Қазақстан ұзақ 
тарихи  кеңістікте  өмір  сүре  алады.  Ұлт тық 
рухани  құндылықтар  мен  ұлттық  мұраттар 
төңірегінде  топтасуы  мемлекеттік  қауіп-
сіздікті  күшейтетін,  оны  сыртқы  жауларға 
бермейтін маңызды субъективті факторға ай-
налдыратыны даусыз.

№4, 2015
ПЕДАГОГИКА ЖƏНЕ ПСИХОЛОГИЯ – ПЕДАГОГИКА И ПСИХОЛОГИЯ
PEDAGOGICS AND PSYCHOLOGY
102
Ұрпақ  тəрбиесіндегі  орын  алып  отырған 
келесі  вариант – ұлттық,  этникалық  белгіле-
рі  екінші  кезекке  кеткен,  азаматтық  құнды -
лықтары басым ұрпақты тəрбиелеу. Тəрбие нің 
бұл  бағытын  ана  тілін  білмейтін,  орысшыл-
данған халықтың тобы жақтайды. Олар үшін, 
Қазақстан  азаматының  мемлекеттік  тілді 
білуі  міндетті  емес.  Ол  өзі  елінің  патрио-
ты  болса  жеткілікті.  Ұлттық  дүниетаным, 
тарихи  сана,  салт-дəстүрлер  мен  мəдениет 
маңызды  емес  жалпы  адамзаттық  мəдениет 
пен құндылықтар болса жеткілікті. Халықтың 
ұлттық, этникалық белгілері маңызды емес ол 
өзін Қазақстанның азаматымын деп есептесе 
жеткілікті.  Адамзаттың  діні,  құдайшылдығы 
маңызды  емес,  ол  білікті,  адал,  парасатты 
болса болды. Оған Қазақстандық мемлекеттік 
мүддені  қорғау  қажет,  бірақта  ол  əлем  аза-
маты  ретінде  ел,  жер  мүддесін  жаһандық 
мүдделерге жығып беруге дайын.
Қарасақ  тəрбиенің  екінші  варианты  да 
қорқынышты емес сияқты. Өкініштісі, халық 
бұлайша  болуының  үлкен  қауіпті  жасырып 
тұрғандығын  түсінбей  келеді.  Қазақстан 
халқының  тең  жартысынан  астамы  осындай 
жалпыадамзаттық  құндылықтар  жетегінде. 
Қайшылыққа  толы  əлем  жағдайында  Қазақ-
стан мемлекетін құтқаратын, оны күшейтетін 
тек  ұлттық,  этникалық  тəрбие  мен  мемле-
кеттік  тілдің  үстемділігі:  Екінші  тəрбие  ва-
рианты  Қазақстан  халқын  бірікпеген,  босаң 
тобырға айналдырады. Ол сыртқы қауіптерге 
төтеп  беруге  қабілетсіз  болады.  Олар 
үшін  сырттан  келген  жауға  қарсы  қарумен 
шығудан  гөрі  өмірді  сақтау  маңызды.  Ал, 
ұлттық  құндылықтармен  топтасқан  халық 
үшін  мемлекеттің  тəуелсіздігі  жеке  бастың 
өмірінен  маңызды.  Себебі,  ұлттың,  ке-
лер  ұрпақтардың  сақталуына  тек  тəуелсіз 
мемлекеттің сақталуы кепілдік береді. Ұлттық 
идеялар мен мемлекеттік құндылықтар идея-
ларымен  топтаспауға  халықтар  үнемі  жеңі-
ліске  ұшырап,  мемлекеттерінің  күйреп  қал-
уына  жол  беріп  отырған.  Оған  Ұлы  Түркі 
қағанатының, Византияның, Алтын Орданың, 
Кеңес  Одағының,  Ирактың,  Ливияның, 
Украи наның  т.б.  елдердің  тарихи  тəжірибесі 
дəлел бола алады.
Тəрбие,  насихат  жəне  идеология  ұлттық 
топтасу мен жинақталу үшін қажет. Тəрбиенің 
негізгі  мақсаты  сөз  жоқ  адами  сапаларды 
қалыптастыру.  Осыларды  тəрбиелеу  бары-
сында ұлттық сананың жəне мемлекетшілдік 
сананың  ірге  тасы  қаланады.  Сондықтан 
балабақшада,  мектепте,  колледжде,  ЖОО 
тəрбиенің мазмұнын алдымен ұлттық үлгілер 
мен  құндылықтармен  толтырып  алып, 
жалпыадамзаттық құндылықтармен байытқан 
дұрыс деп есептейміз.
Ұлттық  құндылықтардан  жалпыадамзат-
тық  құндылықтар  қайнап  шығуы  тиісті.  Ал, 
ұлттық  мазмұнынан  айрылған  қандай  да 
болмасын  құндылықтар  азаматтарды  аралық 
деңгейге,  немесе  маригиналдандыруға  ба-
стайды. Өзінің ана тілін біліп, ұлтының рухани 
байлықтарына енбеген тұлға өзінің мемлекетін 
қорғауға  құлықсыз.  Ол  үшін  қандай  мемле-
кет  болғаны  маңызды  емес.  Ол  үшін  өзінің 
жəне  отбасының  амандығы  мен  бай-қуатты 
өмірі  маңызды.  Ал,  болашақ  ұрпақтардың 
қандай  болатындығы  олар  үшін  екінші  ке-
зекте. Міне, осы мəселеде үлкен қателік пен 
зор  қауіптің  жасырын  тұрғандығын  аралық, 
дұбара тұлғалар сезінбейді, түсінбейді. Оның 
ұрпақтарының, тіптен балаларының бақытты 
өмірін  тек  тəуелсіз  мемлекеті  ғана  іске  асы-
ра алады. Мысалы, маригинал қазақ Ресейде, 
Қытайда,  Өзбекстанда  өмір  сүрсін.  Олар  ол 
елдер  үшін  бəрібір  кірме,  келімсек, «екінші 
сортты»  азамат.  Заң  алдында  барлық  аза-
маттар  бірдей  болғанымен,  əлемнің  басым 
көпшілік  мемлекеттерінде  сол  елдің  тарихи 
иесі  болып  саналатын  ұлттар  ғана  өздерінің 
толыққанды  басымдылығын  сезініп  өмір 
сүретіні  ақиқат.  Жекелеген  мысалдар  бұл 
заңдылыққа  қарсы  шыққанымен,  негізінен 
автохтонды  ұлттың  басым  болуы  даусыз 
жағдай.  Тіптен,  демократияның  отаны  АҚШ 
пен Батыс Европаның дамыған мемлекеттері 
өздерінің төл азаматтарының қоғамдық қаты-
настардың барлық саласында басым болғанын 
жүзеге асырып отырады.

103
Тəрбие мəселелері/Вопросы воспитания
/Education issues
Сондықтан  əрбір  елде  адамдардың  сол 
елдің тарихи иесі болып табылатын этностық 
ұлттық  құндылықтары  мен  дəстүрлерінің, 
дүниетанымы мен идеологиясының негізінде 
тəрбие алғаны дұрыс жəне болашақтың кепілі. 
Ендеше,  Қазақстанның  болашағына  қыз-
мет  ететін  жас  ұрпақты  тəрбиелеуден  өткен 
маңызды  міндет  жоқ.  Отаншыл,  жершіл, 
халықшыл  жəне  мемлекетшіл  ұрпақтарды 
тəрбиелей  алған  елдердің  болашағы  баян-
ды  екендігін  əлем  тарихы  ұдайы  дəлелдеп 
келеді.  Осы  қағидаттық  шындыққа  жауап 
беретіндей  жұмыстар  жүргізбесек  Қазақ-
станның  болашағы  бұлыңғыр  болмақ.  Мем-
лекеті  үшін  халқы  күреспесе  ол  əлемдік 
қақтығыстардың,  бөліністердің  құрбанына 
айналады.  Сондықтан  болашақты  ойласақ 
жас  ұрпақтың  денсаулығының  жақсы  бо-
луына,  оның  сапалы  білім  алуына,  саналы 
тəрбиеленуіне  қамқорлық  жасалынуы  керек. 
Бұл жұмыс бірінші кезекте, жетім балаларға 
деген мемлекеттік қамқорлықтан басталғаны 
абзал. Ел бойынша 90-100 мыңдай жетім ба-
лаларды  толықтай  мемлекеттік  қамқорлыққа 
алуға ақша да, орын да табуға болады. Ол үшін 
ел  көлеміндегі  той-томалаққа  жұмсайтын 
қаржыны азайту жеткілікті.
Тəрбие  жүйесінде  бірінші  кезекте  ұлттық 
ізгілікті  құндылықтарды  насихаттау,  жас 
ұрпаққа  сіңдіру  пайдалы.  Отаншылдық – 
ұлттық  құндылықтармен  жалпы  адамзаттық 
құндылықтардың  үндесуі.  Əр  азамат  өзінің 
туған  ұлтының  ізгі  жақсылықтарын  біліп, 
кемшіліктері  мен  қателіктеріне  сыни  көзбен 
қарап  барып  ненің  жақсылық,  ақиқат  пен 
əділет  екендігін  түсінуге  жетіседі.  Демек, 
ұлттық  белгілер  мен  сапалардың  сақталуы 
жалпыадамзаттық құндылықтардың салтанат 
құруының  алаңы  болмақ.  Бұл  екі  құбылыс 
бірін-бірі  толықтырып,  қатарласып  жүреді. 
Біреуі  екіншісін  жоққа  шығарғысы  келсе 
ауытқу  басталады.  Ол  ұлттық  эгоизмнен, 
шовинизмнен,  нацизмнен  көрініс  табады. 
Ал,  жалпы  азаматтық  құндылықтарды  же-
леу  етіп  ұлттық  мақсат-мұраттарды  жоққа 
шығаруға  тырысушылық  керісінше  əсер 
беріп,  ұлттық  өмірдің  жандануы  жолындағы 
күреске  əкеледі.  Сондықтан  ұлттық  өмір 
мен  жалпыадами  өмірдің  үндестік  заңдарын 
сақтау  маңызды.  Олар:  сенің  ұлттық  құн-
дылықтарың:  тілің,  дінің,  салт-дəстүрлер 
мен мəдениеттің басқа халықтардың, азамат-
тардың өмір сүруіне бөгет болмайды; қандай 
да  болмасын  ұлттық  қайшылық  мəелелерін 
бейбіт  жолмен,  барлық  мүдделі  таптардың 
өзара  келісімімен,  ақылдасуымен  шешуге 
ұмтылыс;  мемлекет  мүддесінің,  оның  тер-
риториялық  тұтастығының  барлық  даулы 
мəселелерден  басым  тұруы;  тəуелсіздікті 
ұлт  мəселелсіндегі  ең  басты,  ең  қымбатты 
құндылық  ретінде  бағалау,  сақтау;  əлем 
халықтарын жəне олардың мəдениеттерін тең 
көру  жəне  құрметтеу;  əлемдік  тəртіптердегі 
əділетсіздіктерге  зорлық-зомбылыққа,  күш 
көрсетулерге төзбеу, əлемдегі бейбітшілік пен 
тыныштық  жолында  үзбей  күресу;  табиғи, 
техногендік  катастрофаларға  ұшыраған  ел-
дерге  көмек  беруге  дайын  болу;  табиғат  пен 
экономиканың  үндестігін  сақтауға  ұмтылу; 
экологиялық  мəселелерді  белсене  шешуге 
кірісу сияқты маңызды істерді айтуға болады. 
Жалпыадамзаттық даму мен ұлттық дамудың 
түйісер  жерлері  бұдан  да  көп.  Мəселе,  сол 
бағыттардың  бірінің-бірі  дамытылуында 
өзара көмекке келіуі.
Болашақты  ойласақ  баршаға  ортақ  құн-
дылық  отбасын,  семьяны  нығайту  мəселесі 
бірінші  орынға  шығады.  Қазақтың  қазақ 
болып  қалуы  қазақи  мазмұны  бар  отбасын 
сақтау жəне күшейтуге тəуелді. Ұлттық тілді, 
дəстүр  мен  мəдениетті  сақтап,  балаларын 
осы  рухта  тəрбиелеген  отбасылары  ұлттық 
өмірдің  қайнар  бұлағы.  Жас  ұрпақ  үлкенге 
қарап  өседі.  Сондықтан  отбасы  тəрбиесінің 
тиімді  болуы  ата-ананың  үлгісіне  тəуелді. 
Əкесі  мен  шешесінің  өтірік  айтатындығын, 
арамдық істейтіндігін, əділетсіздіктер жасай-
тындығын  көріп,  біліп  өскен  бала  жақсы 
азамат  болмайды.  Семьядағы  жақсылық  пен 
əділет,  тыныштық  пен  сүйіспеншілік  бала-
ның  бақыты  ғана  емес  оның  болашағы  да. 
Шыншылдық  пен  əділетті,  еңбекқорлық  пен 

№4, 2015
ПЕДАГОГИКА ЖƏНЕ ПСИХОЛОГИЯ – ПЕДАГОГИКА И ПСИХОЛОГИЯ
PEDAGOGICS AND PSYCHOLOGY
104
ұқыптылықты, тазалық пен тиімділікті өмір-
лік  принциптеріне  айналдырған  отбасылар-
дың  балалары  рухани  бай  азаматтар  болып 
өседі.
Əрбір  жанұя  баланы  имандылыққа  бау-
луы  маңызды.  Имандылық  бар  жерде  ғана 
жақсылық пен əділет, тыныштық пен татулық 
салтанат  құратыны  ақиқат.  Имандылықтың 
бастауы  құдайды  сую,  Алланың  жолымен 
жүру.  Жүрегінде  Алланың  нұры  жинақтаған 
бала  ұясынан  ұшқаннан  кейінде  жаман 
істерге  бармайды.  Оған  ұрлық,  өтірік,  өсек, 
мақтаншақ, жалқаулық сияқты қылықтар жат 
болады.  Иманды  адам  өз  жақындарын,  От-
анын,  елі  мен  жерін  сүйеді.  Ол – еңбекшіл, 
адал  жəне  əділетті  тұлға.  Бəсекеге  қабілетті 
болу  үшін  Қазақстанға  керегі  осындай  аза-
маттар. 
Ұлтжандылық  пен  Отаншылдық  халық-
тың  ұюының,  бірігуінің  ғана  бастауы  емес, 
мемлекеттің бүгінгі қуатын арттырудың жəне 
келешекте  дамуының  да  бастауы.  Мəселе, 
қазіргі  ашық  қоғамда,  нарықтық  қатынастар 
жағдайында ұлтжандылық пен Отаншылдық 
ұстанымдарды  тəрбиелеу  тетіктерін  табуға 
келіп тірелуде. Кейінгі кезде, көңілге қоным-
ды  «Қазақстандықтар  қазақстандық  тауар-
ларды  сатып  алайық»  деген  бастама  осы 
отаншылдыққа  бастайтын  бастама.  Осын-
дай үлгілер алдағы уақытта отандық киноға, 
отандық БАҚ-қа, отандық өнерге, мемлекеттік 
тілге қатысты күшейе түссе мемлекеттің іргесі 
нығая берер еді. «Қазақстан тəуелсіздігі қазақ 
халқымен бірге барлық Қазақстан халқы үшін 
бақыт», – деген қағида елдің əрбір азаматының 
өмірлік ұстанымына айналса Қазақстан нағыз 
«Мəңгілік Ел» санасына ие болары даусыз.
Өкінішке орай, ашық қоғам, нарықтық эко-
номика, жаһандану үрдістеріне ұлтжандылық 
пен  мемлекетшілдікті  ұластыру  мəселесі 
шешілмей  келеді.  Сөз  жоқ,  ағылшын  тілін 
білу  қажеттілік.  Бірақта,  ағылшын  тілін 
енгізу қазақ тілінің дамуына ешқандай бөгет 
болмауы керек. Балалар мектепте ана тілдерін 
толық меңгеріп алып ағылшынша оқи баста-
сын. Бірінші сыныпта, қазақ, ағылшын, орыс 
тілдерін  қатар  оқытуға  ешқандай  зəрулік 
жоқ. Бұлай болуы ойланбай, асығыс істелген 
қате  шаруа.  Осы  қателікті  түземеу  үлкен 
тілдік  дағдарысқа  əкеледі.  Қателіктен  ұлтқа 
зор  зиян  келуі  қауіпті.  Кейде,  ұлтқа  қарсы, 
ұлттық  топтасуға  қарсы  шаралар  мақсатты 
түрде  ұйымдастырылып  жатқандай  көрінеді. 
Келесі  мысал  БАҚ  кеңістігіндегі  Ресейдің 
үстемдігіне байланысты. Адам санасын БАҚ 
билеген заманда ешбір мемлекет саяси плю-
рализм принципін толықтай басшылыққа ала 
алмайды. Рəсей БАҚ-тары Қазақстан халқын 
толықтай  Рəсей  идеологиясы  мен  саясаты-
на  бағындырып  барады.  Сонда  тəуелсіз  елді 
қайтадан  Рəсейдің  бодан  еліне  айналдыруы-
мыз қажет пе?
Керісінше, тəуелсіздік идеологиясын ұран 
еткен Қазақстан БАҚ-тары елдің ақпараттық 
кеңістігінде 80-90 пайыздық  басым  үлеске 
ие болып отыруы керек. Сонда ғана болашақ 
ұрпақта қазақстандық патриотизм санасы мен 
мемлекетшілдік  психология  тəрбиеленеді. 
Қазір дамыған мемлекеттерде мектептер мен 
БАҚ  негізінен  ана  тілінде  сөйлейді,  қызмет 
етеді.  Мысалы,  Францияда 80 пайыз  фран-
цуз  тілінде,  Испания,  Италия,  Польшада  да 
осындай. Рəсейде бұл көрсеткіш 90 пайыздан 
астам.
Тəрбиенің  тиімді  болуы  тəрбие  беруші-
лердің,  үлгі-өнеге  көрсететін  адамдардың 
беделіне  байланысты.  Бедел  өте  ықпалды 
рухани құбылыс. Адамдар беделдің соңынан 
еруге  дайын.  Бедел  күш  көрсетуді,  үгіттеуді 
екінші  орынға  сырып  тастап,  үлгі-өнеге  мен 
абыройды бірінші кезекке шығарады. Халық 
беделді  басшының  соңынан  ерсе,  жас  ұрпақ 
беделді  педагогтардың  сөзіне  құлақ  түреді. 
Бедел тұлғаға берілген қоршаған адамдардың 
əлеуметтік  бағасы.  Қазір  беделді  жасауға 
имиджді жасау да көмекке келуде. Имиджео-
логия саяси ғылымның бір саласына айналып 
отыр.
Десек  те,  бүгінгі  қоғамда  шын  бедел  бар 
жəне  қолдан  жасанды  жасалынатын  жалған 
бедел бар. Нағыз дұрыс тəрбие шын бедел бар 
жерде ғана мүмкін. Жасанды беделге ден қою 

105
Тəрбие мəселелері/Вопросы воспитания
/Education issues
жастардың  өмірлік  ұстанымдарын  бұзатын 
қауіпті  құбылыс.  Кеңес  Одағы  кезінде  ком-
мунистік  идеология  жалған  бедел  жасауға 
құмар болды. Қоғамды өтірік пен жалғандық 
жайлап алды. Кеңес Одағының аса зор ресурс-
тары  бола  тұра  күйреп  қалуының  түпкілікті 
себебі  жалған  сөйлеу,  шындықты  бұрмалау 
мен  жастарды  жалған  беделдер  арқылы  тəр-
биелеуге  байланысты.  Өкінішке  орай  осы 
жал ғандық бүгінгі Қазақстанда да орын алуда.
Жас бала адал, еңбекқор, шыншыл адаммен 
тəрбиелік қатынаста болса осы ізгілікті сала-
ларды  қабылдайды.  Өтірікті,  өсекті,  жалған 
сөйлеуді,  əділетсіздікті  ұстанған  адамдарды 
көріп  өссе  солардың  жаманшылықтарына 
үйір  болады.  Нағыз  бедел  еңбекқорлықта, 
əділеттілікте,  шыншылдықта  ғана  ықпалды 
болады.  Сондықтан  жас  баланы  қоршаған 
ортасындағы  моральдық-психологиялық  ат-
мос фераның  ізгілікті  құндылықтармен  тол-
ғаны  абзал.  Беделді  тəрбиешілер  ізгілікті 
құндылықтарды  өмірлік  қағидаттарына  ай-
налдыра  білген  жақсы  адамдар.  Қоғамда 
жақсы адамдар көп болса оның дамуы баянды, 
жақсылығы көп болады. Мұндай қоғамда ада-
ми құндылықтар басым болып қайшылықтар, 
қайғылар мен өкініштер аз болады.
Қазақстандағы  тəрбие  жұмысы  адамгер-
шілік  идеологиясы  ұғымының  төңірегінде 
жинақталуы керек деп білеміз. Адамгершілік 
идеологиясының  тірегі  Абайдың  сыншыл 
көзқарастарына  негізделген  «кемел  адам», 
«толық  адам»  концепциясы,  Шəкəрімнің 
«шын  адам»  концепциясындағы  «ар  ілімі» 
бола алады. Абай, Шəкəрімнің гуманистік иде-
ялары  Əл-Фараби,  Ж.Баласағұн,  Қ.А.Иссауи 
сияқты отандық ойшылдардың жəне əлемдік 
адамгершілік идеяларының озық үлгілерімен 
байытылады.
Əлемдік  ізгілікті  ойдағы, – «барлық  бай-
лықтар  мен  игіліктер  тек  қана  адал,  тиімді, 
белсенді еңбекпен ғана келеді», - деген қағида 
үстемдік  құрғаны  абзал.  Қоғам  таза,  адал 
еңбекпен толыққанда ғана имандылық үстем 
болады.  Имандылық  арлы  адам  болудың 
негізі екендігі белгілі. Иманды қоғам ұлттық 
салт-дəстүрлерге сүйенетін қоғам. Əке – əке, 
шеше – шеше, бала – бала болуы шарт. Əке – 
асыраушы,  басқарушы.  Шеше  –  от  басының 
иесі, баланың тəрбиешісі. Бала – ата, анасы-
на  көмекші,  олардың  айтқанын  орындаушы. 
Міне,  осындай  қарапайым  шындықтардың 
қызмет  етуі  отбасының  нығаюы  үшін  ең 
қажетті  нəрсе.  Отбасы  құндылықтарының 
мыз ғымас  маңызы  туралы  Қытай  ойшылы 
Кон фуцийдің  ұстанымдарын  пайдалану  аб-
зал.
Əрине,  бұрынғы  заманның  авторитарлық 
отбасын  толықтай  қалпына  келтіру  мүмкін 
емес.  Қазіргі  екі  жыныстың  теңдігіне  негіз-
делген  биоархаттық  құндылықтар  жүйесі 
күрделі.  Бірақта,  тығырықтан  шығар  жол 
бұрынғы  патриархалдық  отбасы  жүйесінің 
пайдалы жақтарын бүгінгі шындықта жандан-
дыру. Батыста, отбасы болуы қазір өз маңызын 
жоюда.  Дамыған  елдерде  азаматтардың  көп-
шілігі бала тəрбиесі болуы үшін толық семья-
ның  болуы  міндетті  деп  есептемейді.  Адам 
табиғатына  жат  мұндай  қате,  зиянды  ұста-
нымдар соңынан ілесіп кетуге болмайды.
Ізгілікті адамзат жинақтаған гуманитарлық 
құндылықтарда  отбасы  тəрбиесі,  ата-ана 
үлгісі  бірінші  кезекте  тұрады.  Сондықтан 
Қазақ стан  қоғамы  адамгершіліктің  орнына 
прагматизмді  бірінші  кезекке  қоятын  Батыс-
тық  тəрбие  үлгілерінің  қате  жолына  түспеуі 
керек.  Тағдырлық  таңдауда  ұлттық  тəрбие 
жүйесінің қателеспегені дұрыс.
Тəрбиенің негізгі діңгегі ұлттық тəрбие. Əр 
халықтың  өкіліне  өзінің  этникалық  үлгілері 
жақын,  табиғаты  таныс.  Жас  нəрестенің 
өзінің  генетикалық  кодында  белгіленген  ана 
тілінде тəрбие алуы өте үлкен игілік. Баланы 
қоршаған орта, жанұя мен мектепте ең алды-
мен ана тілі ұлықтатылуы міндетті. Қазақ ба-
ласы отбасында шешесіне – анашым, əкесіне 
– əкешім деп қарым – қатынас жасауының өзі 
тəрбиедегі үлкен қадам, баланы жылылыққа, 
жақсылыққа бастайтын қадам. «Мама, папа» 
деген  өгей  сөздерге  қарағанда  «анашым, 
əкешім»  деген  сөздер  əлдеқайда  тəрбиелік, 
адами, ізгілік қуатқа ие. Қазақи тəрбие алған 

№4, 2015
ПЕДАГОГИКА ЖƏНЕ ПСИХОЛОГИЯ – ПЕДАГОГИКА И ПСИХОЛОГИЯ
PEDAGOGICS AND PSYCHOLOGY
106
жас отбасылар «анашым мен əкешім» сөзіне 
маңыз  бере  бастады.  Бұл  ізгілік  үрдісін 
қазақ қоғамы қолдауы міндет. «Анашым мен 
əкешім»  деп  өскен  ұрпақ  «апашым  мен  ата-
шымды»  да  құрмет  тұтатын  ұрпақ  болары 
сөзсіз.
Сондықтан  адамның  шын  бақыты  оның 
жанұясындағы  тыныш,  тату  өмірі  екендігін 
ұдайы еске салып отыру маңызды. Əлеуметтік 
өмірдің тірегіне отбасындағы тəрбие негіз бола 
алады.  Атаның  аталық  үлгісі,  əкенің  əкелік 
үлгісі,  əженің  əжелік  үлгісі,  ананың  аналық 
үлгісі əрқайсы маңызды. Олай болуы үшін ең 
алдымен үлкендер тəрбиелі болуы шарт.
Бізге  дейінгі  ұрпақтар  ақылсыз  болмаған. 
Олар  біздің  ұлы  аталарымыз  бен  аналары-
мыз  иманды  ұрпақты  қалай  тəрбиелеуге 
болатындығын  тайға  таңба  басқандай  етіп 
көрсетіп  кеткен.  Тəрбиешілердің  өзекті  мін-
деті – өткен ата, баба тəрбиесінің озық үлгі-
лерін  қалпына  келтіріп,  бүгінгі  ұрпаққа 
ұсыну.  Тарихтан  сабақ  алу  дегеніміз  осы. 
Эгоизмді,  индивидуализмді,  қатыгездікті, 
жалқаулықты, қылмыскерлікті тек адал еңбек 
ететін иманды халық қана ауыздықтайды. Ал, 
еңбек тəрбиесі, иман тəрбиесі отбасынан ба-
сталады. Ата, ана өзіне қажетті үлгіні ұлттық 
тəрбиедегі  құндылықтардан  ғана  таба  ала-
ды.  Өткеннің  озығын  бүгінгі  күннің  теңдігі, 
əділеттілігі,  өзара  силастығы,  өзара  түсінісу 
құндылықтарымен  байыта  білсек  қана  жаңа 
заманға сəйкес отбасы қалыптаспақ.
Аннотация
Изтулеуова С.Д. Национальное воспитание – основа успешного развития. 
В статье обращается внимание общественности к тем ошибкам и недостаткам, которые имеются в 
деле  организаций  воспитательной  системы.  Автор  считает  что  эффективность  воспитательной  рабо-
ты зависет от использование национальных ценности и национального языка. В Казахстане создалось 
противоречивое положение в связи с доминированием руссского языка, русской культуры и СМИ. Та-
кое доминирование является фактором, который мешает успешному воспитанию молодого поколения. 
Автор предлагает на основе национальных ценностей укрепить основы воспитательной деятельности 
Ключевые слова: нация, ценности, противоречия, система воспитания, социальная инфраструктура, 
доминирование, этнические особенности. 
Abstract 
Iztileuova S.D. National education – the basis of successful developm.
The article draws attention of the public to the errors and shortcomings that exist in the organization of the 
educational system. The author believes that the effectiveness of educational work depend on the use of national 
values   and national language. Kazakhstan has created a contradictory situation with regard to the dominance 
of Russian in Russian culture and the media. Such dominance is a factor that hinders the successful education 
of the younger generation. The author suggests, based on national values   to strengthen the foundations of 
educational activities.
Keywords:  nation, values, contradictions, system of education, social infrastructure, prevailing, ethnic 
features.
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   25




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет