«психология» кафедрасы



жүктеу 0.71 Mb.
Pdf просмотр
бет4/6
Дата29.04.2017
өлшемі0.71 Mb.
1   2   3   4   5   6

Жас ерекшелік регрессия -  дені сау ересек адамдардың гипноздық сендіру көмегімен 

туындайтын психофизиологиялық күй, мұндай жағдайда адамда ерте балалық шаққа тән 

мінез-құлық формасы мен еске түсірулер пайда болады.   

Жоғарғы психикалық функция - өмір бойы қалыптасатын күрделі психикалық 

процесс.   



Психикалық дамуда ауытқуы бар балалар – баланың психикалық дамуындағы 

сенсорлық бұзылыстардың ауытқушылығы (саңырау, құлақ мүкістігі, соқырлық, көру 

нашарлығы), орталық жүйке жүйесінің бұзылысы (ақыл-ой кемістігі, психикалық 

дамудың кешігуі, қозғалыс бұзылыстары).  



Балалар нейропсихологяиясы -  онтогенездегі функционалдық ми қызметінің 

қалыптасуы туралы ғылым. Нейропсихология, балалар нейропсихологиясы, балалар 

психологиясының қиылысында пайда болған ғылым.  

Балалар психологиясы – бала психикасының даму заңдылықтарын зерттейтін 

психология саласы. Педагогикалық психологиямен, жоғарғы жүйке қызметінің 

физиологиясымен тығыз байланысты.   

Балалық шақ – баланың туылғаннан бастап жасөспірімдік кезеңнің арасындағы 

онтогенездегі даму кезеңі.   



Қарым-қатынастың жетіспеушілігі – балалардың қоршаған ортамен саны мен 

сапасы бойынша  жетіспеушілігі. Қарым-қатынастың жетіспеушілігі әдетте жабық типтегі 

балалар мекемесінде кездеседі (аурханаларда, балалар үйінде, интернатта).   

Балалар іс-әрекеті – іс-әрекеттің дамуы онтогенездегі психикалық даму мен 

қалыптасуыға шешуші әсер етеді. Балалар іс-әрекеті үрдісінде психикалық процестердің 

жүзеге асуы жүреді, қоршаған ортаны тану формасы мен қоғамдық тәжірибені меңгеру 

жүреді.  



Психикалық даму диагностикасы – адамның индивидуалды психикалық даму 

ерекшеліктерін анықтауға арналған зерттеу – қабілетті, тұлғалық қырларды, мотивацияны, 

психикалық «нормадан» ауытқуды зерттейді.  

Ойын іс-әрекеті – адамдар мен жануарлардың белсенділігінің бір түрі.  

Эдипа комплекс – фрейдтің психоанализінің маңызды концепциясының бірі. 

Индивидтің әлеуметтік (моральдық) субъект ретінде қалыптасуын, жоғарғы суперэгоның 

қалыптасуымен түсіндіріледі. Осылардың нәтижесінде индивид тұлға болып 

қалыптасады.   



Жастық дағдарыс – тұрақты кезең арасында орын алатын жастық дамудың өтпелі 

кезеңдерінің шартты аталуы.  



Қарым-қатынас – екі немесе одан да көп адамдар арасындағы танымдық немесе 

аффективтік сипаттағы ақпарат алмасу процесі 



Дарынды балалар – арнайы немесе жалпы қабілеттті меңгерген баалар.  

Даму – психологиядағы сапалық өзгерістердің, жаңа құрылымдардың

механизмдердің, процестердің пайда болуы 



Онтогенез – индивидтің туылғаннан бастап өмірінің соңына дейінгі даму кезеңі.  

Оралды кезең – З.Фрейдің психоанализдік теориясындағы баланың психосексуалды 

дамуының 1-ші кезеңі. Туғаннан бастап шамамен 2 жасқа дейін жалғасады. Оралды 

кезеңде нәрестенің қанағаттануының қайнар көзі оралды түйсінулер болып табылады 

(мыс, дәм, иіс т.б.) және әрекеттер (ему, жұту және т.б.)  



Филогенез – түр-тектің дамуы, өмірдің пайда болуын, түр-тектердің өмірге келуін, 

олардың  өзгеру  үдерісін,  диференциялануы  мен  жалғастығын,  басқаша  айтқанда  өте 

қарапайым  түрден  адамға  дейінгі  бүкіл  биологиялық  өсу  жолын  қамтитын  шектеулі 

уақыттың арақашықтығы.  



Онтегенез  –  адамның  ұры  болып  пайда  болған  сәттен  басталып,  өмірінің  соңына 

дейінгі жеке дамуы.  



 

ТУФ 703-05-12. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. ТУ СМЖ. Екінші басылым  

 

28 


[gl] 1 Дәріс. Практикалық психологияның адам мен қоғам туралы ғылымдар 

жүйесіндегі орны [:] 

Қазіргі  уақытта  адамдардың  көпшілігін  адаммен  байланысты  ғылымдар 

қызықтырады.  Ғалымдардың  айтуынша  мұнда  ерекше  орын  алатын  ол  адамның  рухани 

дамуы мен ішкі психикалық әлемі туралы ғылым – психология.  

Қазіргі уақытта жоғары мектеп көпсатылы білім беру жүйесін жүзеге асыруда. Бұл 

дегеніміз  –  кәсіби  іс-әрекет  саласында  жол  таңдау  мүмкіндігін  кеңейтеді.  Мұнда 

психологиялық  ғылым  үлкен  рөл  атқарады,  ол  адамдардың  индивидуалды  дамуына 

жағымды жағдай жасап, олардың шығармашылық потенциалын ашуға септігін тигізеді.  

Қазіргі  уақытта  ЖОО  алдында  тұрған  кейбір  мәселелерді  жаңа  психологиялық 

әдістерді  (студент  тұлғасының  ерекшеліктерін  бағалау,  түзету)  қолданып  шешуге  тура 

келеді.  

Мұндай мәселелерге жатады: 

-

 

ЖОО білім алу барысындағы студенттердің адекватты емес мотивтер құрылымы; 



-

 

Студенттердің өз мүмкіндіктерін, қабілеттері мен тұлғалық ерекшеліктерін саналау 



деңгейінің төмендігі; 

-

 



ЖОО білім алу үрдісінде студент тұлғасын дамытатын әдістердің болмауы; 

-

 



Студенттердің болашақ кәсіби іс-әрекетке психологиялық дайындық деңгейінің 

төмендігі; 

-

 

өзге адамдармен өзара әрекет дағдыларын дамыту деңгейінің жетіспеушілігі; 



Психология жан туралы ғылым.   

      


Психология  басќа  ғылымдар  сияќты  белгілі  даму  жолдарынан  өткен.  Әлемдік 

психологияның даму тарихы  екі кезеңге бөлінеді: 



     

Біріншіден, басқа ғылымдардың аясында психология білімінің қалыптасу кезеңі 

(IV-V 

ғ.ғ.  біздің    дәуірге  дейінгі  XIXғ-дың  60-шы  ғ.ғ.).   Бұл    шамамен  2400  жылдай 

уақытқа созылып,  Арестотельден (348-322) басталатын  философиялық ілім  тарихы.  

     

Осынау, сан ғасырлық үлкен кезеңге әр кезде өмір сүрген ғалымдарды атап айтқанда, 



Герофил,  Эрасизтарт,  Гипократ,  Демокрит,  Гален,  Гераклит,  Декарт,  Геббос,  Спиноза, 

Лейбнец, ЛЗК, Руссо, Дидро, Кант, Гегель, т.б. ғұламалар адамның жан дүниесінің сыры 

мен  қыры  туралы  небір  сындарлы  пікірлер  айтқан.  Мәселен,  Арестотель  өзінің  “Жан 

туралы  трактатында  “жан  тәнінің  өмір  сүруінiң  формасы  екендігін,  мұның  өзі  ес,  қиял, 

ойлау,  эмоция,  секілді  процесстерге  бөлінетіндігін    айтса,    келесі  бір  грек  ғылымы 

Демокрит (460-370) жанды заттың атомдары секілді өсіп, өшіп отыратын үнемі қозғалыста 

болатын қасиет деп түсіндіреді. 

      


Сонымен  қатар,  ежелгі  Грецияның  философтары  психиканы  түсіндіру  амалын  отпен 

немесе  бумен  салыстырудан  іздеді.  Мысалы,  Гераклит  түсіндіруі  бойынша  барлық  әлем 

оттан пайда болады, “жан” ылғалдан буланып шығады, мұнда жанның құрғақ буы оның 

даналылығын қамтамасыз етеді. Ал, ылғалдылық жанды ауырлатып, оның мерт болуына 

сұйыққа айналдырады- деп есептеді. 

      


Ал француз ғалымы Рене Декарт (1596-1650) жануар сыртқы  ортаның әсеріне рефлекс 

(жүйке жүйесінің қызметі ) арқылы десе, Голонд ғұламасы Бендикт Спиноза (1632-1667) 

адамның еркі мен эмоциясы (аффект, құмарлақ т.б.) дене қызметімен тығыз байланыста 

болатындығы жайлы терең түйін айтқан. 

      

Шығыс әлемінде жан туралы ғылыми пікірлерді ұлы ғұламалар Әбу Нәсір әл – Фараби 



(870-

950)    мен  Әбу  Әлі  ибн  Сира  (980-1037),  Ж.Баласағұнй,  әл-Ғазали,  Ибн  Рүшд,  Ита 

Баджа т.б. тоқтаған. 

    


Екіншіден, психологияның өз алдына дербес  ғылым ретінде (XIXғ-дың 60-шы ғ.ғ-

қазіргі уақытқа дейін) көрінуі өте беріде, яғни 1870 жылдан басталады. Сол жылы неміс 

ғалымы  Вильгельм  Вундт  (1832-1920)  Лейпциг  қаласында  тұңғыш  лаборатория 

ұйымдастырып,  психикалық  құбылыстарды  арнаулы  құрал-сайман,  аспаптардың 

көмегімен зерттеуге болатындығын дәлелдеп, мұның дербес эксприменттік (тәжірбиелік) 

ғылым болуына жол ашты. 

ТУФ 703-05-12. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. ТУ СМЖ. Екінші басылым  

 

29 


    XIX 

ғ-дың  аяғы  XX  ғ-дың  басында    атақты    психолог    Г.Эббингауз    психология 

тарихына    қысқаша  және  нақты  анықтама  берген.  Ол  психология  ғылымының    зерттеу  

пәні бойынша  психикалық құбылыстардың  тарихи даму процестерін  қарастырды.  Осы 

көзқарас  бойынша    психология  тарихын        шартты  түрде  төрт  кезеңге  бөлуге  болады:  

Бірінші  кезеңде  –психология  жан  туралы  ғылым  болып  қалыптасады,  екіншіден  –  сана 

туралы  ғылым,  үшіншіден  –мінез-құлық  туралы  ғылым,  төртіншіден  –психика  туралы 

ғылым.  

Практикалық психология 4 бөлімнен тұрады: 

1.

 

даралық психологиясы 



2.

 

топтағы өзара әрекет пен өзара қатынас психологиясы 



3.

 

кәсіби іс-әрекет психологиясы 



4.

 

жеке және тұрмыстық өмір психологиясы 



 

       [gl] 

Даралық психологиясы [:] 

Адамның психикалық әлемі  

Егер  адамдарда  қарым-қатынасқа  байланысты  мәселелер,  өзіндік  уайымдармен 

байланысты  күрделі  мәселелер  туындаса  адам  өзінің  ішкі  механизмдерін  түсінуге  тура 

келеді. Ал бұл мүмкін бе? Тек психологияға жүгіне отырып, адамның әлемінің, жанының 

психикалық әлемінің қиындықтарын түсінуге болады.  

Сонымен  психикалық  әлем  –  дегеніміз  не,  оны  қалай  түсінуге  болады?  Басқару 

жүйесінде, техникада адам «қара жәшік» ретінде қарастырлады. Яғни барлық шеті жабық 

қара жәшік. Оның кіре берісінде ақпараттар, нұсқаулар, бұйрықтар болады, ал шығысында 

қылықтар,  сөздер  бар.  «Қара  жәшіктің»  ішінде  болып  жатқан  процестер  бізді 

қызықтырмайды, ең бастысы олар қажетті ақпараттың келуіне кедергі жасамаса болғаны. 

Адамға деген мұндай қатынас сенімсіздік тудырады, өмірлік мағынаны жоғалтады, өзінің 

даралығын  ашу  мүмкіндігінен  айырылады.  Бұл  түсінік  адамды  административті-

бұйрықтық жүйе ретінде қарастырудың себебінен туындаған.  

Біз психикалық әлем туралы айтқанда «әлем» деген түсінікке тоқталамыз, жалпы бұл 

түсініктің  өзі  көп  қырлы,  көп  салалы,  қарама-қайшы,  динамикалық  түсінік,  оның  өзінің 

ішкі организациясы, белгілі заңдылықтары, өзара байланысы бар. Психикалық әлем – бұл 

қоршаған  ортаны  қабылдау  және  тану  әлемі,  өзінің  ішкі  дүниесіне  көзқарас,  өз 

уайымдарының  әлемі,  өзге  адамдарға  деген  қатынасы.  Яғни  –  адамның  жаны.  Адамдар 

ертеден  ақ  жанның  құпиясын  ашуға  тырысқан.  Адам  жаны  -  өмірдегі  кереметтердің  ең 

ұлысы. Көптеген философтар, психологтар, жазушылар, суретшілер адамның психикалық 

қасиеттерін  танып  білуге  тырысты.  Олар  тек  қызығушылық  тудырып  қана  қоймай, 

адамның  рухани  күшін  игеріп,  адамның  мінез-құлқын,  оның  рухани  дамуын  басқаруды 

үйренуге тырысты.  

Мазмұны  бойынша  «жан»  ғылыми  психологияда  психика  түсінігімен,  адамның  ішкі 

әлемімен, уайымдарымен, санасымен сәйкес келеді. Жалпы адами мағынада жан түсінігі 

өте кең.  

Орта азияның ұлы ойшылы Ибн Сина (Авиценна) — жанның  10 игі ісі бар деп жазды: 

алтауы оны қорлайды, ал төртеуі оны биіктетеді. 6 қорлайтын белгілер: зұлымдық, өтірік, 

қызғаншақтық, жақындарына деген немқұрайлық, бақытсыздық және сенімсіздік. Ал оны 

биікке шығаратыры – жомарттық, қолдау, күш және абырой.  

 

Мінез-құлық психологиясы ХХ ғасырдағы психология дамуының алғашқы 



бағыттарының бірі.  

Мұнда  психологияның  пәні  адам  санасы  емес,  мінез-құлқы  болып  табылады.  Осы 

бағыттың өкілдері Э.Торндайк пен Дж.Уотсон үшін бихевиоризм прагматикалық теория 

болып  табылады,  сондықтан  мінез-құлықты  талдау  обективті  сипатқа    және  барлық  

жаратылыстану ғылымдары сияқты сыртқы феномендермен бақыланады.  

ХХ  ғ.  бихевиоризмнің  дамуы  Э.  Толмен,  К.  Халл  және  Б.  Ф.  Скиннер  есімдерімен 

байланысты. Толмен үйренудің екі заңын қалыптастырды (как человека, так и животных): 

ТУФ 703-05-12. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. ТУ СМЖ. Екінші басылым  

 

30 


жаттығу  заңы  мен  эффект  заңы.  Ол  тышқанның  лабиринтта  тамақтың  жолын  табуды 

үйренді,  ода  «танымдық  карта»  қалыптасады  деді.  Жануарларда  пайда  болатын 

«танымдық карта» ағза қажеттіліктерін қанағаттандырудан емес, күтумен бекітіледі деді.   

Халл  машина  бейнелі  тұтастық  бейнедегі  мінез-құлық  терминін  енгізді,  оның 

айтуынша  адамды  робот,  машина  сипатында  қарастыру  керек  деді.  Халл  бойынша  тірі 

машина өзгермелі жағдайларға байланысты өз мінез-құлқын өзгертуге қабілетті.  

ХХ  ғасырдағы    психология  дамуындағы  екінші  жетекші  бағыт  фрейдизм,  Зигмунд 

Фрейд есімімен аталған. (1856-1939), австрийялық дәрігер, психопатолог және психолог. 

Фрейд бұл бағытты «психоанализ» терминімен атады. Фрейдтің ашқаны сана асты деңгейі 

болды – ол адам мінез-құлқының алғашқы стимулдарының қайнар көзі ретінде қаралды.  

З.  Фрейд  тән  мен  жанды  бөлуден  бас  тартып,  адамның  психикалық  әлемін,  психика 

түсінігінің жаңа  мазмұнын енгізді.  

Үшінші бағыт гуманистік психология. Оның негізін салушылардың бірі — К. Роджерс 

(1902-


1987). Гуманистік бағыт концепциясының орталығында тұлға, яғни әрбір адамның 

«Мені»,  оның  өзімен өзі  болуға қақысы,  өзінің  тұтастығы  мен уникалдылығын  сақтауы, 

шешім  таңдауда  дербес  болуы,  өз  өмірін  өзі  жасау  мен  соған  жауапкершілік  алуы 

орналасады.  Гуманистік  бағытқа  тұлғаның  өзін  дамытуға  деген  бағдары,  оның  даралық 

позициясына деген құрмет тән. Сондықтан Рождерстің психотерапиялық әдісі «клиентке 

бағытталған терапия» деп аталады.  

Бұл  әдіс  терең  тұлғалық  қатынастардың  пайда  болуын,  әр  адамның  құндылықтарын 

мойындауды  ұстанады.  Бұл  жағдайда  тұлға  барлық  өмірлік  тәжірибелерге  ашық  болып, 

өзінің икемділігі мен еркіндігін жүзеге асыра алады.  

Гуманистік  психологияның  бес  негізгі  принципі  бар.  Біріншісі  –  адам  осы  бағыттың 

тәсілі  емес  мақсаты  болып  табылады.  Екіншісі  –  адамдық  қасиеттер  мен  қатынастарды 

қарастырумен байланысты: махаббат, еркіндік, жауапкершілік, сенім. Үшінші принцип – 

гуманистік психология биологиялық ғылым болудан бас тартып, гуманитарлы ғылымдар 

қатарында  болды.  Төртінші  принцип  адамның  шынайы  табиғаты  оның  жақсылық 

бастамасымен  анықталады.  Соңғысы  –  гуманистік  психология  тұлғаның  өзіндік  даму 

принципінен шығады.  

Қазіргі  таңда  гуманистік  әдістер  әлемдегі  психология  мен  психотерапияның 

мойындалған әдісі болыт табылады.  

Отандық психологияның өкілдері Б. М. Теплов, Л. С. Выготский, С. Л. Рубинштейн, Б. 

Г.  Ананьев,  А.  Н.  Леонтьев,  Б.  Ф.  Ломовтар  адамның  психикалық  әлемін  зерттеуге 

өздірінің  гуманистік  бағыттарын  ұсынды.  Ол  тұлғалық-іс-әрекеттік  бағыт.  Олар  адамды 

тұлға және даралық ретінде қарастырды.  

Осы бағыт бойынша адамның психикалық әлемінің ерекшеліктері:  



Психикалық әлем кеңістігі адамның психикалық әлемінің өрісі ретінде;  

Психикалық процестердің динамикасы, психологиялық уақыты;  





Психикалық кеңістікке толы мазмұны (информация, сигналдар, символдар); 



Психикалық әлемнің даралығы – уайымдау процесінде қалыптасады;  



өзіне және өзгелерге деген қатыасы.  



Психикалық әлем белсендірілетін Энергетикалық қуат

Енді біз адамның психикалық әлемінің кез-келген құраушы бөліктерін толығырақ 

қарастырамыз.  

З.Фрейд  бойынша  психикалық  әлем  кеңістігі  екі  сызықтан  тұрады  –  саналы  және 

бейсаналы.  З.  Фрейд  алғашқы  болып  адам  өмірінің  психикалық  әлеміндегі  бейсаналы 

процестің  рөліне  үлкен  мән  берді.  Бұрын  бейсаналы  процесте  тек  физиологиялық 

процестер ғана  жүреді  деп  есептелген,  ал  барлық  психикалықтар  –  саналы сфера болып 

саналыд. Бірақ З. Фрейд айтып өткендей, сана – ол айсбергтің шыңы ғана, ал негіздерді 

құраушы  ол  бейсаналылық.  З.  Фрейд  бойынша  сананың  рөлі  бейсаналықты  тәртіпке 

келтіріп,  мүмкін  болатынды  мүмкін  еместен  шектеу,  қалауларды  шынайылықтан,  осы 

шақты  өткен  шақ  пен  болашақтан,  реалдыны  реалды  еместіктен  шектеу.  Санадан 

ТУФ 703-05-12. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. ТУ СМЖ. Екінші басылым  

 

31 


айырмашылығы  бейсаналықта  қабылданатын  әлем  адамның  уайымдарымен  қосылады, 

оның әлеме деген қатынасымен қосылады. Бейсаналы сфераға не жатады:  

Сананың үстіңгі деңгейі – шығармашылық процестердің, шығармашылық интуицияның 

шыңы; 


Саналанбайтын мотивтер және мағыналық шарттар; 

Бейсаналықтың терең генетикалық тамыры терең. К. Юнг архетиптер деп атаған терең 

білімдер  бар  деп  есептеді.  Архетиптер  —  жалпы  адами  алғашқы  білімдер  –  ол 

шығармашылық символдары негізінде жатыр.  

Сонымен психикалық кеңістікте саналы және бейсаналылық орын алады. 

«ОЛ»  -  бейсаналық  жүйе,  оның  негізінде  биологиялық  және  эмоциялық  қатардағы 

субъективті  қажеттіліктер  жатыр.  «Ол»  қанағаттану  принципімен  басқарылады,  ол 

рахаттануға талпынады.   

«Мен» — саналы жүйе, ол сыртқы ортамен өзара әрекетті реттейді. 

«Жоғарғы  Мен»  —  моральдық  цензура,  оның  мазмұны  тұлға  қабылдаған  ережелер, 

тиымдар, ар-намысы. «Жоғарғы менде» сана мен  бейсаналылық сәйкес келеді.  

З. Фрейд айтқандай «»Мен»  өмірде дұрыс мағына мен ақылға, ал  «Ол» құмарлыққа 

сүйенеді.  «Мен»  мен  «Ол»  арасында  ылғи  қысым  күйі  орнайды.  «Мен»  және  «ОЛ» 

екеуінің қатынасы идеалды емес. Екеуінің талапатары ылғи екі жаққа кетеді, кейде тіпті 

сәйкес келмейтіндей болады, «Мен» ылғи өз тапсырмасын дұрыс атқармайды.  

Адам «Мен» және «ол» арасындағы қысымды бастан кешеді, ол мазасыздық күйі, үрей 

т.б.  Егер  «Жоғарғы  Мен»  «Мен»  қоғам  талаптарын  бұзды  деп  тапса,  онда  адам  кінә 

сезімін  бастан  кешеді.  Сондықтан  адамның  психикалық  өмірінде  ылғи  шиеленістік 

жағдарлар орын алады.  Именно «Я» осы шиеленісті жеңілдетіп, шеше алады.  

Мұны реттеу «психологиялық қорғаныс механизмдері» арқылы жүзеге асады. 

Қорғаныс  механизмдері  -  өмір  қиыншылықтарымен  күресуге  қажетті  уақытша 

рухани тепе-теңдікті ұйымдастыру тәсілдері. Қорғаныс механизмдерін қолдану арқылы 

біз өзіміздің психикамызды қорғауға тырысамыз.  

Психологиялық  қорғаныс  механизмдеріне  Фрейд  регрессия,  изоляция,  проекция, 

идентификация, сублимация, рационализация, және отказ жатқызды. 

Регрессия –  біз  өзімізге  төніп  тұрған  қауіпті  сезінгенде  өзімізді  қорғау  үшін баланың 

қылықтарын  танытамыз,  кешіріңіз,  мен  білмей  қалдым,  байқамай  қалдым.  Т.б.  немесе 

өзімізді солай қорғамыз. Мен әлі жаспын, т.б.    

Изоляция  —  қоғамнан,  өзге  адамдардан  кету,  өзіне  ену,  иногда  приводит  к 

трагическому финалу. 



Проекция — өзінің эмоциялық күйін өзге адамдарға аудару. Өзінің жағымсыз қырларын 

өзге адамдарға аудару, өзін қорғау үшін.  



Ауыстыру  немесе  орнын  басу  –  энергияны  біршама  қауіпсіз  объектіге  бағыттау. 

Мысалы  бастығы  ұрсса,  ол  үйіне  барып  әйеліне  немесе  баласына  ұрсады,  олар  кінәлі 

болмаса да.  

Сублимация  —  дөрекі  немесе  тән  құмарлықтарын  шығармашылық  қызығушылық  пен 

сезімдерге  аудару.  Сублимация  Фрейд  бойынша  артық  энергияны  шығармашылық 

процестерге құю.  

Рационализация  —  адам  инстинктивті  құштарлықарының  әсерінен  жасаған 

қылықтарына  рационалды  түсініктемелер  беруге  тырысады.  Егер  бастық  көңіл  күйі 

болмай  бағынушыларға  айқайласа,  ол  оны  жұмысшылардың  міндеттерін  дұрыс 

атқармағандығымен түсіндіреді.  

Психикалық  кеңістікте  болатын  барлық  жағдайлар  ылғи  қарама-қайшылықта, 

диалектикалық қозғалыс пен дамуда болып, уақыт көрсеткіштерімен сипатталады.  

Психологиядағы  уақыт  –  көп  жоспарлы  болып  келеді.  Ол  немене  байланысты?  Ең 

алдымен  ол  психикалық  процестер  динамикасына  биологиялық  ритмдердің  әсерімен 

байланысты.  Уақыт  интервалын  қабылдау  және  бағалау  сол  сәттегі  күйге  байланысты 

ТУФ 703-05-12. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. ТУ СМЖ. Екінші басылым  

 

32 


болып  келеді.  Мысалы,  төтенше  жағдайларда  уақытты  қабылдау  бұзылады  –  ол  уақыт 

өтпейтіндей, мәңгі солай болатындай болып көрінеді.  

Сонымен қатар уақытты қабылдаудың тұлғалық-психологиялық ерекшеліктері де бар. 

Мысалы,  сангвиниктер  мен  холериктер  уақытты  бағаламайды,  оларға  ешқашан  уақыт 

жетпейтіндей  болады,  олар  ылғи  асығып  жүреді,  бәрібір  де  кешігеді.  Флегматиктер 

уақытты  жоғары  бағалайды,  асықпайды,  жүгірмейді.  Меланхоликтер  бірашама  уақыт 

интервалын нақты бағалайтындар, сондықтан олар өз уақыттарын нақты есепейді.  

Әлеуметтік уақытты әлеуметтік-психологиядық деңгейде де жүреді, ол әлеуметтік 

қауымдастықтарға, мәдени-тарихи жағдайларға тән.  

Психологиялық уақытқа мыналар жатады:  

-

 

өмірдегі түрлі жағдайлардың жылдамдығы мен ұзақтығын бағалау: 



-

 

уақыттың шектелуі мен кеңеюін уайымдау;  



-

 

өмір ұзақтығына байланысты жасты саналау;  



Адам уақыты адам өміріндегі оқиғалар ұзақтығының хронологиясын бейнелейді.  

Жасты  саналау  туралы  сөз  қозғап  көрейік,  яғни  тұлғаның  психологиялық  уақыты 

туралы.  «Жас»  түсінігі  жан-жақты.  Оның  4  түрін  бөлуге  болады:  хронологиялық 

(паспорттық),  биологиялық  (функционалды),  әлеуметтік  (азаматтық)    және 

психологиялық. Психологиялық жас психологиялық уақытпен өте тығыз байланысты. 

Жастық  дағдарыстар  –  адамның  өмірлік  жолындағы  психологиялық  қиындықтар. 

Қандай хронологиялық жаста бұл қиындықтар болады?  

Балалық шақта 6-7 жаста; жасөспірімдерде — 12-14 жас; жеткіншектерде — 18-19 жас, 

25-

26 жас. Мұндай қиындықтар әрбір 10 жыл сайын кездесіп отырады 50 жасқа дейін, ал 



70  жасқа  дейін  әрбір  5  жыл  сайын.  Адам  әр  10  жыл  сайын  өміріне  қорытынды  жасап, 

болашаққа  жоспар  құрып.  40  жастағы  дағдарыс  өмірінің  жартысын  дағдарыс  ретінде 

бағаланады.  

Психикалық  әлімнің  даралануы  —  бұл  адамның  даралығының,  оның 

қайтланбастығының, ерекшелігінің жүзеге асуы. Адамға әсер ететін барлық әсерлер оның 

ішкі әлемі арқылы өтеді (субъективті).  Мысалы, бір өнер туындысы әр түрлі субъективті 

бағаланады.  Адамдарды  бірдей  көріп,  бірдей  жүргізу,  бір  өлшеммен  өлшеуге  тырысу 

мүмкін емес. Осы жерде қайғыру немесе күйініш (переживание) туралы сөз болады. Адам 

кез-келген оқиғаны бастан кешіп, соған еніп, өзінен өткізеді.  

Психологияда переживание бірнеше мағынада қарастырылады: ішкі және сыртқы 

әсерлерден адамның психикалық әлемінде пайда болатын эмоциялық боялу күй;  

-

 

адамның мотивтері мен іс-әрекет мақсаттарын таңдау процесі;  



-

 

өзінің өмір сүру барысын қайта мағыналау, идеалдары мен құндылықтарын 



жоғарлатудағы белсенділік формасы (ол кейде психологиялық күйзеліске әкеледі).  

Переживания адамның болып жатқан оқиғалардан тұлғалық мағына алуға көмектеседі, 

сол  арқылы  адамның  психикалық  әлемінің  даралану  процесі  жүреді.    Қайғыны  бастан 

кешкен адам өзгенің қайғысын жақсы түсінеді деп айтуға болады.  

Адамның  психикалық  өмірін  белсендіретін  өте  маңызды  фактор  энергетикалық  қуат, 

психикалық энергия болып табылады.  

З.  Фрейд  энергияны  стимулдандыратын  либидо  яғни  сексуалды  энергия  деп  жазды. 

Бірақ ғылым психикалық энергияның негізгі қайнар көздерін әлі тапқан жоқ.  

Адам әлімде жалғыз өмір сүрмейді, ол қоғамда өмір сүреді және өзге адамдарен ылғи 

қарым-қатынаста болады, сондықтан біздің әрқайсысымыздың психикалыө әлімімізге өзге 

адамдар  кіреді,  ол  жерден  белгілі  бір  орын  алады,  біздің  жақсы  немесе  нашар  көңіл-

күйімізді тудырады.  

Белгілі  психоаналитик  К.  Хорни  айтқандай,  адамдар  бір-бірімен  өзара  әрекетке  түсе 

отырып,  әлеуметтік-психологиялық  өріс  қалыптастырады.  Кез-келген  адам  белгілі  бір 

қарым-қатынас  санын  қажет  етеді,  ол  махаббат,достық,  жолдастық  сезімдерді  жүзеге 

асырғуға  бағытталған.  К.  Хорни  өажеттіліктерді  3  типке  бөлді;  адамдарға  бағытталған, 

адамдарға  қарсы  және  адамдар  атынана  (направленные  к  людям,  против  людей  и  от 

ТУФ 703-05-12. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. ТУ СМЖ. Екінші басылым  

 

33 


людей).  Көптеген  адамдарда  әдетте  бір  қажеттілік  типі  басым  болып  келеді,  соның 

арқасында  психологиялық  мінез-типтері  ажыратылады:  қарым-қатынасшылдығы 

бойынша,  агрессивтілігі,  тұйықтығы,  ашықтығы  бойынша.  Бірақ  бұл  өажеттіліктердің 

барлығын  адам  қатынастарда  ғана  немесе  өзге  адамдар  арқылы  жүзеге  асырады.  Бір 

жағдайларда  адам  жиі  қарым-қатынасқа  түсіп,  жол  бергіш  болады,  екінші  жағдайда  – 

басымдылық пен күреске, 3 – қашуды қажетсінеді.  

Әлеуметтік  тепе-теңдіктің  деформациясы  мынаған  тәуелді,  «негізгі  мазасыздану» 

элементтерінің бірі күшейе бастайды – қорқыныш, қауіпсіздік, жаулық, жалғыздық сезімі 

және т.б. К. Хорни үш әлеуметтік типке сипаттама берді.  

Жол беруші тип: адамдарға бағытталған, топпен бірігуге талпынады, әсер ететін, күшті 

тұлға, өзінің агрессиясын басады, бірақ адамдарды қатты жақсы көрмейді.  



Агрессялық тип: адамдарға қарсы бағытталған, барлығына қарсы күрес туралы өмірлік 

көзқарастары бар. Ол үшін бастысы - өзгелерді бақылау, жеңу, ешкімге сенбейді. Бауыр 

басу мен симпатияны әлсіздік деп қарастырады.  

Адамдардың өзара әрекетін транзактілі талдаудың негізін салған Э.Берн ашуға 

тырысты. Оның теориясының негізгі идеясы әрбі адамың ішінде бірнеше адам өмір сүреді, 

олардың әрқайсысы бір уақыттарда адам мінез-құлқын  басқарып отырады. Бұл үш эго-

күй: «Ата-ана» (Р), «Ересек» (В), «Бала» (Д). 

«

Ата-ана» оған сыртқы қайнар көздерден алынған, ата-анасынан, авторитетті 

тұлғалардан алынған мінез-құлықтың әлеуметтік факторлары жатады. Бір жағынан ол 

пайдалы, ережесі мен басқаруы уақытпен тексерілген.  

«

Ересек» — шынайы, рационалды мінез-құлық қайнар көзі. Бұл күй адамның жасымен 

байланысты емес (қандай да бір оқиғадан кейінгі есейіп кеткен баланы еске алыңыз). Ол 

өз қылықтарына жауапкершілік алу, «ересек» ұйымдасқан, бейімді, ақылды әрекет етеді.  

«

Бала» — ол адамның «Мен»о күйі,  оған балаға тән барлық импульстер жатады: 

сенімділік, нәзіктік, таңдау, капризность, ренжу т.б.  

Кез-келген эго-күйлер адамда ылғи және жағдайға байланысты болып отырады. Ол осы 

күй шеңберінде ойлап, әрекет етеді.  

Өмірлік жолда эго-күй адамда былай жүреді: нәрестеде эмоциялық-сезімдік негізде, 

мұнда балалық «Мен» қалыптаса бастайды, кейін ата-аналық күйдегі «Мен» дамиды, ол 

ата-ана мен тәрбиешіге еліктеу негізінде қалыптасады. «Ересектік» күйдегі «Мен», 

балалық шақтан қалыптасады, баланың қоршаған орта туралы, ғылыми-практикалық 

парадигма туралы. «Ересек» дәрежесін мойындау қоғамда қалыптасады.  

[kgl].  



жүктеу 0.71 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет