Программа педагогикалық мамандықтарға түсуші талаптанушыларға арналған арнайы емтихан бағдарламасы



жүктеу 176.62 Kb.
Pdf просмотр
Дата13.09.2017
өлшемі176.62 Kb.
түріПрограмма

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 

 

«Мирас»Университеті 



 

 

 

 

 

 



 

 

 



 

 

Педагогика,  өнер және тілдер факультеті 



 

                                                 

Педагогика және дизайн кафедрасы 

 

 

 

БЕКІТЕМІН 

«Мирас»университетінің ректоры 

_______________  

Б.А.Мырзалиев 

         (

қолы)                         

2017


ж. «___»______________  

 

 



 

ПРОГРАММА 

 

Педагогикалық мамандықтарға түсуші талаптанушыларға арналған арнайы емтихан 

БАҒДАРЛАМАСЫ 

 

 

 

Жалпы орта,техникалық және кәсіптік 

(базалық білім)

 

 

 



 

 

 



Университеттің Ғылыми Кеңесінің отырысында қаралды және бекітілді 

 

2017 



ж. «___»_______________ №____ Хаттамасы. 

 

 



 

 

 



Шымкент 2017 ж. 

 

 

Бағдарлама  «Педагогика және дизайн» кафедрасының отырысымен ұсынылды 

2017 


ж. «___»_______________ №____ Хаттама. 

 

 



Кафедра меңгерушісі _____________ ҚР 

СХ 


мүшесі аға оқытушы Ю.А. Нұртаев 

 

 



Бағдарлама  «Педагогика,  өнер  және  тілдер»  факультетінің  Әдістемелік  кеңесінің 

отырысында қаралды 

2017 

ж. «___»_______________ №____ Хаттама. 



 

 

Комиссия төрайымы _____________ Э.Сырлыбаева 



 

 

Бағдарлама «МИРАС» университетінің Әдістемелік кеңесінің отырысымен мақұлданды және 



ұсынылды 

2017 


ж. «___»_______________ №____ Хаттамасы . 

 

 



ҒӘК хатшысы  __________  Г.В.Гак        

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

МАЗМҰНЫ 

 

 

Нормативтік сілтемелер…………………………………………………………… 



Негізгі терминдер және олардың түсіндірмелері………………………………… 



Арнайы емтихандар жүргізу мақсаты……………………………………….. 



Арнайы емтихандар өткізілетін мамандықтар 



тізімі…….……………………………………….................................................... 



Педагогикалық мамандықтарға қабылдау…………………………………….. 



Арнайы емтихан сұрақтарының үлгі тізімі (педагогикалық ахуалдар)  

……………............................................................................................... 



Әдебиеттер……………………………………………………………………………  15 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 


1 Нормативтік сілтемелер 

 

Осы бағдарлама мынадай нормативтік құжаттар негізінде әзірленген: 



1.1.

 

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы;  



1.2.

 

ҚазақстанРеспубликасының  Үкіметінің  2017  жылғы  06  сәуірдегі  №  174 



"

ҚазақстанРеспубликасыҮкіметінің  2012  жылғы19қаңтардағы  №  111"Жоғарыбілім  беру 

бағдарламаларыніскеасыратынбілім 

беру 


ұйымдарынаоқуғақабылдаудыңүлгіқағидаларынбекітутуралы"  қаулысына  (2017  ж.06.04.№  174 

өзгерістермен)» қаулысы;  

1.1.

 

Қазақстан Республикасының Конституциясы; 



1.2.

 

Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым  министрлігінің  немесе  жоғары  кәсіби 



білімді басқару органына қарасты ведомстволардың өзге де нормативтік актілері; 

1.3.


 

Университет Жарғысы; 

1.4.

 

Жылсайынғы университетке қабылдау ережесі. 



 



Негізгі терминдер және олардың түсіндірмелері 

 

ҚК – қабылдау  комиссиясы; 

ҚК төрағасы; 

ҚК жауапты хатшысы; 

БҰТ – бірыңғай ұлттық тестілеу

ТКТ – талаптанушыларды кешенді тестілеу 

 



Арнайы емтихандардыөткізудің мақсаты 

 

3.1 



Педагогикалық  мамандыққа  түсу  кезіндегі  арнайы  емтиханның  мақсаты 

талаптанушылардың педагогикалық қызметке бейімділігін анықтау болып табылады. 

3.2 

Педагогикалық  ахуалды  шешу  кезінде  талаптанушыға  педагогикалық  тұрғыдан  келетін 



дерек, өмірлік оқиға ұсынылады. 

3.3 


Нәтижені  бағалау  кезінде  орын  алған  күрделі  жайтты  шешуге  ұсынылған  тәсілдің 

сындарлығы мен негізділігі есепке алынады; ахуал мен оның туындау салдарларында жедел жол 

табу;ықпал ету нәтижелерін алдын ала пайымдай алуы. 

 



Арнайы емтихандар өткізілетін мамандықтар тізімі 

Коды 

Мамандықтар атауы 

5В010200 

Бастауыш білім беру педагогикасы және әдістемесі 

5В010300 

Педагогика және  психология 

5В011200 

Химия 

5В011300 



Биология  

5В011400 

Тарих 

5В011700 



Қазақ тілі және әдебиеті 

5В011900 

Шетел тілі: екі шетел тілі 

5В012000 

Кәсіби білім беру 

 



Педагогикалық мамандықтарға қабылдау 

 

5.1 



Педагогикалық  мамандықтар  бойынша  қабылдау  Мирас  университетінің  қабылдау 

комиссиясы жүргізген арнайы емтихан нәтижелерін есепке ала отырып жүргізіледі. 

5.2 

Педагогикалық мамандықтарға түсу кезіндегі арнайы емтихан түсушілердің педагогикалық 



қызметтерге бейімділігін анықтауға бағытталған. 

5.3 


Педагогикалық  мамандықтарға  түсушілерден  өтініштер  қабылдау  және  арнайы  емтихан 

өткізу  20  маусым  мен  18  тамыз  аралығында  Мирас  университетінің  қабылдау 

комиссиясымен жүргізіледі. 


5.4 

Педагогикалық  мамандықтарға  түсетін  тұлғалар  университеттің  қабылдау  комиссиясы 

жүргізетін бір арнайы емтихан тапсырады. 

5.5 


Педагогикалық  мамандықтарға  түсуші  тұлғалар  үшін,  баллдары  есептеле  отырып 

тапсырылады: 

Қазақстан тарихы бойынша; 



математикалық сауаттылықтар; 

оқу сауаттылықтары (оқыту тілі); 



екі мамандық бойынша пәндер. 

5.6 

Төркіндес  мамандықтарға  қысқартылған  білім  беру  бағдарламалары  бойынша  жеделдетіп 



оқыту мерзімімен түсетін тұлғалар үшін, баллдары есептеле отырып тапсырылады: 

-

жалпы мамандық пәндері бойынша; 



маманданатын пәні бойынша. 

5.7 

Арнайы емтихан Мирас Университетінде бекітілген  кесте бойынша жүргізіледі. 



5.9 

Емтихан  билеттерінің  сұрақтары  педагогикалық  ахуалдарды  шешу    қабілетін  тексеруге 

ықпал жасайды. 

5.10  Педагогикалық  ахуал  –  бұл  мұғалімнің  немесе  тәрбиешінің  кәсіби  қызметі  барысында 

туындайтын  өмірлік  мән-жайлар,  деректер  мен  оқиғалар,  оларары  қарай  шешуді  талап 

ететін белгілі мәселелерді және психологиялық-педагогикалық жағдайларды туындатады. 

5.11 

Әрбір емтихандық билет 3 сұрақтан тұрады. 



5.12 

Педагогикалық  мамандықтарға  түсушілер  үшін  арнайы  емтихан  «Жіберілді»  немесе 

«жіберілмеді» нысанында бағаланады. 

5.13 


Арнайы емтиханды тапсыру уақыты – 15 минут.  

5.14 


Емтихандыалу  кезінде  Мирас  Университетінің  ректорының  бұйрығымен  арнайы 

емтиханды ұйымдастыру және өткізу үшін комиссия құралады, оның құрмына төрғасымен 

қоса  тақ  сандағы  мүшелері  кіреді.Егер  мәжілісте  кемінде  оның  құрамының  үштен 

екісіненболса,  онда  комиссия  шешімі  заңды  деп  саналады.Емтиханда  қатысушылардың  

көпшілік  дауысымен  шешім  қабылданады.Мүшелерінің  дауыстары  тең  болған  жағдайда 

комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады. 

 

5.15 


Арнайы  емтихан  қабылдау  кестесін  комиссиясының  төрағасы  бекітеді 

жәнеуниверситеттің сайты мен ақпараттық қабырғасына мәліметтерді орналастыру арқылы 

жеткізіледі. 

 

5.16 



Арнайы  емтиханға  рұқсат  алу  үшін  талаптанушы  Мирас  университетінің  қабылдау 

комиссиясына алдын ала тіркелуі тиіс. 

5.17 

Арнайы 


емтихан 

жүргізуші 

аудиторияға 

баруға 


рұқсатжеке 

басын 


куәландыратынқұжатты ұсынған кездежүзеге асырылады. 

5.18 


Арнайы емтихан басталмас бұрын түсушілерге өткізу тәртібі түсіндіріледі, сондай-ақ  

арнайы емтиханның басталу және аяқталу уақыты, нәтижелерді жариялаудың және  

аппеляция өткізудің орны көрсетіледі. 

5.19 


Арнайы емтихан өткізу кезінде түсушілер: 

 

1)  тыныштық  сақтаулары  және  өз  бетінше  жұмыс  істеулері,  емтихан  алушы  және 



басқа да қабылданушылармен сөйлеспеуі; 

2)  емтихан  материалдарымен  алмасуға,  көшіруге,  оны  дәрісханаға  кіргізуге  және 

оқулықтарды, 

басқа 


да 

әдістемелік 

әдебиеттерді, 

ұтқыр 


байланыс 

құралдарынпайдаланбауы тиіс; 

3) 

аудиториядажүруге,басқа орынға ауысып отыруға; 



4) 

арнайы  емтихан  кезінде  емтихан  алушының  рұқсатынсыз  аудиториядан 

шығуғаболмайды. 

5.20 


Арнайы  емтиханды  өткізу  қорытындысы  рұқсат  беру  ведомосымен,  еркін  нысандағы 

комиссия хаттамасымен толтырылып, нәтижелерін жариялау үшін қабылдау комиссиясының 

жауапты хатшысына (оның орынбасарына)табысталады.Комиссия хаттамасына төраға және 

барлық қатысушы оның мүшелерімен бірге қол қояды. 

5.21 

Арнайы емтихан нәтижелері емтихан өткізген күні жарияланады. 



5.22 

Арнайы  емтихан  нәтижелері  бойынша  ведомостың  үзінді  көшірмесі  беріліп,  студенттік 

жеке ісіне тігіледі. 

5.23 


Емтиханды  өткізу  кезеңінде  арнайы  емтиханға  қойылатын  талаптарын  сақтау,  даулы 

мәселелерді  шешу,  емтихан  тапсыратынадамдардың  құқықтарын  қорғаумақсатындаМирас 

Университеті  ректорының  бұйрығымен  оның  төрағасын  қоса  алғанда  тақ  саннан  тұратын 

апелляциялық комиссия құрылады. 

5.24 

Апелляцияға берілетін өтінішті апелляциялық комиссиясының төрағасының атына арнайы 



емтиханды тапсырушы жеке тұлға атынанарнай емтихан нәтижелері жарияланғаннан кейін 

келесі  күні  сағат  13-ке  дейін  беріледі  және  апелляциялық  комиссия  оны  бір  күн  ішінде 

қарайды. 

5.25


Апелляциялық комиссия шешімі оның құрамының үштен екісі мәжіліске қатысатын болса 

заңды  болып  есептеледі.  Арнайы  емтихан  нәтижелерімен  келіспеу  туралы  апелляция 

бойынша шешім қатысып отырған комиссия мүшелерініңкөпшілік дауысымен қабылданады. 

Мүшелерінің дауыстары тең болған жағдайда апелляциялық комиссия төрағасының дауысы 

шешуші  болып  табылады.  Апелляциялық  комиссияның  жұмысы  хаттамамен  ресімделеді, 

оған төраға және отырысқа қатысқан барлық комиссия мүшелері қолдарын қояды. 

5.26 

Мирас  Университеті  бес  күнтізбелік  күн  ішінде  ұсынады  ҚР  БҒМ-ге  арнайы  емтиханды 



өткізу  және  ұйымдастыру  бойыншақорытынды  есепті  еркін  нысанда,арнайы  емтихан  

қорытындылары туралы  бұйрықтардың көшірмелерін ұсынады. 

 



Арнайы емтихан сұрақтарының үлгі тізімі (педагогикалық ахуалдар)   

№1 педагогикалық ахуал 

Оқушы  мұғалімге  өтініш  айтады: «Мен  Сіздің  басқа  оқушыларға  қарағанда  маған  жақсы 

қарауыңызды сұраймын, өйткені мен басқалардан жақсы оқимын». Мұғалім оқушыға таңданыспен 

қарап оған ол үшін барлық оқушы бірдей деп жауап қатты. 

Сіз бұндай жағдайда қандай әрекет жасар едіңіз (қандай әрекет жасайсыз, не жасайсыз, не 

айтасыз және т.б.) және неліктен? 



 

№2 педагогикалық ахуал 

Айгерімнің еске сақтау қабілеті жақсы және кез келген тақырыпты, өлеңді, ақпаратты оңай 

есіне сақтап алады. Мерекелік кешті өткізу кезінде ол өзіне берілген рөлді орындайды және басқа 

балалардың  ролдерін  де  орындауға  араласып,  басқалардың  өздерін  көрсетуге  кедергі  жасап, 

мерекенің өту барысын бұзады. 

Мұндай  жағдайға  қалай  ықпал  жасауға  болады?  Сіз  мұндай  жағдайда  қалай  әрекет  жасар 

едіңіз? Өз әрекетіңізді  дәлелдеңіз. 

 

№3 педагогикалық ахуал 

Қоғамдық  көлікте  бір  адамның  жанында  отырған  жолаушы  адамның  сөмкесінен  әмиянын 

алғысы  келіп  отырғанының  куәсі  болады.Мұндай  жағдайға  қалай  ықпал  жасауға  болады?  Сіз 

мұндай жағдайда қалай әрекет жасар едіңіз? Өз әрекетіңізді  дәлелдеңіз. 

 

 

№4 педагогикалық ахуал 



Серуендеу кезінде балалар құмда ойнап отырып абайсызда Азаматтың күртесін ластап алды, 

бұған  ол  атты  ренжіді.  Азаматтың  ойынша  балалар  оны    әдейі  жасады.Ол  қолайлы  сәтті  күтіп, 

балаларға  қарай  бір  уыс  дымқыл  құмды  шашып  жіберді.Салдарында  балалардың  да  бар  киімі 

ластанды.  Балалардың  ренішінде  шек  болмады.  Азамат  өзінің  қылығын  балалар  өзінен  кешірім 

сұрамады деп түсіндірді. 

Мұндай  жағдайға  қалай  ықпал  жасауға  болады?  Сіз  мұндай  жағдайда  қалай  әрекет  жасар 

едіңіз? Өз әрекетіңізді  дәлелдеңіз. 

 

 



№5педагогикалық ахуал 

Сізбен  бір  үйде  бір  қыз  көрші  тұрады,  барлық  балалар  аулада  ойын  ойнаған  кезде  ол 

скрипкада ұзақ әрі әсерлене ойнайды.Бір күні ол қыз жас музыканттар байқауында бірінші орын 


алғаны туралы қуана айтты.Кластастары оны мысқылдап, «оқымысты», «жаттанды» деген лақап 

атпен атай бастады. Мұғалім бұл ахуалды назардан тыс қалдырды. 

Мұндай  жағдайға  қалай  ықпал  жасауға  болады?  Сіз  мұндай  жағдайда  қалай  әрекет  жасар 

едіңіз? Өз әрекетіңізді  дәлелдеңіз. 

 

 

№6педагогикалық ахуал 



Мұғалім: «Дәптерлеріңді ашыңдар, жазыңдар…».  Бір оқушының жазбай отырғанын көріп, 

мұғалім сұрайды:  

-

А сен неге жазбай отырсың?  



Оқушы жауап береді: 

А, не үшін жазамын? Мен зейін салып тыңдаймын және есіме сақтап аламын.Сіз бұндай 



жағдайда қандай әрекет жасар едіңіз (қандай әрекет жасайсыз, не жасайсыз, не айтасыз және т.б.) 

және неліктен? 

 

 

№7педагогикалық ахуал 

Сіз  сынып  жетекшісі  болып  табылатын  оқушылардың  біреуі  бітіру  кешіне  бармайтынын 

айтады.Сіз  бұл  шешім  оның  отбасының  қиын  қаржылық  жағдайының  қиындығына  байланысты 

екенін білесіз. 

Сіз бұндай жағдайда қандай әрекет жасар едіңіз (қандай әрекет жасайсыз, не жасайсыз, не 

айтасыз және т.б.) және неліктен? 



 

№8педагогикалық ахуал 

Сіз  –  мұғалімсіз.  Тақтада  белгілі  әрекетті  орындаудасыз  (теңестіруді  шешесіз,  ғылыми 

болжамды  дәлелдейсіз,  формула  жазасыз,  жіктеу  үшін  негіздемені  атап  өтесіз  және  т.б.).  Сіздің 

жазбаңызда қате бар. Бір оқушы оны байқап, ол қателікті барлық сынып көретіндей қылып нұсқап 

көрсетеді. 

Сіз бұндай жағдайда қандай әрекет жасар едіңіз (қандай әрекет жасайсыз, не жасайсыз, не 

айтасыз және т.б.) және неліктен? 

 

 

№9педагогикалық ахуал 

Мақсат дайындық тобына барады. Тәрбиеші оны кейде мақтайды, алайда оның анасы оған 

ұдайы  риза  болмайды.Бала  барлығынжәй,  сенімсіздікпен  жасайды.  Анасы  оны  жалқау  деп 

санайды. Ол оны оқуға, жазуға үйрете бастайды. Егер қате болса қайтадан жасауға мәжбүрлейді. 

Мақсат іске көшеді: «Менің қолымнан келмейді, мен білмеймін». «Мен онанда ойын ойнаймын». 

Анасы түсінбей дал: «Қашанғы ойнауға болады? Мүмкін оны көбрек мақтау қажет шығар? Алайда 

не үшін?» 

Мұндай  жағдайға  қалай  ықпал  жасауға  болады?  Сіз  мұндай  жағдайда  қалай  әрекет  жасар 

едіңіз? Өз әрекетіңізді  дәлелдеңіз. 

 

 



№10педагогикалық ахуал 

Бала  «қиын»  отбасында  өсіп  келеді:  баланы  әжесі  тәрбиелеп  отыр,әкесі  жоқ,  анасы  арақ 

ішеді.  Бірінші  сыныпқа  барғанда  баланың  ынтасы  болды.  Алайда  оқытушы  бала  туралы 

сыңаржақты  пікірде  болды.  Егер  сыныпта  бір  жағдай  болып  қалса  оған  кінәлі  осы  бала  болд. 

Үшінші сыныпта балаға «Қиын бала» деген атақ ілінді. 

Мұндай  жағдайға  қалай  ықпал  жасауға  болады?  Сіз  мұндай  жағдайда  қалай  әрекет  жасар 

едіңіз? Өз әрекетіңізді  дәлелдеңіз. 

 

 



№11педагогикалық ахуал 

Мұғалім  қолына  телефонды  айналдырып  отырған  оқушыға: «Телефонды  алып  қой  немесе 

оны  сөндір»  деп  айқайлайды.  Оқушы: «Мен  сөндіре  алмаймын.  Мен  «ватсапта»  отырмын.  Мен 

телефоннан  ешқашанда  ажырамаймын.  Оны  сөндірмеймін  де,  онымен  ұйықтаймын  тіпті....»  Сіз 



бұндай  жағдайда  қандай  әрекет  жасар  едіңіз  (қандай  әрекет  жасайсыз,  не  жасайсыз,  не  айтасыз 

және т.б.) және неліктен? 

 

№12педагогикалық ахуал 

Сіз  –  9  сынып  жетекшісіз.Жұмыстың  алғшқы  аптасында  балалардың  бір  бірімен 

арақатынасы 

күрделі 


екеніне, 

жанжалқұмарлығына, 

балалардың 

топ 


бойынша 

достасатындығына,бірігуге  ұмытылмайтындығына  көз  жеткіздіңіз.Сынып  жетекшісіне  олар 

сенімсіздікпен  қарайды  әрі  сенім  орнатуға  құлықсыздығын  байқадыңыз.  Көптеген  оқушылар 

сабақтан  соң  жиналып,  сынып  өмірін  қалай  көңілді  әрі  қызықты  өткіземіз  деп  ақылдасуға 

шақырған Сіздің арыныңызды тоқтатты. Тек ең жуас, тыныш жүретін оқушылар құлақ асты. Бұл 

Сізді өте ренжітті және ойға қалдырды. 

Мұндай  жағдайға  қалай  ықпал  жасауға  болады?  Сіз  мұндай  жағдайда  қалай  әрекет  жасар 

едіңіз? Өз әрекетіңізді  дәлелдеңіз. 

 

 

№13педагогикалық ахуал 



Екі  ата-ана  сөйлесіп  отыр.Біреуі  мақтанышпен  күйеуі  екеуі  қыздарына  компьютер  алып 

бергенін  айтты.  Ал  екіншісі:  Босқа  алғансыңдар!  Енді  монитор  алдында  сағаттап  отырады.  Көзі 

мен дене мүсініне зақым келтіреді, тұйық, өмірге икемсіз болып өседі...».  

Қажетті жауап нұсқасын таңдаңыз:    

1.

Компьютерсіз қазір болмайды. 



2.Компьютер – бұл ақпарат көзі. 

3.

Компьютер адам денсаулығына зиян. 



4.Компьютер психикаға кері әсер етуі мүмкін. 

5.Компьютер ақыл шегінде пайдаланса үкен пайда әкелді. 

6.

Сіздің басқаша уәжіңіз. 



Компьютердің пайдасы мен зияны бойынша өз ұстанымыңызды дәлелдеңіз. 

 

 

№14педагогикалық ахуал 

Сіздің сыныптасыңыз бөтеннің телефонын ұрлады. Сіз ұрлықтың куәсі болдыңыз. 

Бұл жағдйда Сіздің әрекетіңіз. 

1.

Көрмеген  кейіп  танытамын  (ол  менен  күшті  және  оның  күтпеген  салдарлары  болуы 



мүмкін). 

2. 


Бұл туралы үлкендерге хабарлаймын (мұғалімге, директорға). 

3.

Сыныптасымның ата-анасына хабарлаймын. 



4.

Бұл мәселені сынып жиналысында көтеремін. 

5.

Сыныптасыммен  сөйлесіп,  телефон  исіне  кешірім  сұрап,  оны  қайтаруға  көндіруге 



тырысамын. 

6.

Басқа шешім. 



Таңдаған жауапты дәлелдеңіз. 

 

 

№15педагогикалық ахуал 

Автобус аялдамасының орындығында жатқан жерден ондаған адам енжарлық таныта өтеді. 

Бұл жағдайда Сіздің әрекетіңіз: 

1.

Мен де жақындамаймын. 



2.

Жақындап адамға не болғанын білемін. 

3.

Жақындамаймын, бірақ жедел жәрдем шақыртамын. 



4.Полицияға хабарласам. 

6. 


Басқа шешім. 

Таңдаған жауапты дәлелдеңіз. 

 

№16педагогикалық ахуал 


Көшеде тоғыз жастардағы қыз жылап келіп анасы оған 500 теңге беріп, нанға жұмсағанын, 

ол  жолда  оны  жоғалтып  алғанын  айтады.  Қыз  анасы  қатты  ұрсады  деп  қорқып  тұрғанын,  оның 

ақша беруін сұрайды. 

Бұл жағдайда Сіздің әрекетіңіз: 

1. 

қызға  ақша  беруден  бас  тартамын,  бұл  жағдай  оған  сабқ  болсын.  Келесіде  ол  ақшаға 



ұқыпты болады. 

2. 


Баланы аяп, оған ақша беремін. 

3. 


Баламен бірге анасына барып, туындаған жағдайды түсіндіру арқылы шешуге тырысуды 

қызға ұсынамын. 

4.  Полицияға  хабарласып,  бұндай  жағдайда  өзін  қалай  ұстау  керектігі  туралы  кеңес 

берулерін сұраймын. 

5. 

Өзімнің нұсқам. 



Таңдаған жауапты дәлелдеңіз. 

 

 



№17педагогикалық ахуал 

Сіздің  ата-анаңыз  пәтерге  жылдамдығыжоғарыинтернет  кіргізді  және  бұл  қызмет  үшін 

айсайын  5  мың  теңге  төлейді.  Бір  күні  Сіздің  зейнеткер  көршіңіз  Интернетке  кіру  нүктесіне 

қосылғысы келетінін айтып өтініш жасайды. Ол өзінің өтінішін балаларының басқа қалада тұрып 

жатқандығымен,  олармен  сөйлесіп  тұру  керектігімен  түсіндіреді.  Алайда  олар  айсайын    5  мың 

төлей алмайтынын айтады. 

Бұл жағдайда Сіздің әрекетіңіз: 

1. 


Зейнеткерлерге менің байланысымды ақысыз пайдалануына рұқсат беремін. 

2.

Егер  айына  бір  мың  теңгеден  беріп  тұрса  зейнеткерлерге  менің  байланысымды  ақысыз 



пайдалануына рұқсат беремін. 

3. 


Өтінішті орындай алмаймын. 

4. 


Өзімнің нұсқам. 

Таңдаған жауапты дәлелдеңіз. 



 

№18педагогикалық ахуал 

Үйде мынадай жағдай орын алады.Анасы баласына айтады: Таңғы астан кейін ыдыс-аяқты 

жуу міндетіңе өте-мөте жауапсыз қарайсың. Баласы былай деп жауап қайтарады: Сен әрқашан да 

ыдысты таңмен жумайсың. 

Анасы  айтпды:  Мен-мүлде  басқа.  Сенің  анаңда  онсыз  да  үй  шаруашылығында  жұмыстар 

көп.Сендей тентектерден кейін жинау оңай деп ойлайсың ба? 

Баласы қарсы уәж айтады: Мен тентек емеспін. 

1. 


Анасы ұлымен әңгіме барысында қандай жаңсақтық жіберді? 

2. 


Мұндай тәрбиенің салдары қандай болмақ?  

Таңдаған жауапты дәлелдеңіз. 

 

 

№19педагогикалық ахуал 



Автобуста  үлкен  сөңкесі  бар  қарт  әйелге  орын  бермегенің  үшін  жанжал  туындап  қалды. 

Жаңа  көшіп  келген  көршілеріңе  қнаққа  барған  кезде  қарт  әйел  сізің  көршіңіз  болып  шығады. 

Үстел үстінде сол ауыр сөмкедегі тамақтар тұрады. 

Бұл жағдайда Сіздің әрекетіңіз: 

1. 

өз әрекетіме кешірім сұраймын 



2. 

үйге кірмей кетіп қаламын. 

3.  

Өзімнің нұсқам. 



Таңдаған жауапты дәлелдеңіз. 

 

№20педагогикалық ахуал 

Маңызды  жаңа  сабақты  түсіндіріп  жатқан  кезде  мұғалім  ту  сыртынан  ұзаққа  созылған 

сықырды естіді. Оның кім екенін көріп мұғалім шешті … 

Жауа нұсқасын таңдаңыз: 

1.

Сабақ өткізуге кедергі келтірушіге жақындап, ескерту жасайды. 



2.

Дереу ата-аналарымен байланыс жасайды. 

3.

Күнделігіне ескерту жазады. 



4.

Шыдамдылық пен сабырлылық танытады. 

5. 

Өзіңнің нұсқаң. 



Таңдаған жауапты дәлелдеңіз. 

 

№21педагогикалық ахуал 

Сіз  бірінші  сынып  тәлімгерісіз.  Сіздің  сынып  оқушылары  төбелесті.Бұл  жағдайда  Сіздің 

әрекетіңіз: 

1. 


Ата-аналар жиналысын жасап, бұл мәселені көтеру. 

2. 


Сыныппен әңгімелесіп, мәселені бейбіт жолмен шешу. 

3. 


Психологты, инспекторды, сынып жетекшісін шақырып, мәселені анықтау. 

 4

Өзіңнің нұсқаң. 



Таңдаған жауапты дәлелдеңіз. 

 

№22педагогикалық ахуал 

Сіз бастауыш сынып жетекшісісіз. Үшінші сабақтан соң сіз балаларды асханаға апаруыңыз 

қажет.Барлық оқушылар екі екіден сап түзегенімен біреуі барудан бас тартты. 

Бұл жағдайда Сіздің әрекетіңіз: 

1. 

оқушыны басқа сынып бақылауында қалдырып кету. 



2. 

күш қолдану арқылы оқушыны барлығымен бірге апару. 

3. 

баланы бір өзін сыныпта жауып кету 



4.  

Өзіңнің нұсқаң. 

Таңдаған жауапты дәлелдеңіз. 

 

№23педагогикалық ахуал 

Әдебиет  пәнінің  жас  оқытушысы  8-ші  сыныпқа  кірген  кезде  өзінің  сәлемдемесіне  келесі 

жауапты естіді: «Құрмет көрсетемін!» деп айтқан Сергей оған серілік ишарат көрсетіп, бас иді.Бұл 

жағдайда Сіздің әрекетіңіз: 

 1.

Есіктің артына қойып: «Бар серуендеп қайт, өз әрекетіңді ойлан».  



2. 

Көңіл аудармай сабақты бастай беру. 

 3. 

Көңіл аудармау, бірақ сабақта тақтаға шығарып, қиын тапсырма беру. 



 4. 

Сәлемдемені  қабылдап:  «О,  әдебиет  табынушысы!  Маған  Сіздің  көмегіңіз  қажет  

(

дәптерлерді үлестіру, тақтаны дайындау, ТСО басқару және т.б.)».  



 5. 

Өзіңнің нұсқаң. 

Таңдаған жауапты дәлелдеңіз. 

 

№24педагогикалық ахуал 

Оқытушы үй жұмысын тексеріп жатқан кезде бір оқушы келіп : «Мен үй жұмысы дәптерімді 

үйде қалдырып кетіппін» деді. Мұғалім әрекеті: 

1. 


Тағы да ма? 

2. 


Меніңше, сенде ешқандай да жауапкершілік жоқ. 

3. 


Түсінемін, сен мұндай жағдайға әрқашан да түсіністікпен қарайсың. Келесіде жинақы бол. 

4.

Қандай салдарда сен ұмыт қалдырасың, соны ойлан. 



5.

Сіздің жауабыңыз нұсқасы. 

Жауапты дәлелде. 

 

№25педагогикалық ахуал 

Мұғалім  А.С.Грибоедовтың  шығармашылығы  бойынша  сабақ  күтпеген  жерден  қалай 

өткізілгені  туралы  басынан  өткен  жайтты  әңгімеледі.Ол  сабаққа  тиянақты  дайындалды.  Жақсы 

мультимедиялық  ілестірмеге  дайындалды.  Сыныпқа  кірген  кезде  сабақтың  шыңырау  алдында 

тұрғанын ұқты. Балалар да өте ашулы қалыпта болды. 

Бұл  жағдайға  қалай  ықпал  етуге  болады?  Мұндай  жағдайда  Сіз  не  істер  едіңіз?  Өз 

әрекетіңізді дәлелдеңіз. 

 

№26педагогикалық ахуал 

Киім  сататын  дүкенде  киім  ұрлаған  адамды  ұстаған  бұрынғы  сыныптасыңызды  күтпеген 

жерден кездестірдіңіз. 



Бұл жағдайда Сіздің әрекетіңіз: 

1. 


Танымаған кейіп танытасыз. 

2. 


Сыныптасыңызға жақындап оның әрекетін құптайсыз. 

3. 


Дүкен әкімшілігіне жақындап Сіздің сыныптасыңызды сыйлыққа ұсынуын сұрайсыз. 

4. 


Сіздің жауабыңыз нұсқасы. 

Жауапты дәлелде. 



 

№27педагогикалық ахуал 

Жаңажылдық таңертеңгілікте  Арсен басты рөлді ойнағысы келді. Алайда мейрамға үш күн 

қалғанда    Арсен  ауырып  қалып,  оны  орнына  тапсырмаларды  орындаудан  бас  тартатын,  ерке 

Санжар  деген  бала  ойнамақ  болды.  Санжар  рөлге  жақсы  дайындалды.  Мерекеге  дейін  бір  күн 

қалғанда Арсен  бала-бақшаға келіп  «А мен ше?» деп, өз ролін қайта сұрады. 

Мұндай жағдайда тәрбиеші қандай шешім қабылдайды? 

1.Санжарға рөлді береді. 

2.Арсенге рөл беруі тиіс. 

3.

Олардың екеуіне де ойнауға рұқсат беруі тиіс. 



4.

Рөлді топтағы үшінші балаға беру керек. 

5.

Рөлді сценарийден алу. 



Жауап нұсқасын дәлелдеңіз. 

 

№28педагогикалық ахуал 

Малика оқитын мектепте басқа балалар қымбат әдемі киімді киінді.Малика ескі көйлектерді 

киді.  Бір  күні  кешкісін  Малика  ата-аналарын  жолдары  болмайтындар,  сондықтан  өзін  бақытсыз 

сезінетінін жеткізді.Бұл жағдайға қалай ықпал етуге болады? Мұндай жағдайда Сіз не істер едіңіз? 

Өз әрекетіңізді дәлелдеңіз. 

 

 

№29педагогикалық ахуал 



Мақсаталыс ауылдағы көп отбасылы жанұяда тұрады. Ата-аналары оған 11 сыныпты бітіріп, 

орта білім туралы аттестат алуға жәрдемдесті. Отбасына жұмыс күші керек, сондықтан одан әрі 

оқу  туралы  сөз  болуы  да  мүмкін  емес.Алайда  Мақсат  оқуын  жалғастырып,  оқытушылық 

мамандығының дипломын алуды армандайды. 

Сіз оның арманы орындалуы үшін оған қандай кеңес берер едіңіз? Жауабыңызды дәлелдеңіз. 

 

№30педагогикалық ахуал 

Бесінші  сыныпқажаңадан  терең  сенетінмұсылман  отбасының  баласы  келді.  Оләдет 

бойыншамұғалімге  иіліп,  ілеспе  сөздермен  сәлемдеседі.  Балалароның  «оғаш  қылығына»  күледі. 

Бұл  жағдайға  Сіз  қалай  әрекет  етесіз  (қандай  әрекет  жасайсыз,  не  істейсіз,  не  айтасызжәнет.т.) 

және неліктен? 



 

№31педагогикалық ахуал 

Назеркенің ұяңдығы мен сенімсіздігін біліп мұғалім ескерту жасайды: 

Қазір сұаймын. Дайындал. Мынау тапсырма, сен оны өз бетіңмен шеше аласың. 



Ол қызға оның оқуы тиіс мәтіні жазылған карточка береді. 

Мұғалім қимылын бағалаңыз. 

Сіз бұл жағдайда не істер едіңіз? Жауапты дәлелдеңіз. 

 

№32педагогикалық ахуал 

Сізді  төменгі  сыныптарға  тәлімгер  қылып  тағайындады.  Өз  қарамағыңдағылармен  алғшқы 

кездесуді жоспарлаңыз. 

 

№33педагогикалық ахуал 

Сіз төменгі мектеп жасындағы балалармен циркке немесе кинотеатрдағы балалар сеансына 

бара  жатырсыз.  Мұндай  жағдайда  қандай  қиыдықтарға  жолығуыңыз  ммкін?  Болашақ  педагог 

ретінде өз әсеріңізбен бөлісіп,сипаттаңыз. 

 

№34педагогикалық ахуал 


Мына жағдайды есіңізге алыңыз: Супермаркетте келуші қалтасына бірдеңе тығып, ол үшін 

ақша төлегісі келмейді. Сіздің әрекетіңіз қандай? Ахуалды әңгімелеңіз. 



 

№35педагогикалық ахуал 

Оқушы  нашар  оқиды,  сабақта  еңбектенбейді,  оқытушының  ескертуі  мен  шақыруына 

келесідей  жауап  береді: «Мен  бәрібір  университетке  түспеймін,  заңгер  болмаймын,  менің 

ағайымның қалада таныстары көп».Мұндай жағдайда не істейсіз және неліктен? 



 

№36педагогикалық ахуал 

Бірінші сабақта оқушы партада жатып, ұйқылы-ояу отыр.Оқытушы одан сұрайды: «Саған не 

болған? Кеше нешеде жаттың?». Оқушы жауап береді: «мен таңғы үш-төрттерде жаттым. Есімде 

жоқ».  Оқытушы: «Немен  шұғылдандың?»  Оқушы: «Компьютерде  он-лайнда  ойын  ойнадым». 

Мұндай жағдайда не істейсіз және неліктен? 

 

№37педагогикалық ахуал 

Ұзартылған  топтан  баланы  алар  кезде  ата-аналары  оның  киімі  дас  деп  мұғалімді  сөгеді. 

Әрекетіңізді жоспарлаңыз. 

 

№38педагогикалық ахуал 

Сыныпта  бала  өте  белсенді.  Ол  тыныш  жасайтын  істермени  айналыса  алмайды,  сабақта 

ұшып-қонып,  шу  шығарады,  материалды  игермейді,  басқа  балаларға  кедергі  жасайды.  Мұндай 

жағдайда оқытушы не істеуі тиіс? 



 

№39педагогикалық ахуал 

Бала  бақшаның  ортаңғы  тобына  жақында  Сережа  (4  жаста)  келді.Бұған  дейін  ол  бала 

бақшада болмаған.  Ол  машинамен  ойнаған соң  оны  бөлменің  қақ ортасына  қалдырып  кетті.  Сіз 

бұл жағдайда не істер едіңіз? Сіздің бұл жағдайдағы жоспарыңыз бен ұсынысыңыз. 



 

№40педагогикалық ахуал 

Баланың  қабілеті  орташа,  алайда  отбасы  оны  вундеркинд  жасағысы  келеді.Оның  әр  күні 

минутымен  жоспарланған:  кешкісін  оны  гимназияға,  ағылшын  тілінің  курсына  апарады.бала 

бақшадаға күндізгі ұйқы кезінде спорт секциясына апарады. Үйде салмақты классикалық музыка 

тыңдауға мәжбүрлейді. Балаға ойнауға уақыт жоқ. Педагогтардың қарсылығына ата-ана балаға тек 

жақсылық ілейміз деді. Бұл жағдайда ата-анаға қандай кеңес берер едіңіз? 

 

№41педагогикалық ахуал 

Әжесі  немересін  бала  бақшада  серуенге  шығармау,  бассейнге  апармау  туралы  нығырлап 

айтты.  Себебі  салқын  тиіп  ауырып  қалуы  мүмкін.  Өйткені  тәрбиешілер  балалардың  қалай 

киінетініне дұрыс қарамайды деп дәлел ұсынды. Тәрбиешінің Сережа мектепте қалай өзі киінеді 

деген  сұраққа  әжесі  оны  бала  бақшада  да  мектепте  де  өзі  киіндіреді,  сол  үшін  жұмыстан 

шыққанын айтты.Сіз бұл баланың ата-анасымен, әжесімен жұмысты қалай ұйымдастырар едіңіз? 

Әрекетіңіздің жоспары қандай? 

 

№42педагогикалық ахуал 

Сізден  «Мұғалімдік  мамандықтың  келешегі    (мүмкіндігі)  қандай»  деген  тақырыпта  сұқбат 

алу туралы тапсырма берді. Мұғалімдерге арнап қандай сұрақтар берер едіңіз? 

 

 



 

№43педагогикалық ахуал 

Сіз екінші сынып жетекшісісіз. Сіз пәндік оқытушыға журналды толтырту үшін кабинетке 

кіресіз.  Сол  кезде  сіздің  алдыңызда  мұғалім  барлық  сыныпқа  тіл  тигізеді.Мұндай  жағдайда  не 

әрекет жасайсыз? 



 

№44педагогикалық ахуал 

Бесінші сынып ерте көктемде қала сыртындағы өзен жағасына серуенге шықты. Бір оқушы 

айқайлады  «балалар,  кәнеки,  суға  түсейік!»  және  барлығы  өзенге  бас  қойды.  Су  әлі  суық,  суға 

түсуге болмайтын еді. Оқытушы ретінде Сіздің әрекетіңіз? 

 

№45педагогикалық ахуал 

Сұраққа жауап берген кезде оқушы оқытушының бағасымен(үш) келіспеді, оны төмен баға 

деп  есептеп,    «төрт»  қоюды  талап  етті.  Жауап  шынымен  де  мардымсыз  болды,  алайда  оқушы 

мұны есепке алмады.Бқл жағдайда Сіздің әрекетіңіз? 



 

№46педагогикалық ахуал 

Сіз  жетінші  сыныптың  жас  сынып  жетекшісісіз.  Сізге  Аянаның  анасы  балалардың 

жетістігіне ықпал жасай алмайсыңыз айтты. Аяна бұрын оқыған мектепте оқу озаты болды, қазір 

оның сабағында төрттер пайда болды. Алайда қыз үйде көп әрі талпыныспен жұмыс жасайды. Сіз 

қыз анасымен әңгімені қалай өрбітесіз? 

 

№47педагогикалық ахуал 

Оқушылар  өздерінің  оқу  жетістіктеріне  қапалы,  мүмкіншіліктеріне  сенбейді,  материалды 

қалай  игеру,  түсінуді  білу  үшін  мұғалімге  айтады:  «Сіз  қалай  ойлайсыз  мен  тек  «өте  жқсыға» 

оқып, басқа балалардан қалыс қалмайтын кез бола ма?» Мұғалім бұған не деп жауап беру керек? 



 

№ 48педагогикалық ахуал 

Оқушы өзінің пәннен үлгермеушілігін ақтау үшін мұғалімге: «Сіз сабақ түсіндіре алмайсыз, 

мен  ешнәрсе  түсінбеймін,  сондықтан  білімім  жеткіліксіз  және  жаман  бағалар  аламын». 

Мұғалімнің жауабы қандай болу керек?   

1. «Мүмкін басқа сыныпқа ауысып, басқа мұғалімнен оқырсың?» 

2. «


Сен жәй оқығың келмейді». 

3. «


Сен сабақ барысында тиянақты тыңдамайтын шығарсың».  

4. «


Келешекте сенің пікірің өзгереді деген сенімдемін». 

5. 


«Мен саған қосымша сабақтар ұсына аламын». 

6. 


Өз нұсқаңызды ұсыныңыз. 

Таңдалған жауапты дәлелдеңіз. 

 

№49педагогикалық ахуал 

Мұғалім көтеріңкі көңіл күймен жаңа материалды түсіндіруге кірісті. Сыныпта тып-тыныш, 

оқушылар  мұғалім  толқынына  іліге  көңіл  қойып  сабақты  тыңдауда.  Бір  кезде  тыныштықты 

шыңғра  баланың  дауысы  бұзып  жібрді.  Мұғалім  жағдайдың  мән-жайын  білместен  оқушыға  

жоғары  тонда  ұрысса  жөнеледі.  Сөйтсе,  оған  көрші  отырған  бала  ине  тығып  алады.  Баалар  ары 

қарай не болады деп ден қоя күтіп отыр. 

Бұл жағдайда Сіздің әрекетіңіз және ұсынысыңыз. 

 

№50педагогикалық ахуал 

сыныпта шетел тілі сабағы өтуде.Мұғалім қолын көтерген оқушыға мәтінді оқы дейді. Бала 



кекештенеді,  мазаланған  сайын  кекештене  береді.  Кедергі  туындайды.  Сыныпта  бірі  күлсе,  бірі 

төмен қарайды. Бала қорыққанынан қиын сөзді айтқысы келеді, ары қарай оқуға тырысады. 

Мұндай  жағдайға  қалай  ықпал  жасауға  болады?  Сіз  мұндай  жағдайда  қалай  әрекет  жасар 

едіңіз? Өз әрекетіңізді  дәлелдеңіз. 

 

 



Әдебиеттер тізімі 

 

Негізгі әдебиеттер 

1.

 



Бондаревская  Е.  В.,  Кульневич  С.  В.  Педагогика:  гуманитариялық  теориялардағы  және 

тәрбие жүйелеріндегі жеке тұлға. – Дондағы Ростов: Мұғалім, 2005. – 560 б.  

2.

 

Джуринский А. Н.Педагогика тарихы. – М.: Флинта 2005. – 386 б. 



3.

 

Маленкова Л. И.Заманауи мектептегі тәрбие. – М., 1999. 



4.

 

Подласый И. П. Бастауыш мектеп педагогикасы. – М.: Владос, 2000– 400 б. 



5.

 

Рожков  М.  И.,  Байбородова  Л.  В.  Мектепте  тәрбиелеу  үрдісін  ұйымдастыру.  –  М.: 



ВЛАДОС, 2000. – 256 б. 

6.

 



Харламов  И.  Ф.  Педагогика:  Оқу  құралы.  –  4-басылым.,  өңд.және  толықт.  –  М.: 

Гардарики, 2000. – 519 б.  

7.

 

Абрамова А.С. Практикалық психология. – М., 1990. 



8.

 

Жарықбаев Қ.Б. Қазақпсихологиясыныңтарихы. – Алматы, 1996 



 

Қосымша әдебиеттер 

1.

 



Бондаревская  Е.  В.  Педагогикалық  мәдениет  қоғамдық  және  тұлғалық  құндылық// 

Педагогика. – М., 2003. - № 3. 

2.

 

Ждан А.Н. Психология тарихы. Ежелгі дүниеден қазірге дейін. М., 1997. 



3.

 

Алдамұратов Е. Жалпы психология. – Алматы, 1996. 



4.

 

Жарықбаев Қ. Жантанунегіздері /қайтаөңделген. – Алматы, 2004. 



 

 

 



Document Outline

  • Педагогикалық мамандықтарға түсуші талаптанушыларға арналған арнайы емтихан БАҒДАРЛАМАСЫ

Каталог: university -> library
library -> Жасаған: -ан. Е. Ю., Тіркеуші Офисі директоры
library -> Магистратура бөлімінің меңгерушісі м а. А. Б-п. Данияровамен жасалған және енгізілген
library -> Мақсатын дүниетанымдық әлеуетке, креативті ойлау қабілеттеріне ие, мамандығы
library -> ЖӘне енгізілген
university -> АЭжбу-дың 2014ж. қазан айындағы іс-шаралар жоспары № р/с Іс-шаралардың атауы
university -> Iii халықаралық ғылыми-практикалық конференция 10 желтоқсан 2015 ж
library -> Магистратура Кафедра Химия және биология
library -> Педагогика, өнер және тілдер факультеті

жүктеу 176.62 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет