Проблемалық сұрақтар: Конфискаттарды пайдалану реті Қарастырылатын сұрақтар



жүктеу 108.54 Kb.
бет1/11
Дата20.02.2022
өлшемі108.54 Kb.
#17416
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
№4 құс сою технологиясы

Дәріс: Құс сою технологиясы

Дәріс мақсаты: студенттерге құс сою алдында жүргізілетін шаралармен таныстыру және құс сою технологиясын меңгеру

Проблемалық сұрақтар: Конфискаттарды пайдалану реті

Қарастырылатын сұрақтар:

1 Сою орындарына қойылатын талаптар

2 Сояр алдында қарап тексеру

3 Құс сою технологиясы

Пайдаланылған әдебиеттер:

1 Жумагелдиев А.А., Ромашев Қ.М., С.Қырықбайұлы “Ветеринариялық санитариялық сараптау “ 2018ж.

2 Шуклин Н.Ф. “Экспертиза доброкачественности и радиационной безопасности продуктов. Их стандартизация и сертификация” 2016г.

3 С.Қырықбайұлы, Т.Телеуғали. Ветеринариялық санитариялық сараптау практикумы. 2017ж.

Ветеринариялық санитариялық сараптау

және гигиена кафедрасының

профессоры, в.ғ.к., А.А.Жумагелдиев

Құс өңдеу кәсіпорындары. Мұнда құсты сою және алғашқы өңдеу, шұжық, консерві, жұмыртқа ұнтағын шығарады. Соған сәйкес, құрылыста арнайы цехтар тұрғызылады. Құсты сою цехында құсты сою, оны алғашқы өңдеу жүргізіледі.

  • Құс өңдеу кәсіпорындары. Мұнда құсты сою және алғашқы өңдеу, шұжық, консерві, жұмыртқа ұнтағын шығарады. Соған сәйкес, құрылыста арнайы цехтар тұрғызылады. Құсты сою цехында құсты сою, оны алғашқы өңдеу жүргізіледі.
  • Құс өңдеу мекемелеріне қойылатын ветеринарлық санитариялық және техникалық талаптар. Жоғары сапалы ет өндіру үшін құс сою және мүшелеу кезінде ғана емес, сонымен қатар ет өндірісі кәсіпорындарын салу кезінде ветеринариялық санитариялық, тазалық, техникалық талаптарды қатаң орындау қажет. Ет өңдеу мекемелерінің ветеринариялық санитариялық жағдайына төмендегі факторлар әсерін тигізеді: мекемені салатын жерді таңдау, ғимараттардың орналасуы, сумен қамтамасыз ету, су құбырлары, цехтардың жабдығы, қауырсынның өңделуі, ғимараттың желдетілуі, олардың жарықталуы, құрал-жабдықтардың тотқа беріктігі және т.б. Ет өндірісі кәсіпорнын салатын жерді таңдау, оны жоспарлау және құрылыс жүргізу «Тамақ өнімдерін өндіру жөніндегі объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» сәйкес жүргізілуі қажет. Құрылыс алаңы құрғақ және иісті зиянды зат шығаратын өнеркәсіп орындарының жел жағына, ал елді мекеннің ық жағынан салынады. Жер асты суы 1,5-2 м төмен болуы қажет. Жер бедері елді мекеннен сыртқа қарай еңкіш болғаны дұрыс. Ет өңдеу мекемелері магистральды жолдардан, су көздерінен, елді мекеннен кем дегенде 200-500 м қашықтықта (санитариялық қоршау аймағы) орналасуға тиіс, бірақ құрылыс алаңына жақсы жолмен қатынасу мүмкіндігі қарастырылады. Санитариялық қоршау аймағы мал шаруашылығы шекарасынан 1000 м болуы қажет. Құрылысты ескі қорым, қоқыс орнына, мал қорымының үстіне салуға рұқсат етілмейді.
  • Кәсіпорын алаңдары көгалдандырылып, асфальт төселеді, сырты биіктігі 2 м қоршаумен қоршалады. Ет өңдеу кәсіпорынына кірер (шығар) жерге залалсыздандыру тосқауылы орналастырылады. Ет өңдеу кәсіпорындарындағы құрылыстар, цехтар технологиялық тізбек жүйесі бойынша орналастырылады.

жүктеу 108.54 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет