Президент



жүктеу 392.92 Kb.

бет3/4
Дата09.01.2017
өлшемі392.92 Kb.
1   2   3   4

ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ

№ 9 (166), 

мамыр, 2014 жыл

ТУДЕНТ

C

Киелі білім ордасы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде 

оқытушылар қауымы білім мен тәрбие деген ұғымдарды  қатар  қатаң түрде  

ұстанады. Бұның айқын  айғағы ретінде Студенттер үйінде өтетін түрлі 

тақырыптағы кездесулерді атап өтуге болады. Бесінші студенттер үйінде 

болған  дәстүрлі жиынның кезекті қонағы  филология ғылымдарының  докторы, 

профессор Серік Негимовпен кездесу өте мазмұнды, мағыналы өтті. Жастар 

көкейіндегі сауалдарын қойып, профессормен емін-еркін әңгімелесті. Алтын 

уақытын бөліп келген  профессор Серік Негимов жас өрендерге парасатты 

ойларымен  бөлісіп, өнегелі өмірінде кездесіп, таныс болған қазақтың  біртуар 

ақын-жазушылары  жайлы қызықты мәліметтерді баяндап берді.  Кездесу 

барысында көпшілігі филология факультетінен  болған студенттердің айызы 

қанып,  рухани білім нәрімен  сусындады. Осындай іс-шараладың жастар 

тәрбиесіне берері мол әрі ұлылардың ұлағатты сөзінен ғибрат алып, өмірдің  

даңғыл жолында  тұлға болып қалыптасуына үлкен рөл атқарары  сөзсіз.

 Гүлсезім ТЕМІРТАС,



Филфак, 1-курс 

Білімді де тәрбиелі ұрпақ - ел ертеңі

Қазақтың дархан даласы 

қандай кең болса, оның 

махаббатыда сондай шексіз. 

Ләйлі-Мәжнүн, Еңлік-Кебек, 

Қозы мен Баян, Төлеген мен 

Жібектің махаббаты осының 

бір дәлелі. Жастарымыз жаппай 

католиктердің Валентинін өзіне 

пір тұтып, 14-ақпанды мереке етіп 

тойлағандықтан Республикалық 

жастар қозғалысы ақылдаса келе 

2006 жылдың 15-сәуірін «Қозы 

мен Баян» ғашықтар мейрамы 

деп белгіледі. Расында да қазақи 

«Ғашықтар күнінің» болғанына 

қуанамын. Бірақ бұл мереке 

пәктік пен шынайы сезімнің, 

құрмет пен отбасылық тіректің 

мейрамы болса игі. Жалпы қазақ 

болмысына тән қасиеттермен 

тойланса деймін.  Ұлттық 

ділімізге, дінімізге, мәдениетімізге 

жат қылықтардан сақтанып, қазақ 

болып туған соң, мұсылман болып 

жүріп католиктердің мерекесін 

«Ғашықтар күні» етіп дүркіретіп 

атап өтуден аулақ болайық 

жастар!

Қазақ халқы ежелден тартып 



махаббат сезімін, оның нәзік 

қылын, пәк махаббатқа жету 

жолындағы жүректі тербетер 

сан қилы оқиғаларын мейлі

өз жұртында болсын, мейлі, 

өзге жұртта болсын, жырлап, 

ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырып 

отырған.  Халық аузында, оның 

өлең-жырлары мен ертегі-

эпостарында ежелден айтылып 

келе жатқан жеті ғашық сөзінің 

түп-төркіні Шығыс елдеріне аңыз, 

дастан болып тараған ғашықтық 

хикаялармен сабақтас. Бұл 



15 сәуір  – «Ғашықтар мерекесі»

фразеологизм қазақ ауылдарының 

Шығыс әдебиеті мен ежелден 

келе жатқан үрдісі үзілмеген 

байланысын аңғартатын тілдік 

дерек. Өзге де Шығыс шайырлары 

тәрізді қазақтың ақындары жеті 

ғашықты жырға қосып, дастан 

жасаған. Олардың тыңдаушылары 

жаттап, кейде жазып алып, 

елден-елге таратып отырған. 15 

сәуір – Ғашықтар күні қарсаңында 

тарихта қалған жеті ғашықты 

еске түсіре отырайық. Қазақтың 

жыршылары мен ақындарының 

шығармасында екі нұсқада 

кездесетін жеті ғашыққа мыналар 

жатады: а) Ләйлі–Мәжнүн, Жүсіп 

–Зылиқа, Фархад–Шырын, Таһир –

Зуһра, Арзу–Қамбар, Уәлік–Ғафра, 

Уәки–Күлшай; ә) Ләйлі–Мәжнүн, 

Жүсіп–Зылиқа, Фархад–Шырын, 

Баһрам–Күләнда, Сейпілмәлік 

–Жамал, Бозжігіт–Анула (кей 

нұсқаларда Қарашаш), Зияда– 

Хорлы (Хорлы–Ғайым).

Кей жыршылар шығыс 

халықтарымен қоса, қазақ 

жұртындағы Қозы Көрпеш–Баян 

сұлу, Еңлік–Кебек,  Сәлиха–Сәмен, 

Қыз Жібек–Төлеген, Қалқаман 

– Мамыр, Естай–Қорланды да 

жырлап жатады.

Гүлсезім Теміртас 

1-курс студенті

25 апреля 2014 года 

прошла презентация 

сборника стихов поэтессы, 

к.ф.н., доцента кафедры 

практического казахского 

языка С.А. Камаевой «Оңаша 

оймен сырласқанда». 

Вступительной речью открыл 

мероприятие заведующий 

кафедрой практического 

казахского языка К.С. 

Кулманов. Приветственными 

словами выступили 

деканы филологического и 

экономического факультетов 

Ш.К. Жаркынбекова и С. 

Макыш.


 С участием студенческой 

молодежи была представлена 

постановка «Алғашқы өлең», 

где говорилось о жизненном 

пути С.А. Камаевой. 

Презентация сборника стихов

Постановка композиции 

стихов «Сүйдім сені», «Өлең 

- өмір» из сборника произвела 

особое впечатление на 

зрителей.

 В рамке вечера были спеты 

песни, написанные на стихи 

С.А. Камаевой «Өскеменім, 

өскен елім», «Есіңде ме», 

«Астана», «Қазақстан-

мекенім» и т.д. После этого 

на сцену вышла Саруар 

Аплашовна и читала свои 

стихотворения на тему родной 

край, жизнь.

В качестве гостей в 

мероприятии приняли участие 

обладатель премии «Алаш», 

член Союза писателей РК, 

поэт С. Тургынбекулы, дочь 

казахского известного поэта 

Толегена Айбергенова Айнар 

Толегенкызы, член Союза 

композиторов, председатель 

Общества творческих женщин 

РК Айсулу Тани, редактор 

издательства «Фолиант» 

К. Курмансейт, профессора 

Казахского экономического 

университета финансовой 

и международной торговли 

и Казахского университета 

технологии и бизнеса г. 

Астана. Они выразили свои 

чистосердечные поздравления, 

а ведущий специалист 

Управления образования 

г.Астана А. Амангелдыкызы 

и методист К. Баяхметбаева 

вручили диплом. В конце 

вечера официально резали 

ленту сборника стихов и 

сфотографировались на 

память.


9

ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ

№ 9 (166), 

мамыр, 2014 жыл

ТЕРРИТОРИЯСЫ

Мәңгілік  Ел  жастардың қолында

Тәуелсіздікке  қол жет-

кізген сәттен бастап, өз елін 

жарқын болашаққа бастап 

келе жатқан Нұрсұлтан 

Әбішұлы Назарбаев сын-

ды басшымызбен Қазақ 

елі - аз уақыт ішінде та-

рихта болмаған көптеген 

жетістіктерге қол жеткізгені 

сөзсіз.  Ендігі алға қойылған 

үлкен мақсат, экономикасы 

дамыған, бәсекеге қабілетті 

30 елдің қатарынан көріну. 

Ал «Мәңгілік Ел» жобасы 

осыны жүзеге асыратын ұлы 

бастама. 

Осы жылдың 17 

қаңтарындағы Елба-

сы Нұрсұлтан  

Әбішұлы 

Назарбаевтың Қазақстан 

халқына арналған Жолда-

уы  еліміздің 2050 жылға 

дейінгі дамуының жаңа саяси 

бағыт-бағдарын  айқындап 

берді.  «Мәңгілік  Ел»  жо-

басы,  ел  тарихындағы  біз 

аяқ  басатын  жаңа  дәуірдің 

кемел  келбеті.  Стратегияны 

мүлтіксіз  орындау,  емтихан-

нан мүдірмей өту – ортақ па-

рыз,  абыройлы  міндет!   деп 

атап өтті Елбасы өз Жолда-

уында.

Елбасы 


Жолдауында 

еліміздің 

экономикасын, 

шағын  бизнесті,  әлеуметтік 

саланы  дамыту,  Қазақстан 

ғылымының 

әлеуетін 

арттыру, 

ұлттық 

білім 


берудің  сапасын  жақсарту, 

инфроқұрылымдық 

үш 

тағанның  қарқынды  дамуы 



бұдан  өзге  де   маңызды 

мәселелер сөз етілді. 

«Тәуелсіздікке қол жет-

кізгеннен  гөрі,  оны  ұстап 

тұру    әлдеқайда  қиын.  Бұл 

-  әлем  кеңістігіндегі  ғұмыр 

кешкен    талай  халықтың  ба-

сынан өткен тарихи шындық. 

Өзара  алауыздық  пен  жан-

жаққа  тартқан  берекесіздік 

талай 

елдің 


тағдырын 

құрдымға жіберген. Тіршілік 

тезіне төтеп бере алмай жер 

бетінен ұлт ретінде жойылып 

кеткен  елдер  қаншама.  Біз 

өзгенің қателігінен, өткеннің 

тағылымынан  сабақ  ала 

білуге тиіспіз.  Ол сабақтың 

түйіні біреу ғана – Мәңгілік 

Ел біздің өз қолымызда». Ел-

басы  Жолдауында  айтылған 

осы бір сөздер  әрбір саналы 

азаматтың  жанын  тербері 

сөзсіз.  Сондықтан да қазіргі 

таңда  осы  стратегияны 

жүзеге  асыру  үшін  алғашқы 

қадамдар жасалып та кетті.

Қазақстанның  жарқын 

болашағы  алғыр  да,  білімді 

жастардың  қолында  демек-

ші, «Мәңгілік  Ел»   жоба-

сын  талқылауда  Еуразия 

ұлттық университетінің сту-

денттері  де  қалыс  қалмай, 

көптеген  іс-шараларға бел-

сене қатысуда.  Атап айтсақ, 

олардың ішінде «Қазақстан 

– 2050: білім, ғылым, патри-

отизм» атты республикалық 

жас  ғалымдардың  ғылыми-

практикалық  конференци-

ясы, «Бәсекеге  қабілетті 

қоғам  тірегі – Ұстаз: 

«Мәңгілік Ел» – ұрпақтың 

мәңгілік  болашағы»  атты 

республикалық 

ғылыми-

тәжірибелік конференциясы, 



«Қазақстанның 30 дамыған 

мемлекеттің  қатарына  кіруі: 

алғышарттары мен перспек-

тивалары»  тақырыбындағы 

республикалық 

ғылыми-


тәжірибелік  конференция-

сы, «Қазақстан және әлемдік 

тарих  кеңістігі: «Мәңгілік 

Ел»  ұлттық  идея  арқылы 

көрінісі»  атты халықаралық 

ғылыми-тәжірибелік  кон-

ференциясы, «Мәңгілік 

Ел»  идеясын  қолдау  ак-

циясы және басқа да іс-

шараларды ерекше атап 

өткен жөн. Осының  бәрін 

біріктіретін  ортақ  мақсат - 

«Қазақстан-2050»  Страте-

гиясын  бірігіп  жүзеге  асыру 

және  Елбасының «Мәңгілік 

Ел» идеясын қолдау.

Еліміз үшін маңызы зор 

осы жобаны жүзеге асыруда 

«Әлеуметтік педагогика 

және өзін-өзі тану» 

кафедрасы да өз үлестерін 

қосуда. Кафедра ішінде 

психология мамандығының 

1 курс студенттерімен 

«Қазақстан-2050»: Ұлт-

тық идея -- «Мәңгілік 

Ел» стратегиясына 

сәйкес тұлға тәрбиелеу, 

қалыптастыру жүйесіндегі 

заманауи 

бағыттарын  

талқылау ретінде дөңгелек 

үстел өткізілді. Жобаның 

мақсаты мен бағыттары 

таныстырылып, әлеуметтік 

және гуманитарлық 

ғылымдардың өзек-

ті мәселелері тал-

қыланды.  Студенттер 

өздерінің 

алғырлығын,  

жаңашылдығын

 

көрсете 


отырып, Қазақстанның 

болашағы – қазақ тілінде 

екендігін ерекше атап 

өтті. 


  Себебі,  «

мәңгілік» 

сөзінің түп-тамыры 

бабалардан мирас болып 

келе жатқан мәңгі өлмейтін 

асыл қазынамыздың бірі 

- ана   тілімізбен де тығыз 

байланысты. Олай болса, 

 

мәңгілік елдің онымен 



қатар жасап, бірге дамитын 

мәңгілік тілі болуы да шарт. 

Ол - мемлекеттік тіл – қазақ 

тілі. 


Топ жетекшіміз, 

психология ғылымдарының 

кандидаты Алмагүл 

Рамазанқызы осы және 

тағы да басқа өзекті 

мәселелерді қамтып, іс-

шарамызды  Елбасымыздың  

сөзімен 


қорытындылады:  

«Мәңгілік Ел» – жастардың  

қолыңда. Әрине, ол үшін 

өзімізді үнемі қамшылап, 

ұдайы алға ұмтылуымыз 

керек. Байлығымыз да, 

бақытымыз да болған 

мәңгілік тәуелсіздігімізді 

көздің қарашығындай 

сақтай білімуіз керек. 

«Қазақстан-2050» «Мәң-

гілік Елге» бастайтын ең 

мәртебелі, ең абыройлы жол. 

Осы жолдан айнымайық. Әр 

күніміз мерекелі, әр күніміз 

берекелі болсын! Дамуымыз 

жедел, келешегіміз кемел 

болсын.  Жарқын іспен бүкіл 

елді таң қылып, жасай берсін 

Елдігіміз Мәңгілік!» - деген 

сөздер жадымызда сақталып 

қалды.


Назерке САДЕМБАЙ,

Психология 

мамандығының  

1 курс студенті

Адамдыққа бастайтын төрт мінез немесе

«Ұстаз» тұтар ағаның әңгімесі

Жалпы, адам қандай болу керек?  

Осы сұрақтың төңірегінде бір 

таныс ағамыз  көп әңгіме қозғайды. 

Өзінің ой-өрісі кең, пайым-парасаты 

жоғары, білімді азамат.  Жаңа 

жылдың алдында ағамыз үйіне 

қонаққа шақырып, бізге «ақыл-

қалтасынан» тағы да көп нәрсе 

ақтарды. Сондағы көңілімде берік 

сақталып қалғаны екі нәрсе болатын. 

Тыңдағанымды, есімде қалғанын 

шама-шарқымша тарқатып айтуды 

жөн көрдім.

Бірінші, уақытты тиімді 

пайдалану жайында. Айтарын 

тікелей бізге қойған сауалмен 

бастады. «Университетте оқып жүр   

ген жарты жылдарыңыз ішінде не 

үйрендіңіздер, не түйдіңіздер?» - 

деді ол. Ойланып кеттім. Шынында 

да жоғары оқу орнындағы 

уақытымыздың төрттен бір бөлігін 

көзді ашып-жұмғанша өткізіп 

алыппыз-ау. Не үйрендік?  Жауап 

қату қиындық туғызды. Ол өзіміздің 

бос жүрісімізден деп түсіндім. 

Уақытпен қатар жүретін кеңістік 

ұғымы бар. Бұрындары кеңістік тар

уақыт көп болған екен. Айналадағы 

ашылмаған жаңалықтардың, 

жұрт игермеген дүниелердің 

көптігінен. Қазір – жаһандану 

дәуірі, ақпараттық технология тым 

жедел дамыған кезең. Тындырарлық 

тірлік көп. Сәйкесінше, бүгінгі 

таңда кеңістік үлкен, уақыт аз, 

жеткіліксіз. Міне, алтын уақыттың 

қадірін білу  мәселесі осы жерде 

туындайды. Ағамыз мұны санамызға 

судай етіп сіңіріп берді. Алдағы 

уақытта әр секундымның қымбат 

екендігін, әсіресе мен оқып жүрген 

журналистика мамандығының қыры 

мен сырын, жан-жақтылығын игеру 

үшін бар болғаны төрт жылдың өте 

маңызды екенін түсіндім. Уақыт... 

Бағалай білсең ғана сенің игілігіңе 

жарайды.

Екінші, адамның қандай болмақ 

мәселесі. Айналасына сыйлы, өз 

қоғамына құрметті атану үшін нендей 

мінез-құлық, әдет дағды керектігі 

жайында. Төрт мінез айтылды: 

жақындық, жеңілдік, жұмсақтық, 

иілгіштік яки кішіпейілдік. Негізінен 

бұл біздің қазақшаға аударған түріміз. 

Орысша «Близкий, легкий, мягкий, 

гибкий». Қағида іспеттес төрт мінез.

Біріншісі: Жақындық. Яғни 

айналаңдағы жандарға неғұрлым 

жақын болу, етене араласу. 

«Адамның күні адаммен» қай кезде 

де. Осы қағиданы әрбір пенде түсіне 

білсе қоғамда жақсылық көбейер 

еді.  Ислам ойшылы Фетхуллах 

Гүленнің « Адамның адамгершілігі 

мен кеңпейілділігі достары мен 

туыстарына деген жақындығына 

және осы жақындықтың баянды 

болуына байланысты»  дегені де 

біздің ойымызға сай келеді.

Екінші: Жеңілдік. Өзіңді жеңіл 

ұстау, жеңіл жүру. Теріс түсініп 

қалмаңыз. Біз айтып отырған 

«жеңілдік»кез келген қиындықтан, 

тығырықтан оңай, тиімді жол 

тауып шыға білу. Басқаларға 

залал келтірмейтіндей амал табу. 

Адамдардың көбінде бір әдет бар. 

Проблема туындай қалса «Аспан 

айналып жерге түсердей» күйгелек 

күйге түседі. Әрбір басқа түскен 

түйінді мәселенің шешімі де бірге 

берілетінін естен шығарып алады. 

Нәтижесінде басқа бір адам зиян 

шегуі мүмкін. 

Үшінші: Жұмсақтық.  Барынша 

жұмсақ мінез таныту. Ешқандай 

жағдайда ашуға бой алдырмай

ақылға жеңдіру. Ашуланғыш болған 

сайын ісің оңға баспайды, кері кетеді. 

Шәкәрім Құдайбердіұлының «Кө-

ңілі жұмсақ адамның – күрмеуін  Алла 

шешеді» деуі бекер емес. Жұмсақ 

сөйлеп, жылы қабақ танытқандардың 

айналасына адам үйірсек келеді, 

жолдастары да көбейеді. Мінезі 

жұмсақтар әруақытта кешірімді, 

байсалды, сабырлы. Мұхаммед (с.ғ.с.) 

Пайғамбар туралы көп кітаптарда 

да оның жұмсақ мінезді, кешірімді 

болғандығы туралы жазылады. 

Ол өзіне жасалған қастандықтар 

үшін кек алуды көздемеген. 

Өйткені қаттылыққа қарағанда 

жұмсақтықтың, шыдамдылықтың 

ана ғұрлым артық екендігін білген.  

Қазақтың «Алмас қанжарды 

жұмсақ қайраққа қайрайды» деген 

даналық нақылында терең астар бар. 

Жұмсақтық – адам бойындағы асыл 

мінездердің бірі.

Төртінші: Иілгіштік, яғни 

кіші 

пейілділік. Осы орайда тағы 



терең данагөй Фетхуллах Гүленнің 

пікіріне бөгелеміз: «Өзі өмір сүрген 

қоғамда қадір-қасиеті білінбегендер 

табиғаттарындағы 

кіші пейілділік 

арқылы ерте ме, кеш пе биік абыройға 

ие болады. Ал тәкаппарлық ауруына 

щалдыққандар уақыт өте келе қоғам 

тарапынан бөгде элемент ретінде 

өзінен-өзі ұмытылып, елеусіз қалады. 

Кішіпейілділік бүкіл игі мінездердің 

кілті іспетті.»  Бұдан түйсінетініміз – 

барлық көркем мінез жұмсақтықтан, 

кішіпейілділіктен бастау алады. 

Кішіпейіл бола алған адам басқа да 

жақсы мінездерге қол жеткізеді. 

Бұл сияқты, бұдан басқа да ізгі 

қасиеттер адамдықтың жоғарғы шегі 

– парасаттылыққа жетелейді, кемел 

адамдыққа апарады.

Осы мақаланың тақырыбына 

«Ұстаз» тұтар ағаның» әңгімесі 

деген тіркесті қосуымыздың себебіне 

тоқталсақ: Меніңше, ұстаздық – 

тек мектепте, жоғарғы, арнайы 

оқу орындарында немесе басқа да 

жерлерде сабақ үйрету  ғана емес 

сияқты. Сонымен қатар ұстаздық 

үлкендікпен, жас ерекшелігімен 

өлшенбейді. Сен кімнің сөзін, 

істеген ісін, көзқарасын үлгі етсең, ол 

ұстаз іспетті. Сол арқылы үйренесің, 

білесің. Жаңағы көркем мінезділік, 

адамдық хақында сөз қозғаған 

ағамыздың кей-кейде өзі араласатын 

дос-жарандарын жинап, кітаптан, 

өмірден түйгенін бізбен бөлісуі – 

ұстаздыққа пара-пар десек жарасады.

Кез келген адам ұстаз бола 

алады.   Бірақ бойынан жұрт үйренуге 

тұрарлықтай қасиет, сөзінен көңілге 

қонарлықтай тағылым табылуы 

тиіс. Бойын жамандықтан аулақ 

ұстаса адамның қолынан ол келеді. 

Жаман адамнан да үйрене аласыз. 

Алайда, жүрегіңізде, танымыңызда 

сүзгі болмаса, «Жақсыдан үйреніп, 

жаманнан жирене» білмесеңіз, 

теріс мінезден артық ештеңе ала 

алмайтыныңыз хақ. 



Абай ТЛЕНШИЕВ. 

Журфак, І курс студенті

10

ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ

№ 9 (166), 

мамыр, 2014 жыл

 ЕНУ  ИНФОРМ

Руководством  ГУ 

Комплекса «Детский 

сад – школа - гимназия» 

№46 г. Астана в лице 

директора Байзулда Г.Ж. и 

заместителя директора по 

профильному обучению 

Рахмедьяновой У.А. был 

организован семинар для 

учителей иностранных 

языков «Полиязычие как 

один из ведущих факторов 

развития глобализации». 

Учителя школы Жук 

И.Н., Оспанова А.С., 

Хомутова В.И. делились 

практическим опытом 

по современным мето-

дам преподавания ино-

странных языков. Мастер 

ПОЛИЯЗЫЧИЕ КАК ОДИН ИЗ ОСНОВОПОЛАГАЮЩИХ 

АСПЕКТОВ РАЗВИТИЯ ОБРАЗОВАНИЯ

класс от координатора 

DSD-школ по г.Астана 

Т. Унтерберг  наглядно 

продемонстрировал гар-

моничную интеграцию на 

одном занятии нескольких 

иностранных языков. 

 

Школьниками были 



представлены научно-

исследовательские про-

екты  на казахском, 

русском, английском и 

немецком языках. В рамках 

тесного сотрудничества 

с филологическим 

факультетом Евразийского 

Национального Уни-

верситета им. Л.Н. 

Гумилева были приглашены 

выступить с докладами и 

поделиться своим опытом 

к.п.н., доцент кафедры 

иностранных 

языков  


Устелимова Н.А. и к.п.н., 

доцент кафедры теории 

и практики иностранных 

языков Ниязова А.Е. 

Методист управления 

образования Куканова 

Н.А., директора, завучи 

и учителя  школ города, 

а также студенты и 

магистранты ЕНУ им. 

Л.Н. Гумилева отметили 

значимость данных 

семинаров и актуальность 

рассматриваемого воп-

роса. По результатам 

работы можно сказать, 

что данный семинар 

внес значимый вклад в 

вопрос развития языков, 

показав важнейшую 

стратегическую задачу 

образования  - сохраняя 

лучшие казахстанские 

образовательные тра-

диции, подготовить 

выпускников школ, 

владеющих высоко ква-

лификационными ка-

чес  т вами, 

которые 


соответствуют меж-

дународным стан-

дартам, развить их 

лингвистическое сознание, 

в основе которого - овла-

дение государственным, 

родным и иностранными 

языками.


Н.А. УСТЕЛИМОВА

Недавно  в Евразийском национальном университете  им. 

Л.Н.Гумилева  проводились учения по гражданской обороне  и 

чрезвычайным ситуациям. 

Целями данной тренировки являются:

обучение персонала умению идентифицировать исходное 

событие, как возможное возникновение чрезвычайной ситуации. 

Проверка готовности студентов и персонала к эвакуации и 

проведению работ по тушению пожара;

поддержание на современном уровне профессиональной 

и психофизиологической готовности студентов и персонала, 

необходимой для осуществления действий по устранению 

нарушений в работе, связанных с пожарами, а также по эвакуации 

людей, предотвращению развития пожара, его локализации и 

ликвидации;

обучение навыкам и действиям по предотвращению 

возможных аварий и повреждений оборудования вследствие 

воздействия опасных факторов пожара, обучение правилам 

оказания доврачебной помощи пострадавшим на пожаре, 

правилам пользования индивидуальными средствами защиты;

обучение порядку и правилам взаимодействия персонала 

объекта с подразделениями Государственной противопожарной 

службы (ГПС) и медицинским персоналом;

выработка у персонала навыков и способности 

самостоятельно, быстро и безошибочно ориентироваться в 

ситуации при возникновении угрозы пожара или самого пожара, 

определять решающее направление действий и принимать 

правильные меры по предупреждению или ликвидации пожара;

отработка организации немедленного вызова подразделений 

ГПС и последующих действий при срабатывании установок 

автоматической противопожарной защиты, обнаружении 

задымления или пожара;

обучение приемам и способам спасения и эвакуации людей 

и материальных ценностей;

проверка результатов обучения студентов и персонала по 

вопросам пожарной безопасности;

проверка умения руководителя тушения пожара четко 

координировать действия участников ликвидации возможного 

(условного) пожара до прибытия подразделения ГПС.

На подготовительном этапе  учения были проведены 

следующие мероприятия:

доведение указаний по разработке документов по 

проведению учений (тренировки) до сведения заместителей 

начальника ГО;

доведение плана подготовки и проведения учений 

(тренировки), а также методических материалов до сведения 

сотрудников;

доведение плана подготовки и проведения учений 

(тренировки), а также обязанностей (проведение совещания) до 

сведения посредников;

проведение дополнительного инструктажа с сотрудниками, 

отвечающими за состояние систем автоматической 

противопожарной защиты объекта, первичных средств 

пожаротушения и путей эвакуации;

проверка состояния средств автоматической 

противопожарной защиты объекта, первичных средств 

пожаротушения и путей эвакуации;

готовности сотрудников и объекта к проведению учений 

(тренировки).



1   2   3   4


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал