Президент



жүктеу 392.92 Kb.
Pdf просмотр
бет2/4
Дата09.01.2017
өлшемі392.92 Kb.
1   2   3   4

Бақыт  АЛТЫНБАСОВ

Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы

кафедрасының  доценті, заң ғылымдарының кандидаты

4

ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ

№ 9 (166), 

мамыр, 2014 жыл

ЖОЛДАУҒА ҚОЛДАУ

Мың жаса, тәуелсіз Қазақ Елі!

«Патшалар» ойыны

Армандардың биігі – Тәуелсіздік! Аллаға 

шүкір, орындалмас арман болмайды екен. 

Тәңірдің жазуымен тарихтан да қазіргі 

жаһанданып жанданып жатқан ғаламнан 

да ойып тұрып орын алған біз – Қазақстан. 

Нақтырақ айтайық, Қазақ Елі, Қазақия. 

Атырау мен Алтай, Алатау мен Арқаның 

бәрі біздікі. Ұлтымның ұлан-ғайыр жердегі 

ұлылардың бірі екеніне тәуелсіздік алғаннан 

кейін әлемнің бар елінің көзі жетті. Осыдан 

он жеті жыл бұрын «Қазақстан – 2030» 

Стратегиясы қабылданған болатын. Сол 

кезеңде бұл стратегия қарапайым халық түгілі 

мемлекет басшыларына да қол жетпес биік-

тердей көрінді. Алайда, «көз – қорқақ, қол 

- батыр». Ұстанған саясатымыз бен нақтылы 

жоспарларымыздың арқасы Қазақ Елінің қай 

қырынан болса да дамып жетілуіне себеп-

ші болды.  Жемісті стратегиямыздан мысал 

келтірер болсақ: стратегия қабылданғаннан 

кейінгі жылдан бастап 15 жыл ішінде ұлттық 

экономикамыздың көлемі 1,7 триллионнан 

28 триллионға көтерілді. Ішкі жалпы өніміміз 

16 есеге өскен деген сөз. Бірақ біз осымен 

ғана шектелмедік. Бұл табыс - тек қана эконо-

микамыздан кішігірім көрсеткіш.

Жаңа саясатымыз жаһандану 

құбылысына сай келгендей. Қарымды жұмыс 

арқасы «Қазақстан – 2030» Стратегиясының 

одан әрі толықтырылып, жандандыры-

луына себеп болды. Алпауыттар алама-

нында өзінің тапқырлығымен, дәлдігімен, 

тәуекелшілдігімен шыңдалған Қазақ Елінің 

ендігі мақсаты – ғаламның жайын ескере 

отырып, ұтымды жолдар арқылы тағы бір 

стратегия құру болатын. Оған жетелеген 

«Мәңгілік ел» болуға деген ұмтылыс. Қазіргі 

заман қамсыз адамдардың заманы емес. 

Заманның талабына Қазақ Елінің жауабы 

– «Қазақстан - 2050» Стратегиясы болды. 

Тағы да нақтылай түссем «Қазақия - 2050». 

Стратегия мазмұнына келер болсақ: бірін-

шіден, қуатты да табысты мемлекет құру. 

Екіншіден, демократияландыру процесі – 

басқару саясатының одан әрі жетілдірілуі. 

Үшіншіден, Түрлі әлеуметтік, этностық, 

діни топтардың келісімі мен татулығы. Біз 

көпұлтты мемлекет болғандықтан келісім 

мен татулық басты нысанда болуға тиіс. 

Төртіншіден, ұлттық экономикамыздың 

өсімі. Бесіншіден, қоғамдық тұрақтылықты 

қамтамасыз ететін мықты әлеуметтік саясат. 

Алтыншыдан, Қазақ Елінің әлемдегі орны. 

Жетіншіден, ядролық қаруды таратпау ре-

жимі және де соңғысы – «Қазақстан - 2030» 

Стратегиясының жалғасы. Яғни әлеуметтік 

саясаттың жаңа принциптері, білім беру, 

денсаулық сақтау, мемлекеттілікті одан әрі 

дамыту, мықты сыртқы саясат пен патрио-

тизм.  Әрине үлкен мақсаттардың алдында 

үлкен кедергілер де тұруы мүмкін. Бірақ та 

біз, тәуелсіз Қазақ Елінің ұрпағы, сан ғасыр 

сұрақтардың үстіне түсіп, талай мәрте сын 

сағатта саналы қадамдар жасай білген елміз. 

Және де біздің елде тәуелсіз Қазақ Елінің 

жаңа буыны қалыптасып та үлгерді. Демек, 

біздің үрейленуімзге ешқандай да себеп жоқ. 

Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев өз Жолдауын-

да: Елдің жаңа елордасы - Астананы салдық. 

Бұл заманауи қала біздің  бойтұмарымыз 

бен мақтанышымызға  айналды. Біз еліміздің 

мүмкіндігін әлемге көрсету үшін оның 

әлеуетін пайдалана алдық. Дәл сол себептен 

де халықаралық қауымдастық   Қазақстанды 

ЭКСПО - 2017 Халықаралық көрмесін өткізу 

орны ретінде таңдады.  Егер Астана болма-

са, бұл да болмас еді.   Мұндай құрмет кез 

келгеннің еншісіне тие бермейді. Біздің еліміз  

кеңестен кейінгі кезеңдегі күллі кеңістікте   

ЕҚЫҰ-ға төрағалық еткен, осы Ұйымның 

Саммитін өткізген және ғаламдық ауқымдағы 

іс-шара - ЭКСПО-2017-ні өзінде өткізетін 

бірінші ел екенін   айтсақ та жеткілікті деп 

еді. Осы арқылы біз Астананың ел өміріндегі 

рөлін нақты танып алдық. Біз де Астананың 

тұрғынымыз, біз де Астанадан түлеп ұшатын 

түлектерміз. Біз Астананың бізге берген 

мүмкіншілігі мен нәрін бойымызға сіңіре от-

ырып, жетіліп келе жатқан тәуелсіз елдің жаңа 

бір буынымыз. Астана – тәуелсіздігіміз бен 

саясатымыздың жемісі. Ол жемісті біз көзбен 

де көріп жүрміз, қолмен де ұстап жүрміз. 

Ендеше бірлігі берік елдің алатын асуы мол 

болғай! Көзіміздің қарашығы, ұлтымыздың 

бар асылы Мың жаса, тәуелсіз Қазақ Елі!



Мұстафа ШОҚАЙ

ЕҰУ студенті

Университетімізде «Гроссмейстер Динара 

Сәдуақасованың кубогы» үшін жылдам шахмат 

бойынша турнир өтті. Шараны Л.Н. Гумилев атындағы 

Еуразия ұлттық университеті және Динара Сәдуақасова 

ұйымдастырды.

Аталған турнирде ЕҰУ студенттері шахмат кубогын 

сарапқа салса, дәл сол уақытта Динара оқу орнының 

оқытушыларымен тәж таластырып жатты. Студенттердің 

арасында болған бәсекеге  жиырмадан астам студент 

қатысты. Жарыс шахматтың жылдам түрінен 

болғандықтан әдеттегіден қарағанда жылдамырақ 

ойналды. Бұл жарысқа қатысушыларды тезірек ойлануға 

итермеледі. Нәтижесінде үздік ойыншы атағына 

К.Ольга ие болса, жүлделі І орынды А.Бегман, ІІ орынды 

А.Абай және ІІІ орынды С.Мирболат жеңіп алды. 

Жарыс соңында шахматшылар бағалы сыйлықтармен 

марапатталып, жеңімпазға кубок табысталды.

Ал  Динарамен ойнаған оннан астам оқытушылардың 

арасынан тек бір ғана Асқар Нұрбек қарсыласынан 

басым түсті. Сондай ақ, Гроссмейстер қызымыз І орын 

2020 жылы Қазақстан жемқорлық көрсеткіштері ең төмен 60 мемлекеттің құрамына енуі тиіс. Бұл халықаралық 

сарапшылардың жасаған мәлімдемесі. «Орамал тон болмайды...» дегенге саятын бұл дерт жайында осыдан мыңдаған жылдар 

бұрын Библияда да жазылған-мыс. Одан бері 2000 жыл өтіп, заман өзгеріп, әлем дамуы ілгерілесе де, пара берушілер мен 

алушылар қатары көбеймесе,  азайған емес

Жемқорлық бұл - індет. Себебі жемқорлық - мемлекетіміздің беделіне, демократиясына, ұлттық қауіпсіздігіне, 

экономикалық дамуына, адам құқықтарының сақталуына үлкен қауіп төндіреді. 

Алайда, бұл емі бар дерт. Сыбайлас жемқорлықтың деңгейін айтарлықтай төмендетіп, заңсыз ақша айналымын тоқтатуға 

бағытталған іс-қимылдардың арқасында елеулі табыстарға қол жеткізген Сингапур, Гонконг, Швеция мемлекеттері дәлелдеді. 

Бұл мысалдар «дертті» емдеуге болатынын, сыбайлас жемқорлықпен күрес тәсілдерінің бар екендігі және принципті әр 

жүйелі сипатқа ие болған жағдайда, олардың айтарлықтай тиімді болатынын дәлелдей алды. 

Осыған сәйкес, қазіргі таңда елімізде барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар өз құзыреттері шегінде 

сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуге міндетті.

Өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын анықтау, алдын-алу және оны жасаған кінәлі тұлғаларды 

жауапкершілікке тарту прокуратура, ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер, салық, кеден және шекаралық қызмет, қаржы және әскери 

полициясы органдарымен жүзеге асырылады.

Күнделікті жүктелген міндеттерді, мемлекеттік бақылау функцияларын жүзеге асыру кезінде, тексерілу объектісі немесе 

тексерушінің тарапынан жемқорлық фактісіне жол беру қаупі еселей түсу мүмкін.

Бұл ретте, Астана қаласы «Алматы» ауданының Төтенше жағдайлар басқармасымен жемқорлықтың алдын алу бойынша 

тұрақты түрде жұмыс атқарылуда, қызметкерлермен «Нұр Отан» ХДП, прокуратура, қаржы полициясы қызметкерлерімен 

семинарлар, дөңгелек үстелдер, лекциялар өткізіледі. Басқарма қызметкерлерімен, басшылар тарапынан жемқорлыққа қарсы 

күрес тақырыбында күнделікті нұсқаулық жүргізіліп, арнайы журналға тіркеліп отырады.

Бүгінгі таңда  жемқорлық – мемлекеттің, қоғамның дамуына тежеу болатын, болашағына кесірін тигізетін індет. Оның 

тамырына түбегейлі балта шаппайынша мемлекетте тұрақты өсіп-өркендеу болмайтындығы ақиқат.

Осылайша,  біздің ұжым сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте табандылық көрсетіп, Еліміздің нығайып, гүлдену жолында, 

өзіне жүктелген барлық  міндеттерді абыроймен атқаратынына мен кәміл сенемін.



Е.Отарғалымұлы 

«Алматы» ауданы ТЖБ МӨББ  аға инженері

Жемқорлық – әлеуметтік індет

Өнер әлеміне саяхат

2014 жылдың 27 сәуірінде Фило-

логия факультеті  практикалық қазақ 

тілі кафедрасының оқытушылары 

 

А.М.Әділбек, 



Ш.Б.Салықжанова,  

Қ.Е.Тілешова, Ә.Қ.Мағзұмбекова, 

Ә.Т.Қожаевалардың ұйымдастыруымен 

ақпараттық технологиялар, заң және 

халықаралық қатынастар, филология фа-

культеттері орыс бөлімінің студенттері 

Астана қаласы әкімдігінің «Қ.Қуанышбаев 

атындағы Мемлекеттік академиялық 

қазақ музыкалық драма театры» МКҚК 

әртістері сахналаған «Абылай ханның ар-

маны» драмасын тамашалады. Қойылым 

соңында «Өнер әлеміне саяхат» атты ак-

терлармен сұхбаттасу кеші өтті. 

Ұлы бабаларымыздың бейнесін  біз 

тек тарихи кітаптардың беттерінен ғана 

оқып білгендіктен, олардың  салған сара 

жолы қазіргі жас қауымға әсірелеу болып 

көрінуі мүмкін. Осындай тарихи  негізі 

бар қойылым  бабаларымыздың  қазіргі 

тәуелсіздігімізге қосқан өлшеусіз үлесін 

айқындай түскендей. Қойылымды тамаша-

лай отырып,  сол бір қиын-қыстаулы XVII 

ғасырға тап болып, Абылай ханның бар 

жан күйзелісін өзім сезінгендей болдым. 

Абылай ханның арманы, толғандырған 

мәселесі тек қана халқының болашағы, 

амандығы. Елді  көршілес мемлекеттердің  

қатыгез саясатынан арашалап қалу, елге 

тыныштық пен береке сыйлау —  Абы-

лай ханның басты мақсаты екендігі 

қойылымның басынан аяғына дейін 

көрсетілді. Ал әртістердің киім үлгілері,  

сахнаның тарихи кезеңге сай безендірілуі 

қойылымды барынша шынайы етті. 

Кеш керемет әсер қалдырды, себебі 

қойылым биік дәрежеде өтті.  Абылай 

ханның  Орта жүз ханы болып жария-

лануы, Жоңғар хандығымен орын алған 

қиын қарым-қатынастар,  саясат, ханның  

жеке өмірі - осының барлығы театр 

әртістерінің шынайы шеберлігімен жет-

кізілді.  

Өзімнің және барлық студент-

тер қауымының атынан бізді театрға 

шақырған қазақ тілі пәнінен бе-

ретін ұстаздарымызға, сондай-ақ 

Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік 

академиялық қазақ музыкалық драма 

театрының шығармашылық ұжымына 

үлкен алғысымды, шексіз ризашылығымды 

білдіргім келеді. «Абылай ханның ар-

маны» атты  тарихи драмасынан өшпес 

әсер алдық. Мұндай қойылымдар, театр 

өнері бізге қажет, себебі өнер өткен мен 

қазіргі шақты сабақтайтын, жастарды ру-

хани байлыққа тәрбиелейтін, қазақ тілін 

үйренуге, сөйлеуге ынталандыратын 

құрал деп ойлаймын. 



Диана ӨМІРЗАҚОВА,

Заң факультеті, 

ХҚ-12 тобының студенті 

5

ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ

№ 9 (166), 

мамыр, 2014 жыл

ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Түркия  Республикасының  Измир 

қаласында өткен ЕҰУ «International Edu-

cation Fairs of Turkey» XIII Халықаралық 

білім  беру  көрмесіне  Л.Н.  Гумилев 

атындағы  ЕҰУ-дің  өкілдері  қатысып 

қайтты.  Оның  құрамында  Халықаралық 

ынтымақтастық 

департаментінің 

халықаралық  қызметті  дамыту  бөлімінің 

қызметкерлері  –  бөлім  бастығы  Диана 

Мұхаметжанова  және  осы  бөлімнің 

аға  маманы  Мұрат  Тейжи,  сондай-ақ, 

Измир  университетінде  академиялық 

ұтқырлық  аясында  семестрлік  білім 

алып  жатқан  Л.Н.  Гумилев  атындағы 

ЕҰУ студенттері болды. Олардың ішінде 

Көпшілік 

қызығушылық танытты

экономика  факультетінің  студенті  Әйгүл 

Орынбасар (Тур-21 тобы) және филология 

факультетінің  студенттері  Айбарша 

Мұқасова,  Әсел  Әуелбекова,  Меруерт 

Арқабаева (ШТ-31 тобы) бар. 

Көрме  барысында  Л.Н.  Гумилев 

атындағы  ЕҰУ-де  жүзеге  асырылатын 

бакалавриат, 

магистратура 

және 

докторантура 



бағдарламалары, 

академиялық  ұтқырлық  аясында  түрік 

ЖОО-лары білім алушыларының білім алу 

мүмкіндігі жайлы барлық қатысушыларға 

(шетел  ұйымдарының  өкілдеріне,  түрік 

университеттерінің  білім  алушыларына, 

олардың  ата-аналарына)  арналған  үгіт-

насихат жұмысы ұйымдастырылды. 

Бүгінде 

«International 

Education 

Fairs  of  Turkey»  шетелде  білім  алуға 

студенттерді тарту жөніндегі айтулы шара 

ретінде  танылған.  2001  жылдан  бастап 

«International  Education  Fairs  of  Turkey» 

білім беру көрмесіне деген қызығушылық 

артып  келеді.  Биылғы  көктемгі  көрмеге 

АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Франция, 

Канада  және  Қазақстан  сынды  35 

мемлекеттен  160-тан  астам  жоғары  оқу 

орындары,  тілдік  мектептер,  колледждер 

атсалысты. 

Қазақстаннан 

қатысқан 

жалғыз жоғары оқу орны - Еуразия ұлттық 

университеті болды. 

Халықаралық  білім  беру  көрмесінің 

ұйымдастырушылары 

барлық 

қатысушылар арасынан түрік студенттері 



тарапынан 

жоғары 


қызығушылық 

танытқан  Л.Н.  Гумилев  атындағы  ЕҰУ 

командасын ерекше атап өтті.

Елбасының    биылғы  Жолдауы 

«Қазақстан 

жолы-2050: 

бір 

мақсат,бір  мүдде, бір  болашақ» деп  



аталып  кең  ауқымды  тақырыпты  

қамтиды,  қоғамдағы    әр    салаға  

аса    жоғары    міндеттер  жүктейді. 

Елбасы  заман  үрдісін  толығымен  

пайымдай    келе    келешектің    кілті  

кемел    білім    мен    кемел  ғыдымда  

екендігіне  өте  үлкен  маңыз  бере  

келіп,  осы  заманға    лайық    сапалы  

білім  беру, ғылым  мен  экономиканы  

дамыту сияқты нақты  тапсырмалар  

берді. Білім  сапасы  мен  ғылыми  

ізденіс    нәтижелері    деңгейін  

арттыру  мақсатында  халықаралық  

қатынастар    факультеті    ұжымы   

заман  талабына сай  еңбек  етуде. 

Осы 


 

орайда, 


халықаралық  

қатынастар 

 

факультетінің  



аймақтану  кафедрасы  студенттерді  

қазіргі заман талабына сай  баулып,   

білім    мен    біліктілік    бәсекесіне  

бекем    болатын    азамат  тұлғасын 

қалыптастыру  жолында  өз  үлесін  

қосып  келеді. 

Ағымдағы    оқу    жылында 

аймақтану  кафедрасында  бірқатар  

оңды    және    маңызды    іс-шаралар  

жүзеге 


 

асырылды. 

Қазіргі  

кезде    аймақтану    кафедрасында 

оқу    үрдісін,  оқу-әдістемелік, 

тәлім-тәрбие 

жұмыстарын 

ұйымдастыруда, 

ғылыми-

зерттеу  жұмыстарында  бірқатар  



жетістіктерге    жетті.  Кафедраның  

кадрлық    құрамының    сапасын, 

олардың    біліктілігі    мен    кәсіптік 

деңгейін  көтеру  мақсатында  талапты 

да білікті  жас  мамандар тартылды. 

Кафедра  ұжымы  Болондық  үрдіс  

талаптары    негізінде  шетелдің  

беделді  оқу  орындарымен, ғылыми  

орталықтарымен    және    жетекші  

ғылымдарымен    тығыз    байланыс  



Заман  талабына  сай

орнатқан,  болашақ    мамандар  

даярлау    ісінде    шетелдік    жоғары  

оқу    орындарының    профессор- 

оқытушыларын      тартуда,    соның  

ішінде    академиялық    мобильдік  

бағдарламасы  бойынша   шетелдік  

студенттермен    алмасу  жұмысы 

жолға    қойылған.    Академиялық 

мобильдік 

бағдарламасының 

шеңберінде  2013-2014 оқу жылының 

көктемгі  семестріне    аймақтану 

кафедрасына  9    бакалаврлар    және  

магистранттар тартылды.  Олардың  

қатарында  Кореяның    Кёнсанг 

университетінің 3 курс студенті Пак 

Джунг  Кенг,  Мәскеу  мемлекеттік 

лингвистика  университетінің    2 

және  3    курс  студенттері  Ксения 

Быкова,  Анастасия  Решетникова, 

Анастасия  Ткач    қазақ    тілінде 

сөйлеп,  білімдерін    қазақ    тілінде  

жалғастыруда. 

М. 

Карасаев  



атындағы    Бішкек    гуманитарлық  

универсиетінің    магистранттары 

Әлия 

Садыралиева, 



Ақсамай 

Моминова,    Назгүл  Тұрсынбаева, 

М.Акмулла    атындағы    Башқұрт  

мемлекеттік 

 

университетінің 



магистранттары 

Зульфия 


Исламова,    Венера    Арсланова 

ғылыми    тағылымдама    алуға  

келді. 

Шетелден 



 

келген  


студенттер    универстетіміздің  

жатаханаларына    орналастырылды,  

мамандану  бағытына  байланысты 

қазақ,  ағылшын,  орыс    тілінде  

дәрістер    мен    семинарлар  сабақ  

кестесі    негізінде    жоспарланды. 

Магистранттардың 

 

ғылыми  



зерттеу    тақырыптары    бойынша 

кеңестер    беру,  Л.Н.  Гумилев  

атындағы  ұлттық    университетінің  

кітапхана    орталығынан,  ҚР 

Ұлттық    кітапханасынан,  ҚР 

Президенттік  мәдени  орталығынан 

материалдар  жинақтау  жұмыстары 

жоспарлы    түрде    жүйеленіп,  

бекітілді. 

Ираннан 


келетін 

2    магистранттың    1  мамырдан 

бастап    ғылыми    тағылымдамадан  

өтуі  жоспарлануда.    Мәдени 

бағдарламаның  аясында  шетелдік 

студенттер  мен    магистранттар 

Астананың  басты  ғимараттарын 

көреді, театрларға, мұражайлар мен 

көрмелерге барады, сонымен қатар 

конференцияға,  дөңгелек  үстелге  

қатысады және кафедрада шетелдік  

студенттердің 

 

қатысуымен  



қазақ    дәстүріне    негізделген 

наурыз    мерекесін    тойлау  және 

басқа  да  шаралар    жоспарланып, 

тұрақты  өтіп  тұрады.    Ғылыми  

ұстаным    бағытында,  бәсекеге  

қабілетті    мамандар    даярлауда  

аймақтану  кафедрасының  ұжымы, 

университеттің, 

факультеттің  

алдына    қойған    мақсаты    мен  

міндетіне сай өз  әлеуетін  арттыра 

түсетін болады.



Б. Қилыбаева 

Аймақтану

 кафедрасының доценті

6

ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ

№ 9 (166), 

мамыр, 2014 жыл

«АСТАНА КӨКТЕМІ» 

Л.Н.Гумилев атындағы  Еуразия ұлттық университетінде 

Наурыз мерекесіне арналған «Астана көктемі» атты 

мерекелік шара өтті. «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» 

атты тақырып аясында өткен мерекелік думан өзіндік 

ерекшеліктерімен есте қалды.

Бас ғимараттың алдына жиналған қонақтар «Ескі 

жыл есірке, Жаңа жыл жарылқа» дегендей, ғалым, ақын-

жазушылар мен мемлекет және қоғам қайраткерлері 

бір-бірімен құшақ айқастыра көрісіп жатыр.  Үстіміздегі 

жылы университеттегі «Астана көктемі» атты мерекелік 

шараға  Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің 

депутаттары Оразкүл Асанқазы,  Роман Ким,   Зухра  

Саяпова, Юрий Тимошенко, Астана қаласы әкімшілігінің 

жанындағы жастар саясаты жөніндегі басқармасының 

жетекшісі Талғат Рахманберді, Астана қаласы ішкі 

саясат басқармасының бастығы Болат Тілепов, Астана 

қаласы Алматы ауданының әкімі Бекболат Қайырбеков, 

«Қазақстан»  ОКЗ директоры Салтанат Сейдімбек, «Нұр 

Отан» партиясы Астана филиалы төрағасының бірінші 

орынбасары Сапар Ахметов, Қазақстандағы Жапония 

елшісі  Камохара Масаёси, ҚР  Монғолия елшісі РК Жагир 

Сухээ, ҚР Қырғызстан елшісі Есенгүл Омуралиев, ҚР 

Венгрия елшісінің орынбасары Ланк Ёшив, ҚР Индонезия 

елшісінің  2-хатшысы Мария Ардалантри, Қазақстандағы 

Украина елшісінің кеңесшісі Петр Токарь, сондай-ақ 

еліміздің барлық облыстарынан келген Қазақстан халқы 

Ассамблеясының делегациялары және Қазақстандағы 

өзбек, ұйғыр, татар, қырғыз және басқа да этномәдениет 

орталықтарының өкілдері қатысты.

 «Ақ бұлақ» өзенінің жағасында ұлттық ою-өрнекпен 

әшекейленген күйме де күтіп тұрды. Академик Сейіт 

Қасқабасов бастаған топ ат сүйреген күймеге отырып, 

Наурыз мейрамы өтіп жатқан «Бәйтерек», «Ақжайлау», 

«Ақ шатыр», «Ақ ауыл», «Ақ кент», «Жастар» ауылын 

бетке алды.

 Күйменің соңына ілескен меймандар алдымен ғылым 

алаңына соғып, инновациялық жобалардың макетімен 

танысты: олардың ішінде Елтаңба авторы Жандарбек 

Мәлібековтің ЭКСПО-2017-ге ұсынған туындысы да бар. 

Елді қызықтырғаны да, елең еткізгені де сол болды. Сонан 

соң келген қонақтар ұлттық қолөнер бұйымдарының 

көрмесін тамашалады: домбыра, қамшы, астау, түрлі бас 

киімдер мен киіз үйлердің кішкентай көшірмесі. Арасында 

майлы бояумен салынған картиналар мен суреттер де 

көрменің ажарын аша түскен. Бір шетте тарихи салт-

дәстүрлерге қатысты қойылымдар көрсетіліп, ұлттық спорт 

бәсекелері қызып жатыр. Жұрттың көп жиналып, қызықтай 

тамашалағаны – Қазақ күресі мен асық ату ойыны болды. 

Ал «Астана көктемінің» салмағын арттырып, ажарын 



7

ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ

№ 9 (166), 

мамыр, 2014 жыл

ӘН-ДУМАНҒА БӨЛЕДІ

аша түскен Л.Н.Гумилев 

атындағы Еуразия ұлттық 

университетіндегі жанға 

сая, көңілге қуаныш 

сыйлайтын «Бірлік» 

аллеясының салтанатты 

ашылу рәсімі болды. 

Салтанатты шараға 

мемлекет және қоғам 

қайраткерлері, зиялы 

қауым өкілдері, ақын-

жазушы, ғалымдар, соғыс 

ардагерлері мен оқытушы, 

студент жастар қатысты. 

Салтанатты басқосуда 

сөз алған Еуразия 

ұлттық университетінің 

ректоры Ерлан Сыдықов 

бұл аллея Елордада 

тұңғыш рет ашылып 

отырғанын, ол Қазақстан 

халқы Ассамблеясы 

мен Халықтар достығы 

құрметіне арналғанын, 

Елбасымыз Нұрсұлтан 

Әбішұлы айтқандай 

«Бірлік – Қазақстан 

дамуының негізі» және 

«Ел бірлігі – ең асыл 

қасиет» екенін, сондай-ақ 

қазақ халқындағы «Бірлік 

болмай, тірлік болмас» 

деген қанатты сөз елімізді 

ынтымаққа, татулыққа 

шақыратынын және бүгінгі 

ашылған «Бірлік» аллеясы 

осындай асыл мақсат-

мұраттардан туғанын 

жеткізді.

Аллеяның ашылу 

салтанатына Қазақстан 

халқы Ассамблеясы, ҚР 

Парламенті Сенаты және 

Мәжіліс депутаттары, 

сондай-ақ Білім және 

ғылым министрлігінің 

өкілдері қатысып, «Бірлік» 

аллеясына ағаш көшеттерін 

отырғызды.

Мерекелік думан 

арнайы тігілген киіз 

үйлер мен  оның қасында 

қойылған сахна  алаңда 

жалғасын тапты: Қыдыр 

баба жиылған жұртқа бата 

беріп, әр ұлттың өкілдері 

«Бір шаңырақ астында» 

атты қойылым көрсетті. 

«Е студия» әншілері 

«Шілдехана, бесік тойды» 

орындаса, «Ханшайым» 

тобы би билеп, Астана 

циркі гимнастикалық 

этюд ұсынды. Сондай-

ақ Мөлдір Асқар «Дала 

сазы» оркестрінің 

сүйемелдеуімен бірнеше 

ән орындап, Айбек 

күмбірлетіп күй тартты, 

ал Н. Шапекова «Қызыл 

көйлекті» шырқап, 

көрермендер «Мейір» 

квинтеті мен балалар 

оркестрінің өнеріне тәнті 

болды.


Мерекелік думан 

барысында ЕҰУ-де оқитын 

шетелдік студенттер 

де өздерінің мерекелік 

дәстүрлерін таныстырды. 

Арнайы құрылған комиссия 

барлық тігілген киіз үйлерді 

аралап, жеңімпаздарды 

анықтады. Оларға Талғат 

Жанайдаров басқаратын 

университет кәсіподақ 

комитетінің атынан арнайы 

жүлделер тапсырылды. 

Келушілер Наурыз 

көжеден, басқа да ұлттық 

тағамдардан дәм татып, 

ұ й ы м д а с т ы р у ш ы л а р ғ а 

алғыстарын білдірді


1   2   3   4




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет