Пре зиденті А. Лукашенко ие болды



жүктеу 3.59 Mb.
Pdf просмотр
бет21/26
Дата03.05.2017
өлшемі3.59 Mb.
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26

Жақында ғана 

аяқталған футболдан ел 

чемпионатында алаңда 

барлығы 360 футболшы 

өнер көрсеткен болса, 

соның 124-і легионерлер 

болған екен. Біріншілік 

барысында барлығы 432 

гол соғылса, соның 222-сін 

легионерлер соғыпты. Иә, 

сезіп отырғандарыңыздай, 

Қазақстан футболының 

кезекті маусымының 

аяқталғанын пайдаланып, 

бүгінгі тақырыбымызда 

отандық һәм шеттен 

келген ойыншылардың 

өнерін сараламақпыз. 

көрермендерін голмен қарық қылыпты. 

Мәселен, «Таразда» олар 27 гол соқса, өз 

отандастарымыз небәрі 5-ақ голмен 

қуант ты. Ал оралдықтардың сапында өз 

өрендеріміз – 5 гол, легионерлер 28 гол 

соқ қан.

Бәрінен де «Астана» сапындағы қазақ-

стандықтар озып тұр. Биылғы маусымда 

елордалықтардың құрамында барлығы 23 

ойыншы өнер көрсетсе, солардың 15-інің 

төлқұжатында Қазақстан азаматы деп 

көрсетілген. Қалған 8-і – өзге елден кел-

гендер. «Астана» сапындағы голдардың 

29-ын қазақстандықтар соғып, бесеуі ғана 

шетелдік футболшылардың еншісіне 

жазылыпты. Бірақ бұл түсінікті де. Өйткені 

бас бапкер Мирослав Беранек өз қара-

мағына Қазақстанның балқаймақ тарын 

ғана жинаған. 

Айтпақшы, біз өз отандастарымыздың 

қатарына Қазақстанның жеке куәлігі бар 

ғой деп, Владислав Чернышев, Антон 

Землянухин, Тарас Данилюк, Роман Пахо-

люк, Михаил Рожков, Виктор Дмитриенко, 

Константин Головской, Штепан Кучера, 

Анатолий Богданов, Марат Хайруллин 

сынды футболшылардың барлығын да 

қосып жібердік. Әйтпесе бұлардың 

кейбірінің еншісінде бес-алты голдан бар.

Айта берсек, ел чемпионатының үздік 

сұрмергені де – легионер. Биылғы бірін-

шілікте алты доптан көп гол соққан бар-

лығы 21 ойыншы бар дейтін болсақ, со-

ның 11-і – шеттен келген шабуылшылар. 

Көп командада сұрмерген көшін бастап 

тұрғандар да – жалдамалы ойыншылар. 

Бұл нені білдіреді? Ел футболына келіп 

жатқан шебер легионерлердің өсуі ме, 

әлде отандық ойыншылардың өшуі ме? 

Бұл сұраққа әркім әртүрлі жауап берер. Тек 

өз өрендеріміз өркендей берсе дейміз.

ШАХМАТ

ДЗЮДО


Қызыл кітапқа енген барыс қазақ 

күресінің символы бола ала ма?

Екінші жыл қатарынан 

өткен «Қазақстан барысы» 

турнирі қазақтың мерейін 

өсіріп, қалың елге зор 

қуаныш сыйлады. Қазақ 

күресінің дамуына нық қадам 

жасалып, нақты іс қолға 

алынды. Тамаша жоба!

 Сондықтан аталмыш жобаны ұйым-

дастырып, ыстық-суығына шыдап жүрген 

азаматтарға алғыс айтамыз. Десек те, 

«көш жүре түзеледі» демекші, біз де өз 

ұсынысымызды ортаға салсақ деген 

ойдамыз. «Қазақстан барысының» алға 

қойған басты мақсаты қазақ күресінің 

мәртебесін арттыру болар. Сол мақсатты 

қолдай отырып, ұйымдастырушылар 

назарға алар деген оймен көкейтесті 

ойларыммен бөліспекпін. 

Алдымен, дүниеге келген нәрестеміздің 

есімін қоярда соның тағдырына, ғұмырына 

әсері болар деген сеніммен дұрыс ныспы 

беруге мән берген қазақпыз ғой. Жобаның 

атауын қоярда сан рет толғанып, мың рет 

өлшеп-пішкендеріңіз сөзсіз. Дегенмен осы 

жобаның «барыс» деп аталуына көңілім 

толмайды-ақ. Бұл қазақ халқының ұлттық 

нышаны болатындай аң түрі емес, ме-

ніңше. Балқаштың қалың қамысынан бас-

қа жерден, мысалы, қазақ жазирасынан 

бұл мысық тұқымдасты мен көрмедім. 

Айдаһар десе, қытайды, аю десе, орысты 

ойыңа аласың ғой. Ал барыс дегеніңіз 

қазір өте сирек кездесетін және жойылудың 

аз-ақ алдында тұрған аң ретінде Қызыл 

кітапқа енгізілген. Осыны да ескерсек, 

турнирдің «барыс» аталуы ырымға жаман 

екен. Рас, ұлт ретінде «қызыл кітапқа» еніп 

кете жаздаған кездеріміз болды. Ал 

мұндай көңілсіз ассоциациялар туын-

дататын атау қазақ күресіне лайық емес 

сияқты.

Екіншіден, жарнамаға ден қою керек. 



Жарнама қай істің болсын алға басуының 

локомотиві боларын білесіздер. ХХІ 

ғасырда оның қоғамға деген әсері тіптен 

жоғары. Сонымен, біздің ой... Әр облыстан 

қатысатын палуандарды 2-3 минуттық 

роликке түсірсе. Ролик те ерекше болуы 

керек. Күрес залындағы дайындық емес, 

балуанның табиғат аясындағы дайындығы 

керек. Елге әсерлі болуы үшін ат үстінде 

тұрып, тайынша көтергені немесе таудың 

қара тасын басынан асырып лақтырып 

жатқаны, өгіз көтергені, мүйізінен ұстап, 

бұқа жыққаны сияқты мазмұнда роликтер 

түсірілсе. Біріншіден, өте тиімді жарнама, 

екіншіден, бір көрген адамның көкейінде 

балуандар бірден жатталып қалады. 

Үшіншіден, «ютуб» желісіне салса, 

ғалам 


торда қазақ күресінің тегін жар-

намасы жүретін еді. Шетелдегі қазақ 

бауырларымыздың да балуандарымызды 

танып-білуіне септігі тиер еді. Содан соң 

салмақ аралығын да қарастырса болар 

деген ойдамын. Қазіргі жігіттердің орташа 

салмағы 70-85 аралығы болатынын 

ескерсек, мол көрермен мен тікелей 

қатысушы тарту мақсатында бұл жобаны 

екі салмақ дәрежесінде өткізсе. Атап 

айтқанда, 90 келіге дейін және 90 келіден 

жоғары. Сонда қаншама жігіт осы дүбірлі 

додаға қызығып қатысар еді. Әсіресе 

тепсе, темір үзетін ауыл, аудан жастары. 

Айтпағым, 80 келі салмақтағы балуан 

қанша жерден айлалы, тәжірибелі болсын, 

салмағы 130-140 келі жігітті орнынан 

қозғай да алмайды. Салмағы ауыр жігіт еш 

тәсіл қолданбай-ақ, сал мағын пайдала-

нып, айла-тәсіл қолданбақ болған қарсы-

ласының үстіне әншейін құлай салып та, 

жеңіске жете алады. Балуандарды екі сал-

мақ дәрежесіне бөліп, белдестірсек, қазақ 

күресіне қызығушылық танытушылар саны 

көбейе түсер еді.

Тағы ескерер бір жайт, барлық ай-

мақтан келген балуандардың лақап есім-

дері де бірдей. Барлығы – көкжал, бар-

лығы – барыс. Лақап ат балуанның 

та 


 

би 


ғатына, дене бітіміне сай, түр-

тұрпатына лайық болуы керек қой. Естілуі 

де, айтылуы да құлаққа жағымды, қазақы 

санаға жақын болса. Мысалы: Толағай, 

Қара бура, Дәуқара, Тас шайнар, Шыңтас, 

Зілқара, Құлжа, Тарпаң, Шолақ т.б. 

Сонымен қатар залға жиылған кө-

рермен жайы да ескерілсе екен деген 

тілегім бар. Сатып алған билетіңіз түк-

пірдегі орынның бірінен болса, күресті 

анық көре алмайды екенсіз. Тек күресіп 

жатқан екі адамның сұлбасын ғана 

тамашалап отырғаныңыз. Тікелей эфир 

болған соң, залға да экран қою керек 

сияқты. Мұны тырнақ астынан кір іздеу 

емес, көрермен тілегін жеткізу деп 

түсініңіздер. 

Осы ой-тілектерімді ескерсеңіздер, нұр 

үстіне нұр болар еді. Тек қазақ күресінің 

шоқтығы биік болсын. «Қазақстан барысы» 

атты күрес додасын ұйымдасты рушылар-

дың ісіне сәттілік тілейміз. 



Мейрам МҰҚЫШЕВ, 

Астана тұрғыны

«Жетісу» алтыншы рет кубокты алды

«Жетісу» финалда жергілікті «Қара-

ғанды» қыздарымен кездесіп, 3:0 (25:16, 

25:12, 27:25) есебімен басым түсті. Сөйтіп, 

алтыншы рет ел кубогын иеленді. Әрі соң-

ғы төрт жылда Асқар Шалқыбековтің шә-

кірттері кубокты ешбір клубқа ұстатар емес. 

Әрі осы төрт жылда «Жетісу» ел чемпио-

натында да қарсылас шақ келтірмей, 

алтынға да еш клубты «жуытар» емес.

Естеріңізге сала кетейік, ел кубогының 

ширек финалдық додасында сегіз команда 

додаға түсіп, төртеуі жартылай финалға 

шықты. Ширек финалдағы бір айналым-

дық жүйемен өткен ойындардың қорытын-

дысы бойынша «Жетісу» қарсыластарының 

бәрін қоғадай жапырып, 1-орынға ие 

болды. 


«Қарағанды» қыздары тек Талдықорған 

клубынан ұтылып, 2-орынға ие болса, 

«Астана» арулары осы екеуіне ғана есе 

жіберіп, 3-орынды еншіледі.  4-орынға 

осы үш командадан ұтылған «Ертіс-Қаз-

хром» (Павлодар) клубы ие болды. 

Бұдан кейінгі орындарға «Алматы», 

«Қостанай», «Грация Астана KZ» «Спартак 

АМТ» (Теміртау) клубтары орналасты.

Жартылай финалда «Жетісу» мен «Ер-

тіс-Қазхром» кездесіп, Талдықорған қыз-

дары 3:1 (25:14, 25:21, 27:29, 25:17) 

есебімен жеңіске жетті. Ал «Қарағанды» 

мен «Астана» арасындағы матчта кеншілер 

клубы 3:0 (25:19, 25:22, 26:24) есебімен 

басым болды. 

Финалда «Жетісу» «Қарағандыға» тит-

тей де мүмкіндік бермей, үстемдік танытса, 

3-орын үшін өткен ойын өте тартысты 

болды. «Астана» мен «Ертіс-Қазхром» қыз-

дары ұзақ арпалысып, 3:2 (17:25, 20:25, 

25:21, 25:18, 15:11) есебімен елорда ару-

лары жеңіске жетті.

Биыл «Жетісу» мына құрамда ел кубо-

гының иегері атанды:

Коринна Ишимцева, Татьяна Пюрова, 

Людмила Анарбаева, Ольга Дробышев-

ская, Алена Омельченко, Ольга Наседкина, 

Ирина Шенбергер, Марина Стороженко, 

Ольга Соболева, Катерина Татко, Алек-

сандра Исаева, Дарья Козлова.

Бас бапкер – Асқар Шалқыбеков, 

көмекшілері – Денис Исаев пен Валерий 

Шиндов.


Әлихан ЖАППАР

Қарағандыда волейболдан әйелдер арасында Қазақстан кубогы 

додасы аяқталып, Талдықорғанның «Жетісуы» биыл да теңдессіз шықты.

2012 жылғы әлем чемпионатына FIDE 

(Халықаралық шахмат федерациясы) 64 

шахматшыны іріктеп алған. Мұнда шах-

матшы қыз-келіншектердің соңғы жыл-

дардағы көрсеткіштері есепке алынған. 

Азия аймағынан әлем чемпиона тында бақ 

сынау құқығына ие болған 12 шахмат-

шының бірі біздің жерлесіміз Мәдина 

Дәулетбаева болатын.

Бірден айта кетейік, әйелдер арасын-

дағы әлем чемпионаты нокаут-жүйе 

бойын  ша өтуде, яғни екеуара кездесуде 

же ңіліске ұшыраған шахматшы үйіне қай-

тады. Бірақ шахматшылар бір партия ғана 

ойнамайды. Финалға дейін екі партиядан 

ойнайды (ал ақтық сында төрт партияға 

созылады). Егер екі күнгі осы екі партиядан 

соң есеп тең болса, онда жеңімпаз үшінші 

күнгі тай-брейкте анықталады.

Әлем чемпионатына дүниежүзіндегі ең 

үздік шахматшы қыз-келіншектердің бәрі 

қатысуда. Тек Юдит Полгар, Нана Дзагнид-

зе, Жуань Луфэй сынды көпшілікке кеңінен 

танымал үздіктер ғана жоқ. Басқаларының 

бәрі Ханты-Мансыдағы әлем чемпио наты-

ның көрігін қыздыруда. Олардың қата-

рында өткен жылғы әлем чемпионы Хоу 

Ифань (Қытай) да бар. 

Әлем чемпионатының тағы бір атап 

өтуге тұрарлық ерекшелігі, биылғы бүкіл-

әлемдік біріншіліктің жалпы жүлде қоры 

– 450 мың доллар. Оның 60 мыңы жеңім-

пазға беріледі де, 30 мыңы финалға шық-

қан шахматшыға табыс етіледі. Жартылай 

финалға шыққан қалған екі шахматшы 20 

мың доллардан алады. Солай ширек 

финалға шыққандарға да, келесі кезеңге 

өткендерге де ақшалай сыйақы беріледі.

Мәдина Дәулетбаева бірінші турда 

Ресей шахматшысы Татьяна Косинцеваға 

тап болды. Оның рейтингі – 2515. Әрі 

биылғы Еуропа чемпионатында финалға 

шыққан тәжірибелі шахматшы. 

Бірінші күнгі кездесуде Мәдина Ресей 

қызына дес бермей, тең түсті. Өкінішке 

қарай, екінші күнгі кездесуде ұтылып 

қалып, әлем чемпионатынан тыс қалды. 

Қорытынды есеп – 0,5:1,5. 

Айқын ЖАППАР

ҚР спорт істері жөніндегі агенттігі бас-

шысының орынбасары Елсияр Қана ғатов 

та арнайы келіп, конферен цияның маңызы 

ерекше екендігіне тоқталды. Шынында да, 

қазақ дзюдосында елеулі оқиға орын 

алды. Үш жылдан астам ел дзюдосын 

өркен детуге өлшеусіз үлес қосқан Бекет 

Махмұтов ендігі жерде жігерлі жастардың 

желпінісі қажет екенін тілге тиек етіп, Қа-

зақстан федерациясының тізгінін ұстауға 

Кеңес Рақышевті ұсынды.



Бекет МАХМҰТОВ, 

Азия дзюдо қауымдастығының вице-

президенті:

– Кеңесті бұрыннан білемін. Ол – 

өте іскер азамат. Қазақ спортын қол дау-

ға мүдделі. Ендеше, ел дзюдосының 

дамуы үшін тер төгетіні анық.

Жиынға келгендер Кеңес Рақышевті 

Қазақстан дзюдо қауымдастығының 

президенті етіп сайлады. Бекет Сапабекұлы 

да дзюдодан сырт қалмайды. Ол ақыл-

дастар кеңесін басқарады. Әрі Азия 

құрлығындағы дзюдо федерациясының 

вице-президенті ретінде қызметін, 

Орталық Азиядағы аймақ 

тық бөлімінің 

президенті қызметін жал 

ғастырады. 

Жалпы, ел дзюдосының өркендеуіне бұдан 

былай да өз үлесін қоса бермек.



Кеңес РАҚЫШЕВ, 

ҚР дзюдо федерациясының президенті:

– Бекет Сапабекұлы бізге үлкен 

міндеттер жүктеп отыр және нақты 

тап  сырма да берді. Білікті де көрнекті 

спорт қайраткерінің сенімін ақтау 

үшін барымызды саламыз.

Қазақ спортының қайраткері сана-

латын Бекет Махмұтов кезінде ел боксын 

өрістетті. Өзі түрен салған салаға кейін 

елге әйгілі тұлғаларды тартып, біздің 

мемлекет Олимпиада сайын алтын 

медаль ала бастады. Сол үрдіс енді 

дзюдода жалғасын тауып жатқандай.

Сонымен қатар осы жиында ҚР бокс 

федерациясының президенті Тимур 

Құлыбаевтың бес спорт түрін біріктіріп, 

бір конфедерация құру жөніндегі ұсы-

нысы көлденең тартылып, дзюдо 

федера ция сындағы 

мамандардың 

пікірлері тың 

далды. Алдағы уақытта 

бокс, дзюдо, таэк вондо, ауыр атлетика 

және күрес түрлері бір конфедерация 

болып бірікпек. Оны дзюдошылар 

қолдады. Бұл жерде материалдық және 

спорттық базаларды тиімді пайдалану, 

спорт түрлерін бірігіп қаржыландыру 

қолға алынбақ.



Телжан КҮДЕРОВ

Нокаут-жүйенің «нокауты»

Федерацияда – жаңа президент

Ханты-Мансыда (Ресей) шахматтан әйелдер арасындағы әлем 

чемпионаты өтуде. Бүкіләлемдік біріншілікке Қазақстаннан тек Мәдина 

Дәулетбаева қатысып, өкінішке қарай, бірінші турда ұтылып, әлем 

чемпионатынан тыс қалды.

Алматыдағы «Риксос» қонақүйінде Қазақстан дзюдо 

федерациясының кезектен тыс есеп беру және жаңа президент сайлау 

жиыны өтті. Оған облыстардағы федерация басшылары мен жалпы осы 

саланың мамандары түгелдей шақырылды. 

 

Дычко «арлан» атанды



Соңғы кездері «Иван Дычко «Астана арландары» командасының сапына 

ауысыпты» деген әңгімені жиі естіп жүрмін. Ауысса, неге шаршы алаңға 

шықпайды? Ең болмаса команда тізімінде де жоқ қой. Осының анық-қанығын 

біліп берсеңіздер екен.

Жанбота ОРАЛБЕК, Алматы қаласы

Сіздің бұл сұрағыңызға нақты жауап беру 

үшін клуб директоры Болат Манкеновке 

хабарласқан едік.

– Келісімшарт жасалып қойған, – деді 

Болат Тоқтарұлы. — Бірақ Лондон Олим-

пиадасынан кейін Ваня демалыста. Коман-

даға маусымның екінші бөлігінде қосылады. 

Шаршы алаңға шамамен ақпан айында 

шығады.


Басты сауалға жауап алғаннан кейін мүм-

кіндікті пайдаланып, клуб директорына 

Дычкоға қатысты басқа да сұрақты қойған 

едік.


– Сонда Ваня ұлттық құрамадан кетті ме? 

Рио де-Жанейро Олимпиадасынан көре 

алмаймыз ба?

– Жоқ, қате түсінбеңіз. Дычко Рио Олим-

пиадасына дайындығын жалғастыра бермек. 

Әуесқой бокстың өзі шлемсіз жұдырықтасуға 

көшіп жатқанын білесіздер. Демек, WSB 

додасы бұл тұрғыда алып боксшымызды 

одан әрмен шыңдай түсетін болады.

Украина тізгінін Шевченко ұстауы мүмкін



«Әйгілі украин футболшысы Андрей Шевченко өз елінің ұлттық құрамасының бас бапкері болуы мүмкін» 

деп естіп қалдым. Бұл дәйексіз бос сөз бе, әлде тұзы татитын мәлімет пе? 

Ербол ӨМІРЗАҚ, Балқаш қаласы

Дәл қазір Украина құрамасы бас бапкерсіз. Олег Бло хин 

Киев «Динамосына» бас бапкер болып ауысқалы бері 

Украина құрамасының тізгіні бос. Соның салдарынан бұл 

елдің ұлттық құрамасы 2014 жылғы әлем чемпионатының 

елек тік додасы аясындағы соңғы екі ойынында жанкүйер-

лерін жерге қаратып, бес ұпайдан қағылды. Ал кеше кеш-

кісін Украина құрамасы түзде Болгария футболшылары мен 

жолдастық кездесу өткізді. Осы матчқа Украина құра масын 

бір кездері Қазақстанда қызмет еткен Александр Заваров 

бастап кетті.

Биыл Украина футбол федерациясының басшысы да 

өзгерген. Қыркүйек айының басында осы лауазымды қыз-

метке Анатолий Коньков сайланды. Ал 2000 жылдан бері 

Украина футболын басқарып келген Григорий Суркис бұл 

жолы сайлауға түскен жоқ, бас тартыпты.

62 жастағы Коньков осы аптаның басында Лондонда 

жүрген Андрей Шевченкоға телефон соғып, оған Украина 

құрамасының тізгінін сеніп тапсырғысы келетіндігін біл-

діріпті, яғни ұсыныс жасаған. Шевченко «ойланайын» деп, 

нақты шешім қабылдауға уақыт беруін сұрапты. Коньков  

«көп ойланбай, шешіміңді тезірек айт» деген екен. Енді бүкіл 

Украина мен Заваров атақты Шеваның шешімін тосып жүр. 

Украина халқы «1994 жылы Коньков футболшы Шев-

чен коны алғаш рет құрама сапына шақырған, енді алғаш 

рет бас бапкерлік қызметті ұсынып отыр» деп, мұны жақ сы-

лыққа балауда. Ал Шевченко әлі ойланып-толғанып жүр...

Команда лар

Алаңға 

шыққан 

барлық 

ойыншы

Қазақстан-

дық 

фут бол-

шы лар

Легио-

нер-

лері

Бар лық 

гол 

Қазақ-

стандық 

футбол-

шылар дың 

гол дары

Легионер-

лердің 

гол  дары

Авто-

гол

«Шахтер»

24

17



7

48

26



20

2

«Ертіс»

25

17

8



46

21

24



1

«Ақтөбе»

29

17



12

44

20



23

1

«Тараз»

27

18

9



32

5

27



-

«Астана»

23

15



8

34

29



5

-

«Тобыл»

27

18

9



42

26

15



1

«Ордабасы»

23

15



8

29

14



14

1

«Ақжайық»

22

13

9



34

5

28



1

«Қайсар»

25

14



11

21

10



11

-

«Қайрат»

33

24

9



23

9

14



-

«Атырау»

30

21



9

16

9



7

-

«Жетісу»

28

18

10



27

11

15



1

«Сұңқар»

33

22



11

16

7



9

-

«Оқжетпес»

35

24

11



20

9

10



1

Барлығы

384


263

131


432

201


222

9

Ескерту



24 футболшы маусым барысында екі командада ойнаған, оның ішінде 4 легионер бар

Мансұр ХАМИТ (фото)



www.alashainasy.kz

e-mail: info@alashainasy.kz

y

y

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

№203 (885)

              



15.11.2012 жыл, 

бейсенбі


ВОЛЕЙБОЛ

А

ЛАҢ



 Ж

Ж

ИЕГІ



Әз

Әз

из

из

 ЖҰ

Ж

МАДІЛ

ПІКІР


Спортта «легионердің шеберлігі отан-

дық ойыншыдан жоғары тұруы тиіс» деген 

қа ғида  бар. Шымылдығының жабылға-

нына жарты айдан енді ғана асқан фут-

болдан  Қазақстан

н

ч



ч

ем

м



пи

пи

он



он

ат

ат



ын

н

ың



ың 

21-мау сымына  көз  ті

ге

гер 


р

бо

болс



лсақ

ақ

, шы



шыны

ныме


ме

н 

н



де, биыл отандық ойыншыларға қарағанда 

ле гио нерлердің орны келелі болған 

секілді. Рас, қазақ жерінде доп тепкен ше-

телдік ойыншылардың барлығын керемет 

де

д

й алмаймыз



ы

. Ар


р

асында бір-екі ойынға 

ға

ғана


на

қ

қ



ат

ат

ыс



ыс

ып

ып, 



ма

ма

ус



ус

ым

ым



ны

н

ң қалған бөлігін 



қосалқы құрамда өткізгендері де жетерлік. 

Дегенмен көпшілік клубты өрге сүй-

регендер легионерлер екенін мойын дауы-

мыз қажет.

Бұл  ретте бірінші кезекте «Ақтөбені» 

еске аламыз. Биыл бас бапкері Владимир 

Мұқанов барлығы 29

9 ф


ф

ут

утбо



бо

лш

лш



ығ

ығ

а



а

се

се



ні

нім 


м 

артып, алаңға шығары

рыпт

пт

ы



ы.

С

Сол



олар

ар

ды



дың 

ң

12



12

-

сі – таза легионерлер. «Таза» деп астын 



сызып көрсетуіміздің де себебі бар. Өйт-

кені «Ақтөбеде»  Қазақстан азаматтығын 

алып, ел футболына сіңісіп кеткен Еміл 

Ке

К



нжесар

р

иев,



в,

 Антон Землянухин, Андрей 

Си

Си

де



дель

льни


н

ко

ков,



в, М

М

ар



ар

ат

ат



Х

Х

айруллин, Жасұр 



Нәрзіқұлов сынды футболшылар да бар. 

Қалталарында Қазақстанның төлқұжаты 

болғанымен, бұлардың қай-қайсысы да  

– футбол тәлімін өзге елде алған жігіттер. 

«Ақтөбе» жарайды делік, легионер-

лерінің арқасында  үз

үз

ді

дік



к  үш

үш

ті



ті

кт

кт



ен

ен

о



о

ры

ры



н 

н 

алды. Ал «Қайсар» ше? Қызылорда ко-



мандасының құрамында биыл 25 фут-

болшы ойқастаса, соның 11-і легио нерлер 

болыпты. Жартысына жуығы деуге болады. 

Соның өзінде Владимир Ники тенко бас-

та

та

ға



ға

н

н



ұжым маусым барысынд

д

а



а

ал

ал



а-

а-құ


құ

ла

ла



 

өн

өн



ер

ер

к



көрсетіп, 9-орынға әзер ілі

ікт


кт

і.

і Ж



Жал

ал

пы



пы

,

«Қайсардан» бөлек, «Сұң қар» мен «Оқ-



жетпес» командаларында да маусым 

барысында 11 легионерден ой 

наған. 

Нәти жесі  өздеріңізге де белгілі, екі клуб та



келер  жы

жы

лы  бірінші лигада ойнауға



мәжб

жб

үр



үр

.

.



Де

Де

ге



генм

нм

ен



ен «

«Та


Та

ра

ра



з»

з»

,



,

«Е

«Ерт



рт

іс

іс



», «Ор-

да басы», «Ақжайық» сынды клубтар ды 

өрге сүйрегендер негізінен легионерлер 

екенін айтпай кетуге тағы болмас.

Жалпы, қазақ жерінде доп тепкен

биыл ғы  легионерлерге лайықты баға-

ларын беру үшін соққан голдарын санаған

дұ

дұ



ры

ры

с 



с

шығар. Ендеше, санайық

,

,

21



21-

-інш


нш

і 

ел



ел

 

бі



бірі

рі

нш



нш

ілігінде барлығы 182 ойы

ы

н

н өт



өт

іп

іп, 



43

43

2



2

гол соғылыпты. Оның 9-ы – автогол. 201-

ін өз отандастарымыз соққан. Ал келім сек-

тердің үлесіне 222 доп жазылыпты. Сонда

244 футболшы жабылып жүріп, 201 голды

әрең с


с

оқ

оқ



қа

а

н болып шыға



ға

ды. 


Ен

Енді


ді

к

клу



лу

бт

бт



ар

ар

ғ



ға

ж

ж



ек

ек

е



е то

тоқт


қт

ал

а



айық. 

«Шахтер» футболшылары биыл 46 гол 

соққан болса, соның 20-сы – легио нер-

лерінің еншісінде. «Ертіс» сапында отан-

дастарымыз 21 гол соғып, легионерлер 24 

допты еншілеріне жазған. Бәрінен де 

«Т

«Т

ар



ар

аз

аз



» бен «Ақжайықтың» лег

г

ио



ион

нерл


рл

ер

ер



і

і


Каталог: userdata -> editions -> pdf
pdf -> Қазақтың Мұқағалиы туралы жұртшылық арасында әңгімелер
pdf -> Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет
pdf -> Ресми мәлімет бойынша, Қазақстанда жұ
pdf -> Иә, отандық ғылым ды кө­ тер мейінше, мықты мем ле кет
pdf -> Мен Абайдың ақындық мек тебі өз деңгейінде зерттеліп
pdf -> Бір тілде деп міндеттеген жоқ
pdf -> Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет
pdf -> Қазақстандағы Ұбт-ның қа лып тасқан өзіндік тәртібі
pdf -> Ерғожин ЕрлЕді Дәулет Ерғожиннің сөзіне сенсек, салық органдарында сыбайлас жемқорлықтың дең­ гейі төмендеген. Құқық қорғау орган дарымен бірігіп жасаған жемқорлықтың

жүктеу 3.59 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет