Пре зиденті А. Лукашенко ие болды


– Демек, жаңа басшыдан, жаңа



жүктеу 3.59 Mb.
Pdf просмотр
бет18/26
Дата03.05.2017
өлшемі3.59 Mb.
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   26

Демек, жаңа басшыдан, жаңа 

заңнан жаңа дүние күтуге болады 

дейсіз ғой? Басты жаңалықтары 

қандай?

– Мен айтып өткен 2000-жылдардағы 

«жылымық» қазіргі мемлекеттік қызмет 

агенттігінің төрағасы Әлихан Байменовтің 

басшылығымен жүргізілген болатын. 

Меніңше, ол кісі бұрынғы принциптермен 

жұмыс істеуге бел шешкен сияқты. Был-

тырғы жылы миротократия қағидасына 

сүйену туралы концепция жасалса, биыл 

міне, заң қабылданып жатыр. 

Жаңалықтарын айтатын болсам, бірін-

ші ден, бұдан былай мемлекеттік қызмет-

керлер 100 пайыз конкурс арқылы қабыл-

данатын болады. Ауыстыру тәсілі бір 

меке ме нің ішінде ғана жүзеге асырылады. 

Яғни бұрынғыдай командалық жүйе 

болмайды. Сол арқылы біз мемлекеттік 

қыз 


меткерлерді қорғай аламыз. Яғни 

жаңа басшы қызметкерді жұмыстан шы-

ғара алмайды. Екіншіден, резервке алын-

ған адам қай жерден алынды, тек қана сол 

мекемеге ғана жарамды. Үшінші негізгі 

жаңалық – мемлекеттік қызметке келетін 

адамның білімін агенттіктің анықтайтын-

дығы. Бұрынғы кезде кез келген мекеме 

кез келген уақытта ішіндегі бос орынға 

конкурс жариялаған болып, алдын ала 

белгілі нәтиже көрсетіп жататын. Қазір 

мемлекеттік қызметке барамын деген 

әрбір азаматты агенттік өзіне жинап, тест 

тапсыртады және қолына мемлекеттік 

қызметке қабілетті деген сертификат 

береді. Бұл да сыбайлас жемқорлықтың 

алдын алу шараларының бірі деп 

есептеймін. 



– Менің көптеген замандаста-

рым жалақысының аздығына, 

біреудің пәтерін жалға алғанына 

қарамастан, мемлекеттік 

қызметте сеніммен жүр. Олардың 

осындай жанкешті тірлігіндегі 

сенімі қаншалықты ақталады? 

Яғни қызметтік сатыда өсемін 

деген жастардың сеніміне жаңа 

заң кепіл бола ала ма?    

– Кез келген реформа бірінші кезекте 

оптимистерге арналған. Өзіне, мемлекет-

ке, қоршаған ортаға сеніммен қарайтын 

адам әрқашанда өзін алып шыға алады. 

Пессимистер күдікпен, күмәнмен қарап 

жүргенде, оптимистер ылғи да алда 

жүреді. Өз тәжірибемнен алатын болсам, 

сенімділікпен мемлекеттік қызметке кел-

дім. Білім мен кәсіби біліктілігімнің арқа-

сында бөлім бастығынан сатылап үлкен 

саяси қызметтерге дейін өстім. Облыстық 

әкімшілік аппаратының жетекшісі, облыс 

әкімінің орынбасары қызметтерін атқар-

дым. Осы жүріп өткен жолымды жастармен 

болатын көптеген кездесулерде айтып 

жүремін. Негізі, көп нәрсе сенім мен тәуе-

кел ге байланысты ғой. Егер әрбір адам 

реформаға күдікпен қарап, сенімсіздік 

білдірсе, қоғамға пайдасы аз. Мемлекеттің 

идеологиясы да азаматтардың сенімінің 

арқасында қалыптасады ғой. 



– Өзіңіз де жақсы білесіз, 

мемлекеттік қызметкерлердің 

жалақысы Президент айтпаса, 

көтерілмейді. Жаңа заң сыбай-

ластық пен командалық көшкінді 

ауыздықтайтындай қатал болса 

да, табысы аз мемлекеттік 

қызметкердің жемқорлыққа 

жақын болмасына кепілдік бере 

алмайтын сияқты...

– Рас, мемлекеттік қызметпен салыс-

тырғанда жеке сектордағы кейбір маман-

дықтардың айлық мөлшері еселеп өсіп 

барады. Бұл мүмкін ауылдық, аудандық 

деңгейде білінбейтін шығар. Алайда үлкен 

қалаларда анық аңғарылады және қиын-

дау. Кей жағдайда мықты мамандарды 

ұстап тұру да мүмкін емес. Біраз уақыт 

мем лекетке қызмет етеді де, кейін жеке 

салаға кетеді. Сондықтан олардың айлы-

ғын кешенді түрде көтеріп отыру керек деп 

есептеймін.

– Үлкен қалалардың өзі 

біркелкі емес қой. Бір қалада аз 

ақшамен күнелтуге болады, 

екінші бір шаһарда қомақты 

ақшаның өзі өмір сүруге жетпей 

қалады. Бұл мәселе қалай шешілуі 

керек деп ойлайсыз?

– Меніңше, бұл – болашақта қолға 

алынатын, ескерілетін мәселе. Мемлекеттік 

қызметкерлерге бірдей айлық мөлшерін 

бекітудің уақыты кетіп барады. Дұрыс 

айта 


сыз, кейбір облыстарда өмір сүру 

қымбат. Жергілікті жердің нарық бағасы, 

базардағы азық-түлік пен тіршілікке 

қажет тінің бәрінің бағасы жоғары. Жеке 

бизнеске мықты мамандар кетіп жатыр. 

Егер біз әрбір өңірде мықты кадрларды 

сақтай алмасақ, даму көрсеткішіміз де 

әртүрлі болады. Өйткені деңгейі төмен 

адамға тізгін берілсе, ол өз дәрежесінде 

ғана басқара алады. Жаңалық енгізуге 

қабілетсіздік танытады. Сондықтан жергі-

лікті әкімшіліктерге қосымша мүмкіндік 

бергеніміз дұрыс шығар деп ойлаймын. 

Яғни қызметкерлерге қосымша қаржы 

төлеуге, ынталандыруға, көтермелеуге 

жағдай жасау жергілікті әкімшіліктің 

құзіретінде болса. Жергілікті халықтың 

атынан қолдау, мақтау түсіп жатса, неге 

оның айлығына қосымша ақша қоспасқа. 

Бірақ оны да «екі шоқып, бір қарау» 

керек. Сыбайлас жемқорлық дендеп 

алмау керек. Өйткені бізде әкіммен жақсы 

болған адамның оңай олжаға кенелетіні 

тағы бар ғой.



– Жаңа заңды қарадыңыздар, 

талқыладыңыздар. Мемлекеттік 

қызметтегі тәжірибеңіз бар. 

Мемлекеттік қызметке қайта 

оралып жатқан жайыңыз бар. 

Аталған заңды екінің бірі сынап 

жатыр. Кейбіреуі ретті сынға 

алды. Сіз айтыңызшы, осы 

құжаттың «әттең, мына бір мәселе 

қамтылса, келісіп кетер еді» 

дейтін жерлері бар ма?

– Осы салаға өзгеріс енгізеді-ау деген 

ойларымыздың бәрін енгіздік десем 

болады. Әрине, «әттеген-айсыз» бола ма? 

Жаңа айтып кеткен мемлекеттік қызмет-

керлердің айлығын көтеруде, оларды 

оқытуда техникалық және қаржылық мүм-

кіндіктердің қарастырылмауы ойлантады. 

Қазір экономика мемлекеттің барлық 

саласына енді. Жұмыс бұдан бес жыл 

бұрынғыдан әлдеқайда көп. Тапсырма да 

жетіп артылады. Жас қызметкерлер 

министр ліктерден түн жарымда қайтып 

жатады. Жұмыстары кеш бітеді. Оларға 

қосымша төленетін еңбекақы шешілмеген. 

Әрине, осының бәрін көргенде «әттең...» 

дейсің еріксіз. 

– Мемлекеттік қызметкерлерге 

сенімсіздік азайтқан – бюрокра-

тия. Жаңа заң қағазбастылыққа 

қаншалықты тосқауыл болады? 

Халықтың проблемасын шешуге 

қаншалықты икемді?

– Өз ісіне адал қызметкер келгенде 

ғана халықтың проблемасы оңай шеші-

леді. Ал егер таныс арқылы келген қызмет-

кер болса, ол бірінші кезекте сол танысы-

ның көңілінен шығуды ойлайды. Пара 

беріп келген адам сол параны қайтарудың 

жолымен әуре болады. Өз күшімен келген 

қызметкер ғана халықтың мәселесін қа-

рай ды. Бұл заң сол үшінші қызметкер-

лердің жұмыс істеуіне мүмкіндік береді 

деп үміттенемін. Егер осылай болып 

шықса, заңның бюрократияны еңсергені 

емес пе?! Сонымен қатар, мемлекеттік 

қызметкердің өзі икемді болуы шарт. Жаңа 

технологияларды меңгеріп, интернеттің 

мүмкіншіліктерін еркін пайдалана білуі 

қажет. Ғаламтор арқылы да халықтың 

біраз проблемасын шешуге болады. Тіпті 

халыққа бір табан жақындай түседі. 



– Сіз өткен бес жылдың ішінде 

бірнеше заңның қабылдануына 

қатыстыңыз. Заңның жүзеге асып, 

қоғамға жемісін беруі үшін қанша 

уақыт қажет? 

– Көп заңдардың басы-қасында жүрдік 

қой. Осы «Мемлекеттік қызмет туралы» 

заң депутаттардың атсалысуымен, шынайы 

талқылаулардан өтіп барып, пісіп-жетіліп 

мақұлданды. Иә, бұл заңды сынаушылар 

көп. Тіпті биліктің өз ішінде де қарсылар 

табылады. Бірақ кімдер сынайды? Менің-

ше, бұрынғы заңмен барлық мәселені өзі 

шешіп үйреніп қалған, қалаған адамын 

ұнаған қызметке қоюды әдетке айналдыр-

ғандар қарсы болды. Конкурс нәтижелерін 

алдын ала дайындап қоятындар үшін 

әрине, бұл заң тиімсіз. 

Заңға Елбасы қол қойған соң күшіне 

енеді. Бір жылдың ішінде кадрларды 

жинақтау, жаңа тәсілдермен жұмыс істеу 

жағы қамтылады. Ал заңның жемісін бір 

жылдан кейін көруге болады деп есептей-

мін. Бұл заңды өз басым құрметтеймін, 

негізгі идеясын қолдаймын.

– Депутат ретінде талай рет ел 

араладыңыз. Аймақтардың даму 

деңгейі қандай? Әлеуметтік 

модернизацияны жүзеге асыруға 

қаншалықты қауқарлы?

– Жасыратын несі бар, аймақтардың 

дамуы орталықтың деңгейіне жете қойған 

жоқ. Өңірлерді дамытуға қабілетті аза маттар 

әлі де керек. Біз осы мемлекеттік қызметтегі 

менеджерлерге қажеттіліктің бар екенін 

ескеріп, аталған заңды қабыл дап отырмыз. 

Президенттің негізгі тапсыр малары аймақ-

тарды дамыту болғандық тан, Үкіметтен де 

тапсырмалар  бол ған  дық тан,  реформа 

жасау арқылы ең алдымен, аймақтағы 

басқару жүйелерін оңтайландыру жолға 

қойылды. Себебі мемлекет үлкен жобалар-

ға қомақты қаржы аударып жатыр. Ал 

аймақтар оған дайын болмай шықты. Кадр 

потенциалы төмендеу. Аудан басшылары-

ның қайсысымен қарым-қатынасы жақсы, 

сол жаққа қаржы көп бөлінеді. Жиналыс-

тары мен есеп берулері түгелдей арнайы 

сценариймен өтеді. Ашықтық, жариялы-

лық болмағаннан кейін, қомақты қаржы 

барған соң жемқорлықтың да белең алып 

кеткені сондықтан. Өзара қатынастары 

бүгінгі заман талабына сай келмейді. 

Орталықтағы ведомстволар мен жергілікті 

әкімшіліктерді салыстыруға келмейді. 

Министрліктерді басшысынан бастап 

республикалық басылымдар сынап жата-

ды. Ал облыстық газеттер мен басқа да 

ақпарат құралдары әкімдерді мақтаудан 

ары аса алмайды. Тіпті ақсақалдар да 

көпе-көрінеу мақтап кетеді. Халықтың 

бюд жеттегі ақшасы Үкімет арқылы жергі-

лік ті әкімдіктерге бөлініп жатыр. Сол қар-

жыға ауызсу тартты, жолын жөндеді екен 

деп мақтай беруге болмайды ғой. Депар-

тамент басшыларының әрбір тендер өткен 

сайын ауысуының астарында күдік көп. 

Жергілікті проблеманы ақпарат құралдары 

көтермесе, қоғам айтпаса, мәселе қайдан 

шешілсін. Сондықтан осы заң қолданысқа 

енгізілген соң да, орталықтан қатаң 

бақылау керек. Сонда ғана мемлекеттік 

деңгейдегі үлкен жобалар жүзеге асып, 

тапсырмалар орындалады деп ойлаймын. 

– Әңгімеңізге рақмет!

Сұхбаттасқан Жарқын ТҮСІПБЕКҰЛЫ

Мұрат ӘБЕНОВ, Білім және ғылым вице-министрі:

АЛАШҚА АЙТАР ДАТЫМ... 

Ақсақалдар институтын қалпына келтіруге тырысқанымыз жөн. 

Бұрындары ақпарат құралдары болмағанда қоғамның проблемасын 

басшыға айта алатын ақсақалдар қазір жоқ. Керісінше, бала-шағасының 

қамын айтып, әкімдерге жалпақтап кетті. Қазір аймақтардағы 

жұмыстардың тиянақты атқарылуына осы институттың пайдасы көп деп 

ойлаймын. Себебі қызметті материалдық құндылықтан жоғары қоятын 

ақсақалдардың рөлін күшейту керекпіз. Ол үшін қоғам соған жұмыс істеуі 

қажет.

ОҚИҒА


А

ЛАШ-АҚПАР

А

Т

АЛАШ АЗАМАТЫ



 

Ауылым экологиялық апат аймағына жата ма?

Нотариус көмекшісінің 

лауазымдық талаптары қандай?



Нотариустың көмекшісі болып қызмет ету үшін 

маманға қандай талаптар қойылатынын білуге бола 

ма?

Гүлзада ЖАРЫҚБАЕВА, Алматы қаласы

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 

2012 жылғы 21 мамырдағы бұйрығымен бекітілген 

Жетекшілер, мамандар мен басқа да қызметкерлер 

лауазымдарының біліктілік анықтамалығының 233-тар-

мағына сәйкес, нотариустың көмекшісіне төмендегі 

талаптар қойылады: а) тиісті мамандық бойынша жоғары 

білім немесе орта техникалық және кәсіби білім; ә) заң-

герлік бойынша бес жылдан кем емес еңбек өтілі.

Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданы экологиялық апат аймағына кіре ме? Егер 

кіретін болса, ол қандай заңда немесе құжатта көрсетілгенін айтып жіберсеңіздер 

екен.

Шалабай БЕКТЕМІРОВ, Ақтөбе облысы

Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданы 

экологиялық дағдарыс жағдайына жақын-

даған аймақтар қатарына кіреді. Ол ҚР 1992 

жылғы 30 маусымдағы «Арал өңіріндегі 

экологиялық қасірет салдарынан зардап шек-

кен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» 

Заңда көрсетілген. Осы Заңның 3,4,5-бапта-

рына сәйкес, эколо гиялық апат аймағына 

Қызылорда облы сы ның Арал және Қазалы 

аудандарының, Ақтөбе облысының Шалқар 

ауданының аумақтары кiредi. Ал экологиялық 

дағда рыс аймағына Қызылорда облысының 

барлық ауданы, Байқоңыр қаласы және 

облыс орталығының өзі жатады. Заңға сәйкес, 

Ақтөбе облысының Байғанин, Ырғыз, Мұғал-

жар, Темiр аудандарының, Оңтүстiк Қазақстан 

облысының Арыс, Отырар, Созақ, Шардара 

аудандарының, Түркiстан қаласының және 

Қарағанды облысының Ұлытау ауданының 

аумақтары Арал теңізінің тартылуы салдары-

нан эко ло гиялық дағдарыс жағдайына жа-

қында ған аймақ саналады.

Жалдамалы 

жұмысшылар 

газдан уланып, 

қайтыс болды

Ұшақта телефонмен 

сөйлескен адам 

жауапқа тартылуы 

мүмкін

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің 

баспасөз қызметінің хабарлауынша, қара-

шаның 13-і күні Қаскелең қаласындағы 

жеке тұрғын үйлердің бірінде пешпен 

жылыту жүйесінен ақау шыққан. Үй ішіне 

табиғи газ тарап, иіс тиген үш адам сол 

жерде қайтыс болды. Олар 21, 24 және 39 

жаста. Жас шамасы белгісіз тағы бір адам 

ауруханаға жеткізілген. Бұлардың бәрі осы 

тұрғын үй иесіне жалданып, жұмыс істейді 

екен. 


Министрлік мамандарының хабар-

лауын ша, «Қазақстан Республикасының 

кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәсе-

лелері бойынша өзгерістер мен толық-

тырулар енгізу туралы» Заңның жобасы 

Парламентке жіберілді. Жоба теміржол, 

автомобиль, әуе және су көлігі саласын да-

ғы заңнамалық базаны жетілдіруді көздей-

ді. Мамандар бұдан былай азаматтық 

авиация саласында әуе рейсінің кешігуі 

мен кейінге қалуы кезінде жолаушыларға 

қызмет көрсетпеуге қатысты жауапкерші-

лікті күшейтуді ұсынып отыр. Заң жобасы 

мүгедектерге көрсетілетін қызметті 

қолжетімді етуді, аэробекеттер қызметін 

ретке келтіруді, сонымен бірге, ұшақта 

жолаушылардың тәртіп бұзуын азайтуды 

да қарастырады. Айталық, Парламент заң 

жобасын мақұлдап жатса, әуе сапары ке-

зін де ұшақта ұялы телефон қолданған жо-

лау шы әкімшілік жауапкершілікке тарты-

латын болады. Өкілетті органға «Ұшу 

қауіп сіздігін қамтамасыз ету жөніндегі ор-

талық» кәсіпорнымен бірге әуе кәсіпорын-

дарының қызметін сертификаттау жүктел-

мек. Жаңа жоба бойынша әуе тасымалы 

нарығын ырықтандырудың екінші кезеңі 

іске асырылуы тиіс. Азаматтық авиация 

комитеті ішкі тұрақты рейстер кестесін 

бекі туге жауапты болмайды. Әуе сапар-

ларының орындалуы әуе тасымалын брон-

дау және ұшуларды жоспарлау жүйесі 

арқылы бақыланады. Бұл шаралар әуе 

көлігі жолаушылары ағымын арттыруға, 

ұшу сапарлары ауқымын кеңейтуге, әуе-

жайлар табысын молайтуға бағытталып 

отыр.

Болатбек МҰХТАРОВ

Алматы облысында үш 

адам табиғи газға 

тұншығып, қайтыс болды. 

Тағы бір адам ауруханаға 

түсті.

Әуе рейсінің кешігуі 

кезінде жолаушыларға тиісті 

дәрежеде қызмет көрсетпе-

ген әуе компанияларына 

қатысты жауапкершілік 

күшейетін болды. Сонымен 

бірге, ұшақта ұялы телефон 

қолданған жолаушылар да 

жауапқа тартылуы мүмкін. 

ҚР Көлік және коммуникация 

министрлігі көлік заңнамасы-

на сапаны жақсарту мен 

әкімшілік кедергілерді азайту 

туралы өзгеріс енгізуді 

ұсынып отыр.

№203 (885) 



15

5

.1

1

1.

1.

20

20

12

12

ж

ж

ыл

ыл



бе

бейс



йс

ен

енбі



бі

www.alashainasy.kz

e-mail: info@alashainasy.kz

y

y

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

ДАТ!

– Мұрат мырза, жаңа 

қызметіңіз құтты болсын! Жаңа 

жұмысыңызда табыстар тілейміз! 

– Рақмет!







Сі

і

зд

зд

і халық ай

й

та

т

ры

р

 бар

р

 

де

депу

пу

та

та

т 

т ре

реті

тінд

нд

е 

ке

ке

ңі

ңіне

не

н 

н

та

та

ны

ны

ды. 

Депутаттық ортада ашықтық, 

жариялылықтың лебін әкелдіңіз.

Өзіңіз депутат ретінде қатысқан 

соңғы заң жобасы туралы әңгіме-

лессек. Жақында ғана Мәжілісте 

«Мемлекеттік қызмет туралы» 

жа

жа

ңа заңның жобасын ма

а

құ

құ

лд

лд

а-

а-

ды

ды ңыздар. Бұл құжатты қ

қаб

аб

ыл

ыл-

даудың қажеттілігі болды ма?

– Кез келген заңды қабылдайтын кезде

қоғамда өзгеріс жасау  қажеттігін түсініп

алған жөн. Заңды қай кезде өзгертеді?

Қоғамд

мд

а



а

бе

бе



лгілі  бір

р

дә



дә

ре

ре



жеде

д

қажеттілік



туын

н

да



да

са

са



,

за



заңғ

ңғ

а



а 

өз

өз



ге

г

рі



ріст

ст

ер



ер

е

е



нг

нгіз


ізіл

іл

уі



у

 қажет.


Егер құжат уақытынан бұрын қабылданып

қойса  да болмайды. Себебі қоғам оған

дайын болмай шығады. Ал керісінше, кеш

қабылданып жатса, онда проблемалар

қордаланып қалады.

Бұ

Бұ



л

л

заңның қабылдануында



қ

қ

аж



аж

ет

ет



ті

т

лі



лі

к 

к 



де

де

ге



генг

нг

е келсек, қоғамда ол сөз



з

сі

сіз



з

бо

бо



лд

лд

ы



ы.

Тіпті уақытынан 2-3 жылға кешігіп қабыл-

данып жатыр. Себебі бүкіл әлемді шарпы-

ған қаржы дағдарысы бізге үлкен сабақ

болды. Көп нәрсеге көзімізді ашты. Ең

басты 


тү

тү

йг



й

ен

е



іміз – эконо

о

ми



м

каны шикізатқа

тәуе

е

лс



лсіз

із

е



ету

ту



Ал

Ал

э



эко

ко

но



о

ми

ми



ка

ка

мы



мыз

з

ши



ши

кізатқа


тәуелді  болмас үшін біз индустриялық-

инновациялық жобаларды қолға алып

жатырмыз. Біз көптеген мемлекет басынан

кешкен тек қана индустриялық қоғамға

аяқ  басып жатқан жоқпыз. Біздегі ерек-

ше

ше



лі

л

к 



к 

– инновациялығында. Әр

Әрбі

бі

р 



р 

іс

і



те

те

 



жа

жаңа


ңа

лы

л



қ  ашу  арқылы кез  келге

ген


н са

сала


лада

да

еселеп пайда табу. Халқымыздың саны 17



миллионға жетер-жетпес бүгінгідей

жағдайда әлем елдерімен экономикада

және басқа салаларда бәсекеге түсу қиын.

Иннова


ва

ци

ц



яс

я

ы жоқ болс



с

а

а



да, инду

у

стрияға



күш 

са

салғ



лғ

ан

ан



,

,

жұ



жұ

мы

мы



с 

кү

кү



ш

ші к


к

өп

өп



Қ

Қ

ыт



ыт

аймен


қалай  бәсекелесеміз? Біз тек инновация

арқылы ғана бәске түсе аламыз. Ал енді

инновациялық экономика жасау үшін ең

бірінші: ақша да емес, технология да емес,

сол істі басқаратын азаматтар керек. Кей-

бі

бі



р 

р

ад



ад

амдар оған мемлекеттік

к қ

қ

ыз



ызме

ме

т-



т-

ке

ке



рд

рд

ің



ің қандай қатысы бар деу

еу

і



і

мү

мүмк



мкін

ін

.



Алайда тікелей қатысты. Себебі қазіргі

кезеңде бүкіл инновацияны бастап отыр-

ған мемлекеттің  өзі. Яғни бастаманың

барлығы мемлекет тарапынан туындап

жатыр.

р.

Б



Б

из

з



не

н

сіміздің дең



ең

гейі әлі оған жете

қойғ

ғ

ан



ан

ж

ж



оқ

оқ



Әр

Әр

і-



-

бе

бе



рі

і

де



де

н

н со



со

ң 

ң би



би

зн

зн



еске де

қолайлы жағдай жасап отырған – мемле-

кет. Ендеше, мемлекеттегі менеджерлер

мықты болуы шарт. Бүгінгі заман талабына

сай жұмыс істейтін, инновацияға бейім

мемлекеттік қызметкерлер бар ма? Біз

со

со

ға



ға

н

н



дайынбыз ба? Өкінішке қа

а

ра



ра

й,

й



ж

ж

оқ



оқ

.

Үл



Үл

ке

ке



н

н жобалар бастап жатырмы

ы

з.

з А



А

ла

ла



йд

йд

а



а

министрліктер, жергілікті биліктер, түрлі

ведомстволар бәрі сапалы әрі тыңғылықты

атқарып жатыр деп айта алмаймын. Қазіргі

заман мобильді жұмыс істеуді талап етеді

ғой. Ақп


қп

ар

р



ат

а

 көп. Оны иг



иг

ер

р



іп, дер кезінде

шеші


шімд

мд

ер



ер

қ

қ



аб

абыл


ылда

да

у



у 

қа

қаже



жет.

т.

С



С

ол

ол



ш

ш

еш



еш

імдер-


дің уақытынан кешігіп қабылдануы кесі-

рінен көптеген жобалар баяу жүргізіліп

жатыр. Сондықтан қазіргі кезде мынандай

мәселе бар. Біз дәл қазір мемлекеттік қыз-

метте жүрген азаматтарды үйретуіміз ке-

рек. Егер үйрене алмаса, сырттан қызмет-

ке

ке

р



р

та

та



ртуымыз қажет. Біз осы

м

м



әс

әс

ел



ел

ен

ен



і

зе

зерт



рт

те

те



п көрдік. Қазіргі уақытта ме

мемл


млек

екет


етті

т

к 



к

қызметке келу тым азайып кеткен. Мемле-

кеттік қызметтегі 100 пайыз орынның тек

қана 17,6 пайызына конкурс арқылы қыз-

меткер қабылданады екен. Ал осы сала ға

жүргіз


з

іл

іл



ген

н

алғашқы  ре



р

фо

ф



рм

р

алардың



нәти

иже


же

сі

с



нд

нд

е



е  яғ

яғни


ни

20



20

00

00



-жыл


ыл

да

да



р

ры  бұл


көрсеткіш 100 пайыз еді. Айырмашылығы

жер мен көктей. Яғни конкурстан тыс қа-

был данатындар мен іштегі қызметкерлер-

дің сапырылысуының астарында тамыр-

таныстық, көзбояушылық әрекеттері

жа

жа



т 

т 

қа



а

ны жасырын емес. 



Каталог: userdata -> editions -> pdf
pdf -> Қазақтың Мұқағалиы туралы жұртшылық арасында әңгімелер
pdf -> Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет
pdf -> Ресми мәлімет бойынша, Қазақстанда жұ
pdf -> Иә, отандық ғылым ды кө­ тер мейінше, мықты мем ле кет
pdf -> Мен Абайдың ақындық мек тебі өз деңгейінде зерттеліп
pdf -> Бір тілде деп міндеттеген жоқ
pdf -> Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет
pdf -> Қазақстандағы Ұбт-ның қа лып тасқан өзіндік тәртібі
pdf -> Ерғожин ЕрлЕді Дәулет Ерғожиннің сөзіне сенсек, салық органдарында сыбайлас жемқорлықтың дең­ гейі төмендеген. Құқық қорғау орган дарымен бірігіп жасаған жемқорлықтың

жүктеу 3.59 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   26




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет