Практикум по возрастной и педагогической психологии / под ред. А. И. Щербакова / М.,1987



жүктеу 1.12 Mb.
бет1/30
Дата15.05.2022
өлшемі1.12 Mb.
#19902
түріПрактикум
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
Дәріс (3)
1618302023373, halyқ-arasynda-tez-taralatyn-zhұқpaly-auyru-tүrlerіbarsakelmes-қoryғy, 3.04.21.математика, Карасөз

1. дәріс. Жас ерекшелік психологиясы пәнінің мақсат міндеттері мен зерттеу әдістері
Дәрістің мақсаты: Студенттерге жас ерекшеліктер психологиясы бойынша практикум пәнінің мақсат міндеттерімен таныстыру, болашақ мамандығына қажетті моральдық психологиялық мағұлмат беру, мамандыққа деген қызығушылықтарын арттыру, ізденімпаздыққа баулу. Жас ерекшеліктер психологиясы пәнінің зерттеу әдістеріне түсінік беру.
Дәрістің жоспар:
1. Жас ерекшеліктер психологиясы бойынша практикумның пәні.
2. Жас ерекшеліктер психологиясы бойынша практикумның теориялық және практикалық міндеттері.
3.Ғылым ретінде жас ерекшеліктер психологиясының негізгі мәселелері.
4.Зерттеу әдістері туралы түсінік
5. Зерттеу әдістерінің түрлері
Әдебиеттер тізімі:
1.Крайг Грейс.Психология развития.СПб.:Питер,2000.
2.Алферов А.Д. Психология развития школьника.Ростов на/Дону,2000.-384 с.
3.Возрастная психология//Под ред.Л.Ф.Обуховой.М.,1996.
4.Асеев В.Г. Возрастная психология.Иркутск.,1989.
5.Возрастная и педагогическая психология//Под ред.А.В.Петровского. М.,1986.
6. Практикум по возрастной и педагогической психологии / под ред. А.И. Щербакова / М.,1987
7. Психологическая диагностика: Проблемы и исследования / под ред. К.М. Гуревича/ -М., 1991
8. Шванцара И. Диагностика психического развития - Прага, 1978
9. Шевандрин Н.И. Психодиагностика, коррекция и развитие личности -М, 1998
Жас ерекшелік психологиясы бойынша практикум пәні адам жасына байланысты психикалық өзгеруін, жеке адамның даму барысындағы психикалық қасиеттері мен онтогенездегі психикалық процестерін зерттеу болып табылады (организмнің ұрықтанудан өмірінің соңына дейінгі даму жолы). Жас ерекшелік психологиясы бойынша практикумның тармақтары: балалар психологиясы, бастауыш мектеп оқушысының психологиясы, жасөспірімдер психологиясы, ерсектер психологиясы және геронтопсихология. Жас ерекшелік психологиясы бойынша практикум- психикалық процестердің адам жасына байланысты мүмкіндіктерін және жеке адамның дамуының негізгі факторлары т.б. қарастырады. Жас ерекшелік психологиясы бойынша практикум педагогикалық психологиямен тығыз байланысты. Жас ерекшелік психологиясы бойынша практикум мен педагогикалық психологияның бірлігі олардың зерттеу объектісінің бірлігінде- ол: жас бала, жеткіншек, жасөспірім. Жас ерекшелік психологиясы бойынша практикум – адамның психикалық дамуының жас ерекшелік динамикасын және тұлғаның психикалық үрдістері мен психологиялық қасиеттерінің онтогенетикалық даму ерекшеліктерінзерттейтін психологияның бөлімі.
Онтогенез –(грек тілінен «онтос»-тіршілік және генезис, шығу тегі, пайда болуы) жеке орнагизмнің туылғаннан тіршілігін жойғанға дейінгі даму үрдісі.
Филогенез –(грек тілінен –түр, туыс және шығу тегі) организмдер топтарыныңтарихи тұрғыдан қалыспасуы, организмнің тарихи дамуы, органикалық дүниенің әр түрлі тип,отряд, туыс және түрлердің эволюциясы.
Жас ерекшелік психологиясы бойынша практикум жаратылыстану ғылымдарымен, жалпы психологиямен, педагогикамен, жеке пәндерді оқыту методикасымен, медицинасымен, педагогикалық психологиялық диагностика ғылымдарымен байланысты.
ХІХ ғасырдың ортасына дейін балалар психологиясы жалпы психологиядан бөлінбей, сол пәннің аясында болып келді. Кейін ол жалпы психологиядан бөлініп, соның бір саласына айналды. Бұған түрткі болған себептер мыналар: Ч.Дарвин (1809-1882) негізін құрған жануарлар дүниесіндегі сұрыпталу заңы; осыған орай сол ғасырдың екінші жартысында рецепторлар физиологиясының өріс алуы (Г.Гельмгольц), жүйке жүйесінің жұмысын рефлекторлық тұрғыдан дәлелдеу (И.М.Сеченов). Мұнымен қатар, жас ерекшелік психологиясы туралы мағлұматтардың жиналуына: біріншіден әсер еткен, балаға туғандардың күнделіктер жазып, соған талдау беруі; екіншіден, балалар психикасын зерттеуде эксперимент тәсілдерін кеңінен қолдануы әсер етті. Осыларға тоқталып кетсек: Ч.Дарвин өз заманында жануарлардың мінез-құлығын зерттеумен айналысып қоймай, өзіне қажет деген мағлұматтар бөбектерде кездесе ме және жануарлар балапаны мен баланың арасындағы ұқсастық бар ма деген мәселе көтерген. Осыған орай Дарвин өз баласына күнделік жазды. ХХ ғасырдың бас кезінде психологтар арасында бөбектерге күнделік жазу өріс ала бастады. Ғалымдар өз балаларын зерттеу нәтижесінде күнделікті мінез-құлықтарын, реакцияларын тіркеп отырды. Күнделік арқылы табылған фактілердің өзі бала психологиясы туралы мәліметтердің жинақталып, соның нәтижесінде бала психологиясының өзінше отау тігіп қалыптасуына ықпалын тигізді.
Мұнымен қатар ХІХ ғасырдың аяқ кезінде және ХХ ғасырдың бас кезінде бала психикасын зерттеуде эксперимент кеңінен қолданылып, осы саланың жалпы пологиядан бөлінуіне әсер етті.
Адамдарды жас шамасына қарай атау неден шыққан және оның қалыптасқан түрлері қандай? Адамдарды нақтылы өз атымен атамай, не жасына, не туыстық жағындағы немесе қоғамдық қызыметіне, беделіне қарай жанама ат қойып атау – адамды құрметтеу, кішіпейілділік көрсету, әдептілік этикасынан туған.
Адамды жас шамасына қарай атағанда, ол көбінесе мүшел жасының мөлшеріне байланысты айтылады, біз қазір адамның туған күнің, белгілі бір оқиғаның 10,20,30,40,50,60 тәрізді дөнгелек сандарға толған мерзімін – мүшел жасы, мүшелді жылы дейміз, яғни, атаулы күн, елеулі жыл деген ұғымда. Қазақ халқы көне дәуірдегі жыл санау дәстүрінде адамның әрбір 12 жыл толып 13-ші жылға пяқ басқан жасын мүшел деген. Мысалы, мүшелдер- 13,25,37,49,61,73,85,97. бұлай болып келудің себебі қазақтың жыл санауында әрбір жылға шартты түрде ат қойып есептеуіне байланысты. Қазақ 12 айды 1 жыл деп, 12 жылды 1 мүшел деп санаған.
Адамды жасына қарай атауда тағы бір еске алатын этнографиялық сәт бар. Ол – бір адамның өмірін жүз жылға мөлшерлеп, оны дәуір деп атайды, Елу жылда – ел жаңа, жүз жылда – қазан деген мәтел сөз, өлген адамға дәуір садақасы деп молдаларға мал беріп, марқұмның өмір бойғы күнәсін сатып құтылу, кейде бір ғасыр аралығын бір дәуір деп атау содан қалған салт. Жыл санаудың мүшелдік әдісі бір ғана қазаққа ғана тән емес, басқада шығыс елдерінде көне заманнаң бар тәсіл.
Қазақта адамның жасын айырушыларды «Жыл қайырушы» - деп атаған. Адамдарды жас мөлшері мен мүшелеріне қарай атауды қалыптастыруда жыл қайырушылардың да кейбір атау сөздері негіз болған. Олар бір адамның өмірін яғни, дәуірді – жас дәурен (елу жасқа дейін), орта жас – жетпіс жасқа дейін, қайтқан кез – жетпіс жастан асқан кез деп үшке бөліп атаған. Сонымен қатар жоғарыда айтылған мүшелді – балалық мүшел, жігіт мүшелі, кісілік мүшелі, кәрілік мүшел, таусыншақ жас деп тағы бес топқа бөліп атаған.
Бірінші топтағы балалық мүшелге 24 жасқа дейін, Екінші топ жігіт мүшіліне 25 жас пен 37 жас арасы, Үшінші топ кісілік мүшелге 38 бен 49 жас аралығы, Төртінші топ кәрілік мүшелге 50 жас пен 75 жас аралығы, Бесінші топ таусыншық жасқа 76 жастан әрі қараиғы жастағылар кірген адамды жасына қарай атау осы бес мүшелдін аяғын бес топқа бөлінген мүшелдін ішінен шығыды. Мысалы: балалық мүшел – нәресте – 2 жасқа дейін, сәби – 5 жасқа дейін (мұны сүндет жасы деп те атайды), бөбек – 6 жасқа дейін, қыршың – 10 жасқа дейін, жеткіншек – 13-16 жасқа дейін, қол қанат – 16-21 жасқа дейін. Бозбала шақ 17-25 жас аралығы, жігіттік шақ – 25-35 жас аралығы, ағалық шақ – 35-50 жас аралықтарына жіктелген.
Кісілік мүшел – кемелденген шақ -60-73 жас аралығын, қайтқан шақ деп-73-80 аралығын атаған кәрілік мүшел,таусыншақ деген атауға 80 жастан асқан адамдар ие бола алған. Халық тәжірибесінен алып қалыптастырған осы бір қарапайым атаулардың өзі-ақ адамның балалық пен жігіттік мүшелдерінде тез өсіп, тез толып өзгеріп отыратындығын көрсетеді. Мысалы: балалық мүшелде 6,7 шақ, жігіттік мүшелде 4,5 шақ болса, одан арғы мүшел жастарында шақтардың атауы азая береді. Бұл аталғандардың бәріне тоқтала бермей, жоғары оқу орындары студенттерінің ізбасарлары - балаң жас өкілдері- бозбалалар мен бойжеткендер жан дүниесі ерекшеліктеріне ғана тоқталайық:
Жас мөлшері жігіттік пен жасөспірімдік шақтың аралығынан табылатын 15-17-дегі, кейбірі әлі де мектепте оқитын, енді біреулері түрлі қызметте жүрген балаң жастағылардың осы кезде бойлары өсіп, салмағы артып, кескін-келбеті де ересек адамға жақындайды, жан қуаттары мен дене күшінің мүмкіндіктері арта түседі. Жас адамның жыныстықи жағынан жетіліп, өзінің жан дүниесіне ерекше үңіле түсуі, құрбы құрдас, жора-жолдастарымен қарым-қатынас жасауға аса ынталы болуы, бойымен қатар ақыл ойының да біршама толысуы-осы жастағыларға тән негізгі психологиялық құрылымдар.
Жастық шақ- адам өмірінің көктемі. Бұл жайлы халқымыз жеріне жеткізіп айтқан. Мәселен «Ақыл-жастан», «Жастық-жалын», «Болар елдің баласы он бесінде баспын дер», «Жігіт болсаң шоқ бол, шоқ болмасаң жоқ бол» секілді бозбалалық шақ –адамның ақыл-ойы қауырт өсетін қажырлы іс-әрекетке, қимыл-қозғалысқа аса құштар, албырт, романтикалық кез екенін өте дәл бейнелейді. Жастық шақтың ең басты белгісі- адамның жаны мен тәні саналық,сандық жағынан да үлкен өзгерістерге түсуінде. Осы жаста адамның қоғамдық белсенділігі артады, сана сезімі өседі, жан қуаттары шыңдала, молая түседі. Ол өзі өмір сүретін ортадан тиісті орнын алуға тырысады., қоршаған ортаға сын көзбен қарай бастайды.
Бұл жастағыларда өзін-өзі бағалауға талпыну, рухани өмірге қызығу, имандылық пен адамгершілік идеялары оянып, кемелдене бастайды. Халық даналығы жастарға қызығы мол, қайтып оралмайтын, кейін іздесең де табылмайтын адам өміріндегі осынау қызықты кезеңді ьос өткізсең- оның орнын еш уақытта толтыра алмайсың дей келіп, бұл кезде ғылым- білімді, өнердің, сан алуан түрлерін меңгеруге адамның мүмкіндігі мол болатынын, сол себепті оған көп оқып, үлкендерден тағылым алып, үйрене, біле берудің керектігін әдейілеп ескертеді, олардың еңбек сүйгіш, көпшіл, белсенді, өнегелі азамат болуын аңсайды. Әрбір ғылым дамып, қоғамның даму деңгейінен қалыспай отыруы үшін, зерттеу әдістерін қолданып, сол пәннің мазмұнын байытып, кеңейтіп, жаңа табыстарға жетіп отыруы керек. Сондықтан да психология ғылымының да өзіне лайықты адамдардың психикалық әрекеттерінің өсіп-даму заңдарын зерттейтін жолдары, зерттеу тәртібі, ережелері, яғни зерттеу әдістері болуы қажет. Психологиялық зерттеуді ұйымдастыру әр түрлі болуы мүмкін. Көбінесе кесінді әдісі арқылы дамудың белгілі бір аспектісін зерттейді, мысалы, интеллектуалды даму деңгейін. Нәтижесінде осы топқа тән мәлімет алады. Бірнеше кесінді жасағанда салыстырмалы әдіс қолданылады: топтар бойынша мәліметтерді салыстырады.

жүктеу 1.12 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет