Практикалық конференциясының м а т е р и а л д а р ы



жүктеу 5.21 Kb.

бет6/45
Дата09.01.2017
өлшемі5.21 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45

ИНТЕРНЕТ-ЗАВИСИМОСТЬ МОЛОДЕЖИ ОТ СОЦИАЛЬНЫХ СЕТЕЙ 
КАК ПРОБЛЕМА СОВРЕМЕННОСТИ 
 
БАЯХАНҚ.С. 
Студентка 3 курса специальности « Педагогика и психология», 
Казахстанский инновационный университет, г. Семей 
Научный руководитель: КУРЕБАЕВЕ.А. 
Ст. преподаватель, Казакстанский Инновационный Университет, г. Семей 
 
Цель: исследовать причины зависимости молодых людей от социальных сетей и 
разработать  рекомендации  и  программу  по  профилактике  зависимости  молодежи  от 
социальных сетей. 
Задачи научного исследования: 
1)    проанализировать зарубежный опыт работы с интернет-зависимыми людьми
2)     провести  социологическое  исследование,  позволяющее  выявить  причины, 
степень привыкания молодежи к социальным сетям в г. Семее; 
3)     разработать  программу  и  рекомендации  по  профилактике  зависимости 
молодежи от социальных сетей. 
Достаточно сложно представить сегодняшнюю жизнь людей любых возрастов без 
доступа  к  интернету.  Он  является  неоспоримым  благом  цивилизации  и  во  многом 
упростил нашу жизнь. Интернет-магазины позволяют совершать покупки, не выходя их 
дома,  он-лайн  трансляции  заменили  нам  телевизор,  новости  и  прогноз  погоды 
обновляются  каждую  минуту.  Но  есть  еще  один  важный  фактор,  из-за  которого 
школьники липнут к экранам монитора сутками - социальные сети.  
Практическая значимость исследования состоит в том, что проблема понимания и 
предупреждения  возможного  негативного  воздействия  социальных  сетей  на  молодежь 
является на данный момент времени практически неопределенной как для специалистов 
(врачей, психотерапевтов, специалистов по социальной работе, психологов и педагогов), 
так и для родителей. В целом, несмотря на необходимость срочных превентивных мер по 
снижению  молодежной  интернет-зависимости,  не  разработаны  даже  примерные 
руководства  по  диагностике  таковых  у  школьников,  и  тем  более  по  профилактике  их 
возникновения.  Поэтому,  очень  часто  родители  или  специалисты  сталкиваются  уже  не 
столько с появившейся проблемой, сколько с последствиями разной величины. В нашем 
исследовании  будут  представлены  профилактическая  программа,  рекомендации  для 
специалиста  по  работе  с  интернет-зависимой  молодежью,  а  также  квалификационная 
характеристика специалиста по социальной работе в данной области проблематики. 
Актуальность 
исследования 
обусловлена 
возрастающим 
разнообразием 
социальных  сетей,  которое  привлекает  современных  подростков.  В  последнее  время 
одной  из  основных  форм  проведения  досуга  молодежи  стало  времяпрепровождение  в 
социальных сетях. По всемирной статистике, около 50 % населения состоят в какой-либо 
социальной сети, а некоторые даже в нескольких сразу. В наше время существуют такие 
социальные  сети  как:  «Вконтакте»,  «Одноклассники»,  «Мой  мир»,  «Мой  круг», 
«Соратники»,  «Мир  тесен»,  и  мн.  др.  В  основном,  социальные  сети  вызывают  особый 
интерес у подростков. Например, 96 % молодых людей общаются в социальных сетях. И 
по  результатам  интернет-опроса  среди  подростков  они  действительно  вызывают 
зависимость.  По  мнению  российских  ученых,  несколько  лет  назад  зависимость  от 
интернета составляла всего 26  %. Но  с появлением в интернете социальных сетей этот 
показатель вырос в 4 раза . 
Таким  образом,  многие  ученые  заинтересованы  в  изучении  проблемы  интернет-
зависимости  людей.  Социальные  сети  и  их  влияние  на  здоровье  человека  изучают 

40 
 
многие ученые: Кимберли Янг, Якоб Леви Морено, Н. Н. Алексенко, М. А. Шаталина, Л. 
О.  Пережогин,  Джеймс  Шуровьески  Стэнли  Мильграм,  Джеймс  Барнсон,  Е.  В. 
Шумакова и др. 
Несмотря  на  то,  что  интернет-зависимость  молодежи  от  социальных  сетей  не 
может  не  вызывать  острый  научный  и  практический  интерес  и  тревогу  психолого-
педагогического  сообщества,  в  научной  литературе  эти  вопросы  недостаточно 
разработаны и освещены. Отсутствуют обучающие пособия и рекомендации, в которых 
были  бы  систематизированы  сведения  о  видах  профилактической  и  терапевтической 
работы с молодежью, зависимой от социальных сетей, а также в целом, от Интернета.  
Проблемаинтернет-зависимости  молодежи  от  социальных  сетей  носит 
актуальный  характер.83,3  %  родителей  считают  деятельность  по  профилактике 
компьютерной  зависимости  у  подростков  в  настоящее  время  необходимой, по  причине 
быстрого  развития  информационных  технологий.  Помимо  этого,  среди  студентов  и 
учеников школ много людей с диагнозом «сетевых наркоманов», это число составляет 40 
%. По статистическим данным российских ученых, занимающихся похожей проблемой, 
в  России  социальную  сеть  «В  контакте»  ежедневно  посещают  30  млн.  пользователей, 
«Одноклассники»  22  млн.  и  в  сетевой  портал  «Facebook»  заходят  13  млн.  человек  [1, 
с.40].  Наиболее  популярными  сетевыми  порталами  для  опрошенной  молодежи:   «В 
контакте»  –  94  %,  «Одноклассники»  –  90  %,  «Мой  мир»  –  83  %,  «Facebook»  –  66  %, 
«MySpace» – 18 %, а также в рамках своего варианта ответа были названы такие сетевые 
коммуникации, как «ICQ», «Twitter», «Фотострана» и др. Причины, по которым молодые 
люди  тратят  все  свое  время  в  социальных  сетях,  объясняется  разнообразным 
количеством  возможностей  в  них.  По  данным  проведенного  нами  исследования,  20  % 
молодых людей пользуясь различными приложениями в социальных сетях – играют, еще 
20  %  заводят  новые  знакомства,  причем  все  20  %,  выбравшие  этот  вариант  ответа, 
оказались  девушки.  Самый  популярный  вариант  ответа,  на  вопрос  «С  какой  целью  Вы 
проводите  время  в  социальных  сетях?»  оказался  «общение  с  одноклассниками, 
одногруппниками,  друзьями  и  др.».  Так  ответило  80  %  опрошенной  молодежи,  что 
доказывает  нам  еще  раз  о  наличие  у  современного  поколения  проблем  с  общением  в 
реальном  мире.  Исходя  из  этого  результата,  следует  отметить,  что  необходима 
профилактическая  работа  с  подростками,  молодыми  людьми  и  их  родителями  как  в 
средних общеобразовательных учреждениях, так и в вузах.  93 % опрошенных молодых 
людей  сами  отметили  тот  факт,  что  социальные  сети  действительно  постепенно 
затягивают и время в них проходит незаметно. 
В развитых странах лицензированы и открыты клиники для  людей, страдающих 
интернет-зависимостью. В России тоже лечат людей с данным диагнозом, но в основном 
медикаментозным  методом  и  в  клиниках  для  людей,  страдающих  различными 
психическими  расстройствами. В  связи  с  созданием  таких  клиник,  учреждений  либо 
отделений  возникает  необходимость  в  соответствующих  кадрах.  Поэтому  в  настоящий 
момент  мы  разрабатываем  рекомендации  и  квалификационную  характеристику 
специалиста по социальной работе с интернет-зависимой молодежью. 
 
МЕКТЕПКЕ ОҚЫТУҒА БАЛАНЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДАЯРЛЫҒЫ 
 
БАЯХАН Қ.С., ОСПАНОВА К.Б. 
Семей қаласының Қазақстан Инновациялық Университеті, педагогика және 
психология мамандығының студенттері 
Ғылыми жетекшісі: АБИЛЬМАЖИНОВА О.С. 
Семей қаласының Қазақстан Инновациялық Университеті, аға оқытушы 
 

41 
 
Халқымыз балаға қашанда ерекше мән берген, өйткені бала біздің болашағымыз, 
өміріміздің  жалғасы.  Сондықтан  қазіргі  заманда  жас  ұрпаққа  сапалы  білім  мен  саналы 
тәрбие  беру  отбасы  атты  әлеуметтік  құрылымның  ең  маңызды  міндеті.  Отбасы  –  адам 
баласының  түп  қазығы,  алтын  ұясы.  Адам  баласы  шыр  етіп  дүниеге  келген  күннен 
бастап, сол ортаның ыстық-суығына көніп, осында ер жетеді. 
Қазақстан  Республикасы  Президенті  Н.Ә.Назарбаев  Қазақстанның  бәсекеге 
қабілетті шығармашыл жеке тұлғаны қалыптастыру арқылы, дамыған 50 елдің қатарына 
қосылуға  дайындық  барысында  білім  беру  саласында  да  көп  реформалар  жасалу 
қажеттігін  атап  көрсетті.  Еліміздің  білім  беру  жүйесіндегі  реформа  жас  ұрпақтың 
әрқайсысының жеке тұлға ретінде қалыптасуында маңызды мәселелерді  шешудің түрлі 
жолдарын  қарастыруды  көздейді.  Бет  бұрыс  әлемдік  жаһандану  заманына  алғашқы 
қадам болып табылады. Әр жас өркеннің азамат болып қалыптасуын қамтамасыз ететін 
қоғамдағы негізгі де, жауапты сала, ол – білім және тәрбие беру жүйесі.  
Елдің  елдігін  сақтап,  көркейтетін,  басқа  елмен  терезесін  тең  етіп  өркендететін, 
сондай-ақ  болашағын  айқындап  та  беретін  осы  білім  мен  тәрбие  беру  ісі.  Жас  ұрпаққа 
білім  беру  мәселесі  отбасынан  бастап,  еліміздің  қоғамдық  жүйесін  толық  қамтиды, 
сондай-ақ оның әрбір мүшесінен тыс қалмайды. Ондағы мектепке дейінгі тәрбиенің рөлі 
ерекше. 
Қазіргі  таңдағы  қоғам  ұрпақтың  білімі  мен  тәрбиесіне  ерекше  көңіл  аудара 
отырып, сапалы білім беру талаптарын қойып отыр. Балалардың өмірі мен денсаулығын  
қорғау,  оларды  тәуелсіз  мемлекетіміздің  білімді,  білікті,  мәдениетті  азаматы  етіп 
тәрбиелеу  барысында  жасалып  жатқан  жұмыстар  өмірімізге  еніп  жатқан  жаңалықтар 
осының дәлелі. 
Егеменді  еліміздің  болашақ  азаматтарын  тәрбиелеуде  елеулі  үлес  қосып, 
сәбилерге  ұлттық  тәлім-тәрбие  бере  отырып,  5-6  жастағыларды  мектепке  дайындау  ісі 
отбасылар  мен  балабақшаларда  берілетін  білім  мазмұнын  жаңарту,  оның  біртұтас 
жүйелігінің  сақталуын  қамтамасыз  етуді  мақсат  етеді.  Сондықтан  да  5-6  жасар 
балаларды  мектепке  даярлау  мәселелері  ата-аналар  мен  ұстаздар  қауымын  ерекше 
толғандырады. 
Қазақстан  Республикасының  2015  жылға  дейінгі  «Білім  беруді  дамыту 
тұжырымдамасында» 5-6 жастағы бала міндетті түрде мектепке дайындықтан өтіп баруы 
тиіс делінген. Онда баланы оқыту, бағдарламаның үйлесімділігі, оны шаршаудан қорғау 
мақсатында оңтайлы жүктемемен қамтамасыз ету, денсаулығына назар аудару, баланың 
оқуға деген құштарлығын арттыру көзделген. 
Мектепалды  даярлықтың  негізгі  мақсаты  –  5-6  жасар  баланың  дене  дамуы  мен 
психологиялық саулығын қорғау және нығайту, ақыл-ойын жетілдіру, олардың бойында 
қарапайым  білім  негіздерін,  іскерлік  пен  дағдылардың  алғы  шарттарын  пайымдай 
отырып, бастауыш мектепте білім алуға қажетті бастапқы мүмкіндіктермен қамтамасыз 
ету. 
Л.А.Венгер,  В.В.Холомская  және  басқа  ғалымдардың  зерттеулері  мектепке 
дейінгі  балалардың  мектепке  даярлығы,  балабақшадағы  оқыту  деңгейін  анықтады. 
Өзінің тұстастары және ересектермен қатынас жасау дағдысының, оқу-танымдық әрекеті 
бірлігінің,  мектепте  оқуға  әлеуметтік-психологиялық  даярлығының  төмендеу  болуы 
мектеп  жасына  дейінгі  баланың  дербес  дамуындағы  бірден-бір  үлкен  бөгет.  Жеке 
тұлғаны  қалыптастыруда  мектепке  дейінгі  5-7  жастағы  ересек  балаларды  қамтитын, 
мектепке даярлаудың мақсатты және жүйелі жұмыстардың атқарар рөлі зор. 
Мектепте  оқытуға  баланың  психологиялық  даярлығы  мектепке  дейінгі  балалық 
шақ  кезіндегі  психологиялық  дамудың  басты  қорытындыларының  бірі.  Алты  жасқа 
келгенде бала күнделікті әңгімелесу кезінде қиын тапсырмалар жүйесін белгілі деңгейде 
игереді. Алты жастағы бала контекстік сөз деңгейінде қарым-қатынас жасауға қабілетті 
болады,  оның  сөзінен  не  туралы  айтылатындығы  жеткілікті  түрде  толық  суреттеледі. 

42 
 
Мектепке  дейінгі  жастағы  балалардың  қиялы  көбінесе  ықтиярсыз  келеді.  Баланы 
толғандырған  жағдай  оның  қиялының  негізі  бола  алады.  Сезімнің  арқасында  балалар 
ертегілерді,  тақпақтарды  ойлап  шығара  алады.  Көптеген  жағдайларда  бала  өзінің 
шығармасының қандай болатының өзі де білмейді. Күні бұрын қойылған мақсат арқылы 
бағытталған  арнайы  қиял  мектепке  дейінгі  кішкентайлар  мен  естияр  жастағыларда 
болмайды.  Арнайы  қиял  мектепке  дейінгі  ересек  шақта  іс-әрекеттің  жемісті  түрлерінің 
даму процестерінде балалар құрастыра білуді үйрене бастаған кезде қалыптаса бастайды. 
Ықтиярлы,  арнайы  қиялдың  дамуы  да  зейін  мен  ес  ықтиярлы  формаларының  дамуы 
сияқты  баланың  мінез-құлқының  сөзбен  реттелуінің  қалыптаса  бастауындағы  жалпы 
процестің бір жағы болып табылады.  Іс-әрекеттің жемісті түрлеріндегі  мақсат қою мен 
ойды құру жетекшілігі сөз арқылы жүзеге асады. 
Мектепке  баратын  және  барған  балалардың  оқу  жұмысын  ұйымдастырудың 
негізгі формасы – уақыты әр минутына дейін есептелген сабақ. Сабақта балалардың бәрі 
мұғалімнің  нұсқауларын  қадағалап,  оларды  дәл  орындауы,  алаңдамауы,  бөгде  іспен 
айналыспауы  тиіс.  Мектеп  жасындағы  баланың  өмірі  мен  іс-әрекеті  жағдайларының 
барлық  осы  ерекшеліктері  оның  өз  басының  әр  түрлі  жақтарына,  оның  психикалық 
қасиеттеріне,  білімдеріне,  қабілеттеріне  жоғары  талаптар  қояды.  Баланың  ерік 
қасиеттерінің  дамуының  үлкен  мәні  бар,  онсыз  бала  өзінің  мінез-құлқын  саналы  түрде 
реттеп,  оны  оқу  міндеттерін  шешуге  бағындыра,  сабақта  өзін  ұйымшыл  түрде  ұстай 
алмайды. Баланың тек сыртқы мінез-құлқы ғана емес, сонымен бірге ақыл-ой әрекеті де, 
оның зейіні, есі, ойнауы – ықтиярлы болуы тиіс. 
Мектеп  жасына  дейінгі  балалық  шақтың  даму  қорытындысы  бұл  -бала  мектеп 
жағдайларына икемделетіндей оқуға жүйелі түрде кірісе алатындай жағдайлардың алғы 
шарттары.  Мұндай  алғы  шарттарға  алдымен  мектеп  баласы  болуға,  байсалды  іс- 
әрекетпен  шұғылдануға  оқуға  деген  ынталану  жатады.  Мектепке  дейінгі  шақтың 
соңында  мұндай  ынта  балалардың  басым  көпшілігінде  пайда  болады.  Бала  үшін  оқу 
жұрттың бәрі қадірлейтін саналы іс-әрекет болады. 
Мектепке    психологиялық  даярлықтың  ерекшелігі  -  дәстүрлі  түрде  тек  мектепке 
тән  саналатын  сауаттану,  санау,  арифметикалық  есептерді  шығару  сияқты  кейбір 
арнаулы  білімдер  мен  дағдыларды  меңгеруі.  Балалық  шақтан  мектепке  өту  –  баланың 
өмір  сүру  салтын  түбірімен  өзгертеді,  ол  оқу  арқылы  білім  игеріп  қана  қоймай, 
күнделікті  міндетті  еңбек  ету  арқылы  қоршаған  ортаға  бейімделе  бастайды.  6-7  жаста 
танымдық жүйесінің қарқынды жетілуі оның мектепке оқуға бейімделуінің басты себебі 
болып табылады.  
Г.А.Урунтаеваның  пікірі  бойынша  осы  жаста    көңіл  аударудың,  бір  нәрсеге 
тұрақты  назар  салып  көңіл  аударудың  тұрақтылығы  көбейеді.  Көңіл  аудару  процесі 
біршама  тұрақтанады.  Кейбір  бастауыш  мектеп  жасындағы  мектепке  даярлығы  жоқ 
балалардың  ішінде  өздігінен  көңіл  аудару  мен  таңдап  қабылдай  алудың  жоқтығы 
байқалады. 
Физиологтардың  мәліметі  бойынша,  баланың  психикалық  және  тәндік  даму 
ерекшеліктерін  анықтайтын  ми  бөлігі  ересек  адамдардағыдай  қалыптасқан.  Бірақ, 
ағзаның  қалыптасуы  әлі  аяқталмаған,  ерікті  қасиеттері  әлсіз,  зейіні  тұрақсыз,  оқуға 
мотивациясы осалдау екенін ұмытпау керек.  
В.П.Герасимова  деректері    бойынша  көңіл  бөлудің  көлемі  5-6  жаста  аз,  үлкен 
адамдардан қарағанда көңіл аударудың бөлінуі төмендеу. Бала біруақытта мұғалімді де 
тыңдап,  кітапты  да  оқи  алмайды.  Кіші  мектеп  жасындағы  балаларда  көңіл  аудару 
тұрақтылығы аз ғана, бұл жастың әлсіздік жағы -  тежелу процесі.  
Мектепалды  жасындағыларда  есте  сақтаудың  дамуы  еріксіз  түрден  ерікті  есте 
сақтауға ауысудың түрі болып табылады. 
Көптеген  авторлардың  пікірі  бойынша  ерікті  және  еріксіз  есте  сақтау  өзінің 
кезегінде  мотив  пен  іс-әрекеттің  құрылымынан  тұрады.  Оқу  процесі  кезінде  баланың 

43 
 
есте  сақтау  қабілеті  ерікті  түрде  болады.  Есте  сақтау  өнімділігінің  көрсеткіші  артады. 
А.Д. Алферова пікірінше балалардың есте сақтау қабілетінің  төмен болуы, олардың есте 
сақтау процесін дұрыс ұйымдастыра алмауында, айтылған сөзді сөзбе-сөз қылып жаттау 
алуларында, бұл тілдің дұрыс дамуына да әсер етеді. 
Оқудың  әсерінен  балалардың  есте  сақтауы  2  бағытта  дамиды:  сөздік-логикалық 
есте  сақтау  және  сақтауды  өздігінен  реттеу  және  қайта  жаңғырту.  Н.В.Гуткина  пікірі 
бойынша  балалардың  есте  сақтау  қабілетін  дамыту  үшін  логикалық  есте  сақтауды 
дамыту  керек,  сөздік-мағынаны  есте  сақтау  танымдықты  дамытады  және  баланың 
танымдық іс-әрекетін кеңейтеді. Мектепке дейінгі балалық шақта сипап сезу және көріп, 
тану,  заттарды  бақылау  жүйелі  және  ұйымдастырылған  түрде  болады.  5-6  жаста 
объектіні  тану  100%-ға  болуы  мүмкін.  Мектепалды  даярлық    тобындағы  балаларда 
қоршаған  әлемді  зерттеуге  бағыттала  құрылған  танымдық  белсенділік,  оның 
қызығушылығы таусылғанша, зерттелу объектісіне ұзақ уақыт зейінін жұмылдырады. 5-
7 жаста бала маңызды ойынмен ойнайтын болса, онда ол 2-3 сағат ештеңеге алаңдамай, 
ұзақ уақыт өнімдіі іс-әрекетке де зейінін шоғырландыра алады (сурет салу, құрастыру). 
Алты  жасар  баланың  еркінің  дамуында  өзара  байланысты  үш  жағын  бөліп 
көрсетуге  болады:  бұл  біріншіден,  мақсаттылықтың  дамуы;  екіншіден,  іс-әрекеттің 
мақсатымен  олардың  мотивтерінің  арасында  қарым-қатынас  орнату;  үшіншіден, 
реттелген сөз рөлін күшейту. 
Л.С.Выготский  алты  жастағы  балалар  ситуативті  жағдайдан  тікелей  іс-әрекетке 
өтеді,  әлеуметтік  ереже  мен  талаптарға  бағынып  және  соңғысына  өте  сезімталды 
қарайды деп анықтаған. 
Алты  жастағы  балалардың  сөздік  дамуы  негізгі  екі  бағытта  жүреді:  біріншіден, 
қарқынды түрде сөздік қоры көбейеді және морфологиялық жүйесін игереді; екіншіден, 
сөз-танымдық прцестерінің құрылуын қамтамасыз етеді, олар зейін, қабылдау, ес, қиял, 
ойлау.  
Ақыл-ойдың  жұмыс  істеу  қабілеттілігі  мидың  даярлығы  мен  оның 
функционалдық  шынығуына  байланысты.  Ақыл-ойдың  қабілеттілігіне  әсер  ететін 
факторлардың қатарына оқу жүктемесі мен күнтізбенің дұрыс жасалуы және оның дұрыс 
қойлуы, ұзақ отыру мен көп қозғалмау бала ағзасының тез шаршауына әкеледі. Жұмысқа 
қабілетінің  жоғарылығы  баланың  сол  пәнге  бейімділігіне  де  байланысты.  Ақыл-ойдың 
жұмыс  істеу  қабілетінің  көрсеткіші  оқудың  күндік,  апталық  және  жылдық  өзгерісіне 
байланысты. Көптеген авторлардың пікірі бойынша жұмыс қабілетінің жоғары болуы 8-
ден 11-ге дейінгі сағат аралығында болса, оның төмендеуі түс мезгілі мен түстен кейінгі 
уақытта болады. 
Мектепке  келген  бала  физиологиялық  және  әлеуметтік  жағынан  да  даяр  болуы 
керек. Бала ойлау операцияларын орындай алуы керек, тіл табыса білуі керек, сабақтарға 
бейімделе  және  әр  пәнді  ажырата  білуі,  сыртқы  ортаны  ажырата  білуі,  өз  іс-әрекетін 
бақылап,  өз  ісіне  жауапкершілікпен  қарай  білуі  керек.  Сондықтан  баланың  мектепке 
дейінгі даярлығы – комплексті  ұғым, әр қырынан және баланың барлық  өмірі жағынан 
қарастырылуы тиіс. 
 
ОТБАСЫ – ТӘРБИЕ БАСТАУЫ 
 
БИСЕНОВА Ж.О. 
Алматы Университеті «Биология» мамандығының 3 курс студенті 
Ғылыми жетекші:  ҚАРИЕВ Ә.Д. 
Алматы университеті педагогикалық кафедрасының аға оқытушы, п.ғ. магистрі  
 
Отбасы  –  адам  үшін  ең  жақын  әлеуметтік  орта.  Отбасы  белгілі  дәстүрлердің, 
жағымды  өнегелердің  мұралар  мен  салт-дәстүрлердің  сақтаушысы.  Отбасында  бала 

44 
 
алғаш  рет  өмірмен,  қоршаған  ортамен  танысып,  мінез-құлық  нормаларын  игереді. 
Отбасы баланың азамат болып өсуінің негізі болып табылады. 
Отбасының  басты  қызметі  баланы  тәрбиелеу.  Отбасы  тәрбиесі  –  бұл  жалпы 
тәрбиенің  ең  басты  бөлігі.  Ата-ана  және  отбасы  мүшелері  жас  нәресте  дүниеге  келген 
күннен  бастап,  оның  өміріне  қамқорлық  жасап,  болашағын  жоспарлайды  және  саналы 
азамат  болып  өсуі  үшін  қажет  жағдай  жасайды.  Бұған  баланың  қажеттігін  толық 
қанағаттандыру,  оны  дене  және  ой  еңбегіне  үйрету,  күн  тәртібін  дұрыс  реттеуге  , 
салауатты  өмір  сүруге,  адал  болуға  тәрбиелеу,  жақсылықты  үйретуге,  жамандықтан 
жиренуге  үйрету,  бойында  жастайынан  мәдени  құндылықтар  мен  адамгершілік 
қасиеттерді қалыптастыру жатады.  
Қазақ  отбасы  тәрбиесінің  өзекті  мәселелері  педагог-  ғалымдар  С.  Қалиев, 
М.Смайылова,  М.Оразаев,  С.  Ұзақбаева,  К.  Қожахметова,   Ж.Б.  Қоянбаевтардың 
еңбектерінде жан-жақты сөз болған. 
Әр халықтың бала тәрбиесіндегі өзіндік ерекшеліктері арқылы сол халық отбасы 
тәрбиесінің де өзіне ғана тән мәдени құндылықтары қалыптасады. 
Қазақ  отбасы  тәрбиесінің  өзіне  тән  ерекшеліктері  оның  халықтық  педагогика 
мұраларының  мазмұны  мен  түрлерінде  бейнеленген.  Көне  заманнан-ақ  қазақ  халқында 
жазбаша  педагогикалық  еңбек  жазып  қалдырмаса  да  білгір  педагогтар,  тәрбиешілер, 
ұстаздар  болған.  Олар  өз  көзқарастары  мен  әрекеттерінде  белгілі  бір  дәстүрлі 
дүниетанымды  ұстанып,  халықтың  мұраттары  мен  арман  тілектеріне  сүйеніп  отырған.  
Қазақ  отбасында  дене,  еңбек,  ақыл-ой,  адамгершілік,  экономикалық,  экологиялық, 
құқықтық,  сұлулық  тәрбиелері  жүргізілген.  Қазақ  отбасында  аталған  тәрбие  түрлерін 
жүзеге  асырудың  мақсаты  жан-жақты  жетілген  азамат  тәрбиелеу  болды.Отбасындағы 
дене  тәрбиесінің  мақсаты  бала  денесін  дамыту,  денсаулығын  нығайту,  ағзасын 
шынықтыру және күн тәртібін дұрыс ұйымдастыруға, салауатты өмір салтына тәрбиелеу 
болды.  
Қазақ халқы еңбекті бүкіл тәрбие жүйесінің күретамыры деп қарастырды. Еңбекке асыл 
мұрат  деңгейінде  қарады.  Еңбек  тәрбиесі  деп  баланы  еңбекке  сүйіспеншілікпен,  еңбек 
адамдарына  құрметпен  қарауға,  халық  шаруашылығының  салаларындағы  еңбек 
түрлеріне  баулу,  еңбек  іс  –  әрекетінің  барысында  олардың  дағдысы  мен  іскерлігін 
қалыптастыру,  болашаққа  мамандық  таңдауға  дайындауды  түсінді.  Отбасында  еңбекке 
тәрбиелеу,  баулу  мен  кәсіптік  бағдар  беру  баланың  қоғамға  пайдалы  ,  өнімді  еңбекке 
тікелей  қатысуы  оқуға  деген  сапалы  көзқарасты  тәрбиелеудің,  жеке  адамды 
адамгершілік  және  зиялылық  жағынан  қалыптастырудың  негізгі  көзі  болып  табылады. 
Қазақ  отбасы  баланы  қоғамның  моральдық  нормасын  орындауға  қатыстыру,  олардың 
тәртіп  және  мінез  құлық  тәжірибесін  қалыптастыру,  Отанға,  халқына,  еңбек  және 
қоғамдық  іс-әрекетке  жауапкершілік  сезімін  тәрбиелеу  арқылы  адамгершілікке 
тәрбиелей 
білді.  
Сондай-ақ,  қазақ  отбасында  адам  зиялылығының  негізі  –  ақыл-ой  тәрбиесі  деп 
есептелінді. Ақыл-ой тәрбиесі арқылы баланы ойлау іс-әрекетінің шарты болатын білім 
қорымен  қаруландыру,  негізі  ойлау  операцияларын  меңгерту,  зиялылық  біліктері  мен 
дүниетанымын  қалыптастыру  міндеттері  шешілді.  Тәрбиенің  басқа  да  салаларымен 
тығыз  байланысты  тәрбиенің  түрі  экономикалық  тәрбиеге  де  қазақ  халқы  ерекше  мән 
берген.  Қазақ  халқы  бала  тәрбиелеуде  экономикалық  тәрбие  деген  ұғ,ымды 
пайдалабағанымен,  тәрбиенің  бұл  түрі  отбасында  мақал,  өсиет  айту,  өнеге  көрсету 
арқылы  жүзеге  асқан.  Мысалы,  «Еңбегі  қаттының  ембегі  тәтті»,  «Еңбек-  өмірдің 
тұтқасы,  тіршіліктің  көзі»,  « Еңбек  –  түбі  береке»,  «Үнемшілдік-сараңдық  емес»,  «Ескі 
киімді  баптағаның,  жаңа  киімді  сақтағаның»,  «Сараң  дүниенің  малын  жыйса  да 
тоймайды»  деген  мақалдары  дәлел  бола  алады.  Бұл  ата-бабамыздың  экономикалық 
тәрбиенің  негіздері  еңбек  тәрбиесінде  екенін  жақсы  түсінгенін  байқатады.  Қазақ 

45 
 
отбасында экономикалық тәрбие арқылы айырбас, бөлісу және табыс табу сияқты негізгі 
экономикалық қатынастарды тәжірибеде меңгеру жүзеге асты.  
Ағылшын отбасы баланы  ішкі әлемінен аз қорғайды. Олар баланы  өз ортасында, 
өз  құрбыларымен  қатар   өскендіктерін  қалайды.  Сол  себепті   бала  кішкентай  кезінен 
бастап   өз  өзіне  жауап  бере  алатын  және  әлеуметтік  жауапкершілігі  бар  тұлға  болып 
қалыптасады. 
Ағылшын жасөспірімінің   білімі аз болғанымен,  қарым-қатынаста адамгершілік 
қасиетінің жоғары екенін, үлкендер арасында   басқа  шет елдік құрбыларынан гөрі өзін 
өте  жақсы  ұстай  алатындығын  көрсете  біледі.  Өзінің  жанұясына  жақындығы  да  аз 
сезіледі,  алайда   қоршаған  әлеуметтік  ортада  өзінің   құқығы  мен  міндеттерін  жақсы 
біледі. 
Әлеуметтік  жауапкершілікке   тәрбиелеу   Британияда  ең  басты  адамгершілік 
характердің  бірі  болып  есептеледі.  Саяси-қоғамдық  жауапкершіліктер  белгілі  бір 
жаттығулар  мен  оқытудың  арқасында  емес,  олар  бала  бойына  ағылшын  біліміне 
бағытталған тәрбие мен әр түрлі  бағыттағы еркін еңбектің өмірлік тәжірибелері арқылы 
сіңіріледі. 
Өз қалау бойынша  еңбекке араласу  ағылшындықтар үшін  кең таралған және  игі 
іс  болып  есептеледі.  Өз  сөздеріне  қарағанда  ағылшындықтар   қызметтік  міндеттемесі 
жоқ  кез-  келеген  жұмысқа   өте  үлкен   ықыласпен  беріледі,  ал  қоғамдық  міндет  олар 
үшін  «әлеуметтік хобби». 
Қорыта  айтқанда,  ағылшындықтарУ.Черчиллидің:  «Егер  жалғыз  ағаш  тірі  қалса, 
ол мықты болып өседі» деген сөзін көп қолданғанды жақсы көреді  екен. Ал Лондонда: 
Француз жанұя мен мемлекет тұрғысынан  ойласа, ағылшындықтар үшін жеке тұлға мен 
қоғам ең басты бағыт.  Бүгінде  жаңашыл  Ұлыбритания мектептерінде адамгершілік пен 
ұлтжандылық тәрбие мәселелерін қарастыратын  жаңа реформа жасалған. 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1. Асанова Г. «Отбасы – бастапқы тәрбие мектебі»   Қазақстан мектебі  №1, 2007 
ж. 
2. Макаренко А.С. Ата-аналар кітабы. –А., 1985. 
 

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал