Практикалық конференциясының м а т е р и а л д а р ы



жүктеу 5.21 Kb.

бет5/45
Дата09.01.2017
өлшемі5.21 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45

СТУДЕНТТЕРДІҢ МOТИВАЦИЯСЫН ОҚУҒА ДАМЫТУ 
БАЙГУНДИНОВА Б.И. 
Қазақстан Инновациялық Университетінің оқытушысы, пед.ғыл. магистрі 
 
 
Мотивация  құрылымын  зерттеу  үшін  Б.И.  Додоновтың  төрт  құрылым 
компоненттерін  бөліп  көрсетуі  орынды  болды:  тұлғаға  мәжбүрлік  қысым  көрсетіп,  іс 
әрекет  үшін  марапаттап  «мотивациялық»  күш,  іс  әрекет  нәтижесінің  тұлғаға 
маңыздылығы,  іс  әрекеттен  қанағаттану  [30].  Бірінші  құрылымдық  компонент  шартты 
түрде  мотивациялыққұрауыштары  бар   «гедоникалық»  деп  атадық,  ал  қалған  үшеуін 
оныңқұрауыштары  болып  табылады.  Бірінші  және  екінші  компонент  іс  әрекетке  іштей 
қатынас болып табылатын іс әрекетте бағдарлану, бағыттылығын анықтайды, ал үшінші 
және төртінші компонент ықпал етудің сыртқы факторларын (іс-әрекетке қолайлы және 
қолайсыз қатынас) сипаттайды. Дж. Аткисон бойынша жазалаудан қашатын, марапаттау 
ретінде анықталатын соңғы екі компонент мотивацияның мақсатқа жету компоненттері 
болып табылады. Мотивацияны құрауыштардың осындай компоненттері оқу іс- әрекеті 
құрылымымен  сәйкес  келуі  өте  тиімді  болып  шықты.  Мотивацияны  және 
оныңқұрылымдықұйымдастырылуын 
түсіндіру 
адамның 
негізгі 
қажеттіліктері 
терминдерімен түсіндіріледі (Х. Мюррей, А. Маслоу, Дж. Аткинсонжәнет.б.) [37-40]. 
Тұлғамотивациясынқарастырған 
(тұлғақажеттілігітерминдерінде) 
алғашқызерттеушілердіңбірі, 
өзімізгебелгілі, 
Х. 
Мюррейдің 
(1938) 
жұмысыболыптабылды. 
Мінезқұлықтыңқозғаушыкүштерінқарастырушыавторлардыңкөпшілігінегізгітөртқажетті
ліктіатапкөрсетті: 
жетістіккежетугеқажеттілік, 
басымдықтанытуғақажеттілік, 
дербестіліккеқажеттілігі,  аффиляцияғақажеттілік.   Бұлқажеттілітерді  М.  Аргайл  (1967) 
кең контексте қарастырды. Олжалпы мотивация (қажеттіліктер)  құрылымына: 
1.
 
әлеуметтікықпалдасуды  (суға,  тамаққа,  ақшағабиологиялыққажеттіліктер) 
тудыруымүмкінәлеуметтікқажеттіліктердіемес; 
2.
 
беделді,  қолындабилігі  бар  адамдарданкөмекке,  қорғауды,  жетекшілікетуіне, 
тәуелділіккеқажеттілік; 
3.
 
аффилияцияғақажеттілік: басқаадамдардыңортасында, достыққарым- қатынаста, 
топпен, құрдастарыныңарасындаболуғаұмтылу; 
4.
 
басымдықтанытуғақажеттілік; 
көпсөйлеп, 
шешімқабылдауғарұхсатберілгенбасқаадамдарнемесетоптасенікөшбасшыретіндеқабылда
у; 
5.
 
сексуальдыққажеттілік, 
біржынысөкіліментартымдыкелесібіржынысөкілімендостықжәнеинтимдіәлеуметтікөзара
ықпалдасу, физикалықжақындық; 
6.
 
агрессияғақажеттілік, физикалықжәневербальдызиянкелтіру; 
7.
 
өзініңадамгершілікқасеиттерінсезінугеқажеттілік, 
өзінөзіидентификациялау, 
өзінмаңыздытұлғаретіндесезінудіжатқызды. 

32 
 
 
Негізінен жоғары  мектеп студент өмірі үшін маңызды оның кәсібіне қатынасын 
қалыптасуында,  сәйкесінше  сол  кәсібіне  қажетті  білімді  меңгеруінде  аса  маңызды 
міндетті  шешеді.  Сондықтан  да,  кафедра  қызметкерлері  оқуға  түсуге  бет  алған  жас 
түлектің оқуға түсу мотивтері,  жалпы білім деңгейін, дербес жұмыс жасай алу шеберлігі 
мен дағдылар деңгейін, қызығушылықтарын, мінез-құлық ерекшеліктері мен денсаулық 
жағдайы жайлы жалпы сипаттамаға ие болғаны дұрыс. 
Оқу  үрдісінде  студенттің  дербестілігі  мен  қабілеттерін  көрсетуі  үшін,  оқу  іс-
әрекетіне  қызығушылығын  ояту  үшін  арнайы  жағдайларды  жасау  керек.  Педагог  өз 
пәнінде  белсенді  оқыту  әдістерін  қаншалықты  көп  қолданса,  студенттердің  де  пәнді 
оқуға қызығушылықтары соншалықты артады.  Студенттің пәнді оқуға қызығушылығын 
арттырудың   негізгі  амалдары  –  студенттен  белсенді  танымдық  іс-әрекетті  талап  ететін 
сұрақтар мен тапсырмаларды беру.  Студентке тапсырмалар тізбегін беру кезінде педагог 
студенттің ықтимал мүмкіндіктерін ескеруі қажет. 
 
Студентке 
берілген 
тапсырмалар 
мәселелік 
тұрғыда 
берілсе 
және 
студенттіңөзінде  бар  білімі  ол  мәселені  шешуге  жетпейтін  болса,  онда  студентте  сол 
мәселені  шешуге  байланысты  және  жалпы  жаңа  білімді  меңгеруге  қажеттілік 
туындайды. 
Аталған 
қажеттілік 
негізінде 
оқуға 
деген 
мотив 
мен 
қызығушылыққалыптасады.  Үнемі  белсенді  іс-әрекетті  қажет  ететін  жұмыс,  студент 
үшін қызығушылықты тудыратыны сөзсіз. Ал керісінше белсенділік пен интеллектуалды 
жұмысты қажет етпейтін іс-әрекет, студент үшін ешқандай қызығушылық оятпайды. Оқу 
үрдісінде  қиындықтарды  жеңу,  мәселелік  жағдайларды  шешу  оқу  үрдісіне 
қызығушылықты  тудырады,  қалыптастырады,  арттырады.  Дегенмен  оқу  үрдісіндегі 
қиындықтар мен мәселелік жағдайларды студент шеше алу мүмкіндігі болған жағдайда 
ғана  қызығушылық  туындайды,  ал  керісінше  масілілік  тапсырмаларды  шешуде 
студенттің  ықтимал  мүмкіндігі  жетпейтін  болса,  онда  студенттің  оқу  үрдісіне  деген 
қызығушылығы күрт төмендейді. 
 
Оқу  материалдары,  оқыту  әдістері  мен  амалдары  түрлі  және  қызықты  болуы 
керек. 
Студент 
біробъектінізерттеубарысындасолобъектініжан-жақтытануыкерек. 
Суденттіңобъектініоқыптануғадегенқызығушылығынарттырудыңтағыбіртәсіліоқуматери
алдарыныңжаңалығыжәнежаңаматериалдардыңэмоционалдыбейнеленуі. 
Студент 
жаңаобъектінізерттеудеөзінде  бұрыннан бар білімгесүйенуітиіс [36]. 
С.М.  Бондаренко  тарапынан  құрастырылған  жоғарыда  айтылып  өткен  студенттің  оқуға 
қызығушылығын  ояту  теориялары  білім  беру  үрдісінде   студенттің  оқуға 
қызығушылықтарын  қалыптастыруға  бағытталған  арнайы   бағдарлама  ретінде 
қолданылуы мүмкін [41]. 
Қызығушылықтың нәтижелік, танымдық, процесуалдық, оқу танымдық  және т.б. 
түрлері  мотивациялық  бағыттылық  пен  сәйкестелуі  мүмкін  (Е.И.  Савонько,  Н.М. 
Симонова).  Б.И.  Додоновтің  зерттеулерін  жалғастырушы  бұл  ғалымдар  жоғары  оқу 
орнында  шет  тіліні  оқудың  төрт  мотивациалық  бағытын  (үрдіске,  нәтижеге,  педагог 
бағалауына  және  келіспеушіліктен  қашу)  анықтаған.  Ғалымдардың  пікірінше  аталған 
мотивацияныңүрдіске,  нәтижеге  бағыттылық  компоненттері  бір  бірімен  тығыз 
байланыста  болып  жоғары  оқу  орнының  түріне,  типінен  тәуелсіз  қалыптасады,  ал 
мотивацияның  педагог  бағалауына  және  келіспеушіліктен  қашуға  бағыттылық 
компоненттері жоғары оқу орнының түріне, типіне және т.б.байланысты немесе тәуелді 
қалыптасады [42]. 
Мотивациялақ  бағыттылықтың  ең  жағымды  компоненті  үрдіске  және  нәтижеге 
бағыттылық  компоненттері.  Мотивацияның  келіспеушіліктен  қашу  бағыттылығы  әлсіз 
сипатқа  ие.Студент  оқу  іс-әрекетінде  мотивацияныңқалыптасуы  алдымен  студенттің  
ішкі  мотивтеріне  негізделеді,  ал  кейін  сыртқы  тұлға  ретіндегі  парызы,  міндеті, 
қызығушылығы,  қажеттілік  мотивітеріне  негізделеді.  Студенттің  оқу  мотивациясын 
зерттеуде,  студенттің  оқу  мотивациясына  «студенттің  болашаққа  талпыныс  ерекшелігі 

33 
 
(өмірге  қажетті  маман  иесі  болу,  әлеуметтік  мәнді  дәрежеге  жету,  өз  іс-әрекетінің 
нәтижесін  жоғарылатуға  бағыттылық  және  т.б.)»  ерекше  әсер  ететіні  айқындалған. 
Студенттің  меңгерген  біліміне  қанағаттануы  жалпы  өзініңқажеттіліктеріне  сәйкес 
анықталады. 
Дәл 
осы 
студенттің 
жеке 
қажеттіліктері 
студенттің 
оқуға 
қызығушылықтары  мен  мотивтерін  айқындап,  студенттіңәлеуметтік  белсенділігін 
ұлғайтады.Мотивациалыққұрылымда  ең  негізгісі  ішкі  факторлар  болып  есептеледі: 
мотивациалық бағыттылықтың басымдық етуі. 
 
Мотивтер  құрылымын  өзгертуге  әсер  ететін  тағы  бір  амал  студентті 
шығармашылық  іс-әрекет  жасауға  мүмкіндік  беретін  бағалау  мен  бақылау  үрдісін  
уақытша  ығыстру  (Е.И.  Савонько,  Н.М.  Симонова).  Авторлар:  а)   басымдық  ететін 
мотитер іс-әрекет нәтижесінде қөрініс табатынын; ә) іс-әрекеттің нәтижесіне әсер ететін 
мотивтер  жеке  мәнділік  сипатқа  ие;  в)  тұлғалық  мәнділіктің  психологиялық  мазмұны 
мотивациялыққұрылымның  типіне  байланысты.Зерттеушілер  мотивтер  құрылымының 
типтері  мен  іс-әрекет  нәтижесінің  ерекшеліктері,  тұлғаның  субъективті  сипаты 
арасындағы байланысты анықтайды деп қорытады. 
 
Аталған  мәселе  бойынша  ғылыми  әдебиеттерде  көрсетілген  зерттеушілердің 
жұмысында  студенттің  ішкі  мотив  құрылымына  түрлі  факторлар   әсер  ететіні 
анықталды.  Ондай  факторларға  бағалау  мен  уқыттық  шектеулерді  ығыстыру,  қарым-
қатынастың демократиялық стилі,  студенттің жағдайды таңдау мүмкіндігі, мотивтердің 
тұлғалық мәнділігі, жұмыс түрі (нәтижелік, шығармашылық жұмыс) жатады. Мәселелік 
жағдайды  шығармашылық  түрде  шешу  мотивтер  құрылымының  компоненттерін  бір 
ізділікте  жүргізілуі  мен  тұрақтылығына  оңәсер  етеді.   Жоғарыда  келтірілген  теориялар 
оқу мотивациясының күрделі психологиялық феномен екенін дәлелдеп оқу үрдісінде оқу 
мотивациясын  басқару,  бақылау  үшін  тұлғаның  психологиялық,  жас  және  дербес 
ерекшелігін ескеру қажеттілігін дәлелдейді. 
 
Сонымен  оқу  мотивациясы  күрделі  құрылымға  яғни  ішкі  құрылым  (үрдіске 
бағытталады,  нәтижеге  бағытталады),  сыртқы  құрылым  (мақтау  қағаздары  мен 
келіспеушіліктен  қашу)  сипатталатын  жалпы  мотивацияның  күрделі  түріне 
жатады.Мотивация   субъект  белсенділігінің  ішкі  және  сыртқы  қозғаушы  күші  ретінде 
сипатталып, студент тұлғасыныңқұрылымында маңызды орынды алады. 
 
О.В.Виштак   көптеген  зерттеушілердің  пікірлеріне  сүйене,  өз  ойын:  «жас 
жеткіншіктердің жоғарғы оқу  орнын таңдауы  – олардың кәсіби анықталуы,  белгілі  бір 
өмір сүру тәсілін таңадауы мен болашақ тағдырларын анықтауда ерекше әсерін тигізетін 
маңызды  кезең»  деп  қорытқан.  Ғалымдардың  пікірінше,  талапкерлердің  жоғары  оқу 
орындарына түсуіне түрлі мотивтер негіз, солардың бірі соңғы уақыттағы елімізде болып 
жатқан  әлеуметтік-экономикалық  және  саяси  өзгерістерді  атауға  болады.  Дегенмен 
қоғамдықөзгерістерден  тәуелсіз  тұрақты  көрініс  табатын  мотивтерді  де  атап  өтуге 
болады.Зерттеуші  Е.П.  Ильин  [43-44]  пікірінше,  жоғарғы  оқу  орнына  түсудің  негізгі  
мотивтеріне:   түлектің,  студент  жастардың  ортасында  болу  қалауы;   қоғамға  қажетті 
маман  болғысы  келуі;  кәсіп  немесе  талапкер  таңдаған  мамандықтың  оның  жеке 
қызығушылықтарына сәйкес келуі. 
Өмірдіңәлеуметтік  шарттары  жоғары  оқу  орындарына  түсу  мотивтеріне  үлкен 
әсерін  тигізеді.  Оны  С.Б.  Бобровскийдің  зерттеулерінен   яғни,  біздің  мемлекетіміздің 
капитализм кезеңіне өту  уақытынан көреміз. Бұрынғы өмір сүрудіңқұндылық бағдарын 
жоғалту,   білім  беру  жүйесі  мен  әскери  саланың  нашар  жағдайы   жоғары  оқу 
орындарына  түсудің  жаңа  мотивтерін  көрсетеді.  С.Б.  Бобровскийдің  сауалнамасына 
қатысқын  педагогикалық  институт  студенттерінің  43%  ғана  мамандықтарының 
теориясын  меңгеруді  қалайтындарын  атап  көрсетті,  сол  пайыздың  жартысы  ғана 
балалармен  жұмыс  және  қарым-қатынасты  ұнататындарын  айтқан  болатын.  
Сауалнамаға  қатысқан  студенттердіңқалған  бөлігі  (педагогикалық  мамандыққа 
бейімделген)  жоғарғы  оқу  орнына  оларға  белгілі  бір   пән  ұнағаны  үшін  немесе 

34 
 
интеллектуалдық білімін көтеру үшін келгендерін атап көрсеткен.Сауалнама қатысушы 
екінші  топтағы  57%  құрайтын  студенттер  жоғары  оқу  орындарына  түсе  тұра, 
педагогикалық білімді алғысы келмейтінін және оны болашақта өз мамандығы бойыншы 
жұмыс  жасамайтынына  сенімді  болғанымен  байланыстырған.  Жоғарыда  атаған 
студенттердің  педагогикалық  оқу  орнына  түсуіне  келесі  мотивтер  әсер  еткені  белгілі 
болған:  (басқа  оқу  орнына  да  солай  болуы  керек)  (ер  балаларда)  әскерге  барғысы 
келмеуі,  өздерінің  жас  мөлшеріне  сәйкес  балалармен  араласу,  өзін-өзі  анықтауға 
тырысушылық,  жоғары  оқу  орны  дипломнының  беделділігі  (яғни  диплом  білім  емес). 
Соңғысы  жоғары  білімнің  девальвациясын  сипаттайды:  құндылық   ретінде  білім  емес, 
құжат  болып  табылады. Оқу  материалдары,  оқыту  әдістері  мен  амалдары  түрлі  және 
қызықты  болуы  керек.  Студент  біробъектінізерттеубарысындасолобъектініжан-
жақтытануыкерек. 
 Әдебиеттер тізімі 
1.  Основы  кредитной  системы  в  Казахстане  /  С.А.  Абдыгаппаров,  Г.К.  Ахметова.  – 
Алматы: Казак университет, 2004. – 110 с. 
2.Джакупов С.М.  Мотивационное  обеспечение  учебной  деятельности  студентов  в 
условиях  дистанционного  образования  //  Вестн.  КазНУ.  —  Серия  психологии  и 
социологии. — 2003. — № 2 (11). — С. 17–23. 
3. Мартынова Т.Н. Особенности системы ценностных ориентация студентов с различной 
мотивацией выбора исследования / Т.Н. Мартынова // Социс. – 2004. – №3. – С. 27–31. 
4.Ушамирская Г.Ф.  Интернационализация  социальных  ролей  учащейся  и  студенческой 
молодежи. – Волгоград: Издательство Волг ГУ, 2002. – 170 с. 
5.  Ломов  Б.Ф.  Методологические  и  теоретические  проблемы  психологии.  –  М.:  Наука,  
1984. – 444 с. 
6.  Рубинштейн  С.Л.  Основы  общей  психологии:  в  2т.  –  Т.  2.  –  М.:  Педагогика,  1989.  – 
458 с. 
7. Фрейд З. Введение в психоанализ. – М.: Наука,  1989. – 526 с. 
8. Рубинштейн С.Л. Проблемы общей психологии. – М.: Наука, 1973. –   359 с. 
9.Ждан  А.Н.  Психологическая  теория  деятельности  А.Н.  Леонтьева  и  гуманизация 
образования  //  Традиции  и  перспективы  деятельного  подхода  в  психологии:  школа 
Леонтьева А.Н. – М.: Смысл, 1999. – С. 350-364. 
10. Асеев В.Г. Проблема мотивации и личности // Теоретические проблемы психологии 
личности. М., 1974. – С.122-130. 
11.Божович Л.И. Личность и его формирование в детском возрасте. – М.: Наука,  1968. – 
22 с. 
12. Леонтьев А.Н. Деятельность. Сознание. Личность. – М.: Политиздат, 1975. – 386 с. 
13.Шадриков  В.Д.  Проблемы  системогенеза  профессиональной  деятельности.  –  М.: 
Наука, 1982. – 254 с. 
14.Юрчук В.В. Современный словарь по психологии. – М.: Современное слово, 1998 . –  
66 с. 
 
БАЛАНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ НЕГІЗІ- ОТБАСЫ МЕН БАЛАБАҚШАНЫҢ 
САБАҚТАСТЫҒЫНДА 
 
БАТЫРБЕКОВА Л.Д 
«Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу» мамандығының 2 курс студенті, Е.А.Бөкетов 
атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Қарағанды қ. 
Ғылыми жетекшіcі: БЕЛГІБАЕВА Г.Қ. 
п.ғ.к, доцент, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Қарағанды қ. 
 

35 
 
«Балапан  ұяда  не  көрсе,  ұшқанда  соны  іледі»  деген  халқымыздың  қасиетті 
сөзінен отбасының бала тәрбиесіндегі орны ерекше екенін көруге болады. Отбасынан 
бастау алған бала тәрбиесі, балабақша тәрбиесіне ұласады. Баланың сәби кезіндегі аса 
жауапты тіршілік әрекеттері, отырып- тұрудан бастап, тамақ ішу, тазалық сақтау, бір-
біріне қайырымдылық жасау, тіл үйрену, айналаны танып-білу балабақшадағы тәлім- 
тәрбиеден  бастау  алатыны  даусыз.  Дегенменде  осы  заманғы  балабақша,  мектеп 
тәрбиесі  бұрын-  соңды  болмаған  отбасы  қолдауын  қажет  етеді.  Сондықтанда  бала 
тәрбиесін дұрыс жолға қою үшін тәрбиешілер мен ата-аналар барлық уақытта да өзара 
ынымақтастықта болуы керек.  
Қазақстан  Республикасының  «Білім  беру  туралы  заңында»  елдегі  білім  беру- 
тәрбиелік  процесті  мемлекеттік-  құқықтық  реттеудің  мәселелеріне  айырықша  көңіл 
бөлінген. Ата- ана және басқа құқық өкілдері балаларға өмір сүру мен білім алу үшін 
салауатты  және  қауіпсіз  жағдайлар  жасау  керек,  бала  жеке  тұлғасының 
интеллектуалды, дене- күш және адамгершілік қасиеттерінің дамуын қамтамасыз етуі 
керек делінген [1]. Сондай- ақ Елбасы үстіміздегі жылдың 17 қаңтар күнгі «Қазақстан 
жолы  –  2050:  Бір  мақсат,  бір  мүдде,  бір  болашақ»  атты  жолдауындаөмірдің  баға 
жетпес  құндылығы  –  балаға,  бала  тәрбиесіне,  болашағына  көп  көңіл  бөліп  отыр. 
Отбасы,  әке  мен  бала,  бала  мен  ана  мәселесіне  –«Бала  тәрбиелеу  -  болашаққа  үлкен 
инвестиция»  деуінде  үлкен  мән  жатыр.  Ұлттық  білім  берудің  барлық  буынының 
сапасын  жақсартуда  бізді  ауқымды  жұмыс  күтіп  тұр  дей  келіп,  2020  жылға  қарай 
Қазақстандағы  3  -  6  жас  аралығындағы  балаларды  мектепке  дейінгі  біліммен  100 
пайыз қамту жоспарланды. Бұның барлығы ұлттық құндылықтарды сақтап, дамытуға 
бағытталған әрекет [2]. 
Көптеген жылдар бойы қоғамдық тәрбие, яғни балабақша, мектеп және т.б- бала 
үшін  негізгі  тәрбиеші,  ал  отбасы  оның  көмекшісі  және  одақтасы  деп  саналып  келді. 
Олардың  санасына  ата-аналар  педагогиканы  жете  білмейді,  яғни  бұл  саладағы 
тәрбиеден  хабарсыз  деген  ой  бекіп  қалған.  Осылай  бола  тұра  мұндай  кәсіби 
педагогтар  сондай  «жете  білмейтін  немесе  құзырлықсыз»  ата-аналарға  балаларды 
тәрбиелеудің  әдіс-тәсілдерімен,  мазмұнымен,  маңыздылығымен  таныстырған  жоқ. 
Балабақшаға  тәрбиешілер  тек  мекемені  жинауға  көмек  талап  етілген  кезде, 
көгалдандыру  мерзімінде,  жөндеу  уақытында  ғана  және  оларды  мейрам  мен 
жиналыстарға  шақырғанда  ғана  қатыстырылған.  Ал  қалған  күндері  балабақшаның 
есігі олар үшін жабық болған.  
Алайда  сол  кезеңнің  өзінде  «Барлық  балалардың  тәрбиесі  ана  күтімісіз  өмір 
сүретін  жағдайға  жеткеннен  бастап  мемлекеттік  мекемелердің  және  мемлекеттің 
есебінің жауапкершілігінде»,-деген пікірге  педагог-марксист, социолистік оқу-ағарту 
ісін  ұйымдастырушы  Н.К.  Крупская  қарсы  шықты.  Ол  «мектеп  жасына  дейінгі 
балалар  мекемелері  семьямен  тығыз  байланыста  болуға  тиіс»,-  деп  үйретті.  Ол 
қоғамдық  тәрбие  мен  семья  тәрбиесі  арасында  тұрақты  байланыс  жасап  аналардың 
балбақшаға келуіне мүмкіндік беру, бала мен балабақша арасындағы қатынас үзілмеу 
үшін  балалармен  жүргізілетін  жұмысқа  көмектесу  керек  дегенді  алға  тартты.  Н.  К. 
Крупская  балабақшаны  балалардың  ата-аналары  жұмыс  істейтін  ұйымдармен  тығыз 
байланысты  мәдени  қоғамдық  ұя  деп  қарап,  балабақша  қызметкерлерінің 
коллективтерін  мектепке  дейінгі  тәрбие  беру  идеяларын  жаппай  насихаттауға 
шақырды.  Бұл  ретте  ол  насихаттың  дерексіз  және  мүмкін  болғанша  неғұрлым 
қарапайым да нақты ат үсті нұсқау беру түрінде емес, жолдастық ақыл-кеңес рухында 
жүргізілуге тиісті екенін атап көрсетті [3, 9-б]. 
 Қазіргі  қоғамдық  өмірде  болып  жатқан  әлеуметтік,  экономикалық  және 
демографиялық  өзгерістер  жанұяға  белгілі  бір  қиыншылықтар  туғызады.  Ата-
аналардың  жұмыстан  қолының  босамауының  нәтижесінде,  балаға  көп  уақытын  бөле 
аламайды. Көпшілік ата-аналар балаларын балабақшаларға беріп, ал үйдегі уақытында 

36 
 
балаға  көңіл  бөлмей  баланың  дұрыс  қалыптасып,  тәрбие  алуын  балабақша 
тәрбиешілеріне  жүктеп  қойған.  Алайда  бала  өмірінде  жанұя  тәрбиесінің 
артықшылығы  басым,  оны  қоғамдық  тәрбиенің  қандай  саласы  болса  да  алмастыра 
алмайды.  Отбасының  негiзгi  қызметі  баланы өмiрге  келтiру  ғана  емес,  оның  бойына 
көне  заманнан  келе  жатқан  ұлттық  тәрбиенің    тағылымдары  мен  аға  ұрпақтың 
тәжiрибесiн  сiңiру,  қоғамға  пайдалы  жеке  тұлға  етiп  тәрбиелеу  болып  табылады. 
Отбасы  -  бала  үшін  барлығының  басы,  жан-жаты  дамуының  негізі  болатын  негізгі 
институт.  Отбасындағы      ата-ана    мен      баланың      қарым-қатынас        нәтижесінде,   
адамгершілік,   эстетикалық,  дене   тәрбиесінің    алғашқы   үлгілері   қалыптасады.   
Ал  әке  мен  шеше  -   баланың  алғашқы   тәрбиешілері. Сондықтан ата-ананың өз 
борышын  мүлтiксiз  орындауы  –  үлкен  тәрбие  мектебi.  Бастысы  ата-ана-  баланың 
бүгінгі жасаған қадамы, ертеңгі тұлға қалыптасуына әсер ететіндігін білулер керек.
 
Қазақстан  Республкасы  Конституциясында  бекітілген  жанұя  тәрбиесінің 
құқықтық  принциптері  «Неке  және  отбасы  туралы»  заңда  нақтыланған.  Осы  заңның 
«Бала  құқықтары»  атты  9-тарау,  52-бабында  баланың  жанұялық  тәрбиесі,  оның 
құқығы  және  мақсат-мүдделерінің  қорғалуы  айқын  көрсетілген:  «Баланың  өз  ата-
анасы тарапынан тәрбиеленуіне, оның тілек қалауларының орындалуына, жан-жақты 
дамуына, оның адами қадір-қасиетінің құрметтелуіне құқығы бар» [4]. 
Ф.Жұмабекованың «Мектепке дейінгі педагогика» оқулығында педагогикалық 
білім беру- бұл бала тәрбиесінің көкейкесті мәселелерімен ата-аналарды таныстырады 
және олардың негізгі педагогикалық мәдениетін қалыптастыруға көмектеседі делінген 
[5,  150-б].  Ата-аналардың  педагогикалық  білімін,  мәдениетін  жоғарылату  үшін 
тәрбиеші  педагогтар  мен  қарым-қатынаста  болуы  керек.  Педагогтардың  ата-
аналармен  қарым-қатынасына  байланысты  А.С.  Макаренко  мынадай  пікір  айтып 
кеткен болатын: «Көптеген жақсы педагогтар бар, алайда олардың барлығы да бірдей 
ата-аналармен  жоғары  деңгейде  дұрыс  жұмыс  жасай  алмайды,  оларға  ата-аналармен 
қарым-қатынас өнерін үйрету керек» [6,19-б]. Яғни, кез келген педагог ата-аналармен 
жағымды  қарым-қатынас  орнатып,  жұмыс  мазмұны  мен  формаларын  ойластыруы 
міндетті. 
Мектепке дейінгі ұйымдардың басты мақсаты – отбасында баланы тәрбиелеуге 
кәсіптік  көмек  беру,  оны  ауыстырмай,  тәрбиелік  функцияларын  жүзеге  асыруды 
толықтыру  және  қамтамасыз  ету  арқылы  жүргізу.Одан  кейін  отбасының  ортақ 
мәдениетін  көтеруге  және  ата-аналардың  психологиялық  –  педагогикалық 
құзырлығына  ықпал  ету,  оларға  балалармен  жұмыстың  дағдыларын  қалыптастыруда  
теориялық  және  практикалық    көмек  көрсету,  отбасына  жеке-дифференциалды  тәсіл 
нәтижесінде  ата-аналармен  жұмыста  әріптестіктің  әртүрлі  формалары  мен  біріккен 
шығармашылығын қолдану.  
Балабақша мен отбасы бірлестігінің негізгі бағыттары: 
-
 
Ата-аналардың педагогикалық, психологиялық сауаттылығын арттыру; 
-
 
Балалармен бірлескен шығармашылық іс-әрекет түрлеріне қатысу; 
-
 
Отбасы жағдайында жеке тұлға қалыптастыру; 
-
 
Балабақша  мен  отбасы  бірлескен  түрде-  баланы  мектепке  даярлауды 
қамтамасыз ету; 
Отбасымен  педагогикалық  ынтымақтастық-  баланың  қанағаттану  деңгейі  мен 
тәрбиешінің  жұмысының  сапасын  арттырады,  ол  төмендегі  жағдайларға  негізделеді: 
өзара сапалы қарым-қатынас, өзара сыйластық, әлемге деген түсіністік көзқарас және 
оның  тиімділік  ықпалын  ұзақ  уақыт  бойы  сезіну,  бір-біріне  серіктестік  барлық 
қатысушыларға жағымды әсер ететіндей болуы тиіс, сонда ғана тәрбие мен білім беру 
өз нәтижесіне жетеді[5, 149-б]. 
Педагогтардың  ата-аналармен  қатынасында  мынадай  қағидалар  есепке 
алынады: 

37 
 
-
 
Ақыл  үйретпей  кеңес  беру  керек.  Бірлескен  іс-әрекеттер  туралы  бірге 
ойласу, кеңесу; 
-
 
Өзара  ынтымақтастықтың  маңыздылығын,  олардың  көмегі  мен  кеңесіне 
мұқтаж екендігін көрсету
-
 
Ата-аналық құрмет пен сүйіспеншілікке үндеу; 
-
 
Балаларды  сипаттай  отыра,  ең  алдымен  бала  туралы  жақсыны  ғана  айту 
қажет; 
-
 
Ата-аналардың  тұлғасына,  олардың  еңбектегі  жетістігіне  жоғары  құрмет 
көрсету. 
Жоғарыда айтып өткеніміздей отбасы тәрбиесінде кездесетін сәтсіздіктер ата- 
аналардың педагогикалық  сауатсыздығынан және оларда тәрбие жұмысын жүргізуге 
қажетті тәжірибенің жоқтығынан болады. Балаларды тәрбиелеудің дұрыс жолын табу 
үшін ата-аналарға көмектесу тәрбиешілердің міндеті.    
 Осы 
орайда  «ата-аналармен  жүргізілетін    жұмыс  түрлерін  қалай 
ұйымдастыруға  болады?»,-  деген  сұрақ  туындайды.  Ол  үшін  педагогтар    ата-
аналармен  жақынырақ  танысып,  отбасының  әлеуметтік  жағдайын  ,  отбасы 
мүшелерінің  бала  тәрбиелеудегі  рөлін  анықтау  үшін,  ата-аналардың  ұсыныс-
пікірлерін, ойын бөлісу мақсатында сауалнамалар, анкеталық сұрақтар алуға болады. 
Сонымен  бірге  жыл  бойғы  жұмыс  түрлерін  ата-аналармен  бірлесе  отырып  жасаған 
тиімді.  Себебі  ата-аналар  заман  талабына  сай  өзекті  мәселелерді,  отбасы  тәрбиесіне 
байланысты тақырыптарды өздері ұсына алады. Сонымен қатар ата- анлардың ұсыныс 
пікірлерімен  санаса  отырып,  ата-аналарға  арналған    дәрістер,  конференциялар, 
практикумдар, дөңгелек үстел ашық сабақтар, жеке тақырыптық кеңестер, ата- аналар 
жиналысы,  ата-аналар  кештері,  ата-аналармен  жүргізілетін  тренингтер,  өткізуге 
болады.  
Балабақшаға  жаңа  қабылданған  баланың  ата-анасымен  жүргізілген  түрлі 
бағыттағы, сауалнамалар алдағы даму баспалдағына бірлесе жасаған қадамы деп айта 
аламын. «Бала не істей алады?», «Ата-ана балабақшаға келгенше балаға не үйретеді?», 
«Енді  бала  не  үйренуі  тиіс?»  деген  сияқты  сауалдар  шешімін  тауып,  отбасымен 
ынтымақтаса  жұмыс  істеу  үрдіске  айналып  отыр.  Мақсат-  тәрбие  мен  білім  беруде 
отбасыларды,  ата-аналарды  бірлесе  жұмылдыру,  баланы  тәрбиелеу  мен  оқытудағы 
мәліметтерін  кеңейту,  өзара  сыйластық,  түсунішілік,  бір  біріне  деген  шынайы 
сенімділік, терең қарым- қатынастарды арттыру.[7, 17-б] 
Ашық сабақтарға ата-аналардың қатысуы балабақшадағы оқу-тәрбие жұмыстар 
жайында  ата-аналардың  педагогикалық  сауаттылығын  арттырады,  баламен  қарым-
қатынас жасаудың жолдарын үйренеді. 
Ата-аналарға  арналған  конференцияларда  болашақ  қоғамның  азаматтарын 
тәрбиелеудің өзекті мәселелері қозғалып, оны тәжірибеде жүзеге асырудың жолдары 
нақты  қарастырылады.  Конференцияда-  «Ата-ананың  рөлі»,  «Бала  тәрбиесіндегі 
қиындықтар»,  «Отбасы  тәрбиесінің  маңызы»  т.б  тақырыптар  болуы  мүмкін. 
Конференцияда  белгілі  ғалымдар,  психологтар,  әлеуметтік  педагог,  дәрігер  т.б 
міндетті түрде қалыптасады. 
Жеке  тақырыптық  кеңестер-  бұл  ата-аналармен  өзінің  баласы  жайындағы 
балабақша  тыныс-  тіршілігі  туралы  ақпараттармен  қамтамасыз  етуде,  пікір  алысуда 
маңызды.  Жеке  кеңестерде  тәрбиешінің  отбасымен  тығыз  байланыс  орнықтыруында 
маңызы зор. 
Ата-аналар  жиналысы-  тәрбиелеу  мен  білім  беру  жұмыстарына  талдау  жасау 
және тәжірибені педагогика ғылымы негізінде ой елегінен өткізу. Жалпы жиналыстың 
тақырыбы  негізінен  жаңа  оұу  жылының  барысы  мен  қорытынды  есебі  сипатында 
болады.  Еңбек  нәтижелері  мен  жетістіктері,  кемшіліктері  айтылып,  оны  жоюдың 
жолдары қарастырылады. 

38 
 
Ата-аналар  кештері-  мұндай  кештер  ата-аналар  ұжымын  біріктіругеғ  береке 
бірлікке  шақырады.  Ата-аналар  кештерінің  маңызы-  ең  бастысы,  мұнда  олар  өз 
балаларының достарының ата-аналарымен пікірлеседі, балаларының өмірлік маңызды 
мәселелерін талқылайды. 
Ата-аналармен  жүргізілетін  тренингтер-  бұл  ата-аналардың  өз  балаларына 
деген мінез-құлықын, қарым-қатынасын өзгертуге ықпал ететін жұмыс түрі [5, 153-б]. 
Ата-аналарды  ұйымдастырылған  оқу  іс-әрекеттеріне  қатыстырудың  маңызды 
нәтижесі  ата-аналар  өз  балаларының  оларға  тән  емес  ортадағы  қылығын,  оның 
басқалармен  қалай  араласуын,  білім  деңгейін,  құрдастарының  оған  деген  қарым-
қатынасын  зерттей  алады.  Өз  баласының  дамуы  басқалардан  артта  қалған  жоқ  па, 
балабақшада ол үйдегідей емес, өзін басқаша ұстауын еріксіз салыстырады. Бәрін мен 
дұрыс  істеймін  бе,  неге  менде  тәрбиелеудің  өзге  нәтижесі  қалыптасқан,  неге  үйрену 
керек деген рефлекстік қызмет «іске қосылады». 
Педагогтар  ата-аналармен  жұмыстарын  олар  қызығатын,  қатыса  алатын,  бала 
бейнесінің  жағымдылығын  қалыптастыратындай  етіп  өткізуі  керек.  Ата-аналарда 
баланың  жағымды  бейнелерін  формалау  үшін  педагог  отбасында  айтылмайтын,  ата-
анасы  күтпеген,  олар  үшін  қызықты  ақпаратты  хабарлайды.  Бұл  баланың 
құрбыларымен тіл табысудағы ерекшелігі, оның еңбекке деген қатынасы, іс-әрекетінің 
жетістіктері  болуы  мүмкін.  Сондай-ақ  бала  тәрбиесін  жоғары  дәрежеде  жетілдіру 
үшін,  тек  ата-аналар  ғана  оның  балабақшадағы  ақпараттармен  танысып  қоймай, 
тәрбиешілерде  баланың  үйдегі  жағдайынан  хабардар  болу  керек.  Педагогты  бала 
тәрбиесіндегі отбасы мәселелерімен таныстыру өте маңызды. Басты мақсат- баламен 
өзі  қалыптасқан  ортада  танысу.  Бұл  кезеңде  тәрбиешілер  ата-аналармен  диалог 
жүргізеді,  отбасымен  сөйлескенде  тек  жағымды  жақтарын  емес,  бала  қылығындағы 
қиыншылықтар, кедергілер туралы да айтылады. 
Мемлекет балаларды тәрбиелеуде отбасыға мектепке дейінгі ұйым және мектеп 
арқылы көмектесіп, отбасылық тәрбиенің мазмұны мен ұйымдастырылуына әсер етіп 
отырады.  Мектепке  дейінгі  ұйым  мен  отбасы  бірлесіп  күш-жігер  жұмсай  отырып, 
жеткіншек  ұрпақтың  жан-жақты  дамуына  ат  салысулары  тиіс.  Кемелденген  ел 
жағдайында  балабақшаның  отбасы  өміріне  белсене  араласудың  үлкен  маңызы  бар. 
Бұл ең алдымен балалардың адамгершілік кемелдігін қамтамасыз ету үшін керек.  
Әлемнің екінші ұстазы атанған ұлы бабамыз Әбу Насыр Әл- Фраби «Адамға ең 
әуел білім емес, тәрбие  керек, тәрбиесіз берілген білім, адамзаттың қас жауы» деген 
екен.  Осы  орайдағ  ертеңгі  ел  басқарар  азаматтарды  ата-аналар  мен  мектепке  дейінгі 
ұйымның бірден-бір мақсаты жан-жақты жетілген, үйлесімді  дамыған, адамгершілігі 
мол  парасатты,  ұлтжанды  тұлғаны  қалыптастыру.  Баланы  тәрбиелеуде  әр  ата-ана 
өздері  білімді  болуы  керек.  Ол  үшін  ата-ана  педагогпен  тығыз  байланыста  болып, 
түсінбегенін  сұрап,  пікірлесіп  отыруы  керек.  Осындай  жағдайда  ғана  балалардың 
жағдайын  түсініп,  олардың  адами  қасиетінің  дамуына  ықпал  жасай  аламыз  деп 
ойлаймын. 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 
1.
 
Қазақстан Республикасының Білім беру туралы заңы.- Астана: Елорда, 2007 
2.
 
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан 
халқына Жолдауы.- Астана: Елорда, 2014  
3.
 
Н.К. Крупская , Мектепке дейінгі тәрбие туралы.-Алматы :«Мектеп», 1988.-
Б.9 
4.
 
ҚР «Неке және отбасы» заңнамасы.- Астана: Елорда, 2011 
5.
 
Ф. Жұмабекова. Мектепке дейінгі педагогика.-Астана, 2008.- Б.149, Б. 151 
6.
 
Детский сад и семья //Т.А. Маркованың редакциясымен.- Москва: 
Просвещение», 1986.-Б 19 
7.
 
Бала тәрбиесі // №12, 2009
.- Б. 17 

39 
 
 

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал