Практикалық конференциясының м а т е р и а л д а р ы


АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ТУРИЗМНІҢ ДАМУ БОЛАШАҒЫ



жүктеу 5.21 Kb.
Pdf просмотр
бет41/45
Дата09.01.2017
өлшемі5.21 Kb.
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ТУРИЗМНІҢ ДАМУ БОЛАШАҒЫ  
(РАЙЫМБЕК АУДАНЫ МЫСАЛЫНДА) 
 
ӨТЕГЕН Б. 
Алматы Университеті, «Туризм» мамандығының 3 (4) курс студенті 
Ғылымижетекшісі: КАЛИЕВА Г.К. 
э.ғ.к., доцент, Алматы қ., Алматы университеті 
 
Қазіргі  туристік  рекреациялық-географиялық  зерттеулерде  және  ғылыми 
әдістемелік оқу құралдарында туризмнің даму жолдары бір бағытта қарастырылуда. 
Алматы  облысы-еліміздің  ірі  өндірісті,  шаруашылықты  ауданы,  жер  бедерінің, 
ландшафт  түрлерінің  әр  түрлілігімен  ерекшелене  отырып,  туристік  сфераға  қатысты 
тарихи-мәдени мәліметтерге бай өлке.Жетісу өлкесі, Іле Алатауы, Балқаш көлі жағалауы, 
Алакөл  маңы,  Жетісу  Алатауы-өз  алдында  жеке  қарастырылатын  тың  зерттеу 
материалдары болып табылады.  
Райымбек  ауданы-  Алматы  облысының  оңтүстік-шығысында  орналасқан.  Көз 
тартарлық  әсем  табиғат  құбылыстарына,  табиғи,  тарихи  ескерткіштерге  бай 
өлкелеріміздің  бірі  болып  саналады.  Аудан  теңіз  деңгейінен  1800-2500  метр  биіктікте 
орналасқан.  Таулы  аймақ  болғандықтан,  өңірде    тау  өзендері  мен  суы  нәрлі,  емдік 
қасиеті мол бұлақтар жеткілікті, олар жиналып, ірі өзендерге айналады да, Ілеге барып 
құяды. Суы тұнық,ауасы таза таулы өңірдің әр тамшы суы мен әр тал шөбі жаныңа дауа 

320 
 
болып табылады. Тау  шыңдарын  мекендеп, ешкімге ұстатпайтын тауық тұқымдас ұлар 
құсынан  бастап,  көңілдің  сәні  болатын  аққуға  дейін  кездестіре  аласыз.  Жан-жануарлар 
дүниесі де әр алуан, таулы жерді мекендейтін жануарлардың барлық түрі бар.  
  Райымбек  ауданы-Алматы  облысының  оңтүстік-шығыс  бөлігінде  орналасқан 
әкімшілік  бөлік.  Райымбек  ауданының  саяси-стратегиялық  маңызы  зор.  Шығысында-
Қытай, 
оңтүстігінде-Қырғызстан, 
солтүстік-батысында-Еңбекшіқазақ, 
Ұйғыр 
аудандарымен шекараласып жатыр.  
Аудан орталығы –Алматы қаласынан 250км қашықтықта орналасқан, 1841 жылы 
негізі қаланған Кеген ауылы.  
Шарын  мен  Қарқара,  Шелек  пен  Байынқол,  Текес  пен  Шалкөде,  Кеген,  Қақпақ, 
Сүмбе өзендері-ел ырысы, аудан байлығы. Аудан жеріндегі  өзендердің барлығы дерлік 
Балқаш көлінің бассейніне жатады. 
Ауданның жер бедері күрделі болып келеді. Ғажайып өлкенің  аты айғайлап тұрар 
көркі-Тянь-Шань сілемдері. Көк тіреген Хантәңірі-өңірдің сәні. Тек ауданның ғана емес, 
бүкіл  Қазақстанның  мәртебесіндей,  бейнелеп  айтқанда,  бүгінгі  ТМД  елдерінің 
шеңберінде    қарыштап  дамып,  биіктерге  қол  созып  келе  жатқан  мемлекетіміздің 
асқақтай бастаған сыры мен сымбатындай.  Айбынды да асқақ, кеуделі де дара тұлғалы  
шыңның басын үнемі ақ шәлідей болып бұлт орап жатады. 
Күнгей  Алатауының  солтүстік  бөлігінде  орналасқан  Көлсай  көлі  ұмытылмастай 
әсер  береді.  Оны  «Солтүстік  Тянь-Шань  маржаны»  деп  те  атайды.Тянь-Шань 
сілемдерінде  орналасқан  Көлсай  көлдері  суының  тұнықтығы  соншалық,  көл  бетінен  өз 
келбетіңді  айнадағыдай  көруге  болады.  Жан-жағын  айналдыра  қоршаған  биік  тау 
шыршалары көлге ерекше сән беріп тұрғандай.  
«Солтүстік  Тянь  –  Шаньның  маржандары»  аталатын  «Көлсай  көлдері»  Күнгей 
Алатауында  1887  және  1911  жылдары  болған  жер  сілкінісі  салдарынан  пайда  болған 
екен. Ал енді «Көлсай көлдері» деген атауға келсек, көрікті Көлсай көлінің өзі – Жоғары, 
Ортаңғы және төменгі Көлсай деп аталатын үш көлден тұрады. Және де әр көлдің өзіндік 
ерекшеліктері  бар.  Мысалы,  Жоғары  Көлсай  теңіз  деңгейінен  -2650,  Ортаңғы  Көлсай  – 
2250, ал Төменгі Көлсай – 1800 метр биіктікке орналасқан. Тіпті осы үш көлдің тереңдігі 
де  әрқилы.  Жоғары  Көлсайдың  ұзындығы  -580  метр,  суының  ең  терең  жері  –  24  метр 
екен. Ортаңғы Көлсайдың ұзындығы – 1150 метр, тереңдігі – 57 метр, ол өзіміз суретін 
Алматының  Арбатынан  тамашалап  жүрген  төменгі  Көлсайдың  тереңдігі  орта  есеппен 
60-85  метр  көрінеді.  Табиғаттың  берген  тағы  бір  сыйы,  Көлсай  көлдерінің  барлығында 
дерлік патша балық еркін ойнақ салып жүр. Әрине аулауға қатаң тыйым салынған. 
Табиғаты сондай сұлу  Шарын шатқалы да  еліміздегі экзотикалық қорықтардың 
бірі  болып  саналады.    Ол  еліміздің    солтүстік-шығысынан  154  шақырымға  созылып 
жатыр.  Ертеде бұл өңір  теңіз түбі болған деседі.  әр түрлі пішіндеші жартастар соның 
куәсі  іспеттес.    Бір  ғажабы  мұнда  осыдан  20  миллион  жыл  бұрын  мекендеген  
жануарлардың пішіндеріне ұқсас жартастар да кездеседі.  Табиғаттың  өз мүсіншісі бар, 
ол- мыңдаған жылдар бойы түрлі бейнелерді жасап шығаратын аңызақ жел.   
Жетісудың  оңтүстік-шығысында  орналасқан  Райымбек  ауданы  табиғатқа  ғана 
емес, тарихқа да бай өңір.Әлемге әйгілі Хан-Тәңірі шыңы, Шалкөде мен Шұбарталдың, 
Қарқараның  шұрайлы  жайлаулары,  Тұзкөл,Кереге  тауларының    ортасына  орналасқан 
Лабасы  тауы  ежелгі  сақ  дәуірінің,  үйсін    мәдениетінің  белгілері  қалған    Қарашоқы, 
Таңбалытас,  Тұйық,  Ақтастының  алтыны,  Байынқол  мен  Шалкөденің    көнерген  алтын 
кеніштері  ,  Жібек  жолы,  Шығу,  Құмтекей  қалаларының  орындары  бар.      Шоқан 
Уәлихановтың  Қашқарияға сапары осы өңір арқылы өткен.  
Күнгей  Алатауының    қойнауларында  ерте  кезде  жерленген,  қабір  жиектері 
ағашпен  бекітілген  көне  қорымдар    табылған.  Олар  өздерінің  құрылысымен 
ерекшеленеді.    Бұл  жерде    бір  қорымда    3-8  адамға  дейін  бірге  жерленген.    Қабірдің 
ортасында    көмілген  жанның  жеке  заттары,  яғни,  қола  сырғалар,  білезіктер,  шашқа 

321 
 
тағатын бұйымдар, ыдыс-аяқтар табылған.  Қорымнан табылған дәйектердің , яғни, ою-
өрнексіз  жасалған  керамикалық  ыдыстардың  қола  дәуірінде  далалық  жерді  мекендеген 
тайпалардың қолданған ыдыс-аяқтарынан айырмашылығы шамалы екендігі анықталған.  
Бұл ыдыстарға қарап, Жетісу жеріндегі  кейінірек табылған басқа да қорымдар сияқты, 
бұл қорымның да б.э.д. ІІ мыңжылдықтың аяғында қойылғанын болжауға болады.  
Құмтекей  қорғаны-  Шөладыр  шұратында  орналасқан  ежелгі  қалалардың  бірі. 
Дауылды күндері желден аршылып қалған оның төңірегінен күйген кірпіш, қыш құмыра 
қалдықтары  көрініп  жататын  бұл  жерге    1895  жылы  Ларионов,  1898жылы 
В.Д.Городецкий,кейіннен  Л.Ф.Семенов,  1956жылы  Е.И.Агеева  бастаған  Жетісу 
археологиялық экспедициясы келіп зерттеген.Археологтар К.Ақышев, Г.А. Кушаев 1957 
жылы  арнайы  келіп,  зерттеу  жүргізіп,    Темірлік,  Кенбұлақ,Ұзынбұлақтан  мыс 
қорытылған  кен  орындарын,  көптеген  қорған,  обаларды  тапты.  Сөйтіп  1968  жылғы  ең 
соңғы сапарларында экспедиция мүшелері бұл кент өз кезінде 6000 мыңнан астам халқы 
болған ежелгі Үйсін мемлекетінің ірі мәдениет-сауда орталықтарының бірі болған деген 
тұжырым жасады.  
Тарихи  деректерге  жүгінсек,  б.д.д  ІІ-І  ғасырларда  бұл  өңірде  әйгілі  Үйсін 
мемлекеті  өмір  сүрген.  Бір  мәліметтерде    сол  алып  мемлекеттің  кіші  астанасы-Шығу 
қаласы  болыпты.  Яғни,  қазіргі  кеген  ауылынан  оңтүстікке  қарай  7-8  шақырым  жердегі 
бұйра құмды жоталар астында қалыпты-мыс. Бұл жер бүгінде Құмтекей деп аталады.Ал 
осы  Құмтекейге  қатысты  аңызда  ертеректе  Ұлы  Жібек  жолының  бойында  қыштан 
құмыра,  тостаған  секілді  күнделікті  тұрмысқа  қажетті  заттар  шығаратын  өндірісі  бар, 
жалпы  өзіндік  экономикасы  дамыған  Шығу  деген    қала  болыпты.  Сол  қаланы  аппақ 
сақалы кеудесіне түскен абыз қария басқарыпты. Күндердің күнінде қария қаланы Текей 
атты  баласына  басқаруға  қалдырып,  өзі  ұзақ  сапарға  шығады.  Арада  айлар  өткенде 
жапан  түзде  ұйықтап  жатқан  қария  жайсыз  түс  көріп,  «құм-құм,  Текей»  деп  шошып 
оянады.  Дереу  еліне  қайтады.  өкінішке  орай,  кешегі  гүлденген  қаласын  шағыл  құмдар 
басып  қалыпты.  Содан  абыз  қария  бел-белесті  сол  құмды  айнала  «құм,құм,  Текей» 
деумен  дүниеден  озыпты.  өткен  ғасырдың  70-80-ші  жылдары  шағыл  құмдар  арасынан 
қыш құмыралар сынықтары табылатын. Сол кезде осы құмды зерттеген бір ғалым «Бұл 
құм мен Гоби құмы өте ұқсас. Тіпті,  бірдей екен»  деген ғылыми дәлелін айтып жазған 
еді.  Осының  бәрін  байланыстыра  келсек,    кезінде  табиғаттың  алапат  бір  құйыны  Гоби 
құмын үйіре көкке көтеріп келіп осы жерге төге салған шығар деген болжамға иланғың 
да келеді. 
Райымбек ауданының жер-су аттарының топонимикасына келер болсақ,  Мұхтар 
Әуезов  атамыз  айтып  кеткендей:    «Біздің  қазақ-жер  аты,  тау  атын  әманда  сол  ортаның 
сыр-сипатына қарай қоя білген жұрт. Қайда, қандай бір өлкеге барсаң да жер, су, жапан 
дүзде  кездескен кішкене бұлақ атының өзінде қаншама мән-мағына, шешілмеген құпия 
сыр  жатады»  демекші,  өңірдің  қай  түкпіріне  көз  салсаң  да    белгілі  бір  топонимдік 
атауларды кездестіресің.  
 Райымбек  ауданындағы  жер-су  аттарының  топонимикасы    қазақ-жоңғар 
шапқыншылығы  жылдары  ерен  ерлігімен  көзге  түскен  атақты  батырлардың,  жоңғар 
хандарының    атымен  аталған.  Жер-су  аттары  көбінесе  моңғол  тілінде  қойылғандығын 
ғалымдар  дәлелдеген.  Жер-су  аттары-  халық  қазынасы,  халықтың  өткен  өмірінің  
айнасы. Оны қалай болғанда да ұмытуға болмайды. Қазіргі ғалымдар жер-су аттарының  
төркінін  ізденумен  айналысуда.  Шоқан  Уәлихановтың    географиялық  мұралары  мен 
ғылыми  еңбектерінде  жер-су  аттарын  көптеп  кездестіруге  болады,яғни  Шоқанның 
бастамалары болашақ  ғалымдарға үлкен жол ашқанын көреміз.  
Шоқан  өз  еңбектерінде  3000  астам  топонимдерді  пайдаланған.  Райымбек 
ауданының    да  жер-су  аттарына    мән  беріп,    халық  аузында    қалған  аңыз-әңгімелерді 
жазып алған.  « Торайғыр»  тауының  бұлай  аталу себебін Шоқан былайша түсіндіреді: 

322 
 
«Жоңғарларды  қазақ  жерінен  қуған  кезде,  бір  торы  айғыр  тауда  қалып  қойған,  сол 
себепті Торыайғыр атанған». 
Тұзды көлге тірелсе мына басы, 
Құлар жері батыста-Лабасы. 
Анау-Тянь-Шань, 
Ал, анау-Хантәңірі- 
Бұл өңірдің ежелгі ғұламасы. 
Ұлы  таулар  баурайында  ұлы  ел  жатыр.  Ол-  Райымбек  ауданы  халқы.  Райымбек 
ауданы десе, кеудесін көк тіреген апайтөс таулары, гүлдерге толы бау-бағы, жұпар иісі 
аңқыған өлке көз алдыңа келеді.  Сонадайдан көз тартатын Жетісудың асқақ та айбынды 
шыңы-Хантәңірін  көргенде  көңілің  шалқып,  жан-жүрегің  толқып  кетеді.    Алыстаған 
сайын кербезденіп, көріктеніп, түрленіп, тұлғаланып, қарағайлары сап түзеп, қыраттары 
мен  қырқалары  қомданып,  шыңдарының  басына  аппақ  мамық  бұлт  үйіріліп  көріктене 
түсетін  кең  өлкені  көзбен  шолып,  ойыңмен  аралаған  сайын  ақын  болып  жыр  жазғың, 
әнші  болып  ән  айтқың  келеді.  Мұның  бәрі  сонау  бір  ықылым  заманда  батыр 
бабаларымыздың    найзаның  ұшымен,  білектің  күшімен  қорғап,  ұрпақтарына  тастап 
кеткен қасиетті де қастерлі топырақтың, киелі құт мекеннің құдіреті, мейір-шапағаты.  
Райымбек  ауданы  -  ақындар  мен  батырлардың  мекені.    Небір  дүлдүлдердің, 
көсемдер  мен  шешендердің,  аузы  дуалы    тұлғалардың  мекені.    Жаннатты  жерімен,  көк 
майса төрімен,еңбеккер елімен көпке танылған, атағы алыс кеткен өлке. Ендеше, сондай  
биік тұлғалардан  тараған, өсіп-өнген  бүгінгі ұрпақтары да  биік-биік белестерден көріне 
берері даусыз. 
Райымбек  ауданының  табиғатын  көрем  деушілер  қаншама!    Әсіресе,  жаз 
айларында бірінен соң бірі  ғажайып табиғат әлеміне сапарларын жалғастырып  жатады. 
Олардың  көздерімен  көріп,  қолдарымен  ұстап,  аяқтарымен  басып,  жан  дүниелерімен 
сезініп айтқандай, біздің өлке «екінші Швецария»  сияқты. Олай деп біздің өлкені  алғаш 
рет  аралап,  ит  тұмсығы  өтпейтін  орманды,  айдын  шалқар  көлді  тамашалаған  орыстың 
зерттеуші  ғалымы  П.П.Семенов  қағазына  түсіріп  кеткен  екен.  Шындықтан  сөз 
бұзылмайды.    Табиғат-  ана  өз  қолымен  жасап  кеткен  таңғажайып  тамашасын,  сыйын 
ешкім өзгерте алмайды. 
Осы бір таулы өлкенің жанға шипа таза ауасы мен мөлдір тұнба бұлағыны адам 
жанын  жадыратып,  тез  сергітеді.  Сондықтан да  аспан  әлемінде  ұзақ  сапарларда  болған 
космонавтар Көлсайда 10-15күн демалып, қалыпқа келетінін біреу білсе, біреу білмес. 
Райымбек  ауданының  туристік  потенциалының  болашағы  зор.  Көкпен  тірескен 
таулардан бастап,  жазықтарға дейінгі түрлі жер бедері және тарихи, табиғи нысандары 
ауданды    көрем  деуші  туристердің  қызығушылықтарын  арттырары  сөзсіз.  Аймақта  
экологиялық,    жаяу,  су,  ат  туризмдерін  және    альпинизмді  дамытудың  мүмкіндігі 
жоғары.  Өлкенің  бірнеше  табиғи  нысандарына    қаланың    көптеген  туристік 
фирмаларының  турлары  бар  және  оған  қызығушы  туристердің  ағымы  да  жаман  емес. 
Мысалға,  Шарын  шатқалын,  Көлсай,  Қайыңды  көлдерін  және  альпинистер  арасында 
Хантәңірі шыңын келтіруге болады. 
Мен  де  Шәлкөде  мен  Көлсайдай  көрікті  өлкенің,  сұлу  табиғаты,  дархан  көңілді, 
өр мінезді халқы бар елдің ұрпағы болғаныма мақтанамын! 
Қолданылған әдебиеттер: 
1.«Хантәңірі етегі-Райымбек баба мекені» К.Құсайынов, И.Тастанов.      Алматы, 
2000ж        
2. «Ұран Баба-Райымбек!» Т.Қаупынбайұлы. Алматы-2005ж 
3. «Жетісу»энциклопедиясы 
4. «Туған жерім, өскен өлкем» Е.Нүсіпұлы.Алматы-2007ж 
5. «Сулы, нулы Жетісу»  Д.Жүнісов-Алматы «Арыс»-2006ж 
6. . «Батыр баба ауылының оттары» Б.Нұрғожаұлы. Алматы-2005ж 

323 
 
7. «Суықтоғай»  Ә.Нөкеұлы 
8. «Жетісу» газетінің әр жылғы тігінділері (2004,2006,2007,2008) 
9. raimbek-gov.kz. 
 
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІ 
 МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ 
 
САБЫРХАНОВА А.І. 
Алматы Университеті, экономика мамандығының 3 (4) курс студенті 
Ғылыми жетекшісі: УСЕНОВ Н.Е. 
п.ғ.м., оқытушы, Алматы қ., Алматы университеті 
 
Ел  экономикасын  дамытуда,  нарықты  қалыптастыруда,  ірі  өндірушілердің 
монополиясын  шектеуде  және  бәсекелестікті  дамытуда,  тауар  және  қызмет 
сұраныстарын  қанағаттандыруда,  жалақы  мен  зейнетақыны  уақтылы  төлеуде, 
жұмыссыздық мәселесін тежеуде және жаңа технологияларды енгізуде шағын және орта 
бизнес  шешуші  фактор  ретінде  маңызды  рөл  атқарады.  Шағын  бизнес  ірі  бизнеске 
қарағанда нарыққа тез бейімді, өзгермелі жағдайға байланысты икемді, жаңадан жұмыс 
істеп тұрған өндіріс секторларында жұмыс істеуге қабілеті өте жоғары. 
Қазақстанда  шағын  және  орта  бизнестің  дамуы  экономикалық  реформаларды 
жүзеге  асыруда  маңызды  рөл  атқарады.  Ал,  бизнестің  жоғары  деңгейде  дамуын 
қамтамасыз ету үшін мемлекет тарапынан белгілі бір дәрежеде қолдау көрсетілуі керек. 
Осыған  байланысты  бизнес   бастаманы  қолдау  және  жеке  бизнесті  дамытуды 
ынталандыру  мақсатында  мемлекет  тарапынан  әр  түрлі  қолайлы  экономикалық  және 
құқықтық  жағдайлар  жасалуы  тиіс.  Кәсіпкерлік  үшін  негізгі  шарттардың  басты 
құраушысы  болып  мемлекеттік  саясат  және  шағын  және  орта  бизнесті  дамытуға 
бағытталған  мемлекеттік  қолдау  бағдарламалары  табылады.   Әрбір    мемлекеттің  
әлеуметтік-экономикалық  саясаты  басым  бағытқа  ие  -  бұл  шағын  және  орта  бизнесті 
қолдау және дамыту. Дамыған мемлекеттерде шағын және орта бизнесті қолдау сферасы 
барлық  мемлекеттік  бағдарламалар  қаражаттарының  50%  құрайды.  Біздің  еліміздің  де 
бюджетінде бұл басым бағыттарының бірі болып саналады. 
Шағын  және  орта  бизнес  –  экономикалық  өсудің  қарқыны  мен  икемділігін 
анықтайтын бастамашы сектор. Дамыған шағын және орта кәсіпкерлігі жоқ мемлекеттің 
тұрақты  макроэкономикалық  жағдайы  жайында  сөз  қозғау  қиынға  түседі.  Осыған 
байланысты,  Қазақстанда  шағын  және  орта  бизнес  экономиканың  маңызды  секторы 
ретінде  көрініс  табады.  Республиканың  экономикалық  өсуінің  тұрақтылығының 
сақталуы  мен  халықтың  өмір  сүру  деңгейінің  артуы  Қазақстанның  экономикалық 
дамуындағы бизнестің маңызды рөлін стратегиялық ұғынуға байланысты болады [1]. 
Шағын  және  орта  бизнес  -  экономиканың  ұтқыр  әрі  нәтижелі  секторының  бірі. 
Ішкі жалпы өнімнің елеулі бөлігін өндіру солардың үлесінде.  Осы орайда Президентіміз 
Қазақстан халқына жолдауында:  «Жапония, Германия, Бельгия, Италия сияқты елдерде 
шағын  және  орта  бизнес  олардың  барлық  кәсіпорындары  санының  90%-дан  астамын 
құрайды, көптеген дамыған елдерде олар жалпы ішкі  өнімнің 50%-дан астамын береді. 
Сондықтан  да  біздің  шағын  және  орта  кәсіпкерлікті  дамытудың  түбірінен  жаңа 
идеологиясын түзуіміз қажет» деп айтқан болатын. Ал біздің елімізде шағын және орта 
кәсіпкерліктің ЖІӨ-ді  үлесі  20,2 %-ды   ғана  құрайды. Қазақстан үшін шағын  бизнестің 
қалыптасуы жоғары дамыған қоғамға, жоғары дамыған экономикаға өтетін көпір болуы 
қажет.  Қиыншылықтар  мен  сәтсіздіктерге  қарамастан  шағын  және  орта  бизнес  даму 
үстінде,  экономикалық,  әлеуметтік,  ғылыми-технологиялық  мәселелерді  шеше  отырып 
қарқын алуда.  

324 
 
Статистика  агенттігінің  деректеріне  жүгінсек,  2014  жылғы  1  ақпандағы жағдай 
бойынша  елде  белсенді  жұмыс  істейтін  шағын  және  орта  бизнес  субъектілерінің  саны 
өсуде,  олардың  шығаратын  өнім  ауқымы  да  артуда.  Қазақстанда  қазіргі  кезде  755  302  
шағын  және  орта  кәсіпкерлік   нысаны  тіркеліпті.  Оның  ішінде  61  935-і  -  шағын 
кәсіпкерліктің заңды тұлғалары, орта кәсіпкерліктің заңды тұлғалары 8 308, яғни фирма-
компаниялар.  Олар  жалпы  санның  небары  1,1%-ын  құрайды.  Ең  үлкен  үлес  (69,1%-ы) 
жеке кәсіпкерлерге тиесілі, бүгінде Қазақстанда 521 914 жеке кәсіпкер бар. Ал еліміздегі 
шаруа қожалықтарының саны қазіргі кезде - 163 145 (бұл - ШОК нысандарының 21,6%-
ы).  2012  жылы  белсенді  ШОК  нысандары  Астана  қаласында  күрт  артқан  (биылғы  І 
жартыжылдықта бірден 32,9%-ға). Ең көп кәсіпкерлер Алматы (103 146) және Оңтүстік 
Қазақстан облыстарында (109 361 ) тіркелген. 
2014 жылғы қаңтарда өткен жылғы қаңтармен салыстырғанда өнім шығарылымы  
(салғастырмалы бағаларда) 0,3%-ға, жұмыспен қамтылғандар саны 2,0%-ға өсті, белсенді 
субъектілер саны 9,5%-ға төмендеді. 
2014  жылғы  қаңтарда  шағын  және  орта  кәсіпкерлік  субъектілерімен  өнім 
шығарылымы  630,3  млрд.  теңгені  құрады.  ШОК  субъектілерінің  жалпы  санында  дара 
кәсіпкерлер  үлесі  69,1%,  шаруа  қожалықтары  –  21,6%,  шағын  кәсіпкерліктегі  заңды 
тұлғалар – 8,2%, орта кәсіпкерліктегі  заңды тұлғалар – 1,1%-ды құрады. Жаңадан жақсы 
бизнес  ашылса,  бірнеше  адам  тұрақты  жұмыс  таппақ.  Бұл  тұрғыдан  келгенде  шағын 
және  орта  кәсіпорындарда  биылғы  жылдың  бірінші  жартысында  жұмыспен  қам-
тылғандардың  саны,  өткен  жылғы  тиісті  кезеңмен  салыстырғанда,  елімізде  6,5%-ға 
ұлғайыпты [2]. 
Қазіргі  таңда  шағын  бизнестің  одан  әрі  дамуы  үшін  көптеген  іс-шаралар 
жүргізілуде:  шағын  бизнес  субьектілерін  тіркеудің,  оларды  жабудың,  лицензиялау  мен 
патенттеудің  тәртібі  оңайлатылды;  оңайлатылған  есептілік  құрылымы  жасалды,  оның 
өсуін  көтермелеу  мақсатында  қолданылмайтын  мемлекеттік  мүліктің  бөлігі  шағын 
бизнеске  берілді,  мемлекеттік  қолдау,  соның  ішінде  қаражаттық  қолдау  жүйесі 
ұйымдастырылды. 
Қолдау  жүйесінің  ұйымдастырылуы  мен  жетілдірілуі  -  қолдау  көрсетудің  нақты 
стратегиялық 
бағыттарын 
анықтаумен 
тығыз 
байланысты. 
Қолдау 
жүйесін 
ұйымдастыруда  мемлекеттік  бақылау  құрылымдары  мен  олардың  қызметіне  бақылау 
жасаудың тәртібін белгілеп алудың маңызы ерекше. Жүйенің басым бағыттарын ырғақты 
дамыту арқылы кең қанатты интеграциялық өркендеуге қол жеткізуге әбден болады.  
Республикалық  деңгейдегі  шағын  кәсіпкерлікті  қолдау  құрылымдары  құқықтық 
нормативтік  және  әдістемелік  көмек  көрсетіп  қоймай,  аймақтық,  және  жергілікті 
деңгейдегі  қолдау  құрылымдарына  тікелей  қаржылар  аудару  арқылы  да  жәрдемдесуге 
тиіс (Cурет 1). 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

325 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Сурет 1 – Шағын кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік жүйесі 
 
Шағын  кәсіпкерлікті  қолдаудың  негізгі  мақсаты  -  олардың  әлеуметтік-
экономикалық  қызметін  тиімді  атқаруына  мүмкіндіктер  жасап,  өмір  сүру  мерзімінің 
неғұрлым  ұзаруына  ықпал  ету.  Мемлекеттік  қолдаудың  бағыттары  бойынша  бірнеше 
нақты шараларды іске асыру қажет.  
Бірінші  шара  –  шағын  кәсіпкерліктің  мүдделерін  қорғайтын  салық  реформасын 
жасау  керек,  атап  айтқанда,  біріншіден,  экономиканың  бұл  секторына  мемлекет 
тарапынан  таза  фискальдық  көзқарасты  өзгерту;  екіншіден,  тиімді  инвестициялар  тарту 
үшін салық жеңілдіктерін енгізу. 
Шағын  кәсіпкерлікті  құқықтық  қолдауда  қолданыстағы  заң  құжаттары 
талаптарының сөзсіз орындалуын және олардың мазмұнының ведомстволық ережелермен 
бұрмаланбауын қамтамасыз ету қажет.  
Екінші  шара  -  шағын  кәсіпкерлікке  қаржылық  жәрдем  беретін  арнайы  қаржылық 
қорларды құру.  
Үшінші  шара  -  монополияға  қарсы  күрес,  әділетті  бәсекелестік  орнату, 
тұтынушылар құқығын қорғау, осыларды іс-жүзінде жетілдіру үшін республика бойынша 
шағын кәсіпкерлікті қолдаудың жүйесін жасау [3]. 
Шағын  және  орта  бизнесті  дамыту  келесі  мәселелерді  шешеді:  қоғамның  және 
халықтың  қажеттіліктерін  жақсы  қанағаттандыруға  мүмкіндік  береді;  тауарлар  мен 
қызметтердің  сапасының  артуы;  тауарлар  мен  қызметтердің  нақты  бір  тұтынушыларға 
жақындауы;  экономиканың  құрылымдық  өзгеруіне  әсер  ету:  өндірісті  дамытуға 
Шағын кәсіпкерлікті дамытуды мемлекеттік қолдаудың жүйесі 
Құқықтық-нормативтік базаны 
жетілдіру 
Нарық экономикасының тийімді 
институттарын дамыту 
Құқықтық қызмет көрсету 
Ақпараттық қамтамасыз ету 
Мемлекеттік қолдау органдарының 
қызметі 
Тәуекелшіл шараларды сақтандыру 
Мамандар дайындау 
Материалдық-техникалық қамтамасыз ету 
Қаржылық қолдаудың 
механизмін құру 
Кәсіпкерлік құрылымдарға екі-үш жылға 
дейін мерзімге жеңілдікті несиелер беру 
Инвестициялық жоболар кон-курсы 
арқылы шетел несие-лерін алуға тиімді 
жолдар ашу 
Сыртқы экономикалық қызметті 
қолдау механизмін құру 
Шетел инвестицияларын тарту 
Іскерлік байланыстарды ұйымдастыру 
Жекеменшік кәсіпорындар табысына салық салудың жіктелген жүйесін әзірлеу 
Шағын және орта кәсіпорындарды біріктіретін ұйымдар құруды ынталандыру, олардың тиісті 
мемлекеттік саясат әзірлеуіне қатысу 
Бюрократияға, көлеңкелі айналымға және жемқорлыққа қарсы реттеу механизмдерін құру 
Кәсіпкерлік құрылымдардың инновациялық қызметіне (озық технологияны меңгеру, ноу-хау, 
лицензия, патент) еқпал ету 

326 
 
халықтың  өз  ақшаларын  тартуы;  жұмыссыздық  деңгейінің  қысқаруы:  ғылыми-
техникалық  дамуды  жандандыру;  меншік  иелері,  кәсіпкерлер,  басқарушылардың 
әлеуметтік  қатарларының  қалыптасуы;  жергілікті  шикізат  қайнары  ірі  кәсіпорындар 
қалдықтары қолдану және игеруі. 
Нарықтық  экономиканың  дамуы  шағын  және  орта  бизнестің  қалыптасуы  мен 
тәрбиесіне нұсқау береді. Қазақстанда жүргізіліп жатқан экономикалық реформа, шағын 
және орта бизнестің дамуына жаңа перспективалар көрсетуде.  
 Қазіргі  уақытта  Қазақстан  Республикасында  шағын  кәсіпкерлік  жан-жақты 
бағытта өріс алуда. Шағын кәсіпкерліктің динамикасы мен экономикалық нәтижесі көп 
жағдайда  сәйкесінше  сілтемелермен  анықталады:  құқықтық  базамен,  институционалды 
кәсіпкерлік ортаның қалыптасуымен, кәсіпкерлік құрылымдарды мемлекеттік қолдаумен 
айқындалуда. 
Шағын кәсіпкерлік нарық қатынастарын ұдайы іске қосып отыратын ортаның нақ 
өзі.  Экономиканың  өтпелі  кезеңіндегі  шағын  кәсіпкерлік,  ең  алдымен,  нарықтық 
тауармен  молығуына  және  жаңа  жұмыс  орындарының  құрылуына  мүмкіндік  берді. 
Жалпы алғанда, шағын кәсіпкерлік экономикада нақты белсенді, бәсекелес ортаны ғана 
қалыптастырып  қоймайды,  сонымен  қатар,  мемлекеттің  экономикалық  дамуында  оның 
тұрақтылығының индикаторы есепті орта тапты жасақтайды.  
Қазіргі  кезеңде  бүкіл  дүние  жүзі  өзінің  даму  барысында  Э.  Маккензи  ұсынған 
«Өркениет  –  бұл  ештенені  де  қаржыландырусыз  жасауға  келмейтін  қоғамның  даму 
сатысы»  атты  жағдайға  тап  болып  отыр.  Шынымен,  егер  де  фирманың  немесе  бір 
кәсіпорынның қаржысы болмаған жағдайда өндіріс құлдырап, адамдар жұмыссыздыққа 
ұшырайды.  Осындай  жағдайларды  бір  сарынға  түсіру  мақсатында  сапалы  түрде 
несиелерден  ерешеленетін,  әсіресе  бұл  жеке  капитал  нақты  активтерге  салынатын 
инвестициялық  ағын  пайда  болады.  Бұл  инвестициялардың  түпкі  мақсатында,  біз 
білетіндей  жеке  салымдардың  ұлттық  және  шетелдік  қозғалыстары  түсіндіріледі: 
шетелдік  салымдар  тікелей  шетелдік  инвестициялар  түрінде  кәсіпкерлік  сияқты 
мамандырылады.  Сондықтан  да  кез  келген  бизнесті  немесе  кәсіпкерлікті  дамыту  үшін 
оған белгілі бір қаражат көзі болуы тиіс [4,5]. 
Дамыған елдердің тәжірибесі дәлелдегендей, шағын кәсіпкерлік ахуалға шапшаң 
бейімделеді.  Қарқынды  даму  үстіндегі  ел  экономикасы  Батыс  пен  Шығыстың  озық 
тәжірибесінен  үлгі  алғандықтан,  еліміздің  Президенті  кез-келген  дамушы  мемлекеттің 
тұрақты  өркендеуінің  негізі  болып  табылатын  шағын  және  орта  бизнеске  баса  назар 
аударды.  Бұл  мәселе  еліміздің  экономикалық  саясатының  маңызды  құрамдас  бөлігі 
ретінде  барлық  мемлекеттік  мәселелерде,   Қазақстан  Республикасы  Президентінің  жыл 
сайынғы халыққа арналған Жолдауларында атап көрсетеді. 
Қазақстан  Президентінің  халыққа  арнаған  «Қазақстан-2050»  Стратегиясы» 
жолдауында 2050 жылға дейін 30 дамыған елдердің қатарына ену мақсатын алға қойды. 
Өз  кезегінде,  Қазақстан  экономикасындағы  шағын  және  орта  бизнестің  үлесі  екі  есеге 
артуы қажет, ал 2050 жылы экономиканың басым секторы ретінде көрініс табуы қажет. 
Кәсіпкерлік жаңа экономикалық бағыттың қозғаушы күші болып табылады. 
Шағын  және  орта  бизнесті  мемлекеттік  қолдау  жөнінде  белсенді  жұмыстардың 
жүргізілуі  елімізде  бизнестің  дамуына  оң  әсер  етеді.  Президенттің  жолдау  бойынша 
шағын  және  орта  бизнесті  дамыту  –  ХХІ  ғасырдағы  Қазақстанды  индустриялық  және 
әлеуметтік  жаңғыртудың  басты  құралы.  Экономикамызда  шағын  және  орта  бизнестің 
үлесі артқан сайын Қазақстанның дамуы да орнықты бола түседі. Бізде шағын және орта 
бизнестің  800  мыңнан  астам  субъектісі  бар,  онда  2,4  миллионнан  астам  қазақстандық 
еңбек етеді. Бұл сектордағы өнім көлемі төрт жылда 1,6 есе өсті және 8,3 млрд. теңгені 
құрап отыр. 
Жаһандық  рейтингке  сәйкес,  Қазақстан  бизнесті  жүргізуге  ең  қолайлы  жағдайы 
бар  елдер  тобына  кіреді.  «Шағын  және  орта  бизнес  –  біздегі  жалпыға  ортақ  еңбек 

327 
 
қоғамының  берік  экономикалық  негізі.  Оны  дамыту  үшін  жеке  меншік  институтын 
заңнамалық  тұрғыда  нығайтатын  кешенді  шешімдер  қажет.  Бизнесті  дамытуға  кедергі 
келтіретін  барлық  енжар  құқықтық  нормалардың  күшін  жою  керек.  Шағын  бизнес 
ұрпақтан­ұрпаққа берілетін отбасы дәстүріне айналуға тиіс» деп елбасы өз пікірін айтқан 
болатын. 
Дүние  жүзіндегі  барлық  елдерде  шағын  кәсіпкерлікке  мемлекеттік  қолдау  қоры 
болады. Массалы, Жапонияда жыл сайын 2-3 млрд. долл. Біздің Қазақстан жағдайында 
мемлекеттік  қолдау  тек  қана  пайдаға  салынатын  салық  жеңілдігі  ғана.  Егер  шағын 
материалдық  базасы  жеткіліксіз  болса,  айнылым  қорына  қаражатты  жоқ  болса, 
өндірілген өнімді өткізу жөнінде алдына ала жасақталған шарттар болмаса, ол қалай өз 
аяғынан жүріп кете алады деген сұрау туады. Шағын бизнестің басты проблемасы  - ол 
несие  беру  саясаты.  Несие  тек  қана  кепілдеме  ретінде  мүлікке  беріледі.  Ал  кепілдікке 
жарайтын  мүлік  шағын  кәсіпорында  жоқтың  қасы,  сондықтан  шағын  кәсіпорындардың 
керекті  несиені  кепілдік  бере  алмайды.  Сондықтан  шағын  бизнесті  қолдайтын  арнайы 
банк, несие банктің бір бөлімі болуы керек [6]. Қазақстанда шағын бизнесті мемлекеттік 
қолдауды 
жетілдіру 
Шағын бизнес бірқатар экономикалық және әлуметтік проблемаларды шешуде маңызды 
рөл атқарады. Шағын бизнес қалыптасуы мен дамуы барысында мемлекеттік қолдауды 
талап  етеді.  Себебі  ірі  кәсіпорындардың  манополиялық  әрекетінен,  экономикалық 
өзгерістер  кезінде  шағын  бизнес  қиын  хал-жағдайда  болады.  Мемлекет  бизнестің 
алдында  тұрған  кедергілерді  жоюға,  құқықтық  жағынан  көмек  көрсетуге,  өркениетті 
нарықтық  қатынасты  орнатуға  ықпал  етуге  тиіс.   Республикалық  қабылданған  «Шағын 
кәсіпкерлікті  мемлекеттік  қолдау  туралы»  заңына  сәйкес  ел  экономикасының  маңызды 
салаларының бірі-ауыл шаруашылығында бизнесті дамытуда орындалуы тиіс шараларды 
атап өткен қажет. Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың негізгі қағидалары: 
-шағын кәсіпкерлікті дамытудың басымдылығы; 
-шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кешенділігі; 
-инфрақұрылымды 
дамытуда 
және 
кәсіпкерліктің 
ұйымдастырушылық 
формаларын таңдауда жағдай туғызу
-алдыңғы қатарлы шетелдік тәжірибені қолдау.  
Шағын  кәсіпкерлікті  мемлекеттік  қолдау  бағыттарының  бірі  –  ол  мемлекеттің 
қаржы-несиелік  және  инвестициялық  саясаты.  Қолайлы  инвестициялық  климат  жасау 
және  несиелеу  жүйесін  жетілдіру  басты  мәселелер  болып  саналады.  Елімізде  шағын 
кәсіпкерлікті  тиімді  қаржыландыру  үшін  қажетті  ресурстарға  деген  үлкен  тапшылық 
орын алып отыр.  
Ел  экономикасының  ілгері  басуына  шағын  және  орта  бизнестің  қосар  үлесі  зор. 
Дамыған  елдерде  экономиканың  қомақты  бөлігін  осы  шағын  кәсіпкерлік  құрайды. 
Сондықтан  біздің  елімізде  де  шағын  және  орта  бизнестің қанат  жаюына  жағдай  жасап, 
табысты саланың өркендеуіне айрықша көңіл бөлуде. Соңғы жылдары шағын және орта 
бизнесті дамыту мен  кәсіпкерлік  қызметті қолдау бойынша бірқатар шаралар әзірлеген 
болатын.  Шағын  кәсіпорындардың  өнім  өндірудің  жалпы  көлеміндегі  үлес  салмағы 
артып  келеді.  Шағын  және  орта  бизнестің  ролінің  артуын  кәсіпкерлер  форумының 
тұрақты  жүргізілуі  шағын  кәсіпкерлікті  дамыту  қорының  құрылу,  барлық  екінші 
деңгейлі банктердің шағын кәсіпкерлік субъектілеріне несие берудің минимал мөлшерін 
тағайындауы,  орта  және  шағын  кәсіпкерлікті  қолдау  Агенттігінің  құрылуы,  шағын 
кәсіпкерлікті  қолдау бойынша әкімдердің қызметін қатаң қадағалау, шағын  кәсіпкерлік 
субъектілерінің жұмыстарына жағдай жасау және жеңілдіктер беру [7]. 
Пайдаланылғанәдебиеттертізімі 
1.  «Қазақстан-2050»  стратегиясы  –  қалыптасқан  мемлекеттің  жаңа  саяси 
бағыты атты ҚР Президентінің халыққа арнаған жолдауы. 

328 
 
2.  Қазақстан  Республикасы  статистика  агенттігі  [Электрондық  ресурс  ]:  -  Кіру 
рәсімі: http://www.kaz.stat.kz. 
3. Қазақстан Республикасының «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы»: 
Заңы, 2006 жылы – 31 қаңтар №124 //ҚР Парламентінің Жаршысы. –№3. –2-39 бет. 
4.  Баймуратов  У.  Ақша  және  қаржы:  желілік  емес  жүйе.  //  Том  1.  Таңдамалы 
ғылыми еңбектер. – Алматы: БИС, 2005. - 180 б. 
5. Баймуратов У. Инвестициялар мен инновациялар: желілік емес синтезі. // Том 3. 
Таңдамалы ғылыми еңбектер. – Алматы: БИС, 2012. - 320 б. 
6.  «ДАМУ»  кәсіпкерлікті  дамыту  қоры»  АҚ  [Электрондық  ресурс  ]:  -  Кіру 
рәсімі: .http://www.damu.kz,  
7.  Шағын  және  орта  бизнесті  мемлекеттік  қолдау//Қаржы-Қаражат-Финансы 
Казахстана  № 1/2013 ж. 16-21 бет. 
 
ДЕВАЛЬВАЦИЯ ЭКОНОМИКАНЫ ДАМЫТУДЫҢ ФАКТОРЫ РЕТІНДЕ 
 
СЕЙСЕНӘЛІ Г. 
Алматы Университеті, «Қаржы» мамандығының 2 (4) курс студенті 
Ғылыми жетекшісі: ОСПАНКУЛОВ Е.Е. 
э.ғ.м., аға оқытушы, Алматы қ., Алматы университеті 
 
 
«Девальвация алдағы  уақытта экономикалық  өсу үдерісіне оң ықпалын тигізеді 
және бұл төл экономиканың қарқынды дамуы үшін жасалған әрекет»  -деген жалынды 
сөздерін  халқына  жолдаған  елбасымыз  Н.Ә.Назарбаевтың  алдын  –  ала  жасаған 
болжамдары  шүбәсіз  дұрыс.  Осыған  орай,  девальвацияны  ел  экономикасының,  ЖІӨ  – 
нің, халқының жағдайы мен оның тұрмыс – тіршілігіне оң әсерін тигізу үшін жасалған 
шара  ретінде  қарастыру  жөн.  Алдымен  девальвация  деген  не  және  оның  ұлттық 
экономикаға тигізетін әсерін анықтап алайық. 
Девальвация–ұлттық  валюта  бағамын  шетелдік  валютаға  қатысты  төмендету, 
инфляцияны  тежеу  шарасы.  Әлемдік  тәжірибеде  кез-келген  мемлекет  төлемдік 
теңгермесінің  тапшылығын  қысқарту,  жаһандық  нарықта  тауарлардың  бәсекеге 
қабілеттілігін  арттыру  және  ішкі  өндірісті  ынталандыру  үшін  девальвацияны 
қолданады. Мәселен, Жапония, Ресей, АҚШ және т.б. 
Тәуелсіздік алғаннан қазіргі таңға дейінгі уақыт аралығында экономикамызда үш 
рет  ақшаның  құнсыздануын  бастан  кештік.  Тарихқа  көз  жүгіртер  болсақ  1993  жылы 
теңгенің бағамы алғаш айналыма түскенде 1АҚШ долларына шаққанда 4 теңге 70 тиын 
болған. АҚШ валютасы осы аралықта de facto дүниежүзілік валютаға айналып, ұлттық 
валютамыздың  бағамы  1  АҚШ  долларына  шаққанда  185  теңгеге  дейін  төмендеді[1]. 
Бірақ  та,  бұл  процесс  біз  үшін  оң  әсерін  беруі  ықтимал.  Өйткені,  девальвацияның 
негізінде  импорт  көлемін  азайтып,  экспортқа  жол  ашылады,  ұлттық  тауарлардың  ел 
нарығында  сұранысқа  ие  болуына  қол  жеткізіледі.  Айта  кетерлік  жайт,  импорттық 
тауарлардың  бағасы  өседі,  бірақ  олардың  Отандық  тауарлармен  бәсекелестігі 
төмендейді. Статистикаға жүгінер болсақ, импорт көлемі 2013 жылмен салыстырғанда 
2014  жылы  9,4%  -  ға  жоғарылаған,  экспорт  көлемі      7,1  %  -  ға  төмендеген      [2].  Бұл 
алаңдатарлық жаңалық, қазір мемлекет тарапынан қолдан келгеннің барлығы жасалуда. 
Тарих  тағылымы  дәлелдеп  отырғандай,  шет  ел  тәжірибесінде  бұл  жолда  Ататүрктің 
«этатизм»  (франц.  Etat-  мемлекет)  саясаты,  Франклин  Рузвельттің  «Бірінші  Отандық 
нарық, содан соң әлемдік» деген ұстанымдары тығырықтан шығар жолды анықтап өтті. 
Джон  Мейнард  Кейнс:  «Мемлекет  сұраныспен  айла  -  шарғы  жасау  арқылы  не  қаласа, 
соны  жасай  алады.  Мемлекет  ақша  емес,  экономика  жағдайын  ойлау  арқылы 
жұмысбастылықты  жоғарылатуы  тиіс.  Мемлекеттік  шығындарды  жоғарылату  арқылы, 
тұрғын  үй  құрылысын,  жолды,  теміржол  құрылысын  және  бүкіл  коммуникациалық 

329 
 
жүйелерді  жақсартуға  ақша  бөлуі  тиіс.  Бұл  мемлекетті  тығырықтан  алып  шығатын 
бірден    -  бір  жол»  -  деп  айтқан  болатын  [3].  Жоғарыда  аталғандай,  ішкі  нарықта 
Отандық  тауарға  деген  сұраныс  жоғарыласа,  жұмыссыздық  көлемі  азайып  бәсекеге 
қабілеттілік деңгейі жоғарылайды деген тұжырымға тоқталайық.  
 
Біз  сыртқа  шикізат  шығармаймыз,  жартылай  дайын  өнім  шығармаймыз, 
өңделген дайын өнім шығарамыз – мұның барлығы девальвацияны жүргізу барысында 
жасалатын  шара.  Республика  экспортының  негізгі  көлемі  70%  -  ға    жуығы  қазбалы 
байлықтар  өндірісінің  үлесіне  тиеді.  Бұлар  мұнай,  кен,  түсті  метал,  түсті  және  қара 
металургияның  жартылай  фабрикаттары,  химия  кәсібінің  өнімдері,  жеңіл  және  тамақ 
өнеркәсібіне  арналған  ауыл  шаруашылық  шикізаттары.  Мысалы,  Қазақстан  хром  кені 
экспортың 90%- ын, қорғасынның 70%-ын, фосфордың  90%-ын, мырыштың 40%- ын 
экспорттайды.  Егер  де,  осы  өнімдерді  өңдеп,  содан  соң  экспорттайтын  болсақ, 
мемлекетке  түсетін  пайда  көлемі  3-4  есеге  артатыны  сөзсіз.  Елбасымыз  „Қазақстан-
2050“  стратегиясында 10 жаһандық сын – қатерді атап өткен болатын. Сол қатердің бірі 
–  азық  –  түлік  тапшылығы  қатері.  Девальвацияның  ауыл  шаруашылығының  дамуына 
алып 
келетіндігін 
Ауылшаруашылығы 
министрі 
Асылжан 
Мамытбековтың 
пайымдауынан  байқауымызға  болады:    «Девальвация  ауыл  шаруашылығы  өндiрiсiне 
керi  әсер  етпейдi  деп  айта  аламыз.  Керiсiнше,  көптеген  жағдайлар  бойынша,  мысалы, 
бiздiң экспорттаушыларымызға оң әсерiн тигiзедi және iшкi нарыққа бағытталған тауар 
өндiрушiлерiнiң импортпен бәсекелестiгiн арттырады деуге болады. Бұл жай сөз емес. 
Өйткенi,  бұл  сараптауда  бiз  өз  тауарларымызбен  iшкi  нарықтың  қажеттiлігiн 
қанағаттандырып  отырғанын  қарастырып,  басым  тауарлармен  нарығымыздың  80%-ын 
өз өндiрiсiмiзден өтеп отырмыз деп айта аламыз» [4]. 
Екіншіден,  девальвация  –  валюталық  резервтердің  көбеюіне  жол  ашады. 
Валюталық  резервтер  дегеніміз  мемлекеттің  басқа  елдермен  экспорттық  операция 
жасау  кезінде  алынған  шетел  валютасы  түріндегі  ақшалай  қаражаты.  Н.Ә.  Назарбаев 
2007 жылғы ҚР халқына  «Жаңа әлемдегі  жаңа Қазақстан»  атты жолдауында еліміздің 
саяси-экономикалық  дамуының  незігі  бағыттарының  бірінде:  елімізде  тиімді  жұмыс 
жасайтын  қор  нарығын  қалыптастыруымыз  керек  деп  атап  кеткен  болатын.  Кейбір 
сараптамалаушылардың  дерегіне  сүйенсек,  девальвация  валюталық  қордағы  валюта 
тапшылығынан болды, - деген пікілерді де кездестіруімізге болады. Яғни, девальвация 
сол тапшылықты жоюдың бір факторы болып табылатындығының дәлелі.   
 
Үшінші қарастыратын жағдай, девальвация  - көлеңкелі экономиканың нәтижесі. 
Яғни, девальвация жасау арқылы мемлекет осы көлеңкелі  экономикаға жол бермеудің 
амалдарын  қарастырады.  Халықаралық  валюта  қорының  Таяу  Шығыс  және  Орталық 
Азия  елдерінің  департамент  директор  орынбасары  Юха  Кяхконеннің  айтуы  бойынша: 
Қазақстандағы  көлеңкелі  экономика  көлемі  жалпы  ішкі  өнімнің  (ЖІӨ)  30%-ын 
құрайды. Ал Өзбекстанда бұл көрсеткіш  – 15%, АҚШ  – та бұл көрсеткіш  3 есе төмен 
8,9%, Канадада 16,2% - ды құрайды екен. Бұл жерден қорытынды, Қазақстан көлеңкелі 
экономикасы  жағынан  алда  келе  жатқандығы.  Көлеңкелі  жолмен  келген  ақша  ел 
қоржынын  емес,  шет  ел  қоржынын  толтырады.  Шет  ел  қоржынында  онсыз  да  көп 
доллар көбейеді де, біздің ұлттық бағам төмендейді. Міне, басымызға таяқ тигенде ғана 
экономиканы реттеу керек екендігін ойланатынымыздың бірден бір дәлелі де осы.   
 
Төртіншіден,  білім,  ғылым  мен  инновацияға  көп  көңіл  бөлінеді.  Атап  айтсақ, 
Отандық  өнімді  нарықтық  айналымға  шығару  үшін  белгілі  бір  дәрежеде  технология 
қажет.  Қазіргі  таңда,  бізде  қолданылып  жатқан  техниканың  тең  жартысы  жарамсыз, 
тозығы  шыққан.  Жаңа  инновация  мен  білім  күшінің  арқасында  мемлекет  озық 
технология, ең алдыңғы қатарлы өнім ғана емес, тұрақты экономикаға қол жеткізеді. Ол 
үшін  мемлекет  тарапынан  жобаларға  қаржылай  көмек  көрсетілуі  керек.  Негізінде, 
аталмыш  жоба  қолға  алынуда.  1997  жылы  негізі  қаланған  «Даму»  кәіпкерлік  қоры 
еліміздің  16  қаласында    кәсіпкерлік  құру,  субсидия  алу,  кәсіпкердің  қаражаттарын 

330 
 
дұрыс  салаға  салуы  мен  оны  дұрыс  пайдалануы  жайындағы  сауалдарына  жауап  беру 
арқылы тиімді жұмыс жүргізіп жатыр.   
Бесіншіден, Отандық кәсіпкерлікті қолдау барысында «Оффшорллық зона», яғни 
салық  мөлшерлемесі  төмен  аймақ  құру.  Мемлекеттің  сауда  –  экономикалық  қатынас 
жасайтын  мемлекетінің  50  –інде  «Оффшорлық  аймақ»  құрылған.  Яғни  осы  50  елде 
Қазақстанның  да  қаражаты  жатыр.  Осы  қаражатты  шет  ел  пайдасына  жұмсағанша  өз 
пайдамызға  жұмсау  жолы  ашылады.  Бұл  мәселе  қазіргі  таңда  Мәжіліс  депутаты 
Тұрсынбек  Өмірұзақовтың  бастамасымен  көтеріліп  жатыр.  Егер,  мемлекет  қолдау 
көрсетсе, нұр үстіне нұр болар еді.  
Алтыншыдан инфляция деңгейі, жоспар бойынша инфляция деңгейі 6-8% - дан 
аспауы  тиіс.  2009  жылғы  девальвация  кезінде  инфляция  деңгейі  каридорда  6,2%  -  ды 
ұстап  тұрды.  Бұл  девальвациядан  шыға  алатындығымыздың,  тәжірибеден 
өткендігіміздің белгісі. 
Жетіншіден,  демпинг  жасау  арқылы  сыртқы  нарықта  бәсекеге  қабілеттілікті 
орнықтыру.Демпинг  –  бәсеке  күрес  түрлерінің  бірі.  Тауарларды  әдейі  арзандатылған 
бағамен  шетелге    сату,  сөйтіп  бәсекелестерді  ығыстыру  және  сыртқы  нарықты 
иемденуге жәрдемдесу[5]. Көптеген елдер осындай қулық жасау арқылы экономикасын 
нығайтып  отырады.  Қазақстанның  да  осы  тәжірибені  қолдануы  экономиканың  өсуіне 
кедергі  келтірмес  ,  қайта  экономиканы  дамуына  бір  серпін  берер  еді.  Осы  тұрғыда 
Отандық  кәсіпкерлердің  тек  ішкі  бәсекелестікке  ғана  емес,  сыртқы  нарықтағы 
бәсекелестікке де төтеп бере алатындығына көз жеткізе аламыз.
 
 
Елдің экономикалық тірегі – шағын және орта бизнес. Осы бизнес өкілдері аз – 
маз шығынға ұшырауы мүмкін. Бірақ, елбасымыз кәсіпкерлерді қолдау үшін 1 триллион 
теңге  бөлінетіндігін  хабарады.  Бұл  жағдай  мемлекеттің  қолдауының  арқасында 
баланстық теңгерімге келеді. 
 
Қорытындылай  келе,  дүниежүзілік  нарыққа  терең  интеграцияланған  Қазақстан 
экономикасына қазіргі таңда халқымыздың ғана емес, көршілес  мемлекеттеріміздің де 
бас  ауыртып  жүрген  жағдайы  бар.  Неге  десеңіз,  әлемнің  101  мемлекетімен  сауда  – 
экономикалық қарым- қатынас жасаймыз, экспорттаймыз, импорттаймыз және т.б. Бір 
мемлекетте  девальвация  болса,  екінші  мемлекет  те  сәйкесінше  девальвация  жасауға 
мәжбүр болады. Өйтпесе, елдің ішкі жағдайында дағдарыстың туындауы ықтимал. Дәл 
осындай  жағдай  біздің  елді  айналып  өтпеді.  Халқымыз  бұл  жағдайға  дайын  еместігін 
танытып,  түрлі  қарсылықтар  айтып  жатыр.  Бірақ,  девальвация  кезінде  тұтыну 
тауарларына  бағамның  жоғарылайтыны  рас,  бірақ  мемлекет  осының  алдын  алса, 
девальвация ұлттық экономиканың дамуына, елбасымыз айтқанындай: ЖІӨ –нің 6% -ға 
жуық жоғарылауына мүмкіндік туады. Осы мүмкіндікті мүлт жіберіп алмасақ болағаны 
енді.    
 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі  
1.
 
Тілеужанова, Макроэкономика,  - Алматы,2008 ж. 
2.
 
«Kaznex invest» АҚ «Экспорт пен инвестиция жөніндегі ұлттық агенттік» ҚР 
сыртқы тауар айналымын талдау 2013 ж – 3 бет 
3.
 
Сейдахмет Құттықадам «Служение нации 10 мировых примеров управления 
государством», Алматы,2009 ж., 57-58 бб. 
4.
 
http://www.bnews.kz/kk/news/post/186960 
5.
 
edu.semgu.kz - 2 бет 
 
 
 

331 
 
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ  КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТЫУ 
ҮРДІСТЕРІНТАЛДАУ 
 
ТАЖЕНБАЕВА Ф.Ж. 
Алматы Университеті, экономика мамандығының 3 (4) курс студенті 
Ғылыми жетекшісі: УСЕНОВ Н.Е. 
п.ғ.м., оқытушы, Алматы қ., Алматы университеті 
 
2014 жыл халықтың кәсіпкерлік белсенділігінің артуымен және жалпы Қазақстан 
экономикасының  өсуімен  сипатталды.  Бизнес-ахуалды  жақсарту  жөніндегі  мемлекеттік 
саясаттың арқасында Қазақстанда үш жыл ішінде жеке кәсіпкерлік субъектілері санының 
тұрақты  өсімі  байқалады.  Бірінші  кезекте  шағын  және  орта  кәсіпкерлік  (ары  қарай  – 
ШОК)  субъектілерінің  өсуі  бақылануда,  олардың  үлесі  2014  ж.  алдын  ала  нәтижелер 
бойынша  елдегі  шаруашылық  субъектілерінің  жалпы  санының  95,2%  құрады  (сурет  1) 
[1]. 
Бизнес  жүргізу  жағдайларының  жағымды  өзгерістерін  Дүниежүзілік  банк 
сарапшылары  да  атап  өтуде.  2013  және  2014  жж.  Doing  Business  рейтингтерінде 
Қазақстан сәйкесінше 56 және 49 орындарды иеленді. Жағымды қарқын бірінші кезекте 
кәсіпорындарды  тіркеу  және  несиелендіру  шарттарын  жақсарту  жөніндегі  іс-шаралар 
есебінен қамтамасыз етілді (кесте 1). 
 
Кесте  1  -  Дүниежүзілік  Doing  Business  банкінің  рейтингісіндегі  Қазақстанның 
алатын орны 
 
2013 жыл 
2014 жыл 
Өзгеріс  
Жалпы рейтинг 
56 
49 
+7 
Кәсіпорындарды тіркеу 
55 
25 
+30 
Құрылысқа рұқсат алу 
150 
155 
-5 
Электр  қуатымен  жабдықтау  жүйесіне 
қосу 
81 
80 
+1 
Меншікті тіркеу 
28 
28 

Несиелендіру 
97 
83 
+14 
Инвесторларды қорғау 
10 
10 

Салық салу 
16 
17 
-1 
Халықаралық сауда 
178 
182 
-4 
Шарттардың орындалуын қамсыздандыру 
28 
28 

Төлем қабілетсіздігін шешу 
55 
55 

 
Ескертпе: Дүниежүзілік банк мәліметтері бойынша құрастырылды 
(www.doingbusiness.org) 
 
 

332 
 
 
Қазақстан  экономикасында  жұмыспен  қамтамасыз  етілген  халық  санының  жыл 
сайынғы өсуі бақылануда. 2013 ж. соңында ол 8893 мың адамды құрады. Осы жағдайда 
ШОК  еңбек  ететін  халық  саны  2013  ж.  2555  мың  адамды  құрады  (барлық  жұмыспен 
қамтамасыз етілген халықтың 29%). 
 
 
 
Сурет 1 – Жұмыспен қамтамасыз етілген халық санының өсу қарқыны 
Ескертпе: ҚР Статистика жөніндегі агенттігінің мәліметтері бойынша 
құрастырылды (www.stat.gov.kz). 
 
2010  ж.  біркелкі  өскеннен  кейін  Қазақстан  ЖІӨ  нақты  көрсеткіштер  бойынша 
тұрақты өсім көрсетуде. Осылайша, 2012 ж.  7,5%-ға өсу нәтижесінде ЖІӨ 27301 млрд. 
теңгені  құрады,  2012  ж.  ЖІӨ  нақты  өсімі  5%  құрап,  бұл  ЖІӨ  деңгейінің  30073  млрд. 
теңгеге жетуіне мүмкіндік берді. ЖІӨ-дегі тауар өндірісі мен қызметтер өндірісінің үлесі 
сәйкесінше  41%  және  53%-ды  құрады.  ЖІӨ  өндірісіндегі  негізгі  үлесті  өнеркәсіп 
құрайды – 30,4%. Қазақстан ЖІӨ-нің шамамен 27% ШОК субъектілерімен шығарылған 
өнімдерге тиесілі [1]. 
 
 
 
Сурет 2 – ЖІӨ және ШОК өнім шығару қарқыны 
Ескертпе: ҚР Статистика жөніндегі агенттігінің мәліметтері бойыншақұрастырылды 
(www.stat.gov.kz). 
8302 
8500 
8661 
8893 
2297 
2631 
2427 
2555 
27,7% 
30,9% 
28,0% 
28,7% 
0% 
10% 
20% 
30% 
40% 

2000 
4000 
6000 
8000 
10000 
Экономикада еңбек ететін халық саны, мың адам 
ШОК еңбек ететін халық саны, мың адам 
ШОК еңбек ететін халық үлесі, % 
17003 
21816 
27301 
30073 
5367 
7276 
8105 
8012 
32% 
33% 
30% 
27% 
0% 
5% 
10% 
15% 
20% 
25% 
30% 
35% 

4000 
8000 
12000 
16000 
20000 
24000 
28000 
32000 
ЖІӨ, млрд. теңге 
ШОК өнім шығару, млрд. теңге 
ЖІӨ-гі ШОК өнімдерінің үлесі, % 

333 
 
2013  ж.  алдындағы  үш  жыл  төмендегеннен  кейін  2012  ж.  басталған  банктік 
несиелендірудің  өсуі  жалғасын  тапты.  Қазақстан  Республикасының  Ұлттық  банкінің 
мәліметтері  бойынша  екінші  деңгейлі  банктермен (ары қарай  – ЕДБ) берілген несиелік 
қаражат  көлемі  2014  ж.  7249  млрд.  теңгені  құрады,  бұл  2013  ж.  деңгейден  25,4%-ға 
жоғары.  Шағын  кәсіпкерлік  субъектілеріне  (ары  қарай  –  ШКС)  берілген  ЕДБ 
несиелерінің  көлемі  1050  млрд.  теңгені  құрады,  және  бұл  өткен  жылдағы  осы 
көрсеткіштен 32%-ға жоғары (сурет 4) [2]. 
 
 
 
Сурет 3 – Экономиканы және шағын кәсіпкерлікті несиелендіруудің әр 
жылдардағы көлемі 
Ескертпе: 
ҚР 
Ұлттық 
банкінің 
мәліметтері 
бойынша 
құрастырылды(www.nationalbank.kz). 
 
2014  ж.  банктерге  мемлекеттен  2012–2014  жылдардағыдай  үлкен  қаражат 
көлемдері  бөлінбегені  де  маңызды.  Яғни  несиелендірудің  өсіміне  айрықша  қалпына 
келтірілген  өтімділік  пен  ЕДБ-нің  өздік  қаражаттарының  артып  жатқан  көлемдері 
себепші болды. 
Осылайша, 2011–2013 жж. дағдарысқа қарсы қаражаттардың ШОК субъектілеріне 
жылдам жеткізілуін қамтамасыз етіп,  «Даму» Қоры кәсіпкерлік белсенділіктің қалпына 
келтірілуімен  қатар,  кейін  экономиканы  несиелендіруге  арналған  ЕДБ  өтімді 
қаражаттарының  көлемін  арттыруға  ат  салысты.  Осыған  байланысты  2012  ж.  бастап 
кәсіпкерлікті  қолдау  саясаты  өз  бағытын  дағда-рыстан  кейінгі  дамуға  және  кәсіпкерлік 
секторының тұрақты өсіміне жәрдемдесуге ауыстырды. Осы мақсатта 2012  ж. сәуірінде 
«Бизнестің  жол  картасы  2020»  бағдарламасы  (ары  қарай  –  «БЖК  2020»  бағдарламасы) 
қабылданды, оның аясында  «Даму» Қоры кәсіпкерлердің несиелері бойынша пайыздық 
мөлшерлемелердің  қаржыландырылуын  жүзеге  асырады,  сонымен  қатар  кәсіпкерлерге 
олар несиелер алған кезде банктер алдында кепілдік ұсынады.  
Жалпы  алғанда  «Даму»  Қорының  бағдарламаларында  қатысу  есебінен  (шарт 
бойынша  орналастыру  және  «БЖК  2020»  бағдарламасы)  2014  ж.  шағын  кәсіпкерлік 
субъектілері 281 млрд. теңге сомасына несие алды.  
9644 
5931 
4090 
3794 
5778 
7249 
1870 
1272 
763 
690 
790 
1050 
19% 
21% 
18% 
18% 
14% 
14% 
5% 
10% 
15% 
20% 
25% 

2000 
4000 
6000 
8000 
10000 
12000 
Экономикаға берілген несие көлемі, млрд. теңге 
ШКС-не берілген несие, млрд. теңге 
ШКС несиелерінің үлесі, % 

334 
 
Кәсіпкерлік  мақсаттарға  ЕДБ  берілген  несиелердің  жалпы  сомасында  «Даму» 
Қоры бағдарламаларының қатысушыларына берілген несиелер үлесі 2013–2014 жж. 6%-
дан 5%-ға дейін төмендеді. Мұндай қамту ЕДБ несиелерінің шама-мен 50%-ын алатын, 
сауда  және  құрылыс  салаларынан  басқа,  экономиканың  басым  секторларының 
кәсіпкерлерінің  «Даму»  Қоры  бағдарламаларының  сегментін  шектеуіне  байланысты 
(сурет 5) [2]. 
 
 
 
Қаржылық  қолдау  бағдарламаларымен  қатар  2014  ж.  «Даму»  Қоры  кәсіпкерлерді 
оқыту  және  оларға  кеңес  беру  бағдарламаларын  жүзеге  асыру  бойынша  ауқымды 
жұмысын  жалғастырды.  Нәтижесінде  2013  ж.  бастап  «БЖК  2020»  бағдарламасының 
аясында  жүзеге  асырылатын  «Бизнес-Кеңесші»  қысқа  мерзімді  тренинг-оқыту 
бағдарламасының  аясындағы  тыңдаушылар  саны  32  961  адамды  құрады.  «БЖК  2020» 
бағдарламасының  «Кәсіпкерлік  әлеуетті  күшейту»  атты  4-ші  бағыттың  басқа 
жобаларының  аясында  420  кәсіпкер  «Назарбаев  Университеті»  АҚ-да  топ-менеджмент 
оқыту курстарынан өтті, 1 123 адам «Іскерлік байланыстар» жобасы бойынша оқытудан 
өтті,  бизнес  жүргізуде  сервистік  қолдау  көрсету  аясында  83  мыңнан  астам  қыз-мет 
көрсетілді.  Алматы,  Шымкент  қалаларында  2  Кәсіпкерлерге  қызмет  көрсету  орталығы 
ашылды,  моноқалаларда  12  Кәсіпкерлікті  қолдау  орталықтары  (ары  қарай  –  КҚО) 
ашылды, аудандық деңгейде кәсіпкерлер мен халыққа кеңес беру үшін 5 мобильді КҚО 
іске қосылды [3]. 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 
1.
 
Қазақстандағы  шағын  кәсіпкерлік.  Статистикалық  жинақ.  /Редакциясын 
басқарған Ж. Омаров/ -Астана к, 2014ж, 88 бет 
2.  2013  жылғы  ҚРҰБ-нің  Қазақстанның  қаржылық  тұрақтылығы  туралы  есебі, 
www.nationalbank.kz. 
3. «DAMU кәсіпкерлікті қолдау қоры» АҚ-ның жылдық есебі, 2014 жыл, 146 бет. 
 
БОГАТЫЕ И БЕДНЫЕ 
 
ЦОЙ О.О. 
Студент 2 курс (4) специальность «Финансы», Университет «Алматы», г.Алматы 
Научный руководитель: КУЛЬБАЕВ Т.С. 
Академик гуманитарных наук. д.и.н., профессор Университет «Алматы», 
г.Алматы 
 
2799412 
4068095 
5705573 
210441 
252608 
281044 
8% 
6% 
5% 
0% 
2% 
4% 
6% 
8% 
10% 

1000000 
2000000 
3000000 
4000000 
5000000 
6000000 
Кәсіпкерлік мақсаттарға ЕДБ берген несиелер, млн. теңге 
Қор бағдарламалары қатысушыларына берілген несиелер, млн. теңге 
Қор бағдарламаларына қатысушыларға берілген несиелер үлесі, % 

335 
 
В философии есть поговорка, не знаю кто её придумал, но звучит она так:  «Две 
стороны одной медали». Т.е. Нищие они же низший слой населения и богатые – высший 
слой населения.В любой стране(государстве) присутствует эта «медаль». Ещё с древних 
времён  философы,  мыслители,  учёные  задавались  этим  вопросом,  почему  же  в  любом 
обществе  найдётся  самый  богатый  и  самый  бедный,  и  почему  эта  борьба  никак  не 
закончится. 
«Там где есть победители, будут и проигравшие». То есть, человек ещё с древних 
времён пытается заполучить как можно больше богатств(в те времена – это было золото, 
алмазы,  драг.  металлы  и  т.д.),  а  то  что  остаётся,  достаётся  невезучему.  И  так 
продолжается на протяжении всего времени существования человека.  
Человек  не  всегда  делился  на  богатого  и  нищего,  но  после  появления  такого 
понятия  как  «обмен»  что  в  дальнейшем  преобразуется  в  «торговлю»,  человек 
неосознанно начал формировать 2 категории в обществе – Богатого и Нищего. Одно не 
может  существовать  без  другого,  так  как  они  взаимосвязаны.  В  китайской  философии 
существует  такое  понятие  как  «Инь»  и  «Янь».  Такое  понятие  является  лучше 
интерпретацией по данной теме. 
Под  словами  Богатый  и  Нищий  мы  подразумеваем  то,  что  один  богат 
материально,  другой  же  нет.  Древние  философы  считали,  что  есть  люди  богатые 
материально,  нищие  в  своём  внутреннем  мире,  а  нищие  не  имеющие  достатка  в 
материальном плане, богаты в духовном. И к сожалению они правы, так как взглянув на 
сегодняшний мир, мы видим как богато общество и как в тоже время оно нищенствует 
духовно. 
«С Человеком происходит тоже самое, что и с деревом.Чем больше он стремится 
он  вверх,к  свету,тем  глубже  уходят  корни  его  в  землю,во  мрак  и  глубину-ко  злу».(Ф. 
Ницше).  
Тоже самое происходит и с государством, которое представляется в виде дерева. 
Чем  больше  развивается  государство,  тем  больше  растёт  та  самая  вышеупомянутая 
«медаль». Инь и Янь, самая лучшая дефиниция понятию «Нищие и Богатые».  
Конечно  существуют  те  страны,  которые  активно  развиваются  и  при  этом 
уменьшают  проблемы  с  безработицей,  бездомными,  т.е.  всё  то  что  влияет  на 
формирование низшего слоя населения. «Ешь и худей» если говорить простыми словами 
о таких государствах. 
По  моему  мнению  в  непрерывном  развитии  малоимущего  слоя  населения 
частично  виновато  государство,  т.к.  во  многих  странах  главенствует  коррупция,  что  в 
свою  очередь  отражается  на  образовании.  И  образование  играет  значимую  роль  жизни 
человека в обществе и каково оно будет решает государство. 
Также  усиливает  это  развитие  глобальная  проблема  под  названием 
«экономический  кризис».  После  которого  без  работы  остаются  десятки  тысяч  людей, 
людей на чьих плечах лежит ответственность за свою семью, людей имеющие кредиты. 
Таким образом происходит то о чём я пишу, происходит формирование 2х лагерей:  
Богатых - чьё финансовое положение пошатнётся, но не повлияет на их жизнь. 
-  Нищих,  чья  жизнь  на  грани  потери  нормального  быта  и  началу  «не  жить,  а 
существовать». 
Я считаю, что человек является властелином над своей судьбой, но непременную 


жүктеу 5.21 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет