Практикалық конференциясының м а т е р и а л д а р ы



жүктеу 5.21 Kb.
Pdf просмотр
бет40/45
Дата09.01.2017
өлшемі5.21 Kb.
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45

 
 
 

311 
 
БИЗНЕС – ИНКУБАЦИЯСЫ 
 
МУХАМАДИЯРОВА А. Ж. 
Талдықорған қаласының І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің 
қаржы мамандығының студенті ,
 
Ғылыми жетекшісі: КАСЕНОВА А.М. 
Талдықорған қаласының І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік 
университетініңаға оқытушы, магистры. 
 
Елбасы  «Нұрлы  жол  –  болашаққа  бастар  жол»  Жолдауында  еліміздің 
экономикалық-әлеуметтік  ахуалын  әрі  қарай  дамытуға,  іскерлік  белсенділік  пен 
жұмыспен  қамтуды  ынтыландыруға  байланысты  жаңа  міндеттер  жүктеді.  Кезекті  елдік 
құжат – экономиканың қозғалтқыш күші іспетті. Ал шағын және орта бизнесті дамытуға, 
қосымша инвестициялар тартуға, жұмыс орындарын құруға елордада 2001 жылдан бері 
жұмысын  жүргізіп  келе  жатқан  «Астана  –  жаңа  қала»  арнайы  экономикалық 
әкімшілендіру аймағының қосар үлесі үлкен. 
Жолдауда  жүктеген  міндеттерді  орындау  инновациялық  индустрияландыру  мен 
орта және шағын кәсіпкерлікті дамытуға тікелей байланысты екендігі белгілі.  
Тәжірибе  көрсетіп  отырғандай,  экономикалық  өсуге  жетудің  негізі  –  шағын  және 
орта бизнеске қолдау көрсету. Осы сфераның даму аясында мемлекет тиімді жолдарын 
қарастырып, нақты нәтижеге жетудің мүмкіндігін жасауы қажет. Сол себептен де, шағын 
және  орта  бизнесті  дамытуда  технопарктердің  рөлі  өсіп,  бизнес  инкубациясы  көп 
елдерде  тиімді  қолданып,  дағдарыстан  шығуға  көп  көмегін  тигізуде.Көптеген  елдерде 
бизнес  –  инкубаторлардың  қарқынды  дамуы  мен  өсуі  осы  моделді  қолдану  бірталай 
мәселелерді  шешуде,  соның ішінде дағдарыс  көріністерінің нәтижелерімен күресуде де 
өзінің тиімділігін дәлелдеп отыр. 
Бизнес инкубациясы   - инновациялық кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың айқын 
бір  өрнегі  болып  табылады.  Инкубация  шарттары  шағын  кәсіпорындарды  құру  мен 
дамыту  барысында  туындайтын  кедергілерді  жеңуде  едәуір  көмегін  тигізеді. 
Сондықтанда әлемнің әртүрлі елдерінде бұл құрылымдар кеңінен қолданылады. Бизнес-
инкубаторлар шағын және орта бизнес кәсіпорындарына орынжайларды жалға берумен, 
өз  істерін  енді  бастап  отырған  кәсіпкерлерге  кешенді  қолдау  көрсетумен,  оның  ішінде 
консультациялар  берумен,  бизнес-жоспар  әзірлеумен,  шағын  несиелер  берумен, 
сервистік қызметтер көрсетумен, кәсіпқойлар желісімен және әлеуетті тұтынушылармен 
байланыстар орнатумен айналысады. 
ХІХ ғасырдың басында бизнес-инкубаторлардың саны  әлем бойынша  үш мыңнан 
асқан.  Бизнес  -  инкубаторлардың  институциналды  құрылым  қатарында  пайда  болу 
уақытына қарай, мамандар  бірінші және екінші толқынға жатқызады. Бірінші толқынға 
әлемдегі  алпауыт  елдер:  АҚШ  және  Батыс  Еуропа  мемлекеттері,  ал  екінші  толқынға 
Қытай, Ресей,  Индия, Латын Америка мемлекеттері, Израиль және т.б. жатады.  
Қазақстанда 2005 жылдан бері  барлығы 51 бизнес  – инкубаторлар  жұмыс істейді, 
бірақ  бұл  санға  шағын  бизнес-орталықтар  мен  консалтингтік  компаниялар  және 
технопарктер кіріп отыр[4, 2б.]. 
Индустриялық-инновациялық  дамуының  стратегиясының    ең  негізгі  бағыттардың 
бірі  болып,  ғылыми-техникалық  және  инновациялық  қызметтің  аясында  құрамына 
инновациялық  қызметтің  мемлекеттік,    салааралық,  сала  және  аймақтық  субъектілерін 
енгізетін  инновациялық  инфрақұрылымды  қалыптастыру.Бүгінгі  таңда  инновациялық 
қызмет  жаңа  шаруашылық-аумақтық  құрылымдарсыз  (технопарк,  бизнес-инкубациясы, 
шағын  кәсіпкерлік,  аймақтық  инновациялық  қорлар,  венчурлық  фирмалар)толыққанды 
дамиалмайтынына көз жеткіздік.
 

312 
 
Республикадағы  Ұлттық  инновациялық  жүйені  қалыптастыруда  технопарктер 
негізгі  элементтердің  бірі  болып  табылады.  Технопарктердің  алдына  қойылған  негізгі 
міндеттер  –  инновациялық  жобалардың  ұйымдастырушыларына  өндірістік  алаңдарды 
пайдалануға  беру,  ғылыми  әзірлемелердің  іске  асырылуына  қолайлы  жағдайлар 
туғызатын ұжымдық-бизнес қызметтерімен қамтамасыз ету.   
Қазақстанда  технологиялық  бизнес  –  инкубациялау  (ТБИ)  мемлекеттік 
индустриалды - инновациялық қолдау шеңберінде, 2010 жылы ҚР индустрия және жаңа 
технологиялар  Министрлігінің  технологиялық  бизнес  –  инкубациялау  бағдарламасы 
алғашқы  рет  іске  асырылды.  Технологиялық  даму  облысында  Ұлттық  даму  институты 
болып,  «Технологиялық  даму  Ұлттық  агенттігі»  АҚтабылады.  2004  жылдан  бастап,  ҚР 
индустрия  және  жаңа  технологиялар  Министрлігінің  жүйесінде  технопарктер  құрыла 
бастады.  2013  жылдың  сәуір  айының  көрсеткіштеріне  сәйкес,  «Технологиялық  даму 
Ұлттық агенттігі» АҚ қатысуымен 10технопарктер жұмыс істеуде. 
Кесте 1 –Қазақстандық технопарктер туралы мәліметтер  

№ 
Технопарктердің 
атауы 
Ақпарат 
1

Қарағанды  қаласында 
«Сары-Арқа» 
технопаркі» ЖШС 
Технопарктің 
қызмет 
ету 
кезеңінде 
111 
жоба 
дайындалды,  Технопарк  осы  жобалармен  жұмыс  істеген 
соң  олардың  10-ы  одан  әрі  дамытылды.  ТБИ 
бағдарламасының  басталу  сәтінен  Технопарк  2010  ж. 
жобаларды  іріктеу  үшін  2  өтінім  жолдады,  2011  ж.  –  32 
өтінім, 2012 ж. – 21 өтінім жолданды. 
2

Орал 
қаласындағы 
«Алгоритм» 
технопаркі» ЖШС 
ТБИ  бағдарламасының  басталу  сәтінен  Технопарк 
инновациялық  жобаларды  жүзеге  асыруға  белсенді 
қатысып келеді. 2010 ж. жобаларды іріктеу үшін 7 өтінім 
жолданды,  олардың  3-уі  қаржыландырылды.  2011  ж. 
жобаларды  іріктеу  үшін  6  өтінім  жолданды,  олардың  2-і 
қаржыландырылды. 
3

Алматы 
қаласында«Алматы 
өңірлік 
технопаркі» 
ЖШС 
Технопарк  қаржыландырған  жобалардың  жалпы  санынан 
(15)  агроөнеркәсіп  кешенінде  –  3  жоба,  ресурс  үнемдеу 
бойынша 3 жоба, 9 жоба басқа өндірістік салаларда. 
4

«К.И.Сатпаев 
атындағы 
ҚазҰТУ» 
технопаркі» АҚ; 
Технопарк  қаржыландырған  жобалардың  жалпы  санынан 
(15)  агроөнеркәсіп  кешенінде  –  3  жоба,  5  жоба 
ресурстарды  үнемдеу  бойынша,  1  жоба  металл  өңдеу 
бойынша,  1  жоба  –  тамақ  өнеркәсібінде,  5-уі  басқа 
өндірістік салаларда.  
5

«Алатау»  технопаркі» 
ЖШС 
Ғалымдар  күнделікті  милиондаған  новаторлық  ойлар 
ойлап  табады,  бірақ  оның  бірең-сараңы  ғана  іске  асады. 
Сондықтан  новаторлардың  ойларын  іске  асыру  үшін 
технопарк ашылды. 
Сонымен қатар технопарк қызметкерлері инвесторлар мен 
серіктестіктер  іздеуге,  келіссөздер  ұйымдастыруға, 
технологиялық  бизнес-дамыту  бағдарламасына  қатысу 
тәртібі мен шартына көмек көрсетеді.  
6

«Астана 
қаласының 
өңірлік 
технопаркі» 
ЖШС 
Технопарк  қаржыландырған  жобалардың  жалпы  санынан 
(37)  агроөнеркәсіп  кешенінде  –  9  жоба,  ІТ-жоба  –  13,  3 
жоба 
ресурстарды 
үнемдеу 
бойынша, 

жоба 
биомедицина  бойынша,  3  жоба  құрылыс  материалдарын 
өндіру  бойынша,  7  жоба  басқа  салаларда.  Жүзеге 
асырылған 
жобалардың 
35%-ы 
ІТ-технологиялар 
саласында,    24%  -  агроөнеркәсіп  кешенінде,  және  де  бұл 
салалардың үлесі тұрақты үрдісте.  

313 
 
7

Өскемен 
қаласында 
«Шығыс-Қазақстан 
аймақтық 
технопаркі 
«Алтай» ЖШС 
Технопарк  қаржыландырған  жобалардың  жалпы  санынан 
(10)  барлығы  өндірістік  салаларда.  Сонымен  бірге 
Технопарк үшін басым бағыт – бүгінгі күнде өзекті болып 
отырған ресурстарды үнемдеу саласы. 
8

Шымкент 
қаласында 
«Оңтүстік-Қазақстан 
облысының  аймақтық 
технопаркі» ЖШС 
Технопарк қаржыландырған жобалардың жалпы санынан 
(10)  агроөнеркәсіп  кешенінде  7  жоба.  Технопарк  үшін 
агроөнеркәсіп  кешенін  дамыту  және  әр  түрлі  салаларда 
химиялық  технологияларды  қолдану  басым  бағыттар 
болып табылады. Алайда Технопарк экономиканың басқа 
салаларын  дамытуға  бағытталған  өзге  де  жобаларға 
қолдау көрсетеді. 
9

Әл-Фараби ат. ҚазҰУ 
ЖОО  жанында,  кәсіпкерліктің  дамуына,  серіктестерді 
табу, 
ғылыми-техникалық 
жобалардың 
дамуына 
инвесторларды тартуға жол ашады. 
1
10 
Д.Серікбаев 
ат. 
ШҚМТУ 
ЖОО  жанында,  Технопаркте  16  ғылыми-зерттеу  
лабораториялары жұмыс істейді, инновациялық портфель 
1,2 млрд. теңге құрайтын  40 жобаны қаржыландырады. 
Дерек 
көзі:ҚР 
индустрия 
және 
жаңа 
технологиялар 
Министрлігінің 
«Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ ресми сайты- 
http://natd.gov.kz
 
 
Қазақстандық  технопарктерге тән  негізгі ерекшелік – жоғары оқу орындарындағы 
және  ғылыми-зерттеу  институттарының    жетекші  мамандарын  тарту  арқылы    ірі 
кәсіпорындардың жанында орналасуы. 
Отандық 10 технопарктердің 3-і жоғарғы оқу орындарының аумағында орналасқан, 
олар:  Қаныш  Сәтпаев  атындағы  ҚазҰТУ,  Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ,  Әл  -  Фараби 
атындағы ҚазҰУ, ал қалған 7 технопарктер кәсіпорындардың және ғылыми орталықтар 
аумағында орналасқан.  
Әлемдегі  сияқты  Қазақстандағы  технопарктердің  деедәуір  бөлігі,  ғылыми 
мекемелермен  және  білікті  мамандармен  қамтамасыз  етілген  ірі  қалаларда  немесе 
индустриялық  орталықтарда  орналасқан.  Технопарктердің  60  пайызға  жуығы  мынадай 
қалаларда:  Алматы,  Астана,Атырау  және  Қарағанды  қалаларында,  ал  қалғандары 
Өскемен, Орал, Степногорск сияқты кішігірім қалаларда орналасқан. 
Технопарктер  аясында  бизнес-инкубациялардың  пайда  болуы,  жылына  300-ден 
астам  жобаны  құрастырып,  ұсынатын      қазақстандық  әзірлеушілердің  барлық 
инновациялық  бастамаларын  қамтитын  болады  деп  болжамдалуда.  Республикамызда 
технопарктер  екі    деңгейлі:  ұлттық  және  аймақтық  технопарктер  жүйесі 
қолданылады.Ұлттық технопарктердің өзгешелігі салалық бағыттардың қызметінде және 
салық  жеңілдіктері қарастырылған Арнаулы экономикалық аймақтарда болып отыр. 
Қазақстанда  ұлттық  технопарктер  бәсекеге  қабілетті  ел  экономикасын 
қалыптастыруды  қамтамасыз  ететін  жаңа  саланы  дамытуға  бағытталған.  Ұлттық 
ғылыми-технологиялық  технопарктер  арасында  мыналарды  атап  айтсақ  болады: 
ақпараттық  технология  Паркі,  пос.  Алатау;  Ұлттық  индустриалды  мұнай-химиялық  
технопаркі,  Атырау  қ;  ядорлық  «Токамак»  технопаркі,  Курчатов  қ;  космостық 
технология паркі, Астана, Алматы және Приозерск қ. 
Технопарктердің 
аймақтық 
деңгейдегі 
жүйесін 
құрушылар:аймақтың 
индустриялық  кәсіпорындары,  ғылыми  және  академиялық  ұйымдар.  Аймақтық 
технопарктер экономиканың технологиялық деңгейінің біртіндеп сатылы дамуын, шағын 
және орта бизнеске қолайлы жағдайлармен қамтамасыз етеді. 
Қазақстан  технопарктерінде,  Европа  елдерінде  сияқты  меншіктің  аралас 
құрылымыбайқалады,  яғни    қоғамдық  және    меншікті  секторлар  бірігіп    ғылыми-
технологиялық    парктер  ұйымға  қатысуда.  Мысалы,  Европа  елдерінде  меншіктің 
құрылымы    келесідей  көрсетіледі:  аралас  меншік  -45%,  қоғамдық  -38%,  жеке  меншік- 

314 
 
17%.Ал, Қазақстандық мысал ретінде Қарағанды қаласындағы технопаркті қарастырсақ 
болады,  мұнда  құрылтайшылары  ретінде  «ЦИТТ»  АҚ  және  Қарағанды  облысының 
кәсіпкерлікті    дамыту  және  экономиканы  басқару  Басқармасының  атынан  қала  әкімі 
болып табылады.  
Технопаркетрдің    басты  мақсаты  –  елдің,  әсіресе  елдің  аймақтарының 
инновациялық  әлеуетін  анықтау,  ашу  және  дамыту,  сонымен  қатар,  экономиканың 
инновациялық өнімдерге деген қажеттілігін қамтамасыз ету. 
Қазақстандық  технологиялық  парктердің қызметін енгізу қазіргі европалық  модел 
ерекшеліктерін қамтиды: 
-ондаған  кіші  фирмаларды  ораналастыру  үшін  ғимараттың  болуы  (бұл  ұжымдық-
бизнес қызметтерінің барлық арттықшылықтарын қолдана алатын көптеген жаңа шағын 
және орта инновациялық кәсіпорындардың қалыптасуына септігін тигізеді); 
- күрделі және жай сервистен тұратын қызмет көрсету аясы. 
 
Алматы  аймақтық  технопарк  аумағындаинновациялық  жобаларды  іске  асыру 
барысында  жан  -  жақты,  соның  ішінде  банктік,  консалтингтік,  құқықтық, 
консультациялық және т.б.қызмет көрсететіноншақты шағын фирмалар  орналасқан.  
Статистикалық  мәлеметтер  бойынша  145  мың  шағын  және  орта  бизнес,  16  мың 
жеке  меншік  кәсіпкерлігі  тіркелген,  сондықтан  бизнес-инкубатордың  құрылуы  шағын 
және орта бизнестің  экономикалық элементі технопарк болып табылады[3, 2 б.]. 
  Қазақстандағы  технопарктердің  қызметтерін  қарастыра  келе  мынадай  негізгі 
мәселелерді көріп отырмыз: 
1.Инновацияларды 
құраушыларды 
және 
инновацияларды 
өнеркәсіпте, 
университеттерде  және  мемлекеттік  секторда  қалай  дамытуды  жеткілікті  түсінбеу.  Бұл 
инновацияларды  ынталандыру  үшін  сындарлы  маңызды реформаларды  жүргізу  мен 
жеткілікті  ресурстарды  бөлу  қабілетсіздігіне  алып  келді.  Экономиканы  ынталандыру 
бойынша  едәуір  күш-жігер  жұмсалды,  алайда  салалардың  негізгі  факторларының  бірі 
ретінде инновациялық шағын және орта кәсіпкерлікті құру назардан тыс қалды. 
2.Инновациялық  саясаттың  өңірлік  дамудан  оқшауланғандығы.Жергілікті 
жерлердегі  инновациялық  жүйелердің  өзегі  ретінде  өңірліктехнопарктерді  құру 
талпыныстары қаржыландырудың дұрыс емес моделісалдарынан ең  төмен нәтижелерге 
алып  келді.   Технопарктердің  шығыстары  олардың  табыстарынан  4  есе  асып  кетті,  240 
жобаның  ішінде  5  %-ы  ғана  одан  әрі  дамыды.  Технопарктердің  негізгі  қызметі  үй-
жайларды  жалға  беру  болып,  олардың  көбі  әкімдіктер  үшін  қосымша  ауыртпалыққа 
айналды.  Жергілікті  инкубациялық  орталықтар  және  индустриялық  кластерлерді 
ұйымдастырушылар  әлі  де  өз  дамуының  бастапқы  сатыларында  екендігі  және  көбірек 
қолдауды қажет ететіні туралы қорытынды жасауға болады. Осындай қолдау ғылым мен 
инновацияларға  бағдарланған  шағын  және  орта  бизнестің  пайда  болуын  жақсарта  алар 
еді.  Жергілікті  техникалық  жоғары  оқу  орындары  да  технопарктердің  жұмысын 
басқарып, жергілікті инновациялық жүйелердің өзегіне айнала алмады. 
3.Отандық  білім  беру  жүйесінің  үдемелі  индустрияландырудың  сын-
тегеуріндерінде  және  экономиканың  жоғары  технологиялық  секторларын  дамыту 
жөніндегі  міндеттерді  орындауға  дайын  еместігі.  Зерттеулерді  өткен  дәуірде 
қалыптасқан  ескі  кадрлық  әлеует  ұстап  тұр.  Жаңа  ұрпақты  кадрларды  даярлауды 
жоспарлау  сапасыз  жүргізілді,  осыған  байланысты  жұмысқа  орналасу  проблемалары 
тіпті «Болашақ» бағдарламасының түлектерінде де туындады. 
Білім  беру  жүйесінде  мамандарды  даярлаудың  өзгеріске  ұшыраған  құрылымын 
жаңғырту  жалғасып  отыр.  Бұл  ретте  білім  берудің  жаңа  жүйесін  орнату  процесі 
аяқталмады.  Институционалдық  реформалар  жүргізілуде,  алайда  білім  беру  сапасы 
күшті педагог кадрлардың өткір тапшылығына байланысты жақсармай отыр. 
Шетелдік шағын және орта бизнес пен университеттерді инновацияларға айналуы 
мүмкін  ғылыми-зерттеу  және  тәжірибиелік-конструкторлық  жобаларға  тарту  сәтті 

315 
 
аяқталмады, себебі басты назар өндіру өнеркәсібі немесе жергілікті өндіріс саласындағы 
ірі жобаларға аударылды. 
Білімнің  жетіспеуі,  серіктестерді  таңдау  және  сендіру,  сондай-ақ  инновациялық 
жобалардың  дұрыс  үлгісін  тарту  үшін  жауапты  ұйымдардың  қатысушыларында 
келіссөздер  жүргізу  тәжірибесінің  және  тілдік  машықтарының  жетіспеушілігі  болып 
табылады. Зерттеулер сендіріп отырғандай, компаниялар мен жоғары оқу орындарының 
көпшілігінде  жаңа  менеджменттің  және  технологиялармен,  өндірістік  инжинирингпен 
жұмыс  істеу  тәжірибесінің  тапшылығы  орын  алып  отыр.  Жоғары  оқу  орындарында 
идеяларды,  нарық  қажеттіліктерін  жинау  және  жүйелендіру,  оларды  қолданбалы 
ғылыми-зерттеу міндеттерін қою үшін қолдану тәжірибесі қалыптастырылмаған. 
ҚР  Президентінің  2013  жылғы  4  маусымдағы  №579  Жарлығымен  бекітілген  ҚР 
2020  жылға  дейінгі  инновациялық  даму  тұжырымдамасы  қабылданды.  Қазақстандағы 
инновациялар саласындағы саясатты қоса алғанда, Инновациялық даму тұжырымдамасы 
инновациялық  жүйені  дамытудың  пайымын,  сын-тегеуріндерін,  мүмкіндіктері  мен 
кезеңдерін  білдіреді.Үкімет  тарапынан  салықтан  жеңілдіктердің  болуы,еліміздегі 
технопарктер қызметіне стимуляция жасап отырғанын айта кеткен жөн[1, 4б.].  
Сонымен қатар, жоғарыда айтылған мәселелерді шешу жолдары: 
1.технопарктер санын көбейту; 
2. технопарктер санын көбейту арқылы бизнес-инкубаторлардың  санының көбеюі
3.  экономикаға  шағын  және  орта  бизнес  пен  кәсіпкерлер  ықпалының  шамалы 
болуына әкелетін ел ішіндегі кәсіпкерліктің әлсіз дамуы; 
4.білім  жүйесін  жетілдіру,  ғылыми-зерттеу  және  тәжірибелік-конструкторлық 
әзірленімдер  мен  инновациялық  жобаларда  ғылым,  өнеркәсіп  пен  университеттер 
арасындағы өзара іс-қимылдың жетіспеушілігі; 
Қазіргі  таңда,  ғылымды  дамытудың  түп  негізі  болып,  аймақтық  инновациялық 
механизмді 
технопарктер 
Қазақстанның 
әр 
облысында 
ғылыми-техникалық 
бағыттарымен,  мениралды  шикізат  ресурстарымен,  өндірістік  инфрақұрылымдар 
облыстық дамуға аймақтық университеттердің ашылуына себеп болар еді. 
Осы тұжырымдаманың негізінде нарықтағы қазіргі заманғы және өсіп келе жатқан 
қажеттіліктерге,  пайдаланушының  туындайтын  мұқтаждықтары,  нарықтық  оқулықтар 
мен  әлеуметтік  проблемалар  үшін  шешімдер  іздеуге  бағдарлану  жатыр.  Тұжырымдама 
шеңберінде  басты  назарды  кездейсоқ  білім  алудан  инновациялық  қолайлылыққа, 
шынайыбизнес мүмкіндіктерді жасау және проблемаларды шешу үшін әлеуетті пайдаға 
аудару көзделіп отыр. 
Пайдаланған әдебиеттер тізімі: 
 
1.  ҚР Президентінің 2013 жылғы 4 маусымдағы №579 Жарлығымен бекітілген ҚР 
2020 жылға дейінгі инновациялық даму Тұжырымдамасы: Түйінді проблемалар бөлімі; 
2.  ҚР  индустрия  және  жаңа  технологиялар  Министрлігінің  «Технологиялық  даму 
жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ ресми сайты- 
http://natd.gov.kz
.Технологическое бизнес - 
инкубирование 2013: информация для потенциальных участников 
3. Программа технологического бизнес-инкубированияв поддержку инновационной 
деятельности Казахстана, Астана, 2013 
4. МСБ в РК на 1 полугодие 2012–«Кәсіпкерлікті дамыту қоры  «Даму» АҚ ресми 
сайты 
damu.kz
 
 
 
 
 
 
 
 

316 
 
ТРАНСҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯЛАРДЫҢ ҚАЗАҚСТАН 
ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ДАМУЫНА ӘСЕРІ 
 
МҰҚАН Н.М. 
Алматы Университеті, Қаржы мамандығының 1 (4) курс студенті 
Ғылыми жетекшісі: НУРГАЗИЕВ К.Ш. 
аға оқытушы, Алматы қ., Алматы университеті 
 
XXI  ғасырда  жаһандану  үрдісі  белсенділігін  арттыра  түсті.  Осы  жаһандану 
үрдісінің  қарқынды  жүруі  салдары,  дамыған  мемлекеттерде  шаруашылық  капиталдың 
жаңа  ұйымдастыру  формаларының  туындауына  септігін  тигізді.  Әсіресе  мұнда 
капиталдың  топтасуы  мен  интеграциялануын,  тіпті  кіші  фирмалардың  алып 
шаруашылық корпорацияларға, аса ірі өнеркәсіптік, банктік, саудалық, қаржы-өнеркәсіп 
топтар  мен  кешендерге  айналуын  атауға  болады.  Осы    кезеңде    Қазақстан  нарықтық 
жүйелі экономикаға бағыт алды. 
Бұл  кезеңде  кез-келген  мемлекетке    осы  үрдісті  бақылаумен  бірге  өз  ұлттық 
экономикасының  дамуына  дұрыс  бағытқа  апарар  экономикалық  саясатты  таңдау 
маңызды  болды.  Себебі,    осы  мемлекеттердің  өндірістік  көлемі,  тұтынуы,  экспорт, 
импорт  тіпті  ұлттық  табыс  деңгейі  ірі,  әрі  қуатты  трансұлттық  компаниялардың 
күштердің  қызметтеріне  тікелей  байланысты  болды.  Яғни,  жаһандану  үрдісінің  негізгі 
және қозғаушы күші болып саналатын трансұлттық компаниялардың  ролі ерекше болып 
табылады.  Трансұлттық  компаниялардың  даму  деңгейінің  ерекше  белсенділігі 
салалардың біртұтастануын қалыптастырды. 
Қазіргі  таңда  еліміз  көптеген  экономикалық  жетістіктермен,  жаңа  саяси 
құрылымымен  экономикалық  қарқынды  өсу  кезеңінде.    «Қазақстан  2050»  стратегиясы 
және ҚР үдемелі индустралдық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған 
бағдарламары  негізіндегі  көздеген  мақсатқа  жету  барысында  ішкі  қаржыландырудың 
мүмкіндіктерінің  шектеулі  жағдайында,  экономиканы  трансформациялауда  үкіметтің 
әртүрлі  бағдарламары  негізінде  құрылымдық  қайта  қалыптастыруды  қамтамассыз  ету 
үшін,  сыртқы  капиталды  тарту  және  тиімді  пайдалану  мәселелері  өте  маңызды  орын 
алмақ [1]. 
Еліміз  үшін  тәуелсіздік  алған  жылдардың  алғашқы  кезеңінде,  трансұлттық 
компаниялар  капиталы  экономиканы  бір  қалыпқа  келтіруде  маңызды  болды.  Бүгінгі 
таңда  30  дамыған  бәсекеге  қабілетті  елдер  қатарына  кіруді  мақсат  етіп  отырған  еліміз  
үшін  шетелдік  капиталды  тарту  мен  пайдалану  саясатының  ролі  ерекше  бола  отырып, 
көптеген стратегиялық бағдарламалар да орын алып отыр. 
Ішкі  қаржылық  мүмкіндігінің  шектеулі  жағдайында  сыртқы  капиталды  тарту 
құрылымын қамтамассыз ету мен ішкі нарықта оны тиімді пайдалану мемлекеттің даму 
стратегиялық бағдарламаларының негізгі параметрлеріне жету тетігі бола алады.  
Экономиканы жаһандау үрдістері әлемдік экономикалық және саяси аренада жаңа 
ойыншылардың – трансұлттық корпорациялардың пайда болуына әкелді.  
Қазіргі  таңда  трансұлттық  компаниялардың  қызметін  бағалау  және  олардың 
ұлттық  экономиканың  дамуы  мен  мемлекеттік  қауіпсіздікке  әсері  біржақты  емес,  яғни 
оның жағымды да, жағымсыз да мәні бар.  
Қабылдаушы ел үшін жағымды факторлар ретінде келесідерді атап өтуге болады: 
мемлекеттің экономикалық базасының кеңеюі, ең жаңа технологиялардың берілуі, жалпы 
іскерлік  белсенділіктің  артуы,  елге  шетел  капиталының  келуі,  төлем  балансының 
жағдайының 
жақсаруы, 
жұмысбастылықтың 
өсуі, 
трансұлттық 
компания 
филиалдарындағы  жұмысшылар  мен  қызметкерлердің  өмір  сүру  деңгейінің  артуы, 
жергілікті  кадрлардың  біліктілігінің  артуы,  саяси  реформалар  жүргізуді  ел 
экономикасына трансұлттық компания енгізу арқылы ынталандыру. 

317 
 
Сонымен  қатар,  өзінің  қаржылық  қуатын  қолдана  отырып,  ірі  корпорациялар 
ұлттық  инвесторларды  экономиканың  анағұрлым  тартымды  секторларынан  ығыстырып 
тастайды,  ұлттық  өндірушілерге  әділетсіз  бәсекелестік  әдісімен  үлкен  қысым  жасайды. 
трансұлттық  компания    экономикадағы  қатысымын  кеңейте  отырып,  өз  стандарттарын 
тек  басқару  саласында  орнатып  қана  қоймай,  қабылдаушы  ел  халқының  әлеуметтік 
сәйкестендіруіне де әсер етеді[2]. 
Трансұлттық  компаниялар  өзінің  қалыптасуы  барысында  қызметтерінің 
географиясын да кеңейтті, яғни  ол бұрынғы КСРО елдерін де қамти бастады. Қазақстан 
Республикасы да одан қалыс емес.  
Қазақстан  өз  тәуелсіздігін  алғаннан  кейін  көптеген  маңызды  жаһандану 
үрдістерінің белсенді қатысушысы болуға ұмтылды. Бірақ елдің әлемдік қауымдастыққа 
сәтті интеграциялануы, оның барлық элементтері, оның ішінде оның негізгі субъектілері 
–    трансұлттық  компаниялармен  оңтайлы  әрекеттердің  механизмінің  қалыптасуын 
болжамдайды.  
Бұл  жағдайда  трансұлттық  компания  үшін  жағымды  факторлар  ретінде 
Қазақстандағы  мына  жағдайлар  атап  өтуге  болады:  пайдалы  қазбалардың  мол  қоры, 
әртүрлі  биологиялық  және  бай  рекреациялық  ресурстары,  білікті  және  арзан  жұмыс 
күшінің болуы.  
Қазақстан  экономикасындағы  трансұлттық  компаниялардың  мінез-құлық  үлгісін 
таңдау  осы  шаруашылық  жүргізуші  субъектілерді  басқа  дамушы  елдер  экономикасына 
енгізу түрінен еш айырмашылығы жоқ және ол бірқатар нақты факторларға байланысты 
болады: 

 
корпорациялардың экономикалық мүдделері; 

 
шетелдік капиталдың қызмет ету саласы мен өнім түрін таңдау; 

 
жобаның ауқымы; 

 
шетелдік инвестицияларды тартудың стратегиялық мақсаттары. 
Трансұлттық  компанияң  қабылдаушы  елдердегі  қызметтері  түрлерінің 
Қазақстанда анағұрлым дамыған түрі – бірлескен кәсіпорындар (БК).  
Нарықтық  қатынастардың  дамуына  байланысты  трансұлттық  компаниялар 
Қазақстан  экономикасына  өте  терең  енуде  және  еліміздің  қоршаған  табиғи  ортасына, 
саяси,  әлеуметтік-экономикалық  және  мәдени  жағдайына  уақыт  өте  келе  қатты  әсерін 
тигізіп келеді [3]. 
Трансұлттық  компания  қызметі  нақты  бір  дәрежеде  экономиканың  әртүрлі 
салаларының 
ұйымдары  мен 
кәсіпорындарына 
салынған 
тікелей 
шетелдік 
инвестициялар  (ТШИ)  арқылы  жүзеге  асырылады.  Осындай  тікелей  шетелдік 
инвестициялар  арқылы  трансұлттық  компаниялар  отандық  кәсіпорындарды  тиімді 
басқара алады.  
Жалпы  алғанда,  соңғы  жылдары  инвестициялық  үрдістер  өзгерген  жоқ. 
Қазақстанның  ірі  инвесторларының  ондығына:  АҚШ,  Ұлыбритания,  Италия, 
Швейцария,  Нидерланды,  Корей  республикасы,  Қытай,  Канада,  Ресей  елдері  кіреді. 
Олардың үлесіне барлық салынған ТШИ-дың 80%-дан астам бөлігі тиеді. 
АҚШ  компаниялары  мұнай  газ  секторына  салынған  салымдары  бойынша  көш 
бастап  тұр.  Ұлыбритания  компаниялары  кен  өндіру  бойынша  екінші,  көлік  және 
коммуникация саласында үшінші орында.  
Қазақстанның  өңдеуші  өнеркәсібінде  нидерландылық  инвесторлар  өте  белсенді. 
Сонымен  қатар  бұл  ел  қаржылық  қызмет  көрсету,  кәсіпорындарға  қызмет  көрсету  
секілді  салаларда  бірінші  орында,  көлік  және  байланыс  секторында  екінші  орынды 
иемденеді.  
Қазақстандағы  трансұлттық  капиталдың  ерекшелігі  болып,  оның  экономикадағы 
шикізат  секторындағы  шоғырлануы  табылады.  Салалар  бойынша  шетелдік 
компаниялардың  көп  бөлігі  мұнай-газ  секторында  және  түсті  металлургия  саласында 

318 
 
жұмыс істейді [4]. 
Жалпы,  Қазақстанда  қалыптасқан  үрдістердің  мынадай  қатарларын  көрсетуге 
болады: 
Біріншіден, 
трансұлттық 
капиталдың 
минералды-шикізаттық 
кешенде 
шоғырлануының себебі, жаһандану жағдайында жаңа халықаралық еңбек бөлінісі пайда 
болды,  осыған  сәйкес  Қазақстан  ірі  шикізат,  әсіресе  көмірсутегі  жеткізуші  ретінде 
қарастырылады.  
Екіншіден, қазіргі басқарудың контрактілік жүйесі механизмінің төмен тиімділігі 
немесе  мүлдем  тиімсіздігі.  Жалпы,  жекешелендіру  бағдарламасы  мен  басқарудың 
контрактілік жүйесінің нәтижесі бірмәнді болған жоқ.  
Үшіншіден,  трансұлттық  компаниялар  қызметі  мен  адам  құқын  сақтауға 
байланысты  шешілмеген  мәселелер  бар.  Дамушы  елдердегі,  оның  ішінде  Қазақстанда 
адам құқығын мойындау, сақтау және қорғау әлі де болса жетілікті дамыған жоқ. 
Азаматтардың  құқық  қорғауға  және  экологиялық  маңызды  шешімдер 
қабылдауына қол жеткізуі шектеулі. Бұл өз кезегінде, шетелдік трансұлттық компаниялар 
өте  жоғары  пайда  табу  мақсатында  көп  жағдайларда  адамның  негізгі  құқықтарын  бұзу 
фактісін білдіреді, бірақ ол батыс елдерінде тиісті заңнамамен қатаң реттеліп отырады. 
Төртіншіден,  шетелдік  трансұлттық  компаниялар  қызметтері  туралы  ақпаратқа 
қол  жеткізудің  шектеулілігі  және  шетелдік  трансұлттық  компания  қызметтерінің 
транспаренттілігінің  өте  төмен  деңгейі.  Ұсынылған  ақпараттың  жалпы  сипаты 
трансұлттық  компаниялар  ұнамсыздығымен  істің  нақты  жағдайын  көрсетіп  тұр. 
Корпорацияның  пайдасының  көлемі  туралы  және  қоршаған  ортаны  қорғау  бойынша 
жүргізіп  жатқан  шараларының  сапасы  туралы  шынайы  ақпаратқа  қол  жеткізу  мүлдем 
шектеулі.  
Нәтижесінде, 
трансұлттық 
компаниялардың 
қабылдаушы 
мемлекеттің 
экономикасы  мен  қауіпсіздігіне  тигізетін  жағымсыз  әсерін  ескере  және  бір  жағынан 
трансұлттық  компаниялардың  қазіргі  мүмкіндіктерімен,  пайданы  қабылдаушы  ел  мен 
трансұлттық  компания  арасында  тең  бөлуді  қамтамасыз  ететін  тиімді  жүйені  дайындау 
өте қиын болып табылады.  
Халықаралық  деңгейдегі  трансұлттық  компаниялардың  қызметтерін  реттеу 
процесіне Қазақстанның қатысуы қазіргі кезде жеткілікті деңгейде дамыған жоқ және ол 
ТМД  елдерінің  бірқатары  қол  қойған  «Трансұлттық  компаниялар  туралы» 
конвенциясына  қатысуымен  ғана,  сонымен  қатар  екіжақты  инвестициялық  келісіммен 
ғана  шектеледі.  Сондықтан  трансұлттық  компаниялар  Қазақстанда  да,  бұрынғы  КСРО-
ның  басқа  мемлекеттерінде  де  Еуропа  мен  Америка  елдеріне  қарағанда  өздерін 
сенімдірек сезінеді.  
Трансұлттық  компаниялар  қызметі  олардың  өз  мемлекеттерінің  мүдделерімен 
тығыз байланысты. Алдыңғы қатарлы трансұлттық компаниялары бар елдердің мақсаты 
өз  азаматтарының  жоғары  өмір  сүру  деңгейін  қамтамасыз  ету  және  әлемдік  аренада  өз 
мемлекетінің қуаты мен беделін көтеру болып келеді.  
Шикізаттық салалар инвесторлардың пікірі бойынша анағұрлым рентабельді және 
тартымды  болып  саналады.  Оларға  жалпы  өнеркәсіп  өнімі  көлемінің  60%-дан  астамы 
келеді.  Мұнай,  газ  және  металдарға  ұлттық  экспорттың  80%-ы  және  ТМД-дан  тыс 
нарықтардың экспортының 90%-ын құрайды [2]. 
Әрбір мемлекет өзінің инвестициялық саясатында өндірістік саясатты бірге алып 
жүру қажет. Елімізде осы бағытта біраз жұмыс бағдарламалар жасалды, алайда олардың 
тиімді  қызмет  ету  барысын  анықтап  талқылау  уақыттың  және  біздің  еншімізде.  Мысал 
ретінде,  «30  корпоративтік  көшбасшы»,  «Қазақстандық  үлес»,  «Кластерлік  даму 
бағдарламалары»  тағы  басқаларды  атап  кетуге  болады.  Яғни,  Қазақстан  Республикасы 
Үкіметінің 2007 жылғы 19 қарашадағы № 1097 қаулысымен бекітілген «Қазақстанның 30 
корпоративтік  көшбасшысы»  бағдарламасының  негізгі  көздеген  және  алға  қойған 

319 
 
мақсаты  осы  Қазақстанның  көшбасшы  компанияларын  әлемдік  нарыққа  шығуына  жол 
ашу  осы  арқылы  ұлттық  экономикаға  үлес  қосу  болып  табылады  [5].  Бірақ  аталған 
бағдарлама  2009  және  2010  жылдарда  қайта  бекітіліп,  өзгерістер  енгізілгенімен  бүгінгі 
күні маңыздылығын жоғалтып отыр. 
Қорытындылай  келе,  Біріккен  Ұлттар  Ұйымысарапшылардың  пікірі  бойынша 
трансұлттық  корпорациялар  дүниежүзілік  экономиканың  бірегей  қозғаушы  күші  болып 
есептеледі және бүгінде Қазақстанда өз қызметтерін трансұлттық компаниялардың ұзын 
саны 18 мың қызметкері бар (бұл жалпы халықтың 0,12% бөлігін құрайды) 1600-ге жуық 
филиалы  тіркелген.  Нарықтық  қатынастардың  дамуына  байланысты  трансұлттық 
компаниялар Қазақстан экономикасына өте терең енуде және еліміздің қоршаған табиғи 
ортасына, саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени жағдайына уақыт өте келе қатты 
әсер етіп келеді. 
Жалпы  мемлекет  өндірісінің  трансұлттануы  үшін  мемлекет  өндірістік  даму 
саясатымен  бірге  инвестициялық  және  сауда  саясатын  тығыз  байланыстыра  отырып 
қарау  қажет.  Сонымен  бірге,  осы  процесте  мемлекеттік  даму  институттарының  да  алар 
орындары ерекше болып табылады. 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 
1.
 
Хойч А., «Қазақстан өндірісінің трансұлттануының әлеуметтік- экономикалық 
салдары» // Философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған 
диссертация, Алматы 2013 
2.
 
Михайлушкин, А.И. Экономика транснациональной компании: учебное пособие 
для вузов / А.И. Михайлушкин, П.Д. Шимко.- М.: Высшая школа, 2005.- 336с. 
3.
 
Политика и интересы мировых держав в Казахстане/ под ред. Б.Султанова.- 
Алматы: Дайк-Пресс, 2002.- 238 с. 
4.
 
Шагурин,С.В.Экономика транснациональнойкомпании [Электронный ресурс] / 
С.В. Шагурин, П.Д. Шимко.- СПб., 2008 
5.
 
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 19 қарашадағы 1097 қаулысымен 
бекітілген «Қазақстан 30 корпоративтік көшбасшы» бағдарламасы 
 

жүктеу 5.21 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет