Практикалық конференциясының м а т е р и а л д а р ы



жүктеу 5.21 Kb.

бет4/45
Дата09.01.2017
өлшемі5.21 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45

БОЛАШАҚ МҰҒАЛІМДЕРДІҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН 
ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ҒЫЛЫМИ - ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 
 
ӘЛІП Н.Ш 
Қазақ тілі мен әдебиеті  мамандығының  1 курс студенті 
Ғылыми жетекшісі:ҚЫЯҚБАЕВА Ұ.Қ 
Алматы университеті,  Ғылым және магистратура бөлімінің бас маманы, п.ғ.к. 
 
Қазақстан  Республикасында  білім  беру  жүйесіндегі  модернизациялау  үдерісі  - 
білім  мазмұны  мен  сапасын  арттыру,  білім  берудің  ұлттық  моделін  жетілдіру, 
ақпараттық  технологиялар  жөнінде  жаңаша  педагогикалық  көзқарас  қалыптастыру 
секілді  кешенді  шараларға  тікелей  қатысты.  Әлем  тәжірибесі  көрсеткендей,  кез-келген 
мемлекеттің  экономикалық  жетістігі  сол  елдің  білім  жүйесі  мен  азаматтарының  білім 
дәрежесіне  байланысты.  Өйткені  білім  арқылы  ғана  қоғамның  интеллектуалдық 
капиталы мен инновациялық әлеуеті қалыптасады. 
Елбасы  Н.Ә.Назарбаев  «Қазақстан-2050»  стратегиясы:  қалыптасқан  мемлекеттің 
жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында «Білім және кәсіби машық - заманауи білім беру 
жүйесінің,  кадр  даярлау  мен  қайта  даярлаудың  негізгі  бағдары.  Бәсекеге  қабілетті 
дамыған  мемлекет  болу  үшін  біз  сауаттылығы  жоғары  елге  айналуымыз  керек.  Барлық 
жеткіншек  ұрпақтың  функционалдық  сауаттылығына  да  зор  көңіл  бөлу  қажет»,  -  деп 
атап көрсетті [1]. 
Қазіргі  замандағы  білім  берудің  негізгі  мақсаты:  еңбек  нарығында  бәсекеге 
қабілетті, құзыретті, өз жұмысын жақсы білетін, жан-жағына бағыт-бағдармен қарайтын, 
әлемдік стандарт деңгейінде нәтижелі жұмысқа, кәсіби өсуге, әлеуметтік-саяси оңтайлы 
тез  әрекет  жасауға,  болып  жатқан  өзгерістерге  тез  бейімделуге  қабілетті  білікті  маман, 
индустриалды-инновациялық  жағдайды  шешуге  лайық,  өз  қалауы  мен  қоғам  талабына 
сай өзін көрсете білуге бейім, өз ойын еркін айта алатын, жоғары білімді, ұлттық тілді, 
тарихты  жетік  меңгерген,  отандық  және  әлемдік  мәдениетті  бойына  қалыптастырған, 
шығармашыл, 
оңтайлы 
кәсіби 
маман 
дайындау.  
            Бұл  мақсатты  жүзеге  асыруда  еліміздегі  білім  беру  саласының  бағыт-бағдарын 
айқындайтын  Білім  беруді  дамытудың  2011-2020  жылдарға  арналған  мемлекеттік 
бағдарламасы 
қабылданғаны 
бәрімізге 
белгілі.  
Бағдарлама 
бірнеше 
мақсаттар 
мен 
міндеттерден 
туындап 
отыр,  
соның  ішінде  техникалық  және  кәсіптік  білім  берудің  мақсаты:  қоғамның  және 
экономиканың  индустриялық-инновациялық  даму  сұраныстарына  сәйкес  техникалық 
және кәсіптік білім беру жүйесін жаңғырту, әлемдік білім беру кеңістігіне кірігу, педагог 
мамандығының беделін көтеру, білімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру [2]. 
Жоғары  оқу  орнында  дайындықтан  өткен  мамандардың  білімі  жоғары  дәрежеде 
болуы  керек.  Өйткені,  бұл  талап  әрбір  мамандық  бойынша  білім  беру  мазмұнын 
салыстырмалы  түрде  біртұтас  білім  саласы  ретінде  анықтауы  керек.  Білім  берудің 
күрделі  мазмұнын  меңгеруде,  оқу-тәрбие  үрдісін  ұйымдастырудың  қазіргі  кездегі 
ұстанымдарын  жүзеге  асыруда,  педагогикалық  үрдіс,  яғни,  оқытушылар  мен 
студенттердің  өзара  байланысқан  және  өзара  келісілген  іс-әрекеті  басты  міндет 

24 
 
атқарады.  Сондықтан,  қазіргі  кездегі  жоғары  білім  беру  алдында  студенттер  мен 
оқытушылардың жұмыстарының түрлері мен әдістерін жүзеге асыру мәселесі тұр. 
Бүгінгі  таңда  еліміздің  білім  беру  саласында  бәсекеге  қабілетті  ұрпақ  тәрбиелеу 
үшін маңызды міндеттерді шешуге бағытталған күрделі бетбұрыс жасалуда. Мұғалімнің 
кәсіби  мүмкіндігі  оның  бойындағы  өзін-өзі  дамытып  отыру  дайындығына  тікелей 
байланысты.  Бұл  мәселеге  әлеуметтік-педагогикалық  тұрғыдан  келу  үшін  мұғалімнің 
субьект  ретіндегі  алдына  қойған  міндеттерін  орындауға  деген  әзірлік  деңгейіне  көз 
жеткізу қажет. Әрине, оның кәсіби өсуі жеке тұлға ретіндегі ерекшелігіне әбден қатысты. 
Сондықтан  бұл  жерде  даралық-тұлғалық  қалыптасу,  іскерлік-әдістемелік  жетілдіру, 
кәсіптік-пәндік білімін толықтыру компоненттерінен өз қажеттілігін тани алу мүмкіндігі 
туады. Бұл жердегі «өз қажеттіктерін сезіну» - кәсіби қызметтің негізі. Өйткені, ол өзінің 
әлеуметтік бар мүмкіндігін дамытудың жолдарын білу деген. 
Болашақ  кәсіби  құзіретті  маман  осы  ақпараттық  қоғамнан  қалыспай,  жедел 
ойлаушы,  жедел  шешім  қабылдаушы,  ерекше  ұйымдастырушылық  қабілетті,  нақты 
бағыт  -  бағдар  беруші  болып  шығуы  -  бұл  қазіргі  заманның  талабы.  
       Құзыреттілік  қалыптастыру  дегеніміздің  өзі  болашақ  кәсіби  маманның  -  қазіргі 
студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып ойлаудың, интеллектуалдық 
белсенділіктің  жоғары  деңгейіне  шығу,  жаңаны  түсіне  білуге,  білімнің  жетіспеушілігін 
сезінуге  үйрету  арқылы  ізденуге  бағыттауды  қалыптастырудағы  күтілетін  нәтижелер 
болып 
табылмақ.  
Студенттердің  кәсіби  құзыреттілік  мәселелері  туралы  пікірлер  кәсіби  маман  даярлау 
мәселелерімен  айналысып  жүрген  отандық  және  шетелдік  ғалымдар,  педагогтар, 
психологтар еңбектерінде көрініс табуда. 
“Құзыреттілік”  түсінігі  білім  беру  саласында  1960-1970  жылдардағы  шетел 
әдебиеттерінде,  ал  1980  жылдардың  соңында  отандық  әдебиеттерде  кездесті.  “Кәсіби 
құзыреттілік,  жете  білушілік”  ұғымын  енгізудің  қажеттілігі  оның  мазмұнының 
кеңдігімен,  интегративтік  сипатымен,  “кәсіптілік”,  “біліктілік”,  “кәсіби  мүмкіндіктер” 
және 
т.б. 
түсініктерді 
біріктіреді 
[3]  
          «Құзірет»  және  «құзіреттілік»  ұғымдарын  педагогикалық  үрдіске  енгізу  
бағытында  ғалымдар  зерттеу  жұмыстарын  арнап,  әдіснамалық  мәнін  ашып,  өздерінің 
әртүрлі  түсініктемелерімен  сипаттауда.  Аталған  ұғымдардың  табиғи  мәніне  жетуге 
байланысты  Д.И.Ушаковтың  редакциясымен  жарық  көрген  түсіндірме  сөздіктің 
авторлары  “құзыреттілік”  және  “құзырет”  сөздерінің  арасындағы  айырмашылықтарды 
дәлелдеуге  тырысқан.  “Құзыреттілік”  –  хабардар  болушылық,  абыройлық;  “құзырет”  – 
жеке  тұлғаның  кәсіби  қасиеті  және  қызметтік  сипаттардың  нақты  жиынтығы  деген, 
К.В.Шапошников:  «Кәсіби  құзіреттілік  категориясын:  қоршаған  ортамен  өзара  әрекет 
етуінде  адамның  кәсіби  іс  –  әрекетін  жобалау  және  жүзеге  асыруға  мүмкіндік  беретін 
тұлғалық  қасиеттері,  білімі,  іскерлігі  және  тәжірибесінің  біріккен  жиынтығы  »,-десе, 
И.Н.Алмазова  құзірет  –  адамның  іс-әрекеті  саласындағы  білімі  мен  іскерлігі,  ал 
құзіреттілік  –  маман  құзырлық  қасиеттерін  сапалы  қолдана  алуы  тұрғысында 
пайымдайды [4] . 
Қазақстанда 
кәсіби 
құзыреттілікті 
қалыптастырудың 
теориялық 
және 
практикалық  қырларын   Ш.Х.Құрманалина  (колледж  жағдайында  бастауыш  сынып 
мұғалімдерін  кәсіби  даярлау),  Б.Т.Кенжебеков  (жоғары  оқу  орны  жүйесінде  болашақ 
мамандардың  кәсіби  құзыреттілігі),  Г.Ж.Меңлібекова  (болашақ  мұғалімнің  әлеуметтік 
құзыреттілігі), 
Б.Қасқатаева 
(болашақ 
математика 
мұғалімінің 
әдістемелік 
құзырлылығы),  С.И.Ферхо  (мұғалімдердің  оқу  үдерісінде  электронды  оқу  құралдарын 
пайдалана білу құзыреттілігі) және т.б. ғалымдар зерттеген. 
Маманның  кәсіби  кұзіреттілік  мәселесі  күрделі  де  көп  қырлы.  Бұл  ғылыми 
педагогикада,  психологияда,  әлеуметтануда,  кәсіби  білім  берудің  теориясы  мен 
әдістерінде,гуманитарлық ғылымда әр қырынан қарастырылып жүр.   

25 
 
Құзіреттілік  –  жеке  тұлғаның  теориялық  білімі  мен  практикалық  тәжірибесін 
белгілі  бір  міндеттерді  орындауға  даярлығы  мен  қабілеті.  Ол  жансыз  жаттанды  білім 
түрінде  емес,  жеке  тұлғаның  танымға,  ойлауға  қатысын  және  әрекетке,  белгілі  бір 
мәселелерді  ұсынып,  шешім  жасауға,  оның  барысы  мен  нәтижелерін  талдауға,  ұдайы 
түрде ұтымды түзетулер енгізіп отыруға деген белсенді іс-әрекеттен көрінеді. 
Осы  ретте  еліміздің  кәсіби  білім  беру  жүйесі  алдында,  оның  ішінде   болашақ 
педагог  даярлауда  ең  алдымен  педагогтың  кәсіби  құзыреттілігін  қалыптастыру  міндеті 
тұр. Кәсіби құзыреттілік  ұғымын түсіндіруде екі бағыт бар: адамның стандартқа сәйкес 
әрекет  ету  қабілеті;  жеке  тұлғаның  жұмыста  нәтижеге  жетуіне  мүмкіндік  беретін 
сапалары. 
Б.Т.  Кенжебеков  құзыреттілік  жөнінде:  «Құзыреттіліктің  бар-жоғын  адам 
еңбегiнiң  нәтижесiне  қарап  пайымдау  кажет.  Кез  -  келген  қызметкер,  өз  әрекетiмен 
кәсiби iс-әрекеттiң түпкi нәтижесiне сай талаптарға жауап беретiн жұмыстарды орындаса 
ғана, кәсiби кұзыреттi болып саналады»-, деп анықтама береді [5]. 
Еліміздің  саяси,  экономикалық,  мәдени,  қоғамдық  өміріндегі  өзгерістерге  сай 
жоғары  оқу  орындарының  үлкен  жауапкершілікті  сезініп,  білікті,  өз  ісінің  шебері, 
бәсекеге қабілетті, кең ауқымды, жан-жақты дамыған маман дайындауға ұмтылуы, өзінің 
әлеуметтік-экономикалық және рухани дамуының мазмұны мен сипаттарының өзгеруіне 
және  еңбек  сапасына  талаптың  жоғарылуына  байланысты  өз  ісін  жетік  білетін,  кәсіби 
білігі мол мамандарды қажет етеді. 
Сондықтан,  кәсіби  білімді  маманның  құзіреттілігі  сол  маманның  жеке  тұлға 
ретіндегі  қасиеттерінің  және  ішкі  психикалық  жағдайларының  күрделі  жүйесі,  оның 
кәсіби қызметі мен қабілетін іске асырум болып табылады. 
Құзіреттілік  –  қызмет  атқарушының  жеке  мүмкіншілігі  оның  квалификациясы 
(білімі мен тәжірибесі), шешім кабылдай алуы немесе белгілі бір білім мен дағдыларына 
сәйкес шешім қабылдауы. 
Құзіреттілік  -  жеке  тұлғаның  теориялық  білімі  мен  практикалық  тәжірибесін 
белгілі  бір  міндеттерді  орындауға  даярлығы  мен  қабілеті.  Ол  жансыз  жаттанды  білім 
түрінде  емес  жеке  тұлғаның  танымға,  ойлауға  қатысын  және  әрекетке,  белгілі 
мәселелерді  ұсынып,  шешім  жасауға,  оның  барысы  мен  нәтижелерін  талдауға,  ұдайы 
түрде ұтымды түзетулер енгізіп отыруға деген икемділігінің белсенділігінен көрінеді. 
Құзіреттілік  бірінші  орынға  білімгердің  ақпаратты  сауаттылығын  емес,  оның 
мәселені  дұрыс  шеше  білу  қасиетін  қояды.  Егер  болашақ  педагогтың  құзыреттілігінің 
қалыптасуын орта кәсіби білім беру жүйесінің аумағында қарастырсақ, онда білім, білік, 
дағды  мүмкіншілігі,  яғни,  бір  сөзбен  педагогикалық  қызметке  маманның  қаншалықты 
дайын  екендігі  туралы  айтуға  болады.  Кәсіби  құзіреттілік  деп  педагогтың  жеке  бас 
сапалары  мен  оның  психологиялық-педагогикалық  және  теориялық  білімінің,  кәсіби 
біліктілігі  мен  дағдысының,  тәжірибесінің  бір  арнада  тоғысуы  деуге  болады.  Болашақ 
маман  өз  ісінің  шебері,  жақсы  мұғалім  болу  үшін  мамандығына  қажетті  қабілеттерді 
және  жалпы  әлемдік  мәдениетті,  өз  елінің  мәдениетін,  қарым-қатынас  мәдениетін,  тіл 
мәдениетін  игеріп,  интеграциялық  үрдістерді  меңгеріп,  әлемдік  білім  кеңістігінің 
өресінен шыға алуға талпынуы керек. 
Кәсіби  құзыреттілікті  қалыптастыру  жеке  шығармашылық  қабілетті  дамытуды, 
педагогикалық  инновацияларды  дұрыс  қабылдауы,  күнделікті  өзгеріп  жататын 
педагогикалық ортаға тез бейімделуді қажет етеді. 
Болашақ  маман  дайындау  мәселесі  оның  тұлғалық  сапалары  мен  қасиеттерін 
қалыптастырудың мазызын көрсетеді. Тұлғалық-бағдарлық бағытта білім беру нәтижесі 
білім,  біліктілік  және  дағды  жүйесінде,  шығармашылық  іс-әрекет  тәжірибесіне  және 
эмоционалды  көңіл-күйді  көрсете  білуге,  ерікті  қарым-қатынасқа  педагогикалық 
бейімделген тұлғаны қалыптастыру ретінде түсіндіріледі [5]. 

26 
 
Ғалымдардың пікірлерін басшылыққа ала отырып, біз «құзыреттілік» ұғымына  – 
студенттердің  жеке  тұлғалық  психологиялық  ерекшеліктеріне  байланысты  меңгерген 
білімдерін,  дағдылары  мен  біліктерін,  танымдық  және  тәжірибелік  іскерлігін  өмірде 
дұрыс 
қолдануы 
деген 
түсінік 
бере 
аламыз.  
         Сонымен  педагог-психолог,  ғалымдардың  пікірі  бойынша  еңбек  нарығында 
бәсекеге  қабілетті,  кәсіби  оңтайлы  маманнның  бойында  белгілі  бір  құзіреттіліктер 
қалыптасуы қажет: 
Біріншіден,  бағдарлы  құзіреттілік  (азаматтық  белсенділік,  саяси  жүйені  түсіну, 
баға бере білу, елжандылық, т.б); 
Екіншіден,  мәдениеттанымдылық  құзіреттілік  (ұлттық  ерекшеліктерді  тани  білу, 
өз  халқының  мәдениеті  мен  өзге  ұлттар,  әлем  мәдениетін  салыстыру,  саралай  білу 
қабілеті); 
Үшіншіден;оқу-танымдық  құзіреттілік(өзінің  білімділік  қабілетін  ұйымдастыра 
білу,  жоспарлай  білу,  ізденушілік-зерттеушілік  әрекет  дағдыларын  игеру,  талдау, 
қорытынды жасай білу);  
Төртіншіден;  коммуникативтік  құзіреттілік  (адамдармен  өзара  қарым-қатынас 
тәсілдерін  білу,  мемлекеттік  тіл  ретінде  қазақ  тілінде,  халықаралық  қатынаста  шетел 
тілінде қатынас дағдылары болуы);  
Бесіншіден, 
ақпараттық-технологиялық 
құзіреттілік 
(ақпараттық 
технологиялармен,  техникалық  обьектілер  көмегімен  бағдарлай  білу,  өз  бетінше  іздей 
білу, таңдай, талдай білу, өзгерте білуді жүзеге асыра білу қабілеті);  
Алтыншыдан,  әлеуметтік-  еңбек  құзіреттілігі  (әлеуметтік-қоғамдық  жағдайларға 
талдау жасай білу, шешім қабылдай білу, түрлі өмірлік жағдайларда жеке басына және 
қоғам мүддесіне сәйкес ықпал ете білу қабілеті);  
Жетіншіден,  тұлғалық  өзін-өзі  дамыту  құзіреттілігі  (отбасылық  еңбек, 
экономикалық  және  саяси  қоғамдық  қатынастар  саласындағы  белсенді  білімі  мен 
тәжірибесінің болу қабілеті) [6]. 
Қорыта  келе,  кәсіби  құзыреттілік    ең  алдымен  студенттің  функционалдық 
сауаттылығы  мен  кез-келген  мәселені  дұрыс  шеше  білу  қасиетінен  көрініс  табады. 
Студент қоғам талабына сай өзін-өзі үздіксіз жетілдіріп отыратын, кәсіби білімді, жаңа 
технологияларды  меңгерген,  ортамен  қарым-қатынасқа  тез  бейімделе  алатын, 
ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, тәжірибесі мол, т.б. қасиеттерді жинақтағанда ғана 
кәсіби  құзыретті  маман  бола  алады.  Студенттің  кәсіби  құзыреттілігі  кәсіби  және  жеке 
сапалардан құралады. Кәсіби құзыретті маман деп өзінің педагогикалық әрекетін жоғары 
дәрежеде  жүргізе  алатын,  қарым-қатынасқа  әрдайым  дайын,  педагогикалық  үдерісте 
үнемі оң нәтижелерге қол жеткізіп отыратын маманды атауға болады. 
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1.Қазақстан  Республикасы  Президенті  Н.Ә.  Назарбаевтың  «Қазақстан-2050» 
Стратегиясы  қалыптасқан  мемлекеттің  жаңа  саяси  бағыты»  атты  Қазақстан  халқына 
Жолдауы. –Астана. 14 желтоқсан, 2012. 
2.  Қазақстан  Республикасында  2020  жылға  дейінгі  білім  беруді  дамытудың 
Мемлекеттік бағдарламасы. -Астана,  2010. 
3.  Сенкибаева  А.Т.  Мұғалімнің  кәсіби  құзырлылығын  дамыту.//Білім  берудегі 
менеджмент, №4.2009 
4.  Равен  Дж.  Компетентность  в  современном  обществе:  выявление,  развитие  и 
реализация. -Москва., 2002 
5. Ш.Х.Құрманалина,Б.Ж.Мұқанова. Педагогика. -Алматы., 2007 
6.Омарова 
Л.Т. 
Кредиттік 
оқыту 
жүйесінде 
студенттердің 
кәсіби 
құзыреттіліктерін 
қалыптастырудың 
педагогикалық 
 
шарттары  
-Алматы., 2007 
 

27 
 
АЛАШ ҚАЙРАТКЕРЛЕРІНІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МҰРАСЫ 
 
ӘРІПША А. 
Алматы қаласы Алматы университеті,   педагогика және психология 
мамандығының студенті 
Ғылыми жетекшісі:  ТУРАЛБАЕВА А.Т. 
Алматы қаласы Алматы университетінің аға оқытушысы, п.ғ.м. 
 
Еліміз  егемендік  алып,  тәуелсіз  мемлекет  ретінде  дүние  жүзілік  қауымдастыққа 
танылып,  жаңа  демократиялық  қоғамның  дүниеге  келуі,  Қазақстан  педагогика  ғылымы 
тарихының жаңа мазмұнда сипат алуына кең жол ашып отыр. Соның бір көрінісі ретінде 
ұзақ  уақыт  бойы  бір  жақты  қаралып,  ақиқаты  айтылмай  келген  ұлттық  педагогика 
тарихын  қайта  ой  елегінен  өткізіп,  шынайы  бағасын  беруге  деген  талпынысты  айтуға 
болады.    Оған  дәлел  бүгінгі  таңда  жарық  көріп  отырған  Қазақстан  Республикасы 
Үкіметінің  ресми  материалдары  мен  Білім  және  ғылым  министрлігінің  нормативті 
құжаттары. 
Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.  Назарбаев:  «өткенді  зерделеп, 
жақсы мен жаманды, ақ пен қараны айырып, оны бүгінгі күннің кәдесіне жарату – қоғам 
алдында  тұрған  ең  өзекті  мәселелердің  бірі.  Өйткені,  айта  беретін  тәуелсіздігіміз, 
егемендігіміз  осы  тарихты  тандауға  тікелей  байланысты:  өткенді  білмей,  болашақты 
анықтау мүмкін емес» - деген болатын [ 1]. 
Біздің  пікірімізше,  бүгінгі  таңдағы  педагогика  мәселелерін  және  оның  даму 
тенденцияларын  Қазақстан  территориясында болған  өркениеттегі  жинақталған  мұраны, 
көрнекті  педагогтар  мен  ағартушылардың  көзқарастарындағы  халықтық,  мәдениетке 
сәйкестілік,  табиғатқа  сәйкестілік  принциптерге  негізделген  идеяларын  зерттемей, 
ұлтымыздың жүріп өткен жолына көз ілмей, тарихымен таныспай  жаңағылыми ойларды 
қалыптастыру  мүмкін  емес.  Сондықтан  халқымыздыңтарихын  терең  қарап,  оны  жаңа 
көзқарас  ретінде  талдаудың    қажеттілігі  туындап  отыр.  Ел  болып  қалыптасу 
тарихымызда,  елдігіміз  бен  егеменділігімізді  сақтау  жолына  өмірлерін  сарп  еткен  ұлы 
тұлғалардың есімі, ғылыми еңбектері ерекше орын алады. 
Ал,  Қазақстан  педагогика  ғылымының  әлем  халықтары  педагогикасы  қазына 
қорына  қосары  аз  еместігіне  біз  ешбір  күмән  келтірмейміз.  Керісінше,  Қазақстан 
педагогика  ғылымының  әлемдік  педагогикалық  ой-  пікірдің  дамуында  маңызы  өте  зор. 
Ол  өте  бай  ғылыми  –  теориялық  қайнар  көзі  ретінде  өзінің  дамуында  үлкен 
қиындықтардан  өткені  мәлім.  Олардың  ішінде  халыққа  білім  беру  жүйесінің 
трансформациясы,  ғылыми-педагогикалық  идеялардың  дамуы,  мұғалім  кадрларын 
даярлау т.б мәселелері бар. Оның барлығы Қазақстан педагогика ғылымының талай тар 
жол, тайғақ кешулерден өткенін дәлелдейді. 
Бүгінгі  күндегі  қоғамның  үдемелі  дамуы  білім  беру  мен  мектеп  алдына  күрделі 
міндеттер  қойып  отыр.  Олардың  қатарында  тарихи  компонентті  күшейту  де  бар.  Ол 
міндеттер 
«Қазақстан 
Республикасының 
тарихи 
сана 
қалыптасуының 
тұжырымдамасында» айқын көрсетілген [2]. Себебі қоғамдық сананың ерекше формасы 
болып  есептелетін  тарихи  сананы  қалыптастыратын  тек  тарих  қана.  Тарихи  сананы 
қалыптастыру міндетін, Қазақстан педагогикасының тарихи жолдарын анықтау міндетін 
шешу өткен жолдардағы көрнекті қайраткерлердің педагогикалық мұраларын зерттемей, 
басшылыққа алып оларға сүйенбей мүмкін емес. 
Зерттеуге  алынған  мәселенің  ғылыми  маңыздылығын  айқындау  үшін  біздер 
философялық,  тарихи-педагогикалық  әдебиеттерге  талдау  жасауды  жөн  көрдік.  Себебі, 
біздің  пікірімізше,  теориялық  тұрғыдан  дәлелдемесін  қамтамасыз  ететін  зерттеулер 
бірнеше бағытта жүргізілді. 

28 
 
Бұл  -ХХ  ғасырдың  басындағы  қазақ  зиялыларының  мұрасын  зерттеуге  арналған 
еңбектерге талдау жасаумен байланысты: 
Олардың ішінде:  
- философиялық аспектідегі (С.Өзбекұлы, Б. Бисенов); 

тарихи 
аспектідегі 
(М.Қойгелдиев, 
Д.Аманжолова, 
К.Нұрпейісова, 
Н.Нұрмағамбетова, М.Құл-Мұхамед, М.Қозыбаев); 

филологиялық 
аспектідегі 
(Д.Қамзабекұлы, 
Р.Нұрғали, 
Д.Досжанов, 
Ж.Дадебаев,  А.Әбдіманов,  Ш.Елеукенов,  С.Қирабаев,  М.Мағауин,  Ш.Сәтбаева, 
Ә.Тәжібаев, М.Базарбаев, Ә.Марғұлан); 
-  тарихи-  педагогикалық  аспектідегі  (А.Тұрсынова,  А.Қыдыршаев,  К.Ибраева, 
Ғ.Базарғалиев, М.Тасболатов, А.Асаубаева, А.Сұлтанова, К.Әбілғазиева) т.б.(3) 
Қазіргі кезде әлі де болса жас жеткіншектерді тарихи ірі ойшылдардың мұралары 
негізінде,  жеке  дара  тұлғалардың  өмірі  мен  шығармалары  арқылы  тәрбиелеу  өз 
деңгейінде  емес.  Соның  ішінде  олардың  шығармаларындағы  тәрбиелеудегі  идияларын 
меңгермейінше, Республикамыздағы педагогика тарихын толық түсіну мүмкін болмайды 
және  оның  бүгінгі  жағдайын  зерделеу  мен  даму  болашағын  болжау  қиындыққа  түседі. 
Яғни,  өткен  тарихымыздағы  педагогикалық  идеялардың  зерттелуі  мен  танылуының 
жеткіліксіздігі  қазіргі  кездегі  білім  беру  жүйесінің  тәрбиелік  тиімділігін  тарихи 
сабақтастық 
принципінің бұзылуына жол береді. 
Біз  осы  еңбегімізде  Алашорда  қайраткерлері  шығармаларындағы  педагогикалық 
идеяларына  кеңестік  саясаттың  ықпалыннан  тыс,  объективті  тұрғыда  тарихи-
педагогикалық  талдау  негізінде  сипаттама  беру  үшін  оларды  Әл-Фарабидің,  Ж. 
Баласұғынның  М.  Қашқари  еңбектеріндегі  педагогикалық  ойлармен  сабақтастыра, 
салыстыра отырып талданады. 
Ұлттық  педагогикамыздың  маңызды  бір  бөлігі  болып  есептелінетін  азаттық  пен 
тәуелсіздіктің  күрес  жолына,  ағартушылыққа  шақырған  ірі  қоғам  қайраткерлерінің 
педагогикалық  ойларының  өзіндік  даму,  қалыптасу  жолын  тұтас  та  толық,  белгілі 
жүйемен  жинақты  түрде  зерттеу  көкейкесті  мәселенің  бірі  дер  едік.  Сонымен,  ғылыми 
әдебиеттерге  жасаған  талдау,  зерттеліп  отырған  проблемаға  байланысты  жазылған 
бірқатар  еңбектердің  барына  қарамастан,  XX  ғасырдың  бірінші  ширегінде  өмір  сүрген 
алаш 
зиялыларының 
педагогикалық 
ой-пікірлері 
жалпы, 
жинақты 
түрде 
қарастырылмағандығын айғақтайды. Ал бұл болса, педагогика тарихының теориясы мен 
практикасына  елеулі  үлес  қосатын  Алашорда  қайраткерлерінің  мұраларын  зерттеу 
қажеттілігін  туындатады.  Осы  орайда,  біздің  еңбегіміз  Алашорда  қайраткерлерінің 
мұраларын  зерттеуге  қосқан  бірегей  еңбек  деп  есептейміз.Алаш  қайраткерлерінің 
педагогикалық  көзқарастарының  қалыптасу  негіздері  мен  қайнар  бұлақтары  халық 
педагогикасының інжу-маржандарынан бастау алатыны белгілі.  
Қазақ  халқының  тәлімдік  мәні  зор  ой-толғаныстары  бесік  жыры  мен  батырлық 
эпостарда,  ертегілер  мен  аңыздарда,  шешендік  сөздер  мен  айтыс-термелерде,  мақал-
мәтелдерде  орын  алатыны  ақиқат.  Халыққа  бағытталған  жаңылтпаш,  жұмбақтар, 
мақалдар  арқылы  тіл  дамыту  жұмыстарын  ұсынған.  Жасөспірімдердің  психологиялық 
жас ерекшеліктерін сауалдар арқылы қорытынды түйіп отырады. 
Педагогиканың  әрбір  тармақтарында  таптырмас  қазына  жатыр.  Бұдан 
байқайтынымыз, қазақ халқы  да  өзінің  келер  ұрпағын  адамгершілікке,  бауырмалдыққа, 
имандыққа, эстетикалық тәрбие беруге ерекше назар бөлген. 
Сонымен  қатар,  педагогика  ғылымында  VІ-ХІІ  ғасырлардағы  ежелгі  түркі 
жазбаларындағы  тағылымдардың  орны  ерекше.  Осы  кезеңнің  саяси-  қоғамдық  әдеби 
өмірін  баяндайтын  жазба  ескерткіштердің  бірі  «Күлтегін»,  «Білге  қаған»,  «Тоныкөк» 
дастандары.  Құлпытасқа  жазылған  осы  ескерткіштер  Орхон-Енесей  жазбасы  деп 
аталады.  Күлтегін  -  ежелгі  түркілердің  тамаша  ерлік  сипаттарын  бойына  жан-жақты 

29 
 
дарытқан  ержүрек  батыр,  ұлан-ғайыр  кең  даланы  еркін  билеген  дала  халқының  қайсар 
жауынгері.  Ал  Тоныкөк  болса,  талай  қанды  жорықтардың  куәгері,  үлкен  өнер  иесі, 
ойшыл философ, халық дипломатиясының білгірі. Тас жазуларда ерлік пен ездік, соғыс 
пен  бейбітшілік,  тәлім-тәрбие,  тұрмыс-салт  мәселелері,  әсем,  айшық  өрнектерімен, 
жанды  бейнелерге  толы  сезім  толғаныс-тебіреністермен  баяндалады.  Мысалы,  «қандай 
қағанат болмасын, оның халқының арасында пәтуасыз (жалқау, онбаған) табылса, онда 
сол халықтың қанша соры бар десеңізші»,  «Құлақ қойып тыңдаңыздар, тереңнен ойлап 
толғаныңыздар... Су ағысы тартылса жас топырақ қурайды, адамдардан күш кетсе - жат 
кісіге  бағынады.  Аштықта  тоқтықты  түсінбейсің».  Құлпы  тастарда  осы  іспеттес  жас 
жеткіншектерді  елін,  халқын  сүюге,  жақсы,  ұнамды,  әдет-ғұрыптарға  баулу,  үлкенді 
сыйлау,  зеректік  пен  ойшылдыққа,  батылдық  пен  тапқырлыққа,  үйретіп,  тәрбиелеу 
жайындағы мәселелер сөз болады. Халқымыздың кемеңгер ойшылдары Қорқыт ата, Әбу 
Насыр  әл-Фараби,  Ахмет  Яссауи,  Махмуд  Қашқари,  Ахмет  Игенеки,  Сайф  Сарай  т.б. 
шығармаларында тәрбие мәселесі кең орын алған. 
Солардың біразына қысқаша тоқталсақ, педагогикалық ой-пікірдің қайнар көздері 
мен  бұлақтарын  айқындаймыз.  Тарихқа  «алғашқы  бақсы»  ретінде  танылған  ғұлама 
Қорқыттың  өмір  мен  өлім  жөніндегі  толғаныстарында  адам  ғұмырының  философиясы 
мен  мән-маңызы,  адамның  адамгершілік  қасиеттері  арқау  болған.  Оның  «Анадан  өнеге 
көрмеген  қыз  жаман,  атадан  тағылым  алмаған  ұл  жаман»,  «Мен-мен  тәкаппар  адамды 
тәңірі  сүймейді»,  «Ақылсыз  балаға  ата  дәулетінен  қайран  жоқ»  деген  нақыл  сөздері 
үлкеннен  ғибрат  алуға,  жастарды  көпшіл,  ақылды,  қонақжай  болуға  шақырадыXIX 
ғасырдың  екінші  жартысы  мен  XX  ғасырдың  басында  өмір  сүрген  Ш.Уалиханов, 
Ы.Алтынсарин,  А.Құнанбаев,  С.Торайғыров  сынды  қазақ  ағартушылары  ғылыми  және 
әдеби  еңбектерінде  халқымыздың  болашағына  көңілбөлгендері  бәрімізге    аян.  Соның 
ішінде  жастар  тәрбиесіне  ерекше  назар  аударған.  Қазақ  топырағында  ағартушылық 
идеяның тууын алғаш көтерген Шоқан Шыңғысұлы Уалиханов өзінің аз ғұмырында баға 
жетпес  көптеген  құнды  еңбектер  қалдырды.  Табиғаттың  эстетикалық  тәрбиеге  ықпал 
ететін  пайдалы  жақтары  оның  күнделіктерінде,  сапарнама  ретінде  жазғанеңбектерінде 
тұжырымдалған.  Шебер  манасшылардың  «Манас»  эпосының  шешуші,  өзекті  тұсы  - 
«Көкетай  ханның  өлімі  және  оның  анасын»  жазып  алды.  Ғалымның  нақ  осы  бір  үзікті 
дәл сезініп жазып алуын, одан орыс тіліне аударып, ауызша ақындық дәстүрдің ең озық 
үлгісі  -  «Манас»эпосын  әлемдік  мәдениетке  таныстыруын  ұлылықтың  қай  қыры  деп 
бағаласақ  екен?»  -  деп  баға  береді  Ш.Айтматов  /4/.  Бұл  Шоқан  еңбегінің  құндылығын, 
жеткіншектерді  тәрбиелеуде  өз  бағасын  жоғалтпайтындығын  көрсетеді.  Ағартушы 
ғалым қазақ халық ауызекі шығармашылығы балалар мен жастар тәрбиесінің әлеуметтік-
тарихи  тәжірибесін  көрсететін  құнды  дүние  екенін  анықтады.  «Оңтүстік  сібір 
губернияларының  тарихына  анықтамалар»,  «XVIII  ғасыр  батырлары  туралы  тарихи 
аңыз-әңгімелер»  атты  еңбектерінде  қазақ  халқының  тарихи  аңыз-әңгімелерінің  мәніне 
тоқталады.  Абылай,  Бөгенбай,  Жантай,  Сырымбет,  Жәнібек,  Оразымбет,  Баян  тәрізді 
тарихта болған батырлардың, белгілі хандар мен билердің істерін, өмірлерін баяндайды. 
Ғалымның  негізгі  көздеген  мақсаты  -  болашақ  ұрпаққа  халықтың  өткендегі  өмірінің 
ақиқатын  толығырақ,  тереңірек  түсіндіру,  көрнекті  адамдардың  іс-әрекетін  үлгі  етіп, 
мән-маңызын  ашып  көрсету.  Шоқан  өз  зерттеу  еңбектерінде  халықтың  арман-тілегін 
тұрмыс-қаракетін,  көзқарасын  баяндады,  ұмытылып  бара  жатқан  мәдени  дәстүрлерге 
көңіл  аударып  оны  тәрбиенің  таптырмас  құралы,  әдіс-тәсілі  ретінде  пайдаланғанын 
көрсетті.  Өзінің  педагогикалық  мұралары  арқылы  жас  жеткіншектерді  тәрбиелеу 
мәселесіне  ерекше  көңіл  бөлгендердің  бірі  -Ы.Алтынсарин.  Ағартушы-педагогтың 
«Қазақ  хрестоматиясына»  енгізілген  әңгімелерінің  мазмұны  жас  жеткіншекті  адал, 
шыншыл,  еңбексүйгіш,  өнегелі,  өнерлі  азамат  болып  өсуге,  зиянды  іс-әрекеттен  аулақ 
болуға  шақырады.  «Жеміс  ағашы»  атты  әңгімесінде  «Тәрбиеде  үлкен  мән  бар.  Ақыл-
кеңесті алмасаң, анау тұрған қисық ағашқа ұқсап өсесің» деп, әкесінің баласына айтқан 

30 
 
ақылын  келтіру  арқылы  тәрбие  жөніндегі  көзқарасын  білдіреді.  Ы.Алтынсариннің  қай 
шығармаларын алсақ та, онда жас жеткіншектерді достыққа, шыншылдыққа, ата-ананың 
ақыл-кеңесін тыңдай білуге, үлкендерді сыйлап, кішілерге көмектесуге шақырады. Оның 
«Таза  бұлақ»,  «Әдеп»,  «Өрмекші,  құмырсқа,  қарлығаш»,  «Жаман  жолдас»,  «Ананың 
сүюі», «Асан мен Үсен» т.б. әңгімелерінен тәрбиенің шынайы қайнар көзі көрінеді . Жас 
жеткіншектерге  тәрбие  беруде  ұлы  ойшыл  Абай  Құнанбаевтың  поэтикалық 
шығармалары  мен  ғақлия  сөздерінің  маңызы  орасан  зор.  Абай  өз  шығармаларында 
тәрбие мәселесін жоғары бағалап, ар тазалығы үшін күресуді дәріптеген. Ақын: 
Ынсап, ұят, ар-намыс, сабыр, талап, 
Бұларды керек қылмас ешкім қалап... 
Терең ой, терең ғылым іздемейді
Өтірік пен өсекті жүндей сабап, -деп 
кейбір жастардың іс-әрекетіне наразылығын білдіреді. 
Бес нәрседен қашық бол, 
Бес нәрсеге асық бол, 
Адам болам десеңіз. 
Абай 
адамның 
жақсы, 
жаман 
болуы, 
ақылды, 
ақылсыз 
болуы 
тұқымқуалаушылыққа  байланысты  емес,  тәрбиеге  байланысты  екенін  дәлелдейді.  Ол 
өзінің отыз жетінші қара сөзінде: «Мен егер закон қуаты қолымда бар кісі болсам, адам 
мінезін түзеп болмайды деген кісінің тілін кесер едім», дейді[5].  
 
Абай  өзінің  жетінші  қара  сөзінде:  «Жас  бала  анадан  туғанда  екі  түрлі  мінезбен 
туады, бірі  -ішсем, жесем, екіншісі  - білсем, көрсем деп қолына түскен әр затты ұстап, 
аузына салып дәмін татып көреді», - дейді. 
Осы  жолдар  арқылы  ұлы  Абай  жастарды  жан-жақты  ізденуге,  біліп-үйренуге 
шақырады. Ұлы ойшылдардың  тәрбие, әдеп  жайлы ой-пікірлері  өміршеңдігін танытып, 
қазіргі таңда халқымыздың рухани мұраларын одан әрі толықтыра түсуде. Өзінің қысқа 
ғұмырында  халқына  өшпес  бай  мұра  қалдырған  жанның  бірі  -  Сұлтанмахмұг 
Торайғыров.  Ол  балалар  мен  жастардың  парызы  білім  екенін  ескертіп,  оларды  өзінің 
қамы  үшін  емес,  халқына  қызмет  ету  үшін  оқуға  шақырады.  Ақын  өнер-білімді  игеру 
арқылы  надандықтан  арылып,  саналы  салауатты  өмірге  бастайтын  жол  екендігін 
ұғындыруға тырысады. 
С.Қалиевтің  «Қазақтың  халықтық  тәлім-тәрбиесінің  ғылыми-педагогикалық 
негіздері» тақырыбына жазылған докторлық диссертациясында халық педагогикасының 
мүмкіндіктері айқындалып берілген [5].  
Қ.Б.Жарықбаевтың 
зерттеу 
еңбегінде 
қазақ 
көшпелілері 
халықтық 
педагогикасының өзіндік ерекшеліктері айқындалған, қазақ ойшылдарының мұраларына 
талдау жасаған еңбектері де біз үшін құнды дүние болып табылады [6].  
Тәрбиенің  әр  саласы  Алаш  қайраткерлерінің  еңбектерінде  кездеседі.  Олардың 
педагогикалық  қайнар  бұлақтары  мен  көздері  халық  педагогикасынан  бастау 
алатындығын  ерекше  атап  өткен  жөн.  Еңбектерін  халықтың  санасына,  ұлттық 
болмысына,  әдет-ғұрыпына  жақындастырады.  Сол  орайда,  халық  педагогикасының 
інжу-маржандарын пайдаланды. Қазақ  халқының бар асылын бойларына сіңірген Алаш 
зиялылары  өткен  ғасырдағы  ойшылдарымыздың  мұраларынан  рухани  нәр  алды,  бірақ 
олар ешкімге ұқсамайтын ұлттық педагогика ғылымының ірге тасын қалады. Себебі, біз 
байқағанымыздай  Алаш  зиялыларына  дейін  педагогика  ғылымында  айналымға  түсетін 
ғылыми  еңбектер  болмады.  Ойымыз  дәлелді  болу  үшін  Алаш  қайраткерлерінің 
педагогикалық мұраларына тоқталуды мақсат еттік. 
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 
1.  Назарбаев  Н.Ә.  Менің  арманым  да,  мұратым  да  Қазақстан  халқын  бақытқа 
жеткізу // Жұлдыз.-2000. - №7. 

31 
 
2.«Алошорда  пайда  болуының,  қызметі  мен  күйреуінің  тарихы»  //  Социалистік 
Қазақстан. -1989. 11 шілде. -2 б. 
3.  Бурабаев  М.С.  Общественная  мысль  Казахстана  в  1917-1940г.г.-  Алматы: 
Ғылым, -1991. -220 б. 
4. Қойгелдиев М., Омарбеков Т. 20-30 жылдардағы Алаш қозғалысы // Ақиқат. -
1991. № 11. 2-3 б. 
5. Нұрпейісов К. Алаш ҺЭМ Алашорда. -Алматы: Ататек, -1995. -21б 
6.Нурмаганбетова  Р.К.  Проблема  Алаш  и  Алашорды  в  Казахстанской 
историографии 20-90-х годах: автореф. дисс. канд. ист. наук. - Алматы, - 1999. -89с. 

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал