Практикалық конференциясының м а т е р и а л д а р ы



жүктеу 5.21 Kb.
Pdf просмотр
бет34/45
Дата09.01.2017
өлшемі5.21 Kb.
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   45

 
 
 
 
 
 
 
 
 

256 
 
ҚАЗІРГІ ТАҢДАҒЫ  ЖАСТАР САЯСАТЫН ДАМЫТУДАҒЫ 
ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕР 
 
ҚАБЫЛБЕК Г.Қ. 
Педагогикалық мамандықтар кафедрасынын 4- курс студенті   
Ғылыми жетекшісі: АСТЕМЕС Г.К.  
Алматы университетінің аға оқытушы, т.ғ. магистрі  
 
Қазақстан  өз  алдына  дербес  мемлекет  болып  тәуелсіздігіне  ие  болғаннан  кейін, 
егемендігіне,  азаматтардың  өмірі  мен  бостандықтарына  тірек  болатын,  өзінің  барша 
құқықтық  негіздерін  қайта  құру  қажеттілігі  мәселесі  туындап  келеді.  Жастар — 
келешегіміздің  тірегі  ретінде  өз білімімен,  жасампаз  еңбегімен және күш-жігерімен 
өз болашағын құрудың  жаңа мүмкіндіктеріне  ие  болуға  құқылы.  Себебі,  Қазақстан 
Республикасының  Конституциясының  1  бабының  «Қазақстан  Республикасы  өзін 
демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде бекітеді. Жоғарғы 
құндылықтар адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары болып табылады»  - деп 
көрсетілген [1].   
ХХІ  ғасырда  Жаңа Қазақстанның -дамыған,  бәсекеге  қабілетті,  және әлемдегі 
сыйлы  мемлекетті  қалыптастыруда  жастардыңда  атқарған  жұмыстары    аз  емес. 
Тәуелсіздіктің 23 жылдығында мемлекеттік жастар саясаты әр түрлі базалық қалыптасу 
кезеңдерінен  өтті.  Мемлекеттік  жастар  саясатының  негізгі  басымдылықтары  1999 
жылғы  
28 
тамызда 
қабылданған № 73 Мемлекеттік 
жастар 
саясатының 
тұжырымдамасында енгізілген. 
Қазіргі таңдағы  жастар саясатын дамытуда  әлеуметтік мәселелерді, саяси өмірді, 
мәдениет  пен    құқықтық  тәртіпті  сақтауда,  елді  қорғау,  сыртқы  саясат  қатынастарын 
реттейтін  көптеген  мемлекеттік  бағдарламалар  мен  нормативтік  құжаттар,  заңдар  мен 
жарлықтар  қабылданып  жүзеге  асырылуда.  Мысалы:  Қазақстанды  дамытудың  2030 
жылға дейінгі  стратегиялық  бағдарламасы,  «Жастар  саясатының  2005-2007жылдарға 
 арналған бағдарламасы  сонымен  қатар  Мемлекеттік  жастар  саясатының  2020  жылға 
 арналған   тұжырымдамасы»,  «Қазақстан  Республикасында  азаматтарды  патриоттық 
тәрбиелеудің 2006–2008 жылдарға  арналған  мемлекеттік бағдарламалары т.б. 
Жоғарыдағы 
көрсетілген 
бағдарламалардың 
негізінде 
«Қазақстан 
Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы»  заң қабылданып, жастар жеке 
әлеуметтік-демографиялық  топ  ретінде бөлініп,  оларға белгілі  бір  әлеуметтік  құқықтар 
мен мемлекеттік кепілдіктер берілді. 
Сондай-ақ  Қазақстан  Республикасы  Президентінің  жыл  сайынғы  Қазақстан 
Халқына  арнаған  жолдауларында  Жастар  мәселесі  азаматтардың  құқықтары  мен 
бостандықтарын  қорғайтын  құқықтық  мемлекетіміздің  құқығын  одан  ары  жетілдіру 
демократиямен  тікелей  байланысты  екендігін  айқындап  басым  бағыттарды  көрсетіп 
отырады.    Қазіргі  таңда  егеменді  еліміздің  мемлекеттік  және  қоғамдық  өмірінің 
құқықтық негіздерін нығайту, мейлінше маңызды екендігі сөзсіз. Егеменді Қазақстанның 
конституциялық,  әкімшілік,  азаматтық,  еңбектік  және  қылмыстық  құқықтық 
салаларының  аса  маңызды  екендігі  ескеріліп,  олардың  көкейтесті  мәселелері  жаңаша 
қарастырылуда. 
Қазақстан  Республикасындағы  қылмыстық-құқықтық  саясат,  халықаралық 
нормаларға  сәйкестендіріліп,  екі  векторлы  бағытқа  ие  болды.  Атап  айтқанда,  олардың 
алғашқысы  аса  ауыр  қылмыс  жасағаны  үшін  өмір  бойына  бас  бостандығынан  айыру 
түріндегі  жауапкершілікті  күшейту,  екіншісі  қоғамға  үлкен  қауіп  төндірмейтін 
қылмыстар үшін жазаны жеңілдету және сотталғандарға қатысты қоғамнан оқшаулаумен 
байланысты емес жаза түрлерін көбейту.  

257 
 
Қазақстан  Республикасының  қылмыстық-құқықтық  саясат  тұжырымдасына  сай 
қылмыстық заңнамада заңмен қорғалатын әлеуметтік жоғары құндылықтар ретінде адам 
құқықтары  мен  бостандықтарының  басым  екендігін  және  ажырамастығын  тану  негізге 
алынуы тиіс. 
Қазіргі  уақыттағы  құқықтың  саяси  бағыт  бағдары  қазақ  елінің  бұрынғы 
заманындағы дала заңы, Есімханның «Ескі жолы», Қасым ханның «Қасқа жолы», Тәуке 
ханның «Жеті жарғы» қағидалары мен азаматтардың құқықтарының барлығын қамтыған 
заң  нормалары  болған.  Сол  кездің  өзінде  де,  жастардың  тәрбиесіне,    әлеуметтік 
мәселелердің орндалу тәртібіне ерекше мән берген. Қазіргі таңда да қоғамдағы  жастар 
мәселесі 
өзекті 
мәселелердің 
 
біріне 
айналып 
отыр. 
Жастар 
саясаты 
саласындағы мемлекеттік  жоспарлау жүйесінің  жоғарыда  аталған барлық  құжаттары 
өзінің міндеттерін орындап, жастар саясатын іске асырудың жаңа кезеңін бастауға негіз 
болды. 
Соңғы жылдың санақ қорытындысы бойынша 14 пен 29 жасқа дейінгі жастардың 
саны 919 153 адамға өскен (1999 жылы — 3,78 млн. адам, 2012 жылы — 4,7 млн. адам). 
Қазіргі  уақытта  жастардың  басты  «әлеуметтік  сатылары»  сапалы  білім  алумен 
қатар кәсіби мамандықтарын  шыңдау  болып  табылады. Жалпы, білім-деңгейі  бойынша 
718 мың  жастар  жоғары  білімге  ие (15,9%),  306 мың  жастың  аяқталмаған жоғары  білімі 
бар (6,8%), 728 мың жастардың білімі — арнайы орта (16,2%). 
Елімізде  «Жасыл  ел»,  «Дипломмен  ауылға»,  «Жастар  практикасы»,  «Жас 
отбасыларын тұрғын үймен қамтамасыз ету», «Қазақстан 2050» бағдарламасы,  «EXPO-
2017» және тағы басқа ірі жобалар іске асырылуда. 
Жастар жұмыссыздығының  деңгейі  соңғы    жылдармен    салыстырғанда  4  есеге 
азайып,  ТМД  елдері  мен  Еуропаның  дәл сондай  көрсеткіштерінен  төмендеген. 
Жастар жұмыссыздығының  деңгейі  4,6%-ды  құрайды.  Жастардың  жоғары  белсенділігі 
соңғы сайлау кампанияларында тіркелді. 
Соңғы жылдардың  ішінде  жастар  ұйымдарының  саны  7  есеге  артты,  ал жастар 
саясатын қаржыландыру 7 жыл ішінде 10 есеге өскен. 
Сонымен  қатар,  қазіргі  уақытта  қазақстандық  жастардың  әлеуметтік  көңіл 
күйлерін зерттеу бірқатар проблемаларды анықтауға мүмкіндік береді. 
Жастардың  білім  саласындағы проблемалары  едәуір  шешілген  дегенмен  де 
қоғамда  әлі де болса шешімін таппаған мәселелер көп.  Мысалы: Адамдардың мәдени-
деңгейінің  құлдырауы,  жастар  ортасындағы есірткінің  таралуы,  діни  экстремизм  мен 
терроризм  қаупінің  өршуі,  жастар  санының  қысқаруы,  еңбек  ресурстары 
проблемаларының  туындауына  экономиканың  әртүрлі  саласында  білікті  кадрлардың 
азаюына  соқтырып,  Қазақстанның  сыртқы технологиялық  тәуелділігінің    қаупі  
күшеюде.  
Бұл  мәселелер  қауіпінің  алдын  алу    үшін  төмендегі  айтылған  жәйттарға  жастар  
белсенді түрде ат салысса , қоғамдағы  бұл келеңсіз мәселелердің біршамасы  шешілер 
еді: 
Жастар  саясаты  мәселелері  бойынша  заңдарға  өзгерістер  мен  толықтырулар 
енгізілсе; 
Жастар  саясаты  мәселлері    жөніндегі  орталық  және  жергілікті    жерлерде  (қала, 
ауыл-аймақтық елді мекендер)  кеңесші органдар құрылса; 
 Жастар  саясатын  республикалық-халықаралық  деңгейде  салыстырмалы  түрде 
сараптау, болжау, талдау  жүйесі  құрылса;  
Жастар  ұйымдарының  мәдени,    әлеуметтік-экономикалық,  құқықтық-саяси 
бағытын қамтитын бөлімдер көптеп ашылса
«Жас Отан»  жастар қанатының бастамалары өңірлерде  өз жалғасын тапса; 
Жастар  ортасында    инновациялық  әдістерді    қолдану  арқылы  білім  және  ғылым 
саласын дамытатын халықаралық деңгейдегі орталықтар ашылса; 

258 
 
Жастардың жұмысқа орналасуы, әлеуметтік тапсырыс арқылы жастар ұйымдарын 
қаржыландыру, жас аналар мен отбасын құруын жоспарлау , тұрғын үймен қамтамасыз 
ету қолға алынса; 
   
Негізінен  барлық  елдерде  жастар  саясатының  басты  мақсаты  жастардың 
қоғамда  шиеленіссіз  ықпалдасуы  мен  өзін-өзі  дамытуын  арттыруға ықпал  ету  болып 
табылады. 
Қазақстанда  мемлекеттік  жастар  саясатын  жаңғырту  барысында  шетелдерде  аса 
жетістікпен  қолданылып жүрген  тәсілдер  мен  амалдарды  қолданылып  жүр.    Мысалы 
шетелдерде жастардың шешім қабылдауға ықпал ету-деңгейін арттыру мақсатында білім 
беру  ұйымдарында  өзін-өзі  басқару  органдары  бар.  Сонымен  қатар  олар  қажетті 
әлеуметтік,  мәдени,  коммуникациялы,  басқарушы  дағдыларды  алу  мүмкіндігіне  ие.  
Жастар  саясатының  бағдарламалары  мен  жобаларын  іске  асыруға мемлекеттік  жеке 
серіктестің  үлгісінде  қайырымдылық  ұйымдарын,  коммерциялық  секторларды  тарту 
тетіктері белсенді енгізілген. 
Жастар  саясатын  іске  асырудың  жапондық  тәсілдерінің  негізі  мемлекеттік 
органдар  мен  қоғамдық  институттардың  бірлескен  өзара  тиімді  іс-қимылы  мен 
араларындағы жауапкершілікті  нақты бөлу  көзделген.  Арнайы  жастар  орталықтарының 
бюролары  мен  қызметтерінің жұмыс  істеуін  мемлекеттік  тұрғыда  қамтамасыз  ету 
әдістері 
кең 
қолданысқа ие 
болған. 
Сонымен, 
Туркияда 
ірі 
қалаларда, 
ақпараттық және мәдени  жастар  орталықтары,  Германияда  жастар,  ақпараттық 
консультативтік бюросы қызмет етеді. Аталған орталықтар желілерге қосылған, қызмет 
көрсетудің  стандарттық  базасы,  ақпарат  алмасу және оны  жаңарту  желісі  бар. 
Португалия мен Испанияда жастарға әлеуметтік көмек көрсетудің қоғамдық-мемлекеттік 
қызметі  енгізілген.  Швецияда  соңғы жылдары  мемлекеттік  органдардың  қызметін 
тұжырымдау  мен  шешім  қабылдау  кезеңінде  үйлестірумен  айналысатын  арнайы 
құрылым  қалыптасқан.    Ресейде  жастар  саясатын  іске  асыру  әлеуметтік-
экономикалық және қоғамдық-саяси 
бағыттар 
бойынша 
ірі 
жобалар жүйесі 
арқылы жүргізіледі.  Соңғы жылдары  федералдық және өңірлік-деңгейде  жастар  саясаты 
басқармасы  құрылымы  нығайтылған.  Ал,  соңғы  жылдары    Қазақстандағы  жастарға 
қолдау көрсету мәселесі  қолға алынуда.   
Сонымен  қатар  жастар  саясатын  дамытудың  негізгі  қағидалары  мен  жалпы 
тәсілдері  ел дамуының  әлеуметтік-экономикалық  дамуының  негізгі  міндеті  болып 
табылады.  
Еліміздің болашақ дамуына үлес қосуға қабілетті және жауапты, белсенді өмірлік 
көзқарасы  бар  жастар  қажет.    Осыған  байланысты  жастардың  патриотизмін  дамыту 
 жөнінде  Білім және ғылым,  мәдениет және  өнер,  ақпарат,  әділет,  ішкі  істер,  қорғаныс, 
төтенше 
жағдай, 
еңбек және халықты әлеуметтік 
қорғау, 
индустрия және жаңа технология,  шетел  тілдері,  қоршаған ортаны  қорғау,  денсаулық 
сақтау,  ауылшаруашылығы министрлігі,сондай-ақ,  жергілікті  атқарушы  органдардың 
көптеген  іс-шаралар  жүргізуде.  Осындай    іс-шараларды  жүзеге  асыру  нәтижесінде  
жастардың бойында мынадай  құндылықтар қалыптасады: 

 
Адалдық пен парасаттылық, ар-намыс пен тектілік; 

 
Қарапайымдылық, еңбексүйгіштік пен өзгеге көмек көрсетуге дайын болу; 

 
Еңбекке құрмет; 

 
Дәстүрге адалдық, үлкенге құрмет, кішіге ізет; 

 
Достық, өзара көмек көрсету мен бірлік

 
Қиындықтан қорықпай табысқа жету; 

 
Отанға деген сүйіспешілік, оның өркендеуіне қызмет ету. 

 
Қарапайымдылық адамның көркі, еңбек ерлікке жеткізер; 

 
Батыр айқаста танылар; 

 
Отан отбасынан басталады, шаңырақ бірлік пен берекенің белгісі; 

259 
 

 
Достық — басты байлық, жұмыла көтерген жүк жеңіл; 

 
Бейнет түбі зейнет; 

 
Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол. 
Бұдан  басқа,  шетелде  білім  алып  жатқан жастарымыз  қазақ  диаспорасы 
өкілдерінің іс-шарасына қатысу арқылы патриоттық  тәрбиеліктерін  көрсетіп жүр.  
Сонымен  қоса,  еліміздің  білім  беру  ұйымдарында  студенттер  кеңесі,  клубтар 
желісі және т.б.  ұйымдар  жұмыс  жасайды.  Жастармен жұмыстың  жеке  блогы 
«Үштұғырлы тіл» идеясы жастармен белсенді түрде жүзеге асырылып келеді.  Бұл да бір 
мемлекеттің салиқалы саясатының бір көрінісі.  
Қазіргі  уақыттағы  еліміздегі  ең  басты  мәселлердің  бірі  жастардың  әлеуметтік- 
экономикалық  құқықтық  қорғалуына  қолдау  көрсету,  тұрмыстық  жағдайын  жақсарту, 
өз жұмысын  құру мүмкіндігі  мен  еңбекпен  қамтамасыз  ету жүйесін  дамыту,  жастар 
ортасында  жеке    кәсіпкерлікті    қолдау,  қоғамдық   жұмыстар жүйесін  дамыту,  жастар 
үшін 
әлеуметтік жұмыс 
орындарын 
құру, 
«Жастар 
тәжірибесін» 
ұйымдастыру және «Жастардың  еңбек  биржасын»,  жастарды жұмыспен  қамтуға ықпал 
ететін  жастар  орталықтарын  ашу,  жастардың  еңбек  нарығына  бейімделуін  қамтамасыз 
ету.   
Жас  мамандарды  әлеуметтік –экономикалық,  медициналық,  педагогикалық, 
мамандықтарға  қолдау  көрсету  керек.    Ғылымның  мәртебесін  көтеру  үшін  жастарды 
инновациялық  жобаларды  дайындауға,  шығырмашыл  жастарды  қолдау  мақсатында 
ұлттық  конкурстар,  ойындар,  дарынды  жастар  арасында  турнирлер,  оның  ішінде  жыл 
сайынғы халықаралық  байқаулар  мен  турнирлер  өткізу  арқылы    қазақстандық 
құраманың қатысуын қамтамасыз ету.  
Сол сияқты Президенттің өзінің халыққа жолдануында сыбайлас жемқорлық пен 
қылмысқа  қарсы  күресудің  жолдарын  көрсете  отырып,  Қазақстан  Кеңестен  кейінгі 
кеңестікте  алғашқылардың  бірі  болып  жемқорлыққа  қарсы  заңнама  қабылдап, 
халықаралық конвенцияларға қосылғандығын айтты. Жазаланған шенеуніктер де аз емес 
екендігін.  Көп  іс  тындырылғанын,  соған  қарамастан,  біз  осы  проблемамен  шұғылдана 
беретінімізді ай 
“Еліміздің  экономикалық  және  саяси  дамуындағы  жаңа  кезең  Қазақстанды  одан 
әрі жаңарту мен демократияландыру халыққа жолдауындағы мәселе” екендігіне арнайы 
алдағы  уақыттағы мемлекеттің нығайуына, еліміздегі және өңірлердегі тұрақтылық пен 
ынтымақтастықтың  дамуына,  10  жыл  елімізді  тұрақты  еткен,  экономикамызды 
өркендеткен төл Конституцияны, білім беру, осы тағы басқа аталғандардың бәрі бүгінгі 
таңда еліміздің тәуелсіздігіміздің нығайту барысында маңызды істер болып табылады.  
Пайдаланған әдебиеттер тізімі: 
1.
 
Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 ж 30 тамыз  
2.
 
Қазақстанды дамытудың 2030 жылға дейінгі стратегиялық бағдарламасы 
3.
 
«Жастар саясатының 2005–2007 жылдарға арналған бағдарламасы 
4.
 
Мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға  арналған  тұжырымдамасы 
5.
 
«Қазақстан Республикасында азаматтарды патриоттық тәрбиелеудің 2006–
2008 жылдарға  арналған  мемлекеттік бағдарламалары 
6.
 
Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан. Қазақстан Республикасының Президенті 
Н.Ә. Назарбаевтың 2007 жылғы Қазақстан халқына жолдауы / Ана тілі. 8 наурыз 2007 
жыл. № 10(847). – Б. 5-12. 
7.
 
2004 жылғы 7 шілдедегі № 581-ІІ «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» 
Заңы; 
8.
 
Қазақстанның 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары
9.
 
Білім беруді дамытудың 2011–2020 жылдарға арналған мемлекеттік 
бағдарламасы; 

260 
 
10.
 
Қазақстан Республикасының құқықтық саясат тұжырымдамасы –
Концепция правовой политики Республики Казахстан. – Алматы: Жеті жарғы. 2002. – 
56 б. 
 
БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫНЫҢ  ШЫҒАРМАЛАРЫ ЖАСТАРҒА  
ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ҮЛГІСІ 
 
КИКЕЙ С. 
Педагогикалық мамандықтар кафедрасының 
1- курс студенті 
Ғылыми жетекшісі: АСТЕМЕС Г.К.  
Алматы университетінің аға оқытушы, т.ғ. магистрі  
 
Қазақ халқының  батыр  ұлы,  көрнекті  жазушы  Бауыржан  Момышұлы    4.12.1910, 
қазіргі Жамбыл обл., Жуалы ауд., Көлбастау аулында дүниеге келген. Шымкенттегі жеті 
жылдық  интернатты  бітірген  соң,  бастауыш  мектеп  мұғалімі,  ауаткомның  хатшысы, 
милиция  бастығы  болды.  Бауыржан  Момышұлы  әскер  қатарына  1932  жылы  алынған. 
Қызметін өтеген соң, Шымкент, Алматы өнеркәсіп банкілерінде жұмыс істеді. Ол 1936 
жылы  Ленинград  финанс  академиясы  жанындағы  курсты  тәмамдап,  қайтадан  Қызыл 
Армия қатарына алынған. Онда жүріп, взвод, рота, командирі полк штабы бастығының 
көмекшісі  сияқты  басшылық  қызметтерді  атқарады.  1941  жылы  Қазақ  әскери 
комиссариатының  нұсқаушысы  болады.1941  ж.  Ұлы  Отан  соғысы  басталысымен, 
Бауыржан  даңқты  генерал-майор  И.В.Панфиловтың  басшылығымен  Алматы  маңында 
жаңадан  жасақталған  316  атқыштар  дивизиясының  құрамында  майданға  аттанады, 
батальон,  полк  командирі  қызметтерін  атқарады.  Соғыстың  соңғы  жылдарында 
гвардиялық  дивизияны  басқарады.  Бауыржан  Момышұлы  немістермен  Мәскеу  түбінде 
болған  шайқастарға  қатысты.  Ұлы  Отан  соғысы  кезінде  ұрыс  жүргізудегі  әскери 
шеберлігімен,  тапқырлығымен  және  жеке  басының  ерен  ерлігімен  ерекше  көзге  түсті, 
батырлық атақ-даңқы аңызға айналды. 
Гвардия  полковнигі    Б.  Момышұлының  қаһармандық  ерлігі  туралы  белгілі  орыс 
жазушысы А.Бек «Волоколамское шоссе» повесінде жан-жақты жазды. Бұл кітап неміс, 
чех, еврей, ағылшын, француз, т.б. шет ел тілдеріне аударылған.  
Бауыржан Момышұлы соғыс жылдарында: 
Батыр шықты қазақ деген қауымнан
Қорықпайтын боран менен дауылдан. 
Францияда туылса, болар еді Бонапарт 
Қазақстанда туылып,  
Болып қалған Бауыржан! 
Қазақстанның  әскери  әдебиетінің  атасы  атанған  Бауыржан  Момышұлының  
тарихи-әдеби  мұрасы  бүгінгі  жастар  мен  жасөспірімдер  үшін  отаншылдық  тәрбиенің 
ерекше  мектебі  деуге  болады.  Оның  шығармалары  шыншылдығымен,  өнеге  тәлімінің 
молдығымен  ерекшеленеді.  Жас  сарбаздарға  Бауыржан  Момышұлының  өнегелі  өмірі 
мен қызметін насихаттаудың отаншылдыққа тәрбиелеудегі орны ерекше.  
Б.  Момышұлының  шығармаларының  отаншылдыққа  тәрбиелеудегі  мәнін  түсіну 
үшін Ұлы Отан соғысын еске алмасқа болмас. 
Ұлы  Отан  соғысының  жеңіспен  аяқталғанына  міне,  биыл  70  жыл  толғалы  отыр.  
Бірақ,  сол  жылдар  жаңғырығы  адамзат  жүрегін  әлі  сыздатуда.  «Ер  өлсе  де  еңбегін  ел 
өлтірмес»  дейді  халқымыз.  Соғыс-халық  трагедиясы.  Миллиондаған  адамның  өмірін 
қиып,  қайғы-қасіретті  әкелген,  сұм  соғыстың  қайталанбауы  адамзат  үшін  ең  басты 
мәселе.  Неше мың жыл өтсе де бүгінгі тәуелсіздік, бейбіт өміріміз үшін құрбан болған 
ерлеріміз естен шықпайды, ұмытылмайды.  

261 
 
Соғыс тарихында жанқиярық ерлік көрсеткен 28 панфиловшының 23-і қаза тапты. 
28-дің 22-сі қазақстандықтар еді.   Соғыс  жылдары  қазақстандық  бес  әскери  құрамаға 
гвардиялық деген құрметті атақ беріліп, олардың туларына ордендер қадалды. Олардың 
жауынгерлерінің  ерлігі  аңызға  айналды.  Соның  ішінде  атақты  панфиловшылар 
дивизиясы  да  болды.  Оның  құрамынан  шыққан  батальон,  кейіннен  дивизия  командирі 
болған  Бауыржан  Момышұлының,  Мәлік  Ғабдулиннің  есімдері  соғыс  тарихынан 
мәңгілік орын алды. 
Б.Момышұлы  өмірінде  Мәскеу  түбіндегі  шайқас  ерекше  орын  алады.1941  жылы 
қазанның  он  бесі  күні  таң  атар-атпастан  панфиловшылардың  И.В.Капров  басқарған 
1073-полктің  қорғаныс  шебіне  фашистер  шабуылын  тынымсыз  қайталай  берді. 
Командир  Бауыржан  роталардың  соғыс  қимылын  жаңа  тактикаға  жанастырып, 
операцияны орынды басқара білді.  
«Оқып көр Москваның шежіресін, 
Кетірген кердең жаудың кежіресін. 
Баукеңдей ер қолбасшы қалар ма естен, 
Тапты ол тар қыспақта не бір шешім. 
Оқып көр Москваның шежіресін, 
Көз алдыңа елестер не бір есім. 
Оның бірі Сізге аға, Сізге іні, 
Еске алшы, ет бауырың елжіресін. 
Мол тартқан қан майданның ғаламатын, 
Жаттатқан сұм жауға да қазақ атын. 
Жан аға, жақсы аға – бетпес баға, 
Кім сүймес Бауыржандай азаматын».  
                                     (Т.Әбішұлы «Абзал аға») 
Бұл өлең шумақтары Москва түбіндегі шайқаста ерекше ерлік көрсеткен қазақтың 
батыр  ұлдарының  бірі  Бауыржан  Момышұлына  арналған.  Батыр  атамыз  Ұлы  Отан 
соғысы  тұсында  жеке  басының  қаһармандығымен  және  ұрыс  жүргізуден  әскери 
шеберлігімен  ерекше  көзге  түсті,  оның  атақ-даңқы  алысқа  тарады.  Москва  шайқасын 
баяндайтын, соғыс кезіндегі жауынгерлердің ерен ерлігі жөнінде белгілі орыс жазушысы 
А. Бек  «Волоколамское шоссе»  (қазақ тілінде  «Арпалыс») повесін жазды. Бұл еңбектің 
басты  кейіпкері    Б.Момышұлы  мен    28  панфиловшы  батырдың  асқан  ерліктері  тамаша 
бейнеленген. 
Әскери ғалымдардың айтуынша,  Бауыржан Момышұлы 1941 жылғы күзгі, қысқы 
кескілескен  шайқастар  кезінде  өз  батальонын  27  рет  шабуылға  бастап  шығып,  бес  рет 
қоршауды  бұзып,  жалпы  саны  207  рет  қол  бастап,  27  рет  соғыс  тарихында  болмаған 
тактикалық жаңалық жасады. Б. Момышұлы жетік стратег, асқан тактик, әрі психолог та 
болатын. Б. Момышұлының әскери тактикасы мен стратегиясы әлем елдерінде, мәселен, 
Кубада, Израильде қазірде оқытылып келе жатқан тұңғыш қазақ.   
1952-1956  жылдары      Б.  Момышұлының  «Офицердің  күнделігі»,  «Бір  түннің 
тарихы»,  «Біздің  семья»  атты  кітаптары  жарық  көрді.  1959  жылы    жарияланған  Б. 
Момышұлының    «Москва  үшін  шайқас»  атты  шығармасы  —  халқымыздың 
қаһармандығы,  жауынгерлердің  бірлігі  мен  достығы  баяндалған  патриоттық    шығарма 
болды.  1958-1981жылдары  көрнекті  жазушы  және  қолбасшы    «Жауынгердің  тұлғасы», 
«Майдан»,  «Майдандағы кездесулер»,«Генерал Панфилов»,  «Төлеген Тоқтаров»,  «Куба 
әсерлері»  ,  «Ел  басына  күн-туса»,  «Ұшқан  ұя»,  «Адам  қайраты»  т.  б.  қазақ  және  орыс 
тілінде жинақтары шықты. Шығармалары көптеген КСРО халықтары мен бірнеше шетел 
халықтарының тілдерінде басылып шықты. 
Жазушының  көптеген  еңбектерінің  ішінен  “Соғыс  психологиясы”  атты  шығар-
масындағы  жастарды  патриотизмге    тәрбиелеу  жайындағы    пікірлері  маңызды. 
Б.Момышұлы,  ұлттық  мақтаныш  дегеніміз  “белгілі  бір  ұлт  адамының  жеке  мақтаныш 

262 
 
сезімі, …өз ұлтын сыйламаса және оны мақтан тұтпаса, ол барып тұрған арамза, Отансыз 
қаңғыбас”, ал: “патриотизм – Отанға деген сүйіспеншілік. Жеке адамның аман саулығы, 
қоғамдық,  мемлекеттік  қауіпсіздікке  тікелей  байланыстылығын,  өзіңнің  мемлекетке 
тәуелді  екеніңді  сезіну,  мемлекетті  нығайту  дегеніміз  жеке  адамды  күшейту  екенін 
мойындау; қысқасын айтқанда, патриотизм дегеніміз мемлекет деген ұғымды оны жеке 
адамның  барлық  жағынан  өткені  мен  бүгінгі  күнімен  және  болашағымен  қарым- 
қатынасын  біріктіреді”,  –  деп  терең  мағыналы  анықтама  берген.  Қолбасшы  “ұлттық 
патриотизм”,  “қазақстандық  патриотизм”  ұғымдарына  өзіндік  анықтама  беруге 
ұмтылған. Ол “ұлттық патриотизм – бұл ұлттың ішіндегі жеке адамның асыл белгісі мен 
қасиеті  –  өз  халқына  деген  сүйіспеншілігі,  өз  халқымен  қан  жағынан  да  және  шыққан 
тегі,  территориясы,  тілі,  тұрмыс-тіршілігі,  мінез-құлқы,  психологиялық  және 
этнографиялық ерекшеліктері, қалыптасқан тарихи дәстүрлері жағынан да әбден айқын, 
әрі  дербес  басқа  қасиеттері  және  ерекшеліктерімен  де  байланысты”  деген  өзіндік 
көзқарасын білдіреді (5). 
Тәуелсіз мемлекетіміздің жастарын патриотизмге тәрбиелеуде, Б.Момышұлының 
анықтамасындағы аталмыш қасиеттер басым бағыттар болуы тиіс.  
Бауыржан  Момышұлының  “Өз  ұлтын  сыйламау,  оны  мақтан  етпеу 
−сатқындықтың белгісі. Ел дегенде еміреніп, жұрт  дегенде жүгініп қызмет еткен! Отан 
үшін  отқа  түс  −  күймейсің.  Опасызда  Отан  жоқ.  Елсіз  ер  болмайды,  жұртсыз  жігіт 
болмайды”,  −деген  қағидаларды  біздің  халқымыз,  әсіресе  жастардың  есте  ұстағаны 
абзал. 
 «Ол өтірік көлгірсімеген, ол жалған білгірсімеген, жарық дүниеге тура, жарқырай 
қараған, шындықты ғана сүйген, шынын ғана сөйлеген, төңірегін өз нұрымен жарық қып 
отыратын жан еді. Өйткені ол сүйікті халықтың өлмес рухынан жаралған, туған жерінің 
зеңгір  таулары  мен  кең  даласынан  оқып,  биіктік  пен  кеңдікке  жетілген  ерекше  ер  еді. 
Сол үшін де оны кешегі майдандас жауынгер достары, бүгінгі қаламдас, сырлас достары 
сүйді, оған зәредей күмәнсіз сенді, ұстаз тұтынды» -деп жазды Әбділда Тәжібаев(5). 
Бауыржан  Момышұлы  1982  жылы  қайтыс  болды.  Ел  тәуелсіздік  алғаннан  кейін 
Қазақстан  Республикасының  тұңғыш  Президенті  Н.Назарбаевтың  жарлығымен  оған 
“Халық  қаһарманы”  деген  атақ  берілді.  Гвардия  полковнигі  Бауыржан  Момышұлының 
1990  жылдың  12  желтоқсанында  туғанына  80  жыл  толуына  орай  Кеңес  Одағының 
Батыры  деген  жоғары  атақ  берілді.  Оған  соғыс  аяқталғаннан  45  жылдан  кейін 
ғана,Батыр  атағы  берілді.Б.Момышұлының  “Әділет  қашанда  жеңеді,  ол  кешіксе  де 
келмей қоймайды” деген сөзі шындыққа айналды. Ол ҚазССР Мемлекеттік сыйлықтың 
лауреаты, “Қызыл Ту, Еңбек Қызыл Ту, Халықтар достығы, 1-ші дәрежелі Отан соғысы, 
2 рет Қызыл Жұлдыз, Құрмет белгісі”  орден-медальдармен марапатталған. 
Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін “Халық қаһарманы” атағы берілді. 
Қаңтардың 22-сі. Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының туған күнінің 101 
жылдығына орай мәскеулік мектептердің біріне батырдың аты берілетін болды. 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1. Қазақстан Ұлттық энциклопедиясы.-Алматы, Каз.энц., 2001. 
2.  Нұршайқов  Ә.  Ахиқат  пен  аңыз.  Роман  –  диалог.  2  басылым.-  Алматы, 
«Жазушы», 1978. – 360 б. 
3. Момышұлы Б. Ұшқан ұя. Шығармалар. – Алматы, «Жазушы»,1975. 384 б. 
4.Момышұлы  Б.  «Ел  басына  күн  туса».  –  Алматы,  «Қазақстан»,  1970.  –  320  б. 
5.Соғыс психологиясы. -Алматы., 1978. 
6.Ә.Тәжібаев. «Қош бауырым!»// «Қазақ әдебиеті», 18 маусым, 1982 жыл. 
 

жүктеу 5.21 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   45




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет