Практикалық конференциясының м а т е р и а л д а р ы


АЛАШ ҚАЙРАТКЕРЛЕРІНІҢ ҚАЙСАР РУХЫ БҮГІНГІ ҰРПАҚҚА ҮЛГІ



жүктеу 5.21 Kb.
Pdf просмотр
бет33/45
Дата09.01.2017
өлшемі5.21 Kb.
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   45

АЛАШ ҚАЙРАТКЕРЛЕРІНІҢ ҚАЙСАР РУХЫ БҮГІНГІ ҰРПАҚҚА ҮЛГІ 
 
БӨРІБАЙ О. 
Педагогикалық мамандықтар кафедрасының 
4 - курс студенті 
Ғылыми жетекшісі: АСТЕМЕС Г.К.  
Алматы университетінің аға оқытушы, т.ғ. магистрі  
 
Азаттық таңы атты. Тілекке құдай жеткізді. Күні кеше құл едік, енді бұ күн 
теңелдік. Қам көңілде қаяудай арман қалған жоқ. Неше ғасырлардан бері жұрттың 
бәрін қорлықта, құлдықта ұстаған жауыз үкімет, өзгеге қазған оры өзіне шағын көр 
болып, қайтпас қара сапарға кетті. Енді бүгін теңеліп, түсімізде көрмеген 
жақсылықты өңімізде көріп, төбеміз көкке жетіп отыр. Бұл күнге жеткізген құдайға 
мың шүкірлік! 
Әлихан Бөкейхан 
 

249 
 
Тәуелсіз  мемлекетіміздің  өсіп-өркендеуі  аса  маңызды.  Халқымыздың  ғасырлар 
бойы  сақтаған  тарихи-тағлымды  істері,  ұлт  үшін  халқымыздың  бір  туар  азаматтары, 
білімпаз,  білікті,  елім  деп  еңіреген    қазақ  ойшылдары  мен  зиялыларының    жас 
жеткіншектерді елжандылыққа және патриоттық сезімге тәрбиелеудегі  мәні аса  зор.  
Қазақстан  Республикасының  Білім  туралы  заңында  көрсетілгендей  ұлттық  және 
жалпы  адамзаттық  құндылықтар,  азаматтық  пен  патриотизмге,  өз  Отаны  –Қазақстан 
Республикасына  сүйіспеншілікке,    кәсіптік  шыңдауға  бағытталған  сапалы  білім  мен 
оқытудың  жаңа  технологияларын  тиімді  пайдалану  мен  қатар    белсенді  азаматтық 
ұстанымы  бар  жеке    адамды  тәрбиелеудегі  сана-сезімі  мен  ой-өрісін  дамытуда  сапалы 
білім беру мәселелері жан-жақты қарастырылған [1].  
«Біз  тәуелді  болып  еңбектеп  басымызды  иген  де  халықпыз.  Біз  халқымызға 
мынаны  түсіндіруіміз  керек:  тіземіз  ендігі  жерде  ешкімге    бүгілмейді,  бұдан  былай 
ешқашан  еңкеймейміз  де,  тік  тұрған  қалпымыз  бойынша  тәуелсіздігімізді    сақтап  қалу 
үшін біз жанымызбен қызмет етеміз. Тіпті сол үшін  жанымызды пида  қылуға дайынбыз 
деп  өзімізді  де  жастарды    да  тәрбиелеуіміз  керек»-  деп    Елбасымыз  Н.Ә.  Назарбав 
айтқандай еліміздің елдігін танытатын өз ұлтының бостандығы жолында басын бәйгеге 
тіккен,  туған  елін  отаршылдықтың  бұғауынан  босатып,  тәуелсіз  мемлекет  құру  үшін 
ақтық демі қалғанша күрескен асылдар еді. Жалпы, қазақ халқының тарихында азаттық 
аңсап, өз елінің тәуелсіздігін  қорғаған тарихи тұлғалар аз емес. 
Сондай-ақ  қазақ  қоғамы  үшін,  XX  ғасырдың  басында  тарих  беттері  елеулі 
оқиғаларға  толы  болды.  Сол  оқиғалардың  бірі  1917  жылы  ақпан  революциясы  жеңісі 
Алаш Ордасының құрылуына алып келді.  
Соның нәтижесінде Алаш қайраткерлері қазақ жерінде тұңғыш рет  қағазға түскен 
қаулы-шешім  негізінде  бекітілген  үкімет  құрды.  Мемлекетті  басқару,  қазақ  елін 
дамытып-өркендету  жөнінде  жаңа  дәуірге  сай  сауатты,  жүйелі  жоспар-бағдарлама 
жасады.  Қазақ  халқының  тарихында  мемлекетті  басқару  мен  үкімет  құрамын  ресми 
бекітудің  нақ  осындай  қағаз  бетінде  бір  жүйеге  түсіріліп,  ретке  келтірілген  жоспар-
бағдарламасы  болды  деп  айту  қиын.  Яғни,  Алаш  қайраткерлері  осыдан  сексен-тоқсан 
жыл  бұрын  қазақ  халқы  толық  тәуелсіздік  алған  жағдайда  елді  қалай  басқарып,  қайтіп 
дамыту  керек,  ішкі-сыртқы  саясатты  қандай  жолмен  жүргізген  дұрыс,  көрші 
мемлекеттермен  қандай  қарым-қатынаста  болғанымыз  абзал  дегеннің  бәрін  нақты 
көрсетіп,  белгілеп  берген  болатын.  Өкінішке қарай,  Алаш  қайраткерлерінің  осы  айтып, 
жазып  кеткен  бағдарлама-жоспарларын  біз  әлі  күнге  жете  оқып,  зерттеп,  оны  қазіргі 
заманға  ойдағыдай  пайдалана  алмай   жүрміз.  Тіпті,  басқаларды  қойғанда,   саясатпен 
айналысып,  ұлт   үшін  қызмет  етуді  мақсат  тұтқан  азаматтардың  да  бәрі  бірдей  Алаш 
қайраткерлерінің еңбегін жүйелеп оқып, оны күнделікті  өмірге қолданып жүр деп айту 
қиын. 
Болашақта  Алаш  қайраткерлерінің  еңбектері  мен  ой-идеяларын  бүгінгі  күнге 
практикалық  тұрғыдан   тиімді  пайдаланудың  жолдары  мен  жаңа  мүмкіндіктерін 
ойластырғанымыз  жөн.  Мысалы,  сонау  тоқсаныншы  жылдардың  басында  белгілі  қазақ 
тарихшылары  Әбу  Тәкенов  пен  Мәмбет  Қойгелдиев  дайындаған  Мұстафа  Шоқайдың 
«1917 жыл естеліктерінен» атты кітабы Ыстамбул қаласына апарып, баспадан шығарып 
әкелдім.   Бұл  еңбекте  Мұстафа  Шоқай  Қазақстан  ерте  ме,  кеш  пе  әйтеуір  тәуелсіздік 
алатынына  кәміл  сенген  және  тәуелсіздік  алған  жағдайда  Қазақстан  не  істеу  керек, 
қандай саясат жүргізу  қажет дегенді  жан-жақты талдап, атап көрсетіп  берген. Тағы бір 
таңқаларлығы,  Мұстафа  Шоқайдың  сол  заманда  айтып  кеткендері  мен  енді  ғана 
тәуелсіздік  алған  Қазақстанның  Тұңғыш  Президентінің  жүргізіп  отырған  саясаты  мен 
ұстанымдары  бір-біріне  өте  жақын,  ұқсас  еді.  Мысалы  Мұстафа  Шоқай  Қазақстан 
тәуелсіздік алғаннан кейін Ресеймен қандай қарым-қатынаста болу керек; Қазақстандағы 
орыстар  және басқа да ұлт өкілдері жөнінде қандай саясат ұстанған дұрыс дегенді тайға 
таңба  басқандай  етіп  көрсеткен.  Ал  Мұстафа  Шоқайдың  сол  айтқандары  Қазақстанда 

250 
 
қазір  айна-қатесіз  толығымен  жүзеге  асып  отыр.  Тіл  мәселесі  туралы  да  осыны  айтуға 
болады. 
Қазақ  халқының  тәуелсіздігі  үшін  күрескен,  қазақ  елін  дүниеге  паш  еткен 
қазақтың  қайтаркерлері:  Ә.Бөкейханов.,  А.Байтұрсынов.,  М.Дулатов.,  И.Ғұмаров.,  Х. 
Ғаббасұлы тағы басқаларының  халыққа сіңірген еңбегі мен қызметі бүгінгі ұрпаққа үлгі. 
Қазақтың  барлығы  мойындайтын  айқын  нәрсе  –  Алаш  азаматтарының  бізге 
қалдырған  мұрасы  –  кең  байтақ  жер,  терең  ой,  биік  рух,  қайсар  мінез.  Біз  мұны  қай 
кезеңде болмасын жадымыздан шығармай, қай деңгейде болмасын ашық айтуға тиіспіз.  
          Олай дейтінім, 1917 жылы 21-28 шілдеде Орынбор қаласында өткен бірінші  бүкіл 
қазақ  съезінде    қаралған  мәлелердің  бірі  –қазақтың    саяси  партиясын    құру  еді. 
Партияның  аты    «Алаш»  деп  аталып,  көпшілік  дауыспен  басшылық  Ә.Бөкейхановқа 
жүктелген.  «Алаш» партиясының он  бөлімнен тұратын   бағдарламасы жасалып,  1917 
жылы  21  қарашада  «Қазақ»  газеті  баспасында  бағдарламаның  мақсаты  мен  міндеттері  
жарияланды. 
Бағдарламаның  негізгі  көздеген  мақсаты:  қараңғы  қазақ  елін  сауатсыздығын 
жоюға; жалпыға бірдей ақысыз оқыту,  мектептер мен медресселер және университеттер  
ашу;  өз ана тілінде оқыту мен тәрбиелеу ісі жүзеге асырыла бастады. [3] 
Алаш  қайраткерлерінің  білім  беру  саласы    бойынша  атқарған    қызметтері  де 
баршылық.  Дәлел,    Ә.  Бөкейханов  Қазақ  халқының  мемлекеттілігін  құруға,  қазақ  
жастары    үшін  мектептер  мен    медресселер,  институттар,  университтер  ашуға  ұсыныс 
жасай  отырып,  «Далалық  өлке»  газетіне  мақалалар  жариялап,  қазақтың  көкірегі  ояу 
азаматтарын жанына тарта отырып ұйқыда жатқан  қазақ халқының санасына ой қосты. 
Ал,  қазақ  зиялыларының  майталманы  ғалым,  лингвист  А.  Байтұрсыновтың  ағарту 
саласындағы еңбектері ұшан-теңіз.  
А.Байтұрсынов  мектептерде,  училищелерде  ұстаздық  қызметін  атқара  жүріп, 
қазақ  алфавитінің  негізін  қалап,  қазақ  тілінің  фонетикасы  мен  грамматикасын    жасап, 
латын алфавитінің алғашқы түп нұсқасын қалады.  
А.  Байтұрсыновтың  жанына  ерген  серігі,  ұлт  қайраткері  ғалым,  ақын  қазақ 
халқының  бостандығы  мен  тәуелсіздігі  үшін  күрескен  «Алаш»  қайраткерлерінің  бірі 
М.Дулатов.  Қазақ жастарының білім алуына өзінің үлесін тигізген «Арифметика» және 
«Табиғаттану» оқулықтарын жазды. Сонымен қатар  «Оян Қазақ!» өлеңі жастарға берер 
тәрбиесі мол.  
1920  жылдардың  ортасында  халыққа  білім  берудегі  мектептер  салу,  театрды 
дамыту,  кітап  шығару  ісінде  материалдық-техникалық  базасын  жасаудағы  мәдени 
шараларды  дамытудың  жолдарын  қарастырған      І.  Қабыловтың  еңбектерін  атап  өткен 
жөн. [4] 
Біз  М.Әуезовті  Алаш  азаматтарының  ісін  жалғастырушы  мұрагер  деп  тануымыз 
қажет.  І.Жансүгіровтің  поэзиядағы  биіктіктігі,  М.Әуезовтің  прозадағы   шеберлігі 
көшпенділер  өркениетіндегі  қайталанбас  дарын.  М.Әуезов  1918  жылы  жазған 
«Жапония»  атты  мақаласы  арқылы,  Азия  құрлығындағы  Батыс  қысымына  қарсы  шыға 
білген ұлттың отаршылдықтан құтылу жолындағы күресі арқылы Алаш азаматтарының 
айтар  ойын  тұтас  қазақ  халқына  паш  етеді.  Бұл  мақаланың  сол  кезеңде Алаш 
азаматтарының  тапсырмасымен  жазылғандығы  айдан  анық  еді.  М.Әуезов  1957  жылы 
осы  Жапония  еліне  барған  сапарында  ядролық  сынақ  пен  оның  зардаптары,  Семей 
сұмдықтары  турасындағы  өз  елінде  жүріп  ашық  айта  алмаған,  басылмай  қалған  ой-
пікірін 
45 
күн 
бойы 
өзі 
барған 
жиын-кездесулерде 
айтып 
жүреді.  
          Алаш  азаматтарының  баршасына  тән  түрікшілдік,  тұтастық  пен  бірлік  идеясын  
М.Әуезов  өмірі  мен  шығармашылығының  бір  қыры  деп  тануға  болады.  Әкем  сол 
уақыттағы  қысылтаяң  сәттердің  өзінде  осы  берік  ұстанымынан  айнымай  1951  жылы 
Қырғыз  еліне  барып,  олардың  Манасын  қызғыштай  қорғап,  халқына  қайтарады. 

251 
 
Сондықтан да М.Әуезовті  қазақтардың кейбірі  танымай жатса, қырғыздардың баршасы 
құрмет тұтады.  
Бүгінгі таңда біз М.Әуезов шығармашылығын зерттеуге аса ден қойып отырмыз. 
Осы  мақсатта,  М.Әуезовтің  110  жылдық  мерейтойына  байланысты  М.Әуезов  қорын 
ашып,  әлі  де  зерттелмеген  мәселелерге  назар  аударып  отырмыз.  Бұл  бағыттағы 
жасалмаған жұмыстар ұшан теңіз.  
Алаш  азаматтарының  ісін  М.Әуезов  жалғастырса,  олардың  идеяларын  біз, 
олардан кейінгі ұрпақ, ұштастыра білдік. 1963 жылы Мәскеуде құрылған «Жас тұлпар» 
қозғалысы бұған айқын дәлел. Алаш идеясы – біздің берік ұстанымызға айналды. Ұрпақ 
сабақтастығы, идеялар үндестігі дегеніміз осы. Алаш азаматтары – қазақ елінің іргетасы. 
Олай болса олардың ұлы идеяларын, ізденістерін одан әрі жалғастыру – жастардың  зор 
міндеті.  
          Бүгінгі  кездесу  –  тарихи  жағынан  өте  маңызды,  берер  тағылымы  мол  кездесу 
болды деп ойлаймын. Қазақ халқы өзінің өткенін, тарихын дәріптегенде ғана дәулеті мен 
сәулетіне  рухани  байлығы  сай  қуатты  мемлекетке  айналып,  әлемдік  өркениеттен  өзіне 
лайықты орнын алмақ 
Қазақстан Республикасының Президенті  Н.Ә.Назарбаев 2007 жылғы Қазақстан 
халқына Жолдауында XXI ғасыр деңгейінде білім беру мен кәсіптік даярлау жайлы айта 
келе  былай  дейді:  «Тәуелсіз  елдің  тірегі  –  білімді  ұрпақ,  ал  білімді  қалыптастыратын, 
шәкірт  бойына  ұлттық  таным,  рухани  сананы  сіңіретін  орын  оқу  орындары  болып 
табылады –деп атап көрсетті [7].   
Осыған орай, жас өспірімге берілетін білім мен тәрбиенің мазмұны ұлтымыздың 
ұрпақ  тәрбиесіндегі  даналығынан,  мәдени  мұраларынан,  асыл  нәр  алып,  табиғи  таза 
мәдени, рухани құндылықтар мен үнемі үздіксіз қанықтырылып отырылуы тиіс.  
Қазіргі  кезде  білімді  жеке  тұлғаға,  қоғамға  және  мемлекетке  сенімділікпен 
тұрақты  дамытуда,  ұлттық  қауіпсіздігімізді  нығайтуда  жастарды  тәрбиелеу  ісі 
әрқайсымыздың борышымыз. 
Кеңестік  Қазақстандағы  мәдениет  пен  тарих  ғылымында  өзіндік  орны  бар  С.Ж. 
Асфендияров  Қазақстан тарихы оқулығын  жазуда зор еңбек сіңірді [6]. 
Міне,  осындай  қиын-қыстау  кезеңде  барлық  кедергілерге  төтеп  берген  «Алаш» 
қайраткерлерін  үлгі  тұта  отырып,  Мұрағат  деректерімен  терең  зерттеулер  жүргізген, 
ұлттық  тарихымыздың  құндылығын  арттыруда    К.Нұрпейісов.,  М.Қойгелдиев.,                 
І. Қозыбаев., Т.Омарбеков т.б. тарихшы-ғалымдардың еңбектерін оқып-үйрену, кәсіптік 
білім  берудегі  мамандар үшінде ұлтжандылық қасиеттерді қалыптастырудың тәрбиелік 
маңызы зор.  
Пайдаланған әдебиеттер тізімі: 
1.
 
Қазақ стан Республикасының Білім туралы заңы 2007 ж шілде  
2.
 
Қазақстан  Республикасының  2015  жылға  дейінгі  білім  беруді  дамыту 
тұжырымдамасы 2004ж  24 қаңтар 
3.
 
К.Нұрпейісов Алаш Һәм алашорда Алматы- 1995ж 
4.
 
М.Қ Қойгелдиев Алаш қозғалысы Алматы-1995 ж 
5.
 
Көркемсуретті Қазақстан тарихы үшінші том Алматы, 2007 ж  
6.
 
Селкебаева  А.Т  Қазақ  АКСР  Халық  Ағарту    комиссариаты  жолындағы 
Қазақстанды  зерттеудің құрылуы мен тарихы (1920/1936) т.ғ.к., дисс Алматы, 2007   29-
40 бб 
7.
 
Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.Назарбаев  Қазақстан 
халқына Жолдауы 2007 ж. 
 
 
 
 

252 
 
КСРО-НЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АГРАРЛЫҚ САЯСАТЫНА ҰЛТТЫҚ   
                                   ИНТЕЛЛИГЕНЦИЯНЫҢ  КӨЗҚАРАСЫ 
 
ҚАСЕНОВА А.А. 
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті, тарих 
мамандығының 3 курс студенті. 
 
XX ғасырдың 20-жылдарында қазақ халқының негізгі кәсібі және республикадағы 
халық шаруашылығының басты саласы мал шаруашылығы болып қала берді. Себебі бұл 
тұста  жергілікті  қазақ  халқының  тоқсан  пайызы  мал  шаруашылығымен  айналысты. 
Ғасырлар  бойы  қалыптасқан  дәстүрлі  мал  шаруашылығы  сол  кезде  өлкедегі  табиғи-
тарихи  жағдайда  толығымен  ұтымды,  тиімді  шаруашылық  болып  табылды.Ол  қазақ 
халқының  әл-ауқаты-ның  артуының,  тіршілігінің  негізі  және  қайнар  көзі  еді.  Патша 
үкіметі  тұсында  қоныс  аудару  қозғалысы  лек-легімен  ұйымдастырылды.Соның 
салдарынан  жайылымдық  жерлер  тарыла  бастады.Алайда  Кеңес  үкіметі  орнағаннан 
кейін  де  қарашекпенділердің  қазақ  жеріне  қоңыс  аудару  қозғалысы  тоқтамады.  Осы 
жөнінде Торғай облысы атқару комитетінің төрағасы , төтенше комиссар Ә.Жангелдин 
қоныс аударуды тоқтату керек екенін негіздеп , орталыққа хат жолдайды. 
1920-1930  жж.  большевиктердің  күшпен  жүргізген  экономикалық  өзгерістері 
ғасырлар бойы қазақ даласында қалыптасқан осы дәстүрлі мал шаруашылығының табиғи 
дамуына  кедергі  жасады.  Аграрлық  қатынастардың  шиеленісуі  жергілікті  билік 
органдарын  қиын жағдайға қалдырды. Мал шаруашылығының дағдарысы қазақтар мен 
қоныс  аударып  келген  орыс  мұжықтары  арасындағы  қатынастарды  ушықтыра 
түсті.«Кеңестік құрылыстың алғашқы кезеңінде-ақ басты міндет билікті қолға алу және 
нығайту[1,  7-п.].»,-деген  В.Ленинниң  сөзін  мүлтіксіз  орындауға  кіріскен  большевиктер 
1920  жылдардың    ортасынан  кейін-ақ  Қазақстандағы  «  асыра  сілтеу»  саясатын  бастап 
кетті.  1925жылы  Қазақстанға  Өлкелік  партия  комитетінің  жауапты  хатшысы  болып 
келген Ф.Голощекин қазақ халқының күн көріп келген көшпелі және жартылай көшпелі 
дәстүрлі  мал  шаруашылығын  артта  қалған  ,  ортағасырлық  ,  күні  өткен,  мәдениетсіз, 
кенестік  құрылыспен  үйлеспейтін  сала  ретінде  сипаттап,  оны  түбірімен  өзгертетін 
социалистік қайта құру бағытын ұсынды. 
Мұндай  бағыттың  қазақ  халқы  үшін  қатерлілігін  түсінген  қазақ  зиялылары, 
ғалымдар,  мамандар  дәстүрлі  мал  шаруашылығының  эволюциялық  даму  жолын 
күйретпей , сақтау жөнінде өз көзқарастарын сол кезеңде-ақ көрсете алды.Бірақ, ғылыми 
тұрғыдан  негізделген  құнды  ұсыныс,  пікірлерді  Орталық  Ф.И.Голощекиннің  өзі  де 
есепке  алмады.Осылайша  жергілікті  халықтың  тек  өзіне  тән  ұлттық  ерекшеліктерімен 
санспау басталды[2, 3-б.]. 
Қазақстанда  жүргізілген  бір-бірімен  сабақтас  саяси  төтенше  науқандар,  атап 
айқанда тәркілеу, ет, астық дайындау, күштеп ұжымдастыру, зорлап отырықшыландыру 
саясаты  дәстүрлі  мал  шаруашылығын  біржолата  күйретті.  Қазақ  халқының  ғасырлар 
бойы  қалыптасқан  дәстүрлі  мал  шаруашылығының  өзіндік  ерекшелігін  ,  табиғи-тарихи 
жағдайын  көзге  де  ілмей  жүргізген  саясаттың  нәтижесінде  халық  қырғынға  ұшырады. 
Дәстүрлі  мал  шаруашылығын  күйретудің  ауыр  зардабы,  қасіретті  қорытындысы-  орны 
толмас  адам  шығыны  еді.  Ақиқатын  айтқанда,  большевиктер  өкіметі  мен  оның  кейінгі 
ізбасарлары  социализм  орнату  жолында  өз  халқын  күшпен  бақытқа  жеткіземіз  деп 
мастанды.Алайда,  қорлық  пен  зорлық  қыспағында  жүріп  ,  бақытты  өмірге  қол  жеткізу 
мүмкін  емес  еді.  Мұның  өзі  дүние  жүзі  алдында  адамзаттың  ұлы  ойшылдары  
армандаған әділетті әлеуметтік қоғамдық құрылыс идеяларын  қаралап қана қойған жоқ, 
сонымен  бірге  миллиондаған  халықты    орны  толмас  апатқа  ұрындырып,  орасан  зор 
қасіретке  душар  етті.  Шын  мәнінде,  Кеңес  қоғамындағы  өзгерістер  20-30-жылдары 
қалыптасқан тоталитарлық  тәртіптің қыспағымен , халықтың белгілі бір бөлігін құрбан 

253 
 
ету  арқылы  іске    асырылды.  Бұл,  әсіресе,  жер  мәселесінде,  ауыл  шаруашылығын 
ұжымдық  негізде қайта құру  саясатында айқын көрінді.Сөйтіп ,ауыл шаруашылындағы 
экономикалық  заңдылықтартарға  жатпайтын  «  Ұлы  бетбұрыс»  шаруашылық-тағы 
бұрыннан  қалыптасқан  жүйені  аяусыз  қиратып,  қоғамды  неше  түрлі  қиындықтарға 
ұрындырудың    алғы  шартын  жасады[  3,4-б.].Бұл  жерде  жаңадан  құрылып  жатқан  ауыл 
шаруашылығы артельдері мен колхоздар тез арада қалыпты жолға түсіп, экономикалық 
жағынан  тиімді  пайда  келтіре  қоятындығы  күмән  тудыратындығы  даусыз  мәселе  еді. 
Оның  үстіне  20-жылдары  пайда  болған  кооперацияның  қарапайымда  тиімді  түрлерінен 
бас  тартып,  ұжымдық  шаруашылықтың  жоғарғы  түрлеріне  бірден  секіріс  жасаудың  өзі 
экономикалық  тұрғыдан  алғанда  қателік  екені  белгілі.  Ауыл  шаруашылығындағы  жеке 
қожалықтарды  экономикалық  реформалар  арқылы  ретке  келтіріп,  ешкімді  шығынға 
ұшыратпай-ақ,  үкімет  үшін  де,  халық  үшін  де  тиімді  жолдардың  барлығын    білдірген 
пікірлер  де  көп  болды.  Осы  тұста,  нақты  айтсақ,  қазақтардың  шаруашылығын  кеңестік 
реформалауға  байланысты  қазақ  қоғамының  зиялы  қауымы,  соның  ішінде  Алаш 
қозғалысының  қайраткерлері  қазақтың  асыл  ұлдары  өздерінің  позияцияларын  айқын 
көрсеткендігін  біз  бөліп  айтуымыз  керек.  Мысалы,  Алаш  қозғалысының  қайраткері 
М.Шоқай  20  жылдардағы  Қазақстандағы  жер  мәселесі    қарулы  күштердің  қауіп 
төндіруімен  шешілді  –  деп  атап  көрсетеді  [4,62-б.].  V  Өлкелік  партия 
конференциясы(1925ж.) қарарында «Жерге орналастыру саласында ең алдымен байырғы 
халық, әсіресе оларың отырықшылыққа жатқандары жөнінде міндет қойылатын болсын» 
деп  көрсетіп,  қазақ  шаруаларын  жермен  қамтамасыз  етіп  алғанға  дейін  ішкі  Ресейге 
Қазақстанға өз бетінше қоныс аударущылар легін шектейтін шаралар белгіледі [5,191-б.]. 
Бұл  жөнінде,  20-жылдардағы  жер  мәселесінің  шешілуі  тағы  да  Қазақстанға  орыс 
қоныстанушыларының  келуімен  одан  әрі  шиеленісе  түскендігін    айта  келіп,  М.Шоқай: 
«Ф.Голощекиннің  құйтырқы  саясатының  нәтижесінде  қазақтардан  қарулы  күштердің 
қаупімен, өз еріктерімен көшіп келген орыс шаруалары есебіне жер тартып алынуда» , - 
деп  мәселенің  көшіп  келушілер  пайдасына  өзгеруіне  өз  қарсылығын  білдіреді.  Сөйтіп 
Қазақстандағы кеңес үкіметенің саясатын М.Шоқай «құлаған патша үкіметінің саясатын 
еске  түсіреді.  Мәскеу  большевиктері  өздерінің  қаулыларын  бұза  отырып,  Ресей 
имприясындағы  қазақ  жеріне  қоныс  аудау  мәселесін  жалғастырды»  -  деп  қалыптасқан 
жағдайды анық көрсетеді[ 6, 45- 46-бб.] . 
Осы бір республиканың  экономикалық-саяси өміріндегі күрделі мәселе жөнінде 
жүрген  қызу  айтыста  Алашорданың  тағы  бір  белгілі  қайраткері  Ә.Бөкейхановтың 
пікірлері  мен  ғылыми  ойлары,  тұжырымдары  маңызды  орын  алды.  Бұл  адамның  қазақ 
жерінің  жақсы  білетіндігі  көптеген  деректерде  анық  айтылған.  Әлихан  Бөкейханов- 
қазақтың  мал  шаруашылығын  зерттеуді  ғылыми  жолға  қойған  энциклопедист-ғалым 
болғандықтан,  қайраткер  азамат  қазақ  шаруашылығын  реформалау  мәселесіне 
байланысты өз көзқарасын білдіруді  туған халқым алдындағы перзенттік борышым деп 
ұқты.      1899  жылы  ол  Омбының  алдыңғы  қатарлы  зиялылары  мен  ауыл  шаруашылық 
мамандарымен  бірге  Мәскеудің  ауыл  шаруашылық  қоғамының  Омбы  бөлімін  ашуға  ат 
салысады.  Қоғамның  негізгі  мақсаты  –  Сібірдегі  және  қазақ  облыстарындағы    ауыл 
шаруашылық  саласын  мәдени-насихаттау  жолымен  даытуға  мүмкіндік  туғызу  болатын 
Щербина  экспедициясынан  /1896-1901/  кейін  1903  жылы  ол  С.Швецов  бастаған  Сібір 
темір  жолында  орналасқан  Челябі  мен  Том  /Томск/  қалалары  аралығын  мекендеген 
қазақтардың  мал  шаруашылығын  зерттеуге  бағытталған  экономикалық  экспедицияның 
құрамында  болды.  Сол  тұста  Ә.Бөкейхановқа  қазақтың  қой  малын  және  қой 
шаруашылығын зерттеу тапсырылды. Сол өңірдегі қой шаруашылығымен қоса ол бүкіл 
қазақ  даласының  түкпір-түкпіріндегі    атап  айтсақ,  Жетісу,  Сырдария  бойындағы 
қазақтардың  қой  тұқымдарын,  шаруашылықтарын  түгел  қамтып  бір-бірімен  өзара 
салыстыра отырып зерттеді. Соның нәтижесінде Әлекең қазақтың қой тұқымдары және 
қазақтың  қой  шаруашылығы  жайында  бұрын-соңды  ғылымда  болмаған  монография 

254 
 
жазды[  2,20-21-б.].  Оның  ғылыми  қызметі  жөнінде  кейіннен  белгілі  орыс  ғалымы 
С.Щвецов  «  Ә.Бөкейханов  қазіргі  заманғы  қазақ  халқының  өмірін  зерттеген  санаулы 
адамдардың қатарына енеді» – деп пікір білдіреді. 
Осындай  білімі  бар,  әрі  қазақ  шаруашылығын  терең  білген  ғалым  КСРО  ғылым 
академеясының  (әрі  қарай  ҒА-авт.)  Президиумы  тарапынан  «Одақтас  және  автаномды 
республикаларды  зерттеу  жөніндегі  Ерекше  комитеттің»  құрамына  Қазақстан  бойынша 
сарапшы  ретінде  шақырылды  .  Бұл  ұсынысқа  келіскен  Ә  Бөкейханов  сол  жылы  КСРО 
ҒА  –ның  Ерекше  комитеті  ұйымдастырған,  С.П.Швецовтың  жетекшілігімен  жұмыс 
жасауға  тиісті  экспедицияның  құрамында  Қазақстанды  зерттеуге  шығады.Алайда  оның 
аталған  экспедиция  құрамындағы  сапары  мерзімінен  бұрын  аяқталады.Адай  уезін 
зерттеуді  аяқтап  болған  ғалым  жолда  Қызылордаға  досы  А.  Байтұрсынұлына  қонаққа 
барған  сапарында  тұтқынға  алынып,  Мәскеуге  жіберіледі.  Осы  оқиғадан  кейін  оның 
экспедиция  құрамында  болуы  билік  тарапынан  мақұлданбады  және  бұл  кісінің  1927 
жылдан 1937 жылдың тамызына дейін, өмірден өткенше биліктің үздіксіз бақылауында 
болды[7, 115-116-б.]. 
Қазақстанда жүрзіліп отырған қатерлі аграрлық саясатты батыл сынға алған оған 
оған  ашық  қарсы  тұрған  көрнекті  мемлекет  қайраткері  С  Сәдуақасовтың  еңбектерінің 
біздің  тақырыпты  зерттеудегі  маңызын  да  айрықша  атап  өтуіміз  керек.  С.  Сәдуақасов« 
адамшылықтың  ілгері  басуы  мал  бағуды  жоюға  тірелмейтіндігін»  атап  көрсете  келіп, 
Қазақстан  жағдайын  Дания,  Австралия  елдерімен  қатар  қойып  ,республика 
экономиясының негізгі саласы мал шаруашылығын жергілікті қазақ халхының мүддесін 
ескере  отырып  дамытудың  ғылыми  тұрғыдан  негізделген  бағдарламасын  ұсынды  [2,7-
б.]. Алайда кейіннен қазақтың дәстүрлі шаруашылығы күйзеліске ұшырап малдың саны 
азайып кеткен еді. Қазақстан шаруасының жылдан-жылға өзгеріп отырғандығын белгілі 
қайраткер Смағұл Сәдуақасұлы «Қазақстан шаруасының бет алысы » атты мақаласында 
«...Қазақ шаруасы қанша күйзелгенімен қазақ жұртының іргесі аман қалып отыр.Бірен –
саран жерлерде болмаса жалпы қалың ел сау. Қазақ кедейленді, бірақ жер жүзінен өшіп 
кеткен  жоқ . Қазақта баяғыдай мыңдаған жылқы,жүздеген сиыр жоқ, әйткенімен  ендігі 
шаруасын ілгері бастыруға жететін қоры қалды .Жұқа болса да жұрнағы бар.  ...Бұрын он 
сиырды  мал  деп  есептемейтін  қазақ  енді  бір  сиырды  мал  етті»  -  дей  келе  сол  кездегі 
шешімін  таппай  тұрған  өзекті  мәсәленің  бірі  ауыл  шаруашылығы  қандай  бағытта 
дамиды деген сауалға « ... қазақ отырықшы болу керек дегенді айтып жүр, қазақ фабрик-
зауыт  салуға  салуға  айналу  керек  дейді,  бұның  бәрі  өз  заманында  бола  жататын 
нәрселер.  Қазіргі  алдымызда  тұрған  сауал  ауыл  шаруашылығының  жайы.  Болашақ  та 
ауыл  шаруашылығына  тіреледі.  Ауыл  шаруасының  жолы  көбінесе  табиғи  заңдармен 
жүреді. Бір жағы адамның күш еңбегі болса, екінші жағы жаратылыстың жасалуы.  
... Сондықтан біз шаруаны айтқан кезде Қазақстанның табиғи-тарихи климаттық 
жағдайын еске алуымыз керек-деп жауап берді [8]. 
Тағы бір Алашордада қызмет, еткен заманының белгілі азаматы Ә. Ермековтің де 
қазақ  шаруашылығының  жай-күйіне  заманының  ызғарынан  корықпай,  араласып 
жүргендігі  сол  заманда  үлкен  ерлікке  тең  деп  бағалауға  болатындай.  Себебі,  кезіндегі 
Алашорданың  бұрынғы  вице-премьері  Ә.  Ермеков  1920  жылы  Қырғыз  (қазақ-авт.) 
Революциялық  комитетінің  мүшесі  болып  сайланады    және  осы  жылы  Мәскеуде 
пролетариат  көсемі  В.  Лениннің  алдында  «Қазақ  өлкесінің  жағдайы  жіне  оның 
шекарасын белгілеу» тақырыбында баяндама жасайды .Осы баяндама барысында Каспий 
теңізінің    жағалауындағы  бір  шақырымдық  жерді  РСФСР-ге  қосу  жөнінде  пікір 
көтеріліп, Ә.Ермековтың бұған қарсы сөйлеп, ол жерді «қазақтар көп мекендейтін жер» 
деген секілді  дәлелдер  келтіріп, наразылық танытуының нәтижесінде ғана жағалаудағы 
алқап  Астрахан  губерниясының  иелігінен  алынып  ,  Қазақ  Автономиялы 
республикасының қарамағына берілетін болып шешіледі[ 9,88-90-бб.]. 

255 
 
Сол  кезеңдегі  қазақтың  көрнекті  мемлекет  және  қоғам  қайраткерлерінің  қазақ 
реформалаудың  халық  үшін  қиын  тиетіндігін  айтқан  ескертулері  мен  ұсыныстары 
тыңдалмағандығы былай тұрсын,  кейіннен олардың барлығы да осы көзқарастары үшін 
«халық  жауы»  ретінде  жазықсыз  жазаланып  кетті.  Нәтижесінде  қазақ  халқы  бұрын 
тарихта  болып  көрмеген  апатқа  ұшырап  ,өз  жеріндегі  аз  санды  ұлтқа  айналып  шыға 
келді.  1930  жылдардан  кейін  аштық,  көтерілістер,  елден  үдере  қашу  сияқты  оқиғалар 
белең  алғандығы  соншалық,  қазақ халқының қаншасы  өлген  деген  деректі  анықтаудың 
өзі  қазіргі  таңда  қиындық  тудыруда.  1932-1933  жылдардағы  Қазақстандағы  аштықтың 
қорытындысы бойынша болған адам шығыны туралы кеңестік тарихнамада әртүрлі баға 
беріледі.  Кейбір  еңбектерде  (екі  санақ  арасындағы  қазақ  этносының  айырмашылығын 
есепке  ала  отырып)  халық  саны  бір  миллион  адам  деп  айтылса,белгілі  кеңес  танушы 
М.Олкоттың  «Фабрикация  социального  прошлого:  Казахи  Средней  Азии  »атты 
жұмысында екі миллион адам құрбан болды –деп айтылады[10,130-б.]. 
Осылайша  қазақ  халқының  кеңестік  реформалауға  қарсы  алашшыл  асыл 
азаматттар  қарсы  тұрғысы  келіп,  қанша  арпалысса  да,  заманының  қасіретті 
оқиғаларынан  өз  халқын  құтқара  алмады.  Алайда  олар  халық  алдындағы  перзенттік 
борыштарын өтеді деп нық сеніммен айтуға болады. 
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:   
1.Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік мұрағаты.30-қ,I-т,1060-іс. 
2.К.Т.Сантаева.  Қазақтың  дәстүрлі  мал  шаруашылығының  күйреуі  және  оның 
ауыр 
салдарлары( 
Оңтүстік 
Қазақстан 
материалдар 
негізінде.1925-1935жж.) 
Т.ғ.к.ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған десертация. А., 2001.178-б. 
3.М.Қ.Қозыбаев,  Қ.С.Алдажұманов,  Ж.  Б.  Әбілқожин  .Қазақстандағы  кү-шпен 
коллективтендіру: қорлық пен зорлық. А., 1992. 36-б. 
4.Мустафа  Чокай-оглы.  Туркестан  под  властью  Советов(  К  характеристике 
диктатуры пролетариата). А-А.,1993. 160-б. 
5.М.Қойгелдиев.«  Ұлттық  саяси  элита.  Қызметі  мен  тағдыры  (XVIII-XXғғ.)», 
Зерттеулер. А .,2004. 400-бет. 
6.О.Мұхатова.  Қазақстандағы  XX–ғасырдың  алғашқы  онжылдықтарындағы 
аграрлық реформалар тарихнамасы (1900-1929жылдар). А., 1998. 119-б. 
7.М.Х.Асылбеков,М.Т.Сейітов.  Алихан  Букейхан-общественно-политичес-кий 
деятель и ученый .А., 2003. 148-стр. 
8.С.Сәдуақасұлы.  Қазақстан  шаруасының  бет  алысы  //  Еңбекші  қазақ.1924.  1-
қаңтар. №154. 
 9.Ә.Ермеков.«  Мен  Ленинмен  неге  сөз  жарыстырдым?».Егемен  Қазақстан, 
31.05.2000ж.// Жүз тұңғыш. Жинақ. Құраст. Б.Нұржекеұлы. А.,2005.352-б.                                                                            
10.  Ж.Б.Абылғожин.  «Сталинизм  и  номадизм:  к  вопросу  силовой  политике 
седентаризации  в  Казахстане  в  конце  1920-х  –  начале  1930-х  годов.»  //  Феномен 
кочевничества  в  истории  Евразии.  Номадизм  и  развитие  государства:  Сб.  материалов 
Международной  научной  конференции.  Под  ред.  И.Ерофеевой  и  Л.Е.Масановой.-  А,. 
2007. 204 стр.  
 

жүктеу 5.21 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   45




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет