Практикалық конференциясының м а т е р и а л д а р ы



жүктеу 5.21 Kb.
Pdf просмотр
бет30/45
Дата09.01.2017
өлшемі5.21 Kb.
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   45

 
ИСА БАЙЗАҚОВ МҰРАСЫ 
 
НҰРҚАДЫРОВА А. 
                                            Қаз МемқызПУ 3-курс студенті 
                          Ғылыми жетекшісі: ф.ғ.к., профессор м.а. ӘДІЛБЕКОВА Л.М. 
 
Иса  Байзақов  кеңестік  кезеңде  өмір  сүрген  әрі  импровизатор,  әрі  қазақ  жазба 
әдебиетінің  көрнекті  жазушысы.  Күні  бүгінге  дейін  қазақ  әдебиетінде  ақынның 
шығармалары  ауыз  әдебиетінің  көрнекті  өкілі  ретінде  де,  қазақ  кеңес  әдебиетінің 
көрнекті  өкілі ретінде зерттелініп келді. Әйтсе де бүгінгі  таңда тәуелсіздік тұрғысынан 
кезінде сөз етуге тыйым салынған ұлттық құндылықтар мен халқы үшін қаламымен тер 
теккен  авторлардың  шығармаларын  қайта  ой  елегінен  өткізіп,  лайықты  бағасын  беру 
қажеттілігі туындауда. 
Қазақстан  Республикасының  Президенті  Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаев  «Тарих 
толқынында»  кітабында:  «Ұлттық  сипаттың  барлық  көріністері  үшін  тоталитаризм 
әсіресе апатты болды. Жүздеген және мыңдаған жылдар бойындағы ұлттық тарих оның 
небір  нәзік,  небір  айшықтарымен  қоса  соншалықты  өрескел  озбырлыққа  душар  болды. 
Небір кемеңгер билікшілері мен небір ғажайып өнерпаздары бар қазақ даласының нақты 
тарихы  бүкіл  дүниені  түп-түгел  қайта  құрудың  жаңа  доктринасы  шеңберінде  түк  құны 
жоқ қайдағы бір «жабайы тағылық» ретінде қайта жазылды. Ұлттық сананы қорлап, жер 
қылған осы содырлы нұсқадан біз әлі арыла алмай келеміз», - деп тарихты танып-білуге 
таптық әдістің тигізген зардабы турасында жазған еді [1, 226].  
Отандық  тарихтың,  оның  қаһармандары  мен  олардың  шығармаларының  әлі  де 
ашылмаған,  ақиқаты  айтылмаған  күрделі  тұстары  көп.  Қазақ  ұлтының  болашағы 
жолындағы күреске толы осындай күрделі кезеңнің бірі – ХХ ғасырдың бірінші жартысы 
болып  табылады.  Өз  мүддесін  ұлт  мүддесімен  ұштастырған  қазақ  зиялылары  осынау 
күрестің  көшбасында  тұрды.  Езілген  елдің  санасын  оятып,  азаттыққа  үндеген  А. 
Байтұрсынов,  Ә. Бөкейханов,  М. Дулатовтар болса, алдыңғы толқынның ізін төңкеріс 
уақытында,  төңкерістен  кейінгі  азамат  соғысы  кезеңінде  шыңдалып,  саяси  өмірге 
белсене  араласқан  Иса  Байзақов,  Тұрар    Рысқұлов,  Смағұл  Сәдуақасов,    Сұлтанбек 
Қожанов және т.б.  жалғастырды.  
Ұлтжанды қайраткерлердің қай-қайсысы болмасын ағартушылық, қоғамдық-саяси 
қызметімен  қазақты  мәдениетті  елдердің  қатарына  көтеруге  бар  күш-жігерін,  өмірін 
арнады.  Қазақ  мемлекетінің  экономикасы  мен  ауыл  шаруашылығын  дамытуды,  білім 
мен  мәдениетті  өркендету  сияқты  көкейкесті  мәселелерді  ұлттық  мүдде  тұрғысынан 
шешудің  жолдарын  ұсынған  қайраткерлер  аз  болған  жоқ.  Алайда  олардың  ұлы 
мақсаттарын жүзеге асыруға кеңестік қасаң саясат шек қойды, сталиндік қуғын-сүргіннің 
құрбаны  болды.  Коммунистік  партияның  ХХ  съезінен  кейін  арыстардың  көпшілігі 

226 
 
ақталғанымен  де,  олар  туралы  ақиқаттық  тұрғыдан  толық  танып-білуге  қалыптасқан 
саяси жүйе мүмкіндік бермеді.  
ХХ ғасырдың басынан өзіндік стильмен жарқ еткен талантты тұлға Иса Байзақов 
болды.  
Кеңестік  идеологияның  талабына  сәйкес  бұған  дейін  Иса  Байзақов  өмірі  мен 
істеріне біржақты төңкерісшіл, кеңес өкіметінің қолдаушысы деген баға беріліп келді. 
Оның  елім,  ұлтым  деген  шығармалары,  қазақ  ұлтының  мүддесі  үшін  атқарған 
өлшеусіз  еңбегі  күні  бүгінге  дейін  қыры-сыры  ашылып  зерттелген  жоқ,  Исаның 
ұлтжандылық  келбеті  өз  деңгейінде  ашық  көрсетілген  жоқ.  Қазақ  жазба  әдебиетімен 
қатар  импровизаторлық  мектептің  өкілі  қазақ  актерлік  өнер  мектебінің  негізін 
қалаушылардың бірі, «Исаның желдірмесі» деген атпен ән мектебінде өзіндік ізі қалған 
ақын  шығармалары  күні  бүгін  еліміз  егемендікке  ие  болып,  тәуелсіздік  туын  тіккен  де 
жаңаша тәуелсіз көзқараспен зерделеуді қажет етеді.  
Исаның  жиырмасыншы  ғасырдың  20-шы  жылдарынан  аты  қалың  жұртшылыққа 
белгілі болып, өз халқының алдында беделі күшті белгілі ақын болғандығы мәлім. Бұған 
мысал  ретінде  Никалай  Ановтың  1925  жылы  «Советская  степь»  газетінде  жариялаған 
Иса  Байзақов  туралы  мақаласы  дәлел:  «Ол  сөз  тасқынын  ағытып,  шаршы  топтың 
алдында  жыр  нөсерін  сорғалатып  тұр.  Ақынның  құдыреттінің  күштілігі    сондай,  әлгі 
думандатып  жүрген  жұрт  лезде  тына  қалды.  Атты  жаяулы  бес  мыңдай  адам  ақынның 
сөзін бір кісідей мақұлдап, күлісіп, дуылдасады»[2 ]. 
Иса  Байзақов  есімін  кеңес  әдебиетінің  атасы  Максим  Горький  де  жақсы  білген. 
Максим  Горький  қазақ  ақынын  қатты  ұнатып:  «Осындай  ақындар  Қазақстанда  көп  пе, 
олардың  сөздерін  жазып  алумен  шұғылданып  жүрген  қазақ  жазушылары  бар  ма?  Иса 
Байзақовтың импровизаторлық өнерімен үгіт-көпшілік жұмысына қатынасқаны, театрда 
істеуі  өте  дұрыс  болған.  Әрине,  ақын  социалистік  құрылысқа  белсене  қатынасып,  өз 
орнын таба білуі керек», - деп Исаның айрықша талантына мән берген[3]. 
Иса  Байзақов  Ұлы  Отан  соғысы  жылдарында  да халықты  рұхтандырып,  жеңіске 
шақырып,  қазақ  халқының  ерлік  дәстүрін  тіліне  тиек  еткен.  Өзінің  қолма-қол  табан 
астында тасқындатқан нөсерлі жырымен ерлікке үндеген.  
Осыған  байланысты  Иса  Байзақов  поэзиясын,  оның  тамаша  поэмаларын  бүгінгі 
тәуелсіздік тұрғысынан тереңнен зерттеп, ерекшеліктерін ашу  мүмкіндігі туды. 
Қазақ әдебиеті тарихында екі түрлі саладан көрінген Иса творчествосының стилін 
сөз  ету,  сайып  келгенде  социалистік  реализмнің  мол  мүмкіншілігінен  туған  қайсыбір 
өзгерістер мен жаңалықтарды нақтылы таныту болып табылады. 
Айтыс  ақындардың  дәстүрі  мен  импровизаторлық  өнерді  біздің  заманға  қалай 
жеткізіп, қандай жолдармен дамыта алды деген сұрақтарға жауап іздеуде де, қазақ совет 
әдебиетінің  негізін  қаласқан  жазба  әдебиет  өкілдерімен  бірге  социалистік  реализм 
қорына Исаның қосқан үлесін анықтау да осындай мәселерге тікелей байланысты болып 
келеді. 
Революцияның  алғашқы  күндерінің  өзін-ақ  Сәкен  Сейфуллин  бастаған  бір  топ 
жас  ақын-жазушылар  жаңа  әдебиеттің  туын  көтере  келді.  Осы  кезде  Иса  Байзақов  та 
қолына қаламын алып, жас ақын-жазушылардың  қатарына қосылды. Бұлар жаңа өмірдің 
әкелген  жаңалықтарын  жалынды  жырларымен  халыққа  дер  кезінде  жеткізіп  отыруды 
негізгі нысана етіп алды. 
1916  жылға  ұлт-азаттық  халық  көтерілісін  қуаттап  жыр  еткен  Жамбыл  Жабаев, 
Нұрпейіс Байғанин, Омар Шипин, Күдері Малдыбаев тәрізді бір топ ақындар октябрьдің 
жеңісін  қарсы  алып,  жаңа  құрылыстың    жеңісін  шаттана  жырлады.  Импровизатор 
ақындар жас ақын-жазушылармен бірге отырып, қазақ кеңес әдебиетінің іргесін қаласуда 
да  көп  еңбек  етті.  Сонымен  социалистік  елдің  өсу  қарқынына  байланысты  қазақ  кеңес 
әдебиетінің қатарына әрбір кезде ақын-жазушылар лек-легімен келіп, жаңадан қосылып 
жатты.Иса  Байзақов  осы  екі  топтағы  ақындардың  бел  ортасында  болып  өмірінің  соңғы 

227 
 
кезіне  дейін  әдебиет  майданына  белсене  қатынасып  келді.  Әдебиетке  келген  күннен 
бастап,  социалистік  өмірдің  жаңалықтарын  жырлап,  күнделікті  саяси  науқандарға 
кезінде  үн  қосып,  ақын-жазушылармен  біріге  отырып,  ел  өмірін  жырлады.  Исаның 
әдебиет майданына келуі де, ақындық өсу жолдары да өз өмір  майданындағы әр алуан 
жеңістерімен қанаттас[4]. 
Иса  ақындығының  алғашқы  кезінде  қолма-қол,  табан  астында  суырып  салып 
айтқан  жырлары  арқылы  танылды  да,  советтендіру  кезінде  көрнекті  үгітші  болды,  өз 
халқының  өткендегісі  мен  бүгінгісін,  халықтың  салт-санасын,  әдет-ғұрпын,  әлеуметтік 
өмірін жете білген ақын дарынды-талантын жазба әдебиетте айрықша танытты.  
Біріншіден, Иса Байзақов өрен жүйрік импровизатор, екіншіден, жазба әдебиеттің 
көрнекті өкілі. Ақын осы ерекшеліктері арқылы жұртшылықтың көзіне еркін түсті десек, 
соның басым жағы жазып қалдырған мұралары. 
Жаңа  өмірде  қазақ  халқы  өз  ішінен  Иса  Байзақов  тәрізді  бір  неше  жалынды 
таланттарды  шығарды.  Исаның  бізге  қалдырған  творчестволық  еңбектері  қазақ  совет 
әдебиетінің  аса  бағалы  мәдени  мұрасы  болып  табылады.  Өйткені  Иса  фольклор  мен 
жазба әдебиетті ұштастыруды ең бір айқын бейне болды. Ауыз әдебиеті қатарына жазба 
әдебиетке  келуде  Иса  Байзақов    классик  жазушылардың  шығармаларынан  үйрене 
отырып өсті, соның нәтижесінде айтыс ақындарының дәрежесінде қалып қоймай, қазіргі 
жазба әдебиет өкілдерінің қатарына көтерілуге мүмкіндік. Айтыс, сол сияқты қолма-қол, 
табан  астында,  ауызекі  шығарып  айтқан  өлең,  жырлары  Исаның  ақындық  жолындағы, 
алғашқы  баспалдақ,  домбрынаның  құлақ  күйі  тәрізді.  Исаны  халыққа  мәлім  еткен, 
әдебиет  тарихындағы  орнын  белгіленген  негізінде  оның  айтыстары  емес,  өлең-
поэмалары. Олай болса, ақын творчествосы тек ауыз әдебиетінің тұрғысында қаралмай, 
тарихта қазақ  әдебиеті өкілдерінің қатарында тұруы қажет. 
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1.Назарбаев Н. Тарих толқынында. - Алматы: Атамұра, 1999. - 296 б.  
2.Анов М. Иса Байзақов. Советская степь. 1925, 25 декабрь. 
3.Анов М. Встречи. Казахстанская правда. 1948, 28 март. 
4.Байзақов И. Ақ бөпе: таңдамалы. - Астана: Елорда, 2000. - 367 б. 
 
ЖАҢА ЗАМАН ПОЭЗИЯСЫ: Т.ӘБДІКӘКІМОВ 
ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ЗАМАНА ҮНІ 
 
ОШАН Г.А. 
Қазақстан инновациялық университеті, Семей қ. 
Филология магистрі 
 
Қазіргі  қазақ  поэзиясы  өзіндік  арнасын  толықтыра  түсуде.  Өзіне  тән  ерекшелік 
бар.  Ерекшелік  заман    талабына  сай.  Қай  өнер  иесі  болмасын  өз  өнерін    өзіндік  
бағытымен,  жаңа  тың  дүниесімен  көрсетпек  болады.  Ал  оларды  кейбіреулер  поэзияға 
енгізген  «бүлік»   деп қарап, кемшілік деп таниды. Ал тағы біреулерге ол жаңашылдық 
болып көрінеді. Мысалы М.Қожахметова бұған «Әдеттте біз өзіміз түсінбейтін  ұғымды 
дереу  жамандай  жөнелеміз  немесе  мүлдем  елемейміз.  Толып  жатқан  «измдерді»  иесіне 
жатырқаймыз.  Әлем  әдебиетіндегі  түрлі  ағымдардың  дүмпуі  әлгі  «измдер»    арқылы 
түсінігімізді  молайтса,  несі  айып,  керек  десеңіз  халық  эпосы,  ауыз  әдебиеті  ертедегі 
жырларымыздан  да  зерттеушісін  тапса,  небір  «измдердің»  ізін  таратуға  болады.  Бұдан 
ұлттық  нақым  түк  те  ұтылмайды.  Әлі    де  қымтана    мүлгіген  әдебиетіміздің 
мүмкіндіктерін  «изм»,  ..  «лизм»,  «...гизм»,  «..  физмдер    арқылы  ашуға  тырысып 
жүргендерді» - дейді. 

228 
 
Міне,  бүгінгі    поэзияда    өлең  өлкесінде  өрнек  танытып  жүрген  жыр  нелері 
ізденістерінің  жемісі  әр  түлі  сан  алуан  нәтижелерге  әкелетінін  көреміз.  Бұлар  жөнінде 
ойдың да әр алуан саласы барлығы танылып жатады. 
Бүгінгі  әңгімеміздің  бір  парасы  –  қазіргі  поэзиямыздағы  ақын  тұлғаамына,  өлең 
парасытына тікелей қатысы бар  жай да.  
«Жастар  поэзиясы  –  шекара  –  контурлы  тұрақиай  қоймаған  үздіксіз  толығу, 
айқындалу, қалыптасу үстіңдегі дамылыссыз творчествалық процесс» 
Сондықтан да одан  қашан да жаңалық, жаңа есім, жаңа туындылар күтесің. 
Қазіргі поэзия өкілінің бірі  – Тыныштықбек Әбдікәкімов. Тыныштықбек  – ақын. 
Оның тілі - кең тақырып әрі күрделі. Тыныштықбек тәрізді қаламгердің тілін бірнеше рет 
аспектіден зерттеп танып білу қажет  болады.  
Тыныштықбек  ақын.  «Ақын  -    ғажайып  отты  сөздің,  өлеңінің  иесі,  жұпар  сөз 
жаратушысы.  Аққында  қандай  да  бір.  «Ақ»,  «Ыра»,  я  «Ырауан»  сипатты  жұпар  тұлға, 
«Бес  Қарулы  сай    Ер.  Ал,  өлең    -  жұпар  тұлғаларға  тән  сөздердің    ойлардың  үйлесімі. 
Періште –Сөз, Тәңір – Сөз дейді. Т.Әбдікәкімов. 
Тыныштықбек  өлеңдері  күрделі.  Өлеңдерін  оқи  отыра  заман  ағысын  танимыз. 
Ақын ізденістері өрнектеле түскенін көреміз. Бірнеше тақырып шығармаларынан көрініс 
табады.  Поэзиясында  уақыт  пен  кеңістік,    өткен  мен  бүгінгі,  аңыз  бен  ақиқат 
сапырылысып жатады. 
«Тыныштықбек    оқырманын  сыйлай  білетін  ақын.  Ол  құрғақ    ақыл  айтып 
оқырманның  басын  ауыртып  жатпайды.  Жасанды  жылтауық  сезімдермен    ботадай 
боздатып, жылатып, алудан және  аулақ. Біздіңше , бұл  жақсы қасиет, жалаң дидақтика 
мен  әсірешіл  эстетизмнің  жоқтығы  оның  поэзиясына  жаңа,  тосын  әрліліктер  қоса 
түспесе, ішкі күш-қуатын еш кемітпек емес. 
Тыныштықбек  поэзиясына  тән  тағы  бір  қасиет  -    оның  табиғи  дамудың  айқын 
көрінетіндігі. Ақын поэзиясының аттаныс нүктесі қойлы ауылда өткен балалық шақтағы 
махаббат сезімдері. Қазақ поэзиясына өз айтары бар ақынның келгендігін дәлелдеген де 
сол әсер – сезімдерден туындаған жырлар» - дейді Ә.Балқыбек 
А.Әлім  «Нағыз  ақындардың  өлеңдері    -  жұмбақ  әрі  құпия,  олардың  түсіне  жете 
алмай қайта-қайта оқып, қайта-қайта оралуға мәжбүр боласың.  
Тыныштықбек оқырманы көп! Ал, оларды не қызықтырады? Әрине, өлеңдеріндегі 
ой әсемдігі. Б.Жақып былай дейді «Тыныштықбек батыл эксперименттерге барамын деп 
түсініксіздікке,  шатасуға,  адасуға,  ішкі    қайшылыққа  ұрынатындығын  айтуымыз  керек. 
Батыл  айтамын  деп  бағытынан  адасып  қалмаса    екен  деген  пейілден  туған  тілек  бұл. 
Әйтсе  де,  ақыл  көркем  суретке  «Ақшам  хаттары»  тектес  көрсете  олар  еді.  Оны  қалай 
қабылдайды  өзі біледі.» 
Ақын    шығармашылығы  салмақты  ізденіс,  салиқалы  тебіреністің  жемісін 
танытады. Ақын жырлары – жан- дүние дидары. Ақын өзі: 
Мен, сірә, баладаймын ес кірмеген, 
Немесе, Далалаймын қош кірмеген... 
Оң, Қара Өлең, 
Сырыңды айта алам ба адамдарға 
Тілімді беймағлұм Ес күрмеген ..- дейді.   
Қазіргі ақын-жазушылар жөнінде  Исраил Сапарбай  «Жаңалыққа деген талпыныс 
көбіне  жастар  тарапынан  табылып  жататыны  жарасымды»  дей  келе  «Тыныштықбекке 
деген көзқарас әзірге екұдай. 
Біртоға,  білімді,  бірегей  жігіттің  құпиясы  әлі  іште,  мойындатпай  қоймаймын 
деген сыңай байқатады»  дейді. 
Тыныштықбек  өзінің  бір  жаңашылдығымен  ерекшеленеді.  Өлеңдерінің  бәрі 
әдемі!  Қазір  көрінетін  бір  жайт  қазіргі  өлеңдердің  біразы  сыдыртып  жеңіл  оқуға  көне 
бермейді.  Мұның  астарында  ақындардың  мазмұн  тереңдігіне  ұмтылуы  жатыр.  Шын 

229 
 
мәнінде  өлең  өрісінің  өсуі  дегеніміздің  өзі  мазмұндық  тереңдігі  мен  күрделілігі,  тың 
пікірлілігі  мен  бейнелік  күрделілігі,  санылығы,  жанрлық-техникалық  түрлерінің 
молығуы т.т. 
Т.Әбдікәкімовтың  «Ырауан»,  «Ақшам  хаттары»  атты  өлеңдер  жинағы  жарық 
көрді.  Өлеңдеріндегі  тақырып  әр  алуан.  Негізгі  ақынның  арқау  ететін  тақырыбы  – 
қазақтың дүние танымы. Байқайтын болсақ өмір, өлім, тағдыр сияқты әр түрлі ұғымдарға 
ақынның өзіндік тұжырым, көзқарасы танылып жатады.  
Ақын  өлеңдерінде  көркемдік  басым.  Өлең  ұйқасы  еркін.  Ақынның  айтуы 
бойынша,  ұйқасқа  дәлдеп  әкеп  жазған  өлең  -  өлең  емес,  нағыз  ерікті,  өзіндік  табиғи 
көрінісімен  танылады.  Ақын  халықтың  көркемдік  дәстүрлерін  қалыптастырып, 
жалғастыратын өз шебері. Сондықтан, өлең – бар дүние. Одан бәрін тануға да, табуғада 
болады. Ал  ол дүниені жинаушы ақын, бәрі ақын қолында. 
Көркем  шығарманы,  айталық  өлеңді,  тұтас  бір  эстетикалық  дүние  деп 
қарастыратын  болсақ,  оның  мазмұнын  білдіретін  құрал  –  поэтикалық  тілін  тану  қажет. 
Поэтикалық  тілдің  жақсы  көрінетін  жері  –  поэзия,  өлең-жыр.  Өлең  –  тіл  мен  берілген 
контекст, демек, сол контекстдегі көркем құралдардың көрінісін зерттеу қажеттігі туады, 
жалпақ тілмен айтсақ, ақынның көркемдік сөз кестесін тану мақсаты тұрады. 
Тіл – эстетикалық құрал, көркем дүние «поэзия дегініміз сәтімен орналасқан сәтті 
сөздер емес, бұл тілдің өмір сүруінің ең үздік үлгісі» дейді И.Бродский. 
Поэзиялық тіл әрдайым метафора, эпитет, теңеу сияқты көркемдеу құралдарының 
көптігімен,  аса  көріктілігімен  айқындылмайды,  суреткердің  өз  міндетіне  алған 
эстетикалық  талаптарына  сәйкес  болмысты  тіл  арқылы  әсерлі,  бейнелі  түрде  көрсете 
білуінен  танылады.  Ал  әсерлілік,  бейнелілік  көркем  әдебиетте,  нақтырақ  поэзияда 
образды  метафора,  теңеулермен  берілмей,  ешбір  экспрессивтік  бояуы  жоқ  сөздермен 
немесе сөз тіркестермен берілуіде мүмкін.  
Әрине,  әр  нәрсенің  өзіндік  көркемдігі  болады.  Ал  көркемдік  сыртқы  сұлулығы 
емес,  ол  мазмұнмен  форма  сәйкестігі,  яғни  ой  мен  тілдің  гармониясы,  ақын  ойын, 
идеясын  білдірген  сөздердің  экспрессиялылығы  және  эмоциялылығы.  Ал  белгіліерді 
жүзеге  асырыдың  амал-тәсілдері  сан  алуан,  олар  көп.  Оларды  дәл  таңдайбілу  суреткер 
шеберлілігі болып табылады. Сөз қолданыс – жазушы  шеберлерінің айнасы. 
Ақынның поэтикалық тілін зерттеуе өз алдына бөлініп шығатын дербес тақырып 
– ақынның өзіне тән көркемдік қолтаңбасы. Бұл ретте ақын тіліндегі  сөз-символдарды, 
өзі сүціп, жиі пайдаланған топтарды және өзге де тіл элементтерін эстетикалық қызметте 
жұмсалуының  принциптерін,    стильдік  ерекшеліктері  арқылы  көрінетін  автор  образын 
ашып талдау қажет болады. 
Поэзия  тілін  талдауда  образдылық  мәселесі  басты  тақырып  болмақ.  Әр  сөздің 
өзіндік  қолдану  орыны  бар.  Поэтикалық  образ  көркемдік  құралдарымен  де,  стильдік 
бояуы бар сөздермен де, бейтарап сөздермен де берілетін сәттері болады. 
Көркем шығармада айтылмақ ойдың теңеуі,питет, метафора метонимия, әсерлеу, 
шендестіру, қатарластыру, т.б. сияқты көріктеу құралдары мен амалдары арқылы көрінуі 
ғылымда поэтикалық образ деп аталады.  
Поэтикалық  тілде  қарастырғанда,  өлеңдегі  көріктеу  құралдары  троптардың 
көрінуін,  перифраздардың  қолданыстарын,  теңеулерді,  образды  анықтауыштардың, 
поэтикалық  синоним  дегендердің  жұмсалуын  көрсетіп,  олардың  бейнелеуіне 
қызметтерін,  сонымен  қатар  сол  көркемдеуіш  құралдардың  жасалу  амалдарын  анықтау 
керек.  Бұл  амалдарға  сөз  мағынасының  ауысуы,  сөздің  айшықты  мағынасын, 
фразеологиялық  тіркес  құрап  оған  поэтикалық  өң  беру  сияқтылар  жатады.  Осыларды 
қарастыру  –  ақын  тілін  белгілі  бір  деңгейде  түсіну  болмақ.  Бұлардың  бәрін 
Тыныштықбек Әбдікәкімовтың өлеңдерінен жиі кездестіреміз. 

230 
 
Әбдуәли Хайдаров «Көркем сөз өнерінің негізгі тетігін сөз қолданыста деп білсек, 
оның  екі  түрі  бар  екен:  біріншісі  –  сөзді  орнымен  өз  жүйесімен  дұрыс  қолдану  да, 
екіншісі – сөзді дұрыс қолдану үстіне әсем де қолдану» дейді.  
Тыныштықбек  өлеңдері  көркем  әрі  әсерлі.  Жырларында  көркемдік  көзге  ұрып 
тұр.  Теңеу,  метафора,  эпитет  бәрі-бәрі  кездеседі,  бір  ерекшелік  ақын  соның  бәрін 
әсемдеп,  көркемдеп  жазайын  деп  озін-өзі  күштемейді.  Табиғи  көркемдік  табиғи 
таланттың  жүрегінен  жыр  болып  төгіле  береді.  Өлеңдері  –  жаңа  түр,  жаңа  көркемдік, 
өмірдегі  маза,  күдік,  себеп,  ырым,  күпірлік,  құмар,  иман,  ынтық,  жанар  –  бәрі-бәрінің 
құпиясына  үңіледі.  Соларға  өзіндік  тұжырым  жасайды.  Тыныштықбек  өлеңдері  -  әрі 
жұмбақ,  әрі  құпия.  Оның  өлеңдерінен  ақын  стилі  айқын  көрінеді.  Өзіндік  ерекшелігі 
танылады. Сөздерді үйлестіре білуінде, сөз қолданысы дара. 
Жалпы  стилистика  –  шеберлік  туралы  ғылым  саласы,  оған  тілдің  көріктеуіш 
құралдары  солардың  көркем  әдебиетіте  қолданылуы  жайындағы  зерттеулер  жатады. 
Көркем  әдебиет  өнер  туындысы  болғандықтан  оның  тілі  сол  өнердің      құралы,  
материалы  ретінде  қаралып,  ол  да өнер,  демек   шеберлік  тұрғысынан  сөз  болуы  
қажет.   
Ақын    қандай    тақырыпта    болсын    өлең    жазатын      болса,    үлкен    шеберлік   
мектебінен    өтуі      қажет.    Ол  ақынмен    бірге    туатын,  бірге      жүретін    дүние.    Тіл  
көркемдігі,  сөз    сұлулығы    жасанды    жалт-  жұлтта    емес,    сөздің    табиғилығы,  
қарапайымдылығы,  нақтылығы мен  тазалығында  жатады.  Демек, өлеңнің  сәтті  тууы 
ақыл  шеберлігі  болмақ.  Тыныштықбек  өлеңдерінде  әдемілік  бірден   көрінеді.  Қазіргі  
қазақ  поэзиясына  тән  жаңашылдық  байқалады.  Өлеңдері  күрделі,  мағынасы  терең. 
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ: 
1. Әбдікәкімов Т. «Ырауан»  А., «Атамұра» 2000 ж. 
2. Қабдолов З. «Сөз өнері» А., «Жазушы» 1975 ж. 
3. Сыздықова Р. «Сөз құдіреті» А., «Санат» 1997 ж. 
 
ҚАЗАҚ-АҒЫЛШЫН ТІЛДЕРІНДЕГІ ИНТЕРФЕРЕНЦИЯЛЫҚ 
МӘСЕЛЕЛЕР 
 
САПАРХАН Т. 
Алматы қаласының Алматы университеті, қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының  
2 курс студенті 
Ғылыми жетекшісі: НАЗАРОВА А. 
Алматы қаласының Алматы университетінің оқытушысы 
 
Қазіргі  таңда  шет  тілі  ретінде  ағылшын  тілін  оқытуды  жаңа  сатыға  көтеру 
отандық  педагогикадағы  іргелі  міндеттердің  біріне  айналып  отыр.  Өйткені,  елімізде 
Қазақстан Республикасының Президенті Н Ә Назарбаевтың бастамасымен «Үштұғырлы 
тіл»  мәдени  жобасын  дамыту  басымдыққа  айналып,  соның  ішінде  жаһандану 
жағдайында  әлемдік  интеграцияға  кірігу  тілі  ретінде  ағылшын  тіліне  мән  берілуде. 
Халықаралық қатынастар мен бизнес, туризм, әлемдік экономика мен саясат, білім және 
ғылым  саласы  мен  озық  технология,  құқық  пен  мәдениет  салаларының  халықаралық 
аренадағы негізгі қолданыс тілі ағылшын тілі болып отыр.  
Өзінің ұлттық  ортасынан тыс жерлерде өмір  сүріп отырған  қандайда бір ұлттың 
немесе  ұлт  бөлшектерінің  жаппай  екі  тілде  не  одан  да  көп  тілде  сөйлеуі  өмірлік 
қажеттіліктен туындайды. Негізінен өзінің ана тілімен қатар сол ортадағы жетекші  рөл 
атқаратын басқа ұлттың тілін қарым-қатынас жасау үшін пайдаланады. Қазіргі заманда 
екі  одан  да  көп  тілді  қолданбайтын  қоғам  әлемде  сирек  кездеседі.  Демек,  бұл-жалпы 
адамзат  қоғамына  тән  әлеуметтік  лингвистикалық  құбылыс.  Ол  «қостілділік»  деп 
аталады. 

231 
 
Қостілділік  қазақтың  қос  («екі»  сөзімен  мәндес)  және  «тіл»  (  адамдардың  өзара 
қарым-қатынас  құралы)  деген  сөздерінен  тұрады.  Бұл  орыстың  «двуязычие»  («два», 
«язык»  деген  сөздерінен  тұрады)  және  билингвизм  (bi-«екі»  және  lingua-«тіл»  деген 
сөздерінен) сөздерінің қазақша баламасы. 
Қостілділік  тіл  білімінде  жаңа  пайда  болған  жоқ.  Бұл  мәселені  ХІХ  ғасырдың 
өзінде-ақ Г.Грюнбаум, Э.Виндишем, Г.Щухардт қарастырып еңбектер жазған. Кейіннен 
бұл мәселеге ғалымдар И.А. Бодуэн де Куртенэ, В.А. Богородский, Е.Д. Поиванов, Л.В. 
Щерба, В. Розенцвейг т.б қайта қарап, тереңірек үңілген. Әсіресе, осы тақырыпқа үлкен 
мән беріп, «Languages in Contact» атты белгілі еңбек жазған ғалым – У.Вайнрайх.  
Қостілділік  –  тілдің  қызметі,  құрылымымен  байланысты  көп  аспектілі  құбылыс 
ретінде  лингвистика,  әлеуметтану,  психология,  этнолингвистика,  этнопсихологиямен 
байланысты.  Тілдер  қатынасы  теориясының  негізін  салушы  У.Вайнрайх  анықтамасы 
бойынша, екі тілді алма кезек қолдану практикасы – қостілділік. 
Л.В.Щерба «екінші тілді кез келген үйрену қостілділікке апарып соқтырады, оның 
екі: таза және аралас түрі болады. Тілдер арасында ешқандай салыстырулар, теңдестіре 
байқаулар болмаған, қостілділер үшін бір тілден екінші тілге аудару мүмкін болмағанда 
және қалай болғанмен де өте қиын болғанда таза болады» деп жазды [1,91 б].   
Екінші  тілді  үйрену  кезінде  «үнемі  алғашқы  тілге  қарайлаудан»  туындайтын 
қостілділікті  аралас  деп  атай  отырып,  «қостілділіктің  қалыпты  типі»  деп  осы  аралас 
қостілділік  екендігін  ескертеді.  Себебі  біз  қостілділіктің  осы  типін  жиі  кездестіреміз. 
Мұндай қостілділік кезінде билингвтердің екінші тілде сөйлеуіне алғашқы тілдің ықпалы 
екіншінің  біріншіге  әсерінен  анағұрлым  күшті  болатыны  сөзсіз.  Бірінші  тілдің  жүйесі 
қалыптасып болған, қостілді адам үшін бұл тілде сөйлеу үйреншікті және табиғи жағдай, 
өйткені  ол  автоматтандырылған.  Екінші  тіл  бірінші  тілдің  жүйесі  арқылы  меңгеріледі. 
Л.В.  Щерба  аралас  қостілділік  кезінде  «жаңадан  меңгерілетін  тіл  әрқашанда  бірінші 
тілдің қандайда болмасын ықпалына ұшырайды»,-деп жазды[1,93 б]. 
Осылайша  Л.В.Щерба  жоғарыда  көрсетілген  құбылыстардың  әрқайсысын 
«тілдердің өзара ықпалы» деп аталатын жалпы үдерістің жеке жағдайлары деп санауды 
ұсынады және автор тілдердің қарым қатынасы кезіндегі өзара ықпалының салдарынан 
тілдің  бүлінбейтінін  атап  көрсетеді.  Олар  қатынасқа  түсу  жағдайларына  қарай  өзгеруі 
немесе өзгермеуі мүмкін. 
Қостілділіктің  түрлеріне  тоқталатын  болсақ,  Е.М.  Верещагин  билингвизм 
типологиясының  үш  түрін  (психологиялық,  әлеуметтік  лингвистикалық  және 
лингвистикалық)  атап  көрсетті.  Қостілділікті  лингвистикалық  аспектіде  қарастырған 
У.Вайнрайх қостілділік  мәселесі  лингвистикалық  тұрғыдан  бірнеше  қатынастағы  тілдік 
жүйелерді  сипаттау,  бір  тілді  меңгеру  барысында  туындайтын  қиындықтарды 
интерференция құбылысы, яғни қатынастағы әр тілдегі ауытқулармен байланыстырады. 
Қостілділік  мәселесі  лингвистикалық  аспектіде  тілдің  әр  түрлі  деңгейінде  көрінетін 
интерференция  мәселесіне  алып  келеді.  «Интерференция»  ұғымын  оқып-үйреніп 
отырған тілде бірінші тіл әсерінен туындайтын түрлі ауытқулар құрайды. Тілдік қатынас 
мәселесін  кез  келген  аспектіде  зерттеу  кезінде  тіл  мен  сөйлеу,  тіл  мен  ойлау,  тіл  мен 
қоғам  арақатынасы  ескерілуі  тиіс.  Сонымен  қатар  қостілділікті  лингвистикалық 
тұрғыдан  зерттеу  –  қатынастағы  екі  тіл  элементтері  мен  құрылымының  қатынасы, 
қостілді ортаның қызметі. 
Ал  енді  қостілділіктің  салдарынан  туындайтын  «Интерференция»  заңдылығына 
тоқталайық. «Интерференция» термині лингвистикада түрлі тілдік жүйелердің қатынасы 
нәтижесінде  байқалатын  түрленуді  белгілеуге  арналған  тілдік  қатынастардың 
мәселелерін зерттеуге байланысты қолданылады. Тілдік қатынастар теориясының негізгі 
қағидалары мен мәселелері отандық және шетелдік ғалымдардың ғылыми еңбектерінде 
жан-жақты  қарастырылған.  (Ю.Д.  Дешериев,  Л.И.  Баранникова,  О.С.  Ахманова,  К.Х. 

232 
 
Ханазаров, М.М. Михайлов, З.У. Блягоз, Л.В. Щерба, В.Ю. Розенвейг, У. Вайнрайх, Е.М. 
Верещагин, Э.Д. Сүлейменова, Б. Хасанұлы т.б.) 
Лингвистикалық энциклопедиялық сөздікте берілген интерференцияның дәстүрлі 
анықтамасы мынадай: «Интерференция – (лат.inter «аралық»,  ferio «»жақындау, соғысу) 
–  тілдік  қатынастар  немесе  бөтен  тілді  жеке  меңгеру  кезінде  қалыптасқан  қостілділік 
жағдайындағы  тілдік  жүйелердің  қарым-қатынасы;  ана  тілдің  ықпалынан  екінші  тілдің 
нормалары мен жүйесінің ауытқуы арқылы көрінеді»[2,67 б]. 
 
Интерференцияның  бір  түрі-синтаксистік  интерференция.  Синтаксистік 
интерференция-бір  тілдің  адамы,  өзге  екінші  тілді  үйрену  барысында  екінші  тілді  өз 
тіліне бейімдеп айтуы. Мысалы: поляк ұлтының адамы  «памятник Пушкину» деген сөз 
тіркесінің  орнына  «памятник  Пушкина»  ал,  қазақ  тілді  адам  «Я  читаю  книгу»  сөзінің 
орнына  «Я  книга  читаю»  деп  айтуы  мүмкін  (өйткені  қазақ  тілдерінде  көп  жағдайда 
баяндауыш сөйлем соңында келеді). 
Синтаксистік  интерференция-интерференция  заңдылығының  ең  күрделісі. 
Синтаксистік  интерференция  кез  келген  қостілді  адамның  күнделікті  өмірде  қарым-
қатынас жасау кезінде орын алады. Оны болдырмау көп жағдайда мүмкін емес. Ал оны 
дұрыс қолдану үшін күнделікті сол тілде сөйлейтін ортада өмір сүру керек.  
Негізінде  ағылшын  тілін  үйренушілер  инфинитив  сөйлем  құрылысын  дұрыс 
қолданбайды. Мысалы, «I saw him come»-Мен оның қалай келгенін көрдім. Синтаксистік 
интерференция  заңдылығында  сөздердің  еркін  қолданысы  кезінде  сөйлем  құрылымы 
сәлде болса өзгеріске ұшырайды. Орыс ұлтының өкілі ағылшын тілін үйрену кезінде «Он 
объяснил мне» деген сөйлемді «He explained me» деп айтады, ал дұрысы «He explained to 
me». 
Қазақшадан  ағылшын  тіліне  аударған  кезде  сөйлемнің  коммуникативті 
құрылымын сақтау үшін сөздердің орнын ауыстыру жағдайында қателік кетеді.  
«Баяндауыш-бастауыш» құрылымын сақтайды, оның орнына дұрысы «бастауыш-
баяндауыш»  болуы  керек.  (Бұл  көп  жағдайда  мұқиятсыздықтан  немесе  ерінуден  пайда 
болу мүмкін) 
Сөйлемдегі  мүшелердің  алдына  пысықтауышты  қою,  ағылшын  тілінде 
пысықтауыш  сөйлем  соңында  тұра  алады.  Мысалы:  «I  will  go  to  home  tomorrow»   
«Tomorrow  I  will  go  to  home»,  ал  орыс  тілінде  «Завтра  я  поеду  домой»  болып 
жазылғанымен, «Я поеду домой завтра» деп айту қате. Қазақ тілінде де осылай. 
Ағылшын  тілін  үйренудің  алғашқы  және  соңғы  кезеңдерін  былайша  саралауға 
болады. Бастапқы кезеңінде: 
cубардинативті,  қазақ  тілінің  басты  тіл  екендігі  көрініп  тұрады.  Өйткені  туған 
тілдің әсерінен синтаксистік құрылымда интерференциялық қателік байқалады. 
Медиалды,  бір  жағдайда  қостілділердің  сөйлеулері  дұрыс  болғанымен,  екінші 
жағдайда дұрыс болмауы мүмкін. 
Рецептивті, қостілді шет тілде оқылған немесе естілген нәрсенің мазмұнын туған 
тілінде түсінеді. 
     Қатысты  репродуктивті,  қостілді  адам  оқылған  немесе  тыңдалған  нәрсені  сол 
тілде қатысты дәлдікпен жеткізе алады. 
     Екі  жақты, билингуалды коммуникациялық  байланыста екі  жақ та екі  тілді  әр 
түрлі деңгейде білетіні сезіліп тұрады. 
      Байланыссыз,  коммуникативтік  қарым-қатынастың  алғашқы  кезеңі  жасанды 
жағдайда өтеді. 
      Қосымша,  ағылшын    тілін  білу  кезінде  туған  тілдің  коммуникативтік  және 
тілдік компетенциясына әсер етпейді. 
     Пассив,  бастапқы  дейгейде  қазақ-ағылшын  билингвизімі  тек  қана  сөйлеу 
барысында оңай сөздерді айтумен ғана шектеледі. 
Ал енді соңғы кезеңде туған тілдің әсері азайған кезде: 

233 
 
Репродуктивті, қостілді адам шет тілінде тыңдағанда немесе оқыған нәрсесін сол 
тілде жеткізе алады. 
Продуктивті,  қостілді  адамның  өзінің  ойын  екі  тілде  де  жеткізе  алатындығы 
байқалады. 
Актив, қостілді адам ағылшын тілінің сөздерін еркін меңгеріп, сол тілдің сөздерін 
еркін қабылдай алады. 
Екі  жақты,  билингуалды  коммуникативті  актіде  екі  жақ  та  екі  тілді  бірдей 
деңгейде білетіндігі байқалады.  
Қатыстық  контактілі,  ағылшын  тілін  меңгерудің  соңғы  кезеңінде  қостілділердің 
коммуникативті актісі табиғи жағдайда болуы мүмкін. 
Қосымша,  ағылшын  тілін  меңгеру  туған  тіліндегі  коммуникативті  және  тілдік 
конпетенцияға әсер етпейді. 
Қазақ тілі сөйлемдегі сөздердің орын тәртібіне бағынатын тіл. Дегенмен де кейбір 
жағдайларда  септік  жалғаулары  сөйлемде  басты  роль  атқарады.  Мысалы:  Мұғалім 
оқушыны оқытты 
Оқушыны мұғалім оқытты 
Ағылшын  тілінде  сөйлемдегі  сөздердің  орнын  ауыстыруы  түбегейлі  мағыналық 
өзгеріске әкеледі. Мысалы:   
The teacher taught the pupil (Мұғалім оқушыны оқытты) 
             The pupil taught the teacher (Оқушы мұғалімді оқытты). 
Ғалымдардың жүргізген зерттеулерінде екі  тілдің де жай сөйлемдеріндегі  (мейлі 
хабарлы,  сұраулы  сөйлем  немесе  болымсыз  сөйлем  болса  да)  сөздердің  орын  тәртібін 
орналастыруда туған тілдің әсері көбірек болатындығы байқалған.  
Қостілді  адамның  санасында  туған  тілі  доминант  тіл  болғандықтан  сөйлем 
құрастыруда сөйлем мүшелерін орналастыру барысында қазақ тіліндегі сияқты сөз құрау 
үдерісі  көрініп  тұрады.  Сөз  орналастырудың  екі  тілдегі  кейбір  ұқсастықтарына 
қарамастан  хабарлы  сөйлемдердің  кейбірін  орналастырғанда  айырмашылықтар  бар, 
сондықтан ағылшын сөйленісінде қателіктерге бой алдырады [3,19 б]. 
 Мысалы мыналар: 
Баяндауыш қазақ тілінде әрқашан да сөйлемді аяқтап тұрады, ал ағылшын тілінде 
баяндауыштан  кейін  сөйлемнің  тұрлаусыз  мүшелері  де  келуі  мүмкін.  Осы  жердегі 
қателік:  ағылшын  тілді  баяндауышты  сөйлемнің  ең  соңына  қойып,  баяндауыштың 
алдына барлық тұрлаусыз мүшелерді қою дәстүрі  байқалған. 
Қазақ сөйлемінде толықтауыш көп жағдайда  баяндауыштың алдында тұрады,  ал 
ағылшын  тілінде  керісінше  баяндауыштан  кейін  келеді.  Осы  жерде  де  қазақ  қостілді 
адамдарының  ағылшын  тілін  үйрену  кезінде  орындарын  ауыстырып  айту,  қазақ 
тіліндегідей етіп қою үрдісі байқалады. 
Анықтауыш  қазақ  тілінде  анықтайтын  сөздің  алдында    тұрады,  ал  ағылшын 
тілінде анықтауыш анықтайтын сөздің алдында да, артында да тұра алады. 
Ал  сұраулы  сөйлемдерді  айтуда  1)  қазақ  тілді  билингвтер  ағылшынша  сөйлемде 
де қазақ тіліндегідей интонациямен айтады. 
Сұраулы сөздері (What, where) қазақ тіліндегі сияқты сөйлемнің ортасына қойып 
қою қателігі де байқалады. (Сіз қашан келесіз?) – Will you when come?) – деп қате айтуы 
да мүмкін. Сонымен қатар: 
Қазақ қостілді адамдарының «І-мен» деген конструкциясы сақталынып қалады да 
ағылшын  тіліндегі  to  be  формасын  әр  кезде  қолдана  бермейді.  I  from  Astana-Мен 
Астанаданмын (дұрысы I am from Astana) 
Болымсыз сөйлемді қолдануда былай айтуы мүмкін: I haven
,
t never been to Africa. 
(I  have  never  been  to  Africa-Мен  ешқашан  Африкада  болған  емеспін).    Сонымен  қатар 
қазақ тілінің ережесінің әсерінен I read psychology (I study psychology-Мен психологияны 
оқимын). 

234 
 
Тура аударма, ағылшын тіліндегі артикльді ескермеу:  I

d  like  one  cup  of  tea  with 
sugar  please  (I
,
d  like  a  cup  of  tea  with  sugar  please-маған  қантпен  бір  шыны  шәй 
әкеліңізші). 
Коммуникативті-релевантты  интерференция  қостілдінің  тілін  мүлде  шатасып 
айтуына мысал келтіреміз: I my teacher of my book took (I took the book of my teacher-Мен 
мүғалімнің  кітабын  алдым).  Бұл  жерде  қазақ  тіліндегі  сияқты  сөйлем  мүшелерін 
орналастыру тәртібі көрінеді.   
Кейде билингв қазақтардан орыс тілінің әсері байқалады: I play in basketball (I play 
basketball-Мен баскетбол ойнаймын) Я играю баскетбол. 
Зерттеушілердің пікірінше жоғарыда келтірілген мысалдардағы қателік ағылшын 
тілін үйренушілердің соңғы кезеңінде жүрген студенттерде аз байқалған. Сонымен қатар 
қазақ  тілділердің  өзінде  де  орыс  тілінің  сөйлем  құрылымының  әсері  сезіліп  тұрады. 
Ағылшын  тілін  үйренушілер  ішіндегі  еlementary  деңгейіндегі  студенттердің 
интерференттік қасиеті соңғы этаптағы студентке қарағанда үш есеге дейін көп екендігі 
анық көрінеді. 
 Қазақстан республикасы тәуелсіздікке жеткеннен бері қостілділіктің дамуы және 
оның  әл  ахуалы  күн  тәртібінен  түспей  отыр.  Қостілділікті  дамыту  –  қазіргі  заманның 
өзекті  мәселелерінің  бірі.  Сондықтан  да  оны  жан-жақты  ғылыми  тұрғыдан  зерттеу 
қоғамның  еншісінде.  Тілді  білу  –оңай  шаруа  емес.  Ешкім  туылғаннан  қостілді  болып 
туылмайды.  Бұл  үрдіс  қажеттіліктен  туындайды.  Қазіргі  уақытта  көп  тіл  білу  –  өмір 
қажеттілігі. Осы қажеттілік негізінде қостілділік пайда болып қалыптасады және қоғамда 
ұлт саны қаншама көп болса, ол үшін қостілділік пен көптілділік соншама керек. 
Пайдаланған әдебиеттер тізімі: 
1.Щерба Л.В. О понятии смещанных языков// Избранные работы поязыкознанию 
и фонетике. – Л.,1958. 153 б. 
2.Лингвистический энциклопедический словарь. М., 1990.  508 б. 
3.Т.С.  Бактыгалиевна.  Автореферт.  Влияние  казахского  языка  наанглийскуюречь 
билингвов на уровне простого предложения. А., 2010. 30 б. 

жүктеу 5.21 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   45




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет