Практикалық конференциясының м а т е р и а л д а р ы



жүктеу 5.21 Kb.

бет24/45
Дата09.01.2017
өлшемі5.21 Kb.
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   45

Ө.ТІЛЕУҚАБЫЛҰЛЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ БОЙЫНША 
ОҚУШЫЛАРДЫ САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН САҚТАУҒА ТӘРБИЕЛЕУ 
 
ХАФИЗОВА Ж.Е. 
Алматы қаласының Алматы университеті, Биология мамандығының студенті 
Ғылыми жетекшісі: ИБРАГИМОВА З.А. 
Алматы қаласының Алматы университетінің доценті, п.ғ.к. 
 
Қазіргі кезде салауатты өмір салтын сақтау  бүкіл халықты толғандырып отырған 
күрделі  де келелі мәселенің бірі. 
Жастарға  салауатты  өмір  салты  жайында  білім  мен  тәрбие  беру  педагогика 
ғылымының өзекті  міндеттеріне айналып отыр. Мұндайигілікті істерді жүзеге асыруда 
Ө. Тілеуқабылұлының шығармашылығының алатын орны ерекше. Ө.Тілеуқабылұлының 
өсиеті,жасаған 
тұжырымдары 
қазіргі 
қоғамдағы 
жастарды 
салауаттылыққа 
тәрбиелеуде,табиғаттағы 
экожүйенің 
бұзылуынан 
туындаған 
экологиялық 
салауаттылыққа  үйретуде,  жалпы  оқушы  қауымын  жан-  жақты  дамыған  жеке  тұлға 
ретінде қалыптастыруда пайдалануға болатын өте құнды құрал. 
«Шипагерлік  баян»  еңбегінде  автор  ұлттық  тәрбиеден,  ұлттық  көзқарастан  ұлы 
даланың  дана  халықтардың  мақал-мәтелдерін  қолдану  арқылы  аян  береді.  Соның  бірі- 
«Әке көрген оқ жонбақ, шеше  көрген тон пішпек» . Мен әкемнің аз ғана жүргенде , өз 
көзіммен талай есіл қыршындардың қиылғанынан көргілік тауып, қатты ашындым. Сол 
үшін  сол  науқас  пендені  өлтірген  сырқатты  жазуға  бекіп,  ат  жалын  тарта  өзім  дербес 
шипагерлікпен  шұғылдандым.  Әкемнің  шипа  ем    дарым  зәруатына  дарымдайтыны: 
«Қырықтың  бірі-қызыр,  жетінің  бірі-әулие»  -  деп  қырық  бір  өскін  қоспағы  мен  жеті 
шөптің басы болады. 
Өз ойымызды нақтылау үшін шипагердің пікірімен жалғастырсақ:  
«Әкем жеті мен қырық бір шөптің басын шарт етуші еді. Мен бұған алғаш нансам 
да,  өз  кешірмелік  аям  бұған  сендірмейтін  болып,  нандырымын  жойды.  Сондықтан 
өмірімнің  осы  дәстүрге  арналғанға  тілсімдерге  нақтап  көз  жібермекке  бекіндім.  Бұл 
дүниенің  қызығын  мүлде  ұмыттым.  Алдымен  өзім  ішіп  көріп,  шипа,  емдарым 
дәруатынан талай уландым. Ақыры көптеген дарым зәруатының ішінде әкем айтқандай, 
не  қилы  кереметтердің    барлығын  аяндадым»-  деуіне  қарағанда  емшілік  –  Тілеуқабыл 
әулеттернің бабадан- балаға жалғасып келе жатқан ата кәсіптері секілді. 
Әкем жарықтың «жетінің бірі- әулие» -деп, қандай байтақтық өңірден болсын гүл, 
гүл реңі, гүл күлтесі, иісі, гүл түрі, ұрығы ұқсамаған жеті түрлі шөпті тұтасымен алатын 
да,  бәрін  қосып,  жаншып,  басқаға  сыр  бермей  қайнатқызып,  нілсорпалан,  нілнәрлісін 
ауруларға ішкізетін, көбі жазылып айығатын. 
Қырық  бір  қызыры  мекендік  байтақтық  өскіндерден,  тастақтылардан,  мақұлхат 
шектілерден  бір  сапарда  кезіккенінен  қырық  түрлісін  алатын  да,  елге  көрсетпей 
талқандап, жаншып, шақырған науқас пендеге бара жолында кезігіп, соңынан оңға қарай 
алдынан өткен мақұлхатты амалдап алдырып, қанынан  қоысп, нілнәрлісін ішкізулік еді. 
Бұл қырық бір қызыр жеті шөптің басы дарымымен салыстырғанда дарымдылығы көп- 
көрім  алғысты  еді.  Мен  көргендегі  әкемнің  дарым  зәруатын  алу  технологиясына  назар 
аударсақ: 
1.
 
Гүл бітіс парқына қарайтын. 
2.
 
Гүлдің реңіне қарайтын. 
3.
 
Гүл орналасым, шығымына қарайтын. 
4.
 
Гүл иісіне қарайтын. 
5.
 
Жапырақ бітісіне қарайтын. 

179 
 
Сонымен  бабамыз  дәрілік  өсімдіктердің  гүл,  жапырақты  бітісіне,  сабақ  реңіне, 
жапырақ  бітісімен  орналасымына,  сабақтардың  жұмырлығы,түктілігіне,  жуандығына, 
тұқымына, тамыр бітіміне қарап алған. 
«Ел  білім  дәулетінің  қайнары  екен,  шипа  ем  дарым  зәруатының  айдары  екен. 
Ұстанып,  қадіріне  жетіп  жия  білсе,  шипагер  ұстазсыз  ұстаз  болғылық  пайдалы  екен,»- 
дейді, шипагер Ө.Тілеуқабылұлы (1.321 б) 
ХҮ ғасырдан бастап өсімдіктерге деген қызығушылық күрт артып, көп ізденістер 
жасалған. Оған себеп адамзаттың ең алдымен дәрілік, пайдалы және зиянды өсімдіктерді 
танып  білуге  ,  қолдануға    деген  сұранысы.  Тарихтан  белгілі  Тибет  медицинасы  ҮІІ- 
ғасырда    шығыс  медицинасынасының  барлық  жетістіктерін  біріктіріп,  жинақтап,  бір 
жүйеге  келтіріп,  соның  негізінде  «  Чжудо-ши»  трактатын  өмірге  әкелген.  Бұған  дейін 
Орта  Азияның  ұлы  шипагері  Әбу  Әли  ибн  Синаның  (930-1037)  кітаптарында  өсімдік 
атаулары  мен  рецептері  берілген.  Бұл  Ө.Тілеуқабылұлының  (1397-1492)  3  бөлімнен  ( 
қанықталғы,  нарықталғы,  дарымдалғы)  ,  7-кітаптан  тұратын  «  Шипагерлік  баян»  деген 
еңбегі.  «Шипагерлік  баянда»  осылайша  анықталып  жинақталған  шипалық  қасиеті  бар 
емдік дәрілер шұбыртқысының өзі 1384 түрлі, оның 70 түрі – металл-металоид, 859 түрі 
өсімдік,455  түрі  жан-жануар  мүшелерінен  дайындалған,  шипалық  кітапта  олардың 
атаулары мен технологиясы жазылып 4577 рецепті қамтыған дәрігерлік кітап. 
Онда  қазақ  жерінде  кездесетін  859  өсімдік  түрінің  алғашқы  тізімі,  өсімдіктердің 
жергілікті  халық  атайтын  атаулары  мен  дәрілік  өсімдіктер  және  оларды  денсаулықты, 
салауатты  өмір  салтын  да  жақсартуда,  қалай  пайдалану  керектігі  жайында  мәліметтер 
берілген.  Мысалы:  рауғашты  үсікке  ұшыраған  адамды  емдегенде,  уақыты  өтіп  кетіп, 
жараға айналса, үгітіп жазылғанша сеуіп отыру керек. Әжрианың 1062- жылы Шәлкеде 
мен  Жаркентте  оба  жұқпалы  ауруы  таралған  бір  тайпа  елден  мыңдап  адам  қырылып 
жатқанда менің семізкөк (өсімдік) жеп, жаным қалды, дейді бабамыз Ө.Тілеуқабылұлы.  
Адам сырқаттарының себептерін талдай келе тіл сұғы және көз сұғы дегеннің де 
болатынын  айтады.  Тіл,көз  сұқ  тиген  балаға  меңдуана  ұрығынан  бір  талдап  үш  талға 
дейін, үлкендерге бес, жеті талын талқандап жегізсе тіл, көз сұғынан жазылатын болады. 
Кітапта өсімдіктердің 4600- ден астам шипашылық келтірілген түрі бар, өкінішке 
орай,  оның  сегізі  ғана  сақталған.  Олардың  ішінде  құрқұлақ  ауруын  қымыздықтың 
сабағын  сорғызып  немесе  қымызбен,  рауғаш  сабағымен  емдеу  бүгінгі  күннің  талабына 
сайма-сай келеді. Қымыз, шұбат, сүт тақылетті  сұйқылдықтарға дарым зәруатын салып 
шайқап, нілін ішімдеу нілнәрлі делінбек.  
   Иісі  өте  әдемі  жағымды  сезілістік  бергендігімен  өсімдіктердің  бәрі  де  пендеге 
пайдалы бола бермей, адам денсаулығына зиянды түрлері де кездесетіндігіне тоқталған. 
Мысалы, дарымгүл иісі төтенше жағымды иісті. Бірақ қызыға-қызыға шай ішім иіскерлік 
болса, бұл дүниемен қоштасқылық таппақ. 
  Шығармадағы  өсімдіктер  туралы  зерттеу  жұмыстарын,  ой-пікірлерін  Алматы 
қаласының  №59  қазақ  орта  мектебінде,  7-сынып  сабақтарында  пайдалану  арқылы 
оқушылардың  «  өсімдіктану»  пәніне  қызығушылығын,  ынта  жігерін,  өзін  қоршаған 
өсімдіктер туралы көп мағлұмат алуға деген құштарлығын, белсенділігін арттырады.  
Қазақ  халқының  алғашқы  ғалым  ботанигі-  Ө.Тілеуқабылұлы  деуге  толық  негіз 
бар,  сондықтан  тарих  қойнауынан  500  жыл  бұрын  табылған  мұрамызды  мектептерде 
оқу-тәрбие  үрдісіне пайдалану, қазіргі ұрпақтың кәдесіне жарату біздің міндетіміз. 
 
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1.
 
Тілеуқабылұлы Ө. «Шипагерлік баян» Алматы « Жалын»  1996. 1.463 бет/ 
 
 
 
 
 

180 
 
ФИЛОЛОГИЯ: БҮГІН ЖӘНЕ ЕРТЕҢ 
ФИЛОЛОГИЯ: СЕГОДНЯ И ЗАВТРА 
 
 
 
ОРТАНҒЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ЛЕКСИКАЛЫҚ ДАҒДЫСЫН 
ОМОНИМДЕР  МЕН  КӨП МАҒЫНАЛЫ СӨЗДЕР ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ 
ДАМЫТУ 
 
ӘУЕЛБЕКОВА И. 
Талдықорған қаласының Ілияс Жансугуров атындағы Мемлекеттік 
Университетінің, Шетел тілі мамандығының  студенті 
Ғылыми жетекшісі: ЖАНТЛЕУОВА Г.К 
Талдықорған қаласының Ілияс Жансугуров атындағы Мемлекеттік 
Университетінің,аға оқытушысы 
 
Тілдегі  кейбір  сөздер  бірнеше  мағынада  қолданылады.  Екі  не  одан  да  көп 
мағынада қолданылатын сөздер көп мағыналы сөздер деп аталады. Көп мағыналы сөздер 
бір  сөз  табынан  болады  және  бір  негізден  таралады.  Мысалы, адамның  немесе  жан-
жануардың көзі, иненің көзі, терезенің көзі, бұлақтың көзі, білімнің көзі, істіңкөзі. Осы 
тіркестердегі «көз»сөзі  –  бір  негізден  таралған  зат  есім.Көп  мағыналы  сөздер  өздерінің 
сырт  формасы  жағынан  омо-нимдерге  ұқсайды.  Олардың  осы  сырт  ұқсастығы  бірінен-
бірін  ажыратуда  көп  ретте  қиындық  та  келтіріп  жүр.  Студенттер  сти-листика 
сабағындағы  талдау  жұмыстарында  бұл  екеуіне  байла-нысты  кейде  қате  де  жіберіп 
жатады.  Мысалы, ай_зат  есімі  —  қазақ  тілінде  әдетте  көп  мағыналы  сөз  де,  сондай-ақ 
омоним ретінде де қаралады.Ол көп мағыналы сөз ретінде астрономиялық атауды да (ай 
туды,  ай  батты),  уақыт  өлшемін  де  (екі  ай,  айдан  асты),  теңеу  құралы  қызметінде 
жұмсалып  әдемілік,  көрік  үғымын  да  (айдай,  ай  десе  аузы…,  Айсұлу),  ауыс  мағына  да 
(айға қолы жет-кендей) білдіреді[ 1,15б] Демек, ай есімі төрт түрлі мағынада қатар қол-
данылып тұр. Төрт жердегі айсөзінің ұғымы басқа-басқа болға-нымен, олардың арасында 
мағыналық байланыс бәрібір сақталған. Төрт жердегі ай да айналып келгенде бір-ақ сөз. 
Омоним де осын-дай, сырт формасы (тұлғасы) бірдей сөз. Осы жағынан алғанда, ай сөзі 
тілімізде омоним түрінде де айтылады: кәріліктің айы өтті, соның айы өтіп тұр; айАйша, 
бері келші; ай далада ақ отау, аузы-мұрны жоқ отау. Міне осылардағы “ай”-лар және әлгі 
көп мағына-лы сөз ретінде келген “ай”-лар өз ара омоним. Немесе ат сөзін алайық. Ат — 
зат  есім, ат —  етістік.  Алайда,  бұл  екі “ат”-тың  ара-сында  да,  сондай-ақ 
жоғарыдағы “ай”-лардың  арасында  да  мағы-налық  байланыс  жоқ.  Екеуі  жеке-жеке  екі 
сөз.  Көп  мағыналы  сөз  бен  омоним  стиль  түрлеріне  қатысы  жөнінен  де  өзді-өзіне  тән 
ерек-шеліктері,  айырмашылығы  бар,  бір-бірінен  алшақ  тұрған  құбы-лыстар.  Енді  осы 
екеуін 
стильдік 
сипаты 
жағынан 
жеке-жеке 
алып 
талдайық.Сөздің 
көп 
мағыналыры жалпы  халықтық  ауыс  мағынаның  негізінде  жасалады.  Көп  мағыналы  сөз 
қай  стильде  болса  да  қол-данылады.  Бірақ  оның  ең  көп  жұмсалатын  жері  —  көркем 
шығарма.Бер жағына бір кірпіштен соң бір кірпішті қойып, телмірген көздерден денесін 
жасыра бастады (М. Әуезов). Қалаға барып ескі көздерді көрген соң, қыресіңнен шығып 
кетті (сонда). [ 2,29б]   
Бір  сөзді  қайталап  қолданудың  нәтижесінде  оның  стильдік  қызметі,  мағыналық 
аясы  кейде  сәл  өзгере  түседі.  Сөйтіп,  стильдік  қолданылу  ерекшелігіне  қарай  көп 
мағыналылығы  барын-ша  айқын  көрінеді.  Мұны  ілгерідегі  үзіндіден  байқауға 
болады: Сүйкімді  тірі жанға неткен жансың… Бұл  жолдағы  жан  сөзінің  бі-рінші 
қолданыстағы  ұғымы ел дегенге  бейімірек.  Ол тірі есімімен  мағыналық  байланысқа 
түсіп,  елдің  бәріне  (бар  елге)  дегенді  біл-діріп  тұр.  Ал  бұған  жарыстыра  қолданылған 

181 
 
жан  есімі  кәдімгі  адам  мәнінде  алынған.  Демек,  автордың  айтайын дегені. елдің  бәріне 
сүйкімді  не  еткен  адамсың  деу.Бірақ  ақын  бұл  ойын  осылай  созалаңға  салмайды, 
шұбалтпайды.  Қайта  көп  мағыналы  бір  сөздің  өзін  әр  түрлі  мәнде  қатарластыра  алып 
жұмсайды.  Солай  еткендіктен  өлең  жолындағы  әрбір  сөз  стильдік  жағынан  өз  ара 
ұтымды  орайласқан,  ондағы  ой  да  анық. Жан сөзінің  көп  мағына-лылығымен 
байланысты сөз қолданыстағы осындай стильдік ұтым-дылық прозалық шығармалардан 
да  кездеседі. Жанды жеген  азаппен  қиналып  шыққан  Қарагөзді  білген  жан  жоқ  (М. 
Әуезов). Қостадым, жаным, жаныңмен үріккен зарыңды (сонда). Соңғы мысалда да жан 
есімі екі түрлі мәнде қолданылған, алдыңғысында айналайын, қарғам тәріздес мағынада 
алынған  да,  кейінгіде  өзінің  тура  ұғымында  жұмсалып  тұр.  Демек  әр  түрлі  стильдік 
ыңғайда  құбылтып  қолданудың  нәтижесінде  жан  сөзінің  көп  мағыналылығы  бұл 
сөйлемде өзінің тағы бір қырын аша түскен. 
Тілімізде сондай-ақ көп, мал сөздері де көп мағыналы болып кездеседі. Мұның да 
қолданылудағы  стильдік  аясы  әр  жақты.  Жеке  бір  сөздін,  әр  түрлі  мағыналары  әдеби 
тілдегі стильдердін, бәрін-де де және сөйлеу стилінде де (рас бірінде аз, екіншісінде одан 
көбірек)  қатар  келтіріледі.  Бірақ  солардың  ішінде  көп  мағыналы  сөздің 
қолданылуындағы  осы  бір  стильдік  ерекшелік  көбінесе  жеке  ақын,  жазушылардың 
тілінде белгілі бір көркемдік мақсатқа байланысты барынша ерекшелене түседі.  
Мысалы: 
Ол мақтаудан не пайда 
Көптің бәрі көп деме, көп те бөлек 
Арын сатқан мал үшін ант ұрғаннық (Абай). [ 3,22б] 
Жоғарыдағы жолдардағы көп есімі де, мал сөзі де ғылыми стильде, кеңсе, ресми, 
іс  қағазы  стильдерінде  дәл  мұндай  дәрежеде  қолданылмайды.  Жалпы  көп  мағыналы 
сөзді сан алуан құбылтып, көбінесе көркем әдебиетте, сондай-ақ публицистикалық стиль 
мен  ара-тұра  сөйлеу  тілінде,  қоғамдық  ғылым  саласындағы  зерт-теулерде  пайдалануға 
болады.  Өйткені  ауыс  мағына  да,  ауыс  ма-ғынадан  келіп  шығатын  көп  мағыналық  та 
әуелі соларда жиірек қалыптасады. 
Көркем  әдебиет  стиліндегіге  қарағанда  көп  мағыналы  сөзді  әсіресе  қатар  алып 
қолдану жағы публицистикалық стильде сирек ұшырасады. 
Қөп мағыналы сөз кейде ғылыми стильде де қолданылады. Мы-салы сағат сөзі бір 
сөйлемде өзінің екі түрлі мағынасында да ара-тұра қолданылады. 
Егер сағат әр сағат сайын  согып  отыратын  болса,  ол  бір  тэулік  ішінде  неше  рет 
соғады (Алгебра). 
Тіліміздегі   ұзақ   уақыт   бойы   қолданылып   келе   жатқан   байырғы  сөздер  жаңа 
сөз,  жаңа  мағыналар  жасауға  ұйытқы  болды.  Олар  бұрынғы  тура  мағынасының  үстіне 
жаңадан  бір  не  бірнеше  қосымша,  яғни  туынды  мағыналарға  ие  болып  жатады.  соның 
нәтижесінде  сөздік  қордағы  сөздер  сан  жағынан  да,  сапа  жағынан  да   дамып,жетіліп, 
тілдің  байлығы  артады.  Сөздің   екі   я  одан  да  көп  мағынаға  ие  болуын  сөздің  көп 
мағыналылығы  дейміз.  Көп  мағыналы  сөздер  бір  негізден  таралады  да,  бір  сз  табына 
қатысты болады. 
Мысалы: 
Бас (зат есім)- 1)адамның, айуанның, жәндіктің дене мүшесі; 2) шөптің, ағаштың 
ең  жоғарғы  жағы;  3)  таудың  ең  үсті,  төбесі;  4)  өзеннің,  бұлақтың  басталған  жері;  5) 
таяқтың ұшы; 6) балтаның, шоттың ұшы бар жағы ; 7) бір нәрсенің айналасы. 
Ата(зат есім)-1) үлкен әке, әкенің әкесі;21) ата жолы- ескіден қалған жөн –жоба, 
әдет – ғұрып;3) ата жұрт- ежелгі мекен; 4) ата кәсіп – атадан келе жатқан шаруашылық. 
Сонымен,  сөздің  қолданылу  аясының  өзгеруі,  яғни  бір  саладан  басқа  бір  салаға 
ауысуы оның  мағынасының өзгеруіне әсер етеді. 
A homonym is  a  word  that  is  said  or  spelled  the  same  way  as  another  word  but  has  a 
different meaning. 

182 
 
Homonym traces back to the Greek words homos, meaning “same,” andonuma, meaning 
“name.” So a homonym is sort of like two people who have the same name: called the same 
thing  but  different.  A  homonym  can  be  a  word  that  sounds  the  same  as  something  else  — 
like by (“near”)  and buy (“purchase”)  —  or  it  can  be  spelled  exactly  the  same  way  and 
pronounced  differently  —  like minute 
  (unit  of  time  /  единица  времени) 
and minute  
 (“tiny / мелкий, маленький”). [ 4,62б] 
Generally,  the  term homonymrefers  both  to homophones(words  that  are pronouncedthe 
same  but  have  different  meanings,  such  as pair and  pear)  and  to homographs(words  that  are 
spelled the same but have different meanings, such as "bow your head" and "tied in a bow"). 
Examples: 
The same pronunciation, different meaning 
AIR – HEIR (воздух – наследник): fresh air; the heir to the throne; 
AISLE – ISLE (проход – остров): an aisle seat; the British Isles; 
ALTAR – ALTER (алтарь – изменить): to lead to the altar; to alter course; 
BAND – BAND (отряд/группа – тесьма/завязка): a rock band; a rubber band; 
BANK  –  BANK  (берег  –  банк):  the  bank  of  the  river;  the  Bank  of  England;  a  bank 
account; 
BARE  –  BEAR  –  BEAR  (голый  –  нестиношу  –  медведь):  with  bare  hands;  I  can't 
bear it; the polar bear; 
BARK – BARK (лай/лаять – кора): the dog barked at me; barking dogs; the bark of a 
tree; 
BAT – BAT (летучаямышь – бита): blind as a bat; a baseball bat; 
BE – BEE (быть – пчела): to be or not to be; to be as busy as a bee; 
The same spelling, different pronunciation, different meaning 
BOW [bou] – BOW [bau] – BOW [bau] (лук для стрельбы/смычок/галстук-бабочка 
– поклон – корма судна); 
DESERT  ['dezәrt]  –  DESERT  [di'zәrt]  (пустыня  –  покидать):  the  Sahara  Desert;  he 
deserted her; 
LEAD  [li:d]  –  LEAD  [led]  (вести  –  свинец):  this  road  leads  to  the  lake;  as  heavy  as 
lead; 
ROW [rou] – ROW [rau] (ряд – ссора): Please stand in a row. My neighbors had a row 
yesterday. 
SOW [sou] – SOW [sau] (сеять – свинья): to sow the seeds; to raise sows; 
TEAR [tiәr] – TEAR [teәr] (слеза – рвать): tears in her eyes; to tear up his letter; 
WIND [wind]  –  WIND  [waind] (ветер –  извиваться/заводить): a cold  wind;  to  wind 
the clock. 
Мектептің  ортаңғы сынып оқушыларының сатысында бағдарлы оқытудың негізгі 
мақсаты 
–  
ортаңғы 
сынып 
оқушыларының 
кәсіптік 
бейімділігіне,қызығушылығына,таңдауына  қарай  саралап  оқыта  отырып,орта  және 
жоғары кәсіптік білім беру мекмелерімен сабақтастықты қалыптастыру. 
Білім беру бағдарламаларындағы жеке пәндерді тереңдетіп оқыту. 
Бұл  мақсаттарды  жүзеге  асыру  мектептің  педагогикалық  ұжымының  алдына 
үлкен міндет жүктейді. 
Адам  –қоғамның  дамуына  үлес  қосатын  саналы  тіршілік  иесі.Ол  өзінің  алдына 
жоспралы  мақсаттар  қойып,оған  қол  жеткізуді  армандайды.Тіршілік  иелерінің  қарым-
қатынасы  тілдің  қатысуымен  жүзеге  асрылады.Олай  болса,тіл  –қоғамды   қозғаушы 
күштің бірі, ұлт тірегінің күретамыры. 
Тіл  -   кез  келген  танымдық  әрекеттің  құралы,  ойлаудың  формасы  және  оны 
дамытудың негізі. [ 5,15б] 

183 
 
Білім  берудің  негізгі  сатысында  қазақ  тілін  оқытудың  мақсаты  -  ана  тілінің 
қоғамдық  -  әлеуметтік  мәнін  түсінген  тілдің  қызметін,  әдеби  тіл  нормаларын   жүйелі 
меңгерген, коммуникативтік біліктілігі дамыған дара тұлға даярлауға мүмкіндік туғызу.  
 «Қазақ  тілінің  грамматикасы  »  таңдау  курсын  оқытудағы  негізгі  мақсат- 
оқушыларға  грамматика  ,оның  зерттеу  обьектісі,салалары,түрлері,грамматикалық 
категориялар  туралы   тереңірек  теориялық  білім  беру,грамматикалық  ұғымдарды 
меңгерту,синтаксис  мәселелері  жайлы  ұғымдарын  қалыптастыру,оқушылырдың  өзіндік 
ізденістерін,шығармашылық  қабілеттерін  дамыту,оқушылардың  білім,білік  дағдыларын 
қалыптастыру. 
Осы мақсатқа сай туындайтын міндеттер: 
- Грамматика ,оның зерттеу обьектісі, салаларына шолу жасау 
- Сөз құрамы мен морфемалар туралы түсінік беру 
- Грамматикалық форма мен грамматикалық мағына туралы түсінік беру 
-  Талдау,жаттығу  жұмыстарын  жүргізу  арқылы  берілген  теориялық  білімді 
меңгерту 
- Тіл білімінің мәселелерін жүйелі түрде қайталау 
- Курста қарастырылатын материалдар «Қазақ грамматикасы» оқу құралына  
негізделіп,басқа да лингвист ғалымдардың еңбектеріне сүйеніп жаслынды.Ұлттық 
бірыңғай тест тапсырушы мектеп түлектернің бұл курстан алары мол. 
Пайдаланылған    әдебиеттер 
 1. Қазақ тілі бағдарламасы.Алматы,1999 жыл 
2. Қазақ тілі бағдарламасы.Алматы,2003 жыл 
3. Қазақ тілі мен әдебиеті журналы 
4. Ә.Хасенов. Тіл біліміне кіріспе.Алматы «Рауан»1990 жыл 
5. Т.Қордабаев.Тіл білімінің мәселелері.Алматы «Рауан»1991 жыл 
6. М.Балақаев. «Қазіргі қазақ тілі».Алматы «Ана тілі»1992 жыл 
7. А.Байтұрсынов.  «Тіл тағылымы» Алматы «Ана тілі»1992 жыл 
8. Мектепте қазақ тілін оқытудың мәселелері 
9.М.Балақаев «Қазақ тілінің мәдениеті».Алматы «Қазақстан»1971жыл 
10.М.Серғалиев,А.Айғабылов,О.Күлкенова  «Қазіргі  қазақ  әдеби  тілі»Алматы 
«Ана тілі»1991 жыл 
  
М.ДУЛАТОВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ АЗАТТЫҚ ИДЕЯ 
 
АДЫЛБЕКОВА Ф.Н. 
Қаз Мем қыз ПУ 2-курс магистранты 
Ғылыми жетекшісі: ф.ғ.к.,доцент ӘБДІҚАЛЫҚ К. С. 
 
Міржақып  Дулатовтың  «Оян,  қазақ!»  жинағынан  кейін  1913  жылы  Орынборда 
«Азамат» жинағы жарық көрген болатын. Жинақтағы өлеңдердің басым көпшілігі елінің 
жай-күйін  ашына  жырлаған  ақынның  ғана  емес,  ұлты  үшін  өзін  құрбан  етуге  даяр 
азаматтың  тұлғасы  ашылған  лирикалық  өлеңдерге  негізделген.    Жинақтың  «Азамат» 
аталуының  мәнісі  де  осыдан  болар.  Ақынның  эпиграф  ретінде  алған  «Шағым»  атты 
өлеңінен де осы жайттар аңғарылып жатады. 
Мен – біткен ойпаң жереге аласа ағаш, 
Емеспін жемісі көп тамаша ағаш. 
Қалғанша жарты жаңқам мен сенікі –  
Пайдалан, шаруаңа жараса, Алаш!  
Міржақып  Дулатовтың  алғашқы  жинағындағы  шығармаларының  дені  халықтың 
санасын  ояту  бағытындағы  үгіт-насихат  өлеңдерге  құрылғандықтан,  оларда  әдеби-
көркемдік жағынан гөрі мазмұндық, көпшілікке ұғынықтылық жағы басымдау жатса, ал 

184 
 
осы  жинақтағы  өлеңдерінің  көркемдік  жағы  да  басым.  Ақынның  мұндағы  ұлттың 
мүддені  көксеген  өлеңдерін  үш  топқа  бөліп  қарастыруға  болады.  Яғни,  отаршылдық, 
ағартушылық  және  ақынның  көңіл-күйін,  күйінішін  білдіретін  өлеңдері.  Бұл  мақалада 
ақынның  көңіл-күйіне  қатысты  «Қайтер  едің?»,  «Арманым»,  «Қажыған  көңіл»,  «Таң», 
«Мұң» сияқты өлеңдерін қарастырмақпыз. 
 Ақынның  күйініштен  туған  туындыларын  оқып  отырып  ақынның  кейде  тіпті, 
қажып  кеткенін  де  сезесің.  Яғни,  қараңғы  қазағын  тура  жолға  шақырып  шарқ  ұрғанда 
оны түсінбеген халқына назын айтады. «Қайтер едің?» атты өлеңінде: 
Үмітпен созған қолыңды тағдыр қақса
Біліп еткен ісіңнен зор мін тапса, 
Оң дегенің теріске һаман бастап, 
Арбаң сынып, өгізің өліп жатса? – 
деген  өлең  жолдарында  ақын  елі  үшін  жасап  жатқан  істерінің  артқа  кетіп 
жатқанын жырына тиек ете отырып, 
Жан ашыған сөзіңді дұшман көріп, 
Қоңырайып достарың салқын тартса. 
Суық жылан араңнан кесіп өтіп, 
Сөнбейтұғын өсектің отын жақса,– 
деп  ақын  шарасыздық  күйін  танытады.  «Жаның  сүйіп  барғанда  сенен  безіп,  
Жоқтай болса дұшпаны сенен басқа. Тіршіліктен көңілің неғып  қайтпас, Еңбегің болса 
егіндей  еккен  тасқа»  деп,  елі  үшін  жасап  жатқан  еңбегінің  еш  болып  жатқанын  ақын 
күйіне  жырлайды.  Осы  өлеңмен  идеялық  жағынан  үндесіп  жатқан  «Арманым»  атты 
өлеңінде:  
Мен дос көрсем, мені санап дұшманға
Айтқанымды алғыза алмай еш жанға. 
Қаскүнемнің хайласына көз жетпей, 
Білерсің бір-ақ бүйіріңнен қысқанда,–  
деп,  халқының  жөн  сөзге  ермей,  жау  алқымынан  алғанда  бәрі  кеш  болатынын 
айтады. 
Азуды қайрап, бармақты шайнап өтті күн, 
Ғылымды іздер, алысты көздер жетті күн. 
Ақсақал – артқа, жастар тартса салтқа, 
Әперер жұртқа кекті кім?! – 
деп  көзі  көрсе  де  айтуға  бата  алмай,  іштен  қайнап,  бармақты  шайнап    жүргенін 
айта келе, халықты алға тартар ердің жоқтығына налиды. Қажыған сәтте жиһанды кезіп 
өнер-білімнің  соңынан  кетуді  арман  еткенмен  оның  орындалуына  елінің  жай-күйінің 
мүмкіндік бермейтіні де ақынға мәлім.   
«Қажыған көңіл» атты туындысында ақын: 
...Сай орнына душар болды терең жар, 
Мезгіл жетпей шығу қыйын, өзі тар... – 
деп,  орыс  патшасының  отарлық  саясатына  қарсы  қазақ  халқының  санасын  ояту, 
азаттық рухын асқақтату бағытындағы көзқарасы мен нақты іс-әрекеті үшін 1911 жылы 
бір жарым жыл түрмеде отырған кезін меңзесе керек. 
...Көп құлағы мақтаменен тығулы, 
Қасқыр қуып, үріккен қойдай ығулы. 
«Құбыжық бар» десе қорыққан баладай, 
Сужүрек боп сорлы қазақ бұғулы, – 
деп  отаршылдықтың  құрбанына  айналған  елінің  табанға  тапталып  жатқанын, 
тығырықтан  алып  шығар  сөзге  құлақ  аспай,  қорқақтықтан  көптің  бұғып  отырғанын 
жырына тиек ете отырып, 
Жалыны ыстық жас ғұмырым шыдатпай

185 
 
Теріс істі пәк ұжданым ұнатпай. 
Тоқтай алмай басым тасқа жеткенше, 
Қарсы шауып, қайралаған өткір болаттай... –  
деп,  ақынның  көңілі  қажиды.  Міржақып  Дулатовтың  бұл  жинаққа  енген 
өлеңдерін оқып отырып, ақынның кейде бәрінен көнілі суып кететіні аңғарылады. Десек 
те  ақынның  сол  күйініш  өлеңдерін  қағаз  бетіне  түсіре  отырып  өзін-өзі  қайта  қайрап 
алатынға да  ұқсайтыны байқалады. 
«Таң»  атты өлеңінде: 
Жарық болды, бозарып, міне, таң атып, 
Биік тауға сәулесін тегіс таратып. 
Үнсіз тоғай көгере және бастады, 
Айнадай суға көлеңке түсіп, тағы атып... –  
деп, атқан таңның табиғатқа, айналаға әкелген өзгерісіне тоқтала отырып, «Кімге 
пайда, кімге зиян атқан таң...», – дей келе, қараңғы қазақ елін  жарыққа ұмтылуға, оянуға 
шақырады. 
Ақынның  «Азамат»  жинағында  «Мұң»  атты  екі  туындысы  бар.  Міржақып 
Дулатовтың бұл шығармаларына жеке-жеке тоқталсақ. 
Сенімсіз басым, пайдасыз жасым арманда, 
Жетермісің тілегіңе жалғанда? 
Қан тамшылап тұрса да көзден жас ағып, 
«Сенікі жөн» деп құлаққа ілген жан бар ма? – 
деп  басталатын  «Мұң»  атты  өлеңінде  ақынның  жан  айқайы  жырына  арқау 
болады.  
Сырты тұнық, іші ылай жауың бар – 
Жаны ашитын жақын сол деп малдан ба. 
Жұрттығыңды жоғалтпай әлден,басың қос, 
Озу қыйын көмбе жереге барғанда, –  
деп, ақын сырт көзге елдің қамы етіп көрсетіп отырған патша үкіметінің астыртын 
отарлау  саясатын  меңзейді.  Еліне  жасқаншақ  болма,  «Күнің  жетті  мұңыңды  шағып 
зарларға...»  деп  бас  қосуға  үндейді.  Одан  әрі  ел  бастап  көсемдік  көрсеткен  ақсақалдың 
артынан  «жас  азамат  ер»  дей  отырып,  «Жолды  көрсет  адасқан  елге,  паңданба»  деп 
оқыған  азаматтарға,  «Дәулетіңмен  жәрдем  тигіз,  байлар  да»  деп  шен  иелері  байларға, 
«Ағарт жұртты, молдекелер, қамданда» деп қоғамды алға тартар әр мүшесіне жеке-жеке 
тоқталып, елі үшін әрқайсысын үлес қосуға шақырады.  
Бұл жинаққа енген екінші бір «Мұң» атты туындысында ақын: 
Ғазиз басым құтыла алмай жаладан
Жаудың қолы босамай тұр жағадан. 
Жүректі жаншып, жанға түскен ауыр тас, 
Ашу тасып, тамырды қуып тараған...– 
деп сол кездегі өзінің жай-күйін, яғни елін оятуға атсалысып жүргендегі іс-әрекеті 
үшін үкіметтің жаласына қалып, қыспаққа алынғанын айтқысы келсе керек. 
Мұңын шағып қалды «азамат» үміткер, 
Түсінер деп көңілінде сәуле бар адам, –  
деп еліне өз мұңын шағады да. 
«Азамат» жинағындағы өлеңдерінде негізінен ақынның азаттық идеясы барынша 
жырланған.  Яғни,  ақын  елімен  сырласады,  бірде  еліне  мұңын  шағады,  тағы  бірде 
шағымын айта отырып қиялдайды, армандайды да. «Қайтер едің?» деп көңілі де қажиды, 
соған  қарамастан  алда  арайлап  ататын  таңның  барына  сенеді.  «Сырым»,  «Мұң», 
«Шағым»,  «Қиял»,  «Арманым»,  «Қажыған  көңіл»,  «Көңіліме»  атты  туындыларында  да 
ақынның бар болмысы, азаматтық тұлғасы  ашылған.  

186 
 
Жалпы,  қандай  бір  тақырыпты  сөз  етсе  де  өзі  өмір  сүрген  кезеңнің  шындығын 
жазған  Міржақып  Дулатовтың  ұлты  үшін  туып,  ұлты  үшін  көз  жұмған  азамат  ақын 
ретінде де ел тарихындағы орны бөлек. 
Пайдалынылған әдебиеттер: 
1.  Дулатов  М.  Бес  томдық  шығармалар  жинағы.  Бірінші  том:  Өлеңдер,  роман, 
пьеса, әңгімелер.– Алматы: Мектеп, 2002. 
 

1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   45


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал