Практикалық конференциясының м а т е р и а л д а р ы



жүктеу 5.21 Kb.

бет2/45
Дата09.01.2017
өлшемі5.21 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45

ҚАЗАҚ ФИЛОСОФИЯСЫНДАҒЫ ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ 
 
ТУРСЫНБАЕВА Ж.Қ. 
Талдықорған қаласы, І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, қазақ тілі 
мен әдебиеті мамандығының 2-курс студенті 
Ғылыми жетекшісі: МОЛБОСЫНОВА Ж.М. 
Талдықорған қаласы,І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің аға 
оқытушысы, магистр 
 
Рухани-адамгершілік білім беру – жастардың бойына өмірдің мәні, сүйіспеншілік, 
бақыт,  сыйластық,  татулық,  бірлік,  төзімділік  сынды  құндылықтарды  дарыту  арқылы 
адамның қоғамда өз орнын табуына, қабілет-дарынының ашыла түсуіне, ақыл-парасатын 
дамытуына  яғни  сәнді  де  мәнді  өмір  сүруіне  қызмет  етеді.  Соның  негізгі  жолы  білім 
болып табылады. 
Білім  –  адамзаттың  терең  және  үйлесімді  дамуын  бекітетін  құралдардың  бірі, 
прогрестік, әлеуметтік тұрақтылық пен ұлттық қауіпсіздіктің маңызды факторы. Қазіргі 
білім беру үрдісі адамның ішкі табиғи мүмкіндіктерін ашып, әр адамның өзінің «Менін» 
сезінуге, толықтыруға көмектесетіндей, сыртқы әлеммен әлеуметтік қарым-қатынастарда 
өз  орнын  табуға,  өзін  шығармашылықпен  өзгертуге  белсенділік  танытуға  ықпал  етуі 
тиіс.  Бүгінгі  таңдағы  қоғам  кәсіби  білімі  жетік,  құзіретті,  бәсекеге  қабілетті  жастарды 
талап етеді. Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан -2050 бағдарламасында, Қазақстан Республикасы 
білім беру туралы Заңында: «Білім беру – бұл қоғам мүшелерінің адамгершілік, ақыл-ой, 
мәдени  дамуының  жоғарғы  деңгейін  және  кәсіби  біліктілігін  қамтамасыз  етуге 
бағытталған оқыту мен тәрбие берудің үздіксіз процесі» деп атап көрсетілген[1]. 
Еліміздің болашағы білімді жастардың деңгейіне байланысты. Қазақстан халқының 
әлемдегі  дамыған  елдерімен  тең  дәрежеде  білім  алуы  бүгінгі  ұрпақтың,  яғни  біздің 


 
қолымызда. Олардың ақыл-ойын барынша дамыту үшін білім беру жүйесін тиімді құра 
білген  ұлттың  еңсесі  биік,  абыройы  жоғары  болмақ.  Сондай-ақ  жастар  өзінің  және 
қоғамның  мүддесінде  өзін-өзі  белсенді  етуге  дайын,  өзгермелі  даму  үстіндегі  ортада 
өмір сүруге бейім, бәсекеге қабілетті және құзіретті, шығармашыл, білімді тұлға болып 
қалыптасуы тиіс.  
Бүгінгі  білім  жүйесінде,  С.А.  Назарбаева  атап  өткендей  «үлкен  өзгерістер» 
басталуда.  С.А.  Назарбаева  оқытушылардың  біліктілігін  көтеру  семинарында  сөйлеген 
сөзінде. Білім беру жүйесі тұлғаның өзін-өзі тануына «Мен кіммін? Шексіз әлемге менің 
қандай қарым - қатынасым қалыптасуы керек? Маған қалай өмір сүру керек? Кез- келген 
жағдайда жаман мен жақсыны қалай айыра білу керек?» деген сұрақтардың төңірегінің 
мәнін  ашуға  бағытталуы  тиіс.  Білімнің  мазмұнын,  оның  құрылымын  тұлға  өзіне 
соншалықты керек екендігін сезінген  уақытта ғана білім  беру  мақсатына жетеді»  - деп 
саралап өтті[2]. 
Демек,  білім  берудің  ұлттық  жүйесін  құруда  оның  түлға  ретіндегі,  мәдениет, 
әлеуметтік және кәсіби шығармашылық субъектісі ретіндегі мәнін дамыту мен байытуда, 
өмірдің мағынасын түсінуде «Өзін-өзі танудың» маңызы зор.  
Өзін-өзі тану - тұлғаның ішкі жан-дүниесін байытуы және өзіндік қайталанбас жеке 
даралығын пайымдауы арқылы табиғи қабілеттіліктері мен жасампаздық әлеуетін ашуға 
бағытталған  мақсатты  білім  беру  үдерісін  ұйымдастыруды  көздейді.  Сонымен  қатар 
философиялық  көзқарастар  тарихындағы  тұлғаның  өзін-өзі  тануының  негіздерінің 
даналық формуласы  «өзіңді-өзің таны» ұғымы ретінде Сократқа дейін пайда болды. Ең 
алғаш  Греция  тарихында  теориялық  ойлаудың  жаңа  кезеңінде  адам  проблемасы, 
философия проблемасын өзін-өзі тану арқылы түсінуге болатындығына көз жеткізілді[3]. 
Өзін-өзі  тану  философиялық  тұрғыда  -  бүкіл  дүниені  ойлау,  оның  шығу  тегін 
білуге ұмтылу,адамның дүниедегі орнына үңілу,адамның ішкі дүниесінің сырын ашу, 
табиғат  пен  қоғамның  негізгі  заңдарын  танып  білу,  адам  өмірінің  мәнін  айқындау  
ретінде  қарастырылады.  Бұдан  шығатын  қорытынды  сол  кездегі  көзқарастарға  тоқтала 
келе, өзін-өзі тану көзқарастарын зерделей отырып, олардың адамның ішкі дүниесі мен 
сыртқы  дүниенің  бірлігі  үндестік  тапқанда  ғана  табиғат  пен  қоғамның  талабына  сай 
тұлғаның  қалыптасуына  көз  жеткізуге  болады.  Өзін-өзі  тану  арқылы  тұлғаның  өзіндік 
дамуына,  білімдік  және  танымдық  әрекеттеріне  ықпал  ету,  өзара  адамгершілік 
құндылықтары  мен  өзіндік  бағдарын  таңдауға  мүмкіндік  жасалу  идеялары 
алынатындығы белгілі болды. 
Аристотель:  «Адам  өмірінің  мақсаты  бойындағы  рахымшылдық  сапаларын 
дамытса,  онда  ол  мейірімділік  мінез  танытады»-деп,  рақымшылдығы  басым  адам  өзін 
үнемі  дұрыс  ұстай  білетіндігін,  ол  табиғатынан  мейірімді,  сондықтан  да  өзін 
адамгершілікке  бейім  ұстайтындығын  сипаттайды.  Сонымен  қатар  қазақ  философтары 
да тұлғаның өзін-өзі тануын өзекті мәселе етіп қарастырған[3]. 
Әбу  Насыр  әл-Фараби  өзінің  философиялық  трактатында  ақыл,  қайрат,  жүрек 
жайлы егжей-тегжейлі түсінік бере келіп: «Жүрек - басты мүше, мұны тәннің ешқандай 
мүшесі билемейді. Бұдан кейін ми келеді. Бұл да басты мүше, бірақ үстемдігі біріншісі 
емес», -дей келе өзінің әлеуметтік, рухани құндылықтарының негізіне адамның ішкі сана 
сезімінің  даму  ерекшеліктерін  алады.  «Тек  қана  өзіндік  еркін  әрекеттене  алатын 
белсенді пенде қоғамдық пайдалы қызметімен жеке бақытын жасай алады- деп, ...  «бір 
халық екінші халықтан табиғи үш қасиетімен ерекшеленеді: болмысы, мінезі және тілі». 
Ғұлама  ғалым  әртүрлі  халықтың  музыкасын,  мәдениетін,  тілін,  әдетін,  болмысын, 
мінезін  зерттегенде  рухани  құндылықтарға  зор  мән  бере  отырып  адам  бойындағы  осы 
қасиеттердің  дамуына  ерекше  көңіл  қояды.  Себебі  адамның  бойындағы  ізгілігі, 
қайырымдылығы,  мейірімділігі  ол  оның  бойындағы  өнері  мен  мәдениетінің  дамуына 
тікелей  байланысты.  Адам  мінезге  бай,  болмысы  биік,  тілі  құдіретті  болатын  болса, 
оның рухани-адамгершілік даму сатысы өте жоғары болатындығын дәлелдейді[3]. 

10 
 
Бүгінгі  таңда  қоғам  өзгерістерінің  шешуші  факторы-Адам.  Адамның  қарым-
қатынасының  үйлесімділігін  қамтамасыз  етуде  адамгершілік  құндылық  жетекші  орын 
алады.  Жалпы  «Адам-Қоғам»,  «Адам-Әлем»  қатынасының  адамның  дүниеге  деген 
көзқарасы  қандай  ұстанымдарға,  принциптерге  арқа  сүйетінінен  құндылықтарды 
анықтауда үлкен маңыздылыққа ие болғанын көреміз. 
          Махмұт  Қашқари  білімнің  қажеттігі  мен  пайдалығын  сезіну,  немқұрайлылықты 
болдырмайды және олардың терең және орнықты сенімдерге айналуына ықпал жасайды. 
«Білімді адам үгіт-насихатты байқаған сәтте-ақ тез түсініп, тез ұғар»– деп Қашқаридың 
үйренудің  белсенді  және  жете  ұғынылып  іске  асырылуын  сәтті  атап  көрсетуі  осыдан.  
Дүниені  танып  білу,  ғылым  негіздерін  игеру  оңай  жол  емес,  бұл  мақсатқа  жетуде 
табандылық пен шыдамдылық, еңбектене білу дағдысы қажет. «Білікті, дана адамдарды 
тап,  соларға  еріп,  елікте,  жақын  жүріп,  олардан  өнеге  көр,  ұқсап  бақ»–  дейді  ғалым. 
Жақсыдан үйренуге  «Білген, даналардың сөз-ақылдарын өсиет етіп қабылда, жақсы сөз 
қастерлесе  бойыңа,  діліңе  дариды».  Тәрбиеленушіге  еліктеудің  тамаша  үлгілерін 
ұсынатын дәстүр мына бір деректерден де жақсы көрінеді: Ерендер озған еді (өткен еді), 
Таудай  білікті,  өнерлі  бектер  еді,  Олар  көп  насихат-өсиет  айтты,  Көңілім  содан  сара 
болды.    Бұрынғы  замандарда  ғалым,  хәкім,  өнерлі  ерендер  болған  еді.  Олар  көп  ақыл-
үгіт айтқанды. Соларды естігенде көңілім сайрап, сарайым ашылар еді– деп түсіндіреді, 
мұнымен  балалар  тәрбиесінде,  алдымен  көренекті  тұлғалар  өмірі  мен  моральдық 
принциптері, үлкендер үлгілерінің шешуші рөлі атап көрсетілгендігіне елеулі мән берген 
ғалым[4].   
Жүсіп  Баласағұнидың  еңбегінде  тәлім-тәрбиелік,  ғибарттық,  өсиет-өнеге,  нақыл 
сөздер түрінде жазылған педагогикалық және психологиялық, философиялық тұрғыдағы 
еңбек  болып  табылады.Сонымен  қатар  ғұлама  ағартушы  «Құдадғу  білік»     дастанында 
білім,  ақылдың  қасиеттері  жақсылық  және  жамандық,  адамгершілік  қасиеттер, 
адамгершілік құндылықтар туралы мәселелер қарастырылады, мәселен, «Ақылды – ұлы, 
білімді – білікті, қонса екеуі, ұлы етер жігітті», «Ақыл пайда бола, ұлылық толады, білім 
кімде сол білікті болады», «Білімсіздер бар кеселді көреді, емдемесе тектен-текке өледі», 
«Ақыл – шырақ, қара түнді ашатын, Білім – жарық, нұрын саған шашатын», «Ақылдыға 
қадір – құрмет  лайықта, Ақымақ жан керең, сезбес айыпты!», «Білім – байлық, азаймас 
һәм жоғалмас, қарақшы, ұрыға да тоналмас!».Білік-білім туралы Жүсіп Баласағұни өзіне 
ақыл  кеңес  береді:  «Білік  біліп  –  төрден  орын  аларсың,  Білік  білсең,  күшті,  берік 
адамсың», «Білік-түпсіз, шетсіз-шексіз бір теңіз, қанша сімір, сарқылмайды білсеңіз!»[6].   
 Абай адамды ақыл мен жаны бар жеке тұлға ретінде түсінеді. Абай үшін «Адам әлемді 
жасаушы». Адамның бастауын анықтайтын руханилық – адамның бойына кітаптар және 
халық  даналығы,  өнер  және  рухани  тәжірибе  арқылы  сіңеді.Ұлы  Абай  адам 
проблемасына, оның табиғи және әлеуметтік жақтарының арақатынасын, адамгершілік, 
кемелдену, гуманизм идеяларын өзгеше пайымдайтын сананы тудырды. Ұлы ғұламаның 
жарық  дүниеге  келген  адам  баласының  маңдайына  жазылған  тағдыры  жайлы,  оның 
дүниеден алатын орны мен рөлі жайлы философиялық пайымдауға, сан қилы да күрделі 
адам  болмысын  жан-жақты  әлеуметтік  қарым  -  қатынасы  адамдарды  түзу  жолға 
түсіреді-деп тұлғаның рухани-адамгершілік құндылықтарына адамның адами қасиетінің 
дамуын негізге алып, келер ұрпаққа бір сөзбен «Адам бол!»- деген немесе «Адам баласы 
бір-бірінен  ақыл,  ғылым,  ар,  мінез  деген  нәрселермен  озады»  -деп  келесі  рухани-
адамгершілік  құндылықтарына  мәдени-  этикалық  құндылықтардың  мәнін  ашып 
көрсетеді. Тағы бір сөзінде Абай «шынайы байлық бұл адамдардың бір-бірін және өзін 
терең  түсініп,  өзара  түсіністік  қалыптасқанда  ғана  адамдар  үйлесімді  тіршілік  құрып, 
дами  бастайды»  -  деп  адам  бойындағы  ең  жоғары  қалыптасқан  құндылықтар  бұл 
олардың  ішкі  рухани  дүниесінің  байлығы  мен  асыл  қасиеттерін  көрсете  білу  екендігін 
дәлелдеп береді. 
Адамның өзін-өзі тану арқылы адамгершілікті өрбітетінигіліктеріне: 

11 
 

 
сезім; 

 
сана, 

 
ой; 
Тыныштық қуаты - жүректе,келісім қуаты - қайратты, ерікті, иманды кісіде. 
Адамның кісілігі: - әсерлі, әдепті, табысты өнерінде
Адамның ең биік қасиеті-Адам бола білу- жатқызды. 
Ш.Құдайбердінің  “Үш  анық”  атты  философиялық  еңбегінде  тұлғаны  рухани 
қалыптастыру 
мәселесіндегі 
маңызы 
ерекше 
екеніне 
тоқталуға 
болады.Ш.Құдайбердіұлының  еңбектеріндегі  “жан,  рух”  жайындағы  тұлғаның 
руханилық  санасы  -  өмірдің  мәнін,  өзінің  өмірдегі  орнын,  өз  тағдырын  халықтың 
тағдырымен  ортақ  деп  түсіну  қабілетін  дамыту,  жақын  адамдардың  алдындағы 
жауапкершілігін  сезіну,  өзінің  жеке  басына  тән  азаматтық  және  адамгершілік  парызын 
орындау ой жетегінен адамгершілік рухани қадір қасиеттердің біртұтастығын және оның 
қалыптасуы жан мен рухтың, тәннің үйлесімділігінен туындайтынын ұғынуға болады. 
Ш.  Құдайбердиевтің  “Үш  анық”  шығармасы  жан  мен  тәннің  өзара  байланысын 
көрсете отырып, ақылдылыққа, ынсаптылыққа, мейірімділікке тәрбиелеу, ақыл мен  
мінезүйлесімділігін  қалыптастыру  сияқты  парасаттылыққа  шақырады.  Адам  өміріндегі 
мақсаты - өзін-өзі танып, таза ақылына салып, ақ пен қараны, жақсы ой мен жаман ойды,  
ажыратып,  тура  жолын,  өмірдегі  өз  орнын  таба  білу  рухын  өсіріп,  нәпсісін  тиып 
тәрбиелеу Шәкәрімнің басты қағидасы болды[5]. 
Жаңа  дәуірдің,  халықтың  ұлттық  сана  сезімінің  ояну  дәуірінің  жаршысы  өзінің  бүкіл 
қоғамдық  -  саяси  әрі  ағартушылық  қызметі  қараңғылық  пен  надандыққа,  діни 
мұсылмандық  фанатизмге  қарсы  қажырлы  күреске  өзек  болған  Ш.  Уалихановтың 
моральдық идеяларының негізі - қазақ қауымындағы зұлымдыққа қарсы күресте, патша 
шенеуніктерінің, жергілікті билеушілердің жалған, әрі «жабайы» мінездеріне орай адам 
қасиеттерін сипаттайтын адамгершілік құндылықтарына: 

 
«намыс», 

 
«әділдік», 

 
«парыз» т.с. түсініктерді өздерінің саяси мақсаттарына жетуде пайдалана 
отырып мәнін ашып берді. 
Ағартушы-демократ,  қоғамдық  қайраткер  әрі  ойшыл,  реалист-  ақын,  ғылым  және 
озық жаңашыл педагог Ы.Алтынсарин, білім берудің толып жатқан мәселелерімен қатар 
халық  ағарту  ісінің  рухани-имандылық  негіздерін  жасап,  өз  еңбектерінде  мектеп  пен 
отбасы тәрбиесінің моральдық негіздерін көрсетіп берді[6]. 
Ал, адамның ізгілік қасиеттері туралы педагог Мағжан Жұмабаев: ... «Әр адамның өзін-
өзі сүюі, яғни жақсылық тілеуі, туысқанын сүюі, оларға жақсылық тілеуі, өз елін сүюі, 
яғни  еліне  жауыздық  тілемей,  ізгілік тілеуі,  пайда  келтіруі,  зиян  келтірмей,  басқаларға 
да зиян жасамауы - бұл ең басты міндеті болуы тиіс» - деген ой тұжырымдарынан өзін- 
өзі  сүй  дегенде,  өзінің  іс-әрекеті  мен  ішкі  сезіміне  үңілу,  өзін-өзі  тану  сол  арқылы 
рухани-адамгершілік  құндылықтарын  игертуге  шақырады.  Егер  болашақ  ұрпақ 
тәрбиесінің  қамын  ойласақ,  бұдан  бірнеше  ғасыр  бойы  ұрпақ  тәрбиесіне  өз  идеяларын 
қалдырған  осы  ғұламалардың,  парасатылыққа,  адамгершілікке,  тәрбиеленген  озық 
үлгілерін қазіргі кезде пайдалану өмірдің өзекті мәселесі болуы тиіс[6]. 
Сонымен,  қазақ  зиялыларының  өзін-өзі  тану  туралы  рухани-адамгершілік 
идеяларына  талдау  жасай  келе  тұлғаның  өзін-өзі  тануының  құрылымын  анықтауға 
мүмкіндік туды. Тұлғаның «Өзін-өзі тануының» құрылымы төмендегідей: 
       - өзінің өмірлік айқындамасын анықтау; 
       - түрлі мәселелерді адамгершілік қағидаларға сәйкес сындарлы түрде шешу; 
       - өзіне, адамдарға және қоршаған әлемге ізгілікті қарым-қатынас жасау
       - адамдарға көмек көрсету, туыстарына және жақындарына мейірімді, қамқор болу; 
      - өзімен-өзі үндестікте өмір сүру, ойы, сөзі және іс-әрекеттерінде шынайы болу; 

12 
 
      - жасампаздықпен белсенділік, азаматтылық және елжандылық таныту
      - өз ойын, сөзі мен ісін адамгершілік тұрғысынан таңдауға дайын болу және оған 
жауапты болу; 
      - қоғамға қызмет ету дағдыларын іс жүзінде дамыту. 
 
Өзін-өзі  тану  болашақ  мамандардың  өздерінің  және  өзгелердің  іс-әрекеттеріне 
адами  баға  беру,  адамдарды    нақты  қалпында  қабылдау,  оларға  шыдамдылық  пен 
мейірімділік  таныту  үдерісінде  өзара  тұлғалық  қарым-қатынасын  жүзеге  асыруға 
мүмкіндік беретініні сөзсіз. 
 
Пайдаланылған әдебиеттер 
1.
 
Қазақстан Республикасының  «Білім туралы» заңы. Астана, 2007ж. 
2.
 
«Өзін-өзі  тану»  пәнінің  рөлі  мен  мәні»  атты  республикалық  семинар 
материалдары. Алматы,2012ж. 
3.
 
Өзін-өзі  тану  [Мәтін]  /  О.С.  Сангилбаев,  Ж.А.  Абишева,  М.А.  Қуаналиева.- 
Алматы: DALAPRINT, 2010.- 201б. 
 
4.  Қашқари  М.  Түрік  тілінің  сөздігі:  (Диуани  лұғат-ит-түрк):  3  томдық  шығармалар 
жинағы.  Т.3.  /  Қазақ  тіліне  аударған,  алғы  сөзі  мен  ғылыми  түсініктерін  жазған 
А.Егеубай. – Алматы: ХАНТ, 1998. – 119 б. 
5. http://old.abai.kz 
6. Педагогика, әлеуметтік педагогика, өзін-өзі тану тарихы [Текст]: Оқу құралы / 
Баширова  Ж.Р,  Бекмағамбетова  Р.К,  Әлқожаева  Н.С.-  Алматы:  Қазақ  университетi, 
2012.- 248с. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

13 
 
 
 
 
ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ, МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ 
ПЕДАГОГИКАСЫ САЛАСЫНДАҒЫ БІЛІМ ЖӘНЕ  ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУЛЕР 
ОБРАЗОВАНИЕ И НАУЧНЫЕ ИССЛЕДОВАНИЯ В ОБЛАСТИ ДОШКОЛЬНОЙ 
ПЕДАГОГИКИ, ПЕДАГОГИКИ И ПСИХОЛОГИИ 
 
 
 
 
БЕСІНШІ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ЖАҒЫМСЫЗ ЭМОЦИЯЛЫҚ 
ЖАҒДАЙЛАРЫН ТҮЗЕТУ ЖОЛДАРЫ 
 
АЙТҚАЖЫ А. 
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің 
«Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы 
мамандығының 3 курс студенті 
Ғылыми жетекшісі:ТҰРҒАНБАЕВА Б.Ш.
 
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті, 
педагогика кафедрасының доценті, педагогика ғылымының кандитаты 
 
Әр  жас  кезеңінің  өзіне  тән  көптеген  психологиялық  ерекшеліктері  бар.  Ал, 
жеткіншек жас кезеңі психолог қызметінде ерекше орын алатындығы ғылыми зерттеулер 
арқылы көрсетіліп, тәжірибеде нақтылануда. 
Бесінші  сыныпқа  келген  балалардың  жаңа  –  орта  сынып  оқушысы  статусына 
бейімделуі  бірқатар  қиыншылықтармен  сипатталады.  Балалардың  жаңа  жағдайға 
бейімделудегі қиыншылықтары мынадай белгілер арқылы байқалады:  

 
баланың сырт көзге шаршаңқы болып көрінуі;  

 
өткен  шақта  өзіне  қатысты  болған  жайттар,  оқиғалар  туралы  ересектерге  – 
ата-анаға, педагогтерге айтып, ойымен, пікірімен бөліспейтін болады;  

 
педагогтермен, сабаққа қатысты сұрақ қойған ата-анамен оқу әрекетінен тыс 
басқа тақырыптарға әңгімелесіп кетуі;  

 
үй жұмысын орындауда еріншектік таныту; 

 
мектептің,  мұғалімдердің,  оқушылардың  ар-абыройына  нұқсан  келтіріп 
сөйлеу;  

 
мектепке байланысты кейбір оқиғаларға теріс қатынас таныту; 

 
ұйқының бұзылуы; 

 
таңертең оянып, ұйқысын аша алмай, қиналу;  

 
үнемі өзін жаман сезіну; т.с.с. 
Ғылыми  зерттеулер  бойынша  4-5  сынып  оқушыларында  оқуға,  мектепке  деген 
қызығушылықтың  төмендеп  кетуі  орын  алады.  Бұл  жағдайды  түзету,  орайына  қарай 
дұрыс  тәрбиелеп,  бағыт  беру  мұғалімдердің  және  мектеп  психологінің  міндеті  болып 
табылады. 
Мектептің  педагог-психологі  бастауыш  мектеп  оқушыларының  орта  сыныпта 
оқуға  бейімделуінің  қаншалықты  дәрежеде  дайын  екендігін  анықтауы  қажет.  Ал,  орта 
сыныпта оқуға дайындықтың көрсеткіштерін жалпылап, сипаттауға болады:  
Оқу  әрекетінің  негізгі  компоненттерінің  қалыптасқандығы,  бағдарлаушы 
әрекеттердің сапалы меңгерілуі. 

14 
 
Орта  сыныпта  оқитын  баланың  жас  ерекшелігіне  байланысты  психологиялық 
жаңақұрылымдарының,  ырықтылық  саласының,  рефлексия  деңгейінің,  ұғым  бойынша 
ойлау деңгейінің дамуы. 
Мұғалімдермен және сыныптастарымен қарым-қатынас тиімділігінің артуы. 
Мектеп  психологі  бұл  жастағы  балалармен  жұмыс  барысында  олардың 
психикалық  дамуының  жалпы  заңдылықтарын  білуі  қажет.  Сонымен  қатар,  мектеп 
психологі балалардың әлеуметтік-педагогикалық жағдайын да ескеру керек.  
Бастауыш  мектеп  оқушыларының  орта  сыныпқа  өтуінде  жиі  кездесетін 
мәселелердің  бірі  –  бесінші  сыныпқа  келген  балалардың  жаңа  мұғалімдерге  деген 
бейімделуіндегі  қиындықтар.  Бұл  қиындықтар  оқушы  мен  мұғалімнің  бірін-бірі 
түсінбейтін  жағдайларға  және  жанжал-шиеленістерге  себепкер  болуы  мүмкін.  Алайда, 
мұндай  қиындықтар  балалармен  ғана  емес,  сонымен  бірге  ата-аналар,  мұғалімдер 
арасында  да  пайда  болуы  мүмкін.  Мәселен,  орта  сыныпқа  келгенде  пәндер  бойынша 
сабақ  беретін  педагогтердің  санының  артуын  тіпті  ата-аналардың  өздері  де  бірмәнді 
қабылдай  бермейді.  Сондықтан,  егер  баланың  оқу  әрекетінде,  мінез-құлқындағы  теріс 
өзгерістер байқалса, ата-аналардың бірқатары жаңа мұғалімдер мен мектеп психологінің 
қатынасы ретінде түсінеді. Ал, бастауыш мектепке қарағанда енді бесінші сыныпта ата-
ана өз баласы туралы  мәліметтерді  бір ғана  педагогтен алмайды. Сондықтан, ата-анада 
балаларының оқуындағы жетістіктері,  әр сабаққа қатынасы, әр сабақтағы тәртібі туралы 
бірнеше  мұғалімнен  естіп,  салыстыруға  мүмкіндік  болады.  Осы  орайда,  ата-ана 
балаларының  жетістіктері  мен  сәтсіздіктерін  бұрынғы  кездерімен  салыстырып, 
қорытынды шығара алады.  
Сондықтан,  орта  сыныпта  психологтің  басты  міндеті  тікелей  балаларға  ғана 
психологиялық  қызмет  көрсетумен  шектелмейді.  Сонымен  қатар,  мектеп  психологі 
бастауыш  және  орта  буын  мұғалімдерімен  бірлескен  іс-әрекетті  ұйымдастырып  жүзеге 
асырады.  Әсіресе,  болашақта  бесінші  сынып  жетекшілерінің  балалармен  тиімді 
педагогикалық қарым-қатынас жасауына үлес қосуы тиіс.  
Көптеген  оқушылар  бастауыш  мектептен  орта  сыныпқа  бұрынғы  оқу 
әрекеттеріндегі  және  адамдармен  қарым-қатынасындағы  әлі  де  шешіле  қоймаған 
мәселелермен  келеді.  Әр  «мәселелі»  бала  өзінің  ерекшеліктері  мен  қиындықтарының 
сипаты  бойынша  жекеленеді.  Сондықтан,  психологиялық  қызмет  аясындағы  мектеп 
психологінің  диагностикалық  жұмысы  баланың  психикалық  дамуының  түрлі  жақтарын 
анықтауға бағытталуы тиіс.  
Әр адамның психологиялық ерекшеліктері белгілі бір жас шамасына байланысты 
жалпыланады. Ал, орта сыныпта оқитын балалардың онтогенетикалық дамуына келетін 
кезеңді  «жеткіншек  кезеңі»  деп  атайды.  Бесінші  сыныптағы  оқушы  бұл  кезеңнің  ерте 
жеткіншек кезеңіне сәйкес сипатталады.  
Жаңа оқу жылының басталуы бесінші сынып оқушыларымен қатар ұстаздары мен 
ата-аналары  үшін  де  аса  маңызды,  қиын  кезең.  Бұл  қиындықтар  тек  оқу  әрекетін 
ұйымдастыруға  ғана  емес,  сонымен  қатар,  баланың  орта  сынып  жағдайына,  оған 
бейімделуіне  де  байланысты  шығады.  Бесінші  сыныпқа  келген  оқушы  үшін  мынадай 
жағдайлар көбінесе қиындықтар ретінде қабылданады: 

 
әр пәннен әртүрлі педагогтің сабақ беруі; 

 
дағдыланбаған сабақ кестесі; 

 
пәнге байланысты сабақ бөлмелерінің жүйесі; 

 
жаңа сынып жетекшісі; 

 
жоғарғы сынып оқушыларымен шиелініскен мәселелер және т.б. 
Әрине, қоғамдық қатынастар мен мектептегі міндетті нормалар жүйесін тез және 
оңай  қабылдайтын  балалар  да  аз  емес.  Бірақ,  психологиялық  зерттеу  бойынша  бесінші 
сынып  оқушыларының  талайының  орта  сыныпқа  бейімделуі  күрделі  мәселе  болып 

15 
 
табылады.  Соның  салдарынан  бала  оқу  әрекетінде  ғана  емес,  сонымен  қатар,  тұрмыс-
тіршілікте де ұқыпсыздық, жауапсыздық, әркімге және әрнәрсеге сенімсіздік танытады.  
Сонымен  қатар,  баланың  психологиялық  қасиеттері,  олардың  икемділігі  және 
ерекшеліктері,  оқылатын  пәнге  қатысты  нақты  білімі  мұғалімнің  талаптарына  сәйкес 
келуі  де  маңызды  рөл  атқарады.  Ал,  мектеп  өміріне  бейімделе  алмай  жүрген  ерте 
жастағы жеткіншек сыныптастарының, мұғалімдерінің алдында өз тәртібін реттей алмай, 
өзіне қойылған талаптарды орындамай, жағымсыз қылық шығара бастауы ықтимал.  
Бәрінен  бұрын,  мұғалімдер  және  ата-аналар  бірлесе  отырып,  балалардың 
қаншалықты дәрежеде өткен сабақты меңгергенін, материалды түсінгенін қадағалап, көп 
көңіл  бөлуі  маңызды  болады.  Сонымен  қатар,  мұғалім  сыныптағы  оқушылардың 
тұлғалық  қарым-қатынастарына  баса  назар  аударуы  қажет.  Педагог  көшбасшы  бола 
алатын  және  қабілетті  балаларды  анықтап,  оларды  одан  сайын  дамыту  жұмыстарын 
жақсы жолға қоюға тиіс. Әсіресе, балалар ұжымында шиелініссіз орта жасап, ұжымдық 
үдерісті  жетілдіріп  отыруы  және  оқушыларды  шиеленіссіз  қарым-қатынас  жасауға 
баулуы керек. Жалпы, мұғалімдер мен ата-аналар бір-бірімен тығыз байланыс орнатып, 
балалардың оқу барысындағы барша қиындықтарын бірігіп шешулері қажет. Дегенмен,  
мұғалімдер  мен  ата-аналар  балалардың  оқу  барысында  қиындық  туғызған  мәселерді 
анықтап, алдын алуы аса маңызды болып табылады. 
Сынып  жетекшісі  әсіресе,  мектеп  ортасына  бейімделу  барысында  оқушылардың 
тәртіп пен әрекет жағдайларын бақылап, ерекше көңіл бөлуі қажет. Ең алдымен, сынып 
жетекшісі  пән  мұғалімдерімен  бірлесе  отырып,  сыныпта  қиындық  жағдайларына  себеп 
болатын  жайттарды  қатаң  қадағалаған  тиімді  болады.  Мысалы,  оқушылармен 
педагогикалық қарым-қатынаста оны атымен және тегімен атағаны дұрыс. Оқушы дұрыс 
жауап бермегенде сыныптың алдында оны ұялтпай, жекірмей, ренжітпей дұрыс жауабын 
түсіндіріп, ескертуді жеке-дара жағдайда жасаған жөн.  
Сыныптағы кейбір келеңсіз жағдайды әзілмен жуып-шайып, балалардың назарын 
басқа  бір  қызық  оқиғаға  аударып  жіберу  мұғалімнің  шебер  педагогикалық  тактикасы 
болып табылады.  
Сонымен қатар, әр пән мұғалімі оқушының табысты оқу әрекетін, үлгілі тәртібін 
міндетті  түрде қолдап отыру қажет. Сондай-ақ, педагог әрқашан әрбір  оқушы үшін аса 
маңызды  болып  келетін  қызығушылықтар  арттырудың  және  қабілеттерді  дамытудың 
барша мүмкіндіктерін жасауы тиіс.  
Дегенмен, әр педагог мектеп өміріне бейімделуіне байланысты оқушының өзінің 
де  белсенді  болуына  басты  екпін  түсіруі  абзал.  Осы  орайда  ересектер  ерте  жастағы 
жеткіншектерге төмендегідей бірқатар ұсыныс-нұсқаулар жасап отыру қажет: 

 
оқушы сәтсіздік жағдайларынан қорықпауы керек; 

 
оқушы өз оқу әрекетінің нәтижесі туралы әрқашан хабардар болуға ұмтылуы 
тиіс; 

 
оқушы әрқашан өз оқу әрекетінде жауапты және белсенді болуы керек

 
оқушы  өз  мақсаттарын  нақтылап,  осы  орайда  белсенді  мақсаткер  болуы 
қажет; 

 
оқушы өз ойын сенімді түрде айта алуы, басқа адамдардың ойларын тыңдай 
алуы және басқалардың пікірін қабылдап, құрметтей алуы тиіс; 

 
оқушы өзінің жеке жетістіктері мен сыныптастарының жетістіктерін бағалай 
алуы және үздіксіз дамып, жетілу керектігін жақсы түсінуі керек; 

 
оқушы ақпараттық және коммуникациялық технологиялар мүмкіндігін өзінің 
білімін,  қабілеттері  мен  икемділіктерін  кеңейтіп,  дамыту  үшін  ғана 
пайдалануы қажет; т.б. 
Сонымен,  баланың  жақсы  қасиеттерін,  жағымды  қылықтарын  қолдап,  оның 
бойында  өзіне  деген  берік  сенімді  орнықтырып,  басқалардан  ешқандай  кемістігі  жоқ 

16 
 
екендігіне көзін жеткізсе, ерте жастағы жеткіншек жасына сәйкес кез келген істі атқара 
алатын, өмірде белсенді тұлға, іс-әрекетінде табысты болып ержетеді.  
Қолданылған әдебиеттер:  
1.
 
Аверин В.А. Психология детей и подростков: Учебное пособие   – 2-е изд., 
перераб. – СПб.: Изд-во Михайлова В.А., 1998. – 379 с. 
2.
 
Коррекционная педагогика / Под.ред. В.С. Кукушина.  – М. – Ростов – на- 
Дону, 2004.   
3.
 
Айтбаева  А.Б.  Коррекциялық  педагогика  негіздері:  оқу  құралы.  –Алматы: 
Қазақ университеті, 2011. – 160 б. 
4.
 
Бандура  А.,  Уолтерс  Р.  Подростковая  агрессия.  Изучение  влияния 
воспитания и семейных отношений  – М., 1999. – 250 с. 
5.
 
Бондаревская  Е.В.  Формирование  нравственного  сознания  старших 
школьников. - Ростов н/Д, 1976. 
 

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал