Практикалық конференциясының м а т е р и а л д а р ы


МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ АДАМГЕРШІЛІККЕ



жүктеу 5.21 Kb.
Pdf просмотр
бет12/45
Дата09.01.2017
өлшемі5.21 Kb.
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   45

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ АДАМГЕРШІЛІККЕ  
ТӘРБИЕЛЕУДІҢ МӘНІ 
 
ҚАЙМОЛДАНОВА М. 
Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығының 4 курс  студенті 
Ғылыми жетекшісі:АМАНҒАЛИЕВА С.Т  
Алматы университеті тәрбие істері жөніндегі проректор 
 
 Жаңа кезеңдегі білім  берудің  өзекті  мәселесі  жас  ұрпаққа-адамгершілік-рухани 
тәрбие  беру.  Құнды  қасиеттерге  ие болу,  рухани  бай  адамды  қалыптастыру  оның 
туған кезінен басталуы керек. 
Халықта «Ағаш түзу өсу  үшін  оған бұтақ  кезінде  көмектесуге  болады,  ал үлкен 
ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына 
жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық,  яғни адамгершілік құнды қасиеттерді 
сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен тәрбиешілер шешуші рөл атқарады. 
Рухани -адамгершілік тәрбие- екі жақты процесс. 
Бір  жағынан  ол үлкендердің,  ата-аналардың,  педагогтардың  балаларға белсенді 
ықпалын,  екінші  жағынан-  тәрбиеленушілердің  белсенділігін  қамтитын  қылықтарынан, 
сезімдері  мен  қарым-  қатынастарынан  көрінеді.  Сондықтан  белгілі бір  мазмұнды  іске 
асыра,  адамгершілік  ықпалдың  әр түрлі  әдістерін  пайдалана  отырып,  тәрбиеші  істелген 
жұмыстардың нәтижелерін, тәрбиелеушілерінің жетіктістерін зер салып талдау керек. 
Адамгершілік  тәрбиесі  –  адамның  барлық  іс-әрекетіне,  мінез-құлқына  әсер  етіп, 
ата-анаға,  үлкендерге,  достарына,  Отанға  деген  қарым-қатынасының  дұрыс 
қалыптасуына  бағыт  беріп  отыратын  тәрбие.  Адамгершілік  тәрбиесінің  міндеті  –  енді-
енді  бүршік  жара  бастаған  адамгершілік  сезімдерді  негізге  ала  отырып,  мәдени  мінез-
құлықтың  қарапайым  адамгершілік  құндылықтарын  үйрету.  Адамгершілік  тәрбиесі 
көркем  әдебиетпен  тығыз  байланысты,  себебі  балалар  әдебиетін  оқыту  –  адамгершілік 
тәрбиесінің  алтын  арқауы.  Адамгершілікке  тәрбиелеуде  мектепке  дейінгі  кезеңнің 
атқаратын  ролі  зор,  тиімділігі  де  айтарлықтай.  Бұл  кезде  баланың  қарапайым 
адамгершілік сезімдері тез, қауырт дамиды,  адамгершілік қасиеттер жөніндегі  алғашқы 
ұғымдары  қалыптасып,  өзіндік  мінез-құлықтары  көріне  бастайды,  күнделікті  өмірден 
үлкендердің  еңбегі  туралы  кейбір  түсініктерді  алады.  Бұлар  баланың  санасында  із 
қалдырып,  өзі  атқаратын  іс-әрекет  түрлерін  білуге,  үлкендерді  сыйлауға,  бағалауға, 
еңбекке дұрыс көзқарас қалыптастыруға мүмкіндіктер тудырады. 
Адамгершілік  адамзат  қоғамының  даму  тарихы  арқылы  қалыптасып,  әрбір 
дәуірдің өзіндік қайшылықтарымен бірте қайнасып жетіледі. Сондықтан да адамгершілік 
мәнін  абстрактылы  түрде  қарап,  оны  адамдардың  табиғатымен,  биологиялық 
ерекшелігімен ғана байланыстыруға болмайды. 

90 
 
Адамгершілік тәрбие оқу-тәрбие үрдісінің барлық салаларында, яғни оқыту, білім 
беру барысында және еңбек үрдісінде жүзеге асырылады. 
Адамгершілік  жағынан  қалыптасуы  оның  өмірге  келген  күнінен  басталады. 
Мектепке дейінгі жаста баланың бастапқы адамгершілік сезімдері мен ұғымдары, мінез-
құлықтың  ең  қарапайым  дағдылары  қалыптасады.  Баланың  мектеп  жасына  дейінгі 
қалыптасқан  мінез-құлықтары  келешекте  ересек  адамдармен  және  құрбы-құрдастармен 
қарым-қатынастарында көзге түседі. 
Балалардың  мінез-құлқы  мен  тәртібін  тәрбиелеу  үшін  бағдарламалық  тәрбие 
міндеттеріне,  олардың  күші  мен  мүмкіндігімен  сәйкестендірілген  қолайлы  жағдай 
тудыруға  назар  аудару  қажет.  Балабақшадағы  заттарды  пайдалану  мен  оларды  күтіп 
ұстаудың,  сақтаудың  берік  тәртібі,  өзін  қоршаған  ортаның  ұйымдастырылған  өмір 
ағымы, айналадағы заттардың реттілігі болуы керек. 
Балабақшадағы ұйымшылдық, реттілік, тәртіптілік оларды жақсы дағдыларға тез 
қалыптастырады.  Себебі,  балалардың  тәтібіне  педагогикалық  әсер  ету  ғана  емес,  өзін 
қоршаған  ортаның  жинақылығы,  балабақшадағы  жұмыстың  дұрыс  жолға  қойылуы  да 
тиімді әсер етеді.  
Баланың  тәртібіне  белгілі  талаптар  қою  олардың  орындалуын  бақылаумен 
ұштасады.  Бақылаудың  әлсіреуі  балаға  тәртіп  бұздырады.  Талап  пен  бақылау 
тәрбиешінің  берген  бағасы  арқылы  бекітіледі,  ол  балалардың  іс-әрекетінің  қайсысы 
дұрыс, қайсысы бұрыс екенін тануға, тәртіп ережелерін игеруге мүмкіндік жасайды.  
Мектепке  дейінгі  жылдарда  бала  ересектердің  жетекшілігімен  жақын 
адамдарымен,  құрдастарымен,  заттармен,  табиғатпен  қарым-қатынас  жасаудың,  тәлім-
тәрбие  алудың  бастапқы  тәжірибесіне  ие  болады.  Балалардың  іс-әрекеттерін  басқара 
отырып,  тәрбиеші  олардың  бойында  Отанын  сүю,  айналадағыларға  ықыласпен  қарау, 
шамасы  келгенше  оларға  көмектесуге  ұмтылу,  дербес  іс-әрекетте  белсенділік  және 
белгілі  бір  іске  бастама  (инициатива)  көрсету  сияқты  адамның  маңызды  сипаттарын 
қалыптастырады.  Дұрыс  тәрбие  балаларда  теріс  тәжірибе  көбеюіне  жол  бермейді, 
баланың  адамгершілік  сапасының  қалыптасуына  қолайсыз  әсер  ететін  мінез-құлықтағы 
теріс дағдылар мен әдеттердің дамуына кедергі жасайды.  
Үлкендермен  қарым-қатынас  жасау  процесінде  оларға  үйір  болу,  оларды  жақсы 
көру  сезімі,  олардың  нұсқауларына  сай  әрекет  жасауға,  оларды  қуантуға,  жақын 
адамдарын ренжітетін қылықтар жасамауға ұмтылу пайда болады. Бала өзінің тентектік, 
қателік жасаған кездегі  реніші немесе наразылықты көргенде толқуды бастан кешіреді, 
ал  өзінің  жақсы  қылықтарына  жылы  шыраймен  қараса  оған  қуанып,  жақын 
адамдарының  ризашылдық  білдіруінен  рақат  алады.  Эмоциялық  әсерлену:  жақсы 
қылықтарына,  үлкендердің  мақтауына  риза  болу,  өзінің  орынсыз  қылықтарынан: 
үлкендердің  ескертуінен,  наразылығынан  ұялады,  қапалану,  уайым  жеу  оның 
адамгершілік  сезімдерін  қалыптастырудың  негізіне  айналады.  Мектепке  дейінгі  шақта 
балада қайырымдылық, жанашырлық, қуанышқа ортақтасу сезімдері қалыптасады. Сезім 
балаларды  белсенді  іс-әрекетке:  көмек  көрсетуге,  қамқорлық  жасауға,  көңіл  аударуға, 
жұбатуға,  қуантуға  итермелейді.  Патриоттық  сезімге:  туған  өлкесін,  Отанын  сүюге, 
басқа  ұлттардың  адамдарын  құрметтеуге  тәрбиелеудің  ерекше  маңызы  бар.  Мектепке 
дейінгі  балалардың  ерекшелігі  еліктеу  қабілеттілігінің  айқын  көрінуі  болып  табылады. 
Тәрбиеші  балаларда  үлкендерге  құрмет  көрсетуді,  өз  қатарларымен  дұрыс  қарым-
қатынас  жасауды,  заттарға  ұқыпты  қарауды  білдіретін  сан  алуан  мінез-құлық 
дағдыларын қалыптастырады. 
Бала  ата-ананың  қамқорлығы  мен  махаббатына,  олардың  қарым-қатынасы  мен 
еркеліктеріне  мұқтаж.  Ата-ананың  балаға  деген  махаббаты  мен  олардың  қамқорлығы 
баланың да жауапты үн қатуын шақырады, бала ата-ананың сөзіне құлақ салып, тәрбиелі 
болып  өседі.  Егер  бала  махаббат  пен  қамқормен  бөленсе,  ол  өзінің  қандай  екеніне 
қарамастан жақсы көретінін, өзгелер үшін қажетті де, сүйікті жан екенін түсінсе, ол өзін 

91 
 
қорғанған,  біреуге  қажеттілігін  түсінеді.  Осының  бәрі  оның  мейірбан  болып  өсуіне 
жақсы ықпалын тигізеді. 
Адамгершілік  тәрбиесінің  маңызды  заңдылығы  балаларды  ұжымда  тәрбиелеу 
заңдылығы. Ұжым – бұл баланың жеке басын қоғамдық бағытта қалыптастыру мектебі. 
Мұнда  оның  жеке  қасиеті,  қабілеттілігі  және  адамгершілік  сапалары  неғұрлым  айқын 
көрінеді. Адамның адамгершілік тазалығы ең алдымен оның әрекетінде көрініс табады. 
Ұжымда  бала  өзінің  білімін,  айналадағы  дүниеге,  іс-әрекетке  көзқарасын:  көмек 
көрсетуге,  нәтиже  шығаруға,  құрбыларына  қамқорлық  жасауға,  рахымдылыққа, 
қарапайымдылыққа,  еңбек  етуге  ұмтылуын  көрсете  алады.  Ұжымда  тәрбиелеу 
заңдылығы тәрбиешілерді әр баланың мінез-құлқына ізгі ықпал жасауы үшін балаларды 
бірлесіп қызмет жүргізудің алуан түрлеріне біріктіруді  міндеттейді. Бұл заңдылықты іс 
жүзінде  қолдану  тәрбиешінің  мейірімділікті  балалардың  жеке  ерекшеліктерін, 
адамгершілік  тәжірибесін,  дамуы  мен  мүмкіншіліктерін  ескере  отырып  талап  қоя 
білумен ұштастыра білуінен көрінеді. Мұның өзі олардың  ұсыныстарын, идеялары мен 
ұмтылыстарын  басып  тастамай,  адамгершілік  мінез-құлықтың,  тәртіптіліктің  негізін 
қалыптастыруға,  топта  орнатылған  тәртіпті  құрметтеуге  мүмкіндік  береді.  Өз  кезінде 
тәрбиешіден  ұстамдылық,  шыдамдылық,  орынды  қатаңдық,  тәрбиеленушілерге 
құрметпен қараушылық талап етіледі. Сезімге, санаға және мінез-құлыққа ықпал жасау 
бірлігі  заңдылығы  жеке  адам  дамуы  үдерісінің  біртұтастығы  ұғымынан  туады.  Ол 
адамгершілік  тәрбие  құралдары  мен  әдістерін  таңдап  алуда  кешенді  қатынасты  талап 
етеді. Тәрбиелік ықпал жасаудың мазмұнын белгілей отырып, ол балада эмоциялық әсер 
тудыра  ма,  түсінікті  бола  ма,  айналадағы  өмір  құбылыстары  туралы  белгілі  бір 
ұғымдарды,  сондай-ақ  іс-әрекет  түрткілерін  қалыптастыра  ма,  саналы  мінез-құлыққа 
тәрбиелей ме деген мәселелерді ескерген жөн. Балалар бақшасында және жанұяда балаға 
қойылатын  талаптардың  жүйелілігі,  бірізділігі  және  бірлігі  мінез-құлық  дағдыларын 
бекем  меңгеруді,  баланың  жеке  басының  адамгершілік  қасиеттерінің  қалыптасуын 
қамтамасыз етеді.     
Атақты педагог  Сухомлинский;  «Бала  кезде  үш жастан  он екі  жасқа дейінгі 
аралықта әр адам  өзінің  рухани  дамуына  қажетті  нәрсенің бәрін  де ертегіден  алады.  
Тәрбиенің  негізгі  мақсаты-  дені  сау,  ұлттық  сана  сезімі  оянған, рухани  ойлау  дәрежесі 
биік,  мәдениетті,  парасатты,  ар-ожданы  мол,  еңбекқор, іскер,  бойында  басқа да игі 
қасиеттер  қалыптасқан ұрпақ  тәрбиелеу.  Ертегінің  рухани  тәрбиелік  мәні  зор. 
Ол балаға рухани  ляззат  беріп,  қиялға қанат бітіретін,  жасбаланың  рухының  өсіп 
жетілуіне  қажетті  нәрсенің  мол  қоры  бар  рухани  азық«,  деп  атап  көрсеткен.                                                                                         
Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат-міндеттерінің ең бастысы — 
өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу.                      
Ұрпақ  тәрбиесі —  келешек  қоғам тәрбиесі.  Сол  келешек  қоғам иелерін  жан-
жақты жетілген,  ақыл-парасаты  мол,  мәдени —  ғылыми  өрісі  озық  етіп  тәрбиелеу —
 біздің де қоғам алдындағы борышымыз. 
 Қолданылған әдебиеттер: 
1. Дүкенбаева Г. Мектеп жасына дейінгі балаларды ойын арқылы адамгершілікке 
тәрбиелеу. Алматы,1992. 
2. Нысанбаева Ә. Ой. Ақыл. Адамгершілік. Алматы,1994. 
3.  Отбасында  балаларды  адамгершілікке  тәрбиелеудің  кейбір  мәселелері. 
Алматы,1985. 
4.Айджанова  З.  Балаларды  адамгершілікке  тәрбиелеудің  бүгінгі  мәселелері    Ұлт  
тағылымы-2003-№4. 
5. Бала тәрбиесі № 2 2006 ж , № 4 2008 ж 
 
ҚҰЛЖАНОВА НӘЗИПА СЕГІЗБАЙҚЫЗЫНЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ 
МҰРАСЫ 

92 
 
 
ҚҰРМАНЖАНОВА А. 
Алматы қаласы Алматы университеті,педагогика және психология 
мамандығының студенті 
Ғылыми жетекшісі:ҚАЛДАРБЕКОВА А. 
Алматы қаласы Алматы университетінің аға оқытушысы, ф.ғ.м. 
 
Қазақ  халқының  мемлекеттік  тәуелсіздікке  ұмтылысында  өр  тұлғалы  қазақ 
қыздарының да үлесі зор болды. Қазақ қыздарының мінезіне тән ерекше бір қасиет оның 
қайтпас  қайсарлығы,  өжеттігі,  тіпті  керек  кезде  ел  үшін  Отан  үшін  отқа  түсуге  дейін 
баруға  батылы  жететіндігі  дәлелденген.  Тарихта  ел  намысын  ерлерше  қорғап,  қайрат 
көрсеткен қазақ әйелдері де баршылық. 
Қазақ  елінің  тәуелсіздігі  жолында  жан  аянбай  күрескен  тұлғалардың  өмір  жолы 
мен қалдырған еңбектерін зерттеу объектісі етіп алу айрықша есте ұстар қажеттерімізден 
саналады.  ХХ  ғасырдың  20-30  жылдары  тарих  сахнасына  шыққан  қайраткерлердің  
көбінің  өмірі  репрессиямен  тұйықталды.  Олар  қуғын  –  сүргіннен  бас  көтере  алмай, 
ақырында өмірлерімен қоштасты. 
Қазақстан  республикасының  Президенті  Н.Назарбаев:  «Біз  демократия  мен 
нарықтық экономиканы принципті түрде сақтаймыз. Алайда, әр қоғамның өз ерекшелігі 
бар,  ол  қалайда  ескерілуге  тиіс,  қайталанбас  этномәдениетке,  діни,  тарихи  қасиеттерге 
ие.  Ал  енді  кімде-кім  мұны  түсінбесе,  кімде-кім  жақындық  және  рухани  тұрғыда  өз 
халқының  мәдени  кейпінде  болмаса,  онда  ол  өз  тамырын  ғана  жоғалтып  қоймайды, 
сонымен  бірге  одан  кез  келген  басқа  мәдениетте  теріс  айналады.  Бұл  тура 
мағынасындағы  мәңгүрттікке  бастайтын  тура  жол»,  -  деп,  қоғам  үшін  аса  маңызды 
мәселе жөнінде орнықты пікірін айтты. Қазіргі жаһандану үрдісі еніп келе жатқан бүгінгі 
күнде өз тәуелсіздігіне қол жеткізген Қазақстан үшін ел Президенті ескертіп отырған өз 
келбетінен  айрылып  қалмау  мәселесі  өзекті   және  өткір.  Болашақ  ұрпақты  тәрбиелеуде 
ұлтына  сай  ұлттық  сезім,  бойында  патриоттық  тәрбие  бар  ұлтжанды  ұрпақ  тәрбиелеу 
ұстаз бен ата-ана міндетті[1].  
Осы  тұрғыдан  келгенде   20-30  жылдары  қазақ  қыздарының  арасынан  суырылап 
шыққан  Алма  Оразбаева,  Нағима  Арықова,  Шолпан  Иманбаева,  Аққағаз  Досжанова, 
Мәдина  Бегалиева,  Сара  Есова  сияқты  қайраткерлердің  еңбегі  жүйелі  түрде  зерттеле 
беруге тиіс. 
ХХ ғасыр басындағы қазақ мәдениетінің тарихында ерекше із қалдырған тұлға  – 
Нәзипа  Сегізбайқызы  Құлжанова.  Ағартушы,  ұстаз,  әлеумет  қайраткері,  журналист, 
жазушы,  аудармашы   Н.С.  Құлжанованың  тағдыр  талайына  Қазақстанның   ХХ  ғасыр 
басындағы  аса  күрделі  қоғамдық  –  саяси  істеріне  араласу  тиесілі  болды.  Қазақ 
тарихындағы қайшылықтар мен өзгерістерге толы дәуірде Н.Құлжанова өз жолын тапты.  
Н. Құлжанова бұрынғы Торғай облысы, Жангелдин ауданында туған. Ол Ыбырай 
Алтынсарин  ұйымдастырған  мектепте  оқып,  кейін  Қостанайдағы  гимназияға  түседі. 
Бұны бітірген соң Орынбордағы мұғалімдер семинариясында оқып, үздік бітіреді. 1904 
жылы  Семейдің  мұғалімдер  даярлайтын  семинариясына  оқытушы  болып  кіреді.  Осы 
жылдары  қоғамдық  істерге  белсене  араласады.  Абайдың  қайтыс  болуына  10  жыл 
толуына  байланысты  кеш  ұйымдастырып,  (1914),  орыс,  қазақ  тілдерінде  баяндама 
жасайды[2]. 
1920-1922  жылдары  Ақмолада  мұғалім,  1923-1925  «Қызыл  Қазақстан» 
журналының  жауапты хатшысы болады. 
Н.С.Құлжанова  ұлт  туын  көтеріп  саяси-қоғамдық  маңызды  істерге  араласқан 
қазақ  халқы  арасынан  суырылып  шыққан   азаматтарға  ілесіп  уақыт  алдыға  тартқан 
міндеттерді  шешуге  іркілмей  ат  салысқан.  Алаш  қаласында  Гүлбаһрам  Тынышбаева 
ханым  “Әйелдер  қоғамын”  ұйымдастырып,  оның  құрамында  Нәзипа  Құлжанова  да 

93 
 
болған.  Алдарына  қойған  мақсаты  –  Алаш  әскеріне  киім-кешек  дайындау.  Жаңа 
басталып келе жатқан әйелдер қозғалысының басында  Нәзипа Сегізбайқызының болуы 
қуанарлық жәйт. 
Н.Құлжанова  өзінің  жеке  басымен  санаспай  қоғам  алдыға  қойған,  әлеумет 
ұсынған жұмыстардың қай-қайсысын да жатсынбаған. Архив деректерінен ұшыратпасақ 
та бір шағын өмірбаяндық дерекке тап болдық. Ақын, қайраткер Сәкен  Сейфуллин 1923 
жылы жазған “Самұрық” өлеңін  “Қазақстан әуе кемесіне жәрдем жинаушы бірінші қазақ 
әйелдері комитетінің бастығы  Нәзипаға  тартам” деген ескертпемен жариялапты. 
Ер азамат иығымен көтере алатын жаңа істің басы-қасында қазақтың талдырмаш 
қызы  Нәзипа  Құлжанованың  болуы  С.Сейфуллинді  сүйсіндірсе  керек.  Бұл  Нәзипа 
Сегізбайқызына жүктелген қыруар шаруаның бірі ғана. 
Нәзипа  Сегізбайқызы  Құлжанованың  бөліп  айтарлық  ерекшелігі  ұлы  ұстаз 
Ыбырай Алтынсарин ашқан мектептің түлегі болумен қатар, ол дарынды тұлғаға лайық 
шәкірттік  мінезді  бойына  сіңіріп,  тәлімгерлік  өнегені  жете  ұғынып  бар  күш–қуатын, 
білімін сарқа жұмсап, өзі де соңғы буынға ұланғайыр еңбек сіңірді. 
Н. Құлжанова 1925-1929 жылдары А.М. Горький, В.Г. Короленко, А. Куприн, Б.А. 
Лавренко,  А.  Скиталец,  Н.К.  Крупскаялардың   еңбектерін  қазақ  тіліне  аударды.  Н. 
Құлжанова  А.  Байтұрсыновтың  ұстаздық  үлгісінен  нәр  алған  адам.  Ол  өзі 
педагогикалық   бірнеше  еңбек  жазды.  Оның  біріншісі  «Ана  мен  бала»,  ал  екіншісі 
«Мектептен бұрынғы тәрбие» (1923) деп аталады. 
«Мектептен  бұрынғы  тәрбие»  1923–қазақ  педагогикасында  сәбилер  тәрбиесіне 
арналған  алғашқы  әдістемелік  құрал.  Мұнда  мектепке  дейінгі  балаларға  арналған 
мекемелердің тарихы, олардың Отандық және шетелдік үлгілері де сөз болады. Мектепке 
дейінгі  тәрбиенің  мәні  мен  оның  қазақ  жеріндегі  ерекшеліктері  де  ашылады.  Ол 
табиғатты  сүю  мен  еңбекке  тәрбиелеуді  баса  көрсетіп,  екеуін  де  өзектес  мәселе  деп 
қарайды.  Өзі  де  Қазақстанда  мектепке  дейінгі  мекемелерді  ұйымдастыру  ісіне  белсене 
араласады.  Н.  Құлжанованың  «Мектептен  бұрынғы  тәрбие»  атты  еңбегіне  А. 
Байтұрсынов кіріспе сөз жазып, бұл еңбекке «Қазақстан топырағындағы жаңа тақырыпқа 
арналған тың туынды» деп жоғары баға берді[3]. 
Н.Құлжанова  мектепке  дейінгі  тәрбие  мекемесінің  жұмыс  мазмұнын,  атқаратын 
қызметін  айта  келіп,  баланы  тәрбиелеу  мен  өсірудегі  ұлттық  ойындардың 
ерекшеліктеріне тоқталады. Үш пен жеті жас аралығындағы балалардың физиологиялық 
ерекшеліктерін-бала  әлемін  сөз  етеді.  Әсіресе,  жас  баланың  айналаны  білуге  деген 
құмарлығын,  сөйлеуге,  сұрақтар  беруге  бейім  болатынын,  сол  арқылы  ойы  өсіп 
жетілетінін  айта  келіп,  «баланың  ойын  дамыту  үшін  олардың  сұрақтарын  жауапсыз 
қалдыруға  болмайды.  Қазақтар  баламен  сөйлесуге  жете  мән  бермейді.  Сондықтан 
олардың сөйлеу мәдениеті жетілмейді», - дейді. Баланы табиғат арасында тәрбиелеудің, 
табиғат құбылыстары жайында үнемі әңгіме жүргізудің мәніне тоқталады. Н. Құлжанова 
баланы жас кезінде көбінесе табиғат аясында тәрбиелеудің тиімділігін айта келіп, «бала 
даланың кеңдігіне шолпылдатып суға түсіп, жүгіріп құспен бірге сайрап, көбелек қуып, 
шыбын-шіркей,  құрт-құмырсқамен  бірге  көкорай  шалғын,  тоғай  арасында  сайрандап 
жүріп, көңілі де, жан-тәні  де бірдей өсіп өркендемек»  - дейді. Автор осы пікірін әрмен 
қарай жалғастыра келіп, «Әрбір қылықты жақсы адам мінезінің түпкі негізінде болатын 
еңбектеу, көңіл көтеру, және денесі еліктегіш талшыбықтай икемді, нәзік сезімді болып 
келеді»  -  деп,  мектеп  жасына  дейінгі  балалардың  тыныс-тіршілігін  сөз  етеді.  Н. 
Құлжанова  баланы  үйде,  балабақшада  еңбекке  бейімдей  тәрбиелеудің  маңызына 
тоқталады.  Ол  үшін  әр  балабақша  жанында  биологиялық  бұрыш,  тәжірибе  үлескісі 
болуы керек. Бала торғайды, қоянды, тотықұсты, кірпікшешенді, балықты өсіруді білсін, 
аулаға  көкөніс,  гүл  отырғызып,  оған  су  құюды  үйренсін,  саз  балшықтан  ойыншықтар 
жасап  үйренсін  дейді.  Н.  Құлжанова  баланың  санасын  оятып,  қиялын  өсірудегі 

94 
 
ойыншықтардың  тәрбиелік  рөліне  ерекше  мән  береді.  Ойнай  білу  дегеніміз  –  ойлай 
білуге үйрету» дейді. 
Н.  Құлжанова  мектепке  дейінгі  тәрбиенің  басты  бағыттары  «Тән  саулығы», 
«Баланың  сырт  сезімдерінің  дамуы»,  «Заттың  түр-түсін  ажыратуы»,  «Бала  тілінің 
шеберлілігі»,  «Баланы  еңбекке дағдыландыру»,  «Баланың әдемілік сезімін ояту»,  «Бала 
ойындары  мен  ойыншығы»,  «Баланы  көпшіл  болуға  баулу»  деп  жіктей  келіп,  осы 
мәселелердің әрқайсысының мән-мағынасын ашып талдайды. 
Н.Құлжанова  мектепке  дейінгі  тәрбие  туралы  жазған  еңбегінің  құндылығы, 
біріншіден,  оның  Қазақстан  топырағында  тұңғыш  мектепке  дейінгі  педагогика 
ғылымының  негізін  салушы  педагог-ғалым  болуымен  ерекшеленсе,  екіншіден, 
Н.Құлжанова  мектепке  дейінгі  педагогиканы  биология,  медицина  ғылымдарының 
жетістіктерімен  байланыстыра  қарастырады,  үшіншіден,  ол  қазақ  этнопедагогикасын 
әлем  елдерінің  этнопедагогикасымен  үндестіре  білді,  төртіншіден,  Н.Құлжанованың 
еңбектерінде  қазан  төңкерісінің  қарсаңындағы  көшпелі  қазақ  елінің  тұрмысы,  сол 
уақыттағы  ауыл  мен  қала  өмірінің  шындығынан  алынған  нақты  көріністер  айқын 
байқалады[4]. 
Ана  мен  бала  тәрбиесі,  әсіресе  баланы  мектепке  дайындау  жайында  әдістемелік 
құралдар ана тілімізде күні бүгінге дейін тапшылық етуде. Олай болса бұдан 75-80 жыл 
бұрын  жазылған  Н.  Құлжанованың  еңбектері  күні  бүгінге  дейін  өзінің  құндылығы 
жоғалмаған аса құнды еңбек екені даусыз. 
Сөйтіп, Н. Құлжанова – мектепке дейінгі педагогиканың негізін тұңғыш салушы 
педагог, ғалым болды. 
Н. Құлжанованың осынау тың жатқан істі өз міндетіне алуы – оның қазақ қызына 
тән  қайсарлық,  батырлық,  көрегендігін  көрсетеді.  Оған  себепкер  ұлтын  сүйгендігі 
болғаны ақиқат. Қазіргі таңда болашақ ұрпақтың бойына осы білімділікті, қайсарлықты, 
ұлтын  қадірлеуді,  қастерлеуді,  тілін  құрметтеуде  оның  еңбектерінің  тәрбиелік 
мәнділігінен көруге болады. 
Нәзипа Құлжанова – атқарып кеткен мәдени-ағартушылық, ұстаздық, журналистік 
еңбегімен аса биік бағаға лайық тұлға. 
1934  жылы  небәрі  47  жаста  жарық  дүниемен  қош  айтысқан  қайраткер  қазақ 
қызының  өмірі  де,  сол  қысқа  өміріндегі  кездескен  сан  түрлі  қиындықтар  мен  атқарған 
елеулі  қызметі  де  ұмытылмайды.  Қазақтың  біртуар  ұстазы  заманның  қиындығына 
мойымай  күресіп  жүріп  еңбек  еткен  аяулы,  қаһарман  қызы  келешек  ұрпағына  маңызы 
зор, тәрбиелік мәні бар еңбектер қалдырды. 
Пайдаланған әдебиеттер: 
1.
 
Н.Ә. Назарбаев.  Ғасырлар тоғысында. Астана, 2000. 
2.
 
Н. Құлжанова.«Мектептен бұрынғы тәрбие» 
3.
 
Н. Құлжанова. «Ана мен бала» 
4.
 
Ж.Әбиев Педагогика тарихы. Алматы,2006  
 
ИЗУЧЕНИЕ МОТИВАЦИОННОГО ПОТЕНЦИАЛА СТУДЕНТОВ 
СПЕЦИАЛЬНОСТИ ПЕДАГОГИКИ И ПСИХОЛОГИИ 
 
МАМЫРОВА З. 
Студентка 3 курса специальности: педагогика и психология, ЖГУ имени 
И.Жансугурова  г.Талдыкорган 
Научный руководитель: ТУЛЕПОВА С.И. старший преподаватель, магистр, ЖГУ 
имени И.Жансугурова  г.Талдыкорган 
 
  Президент  Республики  Казахстан-Назарбаев  Н.А.  в  своем  Послании  Народу, 
основываясь на Стратегии развития до 2030 года, поставил амбициозную цель-в течение 

95 
 
10 лет войти в число 50 наиболее конкурентноспособных стран мира. Определены семь 
приоритетных  направлений  развития,  осуществление  которых  будет  способствовать 
решению  этой  задачи.  Одним  из  этих  ключевых  приоритетов  является  развитие 
современного образования и науки [1] 
  Проблема  исследования  мотивационного  потенциала  студентов  является  одной 
из  актуальных  в  психолого-педагогической  науке.  В  основе  развития  мотивационной 
сферы,  включающей  в  себя  потребности,  мотивы,  направленность  личности  лежат 
мотивы,  интересы,  мировоззрения,  убеждения  .  [2  с.584]    Наиболее удачным  периодом 
развития  мотивационной  сферы  является  юношеский  возраст,  точнее  период  обучения 
студента в вузе. 
  В характеристике психологического склада личности, в изучении потребностно-
мотивационной  сферы  человека  мотивы  занимают  одно  из  центральных  мест.  В 
психологической  литературе  под  потребностью  понимается  движущая  сила 
человеческой  деятельности,  поведения,  которая  стимулируется  нуждой  в  объектах, 
необходимых  для  существования  и  развития  будущего  специалиста  и  выступает 
источником его активности.  
Для  удовлетворения  его  потребности  необходима  актуализация  в  сознании 
студента конкретного предмета, способного удовлетворить появившиеся потребности и 
превратившегося  в  цель  деятельности.  Выбор  цели  осуществляется  из  того,  насколько 
эта цель соответствует нормам, ценностям, мировоззрению студента. После выбора цели 
формируется конкретное желание ее достижения. 
   Учебная  деятельность  окажется  малоэффективной,  если  у  студента  не  будет 
заинтересованности,  внутренней  мотивации  в  достижении  поставленной  цели,  точне 
получения  профессиональных  знаний  и  умений.  Эта  заинтересованность  выражается  в 
мотивировании  субъекта  на  соответствующую  деятельность.  Мотивация  выполняет 
оценочную  и  компенсирующую  роль.  Формирование  деятельности  начинается  с 
принятия  ее  личностью.  Формирование  деятельности  начинается  с  принятия  ее 
личностью.  Возникает  желание  выполнить  эту  деятельность,  которую  стимулируют 
активность  этой  личности  в  соответствующем  ее  направлении.  Мотивация  пробуждает 
трудовую  ее  активность  и  влияет  на  формирование  ее  целей  и  путей  ее  достижения. 
Функция мотивирования является необходимым структурным элементом общей системы 
деятельности.  Все  побудительные  источники  активности  личности  объединяются 
понятием  мотивационной  сферы.  Она  включает  потребности,  интересы,  стремления, 
убеждения,  установки  личности.  Вместе  с  тем  мотивирующей  силой  могут  обладать 
также  социальные  нормы,  правила,  жизненные  принципы,  цели,  ценности,  система 
мировоззрения  в  целом.  Важнейшим  источником  мотивов  являются  потребности,  в 
которых отражается зависимость человека от условий существования и развития. [4 с.46-
48]   
  Студент  в  процессе  овладения  будущей  профессией,  должен  руководствоваться 
сознанием  своей  полезности  и  необходимости.  Эффект  мотивирующих  воздействий 
может  быть  высоким  если  проявить  в  общении  со  студентами  ясность  и  искренность 
своих  намерений,  умение  убеждать  и  настаивать  на  достижение  поставленных  целей. 
Надо заботиться, чтобы студенты умели средства обучения которые им необходимы 
Мотивационная  включенность  студента  в  учебную  деятельность,  как  сложное 
психическое  состояние,  представляет  осознание  им  личностной  значимости  учебной 
деятельности,  принятие  норм  и  ценностей  будущей  профессии  и  заинтересованность  в 
их  освоении,    сознательно  принятого  намерения  саморазвития  социально  и 
профессионально  значимых  качеств  личности,  овладение  навыками  саморегуляции 
психических  состояний,  способов  и  приемов  эмоционального  усиления  интереса  к 
предмету учебной деятельности. [3 с.27-31]   

96 
 
  От  силы  учебной  мотивации  студентов,  в  значительной  мере  зависят  учебная 
активность  студентов  и  успеваемость.  В  нашем  исследовании  мы  решили  познать 
мотивационную  сферу  студентов,  установить  реальное  положение  дел,  адекватно 
познать учебную мотивацию студентов специальности «педагогика и психология» 
В  данной  статье  мы  провели  опрос  среди  студентов  2-4  курсов  специальности 
«педагогика  и  психология»,  «дошкольное  обучение  и  воспитание»  чтобы  выявить 
уровень  личной  их  заинтересованности  в  обучении.,  насколько  они  работают  в  плане 
саморазвития  социально  и  профессионально  значимых  качеств,  чего  они  ожидают  от 
своей специальности, профессии 
 
Студенты 
специальнос
ти 
«педагогика 
и 
психология» 
Обращаются 
ли 
Ваши 
знакомые 
к 
Вам 
за 
помощью  как 
к  будущему 
специалисту 
Умеете  ли  вы 
проводить 
психологичес
кие  тренинги, 
игры, 
мозговые 
штурмы и др. 
Насколько это 
интересно для 
вас? 
Работаете  ли 
Вы ежедневно 
над 
повышением 
своего 
профессионал
изма, 
читаете  ли  вы 
специальную 
литературу 
Наскольк
о 
Вы 
уверены  в 
себе? 
Хотите ли 
Вы 
открыть 
собственн
ый 
кабинет 
для 
решения 
професси
ональных 
проблем 
2 курс 
25% 
30% 
40% 
90% 
100% 
3 курс 
49% 
75% 
88% 
90% 
100% 
4 курс 
58% 
78% 
95% 
95% 
100% 
 
Выяснилось, что студенты заинтересованы в освоении своей будущей профессии, 
мечтают стать востребованными специалистами на рынке труда, но они не так уверенны 
в  своих  профессиональных  способностях,  в  плане  проведения  психологических 
тренингов, дискуссий, затрудняются в плане проведения психодиагностических методик, 
также не все студенты работают в плане саморазвития, самоповышения объясняя это тем 
что не умеют рационально распределять и планировать свое время. 
Также мы провели опрос среди студентов данной специальности какие формы и 
методы обучения они хотели бы видеть в своей учебной деятельности. 
 
 Формы проведения занятий 
2 курс 
3 курс 
4 курс 
Запись лекций 
5 % 
10% 
7% 
Игровые ситуации 
80% 
90% 
90% 
Тренинги 
88% 
88% 
90% 
Решение ситуационных задач 
78% 
95% 
95% 
Коллоквиумы 
15 % 
20% 
15% 
Контрольные работы 
7% 
10% 
15% 
Производственная практика 
78% 
85% 
90% 
Самостоятельная  работа  (рефераты,  конспекты, 
эссе) 
25% 
35% 
40% 
Работа в группах 
80% 
85% 
90% 
Микропреподавание 
88% 
90% 
78% 
 
Подводя  итог  нашему  исследованию,  отметим  что,  придерживаясь  учета 
интересов  студенческой  молодежи  ,  мы  сделаем  учебный  процесс  более  интересным  и 
мобильным, что будет способствовать развитию мотивационного потенциала студентов 
Литература: 

97 
 
1.Послание к Народу Президента Республики Казахстан Н.А.Назарбаева 2006 г. 
2.Психология. Учебник. Под ред. А.А.Крылова-М: «ПРОСПЕКТ», 1998-584 с. 
3.Верещагина  Л.А.,  Карелина  И.М.  Психология  потребностей  2-е  изд.  Харьков: 
Гуманитарный центр. 2005 г. с.27-31 
4.Cластенин В.А., Г.И.Чижакова. Введение в педагогическую аксиологию.М.2006 
стр.46-48 
 

жүктеу 5.21 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   45




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет