Поэзия падишасы Фариза Мейрам Камила Сүйіндікқызы



жүктеу 29.97 Kb.
Pdf просмотр
Дата10.02.2017
өлшемі29.97 Kb.

                                                     

 

 



 

Поэзия падишасы - Фариза  

 

 

 



Мейрам Камила Сүйіндікқызы

 

 



    

Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы, 

                                                        

Қиыннан қиыстырар ер данасы. 

                                                        

Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп, 

                                                        

Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы. 

                                                                                                (

Абай) 


 

       


Сөздің патшасы етіп санаған өлеңге қазақтың бас ақыны, ұлы кемеңгер 

данышпаны Абай ерекше баға беріп, қадір тұтқан. Ол ақындық өнерді өзгеше 

бағалаған. Олай болса, өлең-құдіретті күш.Оны оқи отыра толғанасың, ойға 

шомасың, шалқисың... Ендеше, ақынға қойылар талап-тілек те күшті болмақ.  

       

Әр сөзі, әр өлең жолы тәрбиеге толы, оқырманға әсер ететін, оны биік 



шыңдарға жетелейтін өлеңнің орны ерекше. Ақын қаншалықты қиялға бай, 

пікірі шебер болса, оның шығармасы да әсерлі болады. Осы ретте, 

Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, көрнекті 

ақын, ірі тұлға, біртуар суреткер Фариза Оңғарсынованың поэзиясы бір 

бөлек. Бүгінгі таңда уақыттың өзі даралап, нақтылап, саралап берген, 

поэзиядағы алғашқы қаламынан, алғашқы туындысынан-ақ өзін көпшілікке 

таныта білген ақынның әр өлеңі ерекше. Әр өлеңі бір әлем бола білген ақын 

апамыздың әр шығармасын үлкен сүйіспеншілікпен оқи отырып, жадымызда 

сақтаймыз. Себебі онда үлкен махаббаттың лебі сезіледі.  

       


Бүгінгі жас еліміздің ертеңгі мықты тірегі болса, олар қандай болу керек, 

яғни біздер өзімізге деген үлкен сенімді қалай ақтауымыз керек деген ойлар 

мен секілді жастарды көп мазаласа керек. Сонда бұған жауапты біз аға буын 

өкілдерінің іс-әрекетінен, ақын- жазушыларымыздың шығармаларынан 

жауабын таба аламыз деп айтсам артық болмас. Өзімізге деген үлкен сенімді 

сезіне отырып, бойымызда жауапкершілік арта түседі.  

     

Кезінде жастардың, студенттердің, думанды кештері Фариза апамыздың 



өлеңдерінсіз өтпесе, туған халқын құрметтеуге, сыйлауға, оның әр дәстүрін 

қастерлеуге шақыратын ақын апамыздың әр өлеңі өз оқырманының жүрегіне 

жол таба білуде. Оның кітабы әр қазақтың үйінен табылады. Оған дәлел 

анамның студент кезінен сүйікті кітабының біріне айналған Фариза 

апайымыздың екі томдық өлеңдер жинағы біздің үйіміздің жеке 

кітапханасында ерекшеленеді. Әр үйдің жеке кітапханасынан өзіндік орын 

алып, жүректен шыққан туындыларын халық жүрегіне жеткізе білген сүйікті 


қызын халқы әрқашан мақтан етеді. Фариза Оңғарсынованы жас та, кәрі де 

біледі. Оның өмірбаянын оқығанда жастайынан әкеден жетім қалып, оған 

деген сүйіспеншілігін өз өлеңдері арқылы жеткізе білуінде үлкен тәрбиелік 

мән бар. «Перзент сөзі», «Анама» тағы басқа өлеңдерін оқығанда, ата-анаға 

деген мейіріміміз одан сайын арта түседі. Сазгер туған жеріне ән арнаса, 

суретші суреттесе, ал ақын өз өлеңі арқылы туған жерге деген 

сүйіспеншілігін, оған деген ыстық махаббатын жырлайды. Ал оқырманның 

сол өлеңді оқи отырып, өз еліне, жеріне, Отанына деген махаббаты артады. 

Ана мен бала мәселесін көтере білген Фариза Оңғарсынова талай игі істердің 

басшысы да бола білді. Ақын өз ұлтының, өз халқының сөзін сөйлеуші. 

Оның әр өлеңінде біздің қанымызға тән халықтық пен ұлттық ерекшелік 

айқын сезіледі. Ал жастар арасында «Сағына түссін дедің бе?», «Сен 

туралы», «Қызғанып қалма,жаным,сен» өлеңдері кең таралуда.   

      -


Сен мұңайсаң сан ойлар қоршап мені,  

      


деп қаламын: «Жүр екен аңсап нені...» 

      


Жалт етіп бір қараған жанарыңнан  

      


Жан-күйіңді ұғамын сол сәттегі,- 

 

деп жырлаған өлең жолдарын бүгінде жастар бір-біріне SMS-хат арқылы 



көптеп жолдауда.  

       


Өзге ақындардың махаббат лирикасынан өзгеше, өзіндік ерекшелігімен 

дараланған, адам жанының тереңіне үңіле білген, соны жыр ете білген 

Фариза Оңғарсынованың шеберлігі, даралығы биік. Фаризаны жата- жастана 

оқитын оқырмандары ақынды өз досындай, сырласындай , мұңдасындай  

жанына жақын көреді. Өйткені Фариза әлемі қарапайым да күрделі, 

шығармаларының қазығы- халық тағдыры, қуанышы мен қайғысы. Академик 

З.Қабдоловтың сөзімен айтар болсақ, «ақын көкірегіндегі сезім  оқырман 

сезімі, ақын көңіліндегі сыр оқырман сыры болады да шыға келеді». Образға, 

мазмұнға бай ақын жырлары оқырман жадыңда тез жатталады. Өлеңдері 

өмірдің күнделігі іспетті оқырман жүрегіне жол тауып жатады.  

        

Фариза жыры «айдын көл, шалқар теңіз емес, тылсым мұхит» деп 

бағалайды заманымыздың заңғар жазушысы Әбіш Кекілбаев ақын 

поэзиясын.  

    

Ал ақын мен поэзия Мұқағали Мақатаев ұғымында біртұтас бейне.  



                         

Поэзия! 


                         

Менімен егіз бе едің? 

                         

Мен сені сезесің бе? Неге іздедім? 

                         

Алауыртқан таңдардан сені іздедім 

                         

Қарауытқан таулардан сені іздедім,-  

деп жырлаған ақын халықтың жүрегіне жол табатын өлең тудыру оңай емес 

екенін сезіне білді. Ендеше, осындай талаптардың бірінен де сүрінбей өткен 

Фариза Оңғарсынованың әр өлеңі дара, мықты шығарма болып отыр. Сонау 

Чикагодан бастау алған «Бір ел-бір кітап» акциясы біздің елімізде де үлкен 

қызығушылықпен  ұйымдастырылуда.  Биылғы  Фариза  Оңғарсынованың 

«Дауа»  жыр  жинағы  жылдағы  дәстүр  бойынша  оқырман  арасында  кеңінен 

оқылатынына  әрі  қызыға  талданатынына  мен  кәміл  сенемін.  Поэзия-

падишасы Фариза Оңғарсынованың өлеңдері бұдан да әрі оқырман арасында 

кең  таралып,  жастар  арасында  нағыз  патриоттық,  азаматтық  және 

толлеранттық үлгісін таныта алатын ең биік көркем туынды бола алады деген 

сенімдемін.  Ақын  бейнесін  теледидардан  көргенде  қазір  жауапты  өлеңмен 

нақыштап  қайтарады  деп  отырасың.  Оның  әрбір  сөзі  үлкен  мағынаға  толы. 

«Мен де осындай болсам екен» деп отырасың. Оның әр ісін, әр қимылын жай 

ғана  бақылап  қоймай,  өзіңе  қажет    дүние  аласың.  Ал  өлеңдерін  оқығанда, 

алыстан Фариза апайдың бейнесі саған қарап «Ұқтың ба, балам?» деп айтып 

тұрғандай  сезінесің.  Көз  алдыңда  өлең  жолдарындағы  әр  сәт  құтты  бір 

кинофильмдей суреттеліп өтіп жатады. Сонда сен үлкен сезімге беріліп, ақын 

өлеңдерін  бірінен  кейін  бірін  үзбей,  ал  тоқтасаң  бәрі  де  бітіп  қалатындай 

сезініп  оқи  бересің,  оқи  бересің.  Ендеше,  бойында  шығармашылығы  мол 

талантты  Фариза  Оңғарсынованың  әр  өлеңі  жастың  да,  кәрінің  де  ең 

таңдаулы шығармасы бола бермек.

                                                                                                                           



 


жүктеу 29.97 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет