ПОӘК 042-18. 39 119/01-2013 10. 09. 2013 ж. №1 басылым 107 беттің 1



жүктеу 5.31 Kb.
Pdf просмотр
бет8/15
Дата27.01.2017
өлшемі5.31 Kb.
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15

ПОӘК 042-18.39.1.119/01-2013 
10.09.2013 ж.  № 1 басылым  
107 беттің 50 
 
көрсетілген  қолданбалы  программалар  үшін  тиімді  және  ол  Windows  ОЖ    үшін  оптимизацияланған, 
басқалары әртүрлі мултимедиялы және ойын-сауық программаларымен жүмыс істеуге негізделген. 
 
№9 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары 
1.
 
Ақпаратты кескіндеу технологиясы қандай?  
2.
 
Монитор таңдау критерилерін атаңыз. 
3.
 
Бейнеадаптерлер дегеніміз не?  
4.
 
Үшөлшемді графиканы күшейткіштер (3D Accelerator) қандай болады? 
5.
 
Жаңа бейнеадаптерді орнату немесе жетілдіру қалай жүзеге асады?  
6.
 
Мультимедиа үшiн бейнеадаптерлер қандай? 
7.
 
Мониторлар және адаптерлердiң ақауын қалай қалай түзетеміз? 
 
 
Тәжірибе  10.  Аудиоаппаратура. Дыбыстық тақшалардың дамуы. Мультимедиалық 
компьютерлер тарихы  
Жоспар: 

 
Аудиожүйе компоненттері;  

 
Дыбыстық тақша таңдау критерилері;  

 
Дыбыстық файлдар;  

 
Дыбыстық тақша: негізгі түсініктері және терминдері. 
 
Дыбыстық  тақшаны  таңдау  критериі 
Компьютердің  дыбыстық  мүмкіндігінің  кеңдігіне  қарамастан,  пайдаланушы  құрылғының  
дыбысталуына  талап  өсті,  аппараттық  жабдықтардың  күштілігінің  жоғарлауына  қажеттілік  артты.  
Қазіргі  күнде  көптеген  компьютерлерде  қолданатын  унифицирленген  мультимедиялық  аппараттық  
қамтуда  құрамына  келесілер  кіретін  мультимедиялық  жүйе  толық  толық  түрде  санасы  алмайды: 

 
Компьютерлік  ойындардағы  шынайы  көлемдік  дыбыстарда; 

 
DVD  фильмдегі  жоғары  сапалы  дыбыстар; 

 
Сөзді  тану  және  дауыстық  басқару; 

 
Дыбыстық  файлдарды  жазу  құру  форматтары  MIDI,  MP3,  WAV,  CD-Audio. 
Ойындар  
Дыбыстық  адаптерлер  арқасында  компьютерлік  ойындар  сапалы  жаңа  деңгейге  өтті.  
Әдеттегі  стереофондық  дыбыс  ойналуы  компьютерлік  ойындардың  жанкүйерлері  үшін  аздық  етті.  
Төбелес  алңдағы  шынайы  қатысушы  ретінде  өзін  сезіну  үшін  пайдаланушыға  4  немесе  одан  да  
көп  колонкалар  қолданатын  дыбыстық  тақшаларды  таңдау  керек,  сондай-ақ  бағытталған  
дыбыстың  технологясының  бірін,  мысалы:  Creative  Labs  компаниясының  EAX,  Sound  Blaster,  
Sensaura-ның  3D  Positional  Audio,  ESS  компаниялар  пайдаланатын  Video  Logic,  аналог  Devices,  C-
Media  және  NVIDIA.  Бұл  стандарттарды  қолдау  көптеген  дыбыстық  тақшаларда  аппараттық  
деңгейлерде  немесе  программалық  қамту  эмуляциялық  өзгерісінде  орындалады. 
Дыбыстық  тақша,  соңғы  жылдары  құрылған  дыбыстық  тақшалар  кейінгі  замандық  
компьютерлік  ойындар  шарттарымен  жақсы  атқарады.  Аппараттық  жабдықтардың  эмуляциясының  
деңгейі  арқасында  іске  асатын   DirectX-те  тұрғызылған.  НEL  дыбыстық  тақшалары  өте  ерте  
версиялы  программаның  іске  асуы  кезінде  аппараттық  мүмкіндіктер  жоқ,  мысалы:  3  мәртелік  
дыбыс.  Мынаны  ескеру  керек:  орындалған  эмуляция  дыбыстың  қажетті  сапасың  
қанағаттандырмайды  және  компьютерлік  ойындар  жылдамдығына  әсер  ету  мүмкін. 
 
Дыбыстық  тақшаларда  көрсетілетін  минималды  шарттар     
Компьютерлік  баталияларға  толық  қатысу  үшін  келесі  төменде  көрсетілген  дыбыстық  
тақшалардың  мүмкіндігіне  көңіл  аудару  керек: 

 
Микрокестеде  құрылған  3  мәртелік  дыбысты  қолдау.  3  мәртелік  дыбыс  мынаны  білдіреді,  
дыбыстың  экранда  болып  жатқан  алыстан  немесе  жақыннан  шығуы,  қасында  немесе  басқа  
жерде.  Microsoft  DirectX  құрамына  3  мәртелік  дыбысты  қолдау  кіреді.  Алайда  3  мәртелік  
дыбыс  тұрғызылған  аудио  адаптерді  қолданған  жөн. 

ПОӘК 042-18.39.1.119/01-2013 
10.09.2013 ж.  № 1 басылым  
107 беттің 51 
 

 
DirectX  басқа  да  API  3  мәртелік  қатарында  қолданады.  Мысалы:  Creative  компаниясының  
EAX,  EAX2.0,  Sensaura  компаниясы  3D  Positional  Audio  және  А3D  технологисы  немесе  
Aureal  компаниясы. 

 
D-дыбыстық  жылдамдату.  Микрокестесі  бар  дыбыстық  тақшалар  осы  мүмкіндікті  
қолданатын  өте  төмен  коэффициент  процессор  жүктелуі,  ойындардың  жалпы  жылдамдығы  
ұлғаюына  әкеледі. 

 
Өте  жақсы  көрсеткіш  әкелу  үшін  микрокестелерді  қолдану.  Бұл  әсіресе  процессор  жиілігі  
1  Ггц  кем  емес  немесе  жұмылу  кезінде  жоғары  рүұсатпен  түс  тереңдігі  үшін. 
Дыбыстық  тақташа:  негізгі  ұғымдар  және  терминдер 
Дыбыстық  тақташа  не  екенін  білу  үшін  бірінші  негізгі  терминдерді  анықтап,  мысалы  16  
разрядты  компакт-дисктің  қасиетің,   MIDI  порт  және  т.б. 
 Дыбыс  табиғаты 
Бірінші  дыбыс  не  екенін  анықтайық.  Дыбыс – бұл  ауадағы  толқындар  не  басқа  ортадағы  
толқындар.  Дыбыстар  құлаққа  естілгенде,  онда  орналасқан  элементтер  жыбырын,  дыбыс  естіледі. 
Әрбір  дыбыс  толқын  мен  жылдамдығымен  бөлінеді. 
Жиілік – бұл  дыбыстың  минуттағы  қақтығысы,  ол  Гц  өлшенеді.  Бір  цикл  ол  толқынның  
барып-қайтқан  уақыты.  Толқын  неғұрлым  жоғары  болса,  онда  оның  тоны  да  жоғары. 
Адам  құлағы  толқынның  аз  ғанасың  естиді.  Кейбіреулер  ғана  дыбыстың  төмен  16  гц  және  
20  кГц  дыбысты  естиді.  Рояльдің  ең  төмен  нотасы  27  Гц,   ал  ең  жоғарғысы  4  кГц.  Ең  жоғарғы  
толқын,  оларды  FM  станциялары  береді,  ол  15  кГц. 
Дыбыстық  адаптердің  қасиетін  бағалау 
Дыбыстық  адаптердің  қасиетің  анықтаудың  3  тәсілі  бар: 
1.
 
толқын  диапазоны; 
2.
 
дыбыс  қатынасы; 
3.
 
сызықтық  емес  коэффициент. 
Дыбыстық    мінездеме    толқынның    диапазоның,    жазылатын    және    шығарылатын    амплитуда  
деңгейі  бір  қалыпта  тұрады.  Көптеген  дыбыстық  диапазон  30  Гц-тен  20  кГц-ке  тұрады. 
Дискреттеу 
Ол    сандық    формадағы    процесс.    Бірінші    стандартты    МРС    8-разрядты    дыбыс    қаралады.  
Дискреттік  дыбыстың  деңгейі  16,8  млн  құрайды. 
Дыбыстық  микросхеманың  негізгі  шығарушысы 
Дыбыстық    қондырғының    көбін    шығаратын    компаниялар    Creative    Labs,    Philips,    басқасы  
дыбыстық  микросхема  шығаратын  фирмалардан  тұрады. 

 
Cirrus  Logic/Crystal  Semiconductors 

 
ESS  Technology 

 
C-Media  Electronics  (CMI) 

 
Forte  Media,  Inc 

 
Realtec 
Үш  деңгейлік  дыбыс 
Дыбыстық  тақшаға  ең  қиын  кедергі,  ойын  қатарына  кіретін,  тапсырмалардың  орындалуы,  
үш  деңгейлік   дыбыспен  байланысты.  Бұл  сияқты  тапсырмаларды  орындаудың  бірнеше  факторы  
бар: 

 
Дыбыстың  әр  түрлі  стандартты  позициялары; 

 
Аппараттық  және  программалық  қамтамасыздандыру,  үш  деңгейлік  дыбысты  қамту; 

 
DirectX-пен  қатысты  проблемалар. 
Позициялық  дыбыс 
Позициялық  дыбыс  тақшасы  3D-дыбыстың  қасиетің  көрсетеді.  Direct  3D  версиясының  
қазіргі  және  өтпелі  кітапханасы  Microsoft  DirectX   кіретін  және  оның  версиясың  көрсетеді. 
1999  жыл  бойы  2000  жылға  дейін  А3D  компаниясының  Aureal  және  EAX  компаниялары  
Creative  Labs.  2000  жылдың  ортасына  қарай  Aureal  компаниясы  жабылды,  одан  Creative  Labs.  
Бұл  A3D  компаниясы  жабылуына  әкелді. 
 

ПОӘК 042-18.39.1.119/01-2013 
10.09.2013 ж.  № 1 басылым  
107 беттің 52 
 
Үш  деңгейлі  дыбысты  өңдеу 
Екінші  жақсы  қасиет  ол  үш  деңгейлі  дыбыстық  тақшаны  жөндеу.   
Үш  деңгейлі  дыбыс  
өндірісі  және  суреттеуі  көрсететін  қызығы  сол  ең  алғаш  компьютер  ойындарда  болады.   
 
№10 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары 
1.
 
Аудиожүйе компоненттерін атаңыз? 
2.
 
Дыбыстық тақша таңдау критерилері қандай? 
3.
 
Дыбыстық файлдар қандай?  
4.
 
Дыбыстық тақша: негізгі түсініктері және терминдерін атаңыз. 
 
 
Тәжірибе 11.  Енгізу-шығарудың тізбектей,  параллель және басқа да интерфейстері 
Мақсаты:  Порттармен  танысу,  оладың  айырмашылықтары  мен  артықшылықтарын  білуге 
үйрету. 
Жоспар

 
Енгізу-шығару порттарына кіріспе;  

 
USB және IEEE-1394 (i.Link) FireWire; 

 
Стандартты тізбектей,  параллель порттар; 

 
Тізбекті порттар. Параллель порттар.  
 
Ендіру – шығару порттарына кіріспе 
Порттар жасалу түріне қарай параллель және тізбекті болып бөлінеді. 
Дербес  компьютерлерде  негізгі  ендіру/шығару  интерфейсі  үшін  тізбектелген  және  параллель 
порттар  қолданылады.  Тізбектелген  портқа  информацияны  беруші  және  қабылдаушы  қондырғылар 
жалғастырылады.          Тізбекті  портта  информация  бір  ғана  өткізгіш  арқылы  беріледі.  Тізбекті  портқа 
“тышқан”  тетігі,  модемдер  қосылады.  Компьютерде  СОМ1/СОМ3  және  СОМ2  /  СОМ4  оларды  бір 
мезгілде  қолдануға  болмайды.  Тізбекті  порт  ұяшықтар  (розетка  )  түрінде  жасалады  да  9  немесе  25 
контактілі болады. 
Ендіру/шығару  интерфейстеріне  тізбектелген,  параллель  порттар  және  универсаль  тізбектелген 
шина (Universal Serial Bus), IEEE – 1394, SCSI мен IDE жатады. Тізбектелген портты – асинхронды 
тізбекті  интерфейс  деп  айтады  да,  ол  компьютерлер  арасында  байланыс  орнату  үшін  қолданылады. 
Тізбектелген  термині  деректерді  бір  ғана  өткізгіш  арқылы  яғни  бит  информациялардың  тізбектелініп 
бірінен соң бірінің берілуін сипаттайды.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Типті  жүйеде  жүйелік  блоктың  артқы  панелінде  бір  немесе  екі  тізбектелген  порт 
орналастырылады.  Цифрлық  камера  орнатуға  арналған  тізбекті  порты  бар  компьютерлерде  кездеседі. 
Ол жүйелік блоктың алдыңғы бөлігінде орналасады.  
Қазіргі  кездегі  аналық  тақшаның  құрылымына  тізбектелген  портты  басқаратын  Super  I/O 
микросхемасы кіреді. (Немесе South Bridge интегралдалған микросхемасы қолданылады). Тізбектелген 
портқа  модем,  плоттер,  принтер,  құралдарды басқару  схемаларын,  сканер  және  басқа  компьютерлерді 
қосуға болады. Негізгі  RS  –232C стандартты тізбектелген порт қолданылады. Ол бір  – бірімен сәйкес 
 
     
шығыс        пернелер тақтасы    тізбектелген порттар       параллель порт                 видео порт 
ұяшықтар   mouse ұяшығы 

ПОӘК 042-18.39.1.119/01-2013 
10.09.2013 ж.  № 1 басылым  
107 беттің 53 
 
емес құрылғылар арасында да информация алмасуға мүмкіндік береді. Қондырғыларда жалғастырушы 
өткізгіш ұзындығы 15м аспауы керек. 
Тізбектелген  порт  UART  (Universal  Asynchronous  Receiver/Transmitter  -  әмбебап  асинхронды 
қабылдаушы/таратушы)  микросхемасында  жасалынып,  оның  көмегімен  компьютерден  алынған 
деректерді параллель түрден тізбектелген форматқа және керісінше түрлендіру әрекеттерін басқарады. 
PC/AT  компьютерлерінде    UART  16450  микросхемалары,  PS/2  компьютерлерінде  UART  16550 
микросхемалары  қолданылады.  Кейбір  жағдайларда  көптеген  тізбектелген  порттарды  қолдану 
қажеттілігі туады. Ондай жағдайларда көппортты  тақшаларды Remote Access Service – RAS қолдануға 
болады. 
1990  жылдан  бастап  UART  микросхемасын  аналық  тақшада  Supe  I/O  деген  атпен  қолдана 
бастады. Бұл көпрежимді тізбектелген порт, ол екі UART тізбектелген портынан тұрады. (жұмсақ диск 
және пернетақта контроллері, кей жағдайда CMOS). Қазіргі жүйелерде Supe I/O функциясы South Bride 
микросхемасымен  интеграцияланған.  Компьютерге  тізбектелген  портты  қосқаннан  соң  оның  ендіру  – 
шығару адресі мен IRQ үзілісін таңдап алу керек. 
Компьютердің  артқы  бөлігіндегі  панельде  сыртқы  құрылғыларды  кабельдер  арқылы  қосуға 
мүмкіндік беретін ұяшықтар орналасқан. Олардың формалары әр түрлі, сондықтан атаулары да әр түрлі 
болады.  
 
Параллель порттар     
Параллель портқа негізінен принтер қосылатындықтан оны “принтерлік” порт деп атайды. Оның 
параллель  деп  аталуы  сигналдарды  бір  мезгілде  8  өткізгіш  арқылы  бере  алады.  Параллель  портта 
информация тізбекті портқа қарағанда жылдам жеткізуге болады. Компьютерде параллель порттар  LPT 
1, LPT 2, LPT 3 деп таңбаланады да вилка (штырлар) түрінде жасалады.  
 
Параллель порттардың  IEE 1284 стандарты 
1994  жылы  бекітілген.  Бұл  стандартты  паралель    порттардың  физикалық  сипаттамасы,  сыртқы 
сигналдардың  өзгеру  сипаттмасы  белгіленген.  Ол  принтермен  қатар  сыртқы  құралдарды 
(дискіқозғағыштар, желі адаптерлері) қосуға мүмкіндік береді. 
IEEE  1284  стандартының  өткізгіштік  қабілеті  жоғары,  оның  көмегімен  екі  компьтерді  қатар 
қосуға болады. IEEE 1284 стандарты  А, В, С типтерінде жұмыс істей алады.   
 
 
1993  жылдан  бастап    EPP,  ECP  8-разрядты  параллель  порттар  қолданылады.  Олар  50  кб/c 
жылдамдықпен информация  тасымалдауға мүмкіндік береді.  
Қазіргі  кезде  РС-  тобындағы  компьютерлерде  «PS/2»  типті  «екі  бағытты»  және  «кеңейтілген» 
параллель порттар бар. Оның көмегімен екі бағытта деректерді компьютерлермен сыртқы құрылғылар 

ПОӘК 042-18.39.1.119/01-2013 
10.09.2013 ж.  № 1 басылым  
107 беттің 54 
 
арасында алмасуға мүмкіндік береді. Екі бағытты информация алмасу порты 8- разрядты ендіру/шығару 
мүмкіндігін береді, оның информация алмасу жылдамдығы 150 кб/c.  
EEP  жетілдірілген портын 1991 жылы октябрь айында   Intel,  Xircom және   Zenith Data Systems 
компаниялары  шығарған.  Бұл  порт  ISA  шинасында  барлық  жылдамдықта  жұмыс  істей  алады, 
өткізгіштік  қаблеті басқаларынан 10 есе жоғары. Оның желі адаптерлері, дискіқозғағыштар, магниттік 
дискілер үшін информация алмасу жылдамдығы 2 мб/c . 
ECP- Enhanced Capabilities Port  портын Microsoft мен Hewlett– Packard компаниясы 1992 жылы 
шығарады. Ол EPP –ға ұқсас, информация алмасу қаблеті жоғары.  
USB ұяшығы 
USB, Fire Wite – ендіру/шығару интерфейсін USB және IEEE  –1394 тізбекті шинасында үстелге 
қоятын және портартивті компьютерлер үшін жоғары жылдамдықта жұмыс істейтін құрылғы  жасалды, 
оларды iLink немесе  Fire Wite  деп атайды. Бұл жоғары жылдамдықты коммуникациялық порт бұрынғы 
порттардан өзгеше қолданылу аясы кең. Оны SCSI портына альтернатив ретінде қолдануға болады да 
сыртқы  периферийлік  құрылғылардың  барлық  түрін  қосуға  мүмкіндік  береді.  Ол  бір  мезгілде  8,  16 
өткізгіш арқылы  информация жеткізе алады.  
    
USB құрылғысына басқа құрылғыларды қосу үшін жаңа тақшалар қою, жүйені түрлендіру 
қажет  емес  және  жүйені  үнемдеу  қолдануға  мүмкіндік  береді.  USB  порты  бар  компьютерге  сыртқы 
құрылғыларды қосқанан соң, баптап орналастыру өздігінен орындалады. Бұл стандартты Intel фирмасы 
жасады. Оның алғашқы түрі 1996 жылы, ал 1.1 түрі 1998 жылы жасалды.  
 
USB арқылы бірнеше құрылғыларды қосу үшін концентраторды қолдану керек. Оның көмегімен  
USB  –ның    бір  портына  пернелер  тақтасын,  “  тышқан”  тетігін,  цифрлы  камера,  принтер,  телефон  т.б 
қосуға  болады.  Компьютерге  негізгі  концентратор  деп  аталатын  модуль  орналастырылады,  ол  басқа 
құрылғыларды қосуға арналған негіз болып табылады. Аналықтақшада  2 немесе 4 USB порты болады.   
USB ұяшықтарының А және В типтері болады. USB штепселі USB ұяшығына бекітіледі.       
 
 

ПОӘК 042-18.39.1.119/01-2013 
10.09.2013 ж.  № 1 басылым  
107 беттің 55 
 
Пернелер тақтасының ұяшығы арнайы DIN ( Deutsche Industry Norm) стандарты бойынша аналық 
тақшаға  жалғастырылады.  АТХ  типті  тақшаларға  пернелер  тақтасы  PS/2  ұяшығы  арқылы  қосылады, 
сондықтан  бұндай  тақшаға  ескі  пернелер  тақтасын    қосу  үшін  аралық  ауыстырып  қосқышты  қолдану 
керек. 
№11 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары 
1.
 
Енгізу-шығару порттары қандай? 
2.
 
USB және IEEE-1394 (i.Link) FireWire порттары қандай? 
3.
 
Стандартты тізбектей,  параллель порттардың айырмашылықтары қандай?  
4.
 
Тізбекті порттар және параллель порттар артықшылықтары қандай? 
 
 
Тәжірибе 12.  Қоректену блогы және корпус.  
 
Жоспар: 

 
Қоректену блогының рөлі.  

 
Қоректену блогының жұмыс принципі және міндеті.  

 
Жүйелік тақшаның қоректену разъемдары.  

 
Перифериялық құрылғылардың қоректену разъемдары.  

 
Қоректену блогының қызметі.  

 
Қоректену блогына қатысты қиындықтар.  

 
Қоректену блогын жөндеу.  

 
Қоректену блогын айырбастау.  

 
Қоректену желісіндегі қорғау құрылғылары. RTC/NVRAM батареялары. 
Қоректендіру  блогының  қызметі  желіден  келетін  электр  энергиясын  компьютердің  жеке 
блоктарының  тұтына  алатын  формасына  түрлендіріп  беру  болып  табылады.  Қоректендіру  блогы 
желіден келетін    220 В, 50  Гц айнымалы кернеуді тұрақты  + 5 В, + 12 В кернеулерге түрлендіреді. 
Қоректендіру блогының  7 форм факторы бар. Оның бесеуі IBM  конструкциясы үшін, екеуі Intel 
негізінде  жасалған.  Қазіргі  жүйеде  оның  үш  форм  факторы  ғана  қолданылады.  Форм  факторлардың 
атауы    аналық  тақшалардың  атауына  сәйкес  келеді.  PC/XT,  AT  және  LPX  форм  факторларындағы 
қоректендіру  блоктарын  аналық  тақшаға  қосу  үшін  6  контактілік  жалғастырушылар  қолданылады 
қазіргі кезде барлық компьютерлерде АТХ форм факторы қолданылады. 
Цифрлық  схемаларды  (аналық  тақша,  адаптерлер  тақшасы,  дискілі  ақпарат  сақтағыштардың 
логикалық  тақшалары)  қоректендіру  үшін  +  5В,  ал  дискіқозғағыш  және  басқа  да  двигательдерді 
қоректендіру үшін  + 12В кернеу қолданылады. Бұл кернеулер бір қалыпты болған жағдайда компьютер 
сенімді жұмыс істейді. 
Қоректендіру  блогы  тек  қана  қажетті  кернеулерді  шығарып  бермейді  сонымен  қатар  кернеудің 
компьютер  қалыпты  жұмыс  істеуіне  сәйкес  келетіндігіне  де  бақылау  жасап  отырады.  Барлық 
қоректендіру блоктарында сыртқа шығатын кернеуді алдын–ала тексеріп отыратын құрал орнатылған. 
Кернеу  нормаға  сәйкес  болғанда  ғана  аналық  тақшаға  Power  Good  (қалыпты  қоректендіру)  сигналы 
жіберіледі. Ол сигнал болмаса компьютер жұмыс істемейді. 
 

ПОӘК 042-18.39.1.119/01-2013 
10.09.2013 ж.  № 1 басылым  
107 беттің 56 
 
Қоректендіру блогына артық жүктеме түскенде немесе ол қызып кеткен кезде шығыс кернеулері 
нормадан асып кетуі мүмкін. Бұл жағдайда компьютерде жұмыс істеуге болмайды. Одан қорғау тәсілін 
ІВМ  фирмасы  жасап  шығарған.  Бұл  жағдайда  Power  Good  сигналы  компьютерді  уақытша  қолмен 
өшіруге  мүмкіндік  береді.  Ауыстырып  қосқыш  көмегімен  Power  Good  линиясын  ортақ  өткізгішпен 
тұйықтасақ, тактілік сигналдар шығару және процессор жұмысы тоқталады. Өткізгіш  ажыратылғанда 
компьютер  сигнал  беріп,  Power  Good–тың  қалыпты  жұмыс  істеуі  басталады.  Бұл  қызметті 
компьютердің  алдыңғы  панелінде  орналасқан  Reset  батырмасы  атқарады.  Қоректендіру  блогынан 
шығатын өткізгіштер арнайы вилкалар арқылы бөлінеді де, ондағы өткізгіштер түрлі-түсті болады. 
 
 
Коректендіру блогы  
Дискі қозғағыштарды қоректендіретін вилкалар өткізгіш түстеріне қарай төмендегідей кернеулер 
шығарады. 
  
№ 
Өткізгіштің түсі 
Кернеуі 
1. 
2. 
3. 
4. 
Сары. 
Қара.  
Қара. 
Қызыл 
+ 12 В. 
Ортақ. 
Ортақ. 
+ 5.  
  
Қазіргі  кездегі  қоректендіру  блогының  қуаты  250  Ватқа  дейін  жетеді.  Ол  мультимедиалық 
құрылғыларды да көректендіруге мүмкіндік береді. 
 
 
АТХ тақшасы жұмыс істейтін қоректендіру блогының ерекше қасиеті, ол бағдарламалық әдіспен 
компьютерді  өшіруге  мүмкіндік  береді.  АТХ  тақшаларындағы  көректендіру  ұяшығы  стандартты  Baby 
тақшасындағы ұяшығына сәйкес келмейді, сондықтан оларды бір – бірімен ауыстыру мүмкін есмес. 
Қазіргі  кездегі  көректендіру  блогы 

  5  В  және 

  12  В  кернеумен  қатар  3,3В  кернеу  де  бере 
алады. 
1.
 
Қоректену блогының рөлі қандай? 
2.
 
Қоректену блогының жұмыс принципі және міндеттерін атаңыз. 
3.
 
Жүйелік тақшаның қоректену разъемдары қандай? 
4.
 
Перифериялық құрылғылардың қоректену разъемдары қандай? 
5.
 
Қоректену блогының қызметі қандай? 

ПОӘК 042-18.39.1.119/01-2013 
10.09.2013 ж.  № 1 басылым  
107 беттің 57 
 
6.
 
Қоректену блогына қатысты қиындықтарды атаңыз.  
7.
 
Қоректену блогын жөндеу және қоректену блогын айырбастау қалай жүзеге асады?  
8.
 
Қоректену  желісіндегі  қорғау  құрылғылары  және  RTC/NVRAM  батареялары  қалай  жұмыс 
жасайды?  
 

ПОӘК 042-18.39.1.119/01-2013 
10.09.2013 ж.  № 1 басылым  
107 беттің 58 
 
Зертханалық практикум 
Зертханалық жұмыс 1. Санау жүйесі (2 сағ) 
Мақсаты:  Ондық санау жүйесіндегі сандарды екілік, сегіздік, он алтылық санау жүйелеріне 
ауыстыруды орындау, білімдерін бекіту. 
Жоспар: 

 
Ондық санау жүйесі; 

 
Бүтін ондық сандарды екілік санау жүйесіне ауыстыру; 

 
Ондық бөлшектерді екілік санау жүйесіне ауыстыру; 

 
Ондық сандарды сегіздік санау жүйесіне ауыстыру; 

 
Ондық сандарды он алтылық санау жүйесіне ауыстыру; 
 
 «Ондық»  аты  мынамен  түсіндіріледі:  бұл  жүйенің  түп  төркінінде  он  негізі  жатыр.  Бұл  жүйеде 
санды жазу үшін он цифры қолданылады: 0,1,2,3,4,5,6,7,8,9. Ондық жүйе позициялық болып табылады, 
өйткені  ондық  санды  жазуда  цифрдың  мәні  оның  позициясына  немесе  санда  орналасқан  орнына 
байланысты. 
    
Саның  цифрына  бөлінетін  позицияны  разряд  деп  атайды.  Мысалы,  526  жазуы  5  жүздіктен,  2 
ондықтан  және  6  бірліктен  тұратын  сан  екенін  білдіреді.  6  цифры-бірліктер  разрядында,  2-ондықтар 
разрядында, 5-жүздіктер разрядында тұрады. Егер осы санды қосынды түрінде жазатын болсақ: 
526=5*10
2
+2*10
1
+6*10
0
 
Бұл  жазбадағы  10  саны  санау  жүйесінің  негіздуішісі.  Санның  әрбір  цифры  үшін  10  негіздеуші 
цифрдың  орнына  байланысты  дәрежеленеді  және  осы  цифрға  көбейтіледі.  Бірліктер  үшін  негіздеуші 
дәреже-нөлге, ондықтар үшін – бірге, жүздіктер үшін-екіге тең және т.с.с. Мысалы, 555,55 ондық саны 
мынандай қосындымен белгіленеді: 
555,55
10
 = 5*10
2
 + 5*10
1
+ 5*10
0
+ 5*10
-1
+5*10
-2
 
Осылайша,  ондық  санның  кез  келген  цифрінің  салмағы-оның  белгілі  бір  бүтін  дәрежесі,  ал 
дәреженің мәнін сәйкес цифрдың позициясы бекітеді. 
 
Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Математиканы оқыту теориясы 5B010900-Математика мамандығына арналған студенттерге арналған пәннің ОҚу бағдарламасы
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі семей қаласының ШӘКӘрім атындағы мемлекеттік
umkd -> 3 деңгейлі смж құжаты поәК Е поәК 042-14-4-05. 20. 24/03- 2009 ж. ПoәК ««Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар»
umkd -> Оқу-әдістемелік материалдар «Математиканы оқыту теориясы және әдістемесі»
umkd -> Бағдарламасы «Дискретті математикалық логика»
umkd -> ПОӘК 042-18. 39 113/01-2013 10. 09. 2013 ж. №1 басылым 107 беттің 1
umkd -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі семей қаласының ШӘКӘрім атындағы
umkd -> ПОӘК 042-18. 39 06/01-2013 10. 09. 2013 ж. №1 басылым
umkd -> «тіршілік қауіпсіздігінің негіздері» ПӘнінің

жүктеу 5.31 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет