ПОӘК 042-18. 39 119/01-2013 10. 09. 2013 ж. №1 басылым 107 беттің 1



жүктеу 5.31 Kb.
Pdf просмотр
бет4/15
Дата27.01.2017
өлшемі5.31 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

ПОӘК 042-18.39.1.119/01-2013 
10.09.2013 ж.  № 1 басылым  
107 беттің 24 
 
2001-жылы  Intel  компаниясы  жаңа  жетістікке  жетті.Олар  жиілігі  2  Ггц-ке  жететін  Pentium  4-ті 
ұсынады.Осыған  қарамастан  AMD  Athlon  ХР  процессоры  шығарылды,  ол  жаңа  ядролы  Polomonio-ға 
ұқсас шығарылды.2001-жылы Intel және AMD компаниялары көптеген жетістіктерге жетті. 
2002-жылы  алғаш  рет  Intel  компаниясы  Pentium  4-ті  ұсынды,  оның  жиілігі  3,06  Ггц-ге  жетті. 
Бұдан  кейін  жаңа  техналогиялар  пайда  болды.Ол  Hyper-Threading  (HT)  байланысты  шығарылды.Бұл 
процессорлар  көмегімен  олар  виртуалды  екіпроцессорлы  ДК  айналды.Оның  жылдамдығы  25-40%-ке 
өсті.олар Windows Home Edition сәйкес келеді, бірақ олар екіпроцессорлы плпталарды көтере алған жоқ. 
2003 жылы AMD өзінің алғашқы 64-разрядты процессор ұсынды (құпия аты ClawHammer немесе 
K8).Ол өзіне ұқсас Intel компаниясының Pentium 4-ті озып шықты.  
Микропроцессор немесе орталық процессор – CPU (Central Proseccing Unit) дербес компьютердің 
―миы‖ болып табылады. Микропроцессор мәліметтерді есептеуді және өңдеуді орындайды және әдетте 
компьютердің  ең  қымбат  микросхемасы  болып  табылады.  Барлық  РС  –  сәйкес  келетін  компьютерде 
Intel  микросхемасының  тобымен  сәйкес  келетін  процессорлар  қолданылады,  бірақ  олар  Intel 
фирмасымен  қатар  АМD  және  Cyrix  компанияларымен  де  жобаланып  шығарылады.  Қазіргі  кезде 
процессорлар  рыногына  Intel  басым  болып  тұр.  Алайда  70  –  жылдардың  соңында  процессорлар 
рыногына  Zilog  (Z80  моделі)  және  MOS  Technology  (6502  моделі)  фирмалары  алда  болды.  Z80 
процессоры  Intel  8080  процессорының  жақсартылған  әрі  арзан  көшірмесі  болды.  1981  жылы  IBM 
фирмасы  Intel  8088  процессоры  (4,77  МГц)  және  1.0  версиялы  Microsoft  Disk  Operating  System  (DOS) 
операциялық жүйесі орнатылған өзінің алғашқы IBM РС дербес компьютерін шығарған кезде Intel және 
Microsoft  фирмаларының  бағы  жанды.  Осы  кезден  бастап  барлық  дербес  компьютерерге  Intel 
фирмасының  процессоры  және  Microsoft  фирмасының  операциялық  жүйесі  орнатылды.  Келесі 
бөлімдерде  дербес  компьтерлерде  қолданылатын  процессорлар  туралы,  осы  микросхемалардың 
техникалық  параметрлері  туралы  білетін  боласыз.  SMM  технологиясы  Шағын  компьютерлерге 
арналған  жылдам  әрі  күшті  процессорларды  құру  мақсатында  Intel  ток  көзін  басқару  схемасын  ойлап 
тапты.  Бұл  схема  процессорларға  батарея  энергиясын  үнемдеп  қолдануға,  демек  оның  қызмет  ету 
мерзімін  ұзартуға  мүмкіндік  береді.  Мұндай  мүмкіндікті  Intel  жирмасы  алғаш  рет  486  DX 
процессорының  жетілдірген  түрі  болып  табылатын  486SL  процессорында  жүзеге  асырды. 
Процессордың ток көзін басқару жүйесі SMM (System Management Mode – жүйені басқару режимі) деп 
аталады.  SMM  процессормен  құрамдас  орналастырылғанмен,  тәуелсіз  жұмыс  жасайды.  Осының 
арқасында ол процессордың белсенділік деңгейіне байланысты қуаттылықты тұтынуды басқара алады. 
Бұл  пайдаланушыға  процессордың  жекелей  немесе  толықтай  сөну  уақытының  аралығын  анықтауға 
мүмкіндік береді.  
MMX  технологиясы.  Контексте  байланысты  MMX  multi  –  media  extensions  (мультимедиялық 
кеңейтулер)  немесе  matrix  math  extensions  (матрицалық  математикалық  кеңейтулер)  дегенді  білдіруі 
мүмкін.  ММХ  технологиясы  бейне  сығуын,  суретті  басқаруды,  шифрлеуді  және  осы  кездегі 
бағдарламаларда  қолданылатын  барлық  енгізу  –  шығару  операцияларын  орындауды  жылдамдататын 
кеңейту  ретінде  бесінші  кезендегі  Pentium  процессорларының  жоғарғы  модульдерінде  (Сурет  1) 
қолданылады.  
 
 
Сурет 1. Intel Pentium ММХ процессорының астынан және үстінен қарағандағы көрінісі. 
 
ММХ  процессорларының  архитектурасында  екі  негізгі  жетілдіру  бар.  Біріншісі,  барлық  ММХ 
микросхемаларында  үлкен  ішкі  құрамдас  орналастырылған  кэш  бар.  Бұл  әр  бір  бағдарламаның  және 
барлық бағдарламалық жабдықтың орындалу нәтежелігін арттырады. Екінші жетілдіруге процессордың 
бұйрықтар  жиынын  57  жаңа  бұйрықпен  кеңейту,  сондай  –  ақ  бұйрықтардың  жекелеген  легі  – 
мәліметтердің  топтық  легі  (Single  Instruction  –  Multiple  Data,  SIMD)  деп  аталатын  бұйрықтарды 
орындаудың  жаңа  мүмкіндігін  еңгізу  жатады.  AMD  және  Cyrix  секілді  фирмалар  Intel  фирмасынан 

ПОӘК 042-18.39.1.119/01-2013 
10.09.2013 ж.  № 1 басылым  
107 беттің 25 
 
ММХ  технологиясына  рұқсат  алып,  оны  өздерінің  процессорларында  жүзеге  асырды.  Pentium 
процессорлары.  РGА  типті  қорап  осы  уақытқа  дейін  кеңінен  таралып  келді.  Ол  286  процессорлары 
үшін  80  –  шы  Pentium  және  Pentium  Pro  процессорларында  пайдаланады.  Микросхема  қорабының 
төменгі бөлігінде тор түрінде орналасқан цилиндрлік стерженьдер массиві бар. РGА қорабы ZIF (Zero 
Insertion  Force  –  қосубың  нөлдік  күші)  типті  ұяға  кіргізіледі.  ZIF  ұясының  чипті  кіргізу  және  босату 
процесін жеңілдетуге арналған тетігі бар. Pentium процессорларының көпшілігінде РGА қорабының бір 
түрі  –  SPGA  (Staggered  Pin  Grid  Array  -  цилиндрлік  стерженьдер  массивінің  шахматтық  торы  ) 
қолданылды,  мұнда  чиптің  төменгі  бөлігіндегі  цилиндрлік  стерженьдер  стандартты  бағаналар  мен 
жолдар  бойынша  емес,  шахматтық  қатар  бойынша  орналасқан.  Бұл  стерженьдерді  бір  біріне  жақын 
орналастырып, микросхема көлемін кішіреуті үшін жасалған.  
 
 
 
Сурет 2. - РGА қорабындағы Pentium 66 (сол жақта) және SPGA қорабындағы Pentium Pro 
процессоры (оң жақта) 
 
Шындығында,  Pentium  II  процессорына  дейіні  барлық  процессорлардың  қораптары  ―әрбір 
чипке – жеке ұя принцпі бойынша жобаланады. Pentium II/ III процессорларының қораптарын жобалау 
кезінде  бұл  әдістен  бас  тартуға  тура  келді,  бұл  микросхема  қорабы  Single  Edge  Cartridge  (SEC  –  бір 
жақты  байланысты  қорап)  типіне  жатады.  Процессор  мен  екінші  деңгейлі  кэш  –  жадсының  бірнеше 
микросхемасы  кішкентай  платаға  орналасқан.  Плата  металл  мен  пласмассадан  жасалған  катриджге 
жапсырылған. Катридж адаптер платасының қосқышына қатты ұқсас Slot 1 деп аталатын жүелік плата 
қосқышына  кіргізіледі.  Single  Edge  Processor  (SEP  –  бір  процессорлы  қорап)  қорабы  SEC  қорабының 
арзан  түрі  болып  табылады.  SEP  қорабында  жоғарғы  пласстмасса  қақпағы  жоқ,  сондай  –  ақ  екінші 
деңгейлі кэш – жадысы орнатылмауы мүмкін. SEP қорабы Slot 1 қосқышына кіргізіледі. Көбінесе SEP 
қорабына  арзан  процессорларды,  мысалы  Celeron,  орналастыады.  Slot  1  –  бұл  242  байланыстан 
(контакт)  тұратын  жүйелік  плата  қосқышы.  Slot  1  қосқышының  өлшемдері    сурет  3-те  көрсетілген. 
Ішінде  процессор  орналасқан  SEC  немесе  SEP  қорабы  Slot  1  қосқышына  кіргізіліп,  арнайы  тұтқамен 
бекітіледі.  Кейде  процессорды  салқындату  жүйесіне  арналған  тіреуіш  болады.  Сурет  4-те  SEC 
катриджінің  қақпағының  бөліктері  көрсетілген.  Процессормен  бөлінетін  жылуды  әлсіздедіретін  үлкен 
платинаға назар аударыңыз. SEР қорабы сурет 4-те көрсетілген.  
 
 
 
Сурет 3. Pentium II процессорына арналған Slot 1 қосқышының өлшемдері.  

ПОӘК 042-18.39.1.119/01-2013 
10.09.2013 ж.  № 1 басылым  
107 беттің 26 
 
 
Сурет 4.  Pentium II процессорына арналған SEC қорабының бөлшектері 
 
 
 
Сурет 5. SEC қорабындағы Celeron процессоры 
 
 
Pentium  III  процессоры  SECC2  (  Single  Edge  Contact  Cartridge,2  версия)  деп  аталатын  қорапқа 
орналастырылады. Бұл қорап SEC қорабының бір түрі болып табылады. Қораптың бір жағында қақпақ 
орналасқан, екінші жағынан микросхема салқындататын элемент бекітіледі. Осындай конструкциялық 
шешім  процессордан  шығатын  жылуды  тиімді  бөлуге  мүмкіндік  береді.  Мұндай  қораптағы 
процессорлар Slot 1 қосқышына кіргізіледі. SECC2 қорабы сурет 6-да көрсетілген.  

ПОӘК 042-18.39.1.119/01-2013 
10.09.2013 ж.  № 1 басылым  
107 беттің 27 
 
 
Сурет 6. Pentium II/ III процессорларына арналған SECС2 қорабы. 
 
Алғашқы  процессордың  IBM  РС  компьютерінің  пайда  болғанына  дейін  10  жыл  бұрын 
шыққанына  назар  аударыңыз.  Ол  1971  жылы  15  қарашада  Intel  4004  деп  аталды.  Бұл  процессордың 
жұмыс  жиілігі  108  кГЦ  (0,108  МГц)  құрады.  Процессор  2300  транзистордан  тұрып,  10  –  микрондық 
техногогиямен  шығарылады.  Мәліметтердің  шинасының  ені  4  разряд  болды,  ол  640  байт  жадыны 
адрестеуге  мүмкіндік  берді.  Бұл  процессор  бағдарламанатын  калькуляторларды  қолдануға  арналды. 
1972  жылдың  сәуір  айында  Intel  200  кГЦ  жиілігінде  жұмыс  жасаған  8008  процессорын  шығарды.  Ол 
3500  транзистордан  тұрып,  сол  бұрынғы  10  –  микрондық  технологиямен  шығарылды.  Мәліметтердің 
шинасының  ені  8  разряд  болды,  ол  16  Кбайт  жадыны  адрестеуге  мүмкіндік  берді.  Бұл  процессор 
терминалдар мен бағдарламанатын калькуляторларды қолдануға арналды. Процессордың келесі модулі 
8080  Intel  фирмасымен  1974  жылдың  сәуір  айында  шығарылды.  Бұл  процессор  6000  танзистордан 
тұрып  ,  64  Кбайт  жадыны  адрестеуге  мүмкіндігі  болды.  Altair  8800  алғашқы  дербес  компьютері  (РС 
емес)  осы  процессормен  жиналды.  Бұл  компьютерде  СР/М  операциялық  жүйесі  қолданылды,  ал 
Microsoft  фирмасы  оған  BASIC  тілінің  интерпритаторын  жасап  шығарды.  Бұл  мыңдаған  бағдарлама 
жазылған  компьиердің  алғашқы  моделі  болды.  Intel  8080  прцессорының  әйгілігінің  арқасында  кейбір 
фирмалар оның көшірмесін шығара бастады. Осылай, 1976 жылдың шілде айында 2,5 МГц жиілікмен 
жұмыс  істеген  (бұдан  кейінгі  модельдері  10  МГц  жиілікпен  жұмыс  істеді)  Z80  процессоры  (Zilog 
фирмасы)  пайда  болды.  Ол  Radio  Snack  фирмасы  шығарған  TRS  –  80  Model  1  компьютерлерінде 
қолданыла бастады.   
Intel  өзінің  жетістігімен  тоқталып  қалған  жоқ,  ол  1976  жылдың  наурыз  айында  6500 
транзистордан тұрып, 5 МГц жиілікте жұмыс істеді. 20 – разрядты адрес шинасының арқасында оның 1 
Мбайт  жадыны  адрестеуге  мүмкіндігі  болды.  8086  процессоры  біршама  қымбат  тұрғандықтан,  1979 
жылы Intel осы процессордың 8088 атты ―арзан‖ версиясын шығарды. Бұл процессор алдыңғысынан 8 
–  разрядты  мәліметтер  шинасымен  ерекшелінеді.  Нақ  осы  процессорды  алғашқы  IBM  PC 
компьютерлеріне орната бастады. 8088 процессоры 30000 транзистордан тұрып, 5 МГц жиілікте жұмыс 
істеді. 
 
Дәріс №6.Өзін-өзі тексеру сұрақтары
  
1.
 
Микропроцессорлық жүйенің базалық архитектурасына нелер жатады? 
2.
 
Алғашқы микропроцессорлар қандай болған? 
3.
 
Микропроцессор дегеніміз не? 
4.
 
Микропроцессор жасау технологиясының түрлері қандай?  
5.
 
Микропроцессор (поколения) буындары және олардың негізгі мүмкіндіктері қандай?  
 
 

ПОӘК 042-18.39.1.119/01-2013 
10.09.2013 ж.  № 1 басылым  
107 беттің 28 
 
Дәріс  7.  Процессорлық  модуль.  Орталық  процессор,        графикалық  процессор.  Негізгі 
операциялардың орындалуы 
Жоспар: 

 
Графикалық АРІ; 

 
Cross Fire немесе SLI;  

 
Техникалық база; 

 
Cross Fire видеокарталарының режимі мен ерекшеліктері

 
Cross Fire   кемшіліктері. 
&&& 
 
Графикалық АРІ 
АРІ интерфейсі көп платформаның негізінде тезірек жұмыс істейтін программа мен драйверлерді 
құрастыру  үшін  көмекші  рөл  атқарады.  Программалық  драйверлер  операциялық  жүйе  мен 
программалық жабдықтау үшін шығарылады.  
Қазіргі таңда графикалық АРІ-ң 2 түрі бар: 
1.
 
Оpen GL (SCI компаниясы) 
2.
 
Direct 3D (Microsoft) 
Видеоадаптерлерді  жасаушылар  Оpen  GL  стандартын  қолдаса  да,  Microsoft  компаниясы 
комплекстелген АРІ үшін Direct X  деп аталтын Direct 3D қолдауын көрсетеді. 
Direct  X  9  және  одан  кейінгі  версиялары  кеңейтілген  үшөлшемді  графика  мен  жақсартылған 
ойын  мүмкіндіктерімен  қамтамасыз  ететін  программалық  интерфейстің  соңғы  версиялары  болып 
табылады.  
Direct  X  немесе  оның  соңғы  версиясын  жүктеу  туралы  қосымша  ақпаратты  Microsoft 
компаниясының Web Direct X желісінен таба аласыз: 
www.microsoft.com/direct
 x. 
Cross Fire немесе SLI  
SLI  видеожүйесін  шығаратын  NVIDIA  компаниясының  видеотездеткіш  нарығында  ең  басты 
бәсекелесі - АТІ компаниясы. АТІ компаниясы Cross Fire видеожүйесін шығарып, нарыққа енгізді. Ол 
NVIDIA компаниясының SLI технологиясы сияқты видеожүйенің жұмысын тездетіп, бір компьютерде 
екі видеокартаның ресурстарын бір-бірімен біріктіре алады. 
Cross  Fire  видеожүйесі  мен  SLI  видеожүйесінің  арасында  көптеген  айырмашылық  бар, 
сәйкесінше  бәсекелесімен  ұқсастығы  аз.  Жақын  арада  қолданушылар  NVIDIA  мен  АТІ 
компанияларының біреуін көптеген жылдар бойы қалыптасқан пікір бойынша ғана емес, сонымен қатар 
SLI немесе Cross Fire видеожүйелерінің фактілерін негізге ала отырып таңдайды. 
Техникалық база 
NVIDIA аналогиясы бойынша, АТІ компаниясын екі видеокартасын бір «тізбекке» орнату үшін 
сол  компанияның  екі  RCI  Express  слоттары  мен  чипсеті  бар  аналық  тақша  қажет  болады.  SLI  сияқты 
Cross Fire-да жүйенің ресурстарға көп талабы бар, ал ол өз алдына сапалы қорек блогын қажет етеді. 
Сол жүйеге     талапты тереңірек қарастырайық. 
Аналық  тақша.  АТІ  RADEON  XPRESS  200  Cross  Fire  чипсетіне  негізделуі  тиіс.  Аталған  тақшалар 
AMD  SEMPRON\AITHLON  64  мен  DENTIUM  4\CELERON  INTEL  процессорлар  үшін  де 
шығарылады.  
Сондықтан  АТІ  компаниясы  бұрын  үлкен  көлемде  шығарылмаған  чипсеттерде  де  қосымша 
табыс табады.  
Видеокарталар.  Технологияның  жұмыс  істері  үшін  Cross  Fire
 
Master  жетекші  картасы  керек. 
Жетекші  картаның  басқа  карталардан  айырмашылығы  Cross  Fire  чипінің              негізделген,  әрине  бұл 
жерде бағасы да маңызды орын алады.  
Қоректену  блогы.  Осындай  күрделі  комплектіні  қамтамасыз  ету  үшін  400-450  Вт  қуаты  бар 
қоректену блогы керек. 
Міне, Cross Fire видеожүйесін құрау үшін қажетті бөліктер осы. 
Негізгі принциптер 
Cross  Fire  жетекші  видеокарталарда  тездеткіштердің  жұмыстарын  біріктіріп,  сәйкестендіретін 
арнайы  чип  орнатады.  Ол  суреттің  әрбір  пиксельдерін  өңдеп,  оларды  бір  толық  суретке  біріктіреді. 

ПОӘК 042-18.39.1.119/01-2013 
10.09.2013 ж.  № 1 басылым  
107 беттің 29 
 
Барлық  ақпарат жетекші  картаға DMS-59    DVI   арқылы беріледі. 2-картаның арасындағы кабельдің 
ұзындығы қысқа, ол ақпарат беру барысында деректердің жоғалуына жол бермейді. 
Cross Fire видеокарталарының режимі мен ерекшеліктері 
Cross Fire  видеокарталарына 3 режим тән: Super Tilling, AFR, Scissor деп бір  айырмашылығы – 
режимдерді еркін таңдауға болмайды, қажетті режим автоматты түрде драйвер арқылы таңдайды. 
Мұны    түсіну  үшін  белгілі  өңдеу  тәсілі  жеткілікті.  Оның  мәні  мынада:  кадр  2  бөлікке  бөліп 
қарастырады.  Оның  әрбіреуін  жеке  видеокарта  өңдейді.  Теория  жүзінде  бір  кадр  ПК  видеокартасына 
орнатылған видеочиптің қуатына пропорционалды түрде бөлінуі мүмкін. Бірдей карточкалар үшін кадр 
50:50  пропорциясына  сәйкес  болады.  Егер  олардың  біреуі  екіншісінен  қуаттырақ  болса,  онда  30:70 
немесе 40:60 пропорция бойынша бөлінеді.  
Алайда,  алғаш  қарағанда  бұл  режим  барлық  ойындар  үшін  бола  бермейтіндей  көрінуі  мүмкін. 
Мысалы, 30 кадрдың төменгі бөлігі жоғарысына қарағанда аз өзгереді. 
Ол үшін карточкаға арналған кадрдағы  өңдеуші  зонаны үлкейту қарастырылған. Шындығында, 
оның геометриясын сәйкестендіру үшін қосымша ресурстар қажет болады.  
   
Super Tiling 
Cross  Fire  стандартты  режим  суреті  шахмат  тақтайына  ұқсас  етіп  көптеген  кішкене 
төртбұрыштарға  бұрады.  Осы  төртбұрыштардың  жартысын  біржартысын  видеокартаға  өңдейді  ал 
екінші жартысын  басқа видеокатраға өңдейді. Бұл екі видеокартаның арасындағы ауыртпалықты тегіс 
бөлуді қамтамасыз етеді. 
Alternate Frame Rendering (AFR) 
Cross Fire-ның ең тез жұмыс режимдерінің бірі. Оның мәні мынада: бір карточка жұп кадрлардан
екіншісі  тақ  кадрлардан  осылайша  графикалық  процессорге  деген    ауыртпалық    екі  тездеткіштің 
арасында  бір  қалыпты  бөлінеді.  Негізінде  бұл  әдіс    жаңадан  пайда  болған  жоқ.  AFR  ATI-дің  ескі  екі 
чиптік    карталарында    да  қолданылған.  Бұл  режимнің  бір  кемшілігі  render-to-texture    функциясын 
қолданатын  компьютерлік  ойындарда  жұмыс  істемейді  Берілген  уақытта  өңделген  және  бейнеленген 
кадрлар  әр  түрлі  кадрлар  екендігін  ескеру  керек.  Сондықтан  AFR  сапалы  суреттерді.  Бейнелеу  үшін 
жұмыс  істейді.  Басқаша  айтқанда  AFR  стратегияға  қарағанда  симмуляторларда  азырақ  сапалықпен 
жұмыс істейді. 
Super AA 
Суреттердің  сапасын  жоғары  дәрежеде  жақсартатын  режим.  Оның  мәні  мынада:  мұндағы  екі 
карточка әр түрлі үлгідегі бір оқиғаны өңдейді. Содан соң Cross Fire типі оларды біріктіреді. 
NVIDIA    қарағанда  ATI  жұмыс  режимі  саны  көбірек.  Алайда  оның  қажетті  дәрежеде  сапалы 
болатыны  факті  емес.  AFR  технологиясымен  екі  компанияда  жұмыс  істейді.  Ал  Scissor-  болса  Split 
Frame Rendering  NVIDIA 
 Режимінің біраз өңделген түрі Super AA режимі өнімділікке  қарсы сапалы ұлғайтады.  Ал Super Tiling 
– тің кепілділігі  күмән тудырады. Сол себепті қосымша  FPS  үшін таласта  кім жеңетіні белгісіз. 
ATI Radeon Xpress 200 CrossFire Edition  
Жоғарыда  айтылғандай  ,  AMD    және  Intel    процессорларында  әр  түрлі  версиялары  бар.  ATI 
чипсетінің негізіндегі аналық тақшалар  бір немесе екі видеокартамен жұмыс режимін орнатуды талап 
етпейді.  Оны    Cross  Fire    тақшасы  автоматты  түрде  анықтайды.  Сөйтіп  NVIDIA  nForce4  SLI-ден 
ерекшеленеді. 
 
ATI Cross Fire мен  NVIDIA  SLI технологиялардың артықшылығы мен кемшіліктерін ауыстыру 
жөн болады.  

 
ATI Cross Fire технологиясына ойнау бейімделуі қажет емес. Себебі ол API DirectX және API 
Open GL  негізіндегі барлық ойындармен жұмыс істей береді. 

 
Бір  өндірушінің  бірдей  чипімен  BIOS  версиясын  сатып  алу  қажет  емес.  ATI  Cross  Fire  
карталары әр түрлі компаниялар оның өнім болуы мүмкін. 

 
ATI Cross Fire  бұрын сатылған Radeon X800/X850 модельдермен  жұмыс істей береді.  

 
ATI Cross Fire  NVIDIA  SLI –ге  қарағанда жұмыс режимдері көбірек . алайда олардың біреуі 
өнімділікке қарағанда сапаға көп көңіл бөледі.  
Cross Fire   кемшіліктері: 

 
Cross Fire    жоғары бағасы; 

ПОӘК 042-18.39.1.119/01-2013 
10.09.2013 ж.  № 1 басылым  
107 беттің 30 
 

 
Нарықта технологияға қол жеткізудің аздығы. 
Қорытынды  екі  технологияның  болашағы  бар  деп  кепілдікпен  айтуға  болады.  Болашақтың 
қандай екені белгісіз. Себебі видеокарта өнімділігін ұлғайту өткен сайын дамып жетілуде. Мүмкін бір 
жылдан кейін орта класта видеокарта Cross Fire    видеокартасынан күштірек болар. 
 
Дәріс №7.Өзін-өзі тексеру сұрақтары
   
1.
 
Графикалық АРІ дегеніміз не? 
2.
 
Cross Fire немесе SLI видеожүйелерінің айырмашылықтары қандай? 
3.
 
Техникалық базасы неден тұрады? 
4.
 
Cross Fire видеокарталарының режимі мен ерекшеліктері қандай? 
5.
 
Cross Fire   кемшіліктерін атаңыз. 
 
Дәріс  8. Ішкі жүйенің жұмыс істеуі. Үзіліс  
Мақсаты:  Үзіліс  жүйесінің  қолданылуы  мен    жұмыс  жасау  принципі  және 
ұйымдастырылуымен танысу. 
Жоспар: 

 
Үзіліс жүйесі; 

 
Үзіліс жүйесінің қолданылуы;  

 
Жұмыс жасау принципі және ұйымдастырылуы.  
 
Перифериялық  құрылғылар  деп  олардың  көмегімен  информация  компьютерге  енгізілетін 
немесе  шығарылатын  құрылғыларды  айтамыз.  Оларды  сондай-ақ,  сыртқы  немесе  мәліметтерді  енгізу-
шығару құрылғылары деп атайды.  
Сыртқы  құрылғылар.  Бұл  кез-келген  есептеу  кешенінің  маңызды  құрауыш  бөлігі.  Сыртқы 
құрылғы  кейде  ДК-нің  жалпы  бағасының  50-80  %-ін  құрайтынын  айтудың  өзі-ақ  жеткілікті.  Басқару 
жүйелерінде  және  жалпы  халық  шаруашылығында  ДК-ні  қолдану  мүмкіндігі  мен  тиімділігі  көбіне 
сыртқы құрылғының құрамы мен сипаттамасына байланысты. ДК-нің сыртқы құрылғылары машинаның 
қоршаған  ортамен,  пайдаланушылармен,  басқару  объектілерімен  және  басқа  ЭЕМ-дермен  қарым-
қатынасын қамтамасыз етеді. Сыртқы құрылғылар әр алуан, олар бірқатар белгілері бойынша жіктелуі 
мүмкін. Мысалы, міндеті бойынша сыртқы құрылғылардың келесі түрлерін ерекшелеуге болады:  

 
сыртқы жадтайтын (есте сақтаушы) құрылғылар немесе ДК-нің сыртқы жады;  

 
Пайдаланушының диалогтік құралдары;  

 
Ақпарат енгізу құрылғылары;  

 
Байланыс және телекоммуникация құралдары;  
 
Пайдаланушының  диалогтік  құралдарының  құрамына  бейнемониторлар  (дисплей)  –  ДК-ге 
енгізілетін  және  одан  шығарылатын  ақпаратты  бейнелеу  құрылғысы,  сирегірек  пульттік  басу 
машинкалары (пернетақтасы бар принтерлер) және сөздік ақпарат енгізу-шығару құрылғылары кіреді. 
Сөздік енгізу-шығару құрылғылары жылдам дамушы мультимедиа құралдарына жатады. Сөздік енгізу 
құрылғылары,  бұл  –  мысалы,  адам  айтатын  әріптер  мен  сөздерді  тануға  және  оларды  кодтауға 
мүмкіндік  беретін  күрделі  программалық  жасауы  бар  түрлі  микрофондық  акустикалық  жүйелер, 
―дыбыстық  тышқантар.  Сөздік  шығару  құрылғылары  –  бұл  компьютерде  қосылған  дауыс 
зорайтқыштар  (динамиктер)  немесе  дыбыстық  колонкалар  арқылы  ойнатылатын,  цифрлық  кодтары 
әріптер  мен  сөздерге  айналдыруды  орындайтын  түрлі  дыбыс  синтезаторлары.  Ақпарат  енгізу 
құрылғыларына төмендегілер жатады:  

 
пернетақта  –  сандық,  мәтіндік  және  басқарушы  ақпараттарды  ДК-ге  қолмен  енгізуге  арналған 
құрылғы;  

 
графикалық  планшеттер  (диджитайзерлер)  –  графикалық  ақпаратты,  кескіндерді  арнайы 
нұсқағышты  (қаламұшты)  планшет  бетімен  жылжытып  қолмен  енгізуге  арналған  құрылғы; 
қаламұш жылжығанда, оның орналасқан жерінің координаттарын оқу және бұл координаттарды 
ДК-ге енгізу автоматты түрде орындалады;  
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет